Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөл
І. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні түсіндірудің
теориялық негіздері
1. 1 Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
1. 2 Ертегілер мен аңыздар адамгершілікке тәрбиелейді
1. 3 Бала жанын қоректендіретін рухани қор - ертегілер
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаға ертегіні адамгершілік тәрбие арқылы түсіндірудің әдістері.
2. 1 Тәрбие бастауы ертегі
2. 2 Ертегі әнім, ермегім
2. 3 Ертегіні мәнерлеп оқу және әңгімелеп айту
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
V. Қосымша
Бала жанын қоректендіретін
рухани қор - ертегілер
А. Сейтметова,
Түркістан ХҚТУ-нің оқытушысы
Қазіргі таңда бәрімізді қатты ойландыратын мәселе-ұрпақ бойындағы адамдық қасиет пен ұлттық салттың ерекшелігін қатар қалыптастыру.
Өз болашағын, ұрпағын және оның тәрбиесін ойламайтын бірде-бір ұлт жоқ. Тәрбиенің мұрагері, қоғамды байытушы күштің қайнар көзі - халық. Осыны сезініп, бала қадірін жете бағалай білген қазақ халқы көптеген ертегілер қалдырған.
Өз ұрпағының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте заманғы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Әр заманғы, ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ертегілердімәнерлі айту үрдісінің өзінің балаларға берері көп, адамгершілікке толы үлгі-өнегелер.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Сол рухани таза жандарды мына қатал да қатыгез заманда адами жақсы қасиеттерді бойына сіңіру үшін не істеу керек деген сауал осы заман ағартушыларының басты мәселесіне айналды десек артық айтпаған болар едік.
Ал қазіргі бүлдіршіндеріміз ше? Олардың жаны нені қалайды? Ертегі айтушы ата мен әже, әке мен аналар қайда?
Әрине нарық заманына салып кейбір ата-аналардың балаға және оның тәрбиесіне көңіл бөлу шет қалып қоюына байланысты, бала қараусыз, тәрбиесіз өсіп, тек өзін ғана емес, өзгені де, қоршаған ортаны да бүлдіріп, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың тууына және оған себепкер екеніне куәгер болып жүрміз. Кешегі жас бүлдіршіндер ер жетіп, бойжетіп, жас нәрестесін “балалар үйіне” тапсыру, жасөспірімдердің арасындағы қылмыстық әрекеттерің көбеюі, теледидар арқылы беріліп жатқан түрлі шетел кинофилмдері мен мультфилімдерді (Боевые робрты Дзинки, Охотники за привиденями т. б. ) бала бойында қатыгездік, мейірімсіздік т. б. сияқты жаман қасиеттердің тууына әкеліп соқтыруда.
Үйдің іргетасы берік болмаса, оның қабырғалары дұрыс қаланып, оның шаңырағы шайқалмасы екіталай. Әрбір отбасы - бір мемлекет.
Сол мемлекетіміз берік, мызғымас болу үшін болашағымыз - балаларының бойына дер кезде рухани қор, мейірім мен махаббатты, сұлу сезім мен ұлы сенімді ұялата білсек, ертеңгі күні олардың да жеріне, еліне деген махаббатты күштірек болады демекпіз.
Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақұлықтың бәріміз табыстыратын, терең де таңғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, имандылықты егетін де осы - ертегі.
Ертегілердің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі, оның таныс-тіршілігі, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдікткрдің жаратылысы, олардың тіршілігі қызық, әрі жұмбақ. Сондықтан да жан - жануарлар жайлы ертегінің көпшілігі танымдық ертегілер болып келеді. Мысалы: “Жылқының өтініші”ертегісінде жылқының жаратылысын суреттеген. Ол өзінің дене бітіміне риза болмай, Күннен өзін бұрынғыдан да әсемірек етуін сұрағанда Күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді. Сонда Күн: саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс, -дейді. Ал ертегінің соңы содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсетіндігі жайлы болып аяқталады. Бұл ертегіде жануарлардың жаратылысын айтумен бірге баланың барға қанағат етуіне, өз бойындағы асыл қасиеттерін сақтай білуіне тәрбиелеу. Осы сияқты “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен кірпі”т. б. ертегілерінен де көруге болады. Сонымен қатар, тұрмыс-салт ертегілерінің де тәрбиелік мәні зор. Мысалы: “Жақсылық пен Жамандық” ертегісінде адам бойындағы қасиеттерді дәріптейді. Жақсылық Жамандықты жолға тастамай, жететін жеріне екеуінің “кезектесіп мініп жетейік” дегеніне қарамастан Жамандық атқа мініп алып, Жақсылықты тастап кетеді. Сонда да болса, қыруар байлыққа, байдың қызына ие болған Жақсылық кейін Жамандыққа сол байлыққа қалай жетуге болатындығын айтады. Бірақ Жамандық өзінің тоғышар, шыдамсыздығынан аңдарға жем болады.
Ертегіде Жақсылықты деңгейіне жеткізеді, бақыт құсын соның бөркіне қондырады, жаннан асқан сұлу қызды соған жар етіп қосады. Осының бәрі қайырымдылықтың, сабырлы, ақылдылықтың арқасында болған нәтиже. Кімде-кім сабырлылық пен ақылға салса, сол адамның мәртебесі биік болады дегенді аңғартады.
Қорыта айтқанда, ертегілер бала ақылының дамуына ықпал етіп, одан оң өнеге ала отырып, ой қорытындылауға үйретеді.
Ертегілер мен аңыздар
адамгершілікке тәрбиелейді
Қабатай Бидана,
Педагогика ғылымының кандидаты
Қазақ ертегілерінің алғашқы зерттеулері Диваев Әбубәкір есімімен байланысты. “ Диваев ұстанған ғылыми бағыттың ерекшелігі: ол қазақтың ертегілерін этнографиялық материал ретінде танып, ұлттық әдет-ғұрыптарды, ұлттық мінез, халықтың дүниеге көзқарасын анықтауды ниет етеді. Өзі жинаған ертегілердің көбісін “этнографиялық материалдар” деген атпен жарыққа шығарып жүруі де, ертегілерге қазақтың әдет-ғұрыптарымен мол анықтамалар беруі де - соның нәтежиесі еді ” деп жазады Тұрсынов Едіге “Ертегілер: “Қазақ фольклористикасы” кітабында. ”
Баланың ой-өрісін, тілін, қиялын дамытуда ертегілердің рөлі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмынының мәніне ой жүгіртеді, өз түсінігінше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымын, тілінің ерекшелігін сезіне отырып ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі оқиғасын қиялында көркемдеу үшін ертегі мәтініне тереңдей мән беріп, ойша талдайды, кейбір көріністерді, суреттеулерді, оқиғаларды есіне түсіреді, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлығына, қарым-қатынасына, өз бағасын береді, басты, мәнді деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді.
Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың беинелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік халықтың ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы: “Арыстан мен түлкі”, “Түлкі мен тырна”, “Түлкі, тасбақа, кене” “Түлкі мен бөдене” сияқты ертегілерде қулық, аңқаулық, “Күшік пен мысық” “Түлкі, қойшы, аю”, “Есірік торғай” ертегілерінде мақтаншақтық, бөспелілік айтылса, “Қайырымды қоян”, “Қарлығаш пен дәуіт ” ертегілерінде қайырымдылықтың, достық дәріптеледі. Қазақ халқында өз ұрпағын “жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін”, балалар қызыға оқып сүйіп тыңдайтын ертегілер көп.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет ғылымын зерттеуші ғалым А:Байтұрсынұлы “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектіңе қарай жауап береді. Ертегінің керек орындары:”
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. “Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе” деп айтқан болатын.
Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлеміз: а) қиял ғажайып ертегілер; ә) хайуанаттар жайлы ертегілер; б) тұрмыс-салт ертегілер.
Ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамдардың еңбегі, тіршілік-кәсібі, күресі жайында, дүние жаратылысы, қас пен дос, нешетүрлі керемет еүштер туралы қиял-ғажайып ертегі-әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді айдаһар, абжылан, т. б. бейнесіне алған.
Қиял ғажайып ертегіде ертедегі адамдардың еңбек үдісінде аңсаған обтимистік көз қарас көрініп отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып-білу, тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып ақырында мақсат мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды. Қандай жаулары болса да талқандап жеңін жүреді. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт айақты хайуанаттарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жағын қарастырған және әр бір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтик ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Табиғат сырын, жаратылыс құбылыстарынтүсіне алмаған ертедегі адамдар әр бір хайуанаттардың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған.
Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуанаттарын өзінің ертегісіне қосып, олардың қызметін даралап көрсетуге мән берген. Ертегі оқиғасын тарысы мол нақтылы сюжетке құрады. Қиял мен реалистік болмыс шындығын шебер араластыра отырып жұрт қызыға тыңдайтын кесек шығармалар тудырған. Мұны біз “Алтын сақа”, “Тепен кок”, “Бозінген”, “Жақсылық пен Жамандық”, т. б. ертегілерден көреміз.
“Қиял-ғажайып ертегілерінде де - деп жазады М. Әуезов, - өзге барлық ертегілер түріндей, сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушылық, зорлықшыл, қаскөй күштерге қарсы арналған халықтың ашшы мысқылды, аямас ажуасы бұл жөнінде де үлкен қызықты үлгілер тудырады. Тек мұндағы сатираның сықақ нысанасыда, персонажы да астарлы, өзгеше бір сындарлы болып келеді. Ел қиялынан туған ерлерге ұдайы қарсы күресетін, қас күш болып есептелетін - жалғыз көзді дю, жеті басты жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақ”. Орыс фольклерындағы осылар тәріздес сорақы, сұмырай персонаждар туралы айта келіп Максим Горкий былай дейді: “Бұлардың бәрі де табиғатқа құдыреті жүретін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас, ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан, бұлар кімді қорқытады, ол арасын айыру қиын, бірақ мөлшермен болжағанда жасырын білімнің қуатын билеуші осы сұмырайлар уақиғаларға арласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін арласатын сияқты”
Біздіңше, бұның басқада идеялық сырлары бар. Біріншіден, халық өз ертегісіндегі ерлерін ерекше бір ақылды, айлалы әрі күшті етіп көрсету үшін олардың қарсы күресер жауын да шектен тыс керемет, сұмдық та сұмпайы, жан сірі етіп суреттейді. Өз батырларын жалмауыздай ажал, тажалдарға қарсы қояды. Оларды оңай да осал жау етпей, жетіден басы бар, жеті күн ойласаң, ойға келмес алуан айла - амалы бар зымиян етіп көрсетеді. Олар бір басы қалғанша, денесі жеті бөлінгенше соғыс жүргізеді. Ертегі ерлері соның бәрін де жеңеді. Сөйтіп, халық өз ерлерінің жеңілмес күш екенін дәлелдейді, соған сендіреді.
Ертегілерде ерте заманнан бастап соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі, арман-мүдесі суреттеледі де ертегінің оқиғасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял-ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс-салт ертегілерде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялдарынан туған әңгімелерден гөрі өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондықтан тұрмыс-салт ертегілерінеің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ, т. б бейнесінде емес, нақты адам бейнесінде болады және сло қарапайым адамдар жайлы айтылады.
Тұрмыс-салт ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрыс-тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Халық ортасынан шықан ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адамы арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық, кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған алысқан жау амалдарын жеңеді де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болады.
Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерді басты тақырып еңбек адамның өмірі, ісі болып келеді. Қарапайым адам халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлде қайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем әрі терең идеялысы «Аяз биден» көреміз.
Оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығармалардан қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы-аңыз-әңгімелер. Аңыз-әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып халық намысын қоғаған, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түсірген тек хамлықтың аңыз әңгімелерінде сақталған. Алдар көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғанын аңғарсақ, екіншіден, бергі кездің де жай-жапсарын суреттерден көреміз. Ел қиялы ертедегі Алдар көсені белгі заманғы алып келгенде бұрынғы аңыздардың кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді мақста еткен деуге болады.
Алдар аңызы ел арасында көп тарап, кең сіңген. Қазыр жақсы, қуақы да қызықты, алдауға айла амалға құрылған әңгіме болса, Алдар көсе әңгімесі сияқты екен дейміз шығай байдың шықбермектігіндей сараңдықты, судагерлерге тән қомағайлық пен пайда күнемдікті мазақтайтын өткір мысқыл болса, бұл Алдар көсенің ісі сияқты екен дейміз. Демек, Алдар жинақталған бейнелі кейіпкерге айналып кеткен.
Алдар айналасындағы күлкі екі түрлі жағдайдан көрінеді. Ең алдымен, ол күлкі персонаждың кейпінде, атында тұр. Бетіне маса тайып жығылатын жып-жылмағай, жалтыр иекті жылпосты көз алдымызға
Атына екі күлеміз. Оның аты « мен сорлатам, мен жер қаптырам болса, ақымақ етем, қу мен сұм, қайдасың, қайсың маған қарсы келесің, қайсың менімен өнер, айла амал тапсырасың? Кім болсаң да, не болсаң да, алып та жығам, шалып та жығам » деп тұрады.
Алдар аңыздарындағы күлкі көрінер екінші сипат - оның іс-әрекет, жорық-жосығы. Алдар әрекетінің бәрі - күлкілі күрес, күлкілі тартыс. «Алдаймын» деп айқайлап, мақтанып тұрған Алдарына халық кедергі-бөгетті де қиыннан тауып береді. Небір шыт-шытырманға айдап салады. Бірақ бәрінде де алдарын алғызбай, бірді екі, екіні он етіп саудагерлерді тонатады. Оларға «ұрыны қарақшы қарақшылаптының» кебін кигізеді, басқаны «көріпкел» кісісіне адастырады, ажал ұясы, ызғары мол, кәрі қапты хан сарайын масқара еткізеді. Қазақта Алдарды өлді, ел оны көмді деп айтпайды. Оның себебін академик М. Әуезов былай деп түсіндіреді: « Алдар аты - күлкі аты, күлкіге өлім жоқ. Ендеше сол күлкі өшпейтіндей, Алдар да өлмес жан бейнесінде әңгімеленуі шарт. Қазақ аңызында Алдардың туысы айтылмаса, өлімнің де айтылмайтын мәні осыдан . . . Күлкі - өлмес елдің өшпес күші ».
Қожанасыр әңгімелері де күлдіргі, мысқыл-юморлы әңгімелерге жатады. Бірақ, Қожанасыр әңгімелерінің Алдар көсе аңыздарынан идеялық жағынан да, мазмұн жағынан да үлкен айырымы, ерекшелігі бар. Халық Алдар әңгімелерінде өз кейіпкерлеріне басқаларды мазақтатып, ақымақ еткізіп отырса, Қожанасыр әңгімелерінде, көп ретте, кейіпкердің өзін аңғал, аңқау етіп көрсетіп отырады. Бірінші жағдайда басқалардың ақымақ болып, алданып қалғанын айтып, жұртты соған күлдірсе, соңғы кезде персонаж Қожанасырдың өзінің аңғал-аңқаулығына, әпенделік әрекетіне күлдіреді. Бірақ, мұнымен Қожанасырдың өзі сыналып, мінелмейді. Оның аңқаулығының арғы жағында ащы ажуа, шебер қуақылық, ақылдылық пен астасқан тапқырлық тұрады. Сол арқылы үстем, өктемдерді келемеждеп жатады. Қарсы жақта аңқаусып отырып ажуалап тастайды.
Ертегі - әнім, ермегім
(2 сәбилер тобы)
Ташбенова Меруерт
№68 «Балауса» балабақшасының
тәрбиешісі.
Білім аумағы: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: «Көркем әдебиет», «Тілді дамыту», «Сурет салу».
Тақырыбы: «Ертегі әнім - ермегім»
Мақсаты:
- халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын орыс халқының «Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Қасқыр мен жеті лақ», «Үйшік» ертегілері арқылы арттыру;
- ертегіні эмоциямен, белсенділікпен айтуға машықтандыру;
- достық, ынтымақтастық, тәрбиелеу;
- сурет салу барысында дәстүрден тыс тәсілді қолдана отырып бояуды ұқыпты жағуға жаттықтыру;
- екі тілді меңгеру арқылы лексикалық түсінік қорын молайту;
Міндеті:
- сахналандыру, үстел үсті, ойыншықтар, қуыршақ, фланелеграф театры арқылы кейіпкерлерді бейнелеуге үйрену;
- ертегілерді тыңдауға, түсуінуге, көруге талпындыру;
- сурет салу барысында қиялын дамыту, өзі істеген жұмысына сүйіспеншілікпен қарауға жағдай туғызу;
- «түлкі», «аю», «қоян», «лақ», «қасқыр» сөзін қазақша, орысша айту;
Көрнекіліктер: Топ ішін ертегі әлемі бейнесімен безендіру, «Шұбар тауық» - ойыншық театры, «Қасқыр мен жеті лақ» - үстел үсті театры, «Үйшік» фланелеграф, «Бауырсақ» - қуыршақ театры.
Алдын-ала жұмыстар: таныс ертегілерді еске түсіреді. «Бауырсақ» ертегісін сахналау, ертегі кітаптарын көру, түрлі-түсті мозайкалармен жұмыс (аю, түлкі, бауырсақ)
Бленгвалдық компоненттер: түлкі-лиса, аю-медведь, қоян-заяц, лақ-козленок, қасқыр-волк.
Инклюзивтік әлеумет:
- А. Цай тілді жетік білмейтін, зейіні аз бала, қызығушылығын арттыру.
- Д. Есентаев тұйық. Сөз қоры аз баламен жеке жұмыс жүргізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz