Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы


Жоспары:
І. Кіріспе
Өсімдіктердің, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1 Селекцияның теориялық негіздері мен методтары.
2. 2 Н. И. Вавилов және оның селекция теориясы мен практикасын жасауға қосқан үлесі.
2. 3 Өсімдіктер селекциясы. И. В. Мичурин және оның мұрасы. Селекциялық жұмыстық жаңа методтары.
2. 4 Адам генетикасы
2. 5 Антропогенетиканың міндеттері мен методтары. Тұқым қуалайтын аурулар.
2. 6 Адам нәсілдерінің генетикалық тең құныдылығы. Адам генетикасының даму перспективасы.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы.
Органикалық дүние эволюциясының генетикалық негіздері - туралы материалды оқып үйрену селекциясы мәселелеріне - адам еркімен басқарылатын мәдени формалар эфолюциясына көшуге мүмкіндік береді.
Ғылымның қазіргі жетістіктеріне сүйене отырып, оқушыларды тұқым қуалау заңдарымен, өзгергіштіктің формалары және себептерімен таныстыру селекцияның теориялық базасы болып саналатын генетика жөніндегі білімдерін қалыптастыруға көмектседі, осы ғылымдар арасындағы бір ізділік байланысты табуға мүмкіндік береді, олардың өзара сіңісуін көрсетеді. Сёлекция тұқым қуалаушылық заңдарын пайдаланады, ал генетика селекциялық практикада алынған мәліметтерді жинақтайды. Генетика мен селекция тірі организмдердің тұқым қуалаушылығын зерттеп, қайта жасайтын біртұтас ғылым болып бірікті. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын білу бастапқы материалды таңдап алуға, шағылыстыру және сұрыптау жолымен ұрлақтарда құнды гендерді комбинациялауға, сорттар мен тұқымдарды алдын ала белгіленген қасиеттеріне сай жасауға ғылыми жолмен келуге мүмкіндік береді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын селекцияда пайдалану жұмыс тиімділігін анағұрлым арттырады, жаңа сорттар мен тұқымдар шығаруға кеткен еңбек пен уақытты қысқартады.
Селекция бойынша ең басты ұғымдарды қалыптастыруды мына тақырыптар қамтамасыз етеді.
1. Селекцияның теориялық негіздері мен методтары.
2. Н. И. Вавилов және оның селекция теориясы мен практикасын дамытудағы үлесі.
3. 4 және 5. Өсімдіктер селекциясы. И. В. Мичурин және оның мұрасы. Селекциялық жұмыстың жаңа методтары.
6. Жануарлар мен микроорганизмдер селекциясы.
2. 1 Селекцияның теориялық негіздері мен методтары.
Селекция мәселелерін оқыта үйрену сорттар мен тұқымдардың туған өлкеде өсірілетін формалардың сан алуандылығы туралы оқушылардың білімдерін есте қайта қалыптастырудан басталады. Осымен байланысты селекция ғылымының анықтамасы беріледі, селекция - халық шаруашылығының талаптарына сай жаңа сорттар мен тұқымдар шығару әдістерін одан әрі жетілдіру және мәдени формалар жасау жөніндегі ғылым.
Селекция міндеттеріы оқыту кезінде мұғалім өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдар мен құстардың асыл тұқымдарын шығаратын, суарылатын және құрғатылатын жерде өсіруге қажетті, сол сияқты минералдық тыңайтқыштардың үлкен мөлшерін бергенде мол өнім беретін, ауруға қарсы күресте төзімді астық дақылдарының сорттары мен будаңдарын жасап шығаратын селекция жұмыстарына партия мен үкіметіміздің үлкен көңіл бөлетіні жөнінде баяндап беруі қажет. Генетика мен селекцияның өзара тығыз байланысты екендігін, ғалым-генетиктердің алдына аса маңызды. міндет - селекцияның генетикалық жаңа әдістерін табу мәселесі қойылғанын атап көрсету керек.
Селекция тарихы жөнінде қысқаша мағлұматтар келтіріледі. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде осыдан 10 мың жыл бұрын адамның бидай, арпа, тары, зығыр және басқа мәдени өсімдіктер өсіргені белгілі болды. Өз қажеті үшін адам ерте заманнан бастап жабайы өсімдіктерді меңгеріп, мәдени флора жасай бастаған. Қазіргі кезде адам өсімдіктердің 1500 түрін өсіреді, ал олардың егістік көлемі құрылықтың 1/10 бөлігін қамтиды.
Селекцияның міндеттері - өнімді көп беретін жануарлар тұқымдары мен өсімдік сорттарын жасау, микроорганизмдердің тиімді штаммаларын шығару. Оқыту процесінде сорт, тұқым, түр деген сияқты категорияларды шатастыру жиі байқалады. Бұл селекция бойынша жетекші ұғымдарды қалыптастыруды қиындатады. Сондықтан сорт пен тұқымның түрден айырмашылығы жөнінде сұрақ қою қажет. Оқушыларға сорт (тұқым) адам қолдан шығарған, биологиялық тұрақты және шаруашылыққа қажетті құнды белгілері бар особьтардың (популяциялардың) жиынтығы екендігі туралы анықтаманы жазып алуды ұсынған дұрыс. Анықтама бидайдың, арпаның, тарының және басқа өсімдіктердің (жергілікті сорттардың болғаны дұрыс) әр түрлі сорттарының қытымдарын көрсетумен қоса беріледі, сол сияқты жануарлар тұқымдарының бейнесі салынған таблицалар көрсетіледі. Мұнда биологиялық (өсімдіктердің биіктігі, гүлдердің, жапырақтардың, сабақтардың құрылысы т. б. ) және шаруашылық (түсімділік, өнімділік, ауруға, қолайсыз жағдайларға төзімділік) белгілеріне көңіл аударылады. Жануарлардың тұқымдары жөнінде олардың биологиялық көрсеткіштеріне, сол сияқты халық шаруашылығы үшін маңызды белгілеріне: сүттілігіне, майлы-сүттілігіне, ауруларға төзімділігіне тоқталынады. Өсімдіктердің жоғары өнімді сорттары мен жануарлардың өнімі мол туқымдарын шығару жұмысы олардың генетикалық табиғатын анықтауға байланысты. Егер адам белгілі фенотипі бар особьтарға сұрыптау жасамаса және тепе-теңдігін бұзбаса, көпшілік жағдайда сорттар мен тұқымдар генетикалық жағдайынан біркелкі болмай, гомо- және гетерозиготалық формалардың арақатынасы белгілі деңгейде сақталады. Жоғары гетерозиготалы әсіресе айқаспалы тозанданатын сорттарда болатындығы атап көрсетіледі. Сонымен бірге селекционерлерге жақын туысты шағылыстыру жолымен шығарылатын, генетикалық біркелкі өздігінен тозаңданатын формалармен де жұмыс жасауға тура келеді.
Селекциядағы бастапқы материал ретінде клондар (вегетативтік көбеюге байланысты сақталатын гетерозиготалық формалардың ұрпағы) да пайдаланылады. Соңында, жекелеген мутацияны кебейту жолымен алынған генетикалық біркелкі сорттар, тұқымдар, сол сияқты микроорганизмдер штаммалары болады.
Сорттар мен тұқымдардың сан алуандылығы - біреулерінің салыстырмалы гетерогенді, ал екіншілері біркелкі болатындығы жөнінде қорытынды жасалады. Табиғи популяция мен түрлер, әдетте гетерогенді болатындығы атап көрсетіледі.
Жаңа құнды сорттар мен тұқымдар алу көпшілік жағдайда селекцияның пайдаланып отырған методтарына байланысты екені анықталады. Дарвин мен Мендельдің жұмыстарына дейің селекцияның ғылыми методтары болмағаны, бұл жөніндегі адам әрекеті тек әркімнің өз шеберлігіне негізделгені хабарланылады. Дарвиннің практиктер жұмысын қорытуына және селекцияға теориялық база лосауына байланысты ғылыми селекцияның, тууы XIX ғасырдың ортасында болды деп есептеуге болады. Дарвиннің ілімі бойынша мәдени формалар эволюциясының қозғаушы күштері тұқым қуалайтын өзгергіштік пен қолдан сұрыптау болып табылады. Бұл мәліметтер оқушыларға белгілі, сондықтан әңгіме барысында олар мұны тек естеріне түсіреді.
Көбеюдің әр түрлі формалары және полуляцияның экологиялық өзгешеліктерімен танысуға байланысты оқушылар бұл бөлімде сұрыптаудың өзгешеліктері туралы қосымша материалдар өтеді және қолдан сұрыптау жөніндегі ұғымдарын кеңейтеді.
Қолдан сұрыптаудың екі формасы (жалпы және жеке) мен олардың қолданылу жағдайлары жөнінде ұғым қалыптасады.
Сұрыптаудын, ең қарапайым формасы - жалпы сұрыптау. Фенотиптері ұқсас жамылғы астында генотиптері әр қилы болуы мүмкін особьтар, фенотипі бойынша популяциядан сұрыпталынады. Жалпы сұрыптауға тән нәрсе - оларды көбейту мақсатымен фенотиптері тәуір көптеген особьтар санын сақтау. Бұл особьтар бірге өсірілетіндіктен, олардың еркін шағылысуы қамтамасыз етіледі. Жалпы сұрыптау кезінде әрбір особьқа оның ұрпағы бойынша бағалау жүргізілмейді, оның генотипі белгісіз болып қалады, сондықтан сорт гетерогенді болып шығады.
Жалпы сұрыптау методымен жасалған сорт біркелкі болмауына байланысты, онда тұрақтылық байқалмайды (гетерозиготалардың Мендель заңдары бойынша ажырауы және соның нәтижесінде сорт құндылығының ұрпақтан ұрпаққа төмендеуі) . Жалпы сұрыптаудың екінші кемшілігі - түзілуіне тек генотип қана емес, мекен ортасы да әсер ететін тек фенотипке бағытталуы. Сыртқы жағдайлардың әсерінен пайда болатын модификациялардың тұқым қуалау арқылы берілмейтіні оқушыларға белгілі. Осының барлығы жалпы сұрыптаумен шығарылған сорттың құндылығыға кемітеді және бұл методтардың толық жетілмегендігін көрсетеді.
Егер сортты бірсыпыра қайта құру арқылы жақсарту мақсаты қойылса, онда жалпы сұрыптау бір рет емес, бірнеше қайтара жүргізілетіні атап көрсетіледі. Жалпы сұрыптау тек орасан көп ұрпақ алуға болатын өсімдіктер селекциясында қолданылатынын атап айту керек. Жалпы сұрыптау генетикалық кезеңге дейін кең қолданылған ең ескі метод болып саналады.
Теориялық жағынан негізделген және XX ғасырдың басынан бастап генетиканың дамуымен байланысты кең пайдаланыла бастаған жеке сұрыптау методы жалпы сұрыптау методына қарама-қарсы қойылады.
Ең бастысы особьтарды көбейтуге сақтау, өзара және бастапқы формалармен салыстыру арқылы ұрпақтардағы құнды белгілерді айқындау- мақсатында оларды бір-бірінен бөлек өсіру ретіндегі жеке сұрыптау туралы ұғым қалыптастырылады. Бірсыпыра ұрпақтар бойынша бір немесе жүп особьтардан жеке сұрыптау жолымен алынатын және генетикалық біркелкі ұрпақтар ретіндегі линияға анықтама беріледі. Бірсыпыра линиялар 5-8 жыл бойына өзара салыстырылып; бірқатар белгілері бойынша жеке сұрыптау жүргізіледі де ең аяғында олардан таза линиялы сорттар алынады.
Ұрпақтан ұрпаққа гомозиготалы формаларды сақтай алатын, соның нәтижесінде өте тұрақты, генетикалық біркелкі сорттар алуға мүмкіндік беретін жеке сұрыптаудың генетикалық мәнін ашып айтқан орынды.
Әңгіменің нәтижесінде жеке сұрыптау кезінде организмдердің генотиптік ерекшеліктері еске алынатындығы туралы оқушылардың өздері қорытынды жасайды; олар ұрпақтар бойынша тексеріледі, күрделі генетикалық талдау жасау жолымен ұрпақтар белгілерінің тұрақтылығы, генотипі анықталады. Жергілікті бидай үлгілерінен жеке сұрыптау методымен шығарылған өсімдік сорттарын: «Эрнтроспермум-841», «Мелянопус-69», «Гордейформе-189»; арпа сорттары - «Вииер-246» және т. б. керсеткен дұрыс. Бір рет жүргізілген жеке сұрыптау нәтижесінде, мысалы, «Украинка», «Кооператорка», «Лютесценс-062» т. б. сорттар алынды.
Селекцияда сурыптау алдын ала есептеліп қойылған мақсатқа сәйкес жүргізіледі. Сол сияқты белгілердің коррелятивтік өзгергіштігін есептеудің де маңызы бар.
Селекциялық практикада қолдан сұрыптаумен қатар әсерін тигізіп отыратын табиғи сұрыпталудың ролі еске алынады. Оның әсерімен мәдени формалардың климат жағдайларына бейімделуі пайда болады. Аудандастыру принципі табиғи және қолдан сұрыптаудың бірлескен әсеріне негізделген. Кез келген жерде өнімділігі бірдей мәдени формалардың болуы мүмкін емес. Селекцияда сорттар мен тұқымдардың белгілі ауыл шаруашылық ауданның жағдайларына бейімділігі есептелінеді.
Сұрыптау методы мүмкіндігінің шектеулі екендігі ашылады, оның көмегімен жана белгілері бар формалар шығаруға болмайтындығы, тек бастапқы сорттан таза линия ғана бөліп алуға болатындығы айтылады. Осымен байланысты нәтижесінде жаңа белгілері бар формалар шығаруға болатын селекцияның басқа әдістері туралы ұғым дамиды. Бірінші кезек- бастапқы материал ретіңде пайдалануға болатын, организмдерде тұқым қуалау өзгерістерін алу.
- Осымен байланысты комбинативтік және мюдификациялнқ сияқты өзгергіштік формалары жөнінде оқушылар білгендерін естеріне түсіреді және селекция үшін бастапқы екеуінің үлкен маңызы бар екендігі атап көрсетіледі. Шағылыстыру жолымен селекционерге қажетті мынадай белгілер үйлесімділігін алуға мүмкіндік туады: тауықтағы жұмыртқалағыштық пен еттілік, сорттар мен тұқымдардағы жоғары өнімділік пен төзімділік, ауруларға қарсы және қолайсыз факторларға қарсы тұрақтылық, т. б.
Будандастыру методының пайдаланылуы туралы тарихи анықтама келтіріліп, оның ертеден келе жатқандығы (XVIII ғасырдың ортасында) және маңыздылығы атап көрсетіледі.
Селекциялық жұмыстарда генетиканың орасан зор маңызын көрсету үшін будандастыру мен сұрыптау методтарын ұзақ уақыт ойланбай қолданылып келгендігі атап айтылады, өйткені доминантты және рецессивті гендер белгілердін тұқым куалау заңдылықтары, фенотип түзілудегі генотип пен ортаның атқаратын ролі туралы ешнәрсе белгісіз болған. Мендель ашқан тұқым қуалаушылық зандылықтары будандастыру мен сұрыптаудың генетикалық табиғатын түсінуге мүмкіндік берді.
Бастапқы материалдың сан алуандылығын ұлғайтатын болғандықтан комбинативтік өзгергіштіктің таусылмайтын және бірден бір көзі шағылыстыру екендігі қарастырылады. Тұқым қуалаушылық заңдарын білу будандастыру кезінде ұрпақтардағы қажетті белгілерді алдын ала болжауға және оны жоспарлы түрде алуға мүмкіндік береді. Бастапқы особьтардың бір-бірінен өзара айырмашылығы көбейген сайын, сан алуан белгілері бар ұрпақтар аяу мүмкіндігі арта түседі. Осымен байланысты практикада түр ішілік қана емес, алшақ шағылыстыру да кең түрде қолданылады.
Гендердің өзара әрекеті нәтижесінде жаңадан пайда болатын белгілер жөніндегі оқушылардың білімдері, шаруашылықта құнды жаңа белгілері бар ұрпақтар алу үшін шағылыстырудың маңызын айтып түсіндіруге мүмкіндік береді.
Будандастырудың жан-жақты сипатталуы, сұрыпталудын, әсеріне ілігетін бастапқы материалдын, сан алуандығын күшейтудегі бұл методтың маңызы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Селекция жұмысында әр түрлі методтар үйлесімді жүргізілетіні көрсетіледі. Будандастыру және мақсатқа сай бағытта жүргізілген сұрыптау жолымен белгілердің қажетті комбинацияларын алуға және жаңа генотиптер жасауға болады. Совет селекционерлері бидайдың, жүгерінің, арпаның құнды сорттарын, шошқаның, қойдың ірі қараның, норканың, тауықтың т. б. тұқымдарын шығарғанда будандастыру және сұрыптау методтарын кеңінен пайдаланды.
Сонымен бірге оқушылар шағылыстыру методымен құнды жаңа белгілер алу мүмкіндігінін, де белгілі шегі бар екенін көреді, сондықтан генотипті өзгеіртудің жолдарын іздестіру ғалымдар алдына міндет болып қойылды. Табиғатта үздіксіз мутациялық процесс жүріп жатқаны, соның нәтижесінде популяциялардың мутациялармен қаныққан болатындығы сияқты, сорттар мен тұқымдарда да мутациялық процесс жүретіндігін, мутация - тұқым қуалайтын жаңа өзгерістердің бірден бір көзі екендігін байымдау оқушыларға қиын емес. Шағылыстыру және қолдан сұрыптау жолымен селекционер қажетті мутацияларды сақтайды және бекітеді, ал табиғи популяцияларда нақтылы орта жағдайларға пайдалы мутациялар сақталады. Сонымен, мутациялық өзгергіштік, шағылыстыру және қолдан сұрыптау мәдени формалар эволюциясының негізгі факторлары ретінде қарастырылады. Селекциядағы сұрыптаудың жетекшілік ролі атап көрсетіледі, мутанттық формалары дайын сорт ретінде емес, келесі жұмыстар үшін материал ретінде қарастырылады,
2. 2 Н. И. Вавилов және оның селекция теориясы мен практикасын жасауға қосқан үлесі
Н. И. Вавиловтың селекцияны дамытуға қосқан орасан үлесін арнаулы сабақ ретінде жүргізген дұрыс. Вавилов селекцияны дарвинизм мен генетиканың теориялық негіздеріне сүйенетін комплексті ғылым ретінде қарады. Ол селекцияны адам еркімен бағытталатын эволюция ретінде түсіндіріп, оның мына төмендегідей міндеттерін белгіледі: сорттын, түрдің және туыстың бастапқы материалын зерттеу; тұқым қуалайтын өзгерістерді қолдан алу методтарын жасау және осы зерттеу, будандастыру және мутациялық процестегі тұқым қуалайтын өзгергіштіктің заңдылықтарына талдау жасау; қажетті белгілерді күшейту және бекіту мақсатымен қолдан сұрыптау системаларын жасау; сорттық және тұқымдық белгілердің қалыптасуындағы ортаның атқаратын ролін айқындау; комбинативтік өзгергіштіктің және оның негізінде пайда болатын жаңа түзілістердің көзі - будандастырудың теориялық негіздерін жасау.
Аталған проблемалардың біріншісінің мәнін ашумен байланысты шығу тегі орталықтары және мәдени өсімдіктердің сан алуандылықтары туралы академик Н. И. Вавилов ілімінің негізгі идеялары баяндалады, селекцияның ботаника-географиялық негіздерін жасаудағы бұл ұлы ғалымның тамаша еңбегі атап көрсетіледі.
Генетикалық және селекциялық зерттеулерге арналған бастапқы материалдың маңызы қарастырылады. Ұлы Октябрь революциясына дейін Россияда сортты тұқымдар алу жұмысына жеткілікті түрде көңіл бөлінбеді. Сондықтан егін далалары үшін жаңа сорттар енгізу, әдетте, кездейсоқ сипатта жүргізілді.
Вавиловтың жұмыстарына дейін бастапқы материалды талдап алу кездейсоқ себептермен анықталды. Кейбір әуесқойлар шетел сорттарын ешбір жүйесіз түрде жаздырып алды.
Вавилов селекция табысынын, кілті бастапқы формалардың сорт және түр жөнінен сан алуандық байлығында деп білді. Сондықтан, селекция үшін бастапқы материалдың базасы ретінде елімізде сорттардың орасан бай коллекциясын жасауды, ал оны жасау үшін өзінің барлық еңбек әрекетін бүкіл жер шарындағы мәдени өсімдіктердің сорттық сан алуандығын зерттеуге арнады.
Вавиловтың өмірі мен ғылыми еңбектерін баяндауға хабарлама дайындаған оқушылар тартылады. Баяндамаларға иллюстрация ретінде «Н. И. Вавилов» диафильмін пайдаланған жөн.
Отан алдындағы Н. И. Вавиловтың еңбектері ғалымның өмір-баянынан бірсыпыра фактілер хабарлаған кезде айқындала түседі. Мәдени өсімдіктердің сан алуандылығы мен олардың жер бетіне таралу заңдылықтарын зерттеу мақсатымен ол жер жүзінің 60 еліне 180 рет экспедиция ұйымдастырды. Н. И. Вавиловтың жұмысы селекцияның дамуында үлкен өзгеріс жасауға мүмкіндік берді. Н. И. Вавилов жасаған мәдени өсімдіктер сорттарының орасан бай коллекциясының арқасында астық дақылдарының (350 сорттарын), техникалық, овощ және жеміс беретін өсімдіктердің сорттарын шығаруда үлкен табыстарға қол жетті. Мәдени өсімдіктердің шығу тегінің орталықтары, олардың түр пайда болудың дүние жүзілік ордалары жөніндегі мағлұматтар оқушыларға ашылған бұл ғылыми жаңалықтардың практикалық селекция үшін маңызын түсіндіру мақсатында беріледі.
Н. И. Вавилов Жер бетіндегі мәдени өсімдіктердің сан алуан сорттары мен түрлері өте көп шоғырланған Жер шарының бірқатар аймақтарын ашты. Бұл мағлұматтар жер шарының физика-географиялық картасынан көрсету арқылы нақтыланады, сонымен қоса мәдени өсімдіктердің шығу тегі орталықтары бейнеленген таблицалар көрсетіледі.
Аса маңызды мәдени өсімдіктер түрлері пайда болуының географиялық жинақталуы қарастырылады. Сорт сан алуандығын зерттеу түрлердің Жерде біркелкі таралмағаңдығын көрсетті: олар солтүстік елдерде - Сибирьде, Солтүстік және Орталық Европада.
Солтүстік Америкада - өте аз тараған, Орта Азия мен Кавказдың тау бөктерінде түрлер ондаған есе көп тараған. Мәдени өсімдіктер шығу тегінің негізгі орталықтарының сипаты оқулықта берілген. Олардың шоғырланған жерлерін оқушылар контур карталардан белгілейді.
Мұғалім оқушыларға шоғырланған түрлердің барлығы өз алдына жеке ешқандай тәуелсіз таралатындығын түсіндіреді, бұған мәдени флораның сорттық, түрлік және туыстық құрамы, өзіндік агротехникасы, құралдары осы түр шоғырларына тән үй жануарлары дәлел бола алады.
Орталықтардың барлығы флораның өз алдына және түзілуіне мүмкіндік беретін табиғи бөліп жатқан шөл және тау жоталарымен оқашаланған, шөлдер мен таулар ұзақ уақыт бойы осы орталықтарда мекен ететін халықтардың да бір-бірімен байланысын үзді.
Мәдени өсімдіктердің бірсыпыра белігі Жер шарының Ескі Дүниеде пайда болған, өте маңызды 640 түрлі мәдени өсімдіктердің 500-і, яғни 5/6 бөлігі Ескі Дүниенің үлесіне тиеді. Жада Дүние 100-ге жуық мәдени өсімдіктер түрінің отаны. Түрлер мен сорттар сан алуандылығының басты байлығы- Оңтүстік Азияда жинақталған (мәдени өсімдіктердің 400 түрі немесе барлық сан алуан дақылдардың 2/3 бөлігі) .
Африка мәдени өсімдіктердің қазіргі түрлерінің ең аз (шамамен 50) кездесетін жері. Австралияда жаңа уақытқа дейін мәдени өсімдіктер болмаған, тек XIX ғасырда ғада жабайы флораға кіретін эвкалипт, акация сияқты өсімдіктер мәдени өсімдіктер қатарына кіре бастады.
Н. И. Вавилов тапқан өсімдіктер ресурстарының географиялық таралуының заңдылықтарымен оқушыларды таныстыру, қазіргі геологиялық дәуірде сан алуан өсімдіктер түрлерінің Жер бетінде біркелкі таралмауы, өте маңызды мәдени өсімдіктер түрлері пайда болған алғашқы аймақтардың тар жерде шоғырлануы туралы қорытынды жасауға, сол сияқты түрлердің пайда болу процесіндегі оқшауланудың маңызы жөніндегі білімдерін нақтыландыра түсуге мүмкіндік береді.
Н. И. Вавилов өсімдіктер түрі қозғалмалы морфофизиологиялық система екендігі, сол түрге жататын экологиялық және географиялық популяциялар ортаның белгілі жағдайларында эволюция ізін өзінде сақтайтындығы жөнінде идеяны дамытты.
Бұдан соң тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологиялық, қатарлар заңы жөніндегі оқушылардың білімдері қалпына келтіріледі, ашылған осы ғылыми жаңалықтың селекция үшін маңызы айқындалады. Бір түрдің тұқым қуалайтын өзгергіштігін біле отырып, сондай өзгергіштікті табиғаттан табуға, сол түрге немесе туыстас түрге жататын сорттар мен тұқымдардың ұқсас өзгерістерін алуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz