Ноосфераның пайда болуы


ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ноосфера

2. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

3. Биосфера эволюциясы

4. Эволюция нәтижесі

5. Биосфераның тұрақтылығы

6. Биосфераның негізгі үш қабаты.

7. Биосфера және адамзат

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Биосфера түсінігінің екі негізгі түсініктемелері бар, біріншісі ғылымда сол терминнің пайда болу кезінен белгілі. Ол биосфера түсінігін жердегі барлық тірі және жансыз ағзалар бірлестігі. Докучаев түлегі, топырақ ілімнің қалыптасушысы, тірі және жансыз жүйелер байланысын зерттейтін В. И. Вернадский, биосфера түсінігін қарастырып, тірі және жансыз айырылмас байланыс принципін енгізген. Ол биосфераны тірі және өлі бірлестік орта ретінде түсінген. Осындай түсінік Вернадскийдің жер бетіндегі өмірдің пайда болу мәселелеріне көзқарасын анықтаған. Сонымен, биосфера ретінде Вернадский жерді, барлық процестердің тірі ағзалардың тікелей әсерінен өтетін жіңішке қабаты ретінде түсінген. Соңғысында Вернадский биосфераның сол түсінігін дамытып оның құрылысын анықтаған.

Эволюция нәтижесінде фотосинтездейтін ағзалар бастапқыда балдырлар, соңынан өсімдіктер өмірге келді.

Атап айтқанда бұл кез атмосферадан көмірқышқыл газды тұтынушылардың көбеюімен және көмір мен көмірсутектің (мұнай газы) жинақталуымен сипатталады. Осылардың барлығы көктемелік әсерді кемітіп, жердің салқындау дәуірі басталды. Динозаврлар дәуірінің соңы бұдан 65 млн жыл бұрын Американың орталық ауданында орасан зор астероид құлауы нәтижесінде Мексика шығанағы түзілді. Бұл жиһандық тұңғыш экологиялық апат болды. Астероидтың жерге соғылуы нәтижесінде көтерілген шаң мен түтіннен күннің беті бірнеше жыл көлегейленіп, ауаның салқындауы салдарынан динозаврлардың жұмыртқалары қатып калды. Динозаврларды баласын тірілей туатын жануарлар алмастырды. Бұлар денесін түк басқан, баласын сүтпен асырайтын сүтқоректі жануарлар еді. Кайнозой дәуірі басталды.

Ең алғаш адамтәріздес тіршілік иесі Африкада бұдан 2, 5 млн жыл бұрын пайда болғанымен, адам от жағып, отты меңгерудің арқасында, тек осыдан 40 мың жыл бұрын ғана табиғаттан бөлініп шықты.

Ноосфера

Ноосфера (гр. νόος - сана және σφαῖρα - орта, шар) - биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор. [1]

Ноосфера - ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа (1870 - 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 - 1955) енгізген.

XX ғасырдың 30 - 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В. И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера - табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Адам іс-әрекеті арқасында биосфераның жаңа құрам бөлігі - ноосфера (саналы адам сферасы) пайда болды. Бұл терминді академик В. И. Вернадский енгізді. Ноосфера ұғымы адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераны жаһандық қайта өзгерту дегенді білдіреді. Құлашын кең жайған ғылыми-техникалық төңкеріс жер бетін тез өзгертіп, шөлді аумақты көктемелендірді, көптеген батпақты жерлер құрғатылып, естендер және су қоймалары жасалды. Мәселен, Қытайдың орталық бөлігінде Үш шатқал алып суқоймасы жасалды. Оның құрылысы үшін 50 миллионға жуық адамды көшіру талап етілді! Жер қойнауынан орасан зор мөлшерде қазынды казып алынды. Соның өзінде орасан көп мөлшерде заттар, соның ішінде жаңа, бұрын айналымға енбеген заттар, мысалы, радиоактивті материалдар айналымға тартылды. Адамның ғарыштық ұшу іс-әрекетінің арқасында жер шегінен шығып, ең алыс ғаламшарға қол жеткізуге мүмкіндігі көңіл аударады. Адам аса терең ұңғыма қазды, өте терең шахта жасады, мұхиттың тұңғиық тереңіне қол жеткізді, стратосфераны және жердің сыртқы қабығын билеп алды. Сөйтіп ноосфера жер тереңінен де, одан тысқарыға да құлашын жайды.

Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең - заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең - тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі - адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі - қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" - шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера - адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э. Лepya мен П. Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930-1940 жылдары В. И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В. И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера - табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М. И. Будыко терең талдау жасаған (1984 ж. ) . Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер - бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау - қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі-адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

Биосфера эволюциясы

Биосфера эволюциясы - Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық процесс.

Биосфера эволюциясы - тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі. Эволюция ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл процесс ұзақ уақытты қамтыған деген пікірлер айтылып келсе, соңғы жылдардағы микропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т. б. зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Жер планетасының геохронологиялық шежіресінде ең ежелгі заман - криптозойда (4550 - 570 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен тірі организмдердің қазба қалдықтары сақталмаған. Ол кезде өте ұсақ алғашқы прокариотты организмдер (цианобактериялар, бактериялар, көкжасыл балдырлар) тіршілік еткен. Олардың қатты қаңқасы болмаған, денесіне сіңген суда еріген әр түрлі минералдық заттар ұсақ түйіршіктерге айналып, ежелгі тау жыныстарының арасында сақталғандығы соңғы кезде анықталды. Оны ғылымда строматолиттер деп атайды.

Қазіргі кезде олар Батыс Германия мен Батыс Австралияда, Оңтүстік Африкада, Украинада бұдан 3, 4 - 3, 8 млрд. жыл бұрын түзілген тау жыныстарынан табылған. Сол замандағы өте ұсақ организмдер теңіздерде тіршілік етіп, гетеротрофты жолмен қоректенген. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер бұдан 4 - 3, 5 млрд. жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар кейін күрделі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. 2 - 1, 5 млрд. жыл бұрын бір клеткалы эукариотты организмдер шыққан, олардан кейін (1, 4 млрд. жыл бұрын) көп клеткалы организмдер пайда болып Жер бетіне кеңінен таралған. Ал 700 - 600 млн. жыл бұрын тіршілік еткен моллюскілердің қатты қаңқа қалдықтары толық сақталған.

Ғылыми деректер бойынша, биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі; толық тотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі. Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі күрделене түседі деген тұжырымдар жасауға болады.

Биосфераның тұрақтылығы

Биосфера тұрақты тәртіпте жұмыс істейтін күрделі экологиялық жүйе болып есептеледі. Биосфераның тұрақтығына ағзалардың үш тобының - түзушілердің (автотрофтар), тұтынушылардың (гетеротрофтардың) және бүлдірушілердің (минералды ағзалық қалдықтар) себепкер болады. Бұл күй ′′′биосфера гомеостазы′′′ деп аталады. Биосфера гемеостазы (биосфера тұрақтылығы) оның эволюцияға бейімділігін жоғалтпайды. Биосфера эволюциясы тарихының үлкен бөлігі мынадай негізгі екі фактор әсерінен жүзеге асты:

біріші фактор - бұл Жер тарихындағы табиғи геологиялық-климаттық өзгерістері;

екінші фактор - ағзалар эволюциясы және олардың биосфера құрам бөліктеріне әсері.

Тек ондаған, мыңдаған жылдардан соң ′′үшінші фактор′′ - адам факторы пайда болды. Бұл фактор биосфераны едәуір өзгертті. Адамның арқасында жасанды суқоймалар, орасан зор ауыл шаруашылық жер келбеті, алып қалалар пайда болды.

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Биосфера - тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфераның негізгі үш қабаты.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

Тропосфера

Гидросфера

Литосфера

Ноосфера

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы - биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.

Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.

Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.

Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.

Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.

Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.

Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.

Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.

Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар, жалаңаш тұқымдылар - гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.И.Вернадскийдің ноосфера жайлы ілімі және оның бүгінгі таңдағы рөлі
Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы
Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары
Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы
Биосфералық деңгей
Биосфера құрылымы
Биосферадағы заттар айналысы
Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Табиғат ұғымы. Қоғам табиғаттың бір бөлігі
Ғылыми білім және ғылыми революциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz