Мектептегі информатика курсындағы Excel бағдарламасын меңгеру негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

Мамандығы: Информатика

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ

EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУ НЕГІЗДЕРІ

Ғылыми жетекшісі

доцент

«___»20__ ж.

Кафедра меңгерушісі,

т. ғ. к . . . , доуент

«___» 20__ ж.

Орындаған

050111 «Информатика»

мамандығының студенті

Нормабақылаушы

аға оқытушы

«___» 20__ ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ 5

  1. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасының түрлері және оқу жүктемесінің көлемі. Excel бағдарламасының алатын орны 9
  1. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. 12Excel мүмкіндіктері. 12Excel-де деректермен жұмыс істеу. 16

2. 3 Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. 21

3. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫНДА ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫМЕН ЖҰМЫС 24

4. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ 27

4. 1 Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік 27

  1. Сабақтың типтері, түрлері олардың құрылымы 33
  2. Сабақта қолданылатын оқытудың әртүрлі формалары 37
  3. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру 42

5 EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ТИІМДІ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. 51

5. 1 “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясы. 52

5. 2 Деңгейлеп дамыта оқыту технологиясы. 58

ҚОРЫТЫНДЫ 65

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

ҚОСЫМША А 67

КІРІСПЕ

1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалды. Осыдан кейін-ақ электрондық кестелер тұжырымдамасын бірқатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Inc фирмасының SuperCalc-3-4-5 кестелік процессорлары кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестелері жасалды. Осы күнге дейін қуаты аз компьютерлерде SuperCalc-4-5 нұсқасы қолданылады.

Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелiк процессоры кеңінен тараған. Бұл программаның көмегімен көптеген математикалақ амалдарды, күрделі есептеулерді жүргізуге болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түрлі диограммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді қамтамасыз ете алады.

Microsoft Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуге, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді. Сонымен қатар Excel бағдарламасын әр түрлі бланк үлгілерін жасауға, финанстық есептеулер жүргізуде кең қолданылады.

Мектеп курсында оқушылар Microsoft Excel кестелiк процессорымен танысады. Программаның мүмкіндіктерін, жұмыс кестесінің элементтерін, деректермен жұмыс істеуді, математикалық және логикалық есептеулер жүргізуді үйренеді. Сонымен қатар диаграмалар тұрғызу әдістерін, әр түрлі тақырыпта кроссворд құруды меңгереді. Мектепте Microsoft Excel кестелiк процессорында деректер базаларымен жұмыс істеу тақырыптары да беріледі

Диплом жұмысының мақсаты: мектептегі информатика курсында Excel бағдарламасын меңгеру негіздерін және бағдарлама бойынша берілетін тақырыптардың мазмұнын, орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде Excel бағдарламасының алатын орнын, оның қосымша мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Диплом жұмысының міндетері:

  • Қазастан Республикасы орта білім берудің мемлкеттік жалпыға міндетті стандарты негізіне Microsoft Excel бағдарламасының оқытылуымен танысу.
  • Жалпы матриалдардың ұсынылу реті оқу бағдарламаларымен сәйкестілігін анықтау.
  • Excel бағдарламасын оқытудың жаңа иновациялық технологияларды пайдалану әдістерн қарастыру.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сабақты ұйымдастыру әдістерін қарастыру.

Диплом жұмысының құрылымы: Берілген диплом жұмысына кіріспе, бес бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі, сонымен қатар 5 сурет, 7 кесте, 4 сызба кіреді.

Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты. Соның ішінде Excel бағдарламасының алатын орны және мектеп курсында оқытылатын сағат саны қарастырылған.

Екінші бөлімде жалпы мекпепте оқытылатын тақырыптар толық қарастырылған

Үшінші бөлімде Excel кестелік процессорыда деректер базаларымен жұмыс істеу. Деректер базасын құрып, өңдеу тәсілдері қарастырылған.

Төртінші бөлімде Excel бағдарламасын оқытудың әр түрлі формалары, ұйымдастыру түрлері, сабақтың типтеріқаралған. Сонымен қатар Информатикадан өтетін сабақтардың ерекшеліктері, жеке тұлғаға бағытталған оқыту әдістері қарастырылады.

Бесінші бөлімде Excel бағдарламасын оқытуда қолданылатын тиімді иновациялық технологиялар, соның ішінде “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясы және «Деңгейлеп дамыта оқыту» технологиясы ерекшке қарастырылған.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ

Бұл сандарт ҚР БМЖМС 2. 003-2002 негізінде дайындалды, ол «Информатика» пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындақ деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Стандарт ережелері:

  • Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз»Информатика» пәнін жүзеге асыру кезінде,
  • Бастауыш және орта кәсіптік білім бері ұйымдарындақабылдау емтихандарының материалдарын дайындау кезінде,
  • Мемлекеттік білім стандарты және тестілеудің ұлттық орталықтарында қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезінде,
  • Жоғарғы оқу орындарында «Информатика» пәні бойынша педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламасынжасау кезінде,
  • Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында «Информатика»пәні бойынша педагог кадрдлардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
  • Білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Информатика» пәні ьойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.

Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асарылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

«Информатика» пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

«Информатика» пәнін оқытудың басты мақсаттары:

  • оқушыларды ғылыми дүниетанымдық негіз қалыптастыру;
  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
  • оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық техологияны дамыту;
  • оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау.

«Информатика» пәнін оқытудың басты міндеттері:

  • ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
  • қоршаған ортаны жаңа - ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
  • қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
  • оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілетін арттыру;
  • тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
  • ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласындабілім, білік және дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту;
  • формалдау, модельдеу, компьютерлік тәжірибе және т. б ғылыми танымның жаңа әдістерімен қаруландыру;
  • оқушыларды еңбекке, кәсіби қызметке даярлау.

«Информатика пәнінің зерттеу объектілері мыналар:

  • ақпарат;
  • ақпараттық ресурстар;
  • түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер;
  • ақпараттандыру құралдары және ақпараттық технологиялар.

«Информатика» оқу пәні мазмұнының даму болашағы мынадай болады:

  1. пәннің жалпыбілімдік, дүниетанымдық әлеуеті жөніндегі көзқарасты тереңдету, атап айтқанда:
  • оқушыларға қазіргі заманның формалдау, модельдеу, компьютерлік тәжірибе әдістерін меңгерту;
  • тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп аталатын жаңа ойлауын қалыптастыру;
  • мектепте оқытуды ақпараттындыру үрдісін жүзеге асыру.
  1. информатиканың өзімен байланысты. Қазіргі таңда информатика әлемдік ғылымның бірден бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады. Оның айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше жаңа бағыттары даму үстінде және қалыптасуда, атап айтқанда: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық информатика және т. б.

Соңғы жылдардағы информатика дамуының басты бағыттары мыналар:

Теориялық информатика, мұнда ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу жұмыстары, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық үрдістердің өзара қатынасы, сонымен қатарәр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Ақпараттандыру құралдары, бұл сала бойынша дербес компьютерлердің, микропроцессорлардың есептеу қызметінің мүмкіндігі ұлғаюда, үлкен және аймақтақ желілер арқылы ақпараттармен алмасу қызметтері арта түсуде.

Әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытнда ақпараттық технологиялардың дамуы одан әрі жалғасуда.

Әлеуметтік информатика саласындағы зерттеулер, информатика және ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамда алатын орны жөніндегі мәселелер төңірегінде, сонымен қатар ақпаратпен және программалақ өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық, этикалық және моралдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегінде жүргізілуде.

«Информатика» пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны.

Мектепте информатика пәнің оқытудың мақсатын ұғыну, информатика негіздерін игеру мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.

Бірінші кезең (7-9-сыныптар) - базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылардың міндетті жалпыбілімдік дайындық деңгейін қамтамасызетеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгеруге, сонымен қатар компьютерді оқуда, одан әрі кәсіптік білім қызметінде саналы және тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Екінші кезең (10-11-сыныптар) - информатика саласы бойынша жоғарғы сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағыты бойынша қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа оқушылар білімдерін одан әрі жалғастарады.

Базистік оқу жоспарындағы, «Математика» білім саласының инварианты бөлігінде, «Информатика» 7-11-сыныптарда міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген.

1. 1 «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасының түрлері және оқу жүктемесінің көлемі. Excel бағдарламасының алатын орны

«Информатика» жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі және жоғарғы сатысында оқытылатын оқу пәні ретінде қарастырылады.

«Информатика» оқу пәні көлемінде мынадай бағдарламалар жүзеге асырылады:

Білім берудің негізгі бағдарламасы - информатиканың базалық курсы (7-9-сыныптар) - 3 жыл.

Бағдарлы білім беру бағдарламасы - қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы(10-11-сыныптар) - 2 жыл.

Қосымша білім беру бағдарламасы - бұл стандарт көлемінен тыс, информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған факультативтік және арнайы курс - 2 және одан көп жыл.

«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім бағдарламаларына сәйкес құрылады:

Негізгі сатыда ) 7, 8, 9-сыныптар) - аптасына 1 сағат, оқу жылына әр сыныпта 34 сағаттан, барлығы 102 сағат.

Оқу бағдарына қарай жоғарғы сатыда:

А) қоғамдық-гуманитарлық бағыт (10-11-сыныптар) - әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сығыттан, барлығы 68 сағат.

Б) жаратылыстану-математикалық бағыт (10-11-сыныптар) - әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан, барлығы 68 сағат.

Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде «Информатика» оқу пәні сегіз мазмұндық желі бойынша оқытылады.

Соның ішінде Excel бағдарламасы «Ақпараттық технологиялар» мазмұнды желісінде оқытылады.

Сызба 1 «Ақпараттық технологиялар» желісінде оқытылатын тақырыптар

Excel бағдарламасы информатиканың негізгі (базалық) курсында 8 сыныпта оқытылады. Excel бағдарламасы бойынша оқушылар төмендегідей тақырыптарды оқып меңгеруі тиіс.

Кесте 1 Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Тақырыптар
Сағат саны
№: Компьютердегі кестелік есептеулер 2 сағат
№: 1
Тақырыптар:

Деректерді кестелік түрде ұсыну.

Электрондық кестелер

Сағат саны: 1 сағат
№: 2
Тақырыптар:

Электрондық кестелерде деректерді өңдеу.

Формула жазу ережелері

Сағат саны: 1 сағат
№:
№: Кесте 1 (жалғасы)
№: Excel кестелік процессоры 8 сағат
№: 1
Тақырыптар: Негізгі түсініктер мен амалдар
Сағат саны: 2 сағат
№: 2
Тақырыптар: Excel-дегі деректермен жұмыс істеу
Сағат саны: 3 сағат
№: 3
Тақырыптар:

Excel-дің графикалық мүмкіндіктері.

Диограммамен жұмыскестелік процессоры

Сағат саны: 3 сағат
№: Деректер базасы 4 сағат
№: 1
Тақырыптар: Деректер базасын басқару жүйесі
Сағат саны: 2 сағат
№: 2
Тақырыптар: Деректер базаларымен орындалатын амалдар
Сағат саны: 2 сағат
№:

Excel кестелік процессорында деректер

базаларымен жұмыс істеу 4 сағат

№: 1
Тақырыптар: Excel-дегі деректер базалары
Сағат саны: 2 сағат
№: 2
Тақырыптар: Деректер базасын өңдеу
Сағат саны: 2 сағат
  1. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ

2. 1 Excel мүмкіндіктері

Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:

  • Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды.
  • Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
  • Кестеге жол, баған немесе ұяшық қосуды.
  • Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.
  • Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды.
  • Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
  • Пайдаланушының өзі құрастырған формула бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеу жүргізуді.
  • Кесте деректері бойынша диограмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
  • Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.
  • Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.

Microsoft Excel-ді іске қосу үшін Пуск - Программы - Microsoft Excel командалар тізбегін орындаймыз.

Microsoft Excel іске қосылғаннан кейін оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады.

Сурет 1 Excel жұмыс кестесі және оңың элементтері

Жұмыс кестесінің элементтері.

Айналдыру жолағы - жұмыс кестесінің дәл қазір экранда көрінбей тұрған бөлігін көруге мүмкіндік береді.

Бөлудің кішкене бөлігі - кесте терезесін екі бөлікке бөледі, бұл кестенің екі бөлігінде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бөлу сызығын қолдану үшін меңзерді бағандардың немесе ұяшықтардың арасындағы аймаққа орналастырып, мауысты шертіп, нұсқағышты кесте бойымен жылжыту керек.

Жол номері - әрбір жолды анықтайды және жол таңдау үшін қолданылады.

Баған тақырыбы - әрбір бағанды анықтайды және баған таңдау үшін де қолданылуы мүмкін.

Кестелік меңзер - таңдалған ұяшықты көрсетеді.

Таңбалар - жұмыс кітабында парақ таңдау үшін қолданылады.
Стандартты аспаптар панелі - стандартты операцияларды орындауға арналған командаларды жылдам орындау батырмалары бар, мысалы, файл ашу және сақтау үшін, сонымен қатар алмасу буферінен де қиып алу, көшіру және кірістіру т. с. с батырмалар.

Пішімдеу панелі - пішімдеудің стандартты операцияларын орындайтын батырмаларды, мысалы, деректерді экранға шығарғанда қаріптерді өзгерту және туралау операцияларын қамтиды.

Формулалар жолы - активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді.

Қалып-күй жолы - EXCEL-мен жұмыс істеу барысында әр түрлі хабардама шығарады.

Айналдыру батырмасы - жұмыс кітабы беттерінің таңбалары бойынша орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беті ашылады. Жұмыс беттері жұмыс кітабына біріктірілген. Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде бір файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады.

Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 256 бағаннан, 65536 жолдан тұруы мүмкін. Бағандар латынның әріптерімен белгіленеді, жолдар нөмірленеді. Жол мен бағаннаң қиылысқан жерінде координаталармен белгіленетін ұяшықтар болады.

Excel жұмыс кітабы, жұмыс кестесінен басқа диограмма беттерінен, модуль беттерінен, макрос беттерінен, сонымен қатар диалогтік терезелердің беттерін қамтуы мүмкін.

Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстырумаустың көмегімен орындалады. Кесте бойынша жылжи отырып, маус нұсқағышы тұрған аймағына байланысты өзінің түрін өзгертеді. Кестенің жұмыс аймағында ол қосу белгісі түрінде болады, ал кестеден тыс жерде және айналдыру долағында ол бағдарша түрінде болады.

Меңзердің орнын ауыстыру үшін <Tab> және <Enter> пернелерін қолдануға болады.

Кесте бірнеше жұмыс беттерінен тұратын болғандықтан, кесте беттерімен жұмыс істегенде бір кестеден екінші кестеге ауысудың жылдам әрі оңай әдісі қажет. Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар:

  1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертіңдер. Терезенің төменгі сол жақ бұрышында беттердің таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмалары орналасқан. Солға немесе оңға бағытталған батырманы шерту таңбашаларды оңға немесе солға жылжытады.
  2. <F5> пернесін басып, Переход диалог терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшықтың координаталарын (мысалы лист 6!A1) енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка - Лист командасын орындаймыз немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасымен шертіп Добавить командасын орындаймыз. Вставка диалогтік терезесіндегі Лист белгісінде маусты екі рет шертеміз. Таңбасы «Лист 4» деп аталатын кестенің жаңа беті ашылады, осылайша 255-бетке дейін ашуға болады. Бірақ күнделікті жұмыста шағын кітаптармен жұмыс істеген ыңғайлы. Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтінұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады, ол үшін маустың нұсқағышын бағанның аты бар жолының оң жақ шекарасына орналастырып, меңзер қос бағдарша түріне айналғанда маустың сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей тартып тұрып, қажетті бағытта тарту керек. Ұяшықтың шекарасын өзгерткеннен кейін маусты босатамыз.

Сурет 2 Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру

Маус көмегімен жол биіктігін өзгерту үшін маустың нұсқағышын нөмірленген жолдың төменгі шекарасына орналастырып, меңзер тағы да қос бағдарша түріне айналғанда, оның сол жақ батырмасын басып тұрып төмен қарай тартамыз.

Сурет 3 Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту

  1. Excel-дегі деректермен жұмыс істеу.

Жұмыс кестесінің кез келген ұяшығына мәндерді сол сияқты формулаларды енгізуге болады.

Егер меңзерді ұяшыққа орналастырып дерек енгізе бастаса, онда олар терезенің жоғарғы жағында орналасқан формула жолында бейнеленеді. Дерек енгізу кезінде формула жолындағы Ввод, Отмена, Изменить формулу батырмалары жұмыс істеу үшін ашық болады.

Енгізуді аяқтағаннан кейін Вводж батырмасын шертуге немесе жай ғана <Enter> пернесін басуға болады. Енгізген деректерді жою үшін формула жолындағы Отмена батырмасын шертуге немесе <Esc> пернесін басу керек. Изменить формулу батырмасын шерткенде, формула беруге көмектесетін мастер функций іске қосылады.

Кестеге мәтін енгізу үшін ұяшық таңдап, оны тереміз. Енгізуді аяқтағаннан кейін формула жолындағы Ввод батырмасын немесе <Enter> пернесін басамыз. Excel үнсіз келісім бойынша мәтінді ұяшықтың сол жақ шеті бойынша туралайды. Мәтіннің туралауын өзгертуге болады. Ол үшін ұяшықты белгілеп, пішімдеу аспаптар панеліндегі По центру немесе По правому краю батырмаларын шертеміз.

Кестеге сан енгізу үшін ұяшықты таңдап, санды теріп <Enter> пернесін басамыз.

Деректерді ұяшыққа енгізгенде қате терілген символдар <Backspace> немесе <Delete> пернелерімен өшіріледі. Егер бүкіл ұяшықтардың немесе ұяшықтар тобының мазмұнын өшіру қажет болса, онда осы ұяшықтарды белгілеп алып, <Delete> пернесін басамыз.

Жұмыс кітабын бірінші рет сақтау үшін Файл - Сохранить как командасы орындалады. Сахранение документа диалогтік терезесіндегі Имя файла өрісінде файлдың атын теріп, Сохранит батырмасын басу керек. Ал жұмыс кітабын екінші рет сақтау үшін Файл - Сохранить командасын орындау керек.

Егер өз жұмыс кітаптарыңда құпия ақпарат болса, онда оны парольмен қроғауға болады. Ол үшін Файл - Сохранить как командасын орындап, пайда болған Сохранение документа диалогтік терезесінде Параметры батырмасын шертеміз. Параметры сохранение диалогтік терезесінде жұмыс кітабын ашу үшін пароль енгізу керек, яғни парольсіз бұл кітапты ешкім аша алмайды және жазба жазуға рұқсат беру үшін парольенгізуге, яғни кітапты кез келген адам ашады, бірақ парольсіз өзгерту енгізе алмайды. Парольді енгізгеннен кейін ОК батырмасын басамыз. Парольдердің символы енгізгенде жұлдызша түрінде бейнеленеді, сондықтан парольді енгізгенде мұқият есте сақтаған жөн. Әйтпесе, келешекте өз файлыңды аша алмайсың.

Excel кестелік процессоры негізгі файлдан басқа резервтік көшірмелер жасауға мүмкіндік береді. Егер Параметры сохранения диалогтік терезесіндегі Всегда создавать резервную копию опциясының жалаушасын орнатса, онда Excel әрбір жаңа нұсқаны сақтағанда жұмыс кестесінің алдыңғы нұсқасын арнайы файлда сақтайтын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Модель және модельдеу ұғымдары
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz