Мектеп оқушыларына тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды түсіндіруде есептеулерді жүргізу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
1.ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ... 4
1.1 Компьютердің мүмкіндіктерін мектепте оқу процесінде пайдалану ... ... .4
1.2 Компьютердің графиктік мүмкіндіктері ... ... 8
2.ҚОСЫМША ҚҰРЫЛҒАН ОРТА ... ... ... ... ..12
2.1 Delphi объектілі бағытталған программалау тілі туралы жалпы мағлұмат ... ... 12
2.2 Delphi ортасында қосымшаны құру ... ... ..16
2.3 Excel электрондық кестесі туралы ... ..50
3.ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ГРАФИКТЕРІН САЛУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ... 54
3.1 Құрылған қосымшаның құрылымы ... ... ... 54
3.2 Тригонометриялық функциялар тақырыбын меңгерту мақсатында дербес компьютерді қолдану .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... .64

Ғылыми-техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі – оны ақпараттандыру үрдісі. Компьютерді оқу процесінде пайдалану мәселелеріне арналған зерттеулерге көз жіберсек, компьютердің төмендегідей дидактикалық мүмкіндіктерін көруге болады. Ол:
- оқушылардың өзбетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, басқаруына мүмкіндік береді;
- оқушылардың өзін-өзі бақылауына және өз жұмысында түзетулер енгізе білуге үйретеді;
- басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі;
- жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді;
- өткен материалды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыттан ұтуға, өтілген сабақты пысықтауға мүмкіндік береді.
Компьютердің осындай мүмкіндіктеріне байланысты диплом жұмысының тақырыбы таңдалды.

1. Александровский А.Д., Шубин В.В. Delphi для профессионалов. Опыт практического применения.-М.:ДМК, 2000г.
2. Архангельский А.Я. «Программирование в Delphi 6» издат. Бином – 2003г.
3. Баженова И.Ю. Delphi 6. Самоучитель программиста. – М.: КУДИЦ – ОБРАЗ, 2002. – 432 С.
4. Балапанов Е.К. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, 1998.
5. Бобровский С. Delphi 7: учебный курс – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 640 с. ил.
6. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. Учебное пособие-Минск, 1998
7. Государственный образовательный стандарт области «Информатика», тематическое и календарное планирование. Алматы, 1998
8. Гофман В., Хомоненко А. Delphi 5.0. – С. Петербург, 2000
9. Изучение ОИВТ в средней школе: опыт и перспективы/ Сост.В.М. Монахов и др.-М.Просвещение, 1987
10. Кенту М. Delphi5 для профессионалов.-СПб.: Питер, 2001г.-944с.:ил.
11. Лапчик М.П. Информатиканы оқыту методикасы.Оқу құралы.Қазақша аударған: Қ.С.Әбдиев, -Алматы, 1994
12. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. «Общая информатика», 1998.
13. Симонович С.В. «Информатика, базовый курс» издат. Питер – 1999г.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Компьютердің мүмкіндіктерін мектепте оқу процесінде
пайдалану ... ... .4
2. Компьютердің графиктік
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.ҚОСЫМША ҚҰРЫЛҒАН
ОРТА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Delphi объектілі бағытталған программалау тілі туралы жалпы
мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..12
2.2 Delphi ортасында қосымшаны
құру ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .16
2.3 Excel электрондық кестесі туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ГРАФИКТЕРІН
САЛУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.1 Құрылған қосымшаның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .54
3.2 Тригонометриялық функциялар тақырыбын меңгерту мақсатында
дербес компьютерді қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .63
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен
ізгілендірудің басты факторларының бірі – оны ақпараттандыру үрдісі.
Компьютерді оқу процесінде пайдалану мәселелеріне арналған зерттеулерге көз
жіберсек, компьютердің төмендегідей дидактикалық мүмкіндіктерін көруге
болады. Ол:
- оқушылардың өзбетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, басқаруына
мүмкіндік береді;
- оқушылардың өзін-өзі бақылауына және өз жұмысында түзетулер енгізе
білуге үйретеді;
- басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі;
- жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді;
- өткен материалды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыттан ұтуға,
өтілген сабақты пысықтауға мүмкіндік береді.
Компьютердің осындай мүмкіндіктеріне байланысты диплом жұмысының
тақырыбы таңдалды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Мектеп оқушыларына тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды
түсіндіруде есептеулерді жүргізу үшін көп уақыт қажет және көрнекілік
керек. Осыған байланысты осы диплом жұмысы ұсынылды. Бұл диплом жұмысының
мақсаты мектепте тригонометриялық функцияларды өткенде оқушылар бұл
материалды жақсы меңгеру мақсатында мүмкіншілік жасау, яғни сабаққа
көрнекілік жасау, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Диплом жұмысының құндылығы.
Түрлі себептермен сабақта болмаған немесе материалды толық меңгермеген
оқушылар бұл материалды өзбетімен қарап, қайталап жұмыс жасауына мүмкіндік
бар. Сонымен қатар Информатиканы оқыту әдістемесі курсында қосымша
материал ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден және оқу процесінде компьютерді қолдану,
қосымша құрылған орта, тригонометриялық функциялардың графиктерін салуда
компьютерді қолдану сияқты үш тарауды қамтиды, сонымен қатар пайдаланылған
әдебиеттер тізімімен қосымша келтірілген.
1. ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
1.1 Компьютердің мүмкіндіктерін мектепте оқу процесінде пайдалану
Мектепті информатикаландыру–жаңа ақпараттық технологияның қажетті
шарты. Бүгінгі таңда сабақ өткізу барысында компьютерді пайдаланбайтын пән
жоқтың қасы. Компьютердің графикамен жабдықталуына орай геометрия, сызу,
математика пәндерінде де пайдаланылады. Орта мектепті компьютерлендіру екі
үлкен мәселені: информатика пәнін және компьютерді оқыту құралы ретінде
пайдалануды қамтитыны белгілі. Информатиканы оқытуда біршама қол жеткен
табыстар бар. Шешімін күтіп тұрған проблеммалар да жеткілікті. Ал,
компьютерді оқыту процесінде пайдалануға келсек бұл әзірге толық қолға
алынбай отырған мәселе.
Компьютерді оқытуға пайдалану қазіргі орта білім беретін мектептің,
оның ішінде қазақ мектебінің, көптеген проблемаларын шешіп, оқыту ісін
ілгері дамытуға септігін тигізуге тиіс.
Компьютерді сабақ өткізуге пайдаланушы әрбір мұғалім қажетті қолданбалы
программалар пакетімен және оны пайдалану жөніндегі методикалық
нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Мектепте білім беруді компьютерлендірудің ерекшеліктері:
1. Оқу процесінде компьютер техникалық құралы ретінде пайдаланылады.
2. Компьютер – оқушының білімге деген ынтасын арттырады.
3. Оқу процесінің мақсатын сақтай отырып, компьютердің программалары
арқылы оқушының жеке даралық қабілетін арттырады.
4. Компьютер – оқу процесінің жаттықтырушы сатыларын тексеретін құрал
болып табылады.
5. Компьютер – белгілі ережелерді сақтай отырып оқушының ақыл – ойын,
логикалық ойлауын дамытады.
6. Компьютер арқылы оқу процесінде оқушыны ақпаратпен жұмыс істей білуге
үйретеміз.
7. Оқу процесінде компьютерді енгізу арқылы оқушыларды оқу прцесінде
білім беру сферасын өмірмен байланыстырады.
8. Компьютердің әмбебаптығы және программалылығы арқылы техникалық оқыту
құралдарын қысқартады, лабораториялық жұмыстарға және есептеулерге
кеткен уақыттарды үнемдейді.
ЭЕМ – ді сабақта пайдалану оқытудың тиімділігін арттырады, уақытты
үнемдейді.
Информатика пәнін оқыту математика пәнін оқытумен сыбайлас. ЭЕМ- ді
мектепте математика пәніне қолданудың ерекшелектерін былай көрсете аламыз:
ЭЕМ – ді мектепте математика сабағында пайдалану оқушылардың алгоритмдік
бейімділігімен машықтарын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Оқу процесінде
қойылатын талаптардың бірі қойылатын техникалық және программамен
қамтамасыз ету. Математика пәніне ЭЕМ – ді қолданған кезде мынандай
талаптар қойылады:
a) оқушылардың ойлауын дамыту;
b) уақытты үнемдеп, есеп шығаруға пайдалану;
c) мұғалімнің жұмысын жеңілдету;
d) оқушылардың ғылымилық іс - әрекетін және даралық қабілетін дамыту.
Басқа пәндер сияқты математика сабағында да компьютерді толық қолдануға
мүмкіндік бар. Компьютерді пайдалану арқылы сабақтың көрнекілігін
арттыруға, әрбір оқушыны жеке жұмыспен қамтамасыз етуге олардың ақыл-
ойының дамуын жетілдіруге болады. Компьютерді пайдалану кезіндегі ой -
әрекеттері мен операциялар жасау жұмыстары оқушылардың ақылының даму
дәрежесін анықтайды.
Сондықтан компьютер ақыл – ой күштерінің өлшем таразысы да болады.
Математика пәнінде компьютерді пайдалану кезінде оқушыларға оның құрылысы,
жұмыс істеу тәсілдері туралы, машина тіліне лайықталған тапсырма жүйелері
жайында білім беріледі.
Оқушылар алған білімдерінің негізінде өз бетінше машинамен қарым –
қатынаста болуға, қалаған нәтижесінің жолын тауып шығаруға, жаңа білім
алудың көзін іздеуге икемделеді. Осындай әрекеттерден кейін оқушылар
машинамен жұмыс жасауға еркін дағдыланады.
Математика сабағында компьютерді пайдаланудың негізгі принциптері деп
мынаны есептейміз:
a) машина нақты ақпаратпен – мәліметпен ғана жұмыс істейді. Сондықтан
оқушылар ақпаратты – мәліметті енгізу, шығару қондырғыларын аңғарып
қараудан бастайды. Олай болса, компьютерді пайдаланудан оқытудың
көрнекілік принципі шығады;
b) машинаға енгізбей тұрып оқушылар мәліметті әуелі өздері алады. Оны
оймен шолмай, өңдемей, белсенді түрде ой елегінен өткізбей
компьютердің жадында сақтауға болмайды. Олай болса, саналылық пен
белсенділік принципі шығады;
c) оқушылар кез келген информациядан – мәліметтен алгоритм құра алмайды.
Өздерінің әлі келетінін ғана өрнектейді. Олардың өрнектері өздерінің
ақыл – ой өрісінің даму дәрежесімен сәйкес келеді. Бұл жерден
түсініктілік пен ауқымдылық принципі шығады;
d) алгоритм қадамдары қалай болса солай жазылмайды, қалыптасқан тәртіппен
машина түсінетін тілмен белгіленеді. Олай болса жүйелік пен бірізділік
принципі сақталады;
e) компьютерді әрбір пайдаланған сайын біліктілікті орнықтыру, тапсырманы
есте сақтау, тереңіне бойлау, шығармашылықты жетілдіру жұмыстары
жүретіндіктен білімді берік меңгеру принципі жүзеге асады;
f) оқушылардың компьютермен жұмыс істей алуы әуелі техникалық ғылымды
игеруін, мәліметті ғылыми негізге сүйеніп жүйелеуін қажет етеді. Осы
жерден ғылымдық принципі шығады.
Компьютерге бөлінген уақыттың өзі оқушылардың сабаққа қызығушылығын
оятуға компьютерді пайдаланудағы сауаттылығын арттыруға, дербес жұмыс істеу
іскерліктері мен дағдыларын игеруге білімді берік меңгеруге қызмет етуі
керек. Оқушылар жауабын бірден экранға шығармайды. Қайта ойлау, жұмысты
басынан бастау нәтижесін іздеп табу арқылы ғана нәтижеге жетеді. Бұл кезде
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері дамып, ақыл-ойлары тәртіпке келеді.
ЭЕМ-ді пән ретіндегі оқытудағы негізгі мақсаты оқушыға есептеу
техникасы жөнінде белгілі бір деңгейде анықталған білім беру және программа
құруға үйрету. Өмірде кездесетін күрделі есептерді ЭЕМ-нің көмегімен шығара
білуге үйрету. Оқу процесіне қойылатын талаптардың бірі техникалық
құралдармен және програмалармен қамтамасыз ету.
1.2 Компьютердің графиктік мүмкіндіктері
Графикалық редактор- графикалық ақпаратты енгізуге және өңдеуге
арналған бағдарлама. Графиканың үш түрі бар: олар векторлық, графика,
растрлық (нүктелік) және фракталдық графика. Векторлық графиканың негізгі
элементтік базасы сызықтар мен геометриялық фигуралар болып табылады, ал
растрлық графикада элементтік база нүкте болып табылады. Фракталдық
графикада суреттер арнайы математикалық формулалардың көмегімен есептелініп
салынады. Графикалық бейнелерді құруда және оны түзетуде компьютер өте
күшті және ыңғайлы құрал болып табылады. Компьютердегі графикалық
редакторлар баса өнімдерін, хат, жарнама т.б. көркемдеу үшін қажет. Paint
бағдарламасы графикалық бейнелерді құруға және оны өңдеуге мүмкіндік
беретін қарапайым графикалық редактор болып табылады. Бұл бағдарлама
көмегімен қарапайым сурет секілді өнер туындылары болып табылатын
суреттерді де салуға болады.
Ең қарапайым графикалық редакторлар әртүрлі қалыңдықтағы түрлі-түсті
қылқаламды пайдаланып, бейнелерді неше түрлі түске бояп, сурет салуға,
суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Ал күрделі графикалық редакторлар
арнайы эффектілер: көлемділік, көлеңке түсіру, созылымды ету, суреттердің
кей бөліктерін үлкейту, образды қайта жасау және түстерді өзгерту, бір
бейненің екінші жаққа жылжуы және т.б. мүмкіндіктер береді. Күрделі
графикалық редакторларға CorelDRAW, PhotoShop, Adobe Illustrator және т.б.
жатады.
Графикалық редакторлар әртүрлі форматтағы бейнелермен жұмыс істей
алады. Редакторларда стандартты бейнелер мен алдын-ала даярланған
бейнелердің үлкен кітапханасы бар, оларды пайдаланып, сурет салу өнері жоқ
адамның өзі тез арада керекті суретті даярлай алады.
Paint бағдарламасы графикалық бейнелерді құруға және оны өңдеуге
мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама көмегімен қарапайым сурет секілді өнер
туындылары болып табылатын суреттерді де салуға болады.
Paint бағдарламасында Windows-тің басқа қосымшаларындағы дайын
суреттерді немесе сканер көмегімен алынған салуға қиын бейнелерді көшіріп
алып, оны қою арқылы да сурет салуға болады.
Paint графикалық редакторында негізгі екі терезе бар, олар: терезенің
сол жақ шетіндегі Саймандар панелі, терезенің төменгі жақтауында түстер
палитрасы терезесі. Саймандар панелінің төменгі жағында сызықтар қалыңдығын
анықтайтын терезе орналасқан. Түстер палитрасында бір мезгілде екі түспен:
қалам түсімен (негізгі түс) және фон түсімен (фондық түс) сурет салуға
болады.
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
Word басқа бағдарламалардан графиктерді кірістіруге, сондай-ақ өзінің
кескіндерін даярлауға мүмкіндік береді. Құжат ішіне сыртта даярланған
графикті орналастыру үшін Кірістіру - Сурет командасын орындап, ішінде сол
сурет орналасқан файлдың атын көрсету керек. График түріндегі суреттердің
көшірмесін алдымен алмастыру буферіне ауыстырып, соңынан барып оны курсор
тұрған орынға буфер арқылы да кірістіруге болады.
Word-та суреттерді қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық
сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, мәтінмен
толтырылған тіктөртбұрыштар) Word құрамындағы графикалық редактордың
көмегімен даярлауға болады. Сызық – Word графикалық редакторының ең
қарапайым геометриялық элементі. Сызық сызу үшін экранның төменгі жағындағы
Сурет салу Құрал-саймандар тақтасындағы түзу сызық кескіні тұрған батырманы
шерту жеткілікті. Эллипсті салу үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы
шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқынның сол жақ
батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін
үлкейту керек. Шеңбер суретін салу үшін сурет салу барысында Shift пернесін
жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін ауыстырмау үшін Ctrl және Shift
пернелерінің екеуін де ұстап тұруға болады. Тікбұрышты тұрғызу үшін алдымен
оның бейнесі тұрған батырманы шертіп, содан кейін курсорды тікбұрыш
төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ
батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып Тікбұрышты толық етіп салу
керек. Ctrl пернесін басып тұрып Тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір
орынға бекітуге болады. Ал квадрат суретін салу үшін, салу барысында Shift
пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет.
Фигураларды бұруға, өлшемін өзгертуге болады. Кез келген сурет бір
немесе бірнеше элементтерден тұратыны белгілі. Осындай бірнеше элементтерді
құрастырып, оларды бір объект ретінде өңдеуге де болады. Бірнеше
элементтерден тұратын топты құру үшін, алдымен оларды ерекшелеу керек,
содан кейін Сурет салу Құрал-саймандар тақтасындағы Топтастыру батырмасын
басу керек.
Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға
шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстінгі жағында шығарылады (формалар
немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің
бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б.) шығару үшін
осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз.
Мысалы, form1.Canvas.Restangle (10, 10, 100, 100);
Бет (Холст)
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты
бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке
нүктелерден – пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (х) және тік
(у) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін
әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен
контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен
бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға
Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және
TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын
графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі (контуры);
Width – түзудің қалындығы (пиксель бойынша);
Style – түзудің түрі.
Pen.Color қасиетіннің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды
қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon,
clNavy, clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot – пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік
түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas. Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды
бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады. Қылқалам объект сияқты
екі қасиетке ие:
Color – тұйық облысты бояйтын түс;
Style – аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.Color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен TСolor типті
атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды :
bsSolid – біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденен штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiagonal – ілгері қарай көлбеген диагоналдық штрих.
Мәтінді шығару
Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі
қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде
болады:
Объект.Canvas. TextOut(x, y, Текст);
Мұндағы х, у – шығатын мәтіннің координат нүктелері; Текст – айнымалы
немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара
координаттарын, PenPos қасиетін пайдыланып алуға болады, мысалы:
TextOut(PenPos.x, PenPos.y, (‘руб.’);
Қарапайым графиктерді сызу әдістері
LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орнынан координатасы
көрсетілген нүктеге дейін сызады.
Объект.Canvas.LineTo(х, у);
MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады:
Объект.Canvas.MoveTo(х, у);
Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәндеріне
тәуелді болады):
Объект.Canvas.Ellipse(x1, y1, x2, y2);
Мұндағы х1, у1, х2, у2 – ішіне эллипс сызылатын тіктөртбұрыш
координаттары.
Arc әдісі доға сызады:
Объект.Canvas.Arc(x1, y1, x2, y2, х3, у3, х4, у4);
Мұндағы х1, у1, х2, у2 – эллипс параметрлері, эллипс бөлігі яғни
сызылатын доға болады.
Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:
Объект.Canvas.Rectangle (x1, y1, x2, y2);
Мұндағы х1, у1 және х2, у2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астынғы
тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.
FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен
тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл
структуранының TRect типі. Мысалы:
var
R :Rect(20, 20, 150, 150);
with Canvas do
begin Brush.Color:=clRed; FillRect(R); end;
end;
Canvas объектінің қасиеттері
Айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін
Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана
отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады.
Мысалы, нұсқауы
Form1.Canvas.Pixels[10, 10] :=clRed;
форм бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.
Мысал1. Форма бетіне олимпиялық жалау суретін салайық. Объектіні Image
компонентінің үстіне шығарамыз. Формаға Image, button1 компоненттерін
орналастырамыз. Button1 компонентінің Caption қасиетіне сурет салу мәнін
енгіземіз. Button1 компонентінің Onclick оқиғасын құрамыз. Коды:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
with Image1.canvas do
begin
pen.Width:=1;Pen.Color:=clblack;
brush.Color:=clcream;Rectangle(30,3 0,150,115);
pen.Width:=2;brush.Style:=bsclear;
Pen.Color:=clblue;ellipse(40,40,80, 80);
Pen.Color:=clblack;ellipse(70,40,11 0,80);
Pen.Color:=clred;ellipse(100,40,140 ,80);
Pen.Color:=clyellow;ellipse(55,65,9 5,105);
Pen.Color:=clgreen;ellipse(85,65,12 5,105);
end;
end;
2. ҚОСЫМША ҚҰРЫЛҒАН ОРТА

мағлұмат
Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі -
бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа
және объектілі-бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау
тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi, Borland
C++ for Windows.
Объектілі-бағдарлы программалау тілінде программаның жұмысы оқиғалар
тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады.
Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі
негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде
Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual – көзбен көру,
экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны
дайындауға болатын жылдамдығы тез қуатты тіл.
Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары
бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді 5, 6, 7-
нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, үшеуі де Windows 32
операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6, 7-де интернет үшін
қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілген қоры мен жұмыс
істеуде өзгешіліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және
объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр
қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол
жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады.
Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component
Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті
стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, осы
панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация,
мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа
офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-
әрекеттерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо
Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға,
қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану
және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
1. Delphi программалау ортасы
Қолданбалы программаны Delphi-де құру IDE прогораммалау ортасында
қолданады. Бұл ортадағы құралдар арқылы қолданушы программалық интерфейстік
бөлігін құрып, және программалық кодтарды басқару элементтерімен
байланыстыра алады. Delphi7 ортасы көп терезелі жүйе тәрізді. Оны жүктеу
үшін
ПускПрограммаBorland Delphi7Delphi7
командасын қолданамыз. Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда
болады.
1. Негізгі терезе (Project)
2. Объектілер инспекторының терезесі(Object inspector)
3. Форма конструкторының терезесі(form1)
4. Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)
Қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс
жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын
ауыстыруға болады. Көп терезелері болғанмен Delphi7-де тек қана бір уақытта
бір проектімен жұмыс жасауға болады. Проекті негізгі терезе тақырыбында
жазылады. Негізгі терезеде мыналар орналасқан:
• Негізгі меню
• Саймандар тақтасы
• Компоненттер палитрасы
Негізгі менюде Delphi-дегі формалардың орындау командасында тұратын
жинақтар жиыны. Саймандар тақтасында негізгі менюдегі жиі қолданылатын
командаларды шақыруға арналған түймешелер орналасқан.
1. Standart
2. View
3. Debud
4. Custom
5. Decktop
Саймандар тақтасын реттеуге ол үшін терезенің оң жақ бөлігінде
компоненттер орналасады. Формаға қойылған элементтер компоненттер деп
аталады. түріне қарай компоненттер топтасатын және әрбір топ жеке
жапсырмаларда орналасқан. Жапсырмаларда компоненттер жеке пиктограмма
түрінде берілген. Оны формаға қою үшін тышқанның сол жағымен түртіп таңдау
формадағы орынды көрсету қажет.
Төмендегі тапсырмалар қаралған.
• Стандартты
• Қосымша
• Windows 32 разрядты интерфейсі
• System
• Data Access
• ADO-Activ
2. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі.
Delphi -де дайындалатын программа проект немесе жоба деп аталады. Форма
– программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі.
Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді.
Проект құру үшін формаға компоненттер политрасында орналасқан түрлі
компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін.
Оны экранға шығару үшін Viev-Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компонентердің түрлі қасиеттері бар.
Қасиет (Cипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің
түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма
қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда
орналасуы, түсі, т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы
сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір
қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object
Inspector) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні
таңдап алу керек. Инспектр терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект
атауыда жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың
алғашқы терезесі көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties
(қасиеттер) және Events (оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген
жазулардан тұратын оның Properties ашулы тұрады. Бірінші бағанда
көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға жазылғандар – олардың
мәндері
Форманың кейбір қасиеттері:
Name (атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі
қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеу барысында Delphi объектіні осы
атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы
рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін
қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан
теріледі.
Font (шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап,
оң жағында көрінетін көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде Windows-тің
сұхбаттық Шрифті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей қажетті
шрифт типін өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz,10), ОК түймесін шерту керек.
Caption (тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілеиін мәтін.
Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп
қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
Color (түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң
жағындағы тіл сызық түймесі көрінеді. Тіл сызық түймесі – қасиет мәнінің
бірнеші екенінің белгісі. Тіл сызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер)
терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес
түске боялып қойылады.
Width (ен), Height (биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген
форманың биіктігімен енін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан
кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады). Экранда
қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін Viev-Object Inspector
инспектр командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де
көрінеді.
2.2 Delphi ортасында қосымшаны құру
Delphi-де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға-
программаның жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке
жауап беретіндей өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен
формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті
тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады.
Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны-35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне
енгізілген. Терезе оқиға атауларының алдына On префиксі (қосымшасы)
тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
On Click - тышқан түймесін бір рет басу;
On Dbl Click - тышқан түймесін екі рет басу;
On Key Down - клавишті басу;
On Create - форманы екі рет шерту; т.б;
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген
проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілген модуль. Олар
жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді
орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программалар
мәтінінің программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код
терезесі деп атайды. Формадан код терезесіне өту және код терезесінен
формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Форманы екі рет шерткен
кезде код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген. Оқиғаға
байланысты құрылатын процедура оқиғаның өңдеуіш не оқиғаның өңдеу
процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedureатау(Sender:TObject);
сипаттау бөлімі
begin
процедура денесі
end;
Мұндағы Sender - құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін
анықтайтын параметр.
Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесіндегі
барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
Процедулара мен функциялар
Программаларда кейбір операторлар бөлігі программаның әр жерінде
қайталанып кездесуі мүмкін. Осы қайталанып кездесетін операторлар бөлігі
ішкі программалар түрінде келтіріліп және ішкі программаны шақыруды
ұйымдастыру керек. Ішкі программа-бұл үлкен емес программа, яғни жалпы
есептің бір бөлігін шешуге арналған. Әрбір ішкі программаның аты болады, ол
программада ішкі программаны шақыру үшін қолданылады. Ішкі программаларды
құру үшін процедулар мен функциялар қолданылады.
Ішкі программалардың параметрлері болады. Олар формальді және нақты
параметрлер деп бөлінеді. Функцияны сипаттау бөлігінде көрсетілген параметр
формальді деп аталады. Процедураны шақыру инструкциясында көрсетілген
параметрлер нақты параметрлер деп аталады. Парамтерлер ішкі программаға
мәліметтер жіберу үшін және ішкі программа нәтижелерін алу үшін
қолданылады.
Функция.
Функция-бұл ішкі программа аты бар инструкциялардың тізбегі. Функцияны
шақыру жалпы түрде былай жазылады:
айнымалы:=функция (параметрлер);
1) айнымалы – функция есептеген мәнді меншіктеуге арналған айнымалының аты;
2) функция – функция аты;
3) параметрлер – формальді параметрлер тізбегі, фукнция мәнін есептеу үшін
қолданылады.
Төмендегі ескертулерге көңіл бөлу керек:
1. Функция мәні меншіктелетін айнымалының типі, функция типімен сәйкес
болуы қажет.
2. Әрбір функция үшін параметрлер саны және типі анықталған болады.
Жалпы түрде функцияны сипаттау төмендегідей болады:
Function аты (1- параметр: 1- тип, ..., к - параметр: к - тип): Тип
Var
жергілікті айнымалыларды сипаттау;
begin
функция инструкциясы;
аты:=өрнек;
End;
Function- Delphi ортасының қызметші сөзі, бұл сөзден кейін функция
инструкциясы жазылады.
Параметр – функция мәнін есептеу үшін қойылатын айнымалы.
Аты – функция аты программадан функция инструкциясын ауысу үшін
қойылады.
Тип – функция мәнінің типі.
Процедура
Ішкі программа мына екі жағдайда процедура түрінде болады:
1) Ішкі программа негізгі программаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған
жағдайда процедура түрінде болады.
2) Ішкі программа оны программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура
түрінде болады.
Жалпы түрде процедураны сипаттау:
Procedure аты (var 1- параметр: 1- тип;..., var к – параметр: к – тип).
var
жергілікті айнымалыларды сипаттау;
begin
процедура инструкциясы жазылады;
End;
к – параметр – формальды параметр, ол процедура ішінде қолданылады.
Процедураны шақыру.
Аты (параметрлер тізімі);
Аты – шақырылатын процедураларды
Параметр тізімі – үтірмен ажыратылатын нақты параметрлер.
Жобаның құрлымы.
Жобаның файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен
өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады
және ол бірнеше жолдардан тұрады.
Delphi ортасын іске қосыңыз, Project=View Source опцияларын орындау
арқылы келесі терезені шығарыңыз:
Бағдарлама Program сөзінен басталып, End сөзі қойылған нүктемен
(терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер
әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және
жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме
ретінде қолданылады. Сонымен қатар түсініктемені көрсету үшін “(* *)”
немесе “” белгілерін қолдануға болады.
Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден “$” белгісі тұрған)
түсініктеме емес, ол компиляторға берілген нұсқау болып табылады. Мысалы,
жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы – бағдарламаны ресурстар файлын қоса
есептегенде компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.
Program сөзі және кейін анықталған бағдарламаның атауы – бағдарламаның
тақырыбы деп саналады.
Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем бағдарламаның осы сөзбен
анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса есептегенде
компиляциялау екендігін хабарлайды. Жобаның файлымен бірге стандартты Forms
және бағдарламаушы өзі құрастырған 'Unit1.pas' файлындағы Unit1 модульдерін
біріктіре отырып, компиляциялау керектігі туралы берілген нұсқау.
Осындай нұсқаудан соң бағдарламаның денесі орналасады, ол Begin сөзімен
басталып End және одан кейін қойылған нүктемен аяқталады. Қарастырылып
отырған бағдарламаның денесі үш орындалатын операторлардан құралған:
begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TfmExample, fmExample);
Application.Run;
end.
Әр оператор Application (қосымша) объектінің белгілі бір шақыру жұмысын
атқарады.
Object Pascal -да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды
өңдеуде қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және
біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін атайды. Объектінің
берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы
мүмкін. Объектінің ішкі бағдарламаларын әдістері деп атайды.
Объектілік типтердің негізгі ерекшелігі болып, ол объектінің
өрістерімен бірге қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі
бағдарламалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы
табылады. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция
– берілгендерді өңдеудің алгоритмдерін бір бүтін құрылымға біріктіру деген
тұжырым.
Объектілік типтердің негізгі қасиеттері – функционалды толықтығы және
өрістермен әдістерінің бір-бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламаның бөлек
бір тәуелсіз бөлік ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай
объектілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл
принципті объектіге бағытталған бағдарламалау тәсілдері деп атайды.
Қарастырылған мысалдағы Application объектінің құрамына Windows-тің
бағдарламасының жұмысын ұйымдастыратын көптеген берілгендермен ішкі
бағдарламалар кіреді. Жалпы Delphi ортасы кез келген жаңа жобаның
Application - объектілік бағдарламасының автоматты түрде қарастырылады.
Initialize әдісі арқылы бағдарлама Windows-тің басқаруымен әртүрлі
көмекші жұмыстарды орындайды. Application.Initialize әдісі шақырылғанда
компилятордың құрастырған коды процессорды Delphi ортасының даяр тұрған бір
үзіндісін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz