Сақтандыру ісінің даму дәрежесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3-4
I-тарау. Сақтандыру ұғымы және сақтандыру саласы . . 5-13
1. 1. Сақтандыру құқығығының пәні және түсінігі . . . 5-8
- Сақтандыру құқығының нормасы . . . 9-10
- Сақтандыру құқығының қатынастары . . . 11-13
II- тарау. Сақтандыру қатынасын ұйымдастыру формасы . . . 14-35
2. 1. Сақтандыру түрлері . . . 14-22
2. 2. Сақтандыру қатынастарының субъектісі . . . 23-27
2. 3. Сақтандыру қатынасының қатысушылары . . . 27-32
2. 4. Күрделі сақтандыру нысаны (формалары . . . 32-35
III- тарау. Cақтандыру шарты . . . 36-55
3. 1. Сақтандыру шартының түсінігі және оның мазмұны . . . 36-40
3. 2 Сақтандыру келісім шартының жақтарының құқықтары және
міндеттері . . . 40-43
3. 3. Сақтандыру келісім-шартының орындалуы . . . 43-50
3. 4. Сақтандыру шартын бұзу және өзгерту . . . 50-53
3. 5. Сақтандыру ісінің жүзеге асырылуына мемлекеттік қадағалау …. 54-55
Қорытынды . . . 56-57
Пайдаланылған әдебиеттер……. . . . 58-59
Кіріспе
Сақтандырудың пайда болғанына көптеген жылдар болды, тіпті оны мемлекетпен бірге пайда болған деуге де болады. Бақытсыз оқиғалардан апаттардан сақтану үшін, тұлға өзінің болашағын өзі сақтандырып отырған. Өзін өзі сақтандыру деген ырықсыз сезімнен пайда бола бастады. Көптеген қалыптасу сатыларынан өтіп ол кәзіргі күнге жетіп отыр.
Әрине мемлекетте сақтандыру қатынасының қалыптасуына араласып отырды. Бұл қатынас екі бағытта іске асырылды және асырылып жатыр. Біріншісі мемлекеттік сақтандыру жүйесін құру мемлекет мүлкін сақтандыру және белгілі қоғамдағы адамдар тобын сақтандыыру. Екіншісі қоғамдық қатынастың маңызды бөлімі ретінде сақтандыру қатынасын реттейтін заңдылық механизмін құру. Кезкелген мемлекетте сақтандыру заңына ерекше көңіл бөлінген.
Кезкелген қоғамда сақтандыру ісі үлкен дәрежеде қолданылады. Социализм кезінде меншіктің бәрі мемлекеттік қолында болған және мемлекет сол мүліктерді сақтандыруға үлкен көңіл бөлген. Сонымен қатар мемлекет қоғамның кезкелген мүшесіне оның өмірін, денсаулығын сақтандыруды өз міндетіне алып отырды. Сақтандыру ісі мемлекеттік монополия болып табылды. Кейбір жағдайларда сақтандыру азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғамай мемлекеттік қосымша кііріс көзіне айналып отырды. Мұндай жағдайлар көбінесе мемлекеттік міндетті сақтандыру кезінде байқалады.
Нарықтық экономика типінде сақтандыырудың басым бағыты жеке мүлікті сақтандыруға бағытталды. Тәуелсіз Қазақстан нарықтық өзгерістердің салдарынан нарықтық державаға айналып келе жатыр.
Үкіметіміз сақтандыру жүйесін ерекше көңіл бөліп отыр. Елімізде сақтандыру жүйесін қалыптастыру үшін бірнеше заң актілері қабылданды. Бірақ сақтандыру ісі бір күнде боола қалатын нәрсе емес, оны толық жүзеге асыру үшін алдымен халықтың сенімі қажет. Сақтандыру дегеніміз ықтималдық теориясындағыдай болашақтағы болатын жағымсыз құбылыстан өзін-өзі алдын-ала сақтандыру дегенге келеді. Ал экономикалық тұрғыдан қарасақ ол өз қаржылық мүмкіндік мүддесін сақтаудың бірден бір жолы болып табылады. Кез келген жоба тәуекелден тұрады, осыдан келіп сақтандырудың экономикалық қажеттіілігі туады.
Жалпы айтқанда, сақтандыру ісінің даму дәрежесі қоғамның цивилизациясын көрсетеді. Сақтандыру құқығын білу сол қоғам мүшесінің мәдени құқығының дәрежесін көрсетеді.
1- тарау. Сақтандыру ұғымы және сақтандыру саласы
1. 1. Сақтандыру құқығығының пәні және түсінігі
«Сақтандыру» сөзінің мағынасы «қорғаныш», «үрей» деген сөзден шыққан. Себебі сақтандыру әрқашанда бірнәрсені жоғалтып аламба деген сезімнен туады, бірақ «белбу» дегенге көбірек келеді. Ағылшын тілінде «сақтандыру» термині «сенімділік» деген сөзден шыққан. Яғни, бұл бүреудің көмегі арқылы қорқыныштан арылу дегенді білдіреді.
Заңды және жеке тұлғалар өздеріінің мүліктерін немесе өмірін екінші жақтың қызметтін пайдалана отырып сақтандырады. Мысалы: Сақтанушының 100 мың тұратын үйі бар, сақтандырушы оның үйін 5000 теңгеге сақтандырады, егер мүлік мүлдем жойылса үйдің толық құнын өтеуге келіседі. Сақтанушы үйінен айрылса /өрт, су тасқыны/ 100 мың теңгені қайтарып алады. Ал егер сақтандыру оқиғасы болмаса 5000 теңге сақтандырушыда қалады.
Сақтандыру ісі сақтандыру жағдайы болама, болмайма деген тәуекелде жасалады. Егер сақтандыру жағдайы орын алса, сақтанушы 5000 теңге беріп, 100 мың теңге қайтарып алады, онда сақтандырушы ұтылады. Ал егер сақтандыру оқиғасы орын алмаса 5000 теңге сақтандырушыда қалады, онда керісінше сақтанушы ұтылады. Міне осы тәуекелге сақтандыру конституциясы есептелген. Сақтандыру ісінде басты екі сақтандырушы және сақтанушы фигуралары болады. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеген, сақтандыру қорғанын қажет ететін тұлға. Сақтандыру төлемі сақтандырылу жағдайы орын алған кезден шартпен көрсетілген сақтанушыға сақтандырушының төлейтін қайтарылымы. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру қорғанын қамтамасыз ету үшін сақтанушының сақтандырушыға төлейтін соммасы. Сақтандырылу қайтарылымы сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда сақтандырушының сақтандырушыға төлейтін соммасы. Сақтандыру жағдайы шартпен көрсетілген сақтандыру қайтарылымы төленетін оқиға. Сақтандыру объектісі сақтандырылуға жататын сақтанушының мүддесі. Сақтандыру пәні сақтандыру объектілері материалдық құндылығы. Сақтандыру тәуекелі сақтандыру жағдайы, сақтандырылған объектіге келуі мүмкін шығын.
Дүниежүзі бойынша сақтандыру ұйымының екі түрі кеңінен қолданылады, яғни ол мемлекеттің немесе мемлекеттің емес сақтандыру ұйымы. Мемлекеттік сақтандыру ұйымы мемлекет меншігінде болады. Мемлекет белгілеген ережелерге жүзеге асырылады. Мемлекеттік арнайы заказын орындап отырады. Сақтандырушылардың көмегімен сақтандыру қоры құрылады. Ал мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдарын жеке заңды тұлғалар құрылады.
Сақтандыру құқығының пәні болып сақтандыру процесінде пайда болған қатынасты айтамыз. Сақтандыру қатынасының субъектілері болып сақтандырушы және сақтанушылар болып табылады. Сақтандыру қатынасының төмендегідей белгілерін атап көрсетуге болады:
1. Экономикалық қатынас, мұнда текқана қоғамның мүддесі үшін ғана бағытталмай материалдық мүддеде көрсетілген: Сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру қайтарымдарын төлеп отырады, материалдық шығындарын тексеріп, сақтандыру шарты бойынша кезкелген шығындарды өтеп отырады. Сондықтан экономикалық инфроструктураның және экономикалық категорияның элементі болып келеді.
2. Сақтандыру қатынасы бұл мүліктік қатынас.
Қазіргі экономикалық даму этапында сақтандыру қатынасы болып ақша қатынастарын айтуға болады.
3. Сақтандыру қатынасы бұл бағалы қатынас.
Кез келген мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің құндылығын, оның бағасын белгілейді. Мүліктің зардап шегуіне байланысты сақтандыру төлемдері толығыме, н немесе жартылай төленіп отырылады. Ал жеке сақтандыру кезінде жеке сақтандыру жағдайы кезінде дене жарақатына немесе адам өліміне алып келсе бағасын алдын ала айту мүмкін емес.
4. Сақтандыру қатынасы өзінің жалпылығы жағынан реттестіруші қатынас болып табылады. Ақша сақтандыру формасының төлемі ретінде, сақтандырушыдан сақтанушыға кезекпен айналып төленіп отырады. Сақтандыру қорларында жиналып сақтандыру жағдайы болған сәтте қайтарылады. Яғни ақша жүйесін реттестіріп отырады. Сақтандыру қатынасын қаржы қатынасымен біріктіретін басты мәселе ол ақшаны реттестіру болып табылады. Егер сақтандыру ақша қатынасы арқылы іске асырылса, қаржы қатынасы да сол секілді. Сақтандырылған мүліктің бағасының ақшалай құндылығы айналымды болады.
Сақтандыру процестерін іске асырған кезде көптеген қоғаммдық қатынастар пайда болады. Екі жақтың қатысуымен сақтандыру іске асырылады. Мұндай қатынастың субъектісі борлып сақтандырушы және сақтанушы болып табылады.
Сақтандыру саласы қоғам өмірінде маңызды орын алады, осыған байланысты мемлекет бұл сананы өз бақылауында ұстап отырды. Мұндай дәрежеге біріншіден норрмативтік заң актілерін шығарып, сақтандыру қатынасының қатысушылары жөнінде заңдар шығарып отырған. Заң нормаларының іске асырылуы үшін арнайы мемлекеттік қадағалау органдары құрылып отырған. Бұл органның басты міндеті сақтандырушының мүддесін қорғау еді. Кез келген мемлекет сақтандыру ісін өзінің қалауыбойынша ұйымдастырып отырады. Яғни қоғам мүдесіне тиімді деп тапқан модельдерін қолданып отырған.
Сақтандыру құқығы жалпы құқық нормасы болып табылады. Шығарылған құқық нормасы арқылы сақтандыру саласын реттестіреді. Сақтандыру құқығының пәні екі бөліктен тұрады:
А) Сақтандыру ісін ұйымдастыру кезіндегі қатынас.
Б) материалдық сақтандыру қатынасы.
“Сақтандыру құқығы” термині және оның бағытталған іс-әрекеті танымал болғанымен бұл құқық саласының құрылуы әлде де даулы мәселе болып отыр. В. К. Рейхер сақтандыру саласын комплексті құқық саласына жатқызған. Оның ойынша сақтандыру құқығы азаматтардың материалдық жағдайын қорғап, сақтау кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді деген. Бұл процес кезінде бірін бірі біріктіретін салалар белгілі болғанымен қоғамдық қатынастар әр түрлі құқық саласына жатады. Сақтандыру құқығына саласы әр түрлі салалардың ( азаматтық, қаржылық, әкімшілік т. б. ) элементтерден тұрады деген. Бірақ бір жағына бұл сала құқықты реттестіру пәнінің белгілері бойынша бірғана сала деп айтқан. Белгілі орыс заңгері Н. Я. Шимянева “сақтандыру қатынасы бірнеше нормалардан тұратын саланы реттестіреді” деген.
Сақтандыру саласын реттестіру процесінде көптеген құқық салалары қатысады. Мысалы: сақтандырушы өзінің табысынан мемлекетке салық төлейді, мұны қаржылық қатынастарға жатқызуға болады. Ал егер сақтандыру төлемін алу мақсатында кісі өлімі болса, ол кезде қылмыстық қатынасқа жатады. Жалпы келісім шарт құрылымдарын азаматтық құқықсаласына жатқызамыз 1 . Мемлекеттік сақтандыру ұйымының лицензиялар беруін басқарушылық, яғни әкімшілік салаға жатқызамыз. Сақтандыру құқығы көптеген салалар секілді екі құқықтың реттестіруші әдістен тұрады: императивті және диспозивті.
Императивті әдіс: әдеби тілмен айтқанда біржақты билік. Қатал заңмен көрсетілген талаптардан бас тартуға болмайтын ұйғарым.
Диспозивті әдіс: (автономиялық және шарттық) бойынша екі жақ келісім бойынша белгілі бір өздеріне тиімді деген келісімге келіп отырған.
Императивті әдіс кеңінен субъектілерден сақтандыру ісін ұйымдастыру бойынша және мемлекеттік міндетті сақтандыру процесін іске асыру кезінде қолданылады. Диспозивті әдіс сақтандыру қатынасын реттестіруде маңызды орын алады. Себебі сақтандыру кезінде шарт бойынша екі жақ өз
міндеттерін белгілеп отырады. Кез-келген құқық саласы жалпы және негізгі бөлімнен тұрады. Жалпы бөліміне сақтандыру құқығының нормалары, оның түрлері және құқық формаларын сақтандыру ісін мемлекеттік реттестіруді ұйымдастыру қарастырылған. Негізгі бөлімде сақтандыру саласының жеке түрлеріне бірінші кезекте міндетті сақтандыыруға арналған. Қазіргі кезде біздің республикамызда сақтандыру ісі енді дамып көтеріліп келе жатыр. Сақтандыру құқығының жүйесі енді ғана реттестіріліп отыр. Көптеген нормалар шығару жұмыстары құқық материалдарын жинастыруды талап етеді. Сақтандыру құқығының жалпы және негізгі бөлімдерінде кейбір қайшылықтары шешу бұл болашақтағы сақтандыру саласының дамуымен байланысты. Бірақ сақтандыру құқығының енді ғана дамып реттестіріліп кележатқандығына күмән жоқ. Себебі кез-келген құқық саласы білім дәрежесінде болып келеді. Сонда ғана заңның сапасы арта түседі. Сақтандыру құқығының қайнар көзі болып: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президентінің заң күші бар “Сақтандыру туралы” жарлығы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру туралы заңы және басқада міндетті сақтандыру жөніндегі нормативтік актілерді жатқызуға болады. Қазақстан Республикасында сақтандыру құқығы енді дамып келе жатқан сала. Оның болашағы зор екендігінде дау жоқ. Бұл сенімділіктің тууына басты себеп болып отырған дамыған елдердегі сақтандыру ролінің үлкен экономикалық отрибуты болып қана қоймай қоғамдағы мәдениеттің бір элементіне жататындығын көрсетіп отыр. Қазақстан сақтандыру саласы мықты бағытты ұстана отырып сақтандырудың кейбір түрі жақсы қолға алынып келе жатыр. Мысалы: медициналық сақтандыру саласы, міндетті медициналық сақтандырудың қазіргі моделі түптен келе жатқан экономикалық өркендеген және өркендеп келе жатқан елдерде пісіп жетілген әлеуметтік сақтандырудың төркіндес жүйелерінің тәжірибесін Қазақстан Республикасының мүмкіндіктеріне сәйкес пайдалануға тиіс.
2. 2. Сақтандыру құқығының нормасы.
Сақтандыру құқығы өз құрылысы бойынша мынадай үш түрге бөлінеді:
1. Гипотеза - іске асырылатын шаралар тізімінен тұрады және осы нормалар іске баяндайды.
2. Диспозиция - субъектілер өз қызметінде басшылыққа алатын құқық ережелері.
3. Санкция - сақтандыру құқығының ережелерін өз дәрежесінде орындамаған субъектілерге қолданылатын шаралар тізімін белгілейді . Сақтандыру құқығының нормаларын орындамауға жаупкершілік мәселелерін алғанда - ол реттелетін және қорғалатын нормалар болып екіге бөлінеді:
Реттелетін нормаларға - сақтандыру қатынастарына қатысушыларға белгілі міндеттер жүктейтін, құқық беретін қатынастар жатады.
Қорғалатын нормаларға - субъектілерге заңды жауапкершілік шараларын белгілейтін қатынастар жатады.
Сақтандыру құқыығының реттелетін нормалары - міндеттейтін, тыйым салатын, заңды құқық шегін белгілейтін нормалар:
А) Міндеттейтін нормаларға - сақтандырушы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру нормасы жатады.
Б) Тыйым салатын нормаларға - сақтанушы мүддесін заңға қайшы келетін сақтандыруға тыйым салу нормалары жатады.
В) Заңды құқық шегін белгілейтін нормаларға - азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделерін ерікті түрде сақтандыру нормалары жатады.
Заңды құқық шегін белгілейтін нормалар - альтернативтік, және факультативтік болып екіге бөлінеді:
А) Сақтандыру құқығының альтернативтік нормасы - сақтандырушыға сақтанушымен арадағы келісімді бұзуға немесе сот органыарқылы сақтандыру жарнасын күштеп төлетуге құқық береді.
Б) Сақтандыру құқығының факультативтік нормасы - белгілі бір жағдайлармен оны жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда басқа қолайлы вариант таңдауға құқық береді.
Өзінің сақтандыру объектісіне қарай - сақтандыру құқығы материалдық және ұйымдық нормалар болып бөлінеді:
А) Сақтандыру құқығының нормалары - сақтандыру жағдайының болуына және соған сәйкес сақтандыру өтемін төлеуге есептелінеді.
Б) Қаржылық құқықтың ұйымдастырушылық нормалары - сақтандыру жүйесін анықтайтын құқықтық нормалар, оны мемлекеттік реттеу тәртібі, бұл реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құқығы.
2. 3. Сақтандыру құқығының қатынастары
Сонымен сақтандырудың құқықтық қатынастары - бұл нормалармен реттелетінқоғамдық құқық қатынастары. Ол сақтандыруды ұйымдастыру және жүзегеасыру процесінде туындайды. Сақтандырудың материалдық құқықтың қатынастары сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы байланысты білдіреді және ақша қаражаты айналымын реттейді. Сақтандырудың ұйымдық құқықтыққатынастарына субъектілердің заңды тең құқықсыздық қасиеті тән. Бұл қатынастар тік бейнені, сипаттамасы білдіреді және “өкіметтік - бағыну” формуласын білдіреді. Ұйымдық сақтандыру қатынастарында бағынушы болып- сақтандырушы ұйымдар, сонымен қатар сақтаушы болып есептелетін азаматтар мен заңды тұлғалар табылады. Сақтандырудық құқықтық қатынастары - реттеудің құқықтық әдістеріне сәйкес біржақты өкіметтік және келісім - шарттық болып екіге бөлінеді:А) Сақтандырудың біржақты өкіметтік қатынастары мемлекеттік немесе соған өкілетті органдардың бұйрығының негізінде туындайды. Б) Сақтандырудың келісім-шарттық қатынастары келісуші жақтардың өзара келісімі негізінде туындайды.
Сақтандырудың материалдық құқықтық қатынастардың негізгі субъектісіне - сақтандырушы мен сақтанушы жатады. Сақтандырушы өз сақтанушысын қайта сақтандыруы мүмкін, ол сақтанушы мен осыған қолайлы жағдай алушы белгілейді. Бұлардың арасында белгілі сақтандыру қатынастары туындайды.
Сақтандыру құқықтық қатынастарына бірден-бір субъекті болып өзінің өкілетті органы ретінде мемлекет табылады. Қазақстан Республикасында мұндай орган “мемлекеттік сақтандырудың қадағалау органы” табылады. Сақтандырудың материалдық құқықтық қатынастарына субъектілердің өз құқығын қорғаудың негізгі әдісі сот тәртібі болып табылады. Сақтандыру аралықтандыратын, сақтандырушы мен сақтандырылушы субъектісі болып табылатын сақтандырудың материалдық құқықтық қатынастары - келісім-шарттық қатынастар болып табылады. Бұл келісім-шартты сот ісін жүргізуші ережелерінде белгіленген жалпы іздену тәртібі бойынша өз құқығы мен мүддесін қорғауқа құқылы .
Бағынышты субъектілердіңөз құқығын қорғау әдісі бағыныштылық ретінде қандай өкіметтік субъектілер қимылын сот тәртібі арқылы шағымдану болып табылады. Мысалы: мемлекеттік сақтандыруды қадағалау ұйымының әрекеті Қаржы Министірлігі немесе Ұлттық банкке шағымдануы мүмкін. Бағыныштылық ретімен шағымдану өз құқық қорғау әмбебап әдісі болып табылады. Өкіметтік субъектінің кез-келген қимылы мен актілеріне шағымдануға болады және бұл шағымдар заңда көзделген мерзімде қаралып шағымданушыға хабарлануы керек. Өз кезегінде өкіметтік субъекті белгілі дәрежеде өз құқығын қорғауға құқылы. Мұндай шараларға - өз контр агентіне біржақты әсер ету шарасын қолдану жатады. Біржақты шара қолданғанда өкіметтік субъекті мемлекеттік өкіметтік өкілеттілікпен заңда көзделген дәрежеде іс-қимыл жасайды. Ақыр соңында өкіметтік субъекті мемлекет мүддесін қорғауға міндетті. Сондықтан бағынышты субъектілерге сот тәртібі арқылы шара қолдану - шара қолданудың өркениеттірек жолы болып табылады. Сақтандырудың ауқымында заңдылықтың сақталуы айыпты жақа қылмыстық құқықтық немесе әкімшілік құқықтық шаралар қолдану болып табылады.
Әрекет жасау арқылы сақтандыру құқығын бұзу субъектілердің өз еркімен жасалады.
Оқиғалар - бұл субъектілердің еркінен тыс туындайтын заңды белгілерді бар дәлелдемелер.
Сақтандырудың ұйымдық құқықтың қатынастары туындауда біржақтың еркі мен қажеттілігін білдіретін біржақты келісімнің үлкен маңызға иеболуы мүмкін. Мысалы: сақтандырушы ұйымның сақтандырушы қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия сұрап “Мемлекеттік өкілді органға” арыз беруі осы ұй ымнан біржақты келісімі бола алады. Сақтандырудың құқықтық қатынастарына өзгеріс енгізудің негізі болып келісімде көрсетілгендей сақтандыру жағдайы болып табылады. Бұл оқиғалар: бақытсыздың жағдайлары, қайтыс болу, күтпеген апаттар, су тасқыны, өрт, нөсер жаңбыр, бұршақ соғу, кеменің қирауы, теміржол апаты, автокөлік оқиғалары, өндірістік жарақат алу, т. б.
Сақтандыру қатынастарын тоқтату негізінде жататын келісімде көбірек қолданылатундары:
А) Сақтандырушының сақтандыру өтемін төлеу, келісуші жақтардың біреуінің еркі бойынша келісімді мерзімінен бұрын тоқтату, сақтандырушыға сақтандыру өтемін төлеуден бас тартудың негізі болып сақтанушының заңға қайшы әрекеттері табылады. Сақтандыру қатынастарын тоқтатуға оқиғалар дәрежесіне жататын дәлелдемелер жатуы мүмкін, мысалы сақтанушының қайтыс болуы, заңды тұлғалардың жойылуы, тиісті құқықтық актілердің күшін жою, бұлар міндетті сақтандырудың негіздері.
II- тарау. Сақтандыру қатынасын ұйымдастыру формасы
2. 1 Сақтандыру қатынастарының түрлері
Тәуелсіз Қазақстанда сақтандыру құқығының енгізілуі 1992-жылдың 3-шілдегі “Қазақстан Республикасында сақтандыру туралы” заңын қабылдауына байланысты болды. Бұл қабылданған заң сақтандыру оқиғалары әсерінен жеке және заңды тұлғалардың сақтандырылу мүддесін қорғау мақсатында кәсіпкерлік қызмет түріндегі сақтандыруын анықтап береді.
1992-жылғы 3-шілдедегі бұл заңнын бейнелі ерекшелігі республикада сақтандыру нарыығының ашылуын жариялап берді, яғни Қазақстан Республикасы териториясында шетелдік сақтандыру компанияларының өз қызметтерін жүргізулеріне мүмкіндік берді. Заң сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғаларды, кәсіп орындарды тіркеуге алу тәртібі мен мемлекет тіркеуге алуды белгіледі. Сонымен қатар сақтандырушының жарғылық қорын 100 мың теңге мөлшерінде белгіледі, бұл сома сол кездегі қарапайым азаматтардың да төлей алатын мүмкіндігі бар сома еді. Заңда сақтандыру қызметін лицензиялау қаралмаған болатын. Мұның барлығы сақтандыру ұйымдарын құру және сақтандыру нарығына кіруді барынша қарапайымдандыру мақсатын көздеген. Сақтандыру түрін алатын болсақ заң бойынша Қазақстан республикасында жеке басты, мүлікті емес құндылықтарды сақтандыру түрі болды. Соңғысы сауда маркалары (мүліктік еместер), фирма атаулары және т. б. Мүліктің емес мүдделері.
Міндетті және ерікті сақтандыру түрі ретінде анықтады. Мұнда көзделген сақтандырылушымен міндетті сақтандыру келісімі жасалуы мүмкін, мемлекеттік сақтандыру ұйымдарына мұндай келісім жасау міндетті.
Заң бойынша міндетті сақтандырудың екі түрі қаралды:
А) Әуе, теміржол, теңіз, ішкі су тасымалы, жіне облыс аралық, республика ралық автокөлік жолаушыларын сақтандыру.
Б) Заңды тұлғалардың тасымал құралдыры жүргізушілерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру заң сақтандырудың келісім шарт түрінде жүзеге асырылуын қарады.
1992-жылы 3-шілдегі заңның бейнелі ерекшелігі сақтандыру қатынастарындағы субъектілерге кең көлемді салық жеңілдігін беру болды. Қорыта айтқанда шаруашылық субъектілеріне мынадай жеңілдіктер беріледі.
а) бюджетке қайтарыымсыз шығынды білдіретін салық төлемі ретінде ақша береді, яғни төлейді.
б) немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемі ретінде ақша төлейді, мұның өзінде ол сақтандыру қорғанын қамтамасыз етеді және сақтандыру жағдайы туғанда үлкен сомада ақша алуын қамтамасыз етеді. Мұнда екінші жолдың тиімді екені өзінен-өзі белгілі, екіншіден сақтанушының сақтандыру өтеміне салық салынбайды, үшіншіден сақтандырушының сақтандыру қорына және резервіне салық салынбайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz