Сақтандыру шарттары туралы



1 Сақтандыру нысандары
2 Сақтандыру объектісі
3 Жинақтаушы сақтандыру
4 Сақтандырылған адам
5 Сақтандыру жағдайы
6 Сақтандыру сомасы
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы Усақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
804-бап. Осы Кодекспен реттелетін сақтандыру қатынастары Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледі.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру
803-бап. Сақтандыру шарты
1. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы Усақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік
негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
804-бап. Осы Кодекспен реттелетін сақтандыру қатынастары Сақтандырушылар
мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын
жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын сақтандырылғандармен және
пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледі.
805-бап. Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
2) сақтандыру объектісі бойынша -жеке және мүліктік;
3) сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметін лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше жіктеу
көзделуі мүмкін.
806-бап. Міндетті және ерікті сақтандыру
1. Міндетті сақтандыру - заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
2. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен
белгіленеді.
3. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң
актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.
Міндетті сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
4. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін
заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
міңдетті.
5. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Мұндай шартты жасасу жоғарыда
аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
6. Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың
келісімі бойынша белгіленеді.

807-бап. Сақтандыру объектісі
1. Заңды тұлғаның немесе азаматтың кез келген мүддесі сақтандыру объектісі
бола алады.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың
осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүдделер объектісі болатын сақтандыру
шарттары жарамсыз болып табылады.

808-бап. Міндетті сақтандыру туралы ережелердің бұзылу зардабы
1. Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс
болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет
жүктелген тұлғадан оны сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе
сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда
сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл
тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезінде
сақтандыру төлемі қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса,
сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
3. Заң актілерімен сақтанушы болу міндеті жүктелген тұлға осы Кодекстің 806-
бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті, алайда
одан жалтаратын сақтандырушыны заң актілерінде көзделген талаптарда
сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
4. Сақтанушы ретінде оны жүзеге асыруға міндетті тұлғалардың, сондай-ақ
сақтандырушы ретінде іс-қимыл жасауға міндетті сақтандыру ұйымының
сақтандырудан жалтаруы заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп
соқтырады.

809-бап. Жеке және мүліктік сақтандыру
1. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына
байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған
басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
2.Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық жауаптылықты
қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға
жатады.
3. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы) тәуекелі,
жетіспеуі немесе бүлінуі және осы Кодекстің 115-бабында көзделген өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандырады.
809 -1- бап. Жинақтаушы сақтандыру
1.Мына негіздемелердің кез келгені бойынша: сақтандыру шартында белгіленген
кезең аяқталғанда не қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру
жағдайы туған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру
жинақтаушы сақтандыру болып табылады.

2.Сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыру
көздейтін сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
3. Аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде пайда
алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге
асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы
мүмкін.
5. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
810-бап. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
1. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасасушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болғай кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде: күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады.
2. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушыны
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алу шының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
811-бап. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты
сақтандыру
1. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде, сақтанушының өз жауаптылығы да осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатый" өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылған
тұлға сақтандыру шартында аталуы тиіс. Егер бұл тұлға шартта аталмаған
болса, онда сақтанушының өз жауаптылығы сақтандырылған болып есептеледі.
2. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
шарты зиян келтірілуі мүмкін, бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл
жасайтын тұлғаның пайдасына жасалған болып есептеледі.
812-бап. Шартбойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
1. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
2. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиістарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
813-бап. Сақтанушы
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша
сақтандырушыны таңдап алуға ерікті.
814-6ап. Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) шартта айқындапған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде
сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.
815-бап. Сақтандырылған адам
1. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам
болып табылады.
2. Міндетті сақтандыру туралы заң актілерімен сақтанушыға үшінші тұлғаны
сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелуі мүмкін. Өз еркімен сақтандыру
кезінде сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам
ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы
және соған байланысты оның мүдделері сақтандырылған адамды жеке сақтандыру)
не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру сыйақылары
Резервтік қорға аударымдар бойынша шегерімдердің салық есебі
Сақтандыру резервтерін құрудың әдістері
Жеке табыс салығының ұғымы және жеке табыс салығын салу объектілері
Сақтандыру нысандары
Сақтандыру шартының түрлерін жіктеу және Ресейдің азаматтық құқығындағы сақтандыру міндеттемелерінің түрі
Жеке табыс салығының міндеттері
Сақтандыру шарты туралы
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Сақтандыру шартының қолданылуы
Пәндер