Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қызметте қолдау үшін
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
п. ғ. д., доцент Б. Т. Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы
балалардың тілін дамыту
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Орындаған Сексенбаева Ж.
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы: Халилаева Э. Ж.
Түркістан 2016
АННОТАЦИЯ
«Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту» тақырыбында жазылған диплом жұмысында мектеп жасына дейінгі балалардың 4-5 жастағы балалардың тілін сюжетті-рөлдік ойындар арқылы дамыту ерекшеліктері, қазіргі жай-күйі; сюжетті-рөлдік ойындар арқылы дамыту маңызы мен оның құралдары, мазмұны, әдіс-тәсілдері, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктері қарастырылған Теориялық бөлімдегі қарастырылған мәселелерді тәжірибе жүзінде әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы дәлелденген.
Аннотация
В дипломной работе на тему «Развитие речи детей 4-5 летнего возраста через сюжетно-ролевые игры» рассмотрены особенности развития речи детей 4-5 лет, современное состояние, значение, содержание и приемы развития данной проблемы у детей через сюжетно-ролевые игры, а также методы и приемы организации данной работы, особенности совместной деятельности воспитателя и воспитуемого. Опробировано через организацию методических мероприятий на практике проблема рассматриваемая в теоретической части дипломной работы.
Özet
Üzerinde araştırma makalesi "Çocukların arsa-rol yapma oyunlarının yoluyla yaş 4-5 yıl konuşma Geliştirilmesi, " Çocukların konuşma gelişiminin özelliklerini 4-5 yıl, değeri mevcut durumu, arsa-rol oynama oyunları aracılığıyla çocuklarda bu sorunun teknikleri bakım ve gelişimini açıklar ve yöntemleri ve bu işin, özellikle ortak girişimler eğitimci ve eğitilebilirliği organizasyonu teknikleri. Uygulamada, öğretim faaliyetlerinin organizasyonu ile tezin teorik kısmında kabul edilen bir sorun çalıştı.
Abstract
The research paper on "Development of speech of children 4-5 years of age through the plot-role-playing games, " describes the features of the speech development of children 4-5 years, the current state of the value, the maintenance and development of the techniques of this problem in children through the plot-role-playing games, and methods and techniques of the organization of this work, particularly joint ventures educator and educability. Tried out through the organization of teaching activities, in practice, a problem considered in the theoretical part of the thesis.
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ . . . 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 6
КІРІСПЕ. . . . 7
1 СЮЖЕТТІ -РӨЛДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі 4-5 жастағы балалардың тілін дамытудың қазіргі жай-күйі . . . 11
1. 2 Сюжетті-рөлдік ойындар 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту құралы ретінде . . . 20
2 СЮЖЕТТІ - РӨЛДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту дың балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасындағы мазмұны . . . 35
2. 2 Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту дың әдіс-тәсілдері . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 61
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, Ақорда, 2012.
- Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңы, 2007 - 27 шілде.
- Тіл туралы заң ҚР 1997. 11шілде, №151 Заң
АНЫҚТАМАЛАР
Тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құрал
Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі.
Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі
Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты - ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Сюжеттік мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды әлементінің біріне айналады.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасының «Білім беру» [1] және «Тіл туралы» Заңдарының [2] қабылданғаны болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады
Осыған орай балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы - бағдарлама жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Жаңа бағдарламада мектепке дейінгі кезеңде баланың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім-дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек . . . . Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [3] .
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин да балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - дейді [4; 4] .
Белгілі философтар Ж. Баласағұн [5], В. П. Рожин [6], М. Қашқари [7], Ә. Нысанбаев[8], Д. Кішібеков[9], Т. Әбжанова[10] тағы басқалары қоршаған орта, адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырады. Философ В. Рожин: «Тіл дегеніміз - адам сапасының тікелей шындығы десек, тіл арқылы адам ойы материялық сезіммен қабылданатын формаға түседі, осының арқасында адамдардың ойлары хабарланып, бір адамнан екінші адамға жеткізе алады. Тіл адам баласының бүкіл материалдық және рухани мәдениетінің дамуымен бірге жетіліп отырады», - деп көрсетеді [6] .
Тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Сондай-ақ тіл ұлт мәдинетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады
Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үдеріс. Сондықтан да, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Баланың тілін дамытуда халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал-мәтел, ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, жинақтала келе, бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналуы тиіс [11, 3] .
Мектепке дейінгі педагогика мен психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау үдерісі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленіп, яғни ұғым сөз арқылы танылып, ой сөйлеу арқылы білдіріледі [12, 5] .
Психикалық үдерістерде тіл шешуші рөл атқарады. Сөздік қоры біршама жетіледі. Осының нәтижесінде айналасындағы үлкен адамдармен, өз құрбыларымен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасайтын болады.
Н. К. Крупская: «Ақыл-ой тәрбиесінің ең негізгі міндеттерінің бірі - баланың тілін дамыту. Баланы басқаның сөзін тыңдап түсіне білуге, өз ойын сөзбен айтып беруге үйрету, өмір құбылыстарын бақылауда, сөйлесе отырып, оның сөздік қорын байыту. Ол үшін бала тәрбиелеуші адамдар балаларға сөйлеу мәдениеттілігін, сөз өнегесін, сөз үлгісін көрсете білуге тиісті. Бақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ана тілінде жүргізілуі керек», - деп көрсетті[13] .
Атақты психолог Л. С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, оларды мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. 4-5 жастағы баланың ойлау, сөйлеу дәрежесі жөнінде ғылыми деректерге сүйене келіп, құнды пікірлер қалдырды[14] .
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л. С. Выготский [14],
А. Л. Имедадзе [15], А. Л. Леонтьев [16], Н. С. Рождественский[17], Ж. Аймауытов[18], Ә. Алдамұратов[19], М. Мухина[20] тағы басқалары жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгертетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - дей отырып, басым міндеттерінің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту», - деп көрсеткен [1] .
Ахмет Байтұрсынов - бастауыш мектепте оқыту мен қазақша сауат ашу мәселесін көтерген ірі ғалым. Әдістеме мәселелері бойынша «Тіл жұмсар» «Қай әдіс жақсы» [21; 11-12] . және т. б. құнды еңбектер жазды.
Қазақтың психолог-ғалымдары М. Жұмабаев [22], Ж. Аймауытов[18], Қ. Жарықбаев[23], Ә. Алдамұратов[19] және т. б. қазақ халық ауыз әдебиетінің балалардың тілін дамытудағы мән-маңызын педагогикалық-психологиялық тұрғысынан қарастырған.
Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н. П. Аникеева[24], Л. С. Выготский[14], Д. Б. Эльконин[ 25] және т. б. ) .
Педагогикалық ғылымда ойын мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде қарастырылады (Н. П. Аникеева, В. С. Выготский, Я. Л. Коломинский, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин) . Жетекші іс-әрекет бала психикасындағы басты өзгерістерді анықтайды және дамудың жаңа сатысына көшуге дайындайды[26] .
Жетекші іс-әрекет бірден дамыған түрде болмайды, өзінің қалыптасуында белгілі бір жолдан өтеді, оның қалыптасуы оқыту және тәрбиелеу процесінде үлкендердің жетекшілігімен жүреді.
Мектепке дейінгі жаста ойынның жетекші рөлі баланың оған жіберген уақытымен емес, негізгі сұраныстарын анықталады, ойынның негізінде іс-әрекеттің басқа түрлері туындайды және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжетті-рөлдік ойындар мәселесін зерттеген ғалымдар Е. А. Аркин [27], П. А. Рудик [28], Д. В. Менджерицкая[29], А. П. Усова [30], Л. С. Выготский [31], А. Н. Гальперин [32], В. В. Давыдов [33], А. В. Запорожец [34] және т. б. авторлар. Бұл тақырыптың психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі жоғары.
Еркін сюжеттік ойын - мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын, ойында бала іштей еркіндіктің субъективтік сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді, ал мұндай әсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа түрлерінде бола бермейді. Сюжеттік ойын баладан нақты «өнім» талап етпейді. Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады, «қалаған оқиғасын» басынан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі - балаларды қоршаған орта. Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың ұйымдастырылған және өзіндік іс-әрекетінің әр түрлеріне қосылады және оларды дамыту мен тәрбиелеуде басты маңызы бар.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың оларға қатысушылардың өз беттілігін, шығармашылдығын бейнелейтін өзіндік ерекшеліктері болады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың басты ерекшелігі, зерттеушілердің пікірінше, оларды балалардың өздері жасайды, ойын әрекеті жарқын бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады.
Зерттеу мақсаты: Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту жүйесі.
Зерттеудің пәні: Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту үдерісі.
Зерттеу міндеттері:
- сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
- «тіл», «тіл дамыту», «ойын», «сюжетті-рөлдік ойын» ұғымдарының мәнін анықтау;
- сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамытудың мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;
- сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамытудың оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін анықтап, педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектеп құжаттарына талдау беру, озық тәжірибелерді зерделеу, сауалнама, әңгімелесу, тест, деңгейлік бақылаулар, сабақтар ұйымдастыру, оларды талдау;
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «№31 бастауыш мектеп-балабақша кешені».
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
1 СЮЖЕТТІ -РӨЛДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі 4-5 жастағы балалардың тілін дамытудың қазіргі жай-күйі
Жаңа заман баласының тұлғасын қалыптастырып дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы - бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жеміс болмақ. Осыған орай жаңа бағдарламалар білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның, ата-аналар мен тәрбиешілердің талаптарын орындау мақсатын көздейді.
Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады
Осыған орай балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы - бағдарлама жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Жаңа бағдарламада мектепке дейінгі кезеңде баланың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім-дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек.
Бүгінгі дүниенің күн санап тез өсуі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгеніміздің белгісі. Міне, мұның бәріне қол жеткізуде әр тәрбиешінің шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады
Қазіргі таңда бұл мәселе қолға алынып, бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі тәрбиенің маңызды міндеттері шешімін табуда.
Баланы мектепке даярлау, мектептегі оқу ісінің сапасын арттыру жұмысы - педагогика ғылымында басты проблемалардың бірі. Сондықтан да көрнекті психолог-педагог ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму, қалыптасу ерекшеліктерін эксперимент арқылы зерттеп, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сөздік минимум жасау мәселесіне ерекше назар аудуда.
Өйткені мектепке дейінгі тәрбие ісінің ең жауапты кезеңі - баланың бес-алты жастағы шағы. Бұл жастағы балалардың дене құрлысы жетіліп, тез өсе бастайды. Түрлі іс-әрекеті дамып, ой-өрісі, дүние танымы кеңейеді. Күнделікті өмірді тануы, оларды салыстырып, бір-бірінен түрлі ерекшеліктеріне қарай топтай, жалпылай ажырата білулері, көрген-білгендері жөнінде өздігінен ой қорытындыларын жасау қабілеттілігі жетіле түседі
Психикалық процестерде тіл шешуші роль атқарады. Сөздік қоры әжептәуір жетіледі. Осының нәтижесінде айналасындағы үлкен адамдармен, өз құрбыларымен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасайтын болады. 5-6 жастағы баланың сөйлеу тәсілі, тікелей көрнекілікке байланысты емес. Ол қазір көріп, қабылдап тұрғанын айтып қана қоймай, өткенде не болғанын және алда не болатынын да айта алады. Бұл жағдай баланың сөйлеуінің ойлаумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Ұлы педагог Н. К. Крупская: «Ақыл-ой тәрбиесінің ең негізгі міндеттерінің бірі - баланың тілін дамыту. Баланы басқаның сөзін тыңдап түсіне білуге, өз ойын сөзбен айтып беруге үйрету, өмір құбылыстарын бақылауда, сөйлесе отырып, оның сөздік қорын байыту. Ол үшін бала тәрбиелеуші адамдар балаларға сөйлеу мәдениеттілігін, сөз өнегесін, сөз үлгісін көрсете білуге тиісті. Бақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ана тілінде жүргізілуі керек», - деп көрсетті.
Н. К. Крупская ақыл-ой тәрбиесінің бірнеше әдістерін ұсынды. Бірінші орынға бақылау, экскурсия арқылы айналадағы өмірді білдіру және танытуды қойды. Олардың нақты қабылдап білуі үшін ойын процесін дұрыс ұйымдастырудың қажеттігін көрсетеді. Әсіресе балалардың творчестволық ойындарын өрістетуде дұрыс басшылық ету ісіне көп көңіл бөлді.
Атақты психолог Л. С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, оларды мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. 5-6 жастағы баланың ойлау, сөйлеу дәрежесі жөнінде ғылыми деректерге сүйене келіп, құнды пікірлер қалдырды.
Ол мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, ес, зейін ерекшеліктеріне тоқталады. Мектепке дейінгі балалардың өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар жөнінде, ол заттардың өсу, даму ерекшелігі, өзара байланысы жөнінде өздерінше ой қорытындыларын жасап, басқаларға түсіндіруге әрекеттенушілігі басым болатынын айтты. Өйткені 5-6 жастағы баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі жетіледі. Балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын да көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz