Аңыз әңгімелер жайлы


Үш би
Ертеде ұлы жүздің бір жесірін кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып ел арасы ығыр болады. Осы дауды шешу үшін үш жүздің белгілі билері бас қосады. Сонда ұлы жүз Төле би тұрып:
-Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын, - дейді. Кіші жүз Әйтеке:
- Мен атаның қара шаңырағындағы кенжесімін, жасым кіші болғанмен, жолым үлкен, төбе билік менікі, - дейді. Орта жүз қаздауысты Қазыбек би күледі.
- Жылағанды сұрама, - мұңы бар, күлгенді сұра - сыры бар деуші еді. Қазыбек неге күлдің? - дейді Төле.
- Сендер атадан туысыңды білесіңдер де өсиетін ұмытқан екенсіңдер, - дейді Қазыбек. - Аталарың ұлы жүзді қолына қауға беріп малға қой, кіші жүзді қолына найза беріп жауға қой, орта жүзді қолына қамшы беріп, дауға қой дегені қайда?! Сүрінсем, сүйер алдымда ағам, артымда інім бар төбе билік жөні менікі емес пе? Бұл сөзге екі жағы да тоқтап, төбе билікті Қазыбекке береді. Сонда қаздауысты Қазыбек шешен былай деп төрелік айтады:
-Уа, Төле! Сен атадан үлкен туасың. Ініңнің бір еркелігін көтермей, жылқысын неге қуасың?
-Уа, жарқыным, Әйтеке! Сен қара шаңырақта қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің?
-Сен - Әйтеке, жесірді қайыр! Сен - Төле, жылқыны қайыр! - деп дауды шешкен екен.
Әке мен Бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп. Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші үсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяндап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рети іліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндін, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мүнан былай есінде болсын: аз жұмысты киынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың, - деді.
Әкенің қызықты тәжірибесі
Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады. Бірінші ыдысқа бір дана сәбіз, екінші ыдысқа бір дана жұмыртқа, ал үшіншісіне бір уыс ұсақталмаған кофе дәндерін салады. Және үшеуін де тура жиырма минут қайнатып, кейін отын өшіреді. Үстелге екі табақ және бір стақан қояды. Алдымен піскен сәбізді алып бір ыдысқа салады. Кейін әбден піскен жұмыртқаны алып екінші ыдысқа салады. Және ең соңында суға жақсылап сіңген және бабына келген кофені алып бір стаканға құяды.
Әкесі қызынан: «Қызым не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Қызы: «Сәбіз, жұмыртқа, кофе» деп жауап береді. Кейін қызының қолынан ұстап үстелдің жанына апарып, жақынрақ тұрып көрсетеді. Сол кезде қызы: «Не көрем басқа, жұмсақ піскен бір сәбіз (бір шанышқымен батырып жұмсақтығын байқап көреді), ал мынау піскені соншалық, іші қатып қалған жұмыртқа (жұмыртқаны қолына алып ұстап көреді, тіпті үстелге ұрып, жарып та көреді) және бір стакан кофе көріп тұрмын (ішіп көріп) дәмі өте күшті. Әке, мұны маған не үшін көрсетіп жатырсыз?» деп сұрайды. Әкесі: «Қара, барлығы бірдей көлемдегі ыдыста, бірдей ыстықтықта, бірдей уақытта қайнады. Бірақ әрқайсысы әртүрлі әсерленді, әртүрлі деңгейде пісті. Сәбіз алдын қатты,
қуатты еді, бірақ қайнатылғаннан кейін жұмсарды, тіпті әлсіз болып қалды. Жұмыртқа әуелде тез сыңғыш, жай тисең жарылып кететін еді, бірақ қайнатылғаннан кейін қатайды. Ал бір уыс кофе дәндері алдын қатты, барлығы бір-біріне ұқсайтын еді, бірақ қайнатылғаннан кейін не болды, кофе дәндері жұмсарып, құрамындағылар суға араласты. Бөлмеге хош иіс, дәм таратты және суды теңдессіз дәмді бір кофеге айналдырды. Қызым сен осылардың қай бірісің?» деп сұрады. «Қиыншылықтарға тап болған кезіңде қалай қарсы аласың (қалай жеңесің) ? Сен сәбізсің бе, жұмыртқасын ба әлде кофесің бе?»
Ал сендер ше қадірлі достар? Алдын қатты, қуатты болып, қиыншылықтарға тап болған кезде жұмсап, әлсіреп қалатын сәбіз сияқтысыңдар ма? Әлде жұмыртқа сияқты сынып кететін жұмсақ болып, қиыншылықтарға (мысалы өлім, ажырасу, дағдарыс т. б) тап болған кезде күшейіп бекем боласыңдар ма? Әлде кофе сияқтысыңдар ма? Кофе ыстық судың өзін өзгертеді, тіпті судың ыстықтығы ең жоғарғы дәрежеге көтерілгенде, өте ләззатты, дәмді кофеге айналады. Ләззаты ең жоғары деңгейге жетеді. Егер сендер осы кофе дәндері сияқты болсаңдар, айналада қанша қиыншылық болса да, бұларды жақсы, дұрыс жағына айналдыра аласыңдар. Айналаға жақсы дәмдер, жақсы сезімдер қосасыңдар. Өздеріңді және айналадағыларды жақсарту, гүлдендіру үшін әрекет жасайсыңдар.
Қай бірі болғыларың келеді? Шешім қабылдаңдар!
Білгеннің пайдасы
Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен.
Бір күні ұста мырзаға айтты:
- Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге-жеуге, киюге де кем-тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:
- Егер көп мық-шеге керек болса, мен пөдіретін аламын, - деп.
Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті.
(Ыбырай Алтынсарин)
Данышпан диқан
Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір диқанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған:
- Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұл ағаш еккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп жатырсыз ғой?- дейді. Диқан былай деп жауап береді:
- Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы ағаштардың жемістерін жейді.
Бұл жауап патшаға ұнап, «Бәрекелді» дейді. Сол дәуірлерде патшаның бәрекелді деп айтқан адамдарына бір әмиян алтын беру әдет болған екен. Патша диқанға бір әмиян алтын бергізеді. Бұл әдетті ұнатқан диқан:
- Патшам, қараңыз ағаш қазірден бастап жемісін беріп жатыр, - дейді.
Бұл жауап та патшаға ұнап, тағы да «Бәрекелді» дейді. Екінші әмиянды да алған диқан мүмкіншілікті жібермеуге тырысып, бұл жолы:
- Патшам, бұл ағаш неткен берекелі ағаш, басқа ағаштар жылына бір рет өнім берсе, бұл ағаш екі рет жеміс берді, - дейді.
Бұл жауап та патшаға қатты ұнап, тағы да «Бәрекелді!» дейді. Сонымен үшінші әмиян алтынды алады.
Патшаның жанындағы уәзірі, бұл жерде тұрған сайын қаншама алтынның кетіп жатқанын байқап, дереу патшаны бір сылтаулармен ол жерден алып кетеді.
Ең әдемі гүл
Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.
Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.
Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды.
Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді.
Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді.
Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz