Туристік қызметті ұйымдастыру жолдары



Кiрiспе

Туристік қызметті ұйымдастыру

1 Туристік қызметті ұйымдастыру
2 Туристік қызмет экономикалық құбылыс ретінде

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатының жақсаруына қол жеткізуге бағытталған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыру стратегиясы көптеген мәселелерді, соның ішінде туристік қызметтер аясын дамыту мәселесін шешу негізінде мүмкін. Қазіргі жағдайда экономикалық процестердің тереңдеуін байқап отырған қызметтер аясы, экономикалық қатынастар жүйесінде маңызды орын алады және макроэкономика масштабтарында олардьщ байланыстарының қайта құрылуы мен ішкі және құрылымды мазмұнының трансформациясында көрінетін екі жақты жандануы бұл аяның салаларына тән. Бүгінде дамыған елдердегі жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамын және әлем саудасының 30%-на жуығын қызметтер қалыптастырады. Қазақстандағы реформалау барысында қызмет етудің ынталандырушы рөлінің артуы, қызметтер аясын адами капитал, материалды және қаражат ресурстарын тартатын, кәсіпкерлікті дамытатын сала ретінде қарастыруы, жаңа қызметтер түрлерінің пайда болуы, қызметтер аясының функциялануын жаңаша көрініспен байқатады.
Туристік қызметтер аясы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Аталмыш функциялануы өндіріс пен тұтынуға, халықтың еңбек ету жағдайы мен тұрмыс деңгейіне өспелі әсер етеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің ажырамас құрама элементі бола тұра, туристік қызметтер, қоғамның басты өндіргіш күші, ұдайы өндіріс процесінің объектісі мен субъектісі - адамның қалыпқа келуінде, еңбек, оқу және тұрмыстық белсенділік барысында жұмсалған нақты және рухани күштерін қалпына келтіруде аса үлкен рөл атқарады.
1. Исабеков Б.Н. Қазақстанда аралас экономика кезiндегi индустриалдық-инновациялық саясат және кәсiпкерлiк: мәселелер, концепциялар, шешiмдер. Монография, Түркiстан, 2004, - С. 319.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының 2008 жылдың қорытынды материалдары.
3. Түркістан қаласының 2008 жылғы қорытынды материалдары.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе

Туристік қызметті ұйымдастыру

1 Туристік қызметті ұйымдастыру
2 Туристік қызмет экономикалық құбылыс ретінде

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кiрiспе

Қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатының жақсаруына қол жеткізуге
бағытталған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыру
стратегиясы көптеген мәселелерді, соның ішінде туристік қызметтер аясын
дамыту мәселесін шешу негізінде мүмкін. Қазіргі жағдайда экономикалық
процестердің тереңдеуін байқап отырған қызметтер аясы, экономикалық
қатынастар жүйесінде маңызды орын алады және макроэкономика масштабтарында
олардьщ байланыстарының қайта құрылуы мен ішкі және құрылымды мазмұнының
трансформациясында көрінетін екі жақты жандануы бұл аяның салаларына тән.
Бүгінде дамыған елдердегі жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамын және әлем
саудасының 30%-на жуығын қызметтер қалыптастырады. Қазақстандағы реформалау
барысында қызмет етудің ынталандырушы рөлінің артуы, қызметтер аясын адами
капитал, материалды және қаражат ресурстарын тартатын, кәсіпкерлікті
дамытатын сала ретінде қарастыруы, жаңа қызметтер түрлерінің пайда болуы,
қызметтер аясының функциялануын жаңаша көрініспен байқатады.
Туристік қызметтер аясы қоғамның экономикалық және әлеуметтік
ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Аталмыш функциялануы өндіріс пен
тұтынуға, халықтың еңбек ету жағдайы мен тұрмыс деңгейіне өспелі әсер
етеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің ажырамас құрама элементі бола
тұра, туристік қызметтер, қоғамның басты өндіргіш күші, ұдайы өндіріс
процесінің объектісі мен субъектісі - адамның қалыпқа келуінде, еңбек, оқу
және тұрмыстық белсенділік барысында жұмсалған нақты және рухани күштерін
қалпына келтіруде аса үлкен рөл атқарады.
Жекелей жағдай ретінде Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы
кәсіпкерлік қызметті зерттей келе, сервиске тән экономикалық қатынастардағы
жылжулардың ерекшеліктері қарастырылады. Туристік қызметтер аясын
зерттеудің өзіндік объектісі ретінде қарастыру, оның экономикалық өсу мен
қоғамның дамуы жүйесінде атқаратын функционалды рөлімен түсіндіріледі.
Қызметтер аясы экономиканың өзіндік, ашық құрамдасы ретінде, қоғамның
бейзатты игіліктер-қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету функциясын атқарады. Аталмыш
функция кызметтер аясының рынок жүйесі элементтерімен, әлеуметтік
ұйымдастырудың жүйе құрамдасы және институттарымен өзара әрекеттесу кезінде
жүзеге асады. Қызмет көрсету әлеуметтік даму әлуетін қамтитындықтан және
экономикалық пен бейэкономикалық тәртіптегі түрлі процестердің әсері
астында қалатындықтан, қызметтер, соның ішінде туристік кызметтер аясындағы
нарықтық қатынастардың сапалық белгісі көпқырлы зерттеу объектісін
білдіреді.

1 Туристік қызметті ұйымдастыру
Туристік бизнес-әлем шаруашылығының ең тез дамитын салаларының
бірі.Халықаралық туризм мұнай өнеркәсібі мен автомабиль өнеркәсібінен
кейін , үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Дүние жүзінде
турмзмнің мәні үнемі артуда. Бұл жеке ел экономикасына туризм
ықпалының өсуімен байланысты.
Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-
ауқатының деңгейәның артуының нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005
жылғы 18 ақпанда жолдауы туризм саоасының Қазақстанда белсенді
дамуына жаңа серпін берді .
Туристік қызметтің қол жетімділігі, олардың сапалылығы және алуан
түрлілігі саяхаттанушылардың демалыс нысанын таңдауда маңызды фактор
болып саналады.Кәсіпкерлер ұшін туристік бизнестің тартымдылығы келесі
себептерге байланысты:
• Бастапқы инвестициялар
• туристік қызметтерге деген сұраныс
• туризмнің пайдалылығының жоғары деңгейі
• шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында жақсы демалыспен және
демалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ете алатын қызметтерді көрсететін
туристік компаниялар желісі дамыған.
Қазақстан экономикасысалаларының бірі ретінде туристік қызметтің
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұцымдастыру негіздері
Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы заңында
ангықталған. Осы заңға сәцкес туристік қызмет туристік агенттер
қызметі және туристік операторлар қызметі болып болінеді.
Туристік операторлар қызметі – туристік өнімдерді қалыптастыруға,
дамытуда және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға
рұхсаты бар заң тұлғалардың қызметі.
Туристік агенттер қызметті - Туристік операторлар қалыптастырған
туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе
заңды тұлғалардың қызметі.
Олардың арасындағы айырмашылық - Туристік операторлар туристік
өнімдерді дамытумен атудан басқа туристік өнімдерді қалыптастыра
алады.
Туристік өнімдерді қалыптастыру – щет елдік әріптестерді табу,
қонақ үйлерді, экскурсияларды таңдау, көрмелерде жұмыстар, қонақ үйлер
мен авиарейстерде сақтап қою орындарының нақты санын есептеу,
каталогтарды шығару, агенттіктерді іздестіру және талдауды білдіреді.
Басқаша айтқанда, туристік оператор визаларды рәсімдеу, экскурсиялар
және т.б. әр түрлі қызметтерді орындайды.
Туристік өнім туристік саяхат мерзімінде көрсетілген туристің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер жіне сонымен
байланысты саяхат мақсатына сай корсетілген басқа да қызметтер
жиынтығын білдіреді .
Туристік жолдама – туристік өнімнің болу фактісін растайтын
құжат.
Туристік фирма үшін туристік саяхат өнім болып табылады, оның
өзіндік құны туристік жолдамаға кіретін қызметтерді толығымен
көрсететін шығындардан тұрады.
Шетелдік туристік фирмалар есеп айрысу үшін банктік аударымдарды
жиі қолданады. Аударымдарды шет ел орналастыру үшін туроператор шет
ел банктерімен корреспонденттік байланыстары бар банкте валюталық
шоты бодуы тиіс.
Туропереторларда сатудан түскен табыс туристік қызметтерді
көрсетуге келісім шартта анықталған бағалар бойынша туристік
жолдамаларды сату құны негізінде анықталынады.
Сату бағасын анықтаудың ең қарапайым әдісі - өндірушіден
тұтынушыға туристік өнімнің қозғалысы жолында щығындарды, салықтарды
жіне пайда нормаларын сипаттайтын туристік жолдамалардың өзіәндік
құнына белгілі бір қосымша құндарды қосу жолымен оларды орнату.
Бағаны қалыптастыру тек бағаны орнату ғана емес , төлеу
әдісін, жеңілдіктерді бағалардың өзгеру саясаты, қосымша қызметтерге
бағаларды анықтауды қамтиды.Туризмде сұраныстағы мерзімдік ауытқулар
өте маңызды болғандықтан, бағаларды мерзімге сәйкес уақытымен есепке
ала отырып ауыстырады.
Туристік агенттің табысы туроператормен қалыптастыруда туристік
өнім сатудан түскен комиссиялық сыйақы сомасы болып табылады.
ҚР Салық кодексінің 212 бабының 1 тармағына сәйкес ҚР шегінен тыс
жүзеге асырылатын айналым ҚҚС бойынша салық салынатын айналым болып
табылмайтынын ескеру қажет. Туризм сферасында қызметті ұцымдастыру
бойынша қызметтерді сату орны Салық Кодексінің 215 бабының 2.4.
тармағында анықталады. Сонымен қатар, келу туризмі боцынша
туропереторлар мен турагенттердің қызметтеріне ҚҚС салынбайды,
осындай қызметтерді көрсету ҚР шекарасынан тыс сатылған қызметтер
деп қарастырылады. Ал кету туризмі бойынша туропереторлар мен
турагенттердің қызметтері ҚР территориясында сатылған қызметтер
ретінде қарастырылып, ҚҚС салынуға тиісті .
Туристік қызметтердің тиістілігі компания алатын табысымен
сипатталады. Бұнда пайда туристік өнімдер нарығында орын алатын
бәсеке жағдайларында турфира өмір сүре алатын туристік өнімнің
пайдалылық деігейін қамтамасыз етуі керек.
Пайданы қызметтің қаржылық нәтижесі ретінде бағалау табыстар жіне
шығыстар жайлы есеп берудің үлгілі сызба-нұсқасы ьоцынша жүзеге
асырылуы тиісті, жолдамаларды сатудан түскен - сатылған қызметтердің
өзіндік құны – мерзім шығындары.

Сурет 1.1. Туризмнің экономикадағы ролі

Туризм қызметін ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс – шара
болып табылады. Ол тәжрибеде ұйымдастырушыдан шығармашылық
мүмкіндігін және ұйымдастыру барысындағы кез келген кездескен мәселе
тәжрибелік тапсырманың стандарттық емес шешімін талап етеді. Туризм
көптеген дамыған және дамушы елдер үшін ыалюталық түсімдерінің
қайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл
экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан
Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің
формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктеріжетерлік.
Туристік қызметтің ерекшеліктерін қарастырудан бұрын, жалпы
туризм түсінігін және туризм нарығында кәсіпкерлік субьектілердің
туристік қызметтер көрсетуге деген қазіргі қатынасын қарастырып
өтейік.
Туристік қызметтің ерекшелігі ең алдымен туристік өнім
сонымен қатар туристік қызметтерді тұтынушылар мен өндірушілердің
айрықша белгілерінің ерекшелігімен анықталады.
Туристік өнім дегеніміз- Қазақстан Республикасының туристік қызмет
туралы 13.06.2001 жылы №211-2 заңына сәйкес , - саяхат барысында
туристердің қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын туристік
қызметтер жиынтығы.

2 Туристік қызмет экономикалық құбылыс ретінде

Экономика ғылымның ортасында адам орналасады. Туристік сала бүтіндей
экономиканың құрамдас бөлігі ретінде болу нағыз мақсат емес. Оның түпкі
мақсаты, жан-жақты және гармоникалық дамыған тұлғаны қамтамасыз ету. Адам
баласы төрт негізгі белгілерді иеленген: ақыл, эгоизм, әлеуметтілік және
өзінің қажеттелігінің шексіздігі, олардың ішіндегі ең жоғарғысы рухани
қажеттілік болып табылады. Аталған қасиеттер ұйымның практикалық
қызметінде де, туризмнің экономикалық теориясында да ескерілуі қажет.
Кез-келген туристік ұйымның ресурстары шектеулі, сәйкесінше олардың
тур қызметті ұсыну бойынша қызметі де шектеулі. Сондықтан да туристік
ұйымның алдында әрқашанда шектеулі ресурстардың рационалды бөлігі бөліну
проблемасы туындайды. Бұл процесс таңдау проблемасымен біріккен: шектеулі
ресурстардан қандай қызметтерді өндіру керек; қалай өндіру керек, яғни
оларды рационалды түрде қолдану үшін; тур қызметті киімдер үшін өндіру
керек, оларды қандай бағада сату керек. Айтылғандарды жинақтай келе,
біріншіден, талаптарды анықтауға болады, ол талаптарға тур жауап беруі
қажет, екіншіден, турдың дефиницациясын экономикалық тур ретінде
қалыптастыру.
Туризм экономикалық категория ретінде келесідей талаптарға жауап беруі
қажет:
- туристік ресурстардың шектеулігі негізінде жататын объективті
құбылыс болу;
- туристік ұйыммен және оның өндіріс бойынша тұтынушылары арасында
қатынасты көрсету;
- белсенді және тұрақты бастауды иелену, турфирма үшін де, оның
тұтынушылары үшін де ынталы мотив болу;
- оның қалыптасуында объективті,субъективті факторлар қатысуы қажет;
- тұтынушылық және ауыспалы құнды иелену,тауар болу;
- мақсат қою;
Туристік нарықтың субъектілері потенциалды туристер,туристік бизнес
және мемлекеттік ұйымдар болып табылады.
Турқызмет әртүрлі пайдалы қасиеттерді иеленуі мүмкін. Неғұрлым
қасиеттері көп болса, туристер үшін ол соғұрлым маңыздырақ. Мысалы,
ресейлік туристің әлемнің керемет бұрыштарына сапар жасауы келесідей
пайдалы қасиеттерді иеленеді: (Тайланд, Кипр, Панама) жұмыс қабілеттілігін
қалпына келтіру үшін демалуда қажеттіліктерін қанағаттандырады; тур
барысында отандастармен таныстырады; сол елдің халқымен, жағдайымен,
экзотикалық табиғат бұрыштарымен, флора және фаунасымен т.б. таныстырады.
Егерде ресейлік азамат өзінің аймағының шегінде саяхат жасаса, онда бұл
турқызметінің кеңдігі жоғарыда көрсетілгендердің қасында айтарлықтай төмен.

Алайда кез-келген турқызмет пайдалы қызметтерді иеленбейді, сондықтан
ол туристе әрқашанда қажеттілікті тудырмайды. Мысалы,теңізде саяхаттау
кейбір туристерді жағымсыз сезімдерді ағзасында тудырады.
Турқызметтің қасиетінің көп болуы және олардың көрініс формалары
біріншіден іштей оған тиесілі қасиеттермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
Дүниежүзілік туристік қызметтерді ұйымдастыру және басқару
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
Туризмдегі жарнаманың ролі
Туризм индустрия құрылымы
Пәндер