Түркеш кағанаты



1 Тас дәуірі
1.1 Палеолит
1.2 Мезолит
1.3 Неолит
2 Қола дәуірі
3 Ерте темір дәуірі
3.1 Сақтар
3.2 Қаңлылар
3.3 Батыс түрік қағанаты
3.4 Түркеш кағанаты
3.5 Қарлұқ мемлекеті
3.6 Оғыз мемлекеті
3.7 Қыпшақтар
4 Пайдаланған әдебиет
Отырар алқабын ежелгі адам баласы бұдан 1 миллион жылдай бұрын мекендеген. Муны аймақта және Қаратау сілемдерінде жүргізілген археологиялық зерттеулер айғақтап отыр. Жалпы, адамның өмір сүру дәуіріне байланысты жер тарихындағы төрттік (антропогендік) дәуір бұдан 2 миллионнан аса жыл бұрын басталған. Бүл кезде Қазақстанда ірі палеогеографиялық өзгерістер болып, тау түзілу үдерістері жүрген. Төрттік дәуірде климат талай рет өзгерді. Томал антропогеннің алғашқы кезеңдерінде климат біршама жылы болды.
Палеонтолог мамандардың зерттеулері ерте плейстоценде Отырар мен Түркістан шұраттарында мосбах жылқысы, мерк мүйізтұмсығы, алып түйе, трогентериев немесе вюст піліне туыстас піл, плейстоцен есегі, Шетензак бизоны, арқар, страус, теңіз хайуанаттар мен ұсак кемірушілер тіршілік еткендігін көрсетіп берді. Орман пілі өзендер аралығындағы ормандар мен қалың бұталар арасын, бизон, эласмoтерия, жалпақ маңдайлы бұлан, марал, бұғы өзендердің тоғайлы түбектері мен шөбі биік жазықтықтарды, алып түйелер шөлді жерлерді, жылқылар далалы аймақтарды мекендеді. Бұлар ежелгі адамның негізгі аңшылық нысаны еді.
1 Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1 Тас дәуірі
1.1 Палеолит
1.2 Мезолит
1.3 Неолит
2 Қола дәуірі
3 Ерте темір дәуірі
3.1 Сақтар
3.2 Қаңлылар
3.3 Батыс түрік қағанаты
3.4 Түркеш кағанаты
3.5 Қарлұқ мемлекеті
3.6 Оғыз мемлекеті
3.7 Қыпшақтар
4 Пайдаланған әдебиет
Отырар алқабын ежелгі адам баласы бұдан 1 миллион жылдай бұрын мекендеген.
Муны аймақта және Қаратау сілемдерінде жүргізілген археологиялық зерттеулер
айғақтап отыр. Жалпы, адамның өмір сүру дәуіріне байланысты жер тарихындағы
төрттік (антропогендік) дәуір бұдан 2 миллионнан аса жыл бұрын басталған.
Бүл кезде Қазақстанда ірі палеогеографиялық өзгерістер болып, тау түзілу
үдерістері жүрген. Төрттік дәуірде климат талай рет өзгерді. Томал
антропогеннің алғашқы кезеңдерінде климат біршама жылы болды.

Тас дәуірі
Тас құралдары
Бизон
Палеонтолог мамандардың зерттеулері ерте плейстоценде Отырар мен Түркістан
шұраттарында мосбах жылқысы, мерк мүйізтұмсығы, алып түйе, трогентериев
немесе вюст піліне туыстас піл, плейстоцен есегі, Шетензак бизоны, арқар,
страус, теңіз хайуанаттар мен ұсак кемірушілер тіршілік еткендігін көрсетіп
берді. Орман пілі өзендер аралығындағы ормандар мен қалың бұталар арасын,
бизон, эласмoтерия, жалпақ маңдайлы бұлан, марал, бұғы өзендердің тоғайлы
түбектері мен шөбі биік жазықтықтарды, алып түйелер шөлді жерлерді,
жылқылар далалы аймақтарды мекендеді. Бұлар ежелгі адамның негізгі аңшылық
нысаны еді. Түркістан маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткіштерінен тас
құралдарымен қатар осы кезде тіршілік еткен түз аңдарының сүйектері де
аршып алынған. Бүл ескерткіштер әзірге Оңтүстік Қазақстандағы ең көне
дәуірлерді қамтитын археологиялық нысандар болып табылады. Ескерткіштердің
ерекшелігі сол, олар травертиндік сақина құрған су көздерінде орналасқан
және тас құралдары — жергілікті "микроиндустрия" кешенін құрайды.
Травертинді ескерткіштер Еуразияда өте аз. Олардың абсолют мерзімі біздің
заманымыздан бұрынғы 1 миллион жылдардан біздің заманымыздан бұрынғы 200
мың жылдықтар аралығында. Қошқорған фауналық кешені мен тас
артефактілерінің ең ерте кезеңі 500-750 жылдарды қамтиды. Тас құралдары
өзектас, өзектас пішінді бұйымдар, леваллуа жарықшақтары, үшкіртастар,
малта тас сынықтары, тас тіліктері мен жаңқалары, қырғыш, теңізібойы
заттардан тұрады. Мұндай еңбек құралдарын ежелгі адамдар аңшылықта,
күнделікті тұрмыста пайдаланған.

Палеолит
Ашель мустье және кейінгі палеолит дәуірлеріндегі ескерткіштер Қазақстанның
Оңтүстік аудандарынан көптеп табылған. Мысалы, Шәуілдірден батысқа қарай 10
км жердегі Ақсу—Арыс тұрағынан тас жаңқа, қол шапқы, өзектас, теңізі
бойынан бұйымдар жинастырылған. Сондай-ақ, Арыс, Шаян, Арыстанды теңіздері
бойынан өзендер бойынан палеолит дәуіріне жататын ескерткіштер ашылған.
Көбінде леваллуа техникасы ұзақ жылдар бойы сақталып келген. Әсіресе назар
аударуға лайық бірегей ескерткіштердің бірі — Уәлиханов турағы. Ол 6 мәдени
қабаттан тұрады. Қазба барысында бірнеше мың тас құралдарынан басқа
жануарлар сүйектері, ошақ орындары ашылған. Тұрақты адамдар мусе
скерткіштер. Бүл кезде тас құралдарын жасаудың палеолиттік дәстүрі өз жал
ғастығын тапты және шаруашылық қаракетке байланысты жаңа құралдар (трапеция
және сегмент пішінді, теңізіб.) пайдаланылды. Адам бұрынғысынша жануарларды
аулады және әр түрлі өсімдік тағамдарын (жабайы жаңғақ, жидек, жабайы
сәбіз) және кейбір өсімдіктердің түйнектерін теруді кәсіп етті. Палеолит
заманындағы фаунаның жойылуы адамдарды жаңа кәсіптерді меңгеруге
мәжбүрлейді.
Мезолит
Мезолит дәуірінің ескерткіштері Қазақстанда аз зерттелген. Соған қарамастан
Отырар алқабынан бірнеше мезолиттік кешендер ашылып отыр. Олар Шілік
ауылдық әкімшілігіне қарасты жерлерден анықталған Қысып түзету техникасының
жетілдірілуі жаңа технологиялық әдістерді (тегістеу, бүрғылау, аралау)
игеруге алып келді. Мұндай өзгерістер Отырар оазисі мен оған іргелес
аймақтардағы Дермене—1, 2, 3 тұрақтары, Шілік, Тасқотан, Қараүңгір
ескерткіштер материалдарынан да байқалады. Әсіресе Қараүңгір неолиттік
тұрағынан осы дәуірге қатысты ең көп және көрнекті материал алынған. Тас
пен сүйектен жасалған құралдардан басқа қыш ыдыстар сынықтары да көптеп
табылған. Мұндай заттар табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына өндіруші
шаруашылық келгендігінен хабардар етеді. Сондай-ақ, бұл кезде кен кәсібі
мен тоқымашылықтың, егіншіліктің бастамалары шықты. Сөйтіп, Оңтүстік
Қазақстанда тас дәуірі үзіліссіз, үздіксіз дамыды.
Неолит
Біздің заманымыздан бұрынғы 5 мың жылдықтар шамасында басталған неолит
дәуірінде шаруашылықта зор өзгерістер болды. Еңбек құралдарын өндіру барған
сайын мамандандырылды. Палеолиттік пышақ тәрізді тілікшелер және мезолиттік
микролиттерден бастап кейінгі палеолиттің соңғы кезіне дейін мекендеген.
Табылған дөңгелек өзектастар, тас жаңқалары, екі жағы өнделген шапқы
құралдар, үшкіртастар, қырғыштар мен жонғыш қырғыштар, кескіштер шақпақ тас
пен халцедоннан жасалған. Оңтүстік Қазақстанда палеолиттік тұрақтардың көп
болуы, бұл жер ежелден адам баласы өмір сүруге қолайлы өңір болғандығын
айғақтайды.

Қола дәуірі
Қола ыдыс
Қола дәуіріндегі құрал-саймандар
Отырар алқабындағы қола дәуірі мәдениеті әзірге толыққанды зерттеле қойған
жоқаласы жалпы Қазақстанның баска аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік
Қазақстан қола дәуірінің ескерткіштері анағұрлым аз зерттелген. Ұзақ
уақыттағы ізденістер нәтижесінде Қаратаудың солтүстік баурайындағы Таутары,
Төле би ауданындағы, Бүргіліктегі қорымдар материалдары ғана толымды
сипатталып анықталған. Таутары қорымындағы қабір үстіндегі құрылыстар
қырынан орнатылған тақтатастармен немесе жерге қазылмай-ақ қойылған
тастармен белгіленген. Жерлеу орындарының дені — тік бұрышты, шаршы
тәрізді, сопақша немесе шеңбер түріндегі қоршаулар мүрдені көбінесе
өртеген. Кей ретте шұңқырларға жерлеп, бетін тақтатаспен жапқан. Мүрде
жанына бірден беске дейін ою-өрнегі бар қыш ыдыстар қойған. Сондай-ақ,
қабірлерден қола мен алтыннан жасалған ұсақ бұйымдар, әшекейлік заттар
(моншақ, сырға, сақина, салпыншақ, қаптырма т.б.) да табылған. Алынған
материалдар мұндағы мәдениетті Андронов мәдени-тарихи қауымдастығына
жақындатады. Сонымен қатар Шардара өңіріндегі Жамантоғайдағы оба
үйіндісінің астындағы үш қабір кейінгі қола дәуіріне жатады. Mүрделердің
жанынан қыш ыдыстар, қола пышақ пен төрт кырлы біз табылған. Соңғы жылдары
алынған мағлұматтар ғылым айналымға әлі толымды түрде түсе қоймауы өңірдегі
қола дөуірі мәселелерін тиянақты шешуге мүмкіндік бермей отыр. Әзірге
Оңтүстік Қазақстан қола дәуірінің кейбір қырлары толық зерттелмесе де, бүл
өңірден сол замандағы жарқын ескерткіштердің табылуы, мұнда өзіндік
мәдениет болғандығын айғақтайды.

Ерте темір дәуірі
Сақтар
Сақтар картасы
Антикалық жазба дерек көздері мен археологиялық мағлұматтар Отырар
алқабында біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықта өмір сүрген тайпалар
көрші елдермен өркениетті мәдени-экономикалық байланыстар орнатқандығын
нақты көрсетіп берді. Көне парсы, элам және аккад тілдерінде құрастырылған
Дарий мен Ксеркс патшаларының жазбалары, көне ирандықтардың зороастриялық
дін кітаптарының жинағы — Авестo, әсіресе грек және латын тілдеріндегі
ежелгі грек-рим авторларының (Геродот, Гекатей Милетский, Арриан, Диодор,
Плиний, Страбон, т.б.) шығармалары байырғы халықтардың тарихын түзуде
маңызды рөл атқарады. Бірақ басты дерек көздерін археологиялық мағлұматтар
береді. Сырдария алабындағы сақта рескерткіштерінің бірі Шірікрабад
саналады. Сондай-ақ 1877 жылы "Әмудария көмбесі" көне өнер туындылары
аталған өзен бойынан табылды. Ол 180-нен астам алтын мен күмістен жасалған
бұйымдар мен 1000-нан астам теңгелерден тұрады. Заттар көне грек, иран, сақ
мәнеріндегі ою-өрнектермен салынған. Археологиялық қазба жұмыстары Әмудария
көмбесіндегі заттар Отырар алқабындағы көне тайпалардың мәдениетімен тығыз
байланыста дамығандығын аңғартады. Көне жазбаларға қарағанда Ахемен
әулетінің патшалары сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп,
бірде жеңіліп Әмудария көмбесі отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында
грек-парсы соғыстарына қатысты. Александр Македонский (қаласы Ескендір
Зұлқарнайын), селевкилер әулеті де сақтарға қарсы соғысты. Дегенмен, парсы
және грек дерек көздеріндегі тайпаларды Орталық Азияның осы заманғы
картасына орналастыру туралы мәселе өлі түбегейлі шешілген жоқаласы бұған
қатысты ғалымдар арасында түрлі болжамдар бар. Ғалымдардың көпшілігі біздің
заманымыздан бұрынғы 7—4 ғасырлардағы Қазақстан аумағына тайпалар мен
тайпалық топтарды былайша орналастырады: оңтүстікте тиграхауда сақтары
тұрған, бүл ар грек дерек көздерінде массагеттер деп аталды, сондай-ақ
мұнда дахтар (дайлар) тұрды, ал батыста — савроматтар (ежелгі аорстар),
Орталық аудандарында — исседондар, солтүстік-шығыста — аримаспылар
мекендеген. Бұлардын барлығы тілі жағынан туысқан және мәдениеті жағынан
жақын сақ және сармат тайпаларының этникалықаласымәдени бірлігіне кірген.
Оңтүстік Қазақстанды мекен еткен сақтарда отырықшылық мал шаруашылығы басым
болды. Олар Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратау жотасының
баурайларында кеңінен тарады. Сондай-ақ суармалы егіншілік те дамыған. Сақ
обаларынан шыққан мал сүйектері олардың осы заманғы қазақтың құйрықты және
ұяң жүнді, өсімтал тұқымдарына жақын қой өсіргендігін көрсетіп берді.
Жылқының екі түрін өсірді. Оның жабы (берк) түқымдасы қазақ жылқысына ұқсас
еді. Сақ заманында қола дәуірінде кең тарай бастаған Қаратау жотасы мен Шу-
Ӏле тауларындағы (Арпаөзен, Қойбағар, т.б.) жартастағы суреттер де
айғақтайды (қаласы Қаратау шимайлы тастары). Сақтар заманынан бізге жеткен
сақ "пирамидалары" немесе "патша" обалары байырғы сақтар мәдениеті жайлы
мол мәлімет береді. Қараспан маңындағы Қарауылтөбедегітопырақ үйіндісінен
тұрғызылған обаның диамал 110-120 метрді құрайды. Биіктігі 16 метрдей.
Мұндай ірі обалардың салынуы Оңтүстік Қазақстан жері сақтардың басты
орталытарьшың бірі болғандығын аңғартады.

Қаңлылар
Қазіргі Тараз аймағы
Жартастағы суреттер
Отырар тиыны
Негізгі орталығы Сырдарияның орта ағысы болған, Қазақстанның Оңтүстік
өңірін мекен еткен қаңлы жұрты туралы көне қытай жазба ескерткіштерінде жиі
кездеседі (қаласы Қаңлы мемлекеті). Жаңа заман шегіндегі мәліметтерде бұл
князьдікте 600 мың адам тұрып, соғысқа 120 мың жауынгер шығара алатындығы
айтылады. Астанасы Битянь қаласы болған. Шежірешілер Қаңлының "Ұлы
билеушісінің" вассалдары ретінде бес "кіші иелікті" (сусе, фуму, юень, ги,
юегянь) атайды. "Қаңлы" деген термин 8 ғасырдың бас кезіндегі көне түркі
руналық жазбаларында Канпо-Тарбан немесе Канпо-Тарбанд түрінде ұшырасады.
Ол Авеста мен Махабхаратта айтылатын ежелгі Кангха болуы ықтимал; бұл жазба
ескерткіштерде сақтармен және тохарлармен қатар "анкилер" де айтылады. Егер
Қазақстан аумағының оңтүстік шығыс жағын мекендеген үйсіндер мен ғұндардың
шаруашылығында мал өсіру басым болса, Сырдария бойын мекендеген қаңлылардің
шаруашылық кәсіптерінің негізгі бағыты отырықшы мал шаруашылығымен қатар
жүргізілген телімді және көлдетіп суару егіншілігі болды. Қаңлылардің
қоныстарынан ондаган тұрғын үй мен қора-қопсылар аршылған. Қамал
дуалдарымен және су толтырылған орлармен қоршалган бұл қоныстар өзеннің
немесе оның салаларының жағасына орналасты. Олардың бәрінде ұзақ уақыт
отырықшылық тіршілік болғанын көрсететін қалың мәдени қабаттар бар.
Қалалардағы негізгі құрылыстар шикі кірпіштен, кейде пахса блоктарымен
аралас салынган еңселі үйлер еді. Қаңлылар дәнді дақылдар еккен және бақша
өсірумен де айналысқан. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда
болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке
қосылған сабан, толыи жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын
қыш кеспектер табылды. Олар жерді тас кетпендермен өндеген, сүйектен
жасалган егіншілік құралдарды да пайдаланған. Қаңлылар жалғыз егіншілікпен
ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығымен де шұғылданды. Көптеп сиыр,
қой, жылқы және ешкі өсірді. Қаңлылардің қарауындағы аумақтың әр түрлі
аудандарында мал шаруашылығының үлес салмағы әр түрлі болған, жеті
асарлықтарда мал шаруашылығы басым болды. Аң аулау мен балық аулаудың
қосалқы маңызы болды. Елік, таутеке, арқар, киік ауланды. Қоныстар мен
қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары - шанышқылар, сүңгілер,
қармақтар, жүкшелер шықты. Қаңлы қоғамында әр түрлі кәсіптер, қолөнер,
сауда және ақша айналысы дамыды. Қаңлы тайпалары Орта Азия мемлекетгерімен,
Кавказ өңірімен, Риммен, Қытаймен айырбас қатынастарын жүргізген. Муны
басқа елдерден келген заттардың табылуы, маржаннан, лазуриттен, садаптан,
ақықтан, халцедоннан жа¬салған моншақтар, альмандин мен інжуден ілмешігімен
коса жасалған алтын сырғалар көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І
ғасырларда қаңлылар өздерінің ақшасын соғуға әрекет жасайды,
хорезмдіктердің "аты беймәлім патшасының" мәнеттерін кеңінен пайдаланады.
Қаңлылардың материалдық мәдениеті шартты түрде. Бұл мәдениеттер көбінесе
Оңтүстік Қазақстанның және Орта Азияның көршілес аудандарының Шаштың,
Хорезмнің — отырықшы қоныстары мен корымдарынан табылған материалдардан
белгілі. Қаңлылардің мекендеген негізгі аймағы Сырдария өзенінің орта бойы
еді. мәдениеттің қауыншы нүсқасының көптеген ескерткіштері нақ осы жерде
шоғырланған. Сырдарияның орта ағысы өңірін мекендеген қаңлы тайпаларының
мәдениеті мен тұрмысын Ақтөзенбе-2 және Ақтепе (Ташкент маңы) қоныстарын
қазған кезде табылған заттар неғұрлым толык бейнелейді. Ақтөзенбе—2 қонысы
айнала қалың, биік дуалмен қоршалған, шамамен 4 гектар жерді алып жатқан
ірі елді мекен болғандығы анықталды. Бұл қорғанның ішіндегі қала
тұрғындарының тұрғын үйлерінен басқа сарай бітімдес үлкен үйде қаланың
басқарушы-әкімінің резиденциясы орналасты. Тұрғын жайларға жарық терезеден
түскен және ашық жерошақтармен, ка¬мин тәріздес пештермен жылытылған. Бұл
қоныстарды мекендегендер көлдетіп суару егіншілігімен және мал
шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылыққа және тұрмыста құмыра, саптаяқ,
құмған тәріздес ыдыстар, таба, қыш кеспек, аяқ, кесе сияқты әр түрлі қыш
ыдыстарды пайдаланған (қаласы 5-қосыміиа). Тас қол диірмендерді дәнді ұн
қылып үгу үшін пайдаланған. Ұршықтар ұршықбастарының, тоқыма ісінде
пайдаланылған тас жүкшелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі қағандығы
Түркештердің этникалық құрамы
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Түркеш қағанатының құрылу тарихы
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйелері
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Пәндер