Маралдар. Халықшаруашылық маңызы


Маралдар - шағын табын құрып, тіршілік ететін жануарлар. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін қоныстарына байланысты. Күзде салқын түсе үлкен топтар бірте-бір-те ыдырап, 2-5-тен топтанып, жылы орман ішін жайлайды. Қыста таудың етегіне қарай түссе, жазда таудың жоғарғы белдеулеріне қарай көтеріледі.
Жайылуға кешке қарай шығып, түні бойы өрісте болады. Тойынған соң, жан-жағы жақсы көрінетін жотаның биіктеу жеріне жатып, дем алады. Көктемде жануарлар тау беткейлерінде күндіз жайылатын болса, жазда қансорғыш насекомдардың көбеюі кезінде азықтануға тек түнде шығады. Негізгі қоректері - 250 түрлі шөптесін және бұталы өсімдіктер. Олардың жапырақтарын, бүршіктерін, өркендерін азық етеді, ал 25-30-дай сүйсініп жейтін өсімдіктер түрлері (шатырақ, қоңыраубас, қондыгүл, сүтжапырақ, күреңот, жусан және
т. б. ) . Маралдың азық құрамында үй жануарлары жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Мәселен, уқорғасын өсімдігін, жусан мен басқа да улы шөптерді жеу ас қорыту жолын түрлі паразит құрттардан тазартады деген жорамал да бар.
Қазақстанның таулы өңірлерінде маралдың шағылысуы қыркүйектен басталып, қазан айьшың бірінші жартысына дейін созылады. Бұл кезде бұқалары әдет-тегіден ерекше мөңіреп, жер тарпып «ойнақ» жасайды. Өкіріп, жер сүзгілеп жүрген марал бүқалары қыркүйек - қазан айларында тау беткейлерінде жиі кездеседі.
Күзде күйіті қанған маралдар 8-8, 5 айдан соң, маусым айында телдейді. Төлдер алдында жануар тынышсызданып, жайылған кезде жиі-жиі жата береді. Қөбіне-жалқы бұзау табады, ал егіз табу оларда сирек кездесе-тін құбылыс. Жаңа туған бұзаудың салмағы-10- 14 кг; түсі қоңыр, денесінің екі жағында бірнеше қатар ақ теңбілі болады. Алғашқы кезде бұзаулары икемсіз қозғалып, шөпке сүрініп, құлай береді. Туғаннан соң 18-20 күн өткеннен кейін шөппен қоректене бастайды. Енесінің сүтімен және көк шөп жеп азықтанған бұзаулар тез өседі. 1, 5 жаста 160-170 кг-ға жетіп, сол жасынан бастап-ақ таналары жыныстық жағынан тез жетіле бастайды.
Маралдың негізгі жаулары - қасқыр, аю, сілеусін және бұралқы иттер. Олардың денесінде кенелер (Е) -тері оқырасының (Нуросіегта (Ііапа) ли-чинкалары кездеседі.
Халықшаруашылық маңызы. Маралдар аса бағалы еті мендәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі ете жоғары бағаланады. Бұл пантыны «тау женьшені» деп те атайды. Бұдан пантокрин дәрісі жасалыиады. Ол-жүрекке, қан айналым жүйесіне, бұлшық етке тыныс жолдарына т. б. органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі. Қөктемде панты жетілген кезде маралдың қанының шипалық қасиеті бар. Одан пантогемотоген препараты дайындалады. Шығыс медицинасында маралдың құйрығы, ұрығы, сіңірі де әртүрлі ауруларға ем ретінде қолданылады.
Қазір Шығыс Қазақстан облысында алты мыңнан аса марал өсірілетін «Верхкатун» мен «Қатонқарағай» совхоздары бар, Олар жылына 5, 2 мың килограмға дейін маралдың жас мүйізін дайындайды. Бұл шаруа-шылықтарда орта есеппен әр маралдан 5-5, 3 килограммға дейін панты алынады. Рентабельді шаруашылықтар. Келешекте республикамызда марал шаруашылықтарын ұйымдастыруды жедел қолға алып, марал саның 30 мыңға жеткізіп, жыл сайын ең кемінде 35- 40 мың килограмм консервіленген панты өндіруге толық мүмкіндік бар.
БӨКЕНДЕР ТУЫСЫ
Тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты түз хайуанаты. Текелерінің дене тұрқы 126-150 см, салмағы - 37-49 кг болса, ешкілері біршама кіші. Соңғыларының дене тұрқы 109-127 см, сал-мағы - 22-37 кг. Үстіңгі ерні салбырап етті тұмсыққа айналған. Құлағы кішкентай, дөңгеленген. Жаз айла-рында арқа түсі біркелкі сарғыш («жезкиік» атануы да осыған байланысты болуы керек) . Қоңыр күз бен қыста түсі ақшылданып (ақбөкен, ақкиік аталуы осыдан), текелерінде қара қоңыр түсті самай сақалдары өсіп, ерекшеленеді. Қыстағы түктерінің іші қуыс, борпылдауық; жылуды жақсы үстайтын қасиеті болады. Басқа тұяқтылардан айырмашылығы - басын төмен салып жортады. Топтың ішіндегі бірен-саран ақбөкендер жоғары қарай ыршып секіреді. Топыраққа түскен тұяқтарының бейнесі қарақүйрық ізіне қарағанда жалпақтау әрі дөңгеленген.
Ақбөкен қазба-қалдықтары плейстоцен қабатынан батыста Англиядан бастап, шығыста Аляскаға дейінгі аралықта табылған.
Ауа райының өзгеруіне, халық шаруашылық жұмыстарының өркендеп өсуіне байланысты бұрынғы таралған жерлері тарылнл, қазір тек Моңғолия, Қалмық даласында және Қазақстанда ғана сақталып отыр. Республикамыздың кеңбайтақ даласында киіктердің бір-бірінен жеке дара бөлінген үш тобы мекендейді. Олар Бетпақдала- Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық өзендерінің аралығында мекендейтін Жайық топтары . Бұл топтар кей жылдары бір-бірімен аздап та болса араласып тұрады.
Ақбөкендерді санау жұмыстары 1954 жылдан бастап АН-2 ұшағы арқылы жүргізіліп келеді. 1950-54 жылдары республикамызда бұл аша тұяқтылардың саны 900 мың болса, 1960 жылы 1, 2-1, 3 млн. -ға жетті (Слуд-ский, 1955; Слудский, Шубин, 1963) . Содан кейін киіктер саны кеми бастады. Көктемгі санақ жұмыстары 1962 жылы олардың саны 650 мың, 1965 жылы - 480 мың, 1971 жылы - 1, 1 млн., 1976 жылы - 600 мың, 1978 жылы - 400 мың, 1981 жылы - 820 мың болғанын көрсетті (Фадеев, 1983) . Соңғы жылдардағы санақ жұмыстары киіктер санының біршама тұрақтанын, жылма-жыл 750-850 мың басы мекендейтінін көрсетіп отыр.
Киіктер қоныстарын аударьтп, шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда да тіршілік етуге бейімделген. Қыс айларында кардың қалындығы 20 см-ден аспайтын оңтүстік аудандарда қыстаса, көктемде төлдейтін жерлеріне қарай көшіп-қонады. Бұл кезде топтағы киіктердің саны кейде 100 мыңнан асады. Төлдеуі жайылымы мол сулы аймақтарда өтеді. Маусымдық көшіп-қонуы ауа райына, суатқа, жайылымға байланысты өзгеріп отырады. Қөктем мен күзде қоныстарын алысқа аударса, қыс пен жазда көп алысқа жорта бермейді. Жыл мезгілдерінде қоныстарын ауыстыру жылдамдығы да әртүрлі. Мәселен, жайылым мен суаты мол ерте көктемде олар тәулігіне 5-20, төлдеу кезінде 1 -10 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Күзде, солтүстіктен қайтқанда, тәулігіне 10-15, кейде қар түсіп, күн суыта бастағанда 1-2 күнде 60- 70 шақырым жүріп етсе, қыс айларында 5-10 шақырым жерге барады. Қоныстарын алмастыру кезінде ақбөкендер жылына (оңтүстіктен солтүстікке қарай немесе керісінше) 2-3 мың шақырымдай жер жүріп, республика-мыздың көптеген аудандарын басып өтеді.
Киіктер көктем мен күзде түлейді. Қазақстанда мекендейтін бұл аша тұяқтылар 17 тұқымдасқа жататын өсімдіктердің 81 түрін қорек етеді (Фадеев, 1983) . Азық құрамындағы өсімдіктердің саны пісіп-жетілуіне, құнарлылығына байланысты жыл маусымдарында өзгеріп отырады. Тәулігіне 6, 9 кг дейін шөп жейді. Торғай даласында мекендейтін киіктер жыл бойы 1 га жерден 11- 24 кг ғана шөп жесе (бұл дегеніміз өсімдіктер щығымының небәрі 1-3 %), ал үй жануарлары 77-160 кг (11 - 24і%) жабайы шөппен қоректенетіні белгілі (Абатуров, 1980) . Ересек текелердің'95 %-не жуығы қыркүйек - қараша айларында қоңдылығы орташа және ортадан жоғары болса, күй ойнақ біткен соң (қаңтар - ақпан) олардың 70-90 % арықтайды. Көктемде етіне шыр бі-тіп, жазда текелерінің 60-70 %-і семіз болады, күзде тері асты майының салмағы 5 кг жетеді.
Киіктер көбіне тұщы су ішіп, шөлін қандырады. Мұндай су көзі болмаған жағдайда бір литрінде 16-18 г тұзы бар ащы суды да ішуге мәжбүр болады. Суатқа бөкендерді ешкі бастап, өте сақ болып келеді. Суды жағадан тұрып та, жүзіп бара жатып та ішеді. Ересек текелері соңынан келіп, шөлін қандырған соң далаға қарай бірінші боп жортады. Күндіз де, түнде де жайылып, дем ала береді. Төлдеу кезінде, қыста күні бойы қозғалыста болса, жаз айларында күн қыза жатып дем алады. Жылына бір рет көбейеді. Қарашаның екінші жар-тыеында үйір-үйір маталады. Желтоксанның соңғы он күндігінде жаппай күйге түсіп, нағыз теке «бұрқылдақ» басталады. 131-441 күн буаз болып, сәуірдің аяғында біренсаран ешкілері төлдей бастаса, мамырдың екінші он күндігінде жаппай лақтайды. Бірақ, ауа райына байланысты бұл мезгіл өзгеріп те отырады. Көп жылды бақылаулар киіктің жаппай төлдеуі мамырдың бірінші жартысында өтетінін көрсетіп отыр. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын болады. Оны «құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақта дуниеге келеді. Жаңа туған еркек құралайдың дене тұрқы 61-67 см, салмағы 3, 5-4, 5 кг, ұрғашыларынікі-57- 62 см және 3, 5-3, 8 кг болады. Аналарын 2-3 ай емеді Сүті өте құнарлы: оның құрамындағы майдың үлес 5, 8 %, белок - 5, 8, лактоза - 3, 3 %, сонымен қатар түрлі амин қышқылдары болады (Төленбеков, Демеуов 1980) . Лақтары 3-4 күнде шөп басын шарбыса, ал 15 күннен кейін қарынындағы азықтың 95%-ін шөп алады. Бір айда серкештерінің дене тұрқы 80-92 см, салмағы 11-14 кг, муйізінің ұзындығы 1 см; шыбыштарынікі - тиісінше 75-77 см және 6, 9-9 кг; 6-7 айда мүйіздерінің ұзыдығы 9-13 см-ге жетеді 1, 5 жасар текелерінің дене тұрқы 118-145 см, салмғы 30-41 кг болса, ешкілерінікі - 112-125 см және 22-32 кг болады. Шыбыштары 6-7 айлығында, текелері 18-19 айда жыныстық жағынан жетіледі.
Ақбөкендердің негізгі жаулары - қасқыр. Жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкендер аусыл, пастереллез ауруларымен ауырып, кей жылдары көптеп қырылып та (әсіресе төлдері) қалады. Ішкі органдарында гельминттердің 43 түрі (Боев және басқалары, 1962; Петров, 1981), құртамыш-тардың туысына жататын түрлері (Сыбанбаев, 1979) табылса, терісінде бит (Безукладникова, 1957), 7 түрлі кенелер (Галузо, 1953; Ушакова және басқа-лары, 1975, 1976; Поле және басқалары, 1980) тіршілік ететіні анықталған. XIX ғасырдың аяғына дейін бұл аша тұяқтылар тері асты бөгелегінің (Раііазіотуіа апШорит Раіі. ) личинкасынан көп зардап шеккен еді. Үстіміздегі ғасырдың 20-шы жылдары ақбөкен санының күрт төмендеуі бұл паразиттің жойылуына әкеп соқты.
X а л ық ш а ру аш ы л ы қ мақызы. Ақбөкен дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы үлкен аша тұяқты жануар.
Қазақстанда кәсіптік жолмен жоспарлы түрде аулау 1955 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта аулау жұмыстарымен Бетпақдала, Ақтөбе, Орал және Атырау аң аулау шаруашылықтары айналысады. Бұлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Зоология институты қызметкерлерінің ұсынысы бойынша, жылмажыл киіктер санына зиян келмейтіндей мөлшерде, яғни олардың күзгі санының 10-25 %-ін аулап отырады. Мүйізінен жоғары сапалы дәрі - сайтарин алу жолға қойылуда. Ақбөкендердің санын қалыпты ұстап, оны тиімді пайдалану үшін қорғау жұмыстарын күшейту керек. Ол үшін арнайы құрылған топтарды жүрдек машиналармен, тікұшақтарман, байланыс және түнде бақылау жүргізетін құралдармен қамтамасыз еткен жөн. Мамырдың 1-ші жұлдызыкан маусымның ортасына дейін киіктер төлдейтін аудандарда шаруашылық жұ-мыстарын жүргізбей, қасқыр мен бұралқы иттердің санын азайтуды естен шығармау керек. Газ, мүыай, су құбырларын тартқанда қазылған арықтарды қайта көміп немесе киіктер жүретін және су ішетін орындар қалдыру әр уақытта есте болатын жайт.
Текелерінің дене тұрқы 140- 167 см, салмағы 59-82 кг, ешкілерінікі тиісінше 117- 134 см және 34-56 кг. Сирақтары жуандау әрі қысқа, сақалды және мүйізді, шоқтығы шонданайына қарағанда аласа. Қыста текелерінің түсі сүрғылт, кейбір өкілдерінің жотасы мен мойнында ақ дақтары болады; жаз-да түстері біркелкі. Ешкілері текелеріне қарағанда біріңғай түсті. Дене мөлшері жағынан өздеріне ұқсас басқа тұяқтылардан ерекшелігі - текелерінде семсер тәрізді бірақ көлденең бунақтары бар ұзын мүйіздері болса, ешкілері тапалтақ, түсі қоңырлау және ақ таңында жақсы көрінетін ұзын құйрығы болады.
... жалғасыГиндукуште, Параполизде, Бадхызда, Гиссар, мен Дарбазада, Памир мен Алай жоталарында, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тауларда, Саян және Моңғолияның тау жоталарында тараған. Республикамызда Тяньшань, Жоңғар Алатауы мен Оңтүстік Алтайда кездеседі . Сан мөлшері 1958-1969 жылдары 26420 бас болса, одан кейінгі жылдары біршама төмен-деи, 1975-1980 жылдары санақ жұмыстары Қазақстанда 17, 5 мыңдай тау текенің мекендейтінін көрсетті.
Таутекелердің мекенжайы атына сай таулы-тасты жерлермен байланысты. Олар кабіне теңіз деңгейінен 600-4000 м биіктікте кездеседі. Жылма-жыл қардың түсуіне, ыстыққа, түрлі қансорғыштардың көбеюіне байланысты тау жоталарында бірде жағары, бірде төмен түсіп, қоныстарын аударып отырады. Көктемде наурыздың зяғы мен сәуірдің басында басталған көктемгі түлеу мамырдың аяғы мен маусымның басыңда аяқталады. Одан кейін қысқы түк өсе бастайды. Қысқы тері жамылғысы қазан - қарашада толықтай жетіледі. Солтүстік Тяньшань мен Жоңғар Алатауында ағаштар мен бұталардың 26 түрімен, шөптесін өсімдіктердің 112 түрімен қоректенеді (Федосенко және басқалары, 1983) . Тараған жерлерінде үнемі су ішеді, қыста қарды жалайды. Табиғи ортада жылдың жылы кезінде түзды топырақ пен ащы сорды жалайды. Тіпті Ақсу - Жабағлы қорығында үнемі арнайы жерлерге төгілген ас тұзын жалауға тауешкілер келіп тұрған.
Таутекелер мекендеген жерлеріне байланысты қазан - желтоқсан айларында күйге түседі (Савинов, 1962) . Күйге түсер алдында ешкілері мен текелері аралас табын құраса, күйлеу барысында соңғылары жеке-лене береді. Желтоқсанда олар қайта топтасады. бай буаз болып, сәуір айының соңы мен маусымның басын-да төлдейді. Лақтарының саны көбіне жалқы, бірен-сараны егіз де туады, Жақа туған еркек лақтарьшың салмағы 2, 6-3, 2, үрғашыларынікі - 2, 7-3 кг болады. 8-10 күн өткен соң, лақтары көк шөпті жей бастаса, ал 1, 5 ай өткен сошересектерімен бірге жайылып кетеді. Бірақ, лақтары күз айларына дейін еме береді. 1 жасар серкеш 21-27 кг тартса, шыбыштың салмағы 14- 23 кг-ға жетеді. Соңғылары 1, 5 жаста жыныстық жағы-нан жетіліп 2 жаста төлдейді. Серкештері де 1, 5 жаста :жыныстық жағынан жетілгенімен күйге түсе қоймайды. Текелері 13-14 жыл, ешкілері одан да көбірек өмір «сүреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz