Меншік құқығын қорғау



Кіріспе ... ... ... ... ... .3 . 6

І тарау. Мемлекеттік меншік құқығы
1.1 Мемлекеттік меншік құқығының пайда болуының негізгі жолдары ... ... ... ... ... .7 . 14
1.2 Мемлекетік кәсіпорын мүліктерін құқықтық реттеу тәртібі ... ... .. ... 14 . 21
II тарау. Жеке меншік құқығы және оның пайда болу негіздері.
2.1 Жеке меншіктің түрлері мен пайда болу негіздері ... ... ... ... ...29 . 41
2.2 Ортақ меншік құқығы ... ... ..42 . 51
III тарау. Меншік құқығын қорғау
3.1 Меншік кұқығын қорғаудың азаматтық құқықықтық әдістерінің ұғымы ... ...52 . 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63 . 64
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... .65 . 66
Азаматтық қүқықтағы меншік құқығы матералдық игіліктердің нақтылы тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол біріңғай тұтас құқық институты болып табылады.
Меншік құқығы бұл - меншік тұралы айтылғанда еңбектің өнімдерін тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйіттейтін өндірістің құрал - жабдықтардың өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болып табылады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік бұл базистегі, сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз - субектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңмен танылатын және қорғалатын қүқығы.
Меншік құқығының институты қоғамда үш функцияны ор-ындайды.
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және қүқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
1. Казақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. Алматы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1995 ж. Алматы.
3. Казақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" заң күші бар Жарлығы. 23.12.1995 ж.
4. Қазақстан Республикасының "Жекешелендіру туралы мемлекеттік комитетінің ережесі" 19.06.1995 ж.
5. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Заңы. 19.07.1995 ж.
6. Мемелекет мүлкін мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1991 - 1992 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы / 1 кезең / 2 кезең 1993 — 1997 жылдарға арналған ұлттық бағдарлама.
7. Қазақстан Республикасының "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" заң. 1995, 31 наурыз.
8. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңы. 2003 ж. 16 мамыр.
9. Суханов Е.А. Гражданское право. Москва. 1993 ж.
10. Батырбаев Н.М. ҚР азаматтық құқығы. Түркістан, Тұран баспасы 2007 ж.
11. Сергеева А. Г. Толстой Ю. К. Гражданское право. Москва.1995 ж.
12. Джусупова А.П. Право собственности и иные вещественные права. Алматы 1996 ж.
13. Гражданское право РК. под ред. Тулеугалиева Г.И. и др.
14. Бектурганов Ә.Е. Жер құкьіқ қатынасының басқа құқық салаларында алатын орыны. Алматы 1997 ж.
15. Право и собственности. под ред. М.К.Сулейменова. Алматы. "Жеті жарғы", 1998 ж.
16. Тулеуов А.С. Право доверятельного управления имушеством. Алматы. 1998 ж.
17. Тµлеуѓалиев Ѓ. ЌР Азаматтыќ ќ±ќыѓы. Алматы 2001ж.
18. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Гражданское право. Алматы 2000г.
19. Г.А. Жайлин. Гражданское право РК. Общая часть. Алматы 2000г.
20. Комментарий. Гражданский кодекс РК. Общая часть. Алматы 2003г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3 - 6

І тарау. Мемлекеттік меншік құқығы
1. Мемлекеттік меншік құқығының пайда болуының
негізгі жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 -
14
2. Мемлекетік кәсіпорын мүліктерін құқықтық реттеу
тәртібі ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 14 - 21
II тарау. Жеке меншік құқығы және оның пайда болу негіздері.
2.1 Жеке меншіктің түрлері мен пайда болу негіздері ... ... ... ... ...29 - 41
2.2 Ортақ меншік
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 2 -
51
III тарау. Меншік құқығын қорғау
3.1 Меншік кұқығын қорғаудың азаматтық құқықықтық
әдістерінің ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52 - 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...63 - 64
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...65
– 66

Кiріспе
Азаматтық қүқықтағы меншік құқығы матералдық игіліктердің нақтылы
тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды
қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол
біріңғай тұтас құқық институты болып табылады.
Меншік құқығы бұл - меншік тұралы айтылғанда еңбектің өнімдерін тиісті
нысандарын иеленуді шартты түрде дәйіттейтін өндірістің құрал -
жабдықтардың өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық
қатынастар туралы болып табылады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік бұл
базистегі, сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз -
субектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуге,
пайдалануға және оған билік етуге заңмен танылатын және қорғалатын қүқығы.
Меншік құқығының институты қоғамда үш функцияны ор-ындайды.
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір
тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті
мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және қүқықтарын қорғайтын
құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығының обьективтік және субъективтік мағынасы болады.
Обьективтік мағынасы түрғыда алғанда меншік қүқығы өндіріс құрал -
жабдықтар мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және билік ету
қатынастардың негізінде құқық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Ал, субьективтік мағынасы - өкілеттелінген тұлғаның мүмкіндігі
болып табылады. Субьективтік меншік құқығы меншік иесіне өз
еркінше мүлкін кәсіпкерлік немесе заңмен тыйым салынбаған басқа
іс - әрекет үшін пайдалану және билік ету құқығын басқа тұлғаға
өкілеттеуге, сатуға, кепілдікке беруге құқығы бар. Меншік құқығы
меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету
құқығын реттеп отырады.
Иелену құқығы дегеніміз, - мүлікті іс жүзінде иеленуді заң жүзінде
қамтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.
Ал, ие болу құқығы дегеніміз - адамдардың өз қалауы бойынша мүлікке
ықпалын жүргізу мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады.
Мысалы: Мемлекет жер онын қойнауы, су өсімдіктер және жануарлар дүниесіне,
табиғи ресурстарға ие болса, ал азамат жеке автомобильге , жиһаздарға және
тағы баскаға ие.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Пайдалану
құқығы кезінде меншік иесінің өзіне тиісті мүлікті кәдеге жаратуы өзінің
тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табу қажет, Мысалы: кір
жуғыш машина , азық - түлік.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету қүқығының меншік иесі
мүліктің зандылық жағдайын анықтап өзгерте отырып мүлікке байланысты
құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады. Мысалы: сату,
айырбастау, сыйлау, жойып жіберу және тағы басқа. Аталған билік ету құқығы
тек меншік иесіне ғана тиісті. Меншік иесінің осы үш құқығы заңның тарихи
дамуынан туындап отырған занды құрылымы болып табылады.
Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің
құқықтарында ғана емес, сондай - ақ олардың өзгешелігінде болып отыр. Мұнда
жалдап алушының мүлікке деген құқығы меншік иесінің құқығынан шектеулі
болып отырғандықтан емес, меншік иесінің құқығын жалдап алушыға мүлікке
қожалық етуге мүмкіндік беруінде.
Басқа зандық мүлік иесінің құқықтары меншік иесінің өкілеттілігін
берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда
болады. Меншік құқығының осы үш құқығының дерексіз ұғымы, ұзақ уақыт осы
сияқты субьектілерді меншік иесі деп немқұрайды санап келгенде, ал шынында
өздеріне тиесілі мүлікті өз шаруашылығында өз еркінше пайдалануға
мүмкіндігі болмаған . Мысалы : колхозда.
Сондықтан, жаңа заң меншік иесіне өз еркінше өзіне
тиістілі мүлікке ие болу, пайдалану және билік етуін белгілеп берді.
Бүрынғы заңдарда меншік құқықтарын пайдалану шектері белгіленген болса,
қазіргі уақытта меншік иесі өз мүлкін заңмен тыйым салынбаған кез
- келген іс - әрекетте пайдалана алады. Осының бәрі қаралып жатқан
қүқықтың негізгі зандылық ерекшелігін қалаушы меншік құқығының
тәуелсіздігін, мазмұнының кендігін көрсетеді. Осындай завдылықты
еске алып, субьективтік меншік құқығының иесі өз мүлкіне
еркінше ие болу, пайдалану және билік ету заңда тыйым
салынбаған басқа да іс - әрекеттер жасау құқықтарын пайдаланып, яғни өз
мүлкіне толық қожалық ету деп түсінуге болады.

І Тарау
Мемлекеттiк меншiк құқығы
1.1 Мемлекеттік меншік қүқығының пайда болуының негізгі жолдары.
Мемлекеттік меншік азаматтық кодексте республикалық және коммуналдық
меншік түрінде көрінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады.
Республикалық бюджет қаражаты, алтын, волюта қоры мен алмас қоры тек
қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға
бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң қужаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік занды тұлғаларга
бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны
құрайды.
Мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу
немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Ал жер, оның
қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар тек
қана мемлекеттік республикалык меншікте болады.
Мемлекеттік меншік экономикалық категория ретінде мүліктің халыкқа
тиістілігін білдіреді.
Осы көзқарастан мемлекеттік меншік құқығы обьективі
мазмұны, ал материалдық игіліктердің халыққа тиістілігі бекітуші және
қорғаушы құқық нормаларының жинағы. Сонымен бірге, мемлекеттік
мүлікке ие болу, пайдалану және жойылу жолдары.
Мемлекеттік меншік құқығының субьективті мазмұны - меншік
иесінің заңда көрсетілген қүқықтарынан тұрады да, осы тұрғыда
басқа меншік иелену құқықтарынан ерекшеленбейді. Мүнда мемлекеттік
меншіктің басқа түрлері меншік қатынастарынан ерекшеленеді.
Оның көріністері :
Біріншіден - мемлекттік меншікке кез - келген мүлік жатуы мүмкін,
сонымен қатар, айналымнан алынған немесе айналымға шектелінген мүлік;
Екіншіден - мүлікті өз меншігіне алу жолдарын тек қана оны қолдануы
мүмкін (мысалы: алымдарды және салықтарды жинау); Үшіншіден - саяси
егеменді мемлекет ретінде құқықтық актілерді шығару жолдары арқылы
меншік иесінің құқықтарын және оны іске асыру жолдарын
белгілейді.
Мемлекеттік меншік құқығында кез — келген мүліктің болуы және заңда
көрсетілген жолдарымен алуға және белгіленген шектерде пайдалануға құқығы
бар.
Мемлекеттік меншіктің ерекше сипаты мемлекеттің саяси егемендігінің
белгісі. Сондықтан, құқықтың басқа субьектерімен бір деңгейде болуы мүмкін.
Меншік туралы заң мазмұны бойынша өкілетті органдар халық атынан
мемлекеттік меншік құқығының субьектісі болып табылады да, олар тек қана
мемлекеттік мүлікті басқарады және билік етеді. Бұл мемлекеттік органдар
мемлекеттік мүлікті шаруашылыққа пайдалану үшін және азаматтық айналымда
мемлекет атынан іс жүргізетін арнайы құрылған мемлекеттік органдар.
Негізінен қазына институттары қайтадан құрылып, мемлекет шаруашылығын
жүргізіп азаматтық құқық қатынастарында мемлекеттік толық праволы өкілі
болып отыр.
Қазына немесе мемлекеттік мүлік ведомствалары құқық
қатынастарының субьектісі бола отырып, басқа меншік иелерімен бір
деңгейде тұрады. Сондықтан, мемлекеттің товар айналымына қатысуы
басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады да теңдік қағидасы
бұзылмайды. Бұл органдарға мемлекеттік игілікті басқару
жөніндегі комитеттер жатады. Ал, мемлекеттік мүлік жөніндегі қорлар
коммерциялық заңды тұлғалар үлестерін иемденіп солардың
құрылтайшылары және қатысушылар болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет жекешелендіруге жататын
обьектілерді белгілейді, ал мемлекеттік мүлік қорлары оларды сатушылар
ретінде көрінеді, ал сатылмай қалған акцияларды иемденіп акционерлер
жиналысында акционердің міндеттерін атқарады. Сонымен бірге, акцияның
бағасы төмендеу нәтижесінен шыққан шығындарды өтейді.
Кейбір жағдайларда мемлекеттің мүддесін меншік иесі
ретінде қаржы министерствосының органдары қаржы бөлім -дері, басқармалары
немесе мемлекеттің басқару органдарының арнайы міндеттелген органдары
қорғайды .
Мемлекеттік меншік құқығының обьектілері шектелмеген себебі,
мемлекеттің меншігінде кез - келген мүліктің болуы мүмкін. Бүл жағдай
мемлекеттік меншіктің меншік құқығының ерекшелігі салдары, сондықтан
мемлекеттік меншік құқығының обьектілері әр түрлі. Солардың ішінде негізгі
обьектілері болып - мемлекеттік өкімет органдарының және мемлекеттік
басқару органдарының мүліктері, бюджет қаражаттары кәсіпорын, халық
шаруашылық комплекстері және басқа да әлеуметтік мәдени саласының
обьектілері, мемлекеттік банкілер, сақтандыру қорлары, мәдени тарихи
байлықтар және басқа да мемлекеттік міндеттерін атқаруға керек мүліктер
жатады.
Мемлекеттің белгілі бір мүлікті өз меншігіне алуының заңдылық негізі
әр түрлі. Шартты түрде оларды үш топқа бөлуге болады.
Біріншіден : "Жалпы азаматтық тәсіл " — меншік иесі тек
мемлекет ғана емес, кез - келген азаматтық құқығының
субьектілері болуы мүмкін, яғни меншік құқығын әр түрлі
келісімдер және мекемелер негізінде иемдену; Екіншіден: Тек қана
мемлекет белгілі бір меншіктің иесі бола алады. Мысалы: мемлекетке
азаматтардың өсиеттеген мүліктері, яғни жай жалпы азаматтық меншік
құқығына ие болу жолы иесіз қалған мүліктің мемлекеттік меншікке өтуі;
Үшіншіден: Меншік қүқығына ие болу негіздерінің, маңыздылығының бірі
алымдар, салықтар және міндетті төлемдер болып табылады.
Кейбір меншік иелерінен мүлкін жалпы мемлекеттің қажетін өтеуге алу
және салық өндіру барлық мемлекеттерде ұлттық меншікті жасау үшін
жүргізіледі. Сонымен бірге, салықтар мемлекеттің нарықтық экономикасын
реттеу тәсілі болып табылады.
Тарихта мемлекеттік меншік құқығы бізде национализациялаудың негізінде
пайда болған, яғни арнайы зандар негізінде жеке меншікті мемлекеттік
меншікке айналдыру.
Жеке меншік мемлекеттің меншігіне төлемсіз экспроприация негізінде
(тартып алу ) немесе бұрынғы меншік иелеріне белгілі бір төлем беру арқылы
айналдырған.
Елімiзде Кеңес өкіметінің құрылу кезінде жеке меншік иелігінен
мемлекеттің меншігіне қайтарылусыз алу формасы қолданылған. Себебі, бұл
форма революциялық кезеңнің әлеуметтік, экономикалық талабы болды. Қазіргі
уақытта меншік құқығын мемлекеттің шешімімен жоғалтып алу тек қана заңда
көрсетілген жағдайларда меншік иесіне тартқан зиянын толық қайтару арқылы
жүргізіледі.
Жеке меншікті мемлекет меншігіне айналдыру реквизациялау және
тәркілеумен ерекшеленеді. Реквизиция және тәркілеу бұл да мемлекеттің
меншігіне кейбір меншік иелерінің мүлкін алу жолдарының бірі.
Реквизиция - дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер,
төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін
мемлекеттік өкімет және басқару органдарының шешімі бойынша заң
құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған
мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін (реквизиция ).
Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны
оның сот тәртібімен даулауына болады. Мүлкі
реквизицияланған адам реквизиция жүргізуге байланысты
жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті қайтарып
беруді сот арқылы талап етуге құқылы.
Тәркілеу — заң қүжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен
жасалған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот
тәртібімен тегін алуы мүмкін.
Иесіз зат меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік
құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.
Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті
атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік
тіркеуде жүзеге асыратынын есепке алады.
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орган иесіз
қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бүл
затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгіне
алады. Коммуналдық меншікке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз
қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына
және билік етуіне, қайта қабылдануы, не иелену көнелігіне сәйкес меншікке
алынуы мүмкін.
Иесіз заттарды арнайы жағдайлары болып олжаның, көмбенің, қараусыз
жануарлар табылуы есептеледі.
Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе
заттың меншік иесіне, оны алуға құқығы бар
өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған
затты оған қайтаруға міндетті. Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның
өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса затты тауып алушы олжа туралы
милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.
Егер олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына
мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға занды құқығы
бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға
немесе милицияға не жергілікті атқару органына мәлімдемесе затты тауып
алушы орган меншік құқығын алады.
Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол
коммуналдық меншікке өтеді.
Қараусыз немесе қанғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын
немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне
қайтаруға, ұстап алған адам егер оның өзі немесе тұрған жері
белгісіз болса, ондай жануарларды ұстаған кезде бастап үш күннен
кешіктірмей табылған жануарлар туралы милицияға жергілікті
атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар меншік иесін іздестіру
шараларын қолданады. Жануарлардын меншік иесін іздестіру
кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында
және пайдалануында қалдыруды не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті
жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін.
Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен
пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және
жануарды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады. Бұл адам
бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тарқан
жағдайда олар коммуналдық меншікке түседі және тиісті жергілікті
атқару органы белгілейтін тәртіп бойынша пайдаланады.
Көмбе, яғни жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік
иесін анықтау мүмкін болмайтын немесе заңдарға сәйкес оларды құқығынан
айырылған ақша немесе өзге де бағалы заттар. Тарих және мәдени
ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте
олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл
орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе
қозғамайтын мүлікті менідіктеуші және көмбені тапқан адам осы көмбе
қүқығының елу процентін немесе сыйақы алуга құқылы.
Мемлекет меншігіне мемлекетке өсиеттелген және мұрагерсіз қалған мүлік
өтеді. Мемлекеттік меншіктің пайда болуын жолдарының бірі бағалы қағаздарды
(облигация, банк сертификаты, конасамент, акция) шығару. Заттай — ақшалай
ұтыс лотереяларды шығарып ойнату акциондарда өткізу болып табылады.

1.2. Мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін құқықгық реттеу тәртібі.
Күрделі меншік иелері — мемлекет жалпылай қоғамдық ұйымдар, басқа да
меншік иелері өздеріне тиісті мүліктер негізінде шаруашылық жүргізу үшін
жеке құқықтық тұлғалар құрады. Шаруашылық жүргізу құқығы мүліктің
мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бүл мүлікті иелену, пайдалану
және оған билік ету кұқықтарын заң қүжаттарынан белгіленген шекте жүзеге
асыратын мемлекет заттық құқық болып табылады.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң
жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудан, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарда болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Шаруашылық жүргізудің обьектісі, егер заңдарда өзгеше көрсетілмесе кез
- келген мүлік бола алады.
Мүлікті кұрылып үлгерген мемлекеттік кәсіпорынға бекіту меншік иесі
шешім қабылдаған мүлікке қатысты шаруашылық жүргізу қүқығы, егер зандарда
немесе меншік иесінің шешімінде өзгеше белгіленбесе, бүл кәсіпорында
мүлікті кәсіпорынның дербес балансына бекіткен кезде пайда болады.
Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудын жемістері, өнімі, кірісі
сондай - ақ кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер алған мүлік меншік
құқығын алуға арналған зандарда белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорының
шаруашылық жүргізуіне келіп түседі.
Мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтатуға арналған
заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша сондай - ақ меншік иесінің
шешімімен кәсіпорыннан мүлік зақды жолмен қайтарылып алынған реттерде
тоқгатылады.
Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі заң күжаттарына
сәйкес кәсіпорын қүру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын
белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға
тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдалануымен сақталуына бақылау
жасауды жүзеге асырады.
Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі мүлікті
пайдалануынан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға құқылы.
Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік
кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органының
келісімінсіз кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:
Біріншіден, өзіне тиесілі үйлерді, қүрылыстарды, жабдықты және
кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге,
айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан бастап) жалға беруге, уақытша тегін
пайдалануға беруге;
Екіншіден, филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке
кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындармен бірлескен өндірістер құруға, оларға
өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға;
Үшіншіден, жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі бекіткен пайыз ставкасынан төмен процентпен
төлетіп алуға құқығы жоқ.
Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландыратын мекеменің меншік иесінен тірлік алған және өз қызметінің
мақсатына меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң
құқықтарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық қүқығы
болып табылады.
Оралымды басқарудағы мүлікті меншіктеуші заң құжаттарына сәйкес мекеме
немесе қазыналық кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын
белгілеу мәселелерін шешеді, мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заң
жүзіндегі тағдырын, оның қызметінің мазмұнын белгілеуге құқығы бар.
Меншік иесі мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның меншік иесі берген
мүлікті тиімді пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Мекемені бірнеше меншік иесі құрған жағдайда, олардың арасындағы
қатынастар мен меншік иелерінің өз мүлкіне билік жүргізу құқыктары құрылтай
шартымен немесе сол сияқты келсіммен бекітіледі.
Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша
белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен
айыруға немесе өзгеше әдістер оған билік етуге құқығы жоқ.
Егер құрылтай құжаттарына сәйкес мекемеге берілген, ондай қызметтен алынған
табыстар және сол табыстардың есебінен сатып алынған мүлік мекеменің дербес
билігіне беріледі және жеке баланыста ескеріледі.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол меншік
иесінің келісуімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік
етуге құқылы.
Қазыналық кәсіпорын егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзі өндірген
өнімді дербес сатады. Қазыналық кәсіпорының табыстарын бөлу тәртібін оның
мүлік меншіктенуші белгілейді.
Толық шаруашылық жүргізу құқығы - бүл мемлекеттік кәсіп -орынның өз
алдына мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету құқығы. Мемлекеттік
мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар кәсіп-орын өзіне билік етуге берілген
мүлікті үш бағытта басқарады.
Біріншіден, жаңа кәсіпорындарды құру, оның бағыттарын, мақсаттарын
белгілеу.
Екіншіден, кәсіпорындарды қайта құру немесе тарату.
Үшіншіден, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдалануы мен
сатылуына бақылау жасау.
Толық шаруашылық жүргізу құқығының субьектісі тек қана өндірістік
кәсіпорын болуы мүмкін. Бүл салада меншіктің кез-келген формасына
негізделген кәсіпорын немесе еншілес кәсіпорын болуы мүмкін.
Толық шаруашылық жүргізу құқығының обьектісі болып, алдымен
өндіріс кәсіпорын, сосын оның мүліктік комплексі болып саналады.
Кәсіпорынның мүлкі негізгі корлардан тұрады, басқа да оның баланысында
тұратын бағалы заттардан тұрады. Олардың жинағы оның жарғылық қоры болып
табылады.
Кәсіпорын толық шаруашылық жүргізу құқығының субьектісі ретінде
мүлікке ие болады, пайдаланады және билік етеді. Ие болу құқығын жүргізе
отырып, ең алдымен өз баланысында тұрған материалдық бағалы заттарды,
негізгі қүралдарды, ақшалай заттарды және басқа да заттарды ескереді. Ол
үшін үнемі есептік инвентаризация жүргізіліп отырады.
Пайдалану құқығы белгілі шаруашылық және әлеуметтік мақсаттар үшін
қолданылады. Ол үшін кәсіпорын іс - әрекетін кәсіпорынның өніміне деген
сұранысқа сай жоспарлайды.
Билік ету құқығы мүлікпен жасалған әртүрлі мәмілелер
формасында қолданады. Мысалы, шығарған тауарды түтынушылар мен
жасалынған келісімдер негізінде еркін сату. Сондай - ақ кірістің салықтарын
төлеп болған соң қалған бөлігі кәсіпорынның билігіне түседі де оны не
үшін пайдалану керек екенін кәсіпорын өзі шешеді. Сөйтіп кәсіпорын қандай
қорларды, мөлшерде құру керек екенін және қандай мақсаттар үшін жасау керек
екенін өзі шешеді.
Мүлікке билік ету құқықтарының негізгісінің бірі - мүлік жарамсыз болған
жағдайда немесе моральдық ескірген кезде не жоғалған ретте, оны (мүлікті)
өз балансынан шығарып тастауға құқығы бар.
Толық шаруашьшық жүргізу құқықтары мен бірге оның субъеклілерінің
толық мүліктік жауапкершілігі бар.
Біріншіден, құрылтайшы — (меншік иесі) өзі құрған құқықтар тұлға
(кәсіпорын) үшін жауап бермейді.
Екіншіден, несие берушілер кәсіпорынның мүлкі есебінен шығындарын
өтеуге құқығы бар. Мемлекеттің немесе басқа да кәсіпорындардың мүлігіне
жұмысшылардың жинағы (табыстары) болуы мүмкін. Бірақ бұл үлестік меншік
болып табылмайды. Өз үлесін тек қана ақшалай баламасында кәсіпорыннан кетер
кезде алады. Мүлікке өз алдына билік ету құқығы. Ол заңның белгісі шегінде
немесе басқа мүліктің белгілі бір түрлеріне еркін ие болады,
пайдаланады, билік етеді.
Сөйтіп, мемлекет мүлкі есебінен алынған кіріс осы үғымда
меншігінің обьектісі болмаса да, олардың өз алдында құқықтық реттеу тәртібі
болу керек.
Бұл құқықтық субьектілері - құқықтық тұлға болады. Мысалы: мекемелер, іс-
әрекеті ұзақ қоғамдық ұйымдар, ғылыми оқу орындары арқылы қызмет көрсететін
мәдени ағарту ұйымдары.
Ендеше айтылып жатқан құқықтың обьектісі болып, мекемелердің
мүліктерінің белгілі бір түрлері ғана, өзінше шаруашылық іс - әрекет
пен табылған пайдасы болып табылады.
Өздігінше билік ету құқығы өз ішіне үштік құқығын алып, бөтен мүлік
пен шаруашылық ету қатынастарын реттейді.
Оралымды басқару құқығы негізгі және меншік иесінің қаражаты есебінен
каржыландырылатын мекеменің меншік иесі мүлік алған және өз қызметінің
мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң
құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы
болып табылады.
Оралымды басқару құқығы негізгі және айналымды құралдар болып
табылады. Сонымен қатар, бұл қүқықтың обьектілеріне мекемелерге бюджеттен
бөлінген ақшалай заттар жатады.
Ақшалай зат жоғары тұрған органдар немесе меншік иесі бекітіп берген
сметамен қатаң түрде жүмсалады.
Сметада көрсетілген құралдарға мекеме материалдары және айналымды
құралдарды сатып алады, ол негізгі құралдар, бюджеттен ерекше бөлінген
ассигнованияларға алынады.
Бюджеттен қаржылар әдейі осы мақсаттар үшін бөлінеді. Мекеме өзіне
бекітіліп берілген мүлікті басқа біреуге сатуға құқығы жоқ. Осы деңгейден
оралымды басқару құқығының шегі көрініп түр. Бұл құқықтың субьектісі өзіне
бекітіліп берілген үштік өкілеттілігін өз еркінше қолдана алмайды, тек қана
занда шектелген шеңберде ғана қолданады. Бұл өкілеттілік, біріншіден -
құқықтылық тұлғаның жарғысында көрсетілген іс-әрекетінің мақсаттарымен;
екіншіден - меншік иесінің тапсырмалары мен (оның негізгі формасы - шығын
сметасын бекіту); үшіншіден - мекеменің белгілі бір қатаң түрде құрылатын
және жұмсалатын мүлігін немесе мүліктің қорларын құру мен болады.
Мекеменің кірісі заттай құқықтың ерекше объектісі болып табылады.
Мекеме өзінде бар мүлікке әр түрлі екі заттай қүқығы бар:
Біріншіден, оралымды басқару құқығы.
Екіншіден, өз алдына иелік ету құқығы.
Заңда көрсетілген кейбір жағдайларда меншік иесінің мүлкін пайдалану
шектелуі мүмкін. Мысалы, сервитуттық күқықтар. Заттай құқықтың шектелу
себебі затқа деген ие болу, пайдалану, билік ету обьектілігі толық
пайдаланбайды да тек қана олардың кейбіреуіне ғана өкілеттілігінен болады
(немесе өкілеттілігінің өзі шектеледі).
Бұл құқықтың шектеулі заңда көрсетіледі немесе меншік иесінің еркімен
белгіленеді.

II тарау.
Жеке меншік құқығы және оның пайда болу негіздері
2.1 Жеке меншіктің түрлері мен пайда болу негіздері
Жеке меншік - капиталистік экономиканың темір қазығы, сондықтан жеке
құқық жеке меншік құқығын қорғайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабы мен Азаматтық
кодекстің 191 бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке
меншігі түрінде сондай - ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.
Жеке меншік - жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.
Азаматтардың меншік құқығы - өз алдына құқықтық институт болып
материалдық игіліктің бір адамға тән екендігі айқындалады.
Сондай - ақ нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс
кұралдарына жеке меншікті қалыптастырады. Марксизм-ленинизм жеке меншікті
адамды адам қанауының қайнар көзі ретінде танып, оған үзілді — кесілді
қарсы шығады. Бірақ Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік меншік те адамды адам
қанаудан құтқара алған жоқ.
Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен қүны шектелмейді.
Сонымен қатар қоғамдық меншік, соның ішінде, діни бірлестіктер
меншігі жеке меншіктің ерекеше түрі болып табылады, ал заң
қүжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола
алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен кез - келген мүлік жеке меншікте
болуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткендей әрбір азамат белгілі бір мөлшерде
жеке меншіктің иесі болып есептеледі.
