Қазақ тілінің зерттелу тарихы



1 Қазақ тілінің зерттелу тарихы
2 Қазақ тілін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақ тілінің зерттелу тарихы жалпы түркі тілдерінің зерттелуімен байланысты.Түркі тілдерінің зерттелуі нәтижесінде түркітану ғылымы пайда болды.Қазақ тіл білімі түркітану ғылымының бір саласы болып табылады.Түркітану түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін, этнографиясын зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың жиынтығы болып табылады.Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтырдың басым көпшілігі бір кездегі Рессей империясына қарағандықтан, түркітанудың алғаш пайда болған жері, Отаны Рессей болып табылады.Ал жеке ғылым саласы ретінде қалыптасқан кезі ХІХ ғасырдың 2-жартысы. Қазіргі кезде түркітану негізінен түркі тілдері мен әдебиетін зерттейтін филологиялық ғылым ретінде сараланды.
Түркі тілдерінің тарихын зерттеудің аса маңызды көздері - Орхон - Енисей, көне ұйғыр жазба ескерткіштері, ортағасырлық араб, парсы, түркі ғалымдарының еңбектері және Батыс Еуропа мен орыс ғалымдарының зерттеулері болып табылады. ХІХ ғ. дейінгі еңбектерде түркі тілдері даралана зерттелуден гөрі жалпы түркі тілдерімен немесе оның жеке топтарымен (оғыз, қыпшақ, қарлық т.б.) практикалық түрде танысу негізінде оларға тән зандылықтарды анықтау, салыстырмалы сөздіктер жасау, шағын грамматикалық очерктер жазу дәрежесінде болды.Сөйтіп,Рессейде түркітану ғылымының негізі салынды. Бұл кезде Мәскеу, Петербург, Қазан қалаларында оның ірі орталықтары қалыптасып, А. Казамбек, О. Бётлинг, И. Березин, Л.З. Будагов, Н. И. Ильминский сияқты түркітанушылар түркі тілдерін теориялық тұрғыда зерттеуге ден қойды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілінің зерттелу тарихы жалпы түркі тілдерінің зерттелуімен
байланысты.Түркі тілдерінің зерттелуі нәтижесінде түркітану ғылымы пайда
болды.Қазақ тіл білімі түркітану ғылымының бір саласы болып
табылады.Түркітану түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың тілін, тарихын,
мәдениетін, әдебиетін, этнографиясын зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың
жиынтығы болып табылады.Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтырдың басым
көпшілігі бір кездегі Рессей империясына қарағандықтан, түркітанудың
алғаш пайда болған жері, Отаны Рессей болып табылады.Ал жеке ғылым саласы
ретінде қалыптасқан кезі ХІХ ғасырдың 2-жартысы. Қазіргі кезде түркітану
негізінен түркі тілдері мен әдебиетін зерттейтін филологиялық ғылым
ретінде сараланды.
Түркі тілдерінің тарихын зерттеудің аса маңызды көздері - Орхон -
Енисей, көне ұйғыр жазба ескерткіштері, ортағасырлық араб, парсы, түркі
ғалымдарының еңбектері және Батыс Еуропа мен орыс ғалымдарының
зерттеулері болып табылады. ХІХ ғ. дейінгі еңбектерде түркі тілдері
даралана зерттелуден гөрі жалпы түркі тілдерімен немесе оның жеке
топтарымен (оғыз, қыпшақ, қарлық т.б.) практикалық түрде танысу негізінде
оларға тән зандылықтарды анықтау, салыстырмалы сөздіктер жасау, шағын
грамматикалық очерктер жазу дәрежесінде болды.Сөйтіп,Рессейде түркітану
ғылымының негізі салынды. Бұл кезде Мәскеу, Петербург, Қазан қалаларында
оның ірі орталықтары қалыптасып, А. Казамбек, О. Бётлинг, И. Березин,
Л.З. Будагов, Н. И. Ильминский сияқты түркітанушылар түркі тілдерін
теориялық тұрғыда зерттеуге ден қойды.
ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап түркі тілдерінің қай-қайсысы болсын зерттеу
объектісіне айналумен бірге, бір-бірімен жүйелі түрде салыстырылып
отырды.Көне және орта түркі жазба ескерткіштерінің түркі тілдеріне
генетикалық, құрылымдық қатысы анықталып, түркі тілдерін жіктеуге зор мән
берілді.
Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде,
тұрмыс және отбасында кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұғыдан
алғандағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетіндегі өрісі де өте тар
болғаны белгілі.Көркем әдебиет өкілдерінің шығармалары болмаса, патшалық
Ресейдің отаршылдық заманында мемлекеттік мәні бар мәселелер түркі жазба
дәстүріндегі қазақтың әдеби тілінде (татар тілінің ықпалы тиген шағатай
тілі, жазба тіл болғандықтан зерттеушілердің бірқатары оны "кітаби тіл"
деп те атайтын.Бірақ оның қолданылу аясы кең болмады, тек жеңіл-желпі іс
қағаздарында, ел билеушілердің өзара немесе патша әкімдерімен жазысқан
хаттарында, арыс-хабарламаларында, кейбір көркем әдебиет өкілдерінің
("кітаби ақындар") шығармаларында қолданылды.Республикадағы әр ұлт барлық
мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім
қабылданды.Оның қазақ тіліне де қатысы бар еді. 1924ж. Қазақстанның
бірінші Конституциясында қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік
тіл болып танылады. 1938және 1978 жылдарда қабылданған Қазақстан
Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. Тек
1989 ж.қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі -- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге Тіл
заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.
Қазақ тілінің мемлекеттік статусқа ие болуының және оның іс жүзіне
асуының ең басты кепілі - Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет
ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып
табылады.Тіліміздің мемлекеттік дәрежеге ие болуы -- тәуелсіздігіміздің
басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына, әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды.
Жеткіншек ұрпақ, интеллигенция арасында қазақтың ана тілін елемеу
кеңінен таралды, оны өмірдің әр түрлі салаларында пайдалану жөніндегі
қажеттілік төмендегі, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың
адамгершілік дәстүрлерінің бұзылуына, ана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Етістіктің жақ категориясы
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Орыс, қазақ ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы
Пәндер