Сөз таптарын топтастыру



I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Сөз таптарын топтастыру заңдылықтары.
2.Сөз таптары және олардың классифакциясы.
III.Қорытынды.
«Сөз таптарының жалпы грамматикалық сипаттамасында олардың морфологиялық белгілері (бір сөз табындағы сөзді басқа сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың бел-гілі бір жүйесі) мен синтаксистік ерекшеліктері (белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі мен олардың синтаксистік тіркесімі) бірдей маңызды қызметке ие болады. Бірақ синтаксистік-белгі жалпылама ортақ болып саналады да, сөздің грамматикалық сипаттамасында бірінші орынға ие болады. Мұның өзі морфология тұрғысынан сөздердің барлық топтары бір-бірінен жеткілікті дәрежеде айқын ажыратыла бермейтіндігімен байланысы, ал синтаксистік тұрғыдан олар әбден айқын ажыратылады. Морфологиялық жағынан түрленбейтін сөздер, мысалы, одағайлар мен үстеулер, сездердің әр басқа грамматикалық сипаттамасы бар, әр басқа топтары ретінде синтаксистік тұрғыдан ғана көрінеді».
1.Қайдаров.Ә. Түріктануға кіріспе.-Алматы,2001.
2.Қордабаев.Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999.
3.Исаев.С. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996.
4.Қарабаев.Т. Түркология және қазақ тіл білімі.-Алматы,1998.
5.Аханов.Қ. Тіл білімінің неғіздері.-Алмата,2000.
6. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы., 1992 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Сөз таптарын топтастыру заңдылықтары.
2.Сөз таптары және олардың классифакциясы.
III.Қорытынды.

Әдебиеттер.

1.Қайдаров.Ә. Түріктануға кіріспе.-Алматы,2001.
2.Қордабаев.Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999.
3.Исаев.С. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996.
4.Қарабаев.Т. Түркология және қазақ тіл білімі.-Алматы,1998.
5.Аханов.Қ. Тіл білімінің неғіздері.-Алмата,2000.
6. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы.,
1992 ж.

Кіріспе.
. Сөз таптарының жалпы грамматикалық сипаттамасында олардың
морфологиялық белгілері (бір сөз табындағы сөзді басқа сөз табындағы сөзден
ажырататын грамматикалық формалардың бел-гілі бір жүйесі) мен синтаксистік
ерекшеліктері (белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі
мен олардың синтаксистік тіркесімі) бірдей маңызды қызметке ие болады.
Бірақ синтаксистік-белгі жалпылама ортақ болып саналады да, сөздің
грамматикалық сипаттамасында бірінші орынға ие болады. Мұның өзі морфология
тұрғысынан сөздердің барлық топтары бір-бірінен жеткілікті дәрежеде айқын
ажыратыла бермейтіндігімен байланысы, ал синтаксистік тұрғыдан олар әбден
айқын ажыратылады. Морфологиялық жағынан түрленбейтін сөздер, мысалы,
одағайлар мен үстеулер, сездердің әр басқа грамматикалық сипаттамасы бар,
әр басқа топтары ретінде синтаксистік тұрғыдан ғана көрінеді. Ағылшын
тілінде морфологиялық белгінің сөз таптарының көпшілігін айқындауда көмекші
қызмет атқаратыны белгілі. Демек, оларды екі түрлі белгінің негізінде:
мағыналық (категорияльды мағына) және синтаксистік (тіркесу қабілеті мен
сәйлемдегі қызметі) белгілердің негізінде айкындауға тура келеді.
Түркі тілдерінде зат есімдерден сөз түрлендіруші формалармен өзгеріп
түрлене бермейтін сөз таптарын, мысалы, сын есімдерді, үстеулерді
морфологиялық белгінің негізінде ажырату мүмкін бола берхмейді. Мұндай-да,
әрине, сөз таптарының жалпы категорияльды мағынасы мен синтаксистік
белгісін таяныш етуге тура келеді.
Сөз таптарының синтаксистік белгісі олардың сөйлем мен сөз тіркесінің
құрамында атқаратын қызметтерімен айқындалады. Ол қызметтің мазмұнына
белгілі бір сөз табына телінетін сөздің сейлемге мүше болу қызметі ғана
емес, мұнымен бірге оның сөйлемде немесе сөз тіркесінде басқа сөздермен
тіркесу, олармен байланысу ерекшелігі де енеді.
Бір сөз табына телінген сөздердің басқа сөз табына қатысты сөздермен
тіркесу қабілеті және олардың сөйлемдегі қызметі туралы төмендегі жайларды
атап айту қажет. Зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, сөйлемнің тәуелсіз
мүшесі (бастауыш) ретінде қызмет атқарады. Зат есімдердің сейлемде көбінесе
тәуелсіз мүше — бастауыш болуы олардың (зат есімдердің) жалпы категорияльды
мағынасы— заттылық мағынасымен байланысты екендігі аңғарылады. Зат
есімдердің аталған қызметте (бастауыш және толықтауыщ қызметінде — Қ. А.)
жиі қолданылуы осы сөздер тобының категорияльды мағынасының
заттылығымен байланысты. Шынында да, бастауыш сөйлемнің өте-мөте дербес
мүшесі, оның тіре-гі болып табылады, осыдан бастауыштық қызметтің де затты
белгілейтін сөзге тән болуы табиғи нәрсе: процесс те, сапа да зат жоқ жерде
— осы процесті немесе сапаны иеленуші жоқ жерде — болуы мүмкін емес;
бастауыштық қызметті керек ететін, өте-мөте тәуелсіздікке ие болатын да
— заттың тап өзі. Зат есімдер сын есімдермен де емін-еркін тіркесе алады.
Бұлай болуы заңды да: зат белгілі бір.сапаға, белгіге ие болады, ке-
рісінше, сапа, белгі әрқашан да затқа телінеді. Осыған орай, зат есімдер
сын есімдермен тіркесе қолданылып, мұндай тіркесте немесе сөйлемде зат
есімдер бастауыш немесе толықтауыш қызметінде, сын есімдер тәуелді мүше
— анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемде зат есімдердің тәуелсіз
мүше—бастауыш қызметінде, зат есіммен тіркесе қолданылған сын есімнің
тәуелді мүше — анықтауыш қызметінде жұмсалуында белгілі бір заңдылық бар:
заттық ұғым сапалық ұғымнан ба-сымырақ, сапа-белгі — заттың қасиеті,
затқа тәуелді қа-сиет. Мұндай ерекшелік орыс тілінде бірден аңғарылады.
Орыс тілінде сын есімдер зат есімдерге тәуелді, бағынышты сөздер ретінде
жұмсалып, зат есімдер дай текте (род), қай септікте және көптік пен
жекеліктің қай түрінде қолданылса, сын есімдер де соларға бағынып, қиыса
байланысып, зат есімнің грамматикалык формасына ыңғайласа қолданылады.
Дл ағылшын тілі мен түркі тілдеріндегі және т. б. кейбір тілдердегі сын
есімдерде мұндай, орыс тіліндегідей, түрлену ерекшелігі жоқ. Бұл тілдердің
бәріне бірдей ортақ белгі бар: ол — сын есімдердің тәуелді мүше ретінде
анықтауыш қызметін атқаруы.
Зат есімдер бастауыш қызметін немесе толықтауыш қызметін, ал сын есімдер
анықтауыш қызметін атқады дегеннен аталған сөз таптары сөйлемнің басқа
мүшелері бола алмайды деген ұғым, әрине, тумасқа тиіс. Зат есімдер
сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай бастауыш қызметін де, анықтауыш немесе
пысықтауыш қызметін де атқаратыны сияқты, сын есімдер пысықтуыш
қызметінде немесе субстантивтеніп барып бастуын, толықтауыш, кейде
баяндауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Алайда, сөйлемде зат есімнің
бастауыш немесе толықтауыш қызметінен, сын есімдер анықтауыш қызметінен
басқа қызмет атқаруы — олар тән басты қызмет емес, қолданылу ыңғайына
қарай туған, екінші қатардағы қызмет. Үстеулердің сөйлемді негізгі
қызметі — пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулердің пысықтауыштан басқа да
қызмет атқаруы мүкін, бірақ ондай қызмет үстеулерге үйреншікті де, \
гізгі қызмет те бола алмайды. Етістіктер , жайында осыны айтуға тура
келеді. Етістіктердің негізгі синтаксистік қызметі — сөйлемдё баяндауыш
немесе көсемі түрінде пысықтауыш болу. Ал олардың қолданылу ыңғайына
қарай кейде бастауыш, толықтауыш қызметін жұмсалуы екінші қатардағы
қызметі ретінде саналу тиіс.
Жоғарыда сөз таптарының синтаксистік белгісін мазмұнына олардың сөз
тіркесінде және сөйлемде бас сөздермен тіркесу ерекшеліктері де енеді
дедік. Сын еімдер заттың сынын, сапасын білдіру қызметіне әдетте, зат
есімдердің алдында тұрып, олардың анықтауышы болады да, етістіктер
заттардың қимыл, іс-әректін білдіріп, әдетте, олардан кейін тұрады,
баяндауы қымзетін атқарады. Үстеулер қимылдың, іс-әрекетт сынын, мезгілін,
мөлшерін, күйін білдіреді, осыған ора етістіктермен тіркесіп, олардың
алдында тұрады. Түркі тілдерінде көмекші есімдер, септеуліктер, үндіеурna
тілдерінде предлогтар заттардың бір-біріне немесе і әрекетке қатысын
білдіруіне орай, зат есімдерге тірк седі, басқа сөз таптарына емес, зат
есімдерге тікелей қfтысты көмекші сөздер ретінде үғынылады. Артикльді де
басқа сөз таптарына емес, зат есімдерге қатысты және соларға тән көмекші
сөздер ретінде танылады. Оа ған орай, артикльдер зат есімдермен тіркесе
қолданы- лады. Ал еліктеу сөздер етістіктермен тіркеседі, солардың алдында
орналасады.
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен жалпы категорияльды мағынасы,
морфологиялық және синтаксистік белгілері арқылы ажыратылады. Бұл
белгілердің ара-салмағы сөз таптарының барлығында бірдей бола бермеуі
мүмкін. Мысалы, ағылшын тілі мен түркі тілдерінде сын есімдер мен
үстеулер морфологиялық көрсеткіштерге бай емес. Осылай болғандықтан,
аталған тілдерде сын есімдер мен үстеулер басқа сөз таптарынан сөз түр-
лендіруші формаларға тапшы болуы жағынан және жалпы категорияльды мағына
мен синтаксистік қызмет деп аталатын белгілері жағынан ажыратылады.
Бірсыпыра зерттеушілер тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем
мүшелерімен байланыстырады. Бұл мәселе жайында акад. И. И. Мещанинов
Сөйлем мүшелері мен сөз таптары деген салыстырмалы-типологиялық
зерттеуінде былай деп жазды: Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы
мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздердің
сейлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы арқылы сын есім
жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз
таптарынан баяндауыш (сөйлемнің іс-әрекетті білдіретін мүшесі) ретінде
қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде, сөйлемнің осылай
мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады.
Зерттеушілер сөз таптарының сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында
біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді. Сөздердің морфологиялық жағынан
тұлғаланған лексикалық топтарының (зат, іс-әрекет, қасиет және т. б.
атаулары) олардың синтаксисті қызметінің негізінде жасалу процесі
үндіеуропа тілдері нің салыстырмалы-тарихи грамматикасынан ашықайқын
көрінеді. Грамматикалық жағынан тұлғаланға сын есімдер категориясының
жасалуы, яғни ежелгі есім дердің зат есімдер мен сын есімдерге
дифференциациялануы, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы граммлтика
методтары арқылы көріне алады. Мүндай дифферен-циация үндіеуропа
тілдерінің ең көне кезінде болмаған . Бұл жайында А. А. Потебня
былай деп жазды: Тілдердің тарихында зат және белгінің атын ажырататын
сын есім зат есімнен кейінірек және содан жасалады. Зат есім мен сын
есімнің арасындағы айырмашылық о бастан емес. Сын есімдер зат есімдерден
туған, яғни әр түрлі үндіеуропа тілдерінде азды-көпті айқын іздер мен
деректер қалдырған, сапа-қасиет тек қана нақтылы, тек қана зат ретінде
ұғынылған кездер болған. Зат есімнен сын есімнің жасалу жолы дегеніміз
зат есімнің атрибутивті қолданылуы.
В. М. Жирмунский үндіеуропа тілдерінің көне дәуірінде зат есімдер мен сын
есімдердің жігінің ажыратыл-мағандығын есім негіздердің ортақ болуы,
есімдердің. септелу формаларының бірдей болуы және т. б. жайындағы
деректерді келтіре отырып дәлелдейді. Зат есімдер мен сын есімдердің
және үстеулердің тілдердің даму барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес
лексика-грамматикалық категориялар ретінде қалыптасқандығын көрсетеді. Сөз
таптарының бірден емес, біртін-деп қалыптасқанын, олардың жігінің ажырап,
әр басқа сөз таптарының тілдің тарихи даму барысында жасалғандығын түркі
тілдерінің деректері де дәлелдей түседі. Мысалы: көк, жас деген сөздердің
әрі зат есім, әрі сын есім болуы (омонимдес сөздер) есім сөздердің ерте
кезде жігі айқын ажыратылмағандығын аңғартады, дифференциацияланбау
құбылысының тілде сақталған ізі екендігін көрсетеді. Түркі тілдерінде әрі
есім, әрі етістік мағынасын білдіретін көш, той, тоң, ық, ой тәрізді
етістік-есім омонимдер бар. Етістік-есім түріндегі бұлар тәріздес түбір
омонимдерді Э. В. Севортян түркі тілдерінің көне дәуіріндегі грамматикасы
мен сөздігінде болған трамматикалық синкретизм құбылысы ретінде қарайды.
Ол түркі тілдеріндегі мынандай омонимдес түбірлерді ең бастапқы етістік-
есім негіздер (алғашқы синкретизм деректері) деп есептейді:Түркі
тілдерінен жоғарыда келтірілген деректер етістіктер мен есімдердің
алғашында ортақ түбірлес болғандығын, олардың бастапқы синкретикалық қалпын
аңғартады. Э. В. Севортян синкретизм құбылысы түркі тілдерінің тарихында
есім мен етістік түбірлерінде ғана емес, сонымен бірге бірден есім және
етістік тудыратьш аффикстерде болғандығын айтады 169.
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи дамуы барысында оньщ сөздік құрамы мен
грамматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің лексикалық
табиғатында да, грамматикалық табиғатында да алуан түрлі өзгерістер болады,
олар қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай сараланады, топтасады.
Осылайша дамудың барысында сөздердің топтары сараланып, сөз таптары
жасалады да, олардың әрқайсысы өззіндік жалпы категорияльды матынаға ие
болады, морфологиялық жағынан тұлғаланады, сөз тудырушы және және сөз
түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік
қызмет атқаруға икемделеді.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында
біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан
әсіресе ашық айқын көрінеді. Зерттеушілер үндіеуропа тілдерінде зат
есімдер мен сын есімдердің септік жалғаулы түрлерінің сөйлемде пысықтауыш
қызметінде жұмсалу барысында олардан үстеулердің жасалғандығын айтады.
Бұған орыс тіліндегі вечером, порой, кругом, издавна,„вплотную және т. б.
үстеулер дәлел бола алады. Қазақ тілінде Санжармен бірге келді; Асқарды
бірден таныды деген сөйлемдердегі бірге, бірден деген сөздер пысықтауыш
қызметінде жұмсала келіп, септік жалғуларының көнеленуі нәтижесінде
үстеулерге айналған Басқа сөз таптарына тән кейбір сөздер белгілі септік
жалғауларында жиі қолданылудың нәтижесінде өздерінің бастапқы объектілік
мағыналарынан алшақтап, ауысумен қатар, оларға жалғанған кейбір
жалғаулар... сол сөздердің айрылмайтын бөлшегіне айналып, әбден орнығып
қалыптасады. Ондай қалыптасқан, орныққан формалар тіл ғылымында әдетте
көнеленген формалар деп аталады.
Осылайша форма жағынан көнеленген, мағына жағынан әуелгі төркіндерінен
алшақтаған сөздер өздернің бастапқы топтарынан (мысалы: зат есімдердің, сын
есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің қатарларынан) бөлініп шығып,
лексикалық мазмұны жағынан баска сөздер тобына айналады. Сонымен қатар,
форма жағынан да не біржолата септелмейтін, не бірен-сарандаған
септіктердің ғана қосымшаларын қабылдайтын, жарым-жартылап қана өзгеретін
сөздерге айналады. Мысалы: арт, ал сияқтанған сездерді алсақ тура түрде
(күйде) тұрып, тек көлемді мағына беретін барыс, жатыс, шығыс септіктерде
ғана септеледі де (артқа, артта, арттан; алға, алда, алдан), басқа
септіктерде түрленбейді, ал өзгерсе, өте сирек қана қолданылады. Мұндай
сөздер мағына жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіреді, оларда
заттық мағына болмайды, сейлемде кебінесе пысықтауыш болып қызмет атқарады.
Ал сөз табы жағынан мұндай сөздер үстеуге жатады. Тіліміздегі бірге, бірде
(кейде деген мағынадағы), бірден, кенет-тен, лажсыздан, кейде, шалқасынан,
жүресінен, зорға, жатқа, басқа, текке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ерте-
мен, алға, артқа, алда, артта, мұнда, сонда, осында сияқтанған үстеулердің
барлығы да жоғарыдағыдай көнелеу жолымен қалыптасқан үстеулер.
Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір үстеулердің құрамындағы аффикстер, шығу
тегі жағынан алғанда, алғашында жалғаулар болғанымен, қазірде олар сөздің
түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп
кеткен, осы құбылыстың нәтижесінде үстеулер жасалған. Мысалы, зорға, босқа,
текке, бекерге, жатқа, бірге, кешке деген үстеулер барыс септік жалғауының
көнеленіп, лексикалануынан жасалса, кейде, жаңада, әлгіде, күнде,
аңдаусызда, қапыда, қапелімде, лезде деген үстеулер жатыс септік жалғауының
кенеленіп лексикалануынан жасалған. Шығыс септік жалғауы мен: көмектес
септік жалғауының грамматикалық қызметтерінен айрылып, олардың
лексикалануынан мынандай үстеу сөздер пайда болған: 1) жүресінен,
етпетінен, шал-қасынан, тәтеден, кеңінен, келтесінен, ежелден, әуелден,,
кенеттен, тосыннан; 2) шынымен, жайымен, ретімен т. б.. Түркі тілдерінде,
соның ішінде қазак тілінде, көсемше формалы етістіктердің пысықтауыш
қызметінде үнемі жұмсала келіп, әбден қалыптасуынан және етістіктердің
ондай формаларының көнеленуінен жасалған аздап, аз-аздап, жағалай, қайыра,
қайтара тәрізді үстеулер мен көсемше формалы етістіктердің қосарлануынан
жасалған сүріне-жығыла, таласа-тармаса, кие-жара тәрізді үстеулер бар.
...Аздап, аз-аздап деген сездерге тікелей жіктік жалғаулары жалғанбайды.
Бұл сөздер жай сөйлемде де, құрмаластың бағыныңқысында да баяндауыш болып
қызмет атқармайды. Қала берді бұл сөздерде етістіктерге тән шақтық, амалдық
және т. б. қасиеттер жоқ. Бұлар (аздап, аз-аздап) сөйлемде тек пысықтауыш
болып қана қызмет атқарады да, аздан я азғана, аз-аздан, я аздан-аздан, я
азғана-азғанадан деген сияқты мағынаны білдіреді. Оның бер жағында,
етістікке жалғанатын болымсыздық жұрнағы(-жа, -ме, -па, -пе,-ба, -бе)
бұларға қосылмайды. Сөйтіп, бұл сөздер (аздап, аз-аздап) көсемшелерге тек
форма жағынан ұқсас... Осындай аздап, аз-аздап сияқты көсемше түрлес
үстеулерді етістіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.
Сонымен, үстеулер әр түрлі формадағы сөз таптарының етістіктермен тіркесе
қолданылып, пысықтауыш қызметінде жұмсалуы және іс-әрекеттің сын, бейне,
мекен, мезгіл, мөлшер белгілері мен сынның белгісін білдіруі нәтижесінде
біртіндеп сөз табы ретінде жасалып қалыптасқан.
Қазақ тіліндегі сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған тәрізді сөздер формасы
жағынан есімше тәрізді болып көрінгенмен, тілдік табиғаты жағынан сын
есімдердін, қатарына енеді. Бұлар анықтауыш қызметінде жұмсала-жұмсала
келіп, заттың тұрақты белгісін, сапа-қасиетін білдіретін сын есімдер болып
қалыптасқан да, өздерінің түп төркіні — есімше формасының білдіретін
мағыналарынан мүлдем айрылған.
. Сөз таптарының бір-біріне ауысу процесін түрлі тілдерден байқауға
болады. Субетантивтену, адъективтену, прономиналдану, адвербиалдану
құбылыстары сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының
өзгеруі нәтижесінде іске асады да, аталған құбылыстар бір сөз табының басқа
сөз табына ауысуын білдіреді. Субстантивтену құбылысы бойынша басқа сөз
таптары зат есімге, адъективтену қүбылысы бойынша — сын есімге,
прономиналдану құбылысы бо-йынша — есімдікке, адвербиалдану құбылысы
бойынша — үстеуге, вербалдану, құбылысы бойынша — етістікке ауысады: Сын
есімдердің субстантивтенуіне орыс тілінде больной, ученый, раненый,
жинақтау сан есімнің субстантивтенуі не трое (мысалы: трое в лодке) деген
сөздер мысал бола алса, есімшелердің адъективтенуіне қазақ тілінде қашаған,
тебеген, сүзеген, сан есімнің прономиналдануына біреу (мысалы: біреу келіп
кетіпті), зат есімдердің адвербиалдануына кешке, күнде, сын есімдердің
адвербиалдануына зорға, босқа, лажсыздан, -етістіктің көсемше түрінің
адвербиалдануына аздап,қайта, жағалай, жата-жастана деген сөздер мысал бола
алады.
Тілдің дамуы ондағы басқа да единицалар, құбылыстармен бірге сөздердің
лексикалық мағыналары мен жалпы категорияльды мағыналарының, морфологиялық
құрылымы мен грамматикалық мағыналарының, сыртқы тұр-тұрпаты мен
дыбысталуының өзгеруі мен дамуын да аңғартады. Бүтіндей тілдің дамуы ондағы
тілдік единицалар мен құрылымдық элементтерден тыс, оларға байланыссыз
болуы, әрине, мүмкін емес. Сондай единицалардың бірі — сөз. Тілдің ғасырлар
бойындағы дамуы барысында толық мағынасы, дербес қызметі бар атауыш
сөздердің кейбіреулері мағыналары солғындап, дербестігінен жарым-жартылай
немесе мүлдем айрылып, көмекші сөздерге айналады. Шығу тегі тұрғысынан
қарағанда, езге шылаулар сияқты, септеу-ліктер де тіліміздің даму тарихының
белғілі бір кезендерінде жеке-дара қолданылатын дербес мағыналы негізгі
атаушы сөздерден (зат есімнен, етістіктен, үстеулерден) ауыса келіп, өз
алдына категория болып, бірте-бірте қалыптасқан. Мысалы, қазіргі қазақ
тіліндегі өте жиі қолданылатын үшін (үш + ін), шейін (шек + ін), сияқты
(сияқ + ты), арқылы (арт + қа + лы), бойы (бой-\-+ ы), жөнінде (жән + ін +
де), шамалы (шама + лы) си-яқты септеулік шылаулардың есімдермен тектес
екендігі қандай күмәнсыз болса, дейін (дей + ін), сайын (сай+\ + ын), қарай
(қара + й), гөрі (көр + е) сияқты септеулік шылаулардың етістіктермен
тектес екендігі де даусыз.
Сөз таптарының бір-бірінен жалпы категорияльды мағыналары жағынан
ажыратылатыны жоғарыда айтылды. Көмекші сөздерде де категорияльды мағына
бар. Мысалы, кемекші сөздерге, соның ішінде септеуліктер мен жалғаулықтарға
тән жалпы категорияльды мағына — қатынас мағынасы. Септеуліктер сөздердің
арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірсе, жалғаулыктар сөз бен сездің
немесе сөйлем мен сөйлемнің арасынағы әр түрлі қатынастарды білдіреді.
Көмекші сөздердің бір түрі — демеуліктерге тән жалпы категорияльды мағына —
модальдылық.
2. Сөз таптары — сөздердің формальды грамматикада емес, лексика-
грамматикалық категориясы (топтары).
3. Сез таптары бір-бірінен жалпы категорияльды мағынасы мен
грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады.
4. Сездердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен
олардың білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына,
атрибутивтік мағына, процессуальдық мағына және т. б. турдегі
мағыналар негізге алынады. Ал бұл мағыналарды лексикалық мағына немесе
таза грамматикалық мағына деп емес, жалпы катеғорияльды мағына деп
таныған жөн. Жалпы категорияльды мағына сөз таптарын бір-бірінен
ажыратуда басты белгілердің бірі ретінде негізге алынады.
5. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге грамматикалық
құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сез таптарына
классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де негізге алынуға
тиіс. Сөз таптарының грамматикалық белгілері дегеннен олардың
морфологиялық және синтаксистік белгілері ұғынылады.
Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру формалары
мен сөз түрлендіру формаының өзіне тән сөз бір-бірінен сез тудырушы
аффикстер арқылы ажыраты-ла алады. Сөз тудырушы белгілер сез таптарында
болмаған жағдайда, сөз түрлендіру жүйесіндегі айырмашылықтар сөз
таптарың ажыратуда көмегін тигізеді. Сөз түрлендіру жуйесі грамматикалық
категорияларменұштасады, жекелік-көптік, септік, тек (род), шақ, жақ рай,
етіс деп аталатын грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе
есімдерге, екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға
кемектеседі.
Сез таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде
мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сез
табына енетін сездер сейлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға
икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір тобымен
(немесе топтарымен) тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өзара
байланысады. Сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің арасында өзара
байланыс пен қарым-қатынас пайда болып, орнығады.
Сөз таптары бірден емес, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп
сараланады, дамиды, толығып жетіле туседі. Тілдер тобының салыстырмалы-
тарихи грамматикасы сөз таптарының олардың синтаксистік қызметінің
негізінде біртіндеп жігі ажыратылып, сараланғандығын, тілдердің даму
барысында сөз тудырушы формалар мен сөз түрлендіруші формаларға ие
болғандығын көрсетеді.

Кіріспе.
Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын
қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық
белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз
тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация
беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі ез беттерімен бұл қызметті
атқара алмайды. Мысалы, Қала мың-сан оттарымен жаршырап тұр. Осы сөйлемнің
құрамынан мың-сан оттарымен, мың-сан деген тұлғаларды алып қарайық.
Мың-сан — сөз, ұғымды атайды. Мың-сан оттары-мен — бұл белгілі ереже
бойынша құралған конструкция — сөз тіркесі. Бірақ сөз де, сөз тіркесі де өз
алдына, өз сапаларында пікір алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар
тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, үғымның атауы болады. Пікір белгілі
ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай
болғандықтан сейлем де сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемнің
жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана
құралатаны бар: Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар — сөйлем. Өйткені олар
сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып түр. Сол арқылы осы
лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді. Сөйлемдік форма
алмаған күйде жаз, сүттей жарық түн дара сөз, сөз тіркесі ретінде қалады.
Сонымен, жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді боп келген конструкциялар да
сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға — сөйлемдік
сапаға ие бола алады екен. Осыдан шығатын қорытыдды — сөйлем өзіне тән
грамматикалық құрылысы бар, граммати-калық формасы бар категория. Сөйлемді
сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтындар мыналар:Сөйлем
сөйлеу практикасында түрлі-түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі
сезден, тіпті көп-теген сөзден де құрала береді. 'Көлемі аз бұлақтың ай-
наласына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбырған малы да, адамдары да ыю-
қыю араласып жатқан сияқты.
Бірақ біз сөйлемге тән ,ең басты, ең қажетті грамматикалық формаларды,
әрі ең бастапқы құралу схемасын ажыратып тану үшін осы мақсатымызға сай
сәйлем таңдап алуымыз керек. Ондай сөйлем құрамы жағынан ең шағын, ең ықшам
болғаны дұрыс. Малдары арала-сып жатыр. Біз түстік. Түн.
Осындай мысалды талдап сөйлемді құрайтын минимум белгілерді танимыз.
Тілімізге тән және ең көп жұмсалатын сөйлемдер — бастауыш-баяндауыш
құрамындағылары. Осы сөйлемдердің құрылысын ескергенде, сөйлемді құрау үшін
ең аз болғанда екі мүше қатысуы керек—ойдың кім, не туралы екенін
білдіретін мүше, яғни бастауыш, және ол туралы не айтылғанын білдіретін
мүше, яғни баяндауыш мүше қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық
қатынасы сейлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни
болмыстағы заттардың өзара қатынасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз таптары орыс
Грамматикалық категориялар
Сөз таптарының қасиеттері
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Сөздерді топтастыру принциптері
Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары
Пәндер