Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың сюжеттік-ролдік әрекеті негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... . 3.4
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК.РОЛДІК ОЙЫНДАР ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің педагогикалық.психологиялық сипаты..14
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік.ролдік ойын әрекетінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері ..15.31
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК.РОЛДІК ОЙЫНДАР ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Сюжеттік.ролдік ойындар әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары ... ... ... 32.46
2.2. Сюжеттік.ролдік ойындар әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс.тәсілдері ... ... ... 47.53
Қорытынды ... ... ... . 54.59
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... .. 60.61

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы – Астана, 2004.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі, - 2004.- №1. б. 2-5.
3. Н.Крупская. Мектепке дейінгі тәрбие туралы.-Алматы, «Мектеп», 1988.
4. Дошкольная педагогика. /под.ред.В.И.Логиновой и др. Мос., «Просвещение», 1988
5. Игра дошкольника./Под.ред. С.Л.Новоселовой. - Мос., «Просвещение», 1989
6. Леонтъев А.Н. Деятельность. Сознание. Личности. – М.: «Политиздат», 1977.
7. Выготский Л.С. Собрание сочинений. /Под.ред. Д.Б.Эльконина. –М.: «Педагогика», 1984. ІҮ том.
8. Н.Крупская. Мектепке дейінгі тәрбие.-Алматы, «Мектеп» 1988
9. Г.Кайбульдаева, М.Жаздықбаева т.б. Ойын технологиясы.-Түркістан, 2009
10. Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. – Киев, 2000.
11. З.О.Шакирова. Тілдерді оқытудағы танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық жолдары/Ізденіс, - Алматы, 2006. № 1 (2). – Б.233-236.
12. З.О.Шакирова. Тілдерді оқыту барысында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дәстүрлі жолындарындағы проблемалар мен ізденістер/Ұлт тағылымы, Алматы, 2006. № 1. – б. 83- 86
13. З.О.Шакирова.Қызығушылықтың нәтижелігі/Қазақстан мектебі, - Алматы, 2006. № 3. – б. 16- 18.
14. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. - М.: Издательский центр
«Академия», 2000. - 192 с.
15. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының ақыл - ой әрекеті белсенділігін арттыру. Алматы, «Мектеп». – 1985, 20б.
16. А.В.Петровский. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, «Мектеп». – 1987. 125б.
17. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста
// Вопросы психологии, 1996. № 1 стр. 20-23.
18. Кон И.С. Психология юношеского возраста – М., 1979.
19. М.М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, «КазПИ
баспасы». -1980. 29б.
20. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан – Алматы 1992 ж.
21. Макаренко А.С. Мұнара үстіндегі тулар – Алматы 1987 ж.
22. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, Білім, 1996
23. Бап-Баба С.Жалпы психология. Алматы, Дарын, 2003
24. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, Мектеп, 1999
25. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002
26. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993
27. Б.А. Тұрғынбаева. Ұстаздық шығармашылық Алматы, 2007 ж.
28. Б.А. Тұрғынбаева. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Алматы, 1999 ж.
29. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. – 2002. - № 1 - 2.
30. Кулемизина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическое исследование. – Томск, 1999.
31. Қ. Жарықбаев. Психология.- Алматы, 1982 ж.
32. Одаренные дети в общеобразовательной школе// Дарын, 2000.-№4. 87-88б
33. Эльконин Б.Д. Психология развития: Учебное пообие для студентов высших учебных заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 144 с.
34. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Оқулық.- Алматы, 2004. – Білім, 1993.
35. Байжуманова Б.Ш. Психологические особенности развития творческих способностей у детей младшего школьного возраста: Дисс. … канд. психол. Наук. – Шыкент, 2002. – 154 с.
36. Сухомлинский А. Балаға жүрек жылуы.-Алматы, 1980.
37. Леонтьев А.В. Педагогические общение.-Мос., 1979.
38. Артемова Л.В.Театрализованные игры дошкольников. - Мос., «Провещение» 1989.
39. Сағындықов А. Қазақтың ұлттық ойындары.-Алматы, 1993
40. Гоноболин Ф. Психология.-Алматы, «Мектеп» 1986.
41. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы, 1993.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК-РОЛДІК ОЙЫНДАР ӘРЕКЕТІ
АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің педагогикалық-
психологиялық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-14
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-ролдік ойын әрекетінде
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері ..15-31
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК-РОЛДІК ОЙЫНДАР ӘРЕКЕТІ
АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Сюжеттік-ролдік ойындар әрекеті арқылы балалардың шығармашылық
қабілетін қалыптастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32-46
2.2. Сюжеттік-ролдік ойындар әрекеті арқылы балалардың шығармашылық
қабілетін қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47-53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... . 54-59
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 60-61
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық
салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру
саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік
өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі
жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер
бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.
Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін
еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау,
зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш
оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа
ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Жас ерекшелік психологиясы саласында ойынды Б.Г.Ананьев, А.В.Запорожец,
А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинская, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин ғалымдар
зерттеді.
Ал қазақстанда балалардың ойын әрекетін, олардың ойын әрекетіндегі
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәслелерін зерттеген ғалымдар
Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев, Б.Ш.Байжуманова, Б.А.Тұрғынбаева, Д.Кішібаев
т.б. болатын. Алайда бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың ойын
әрекетінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері толығымен
зерттелген жоқ. Сондықтан, мектепке дейінгі мекемелерде сюжеттік-ролдік
ойындарды қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
және оны ондай пайдалануды теориялық негіздеп, әдістемесінің жасалмауының
арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Бұл қарама-қайшылық
Сюжеттік-ролдік ойындар әрекетінде балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Осыған орай зерттеудің негізгі мәселесі сюжеттік-ролдік ойындар арқылы
балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемедегі ойын әрекетіндегі балалардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі мекемелерде балалардың сюжеттік-
ролдік әрекеті негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды теориялық
тұрғыдан негіздеу және оны ұйымдастыру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- ойын әрекетінің теориялық негізін анықтау;
- сюжеттік-ролдік ойындарда балалардың шағармашылық қабілеттерін
қалыптастыруды психологиялық, педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
- сюжеттік-ролдік ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озық тәжірибелерді талдау,
балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау, бақылау, әңгімелесу,
тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемесы бойынша философтардың,
әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, білім беруді
дамытуға арналған бағдарламалар, ҚР Білім туралы Заңы т.б.
Диплом жұмысының құрлымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделген, зерттеу нысаны, пәні,
мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталған. Зерттеу кезеңдері, зерттеу
жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, зерттеу
нәтижелерінің нанымдылығы көрсетілген.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-ролдік ойындар әрекеті
арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері атты
бірінші тарауда мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-ролдік ойындар
арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың психологиялық-
педагогикалық негіздері сипатталған. Сонымен қатар бұл бөлімде балалардың
шығармашылығын сюжеттік-ролдік ойындар арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері
айқындалған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-ролдік ойындар әрекеті арқылы
шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері атты екінші
сюжеттік-ролдік ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастырудың жолдары және әдіс-тәсілдері сипатталған.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері
тұжырымдалған.
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК-РОЛДІК ОЙЫНДАР ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

психологиялық сипаты
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке
қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,
талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны
белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту
үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар
білікті мамандар қажет. Cондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де
қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен
ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына жағдай жасау үшін білім беру
ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Бүгінгі күні білім реформасына көптеген
өзгерістер енгізіліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі ішкі-сыртқы жүйесі
түгелімен өзгеріп жатқаны белгілі[1]. Қазақстан Республикасындағы 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім
жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру оның жеке даралық
ерекшеліктеріне мән беріп, оқушылардың мектепте алған білімдері бүкіл
өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық
таңдауға бағыттау мәселесі жаңа қоғамның білім саласындағы негізгі
мәселенің бірі болып табылады. Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің
басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала
оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби
шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу
яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар
туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту,
көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту, қиялына әсер
ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім
мен мектеп психологының бірлескен қызмететеріндегі іскерлігі мен кәсіптік
шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе
күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке
психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп,
сыныпта жақсы психологиялық климат жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан
қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыру заман
талабы[2].
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде мектепке
дейінгі мекеме балаларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде
шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына А.П.Усова,
Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы
білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру
жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім
сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны
әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леоньев, И.С.Кон өздерінің еңбектерінде
тұлғаның дамуын іс-әрекетпен байланыста қарастырады. Тұлғаның дамуы іс-
әрекетке ауысады, нәтижесінде шығармашылық элементіне бай, адамда еңбектің
түріне деген жағымды көзқарас туындататын іс-әрекет сипат алады. Әрбір іс-
әрекет, соның ішінде еңбек іс-әрекеті де жеке адамының тұлға ретінде
қалыптасатын ортасымен өзара байланысты үдеріс болып табылады. Сонымен
қатар іс-әрекеттің мынандай құрылымдары бар: қажеттілік, қызығушылық,
бейім мен қабілеттілік т.б.
А.Н.Леонтъев адам іс-әрекетін тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып,
қажеттілік субъектінің іс-әрекетіне басшылық жасай алады, бірақ олар бұл
функцияны бір шартта ғана орындай алады, яғни, ол іс-әрекет нақты болған
кезде, - деп тұжырымдайды [6]. Субъектінің қызметі сыртқы және ішкі ортада
сипат алады және шындықтың (объективті дүниенің) психикалық сәулеленуі
арқылы реттеледі. Заттық әлемде субъекті үшін мотив ретінде қолданылатын
нәрсенің бәрі де жұмыстың мақсаты мен шарты ретінде қолданылады да, адам
есіне сақталады, – дейді [6]. Яғни, іс-әрекет адамның қорғашан ортадағы
белсенділігімен байланысты. Оның пікірінше іс-әрекеттегі сыртқы ортаны
құрайтын қажеттілік пен қызығушылық [6].
И.С.Конның пікірінше, ...қызығушылық дегеніміз, бір жағынан, әлеуметтік-
экономикалық, екінші жағынан жеке психологиялық құбылыс. Қызығушылық сана-
сезімде қалыптасатын әлеуметтік жағдай, іс-әрекетке ауысатын сана-сезім.
Қызығушылықтың обьективтілігі ол бірі жағынан субьектінің жағдайы, ал
субьективті жағдай болып идеалды қозғаушы күштер болып табылады. Олар
қалау, ұмтылыс, іс-әрекет себептері (түрткі) болып табылады. Осы
түрткілердің объективті негізі қызығушылықтың мәні болып табылды[18].
Іс-әрекеттің тұтастығы қағидасына сүйене отырып Л.С.Выготский іс-
әрекетті детерменизм қағидасына сүйеніп түсіндіреді. Ол кәсіби тұрғыдан
өзін-өзі анықтауды детерминизм мен іс-әрекет принциптері негізінде
қарастырады. Детерминизм қағидаларын ескере отырып, оның ерекшеліктерін
кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісіндегі екі жүйенің өзара байланысы барысында
түсіндіреді. Бір жағанан бұл жастардың мамандықты саналы түрде анықтауына
арналған қоғамдық жүйе. Оған мамандықты таңдау мотивтеріне әсері мақсатты
түрде жүргізетін мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдар, әдебиет пен өнер жатады.
Бұлар тұлғаның нақты өмір мен идеялды форманың қарама-қайшылыққа түсе
отырып, оның белсенділігін арттыратын қозғаушы күштер туғызатын түсініктер.
Қажеттіліктің осы нақты дүниеге қарама-қайшылығы іс-әрекеттің туындауына
әсер етеді және мүмкіндік береді, - дейді [18].
Біз жоғарыда балалардың іс-әрекетке сипаттама бере отырып, оның
қажеттілікпен, қызығушылықпен байланысты екеніне тоқталдық.
А.Леонтьев балалардың өзін-өзі анықтауынның ерекшеліктеріне тоқталған.
Ол өзін-өзі анықтауды қызығушылықпен байланыста қарастырады. Балалардың
кәсіби өзін-өзі анықтауын детерменизация қағидасына сай түсіндіре отырып,
өзін-өзі анықтаудағы қарама-қайшылықтарға олардың әрекеттегі
қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құндылықты бағдарларын т.б. жатқызады.
Детерменизациядағы әрекеттің екі жақты сипатындағы әрекеттің қажеттілікпен
байланысты екенін атап өтеді. Яғни, балалардың өзін-өзі анықтауындағы
әрекеттерін детерменизация қағидасына сай түсіндіреді де, осы әрекет
барысындағы қажеттілік, қызығушылықты т.б. кәсіби бағдарларға жатқызады
[6].
Қажеттілік пен оның құралдары арасында жанайтын буын бар. Ол
қызығушылық. Кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі анықтау қызығушылықпен байланысты.
Адамның қажеттілігі сияқты қызығушылық дегеніміз белсенді, арнайы адамдар
қарым-қатынасы мен олардың қоршаған ортамен байланысын анықтайды. Бұндай
қатынастардың ауқымы мен сипаты өте кең болғандықтан іс-әрекеттің негізгі
түрлерін жүйелеу үшін субъектінің айналамен жүргізетін барлық байланысын
қамту керек. Ал, мотив (түрткі) дегеніміз адамның өзінің іс-әрекетіне
саналы түрде алдына қойған мақсатына, әрекетіне бағыттаушы және оны
түсіндіре алатын қарым-қатынасы.
ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг Ойнаушы адам ұғымы
Жасаушы адам ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында
іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің
психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын
оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды,
демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату–оның дамуының басты көзінен,
шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру
болып табылады. Ойын–баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі.
Сюжеттік-ролдік ойындар таным және мектепке дейінгі білім беруде
оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән
қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және даму
тәжірибесі Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз
адам ретінде қалыптасады.
Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы-деп атақты ұлы
педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына
пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына,
қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім
баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық,
іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай
нәрлі болуы керек. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту
мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын
дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге,
төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен
пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет[41].
Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды
анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар; 2)
рөлдік ойындар[33].
Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын
талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-
тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі
дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен
көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған
жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал
көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды
ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және
белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады.
Ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген
мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен
құндылықтарды қалыптастырады. Сюжеттік-ролдік ойындар қоршаған өмір
құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете
алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді.
Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа
сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту,
білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі
грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды
ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді
меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде
балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап
етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р.Оуэн, Ф.Фребель, Ж.Фурье секілді
ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген
түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф.Фребель арнайы әдістеме
әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық
тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға
әрекет жасады.
К.Д.Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы
шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген
қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын
аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір
қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды
пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде
балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен
ынтызарлықты дамытуды ұсынды.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны
туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-
әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай
сызба арқылы суреттесек те болады. (1 сурет)
Оқу әрекеті Еңбек әрекеті Ойын
әрекеті
1-сурет - Ойын-оқудың маңызды бір түрі
Ойын ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті
мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар
баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.
Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір
ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті- ойын болса,
бұның өзі балаларды тәрбиелеуде негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын үстінде
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын
мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық,
құрылыс, кейіптендіру болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын
мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды
табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-
әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың
өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды
қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын,
дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз,
бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату
үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс,
үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде
пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері
жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта
болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі
бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында
ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл - өмір
заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру
барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән
ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп жасына дейінгі
балалар сабақ үстінде немесе ойын үстінде көрсетеді.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой

ойыншының жеке әректтерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар, баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілет бар екенін байқап көреді. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір

зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға
пайдаланатын ойын сабақ, сюжеттік-ролдік ойын, ойын жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сезім ойындар, логикалық ойын
есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып,
білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген пікірінен
бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Балалардың психикасының
дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар
Ж.Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев өз
еңбектерінде айтып кеткен.
Балаларды ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары мынадай бірнеше
маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен
тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып,
ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны
сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен
оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді,
үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық
қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға
дағдыланады.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский,
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат
салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық
психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын
арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.[14]
Д.Б.Эльконин ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы
эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай
тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Атақты психолог Л.С.Выготский: Балалар мен жасөспірімдердің көбінесе
мақсатты дұрыс коя алмайтындығын жиі кездестіреміз. Баланың белгілі бір
істе нәтижеге кол жеткізе алмауы қолынан келмегендік емес, кайта не үшін
жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендіктен болады. Бастауыш сынып
оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, кабылдау мүмкіндіктері де әр
түрлі. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік — оянып
келе жатқан жаңа қабілеттін алғашкы белгісі. Окушының шығармашылық
қабілетін дамытуға мектеп кана мақсатты түрде әсер ете алады.
Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе
отырып, мынандай пікір айтады.
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования
познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында
ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір
пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп
қарастырса, Н.Н.Скатова,
Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды
әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының
арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны
анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара
тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында
алдымен оқытудың мақсаты тұрады.
Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге
бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі
ойын құрылымының кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды
жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір
жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама ережелер.
Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын көптеген функциялары бар. Олар:
1. Әлеуметтену.
2. Ұлтаралық араласушылық функциясы.
3. Ойында өзін ұстай алу функциясы.
4. Ойынның коммуникативті функциясы.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Терапевтік функциясы.
7. Жөндеу функциясы.
8. Сауықтық-ойын функциясы. [12]
Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік
тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және
бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану,
ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.
Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан , бақылау мен бағалаудан тыс еркін
тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.
Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген
құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды
арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста
өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің
көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.[6]
Ойын мектептегі білімнің жеке бағыт алу негізі болып табылады.
Ойынның атқаратын міндеттері:
- сихологиялық; эмоциялық дәрежесінің мүмкіндігін арттырады және
шаршағанды басып, сергітеді.
- сихотерапиялық; баланың өзіне және басқаларға деген қатынасы
өзгереді, психологиялық көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге
көмектеседі.
- ехнологиялық; тиімді ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға рұқсат ете
отырып қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.
Оқушы ойнағанда өзін қауіпсіз, қолайлы және дамуына қажетті
психологиялық еркіндікті сезінеді
Ойын технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде жалпы
көрсеткіштерге бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді қатысуға деген
оқушы ұмтылысы; әрекет субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас тұлға ,
өте сиректігін жете түсіну; оның әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін
қабылдау
Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы; ойын
қойылымдары; рольдікпозициялар; альтернативалық шешімнің
мүмкіндіктері;жобаланған нәтижелер; бағалау критерилері; сезім әрекетінің
серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген
үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай;
ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты
театрланған, рөлдік,имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге
болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдыңқалыпты дамуы
да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып,
өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге
құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты деген [36].
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі
басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде
енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз
eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын
тәрбиелейді- деп қарастырады[21].
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-ролдік ойын әрекетіне
негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудің ерекшеліктері
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына
тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер
деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан
өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының
бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан
шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап
етеді.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең
алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар
әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып,
шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана
мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру
жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс
шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің
жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам
баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке
адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың
қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық
қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.
Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана
қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде
болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары
болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген
ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық
шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының
негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты
жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны
шешімдер іздестіру болып табылады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда
қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке
еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде
қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет
және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға
ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір
жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден-әркімді өз
алдына, қайталанбас көрініспен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам
болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі
де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі-психологиялық құбылыс
емес, екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-
әрекетпен байланыстылығын баса айтумен ,тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-
өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру
керек.Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек
меңгереді, қажетті мол нәтижеге оңай жетеді.Қабілет өзі ішіне
психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен
бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі
бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен,
қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім
жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы
оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның
жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет
жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда
көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет-білім ептілік және дағдыларды
игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйіттерге тәуелді.
Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол
баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес.Арнайы шарттар орындалмаса,
қабілет дамымай жатып,өшеді.Қоғам
қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенін кім
санапты? Ал мектепте үштік бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн
әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен
тікелей байланысты көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында
қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат
береді.Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да
жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу
барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде
көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-
шабан, оңай-қиын) байқалады.Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен
тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап
отырған үш негізгі көрсеткішін атайық:
1. Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2. Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға
ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға
жарайтын өзара ептілік.
3. Қабілет-нақты адамда топталған білім, ептілік және
дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып,
егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның
қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын
жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып,
ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін
үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович-Данченко Кім
болса, сол режисер бола алады ма? деген сұраққа Әлбетте, әркімде болады,
бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге-30 жыл,
үшіншіге-300 жыл да аз- деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті
уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай
қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам
тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына
ықпалсыз, керісінше, көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына
себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не
шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен
шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған
қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме
қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша
мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты
әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра
сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің
өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік
тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен
тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі-
қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл
сәйкессіздіктің мәні:әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет
мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске
қарағанда ауқымды ды кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекетөзіне
қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін.
Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана
пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер
айырмашылығы-адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының
көрсеткіші [27]
Осыған орай қабілеттер нақты және мүмкін болып екіге бөлінеді.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде
қөріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет
желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында
іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты
шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты
қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың
жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму
кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер
өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не
пайдалану сәті болмай қалады.
Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында
қызған ой-пікір таласын тудыруда. Солардың ішінше өз басымдылығын танытқан,
тарихы Платоннан бермей қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің
биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін
дәріптейтін көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу
қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес.
Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған, Гайдн-4, Дина
Нүрпейісованы күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет өнері
қабілеттері кейіндеу білінеді : Рафаэл-8 жаста, Ван-Дейк-10 жаста, Дюрер-15
жаста өнермен айналыса бастаған.
Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми
зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен
байланыстыра түсіндіреді. Белгілі болғандай , ересек адамның ми салмағы
орташа 1400г. Ұлы тұлғалардың, мысалы, И.С.Тургеневтің миі-2012г.,
Д.Байрон-1800г., аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай
дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілетпен ми байланысына орай басқаша,
кері дәлелдерді де келтіруге болады: Ю.Либихтің миы-1362г., А.Франстың-
1017г. Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми 3000г. Артық ақыл-есі кем адамда
байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында миы көп-ақылды деген ұғым
көбірек жайылған, осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыртынан данаға
баламалап, одан келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның
қабілетін күнілгері жоққа шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.
Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың Френология
(phrenos- ақыл, logos-білім) деп аталған психологиялық тағылымында
дәріптеледі. Френологтар адамның психиклық ерекшеліктерін оның бас
сүйегінің сыртқа формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым
мәні: бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған (локализация)
бірқанша орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиісті бөлігінің ауқым-
көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатын көрінеді.
Арнаулы зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сай
келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы
картадан музыка, поэзия, сурет өнеріне сай қабілет ісіктерін,
менмендік, сараңдық, батырлық қабілет дөңестерін т.б. айыруға болады
екен. Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен
тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын
болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілеттерін бас
сүйегінің дөңестігі не сайларымен анықтау ғылым тұрғысынан ерсі
әрі негізсіз.
Солай да болса Ф.Галль ұсынған мидың мекендік қызметі
жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бұл идея кейін Фрич
және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып,дами түсті. Аталған
бағытты зерттегендер арасында Ч.Ф.Дарвиннің эволюциялық теориясында
негіздеп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған
Ф.Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай
отырып, Гальтон адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік
заңдылықтарын ашу және пайдалану қажет деген қорытындыға келді. Осы идеяны
жалғастыра отырып, ХХ ғ.Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте
байқалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған неміс
музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах
жанұясындағылардың алғашқы ән-күй қабілеті 1550 жылы көрініс берген. Әулет
атасы В.Бах қарапайым наубайшы күй тартып, ән салғанды сүйген. Оның екі
баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркіреткен музыканттар
легі үздіксіз жалғасып барған. Бах жанұясынан 60 музыкант шыққан, солардың
20-сы аса көрнектілері, ал осы әулетті әлемдік өшпес даңққа бөлеген
әйгілі композитор Иоганн Себастьян Бах. Осындай ғажайып қабілет
құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен
жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан әулет тарихынан да байқауға
болады.
Әлбетте, мұндай әулеттік жоғары қабілеттің нәсілдікпен
байланыстылығын ешкімде жоққа шығара алмас, дегенмен бұл арада қабілет
негізі ретінде әлеуметтік тәрбиенің өте маңызды екенін мойындамауға
болмайды. Бесігінен ән-күй теңізінде шарықтап, шалқып өсуіне қолайлы
жағдай қалыптаспаған, сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық
тәрбиесін алмағанда, ол баланың кім болар бір Аллаға аян.
Жоғарыда аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тікелей қарсы
шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен
болды. ХҮІІІ ғасырдың өзінде-ақ К.А.Гельвеций адамды тәрбие арқылы
дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады.
Бұл бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуілдеген тайпа балалары оқу,
тәрбие нәтижесінде Европа зиялыларының деңнейіне көтерілгенін
дәлелдейтін кейбір деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының
дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен бірге, бұл еңбектер әлеуметтік
тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас
зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай маугли, тарзан болатынын
бетке ұстады. Белгілі мәдениет аймағында ерекше арнайы қабілеттердің
орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме ретінде келтірілді. Мұндай
тұжырымдардың ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде
қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасалды. Осы
көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У.Ушби қабілет ең алдымен балалық
шақтан қалыптасқан ақыл-сана әрекеттер бағдарламасына байланысты
екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз
дарынды балаларын өсіретін арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр
(Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы Дарын орталығы іске
қосылды.
Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда
болады. Мәселен, баланың ата-анасымен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны
анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың
ерекшеліктері де туысымен пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен,
баланың есту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру
анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ
нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол-адамның ішкі
мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс
тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті
айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп
ойлау қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам
өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның
ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның
дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып
келеді[29].
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін
болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мұндай мысалдар өте
көп.
Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда ұстазы Кристиан фон Шенах жазып
алған любектк төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің
өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі деген кітап жарық көрді. Аса
дарынды бала жөніндегі алғашқы кітап осы болатын.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған
заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде
ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады,
көп ұзамай сәби сәби француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат
алады және мыңнан астам латын мәтелін біледі.
Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа
шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс
болған.
Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу
жұмыстары байқатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын
ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен
балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың
мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Мәселен, Д.Байрон
, В.Скотт, Ч.Дарвин бала күндерінде түк білмейтін кеше саналған.
Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең жазып, сурет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz