Баскетбол ойыны дамуының қысқаша тарихы



1 Ойынның пайда болуы және оның таралуы
2 Еліміздегі баскетболдың дамуы
3 СПОРТ БӨЛІМДЕРІНДЕ ОҚУ ТОПТАРЫН ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Топтарды жинақтау принциптері
4 Команданы және ойыншылар қызметін қалыптастыру
5 Спорттық машықтанудың жалпы заңдылықтары мен принциптері
6 Баскетбол алаңын белгілеу және жабдықтау
7 Баскетболдың негізгі атауыш сөздері мен түсініктері
Баскетбол тарихы алғашқы баскетбол сайысы өткен күн деп 1891 жылдың 21 - желтоқсанын атайды.
Спринг-Филд колледжінің (Масачусетс штаты, АҚШ) дене тәрбиесі пәнінің жас оқытушысы Джеймс Нейсмитке залда айналысуға қолайлы, қоңіл-күй көтеретін қимылдар ойлап тауып, гимнастика сабағын жандандыру таясырылады.
Жаңа ойын құрастыра отырып, Нейсмит ежелгі замандары Акериканың түрлі аудандарында танымал болған доппен айналысатын қарапайым ойындар туралы тарихи деректерді белгілі бір дәрежеде қолдануы мүмкін. Мехикодағы археологиялық музейде баскетболға көп ұқсайтын тлачли ойнап жатқан ацтектер бейнеленген картина сақтаулы. Ойын арнайы жабдықталған стадион-тлахостарда өткізілген, олардың қалдықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Ойын өтетін алаң түрі жағынан төртбұрышты, көрермендер отыратын жан-жақты мінбелер орналастырылған, биік қабырғалармен /3-4 м/ қоршалған. Ойнаушы екі команданың міндеті қысқа алаңқайдың ортасында тігінен бекітілген қарсыластың шеңберіне каучуктен жасалған допты түсіру болып есептеледі.
1. Ахметов Қ. Царев С. Спортты Қазақстан, Алматы Қазақстан, 1969ж.
2. Верхошанский В.В., Спортшылардың арнайы дене дайындығының негіздері, Москва 1988ж
3. Колос В.М. Баскетбол: ілім, тәрбие Советская Россия 1975ж.
4. Кузнецов В.С., Платонов Н.В. Маманданған спортшыларды дайындау
5. Портнев М.В. Спортшының арнайы күштілік дайындығы 1989 ж.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Ойынның пайда болуы және оның таралуы.

Баскетбол тарихы алғашқы баскетбол сайысы өткен күн деп 1891 жылдың 21 - желтоқсанын атайды.
Спринг-Филд колледжінің (Масачусетс штаты, АҚШ) дене тәрбиесі пәнінің жас оқытушысы Джеймс Нейсмитке залда айналысуға қолайлы, қоңіл-күй көтеретін қимылдар ойлап тауып, гимнастика сабағын жандандыру таясырылады.
Жаңа ойын құрастыра отырып, Нейсмит ежелгі замандары Акериканың түрлі аудандарында танымал болған доппен айналысатын қарапайым ойындар туралы тарихи деректерді белгілі бір дәрежеде қолдануы мүмкін. Мехикодағы археологиялық музейде баскетболға көп ұқсайтын тлачли ойнап жатқан ацтектер бейнеленген картина сақтаулы. Ойын арнайы жабдықталған стадион-тлахостарда өткізілген, олардың қалдықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Ойын өтетін алаң түрі жағынан төртбұрышты, көрермендер отыратын жан-жақты мінбелер орналастырылған, биік қабырғалармен 3-4 м қоршалған. Ойнаушы екі команданың міндеті қысқа алаңқайдың ортасында тігінен бекітілген қарсыластың шеңберіне каучуктен жасалған допты түсіру болып есептеледі.
Осыдан екі жарым мың жылдай бұрын үнділердің инк және майя тайпалары "поп-тo-пок" ойынын ойнаған, ойын мақсаты -қабырғаға тігінен бекітілген тастан жасалған шеңберге допты лақтыру.
Ал біраз уақыттан кейін қазіргі баскетболды еске түсіретін ойындар пайда болды, мысалы. Спартта – епискирус, ежелгі Римде - "харапастуы". Италияда –калчио.
VII –VIII ғасырларда Францияда "шуляж" деген ойын (кейіннен шуль) ойналды, мұнда жоғарыға шеңбері бар сырық бекітіліп, қарсыластар сол шеңберге допты көбірек лақтыруға тырысады.
Нейсмит "ойлап тапқан" ойының ең алғаш рет өз класында өткізді. Он фут биіктікке орналасқан балкон ернеуіне, яғни 3 метр биіктікке ол өзі шабдалы салынған корзиналарды бір-біріне қарама-қарсы орналастырады. Бұл корзиналарға доп лақтыру қажет. Сөйтіп баскетбол ағылшын тіліндегі " bAsce't " - корзнна, ball - доп деген екі сөзден құрылған.
Ойын үшін футбол добы қолданыдады және оған әр командаға 9 ойыншыдан бөлінген 18 адам қатысады. Кейін бұл сан жетіге, ал 1897 жылдан - 5 ке дейін қысқартылады, себебі қатысушылардың көп болуы алаңда тек кедергі-кесір ғана әкелетін еді.
Жаңа ойынның негізгі принциптері де айқындалды:
.Допты қолмен ұстап алып жүруге және жүгіруге болмайды.
.Қарсылас ойыншымен тіресіп қалуға болмайды.
3. Нысана көлденең және еденнен жоғары орналастырылуы керек.
4. Әрбір ойыншы алаңның қалаған жеріне, қалаған уақытында ауыса беруіне болады.
Ойыншылардың үнемі қақтығысып қалып отыруы ойын ережесін жасауды талап етеді. Олардың ең алғашқысы 13 бөліктен тұрады, кейбіреулері белгілі бір дәрежеде бүгін де сақталып отыр.
Алғашқы ойындар өткізу барысына қарай ереже үнемі жетілдіріліп отырды: 1893 жылы темір тордан жасалған шеңбер пайда болды. 1894 жылы доп көлем 30-32 дюмге дейін артылды 76.2-81,3см
жылы корзиналар бекітілетін қалқандар, 15 фут қашықтықтан орындалатын айып лақтырулары енгізілді.
Допты әртүрлі варианттар арқылы алып отыру 1896 жылы заңдандырылды.
Ойын АҚШ-та тез тapaлa бастады, баскетболды спорттык ойындар деп есептей бастады.
1894 жылы АҚШ-та ең алғаш рет ойынның заңды ережесі басып шығарылда және соның негізінде жарыстар өткізіле бастады.
Бірітндеп ойын тактикасы мен тәсілі қалыптасты. Тәсілдік қолданыстар белгілене бастады- қағып алу, apі жіберу, дриблинг, допты торға лақтыру. Басында беру мен лақтырудың барлық түрлері қозғалмай тұрып, екі қолмен орындалатын. Баскетболшылардың өйындағы қызметі анықталды - шабуылдаушылар мен қорғаушыларға бөлінді.
Осыдан кейінгі жылдары баскетбол АҚШ-тан Еуропа кәне Оңтүстік Америка елдеріне, одан apі ол Чехословакияға, Литваға, Эстонияға, Италияға, Францияға және басқа да елдерінде тарала бастады.
1932 жылы 18 маусымда баскетболдан Халықаралық федерация-құрылды - ФИБA, құрамында 8 ел болды.
1936 жылы баскетбол ең алғаш рет ХП Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді.
Олимпиадаға 21 елдің командалары қатысты. ФИБА-ның конгресі де осында өтті және осында ойынның бір ізге салынған ережесі қабылданды, осыдан бастап халықаралық кездесулер өте бастады.
Баскетбалдан Халықаралық федерация қатарына 180 ел кіретін халықаралық спорттық бірлестік ішінде алдыңғы орынның бірін алады.
Ойын ережесінің жетілуі және оның таралуымен бірге тәсілмен
әдісі да жетіліп, бас процесі жүрді. Доппен ойнаудың, оны торға лақтырудық жаңа амалдары пайда бола бастады. Тәсілдік қолданыстаң күрделіленуіне байланысты ойныды жүргізу тәсілі де өзгертілді - жеке әрекеттен ұжымдың ойынға ауысу процесі жүре бастады.

Еліміздегі баскетболдың дамуы

Ресейде ең алғаш баскетболмен жүйелі турде шұғылдана бастаған Петербургтегі "Маяк" клубы болды. "Маякта" гиинастика сабағын Құрама Шаттардан арнайы шақырылған Э.Мораллер жүргізді және ол жаңа ойын тасілдерін көрсетті, ая 1908 жылы алғашқы баскетбол сайыстары өтті. "Маяк" спортшыларының басшылығымен ойын басқа орталар мен оқу орындарына тарала бастады. "Богатырь" спорт қоғамында баскетбол командалары пайда болды.
Ресейдегі алғашқы халықаралық кездесуге "Маяк" клубы спортшылары мен Американың Христиан Жастap Одағының командасы арасындағы ойныды жатқызуға болады.
1913 жылы Петербургте алғашқы баскетбол ережелері басылып шықты.
I9I6 жылы Торопов пен Скотак Торға доп түсіру деп аталатын ойынды суреттейтін Ресейдегі ең алғаш кітап жарық көрді.
1920 жылы баскетбол Всеобуч мектебінің бағдарламасына енгізілді және міндетті пәндердің бірі болды. Подольскіде, Орехова-Зуевода, Смоденскіде, Серпухавта және басқа қалаларда командалар
пайда бола бастады.
жылдан бастап баскетбол Орта Азия, Кавказ, Украина республикаларына да таралды.
Ал 1923 жылдан бастап РСФСР ВЦИК жанынан Дене тәрбиелеу мәдениетінің жоғары кеңесі ұйымдастырылды, сөйтіп, бүкіл елімізде көптеген баскетбол жарыстары өткізіле бастады.
1923 жылы баскетбол Москвада өткен Бүкілодақтық дене тәрбиелеу мәдениетінің алғашқы мерекесінің бағдарламасына енгізілді.
1924 жылы Москвада өткен КСРО-ның алғашқы чемпионатында Москва құрамасы жеңімпаз болды. КСРО біріншілігіне қатысу үшін Москва. Орталық аудандар мен Орал құрамалары ұсыныс жасады. Бірақ Орталық аудан құрамалары ойынға келмей қалды да, КСРО-ның алғашқы чемпионы жалғыз кездесуден кейін ғана анықталды.
Жыл сайын ойын танымал бола бастады, әртурлі жарыстар саны артты. 1928 жылы баскетболдан I Бүкілодақтық спартакиада өтті және мұнда Францияның ерлер және әйелдер командалары қонақ болды.
1934 жылдан бастап еліміздің чемпионаты жыл сайын өткізілетін болды.
1947 жылы Бүкілодақтық баскетбол секциясы Халықаралық басксетбол федерациясына муше болып енді, бұл ФИБА ұйымдастырған барлық халықаралық ресми кездесулерге қатысу құқын берді.
Жыл өткен сайын ойын түрлендіріліп ереже түбірімен өзгертілді, ойын тәсілі жаңа ұтымды қолданыстармен байытылып отырды, ал бұл тактикалық әрекеттердің дамуына ықпал етті.
1952 жылы Хельсинкиде өткен ХУ Олимпиада ойындарында еліміздің ерлер құрамасы табысты өнер көрсетіп, күміс жүлдегер болды. Кейінірек Мюнхендегі Олимпиада 1972 мен Сеул Олимпиадасында 1988 баскетболшылар алтын медаль жеңіп алды.
Елімізде баскетбол дамуының одан кейінгі кезеңдері негізінен оқытушылар мен жаттықтырушылардың тәжірбиесін байыту және білімін көтеруге бағытталды. Жаттықтырушылар мен төрешілер семинарлары жуйелі түрде өткізіліп отыратын болды, мұнда озық мамандармен тәжірбие ауысулар болып отырды. 1954 жылдан бастап дене тәрбиелеу мәдениеті институттарында жоғары маманданған оқытушылар мен жаттықтырушылар дайындайтын бөлімдер ұйымдастырыла бастады.
1976 жылы XXI Олимпиада ойындарында Монреаль еліміздің әйелдер құрамасы алғаш peт өнер көрсеті және оны табыспен аяқтап, алғаш рет баскетбол тарихында Олимпиаданың алтын медаліне ие болді
Одан кейінгі кезеңдерде баскетбол көпшілік спорт түріне айнала бастауымен, еліміздің құрама командасын қалыптастырудары негізгі базаны жасайтын көптеген командалардың жоғары шеберлікке жетуімен сипатталады. Еліміздің құрама командасы Халықаралық турнирлерден –бастап әлем Европа чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында-табысты өнер көрсете бастады.
Құрамына футбол, волейбол және баскетбол деген спорттың ойын турлері- бойынша Қазақстандағы алғашқы жарыс 1928 жылдың мамыр айында өткізілді. Осы жылы халықаралық кездесулер де өткізілді. Қызылордада Ташкент пен Қызылорданың теміржол мектептерінің командалары арасында баскетболдан кездесу өтті.
1945 жылдан бастап жергілікті жарыстар өткізіле бастады, ал оның женімпаздары республика чемпионы атағы үшін жарысты.
Алғашқы чемпиондар Алматының ерлер және әйелдер командалары болды.
1947 жылы алғаш рет КСРО біріншілігіне қатыса отырып қазакстандықтар қатысқан 10 команда ішінен алтыншы орынды, ал қыздар сегіздің ішінен төртінші орынды жеңіп алды.
І918 жылы Алматыда Орта Азия және Қазақстан республикалары командаларының кездесулері өтті, мұнда Қазақстанның ерлер командасы бірінші орынға шықса, әйелдер командасы төртінші орынға ие болды.
1950 жылы көптеген жарыстар өтті: Бүкілқазақстандық Спартакиада өтті, ҚазКСР кубогы үшін ойындар өткізілді, республиканың құрама командасы КСРО чемпионатына қатысты. Осы жылы Орта Азия және Қазақстан республикаларының Спартакиадасы өтікізілді және мұнда қазақстандық баскетболшылар жеңіске жетті.
Kөn жылдарғы үзілістен кейін 1991 жылы өткен Орта Азин және Қазақстан Спартакиадасында Қазақстанның баскетболшы қыздары мен жігіттері чемпиондық тұғырға көтерілгенін атап өткен жөн.
1952 жылы Ташкентте баскетболлан еліміздің Кубогы үшін аймақтық кездесулер өткізілді, мұнда Орта Азия және Қазақстан республикаларының командалары, сонымен бірге Москва чекпиокм -ӘӘК BBC командасы қатысты.
Москвалықтардан ғана ұтылған қазақстандықтар қалған кездесулердің бәрін ұтады.
Осы жылы УІ Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасы бойынша баскетболдан турнир өтті, республика астанасының спортшылары жеңімпаз атанды.
1953 жылы Сухумиде студенттердің "Искра" атты бүкілодақтық ерікті спорт қоғамының Орталық кеңесінің біріншілігі өткізілді және мұнда "Искра" Алматы командасы қатысты.
Қазақстандық баскетболшылардың ең алғашқы ipі табысы "Буревестник" ЕСҚ-ң Орталық кеңесінің чемпионы, ал кейін 1953 жылы еліміздің біріншілігінде ІЗ-орын алуы.
1954-55 жылдары Буревестник командасы "Б" тобының жарыстарына қатысып жүрді, "А" тобына тек соғылған және өткізілген доптардың сәйкес келмеуі себепті ғана өмбей қалып отырды.
Тек бір жылдан соң – Днепропетровскіде турнирді ешбір жеңіліссіз өткізгеннен кейін ғана алматылықтар жоғары топқа ойнау құқын жеіңіп алды.
Сол жылдардағы қазақстандық баскетболшылардың ойыны көрермендер арасында жоғары қызығушылық тұғызды. Команда құрамында еліміздегі ең ұзын баскетболшы Уайс Ақтаев бойы - 232 см, салмағы 160 кг. ойнады. Ғажап табиғи қасиеттері мен бірге У.Ақтаевтың лақтыру тәсілі де жоғары болды. Алаң ішінде қозғалу жылдамдығындағы кемшілікті ол қалқан астындағы ойынмен етеп отырды. Ол қарсылас торына допты жоғарыдан оңай-ақ салатын және қалқаннан ауытқыған допты қағып алып қайта итеруді өте тамаша орындайтын.
1956 жылы өткен КСРО халықтарының Спартакиадасында Қазақстан баскетболшы жігіттерінің бесінші орын алуын үлкен табыс деп есептеуге болады.
1957 жылы еліміз ченпионатында алматылыіқ "Буревестник" командасы бір қатар алдыңғы қатарлы командаларды ұтып, турнир кестесінде жетінші орынға ие болды.
Одан кейінгі жылдары Қазақстан баскетболшыларының өнері бірде аспандап, бірде құлдыраумен сипатталады, бірақ команда тәжірбие жинақтайды, олардың беделі арта бастайды, республикада танымал бола бастайды.
1964-75 жылдар аралығында ерлер арасындағы барлық жарыстарда республика намысын "Локомотив" командасы қорғап жүрді. Құрамында жоғары дәрежелі ойыншылары бар "Локомотив" турнир кестесінде жорары орындарға ие болмағанымен, еліміздің алдыңғы қатарлы командаларын жиі-жиі ұтып отырды. Алматылықтар спортшы-теміржолашылар арасындағы Европа чемпионатының халықаралық турнирлерінде жоғары табыстарға жетеді. Олар МССЖ-ның төрт біріншілігіне қатысты. 1956 жылы Алматыда 2-орын, 1968 жылы Францияның Страсбург қаласында чемпионы, 1971 жылы Бургаста Болгария 3-орын. ал 1975 жылы Вроцлавта Польша 2-орын алады.
1976 жылдан бастап команда Армияның спорт клубы туы астында өнер көрсете бастады. Команда көптеген жарыстарға қатысты, жоғары топтың ірі командалары арасында медальдар жеңіп алып, көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз болды.
1988 жылы Сеул Олимпиадасында команда мүшесі В.Тихоненко алтын медальға ие болды.
1972 жылдан бастап, қыздар арасындағы баскетболдан республика намысын кейін "Университет" Алматы аталған Буревестник студенттік командасы қорғап келеді. Жоғары топта өнер көрсеткен ұзақ жылдар ішінде команда өте жоғары дәрежелі ойыншылар дайындап шығарды, олардың ішінде Европа, әлем чемпионаттарының, бүкіләлемдік универсиадалардың және тағы басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. Команданың екі ойыншысының Олимпиада чемпионы деген атағы бар - Н.Ольхова І976
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты республикамызда баскетболды дамытудың жаңа беттері ашылуда. 199I жылы Қазақстан Республикасының Баскетбол федерациясы құрылды. 1992 жылы I Ұлттық чемпионат өткізілді, Қазақстан Республикасының құрама командалары Азия ойындарында Әлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғауға дайындалуда.

СПОРТ БӨЛІМДЕРІНДЕ ОҚУ ТОПТАРЫН ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Топтарды жинақтау принциптері

Спорт бөлімінің oқу топтарына таңдаған спорт түріне лайық дайындығы бар, негізгі медициналық топтың студенттері алынады.
Баскетбол бойынша спорт бөлімінің топтары дене дайындығы және тәсілдік- әдістік дайындық мөлшерлерін орындаған студенттерден кесте құрылады. Кей жағдайларда бұл топтарға бойы ұзын, дене бітімі сай келеітн студенттер де алынады.

І-ші кесте

Баскетболдан спорт бөлімі студенттерінің жалпы және арнайы дене дайындығын бағалайтын бақылау мөлшерлері

Ерлер
Жаттығулар
балл бойынша бағалау

5
4

1
Жүгіру 100мс
Жүгіру 3000мминс
Жүгіру 5000мминс
5 км мин.снем
10 км минс.шаңғымен жүгіру
50 мс немес 100 мс жүзу
Бір орыннан ұзындыққа секіру см
Жүгіріп келіп секіру немесе жүгіріп келіп ұзындыққа секіру см
бөренеге тіреліп қолды бүгу және жазу ж.саны
көлденең салмада тіреліп тұрып ауарылып түсу
асылып тұрып, аяғы көлденең салмағы тигенше көтеру
гранат лақтыру м
төзімділік м
қозғалу жалдамдығы жүгіру уақыты с
секіргіштік тіке секіру см
жылдамдық төзімділігі
13,2
,00
21,30
,50
,00
,0
,40

,05
,0
13,6
,35
22,30
,00
,00
,0
,50

,10
,0
14,0
,10
23,30
,25
,00
,00
,0
,00

,15
,0
14,3
,50
24,50
,45
,00
,0
,15

,20
,0
14,6
,30
,40
,30
,00
бв
2,30

,25
,0

Әйелдер

Жаттығулар
балл бойынша бағалау

5
4

1
1. Жүгіру 100мс
. Жүгіру 3000мминс
. Жүгіру 5000мминс
. 5 км мин.снем
. 0 км минс.шаңғымен жүгіру
. 50 мс немес 100 мс жүзу
. Бір орыннан ұзындыққа секіру см
8. Жүгіріп келіп секіру немесе жүгіріп келіп ұзындыққа секіру см
. бөренеге тіреліп қолды бүгу және жазу ж.саны
. көлденең салмада тіреліп тұрып ауарылып түсу
. асылып тұрып, аяғы көлденең салмағы тигенше көтеру
12. гранат лақтыру м
. төзімділік м
14. қозғалу жалдамдығы жүгіру уақыты с
15. секіргіштік тіке секіру см
. жылдамдық төзімділігі
15,7
,15
,15
,50
,00
,0
,40

,05
,0
16,0
,50
,10
,30
,30
,03
,40

,17
,0
,0
,0
,15
,00
,30
,15
,14
,05

,22
,0
,0

,9
,50
,30
,00
,40
,24
,35

,27
,0
,0
18,7
,15
,30
,00
,00
бв
4,10

,35
,0
,0

Тест өткізгенде төмендегідей балл жинаған студенттерді топқа жинақтаған жөн;
ерлер - 40 баллдан жоғары, әйелдер - 30 баллдан жоғары.

Команданы және ойыншылар қызметін қалыптастыру

Команданы жинақтай отырып, жаттықтырушы-оқытушы төмендегідей маңызды мәселені шешеді; толып жатқан жеке ерекшеліктеріне қарамастан орта мақсатқа біріккен, жаттықтырылған, өзара тусікістік пен көмекке құрылған ойын тобын құру. Мұнда спортшылардың тәсілдік-әдістік дайындырын ғана емес, сонымен бірге белгілі командаға тән ойындық бағыттарды да, сол кезеңдегі баскетбол дамуындағы тенденцияларды да есте ұстаған жөн. Командаға мүшелікке үміткерлердің келешектілігі команда алдында сол кезеңде тұрған міндеттерді меңгеріп, шешу шамасына қарай біртіндеп анықталады,
Ойыншылардың дайындық деңгейіне eң соңғы бағаны беру үшін төмендегі бөлімдер бойынша санды-сапалы көзқарасты қалыптастыру керек:
деңсаулық куйі;
функционалды жай-куйі;
арнайы дене дайындығы;
тәсілдік- адістік дайындық;
психологиялық дайындық;
ойынға дайындық;
Ойыншыларды қызметіне қарай-ойын әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. Ойыншыларды рөліне қарай бөлгенде тек ойын қолданыстары мен олардың алаңға орналасуы ғана емес, сонымен бірге олардың психофизиологиялық ерекшеліктері де ескеріледі:
орталықта ойнаушының бөйы ұзын, дене бігігі ірі болуы және
төзімділік деңгейі жоғары, секіруге икемді болу керек;
шабуылшының да бойы ұзын, қимылы шапшаң, секіргіш, мерген
болуы кеpeк және ойын жағдайна тез бағалап, батыл шешім қабылдай
алатын болуы керек;
қорғанысшы алаңда барынша тез ауыса алатын, серігі мен қарсылас ойыншылардың орын ауыстыруын шапшандықпен қадағалап отырaтын, салқынқанды,, шапшаң ойлай алатын болуы керек. Ойындағы баскетболшы әрекеті —қорғаныс пен шабуылдың жеке қолданыстарының жай ғана бірлігі емес, біріккен қозғалыс жуйесінде ортақ маіқсатқа тоғыстырылған әрекеттер жиынтығы. Қызметтерді әртүрлі ойыншылардың дұрыс өзара әрекет етуі әр ойыншының творчестволық белсенділігі мен бастамасына сүйене отырып,команданың жалпы мүддесіне бағытталған ұжыдық әрекетінің негізі.

3. Спорттық машықтанудың ілімдік негіздері.

3.1. Оқу-машықтану процесінің мақсаты, міндеті және негізгі бөліктері

Айналысушылардың адамгершілік және дене қасиеттерін үйлесімді дамытуы машықтану процесінің негізгі маіқсаты болып есептеледі.
Спорт бөлімі топтарында баскетболдан өткізілетін оқу-машықтану сабақтары студенттердің дене тәрбиесі жүйесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі және мемлекеттік бағдарлама мен жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі курсының негізгі міндеттеріне сәйкес өткізіледі.
Баскетболдан спорт бөлімі топтарындары сабақтардың негізгі міндеттері:
а айналысушылар денсаулығын шыңдау;
б жан-жақты дене дамыту;
в организмнің функционалды мүмкіндіктерін арттыру;
г арнайы тәсілдік-әдістік дағдыларды меңгеру;
д ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол ойынының негізгі элементтері
Баскетбол ойынының тарихы
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Баскетбол ойыны
Баскетбол түсінігі
Баскетбол техникасының негізі - қозғалыс
Баскетбол - доппен ойналатын ойын
Допты билеу техникасы
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Пәндер