Жеке меншік иелері өзінің меншігіндегі мүліктерді заңға байланысты өзі
жұмсап отыруға құқылы. Мұның өзі меншік иесі өзінің мүліктерін жеке
адамдарға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық бірлестіктерге зиян
келтірмейтіндей етіп жұмсауға тиіс деген сөз.
Жеке меншік мүліктері әр түрлі жолдар мен материаддық өндіріс
негізінде, мұрагерлік жолымен алынған рухани байлықтар, сыйлықтар, бағалы
қағаздар тағы басқа заттар болып табылады.
Жеке меншік негізінде-баюдың қайнар көзі. Сондықтан жеке меншік жеке
бастың өзіндік меншігінен әлде қайда артық екені мәлім.
Сондай — ақ нарықтық экономика жағдайында жеке даралық және
коллективтік кәсіпкерліктің өсуі уақытында азаматтардың тұтыну
обьектілеріне меншіктің құқығы азаматтар құқығының негізгі құқықтық
институты болып қалады да азаматтардың негізгі тобына материалдық игіліктің
тиістілігін белгілейді.
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан азаматтарының
меншігінде-жер учаскесі, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай, бақша үйлер,
гараждар, үй шаруашылық заттары акциялар, облигациялар, басқа да бағалы
қағаздар, жалпы информация құралдары, кәсіпорын, өндірістің сауда - саттық
басқа да кәсіпқойлық саласындағы мүліктік комплекстер, ғимараттар,
құрлыстар, көлік құралдары, өндірістік тұтыну, әлеуметтік мәдени мүліктер
жатады. Кейбір мүліктер заңда тура көрсетілген жағдайда мемлекеттің,
қоғамның қауіпсіздігі мақсатында азаматтардың меншігінде болмауы мүмкін.
Жеке меншіктің қалыптасуына байланысты меншік иелерінің ерекше міндеті
пайда болды. Кез-келген азамат завод, фабрика, ферма және өзге де
кәсiпкерлікпен айналысу үшін сонымен қатар заңда шектелмеген іс - әрекет
жасауға пайдалана алады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6
бабына сәйкес "Меншік міңдет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
иелігінде де қызмет етуге тиіс" - деп көрсетеді.
Мүлікті дұрыс пайдаланудың конституциялық талабының мемлекетке де,
жеке адамдарға да қатысы бар. Сондықтан, өз мүлкін қолданып "өз еңбегінен
тыс пайда көру" терминінің мазмұны мен күші болып табылады. Өз мүлкі
негізінде кез - келген заңмен шектелмеген мәмілелерге отырып, пайда
көруге болады.
Қазіргі уақытта қолданып жүрген заңдар азаматтардың меншік құқық
обьектілерін кеңейтті. Заңда тыйым салынбаған малдар арқылы мүліктің саны
мен бағасын көбейтем десе де тыйым салынбайды. Мысалы, азаматтардың
меншігінде болған үйлердің, саяжайдың, басқа да құрылыстарға және тағы
басқа да саны шектелмейді. Азаматтардың меншік құқығының пайда болу
негіздерінің ерекше түрінің бірі тұтыну кооперативтеріне пайдалануға
берілген пәтер, саяжай, гараж және басқа құрылыстарға толық төлеп өз
меншігіне айналдыру.
Бұл жағдай кооперативтік меншік құқығының күшін жойып, обьектіні
азаматтардың құқығына айналдырады. Осының бәрі азаматтардың меншік құқық
обьектілерінің шеңберін көбейтеді. Оның бірі азаматтардың меншік құқығында
бағалы қағаздардың пайда болуы (акциялар, облигациялар, жинақ
сертификаттар) және тағы басқа.Сонымен бірге тек қана кәсіпқой
кәсіпкерлердің ғана емес, көп азаматтардың коммерциялық қатынастарда
мүмкіндіктерін кеңейтті.
Азаматтардың меншіктерінің пайда болу жолдарының бірі - өндіріс
кәсіпорындарда және салымдарын салу нәтижесінде көрген пайдалары.
Бұл жолды жан-жақты заңды түрде қолдану керек. Сондай -ақ нарықтық
экономикаға көшуді қамтамасыз етудің негізгі жағдайының бірі - жеке
кәсіпкерлік. Кеңестік кезінде жеке кәсіпкерлікпен шұғылданғысы келген
адамдарды тежеп отырды. Мұндай әрекет заңсыз баюдың қайнар көзі,
адамгершілік қасиеттің төмеңдеп кетуі деп есептелді.
Негізінен жеке кәсіпкерлік - азаматтардың экономикалық бостандықты
іске асыруының бір түрі, нысаны және түрлі тауарларға ( қызметке, көмекке )
сұранымды қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Мұндай жұмысты
азамат өзі немесе өзінің жолдастарымен, туыстарымен бірге атқаруы мүмкін.
Әрбір азамат өзі қолға алған іс үшін, мүлкі үшін өзі жауап беруге тиіс.
Жеке кәсіпкерлердің меншік құқығы азаматтардың және олардың семьялары
шаруашьшық жүргізу үшін оларға заңмен бекітіліп берілген материялдық
игіліктер және әртүрлі өндіріс құралдары болып табылады.
Бұл қатынастардың ерекшелігі және олардың коммерциялық, өндірістік
негізгі тұтынушылық және өндірістік қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайда
көру болып есептеледі. Заңда көрсетілген шарттар негізінде жұмысты жөндеуге
рұхсат етіледі. Бұл жағдай кәсіпкерлер меншігін және оның құқықтық
тәртібінің жеке меншік қатынастарынан ерекшелендіреді. Сонымен бірге, бұл
жерде қатынастардың еңбектік түрі сақталады да, меншік иесінің өндіріске
қатысуын қажет етеді. Жоғарыда айтып өткендей меншік құқығының субьектілер
ретінде азаматтар, олардың жанұя мүшелері, басқа да еңбек шаруашылығын
бірге жүргізетін азаматтар болып табылады.
Азаматтар кәсіпкерлікпен айналысқан жағдайда пайда табу негізінде іс -
әрекет жасайды.
Ағылшын ғалымы Адам Смиттің ойы бойынша "Кәсіпкер пайда табу үшін
тәуекелге баратын адам " - деп көрсетеді.
Сондай-ақ азаматтар кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен
а) жеке ынталы, ерікті қызмет болып табылады.
б) тәуекел ету арқылы жүзеге асырады.
в) пайда табуға бағыттталған іс - әрекет негізінде жүргізіледі.
Кәсіпкерлікпен әрекет қабілеттілігі бар кез-келген азаматтар
айналысады.
Кәсіпкерлік бұл - өз атынан, өз тәуекеліне және өзінің жеке мүлкімен
жауап беретін, азаматтардың пайда табуға бағытталған іс-әрекеті.
Кәсіпкерлердің бұл ерекше белгісі оның басқа еңбек іс-әрекеттерінен
ерекшеленеді. Мысалы: Мемлекеттік немесе басқа ұйымдардағы жалдау еңбегі.
Оның коммерциялық мінездемесі іс-әрекетін азаматтардың басқа қоғамдық
саяси, мейірімділік, әлеуметтік, мәдени іс - әрекетпен шектейді. Жоғарыда
айтып өткендей азаматтардың жеке меншік және ұжымдық кәсіпкерлігі құқықтық
тұлғаны құрмай-ақ болуы мүмкін. Жалдау еңбегін тұрақты қолданған кезде бұл
іс-әрекетті күқықтық тұлға жасау арқылы істеуге тура келеді,
Сонымен қатар жеке меншік құқығының обьектісі болып-тұтыну
қажеттілігін қанағаттандыратын өндіріс құралдары, өндіріс шаруашылық
комплекстері (несие, жанұя, кәсіпорын) шаруашылық құрлыстары, машиналар,
құрал-жабдықтар, көлік-құралдар, материалдар, өндіріс тауарлары, алынған
кірістер, тұрғын үйлер тағы басқа мүліктер болып табылады.
Алайда кәсіпкерлердің дүние-мүлкін және оған ешкімнің қол сұқпауын заң
қорғап отырады. Тек, заңда көрсетілген жағдайда ғана кәсіпкерлікті
шектеуге, дүние - мүлкін алуға жол беріледі. Мысалы, кәсіпкерлікті қоғам
мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік
ережелерін сақтау тағы басқа шектеуге болады. Былайша айтқанда азаматтарға,
қоршаған орта (жерді бүлдіру, суды бастау тағы басқа) мен қоғамға зиян
келтіретін кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады.
Кәсіпкерліктің меншік иесі мен немесе меншік иесінің өкілет берген
органымен ерекше келісім бойынша жүргізілетін іс -әрекетін жатқызуға
болады.
Заңды тұлға қүрмай кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, жеке
кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркеуге жатады. Заң бойынша казіргі
уақытта кәсіпкерлік іс - әрекет мемлекеттің қолдануына ие болып,
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың олардың ісіне заңсыз араласуын
сотта дауласуға болады.
Азаматтар кәсіпкер ретінде өз меншігіне мемлекет және басқа
органдардың мүлкін алуға, өз мүлкі мен басқа шаруашылық субьектілердің іс -
әрекеттеріне араласуына, банкте есеп шотын ашуға, заңда белгіленген тәртіп
бойынша сыртқы экономикалық қатынастарға араласуға, жылжымалы және
қозғалмайтын мүліктерге заңды түрде иеленуге, техника мен технологияны
пайдалануға және өз меншігіндегі әр түрлі мүлікті сатуға, жалға беруге,
мүраға қалдыруға, сыйлауға құқығы бар және де сонымен қатар азаматтар
банкте есеп шотын ашуға, заңда белгіленген тәртіп бойынша сыртқы
экономикалық қатынастарға араласуға, волюталық операциялар жасауға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша меншік құқықтарын қорғау мәселелері
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Меншік құқығын тану
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері
Пәндер