Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы


РЕСЕЙДЕ ТӘРБИЕ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРДІҢ ДАМУЫ
(Ерте кезден бастап, XVIII ғасырға дейін)
§1. Киев және Москва мемлекеттеріндегі балаларды төрбиелеу мен оқыту.
§2. Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.
§3. XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.
§1. Киев және Москва мемлекеттерінде балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Ертедегі славяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өскелең ұрпақты тербиелейді. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.
Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы көмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Отбасында және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қауымның аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.
Балаларды адамгершілікке тербиелеуде шығыс славяндардың, оның бай ауыз өдебиеті ерекше рөл атқарды: ертегілер, өлендер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе, ерине, халық түйген түжырымдар, ғасырлар бойы зерделік үқышылықпен сүрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, үстаздық ойлар болса керек-ті. Бүл - халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бүлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауыздан-ауызға, үрпақтан-үрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік қүбылыстармен таныстырады, оларға отбасылық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.
Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларда отанына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.
Орыстың ұлы классик - педагогі К. Д. Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: "Ол халық ауыз әдебиеті шығармаларынан орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көруге болады".
IX ғасырда Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. X ғасырдың аяғында княздердің енгізген ресми мемлекеттік діні - христианство - осыған көмектесті.
Княздер мен шіркеу халық арасыңца аударма жинақтарды таратты, онда әртүрлі діни әдебиеттерден алынған мақалалар мен педагогикалық сипаттағы үзінділер болды. Балаларда құдайдың алдында қорқыныш сезімін тәрбиелеу, үлкеңдердің, дшиелерінің және бастықтардың еркіне бағыну ұсынылды. Балалардың жас кезінен бастап, діни салттарды орындау, құдайға құлшылық ету, ораза ұстау тәрбиенің құралдары деп есептелді.
XI ғасырда Киев мемлекетінде жасақшылардың, боярлардың, княздердің арасьшан білімді адамдарды даярлау үшін мемлекеттік мектептер ашылды. Княздар мен шіркеу діниелерін даярлайтын мектептер ұйымдастырылды.
Орыс мемлекетінде сауаттылық жоғары бағаланды. Орыстың батырлар жырларының барлық кейіпкерлерінде батырлар сауатты адамдар ретінде бейнеленеді.
XII ғасырдың басындағы тамаша әдеби-педагогикалық ескерткіш больш табылатыны "Владимир Мономахтың балаларына өсиеті". Ақылды мемлекет қайраткері Владимир Мономах балаларының батыр, ержүрек, өз жеріне берілген болып өсуіне қамқорлық жасады. Ол білімге және кітапқа құрметпен қарауды балалары бойына сіңіруге ұмтылды, бес тілді меңгерген жөне ол үшін шетелден құрметке ие болған өз әкесіндей болуға еліктеу қажет екендігін айтты.
Мономах тәрбиенің негізіі мақсаты - балаларға құдайдың және діниелерінің алдында қорқынышты сендіру, православиялық шіркеудің әдет-ғұрыптарын қатаң орьщдауды үйрету. Владимир Мономах балаларына қалай өмір сүруді үйретті. Балаларынан Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, батыр, ержүрек болуды талап етгі. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болуды үйретті. Сонымен қатар "Владимир Мономахтың балаларына өсиеті" Киев мемлекетінің өмір сүрген кезінде Ресейде мәдениет пен педагогикалық ой-пікір дамуының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейтін тамаша дерек болып табылады.
Орыс княздіктері екі ғасырдан астам уақыт мощол-татар басқыншыларының қоластында болды. Басқыншылар орыс халқын қайғы-қасіретті басынан кешіруге мөжбүр етті. Көптеген материалдық жөне мәдени құндылықтар жойылды. Басқыншылар ертедегі орыс қалаларын жоқ қылып жіберді, сонымен қатар қаншама кітапханалар, мектептер, кітаптар, ескерткіштер, көптеген мөдени құндылықтар жойылып кетгі.
Бірақ, археологиялық қазбалар көрсеткендей, тіпті осы қиын кезеңнің өзінде орыс мөдениеті одан әрі дами түсті, жергілікті халықтардың арасында сауаттылық жан-жақты таралды, өсіресе, солтүстіккняздіктерде, мысалы: Новгород жерінде, Тверь және Владимир княздіктерінде, жаңа күшейіп келе жатқан Москва княздіктерінде.
Халық арасында сауаттандырумен айналысқан адамдар "сауатгьілық шеберлері" деп аталды. "Сауатгылықшеберлері" баланың әкесімен немесе туысқандарымен келісім бойынша өз үйінде немесе оқушының отбасьшда сауаттыльщқа үйретгі. Кей жағдайда сауагшлық шеберлерінде біруақытга бірнеше бала оқыды, сонымен шағын мектептер ұйымдастырылды. Әліппеге, діни оқуға үйретті, халық ауыз әдебиетінің шығармаларьш пайдаланды.
Батыс Еуропа мектептерінен айырмашылығы, егер онда барлық оқыту латьш тілінде жүргізілсе, Ресейде сауатгылыққа оқыту ескі славян тілінде іске асты, оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне жақын болды.
Москва қаласының төңірегіне орыс княздіктерінің саяси бірігуі, бірыңғай орталықтандырылған орыс мемлекетінің ұйымдасуы товар-ақша қатынастарының және қалалардың өсуінің күшеюіне, Ресейде қолөнер мен өнеркәсішің, мәдениеттің және ағарту ісінің дамуына көмектесті.
ХУ-ХУІ ғ. Москвада дарынды шеберлер тамаша ғимараттарды тұрғызды, олар қабырғаларында бейнелеу өнерінің керемет өрнектерімен безендірілді. Монастырлар мен княздіктердің сарайларында кітап сақтайтын орындар жасалынды, көптеген грек кітаптары алынды, оның кейбіреулері ескі славян тіліне аударылды.
XVI ғ. Москвада кітап бастырып шығару пайда болды, кептеген кітаптар оның ішінде оқулықтар басылды, мектептер ашылды. XV- XVI ғ. ғ төрбие туралы анық түсінік беретін ескерткіштердің бірі - "Домострой". Онда бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық, отбасылық жене шаруашылық қатынастары бейнеленген. "Домостройда" көптеген және әртүрлі христиан діні моралінің ережелері айтылады. Балалардан құдайға сүйіспеншілікті, оның алдында қорқынышты төрбиелеуді, діниелерін қастерлеу, сөзсіз үлкендерді сыйлауды талап етті. Сонымен қатар балаларды кішіпейілділікке, үй жұмыстарына жөне қолөнерге оқыту, аналар қыздарын үйрету, ал әкелері - балаларын үйрету ұсынылды.
§2. Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер
XVI - XVII ғ. халық ағарту ісінің тарихына құнды үлес қосқан тамаша оқиға болып табылатын Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептердің пайда болуы. "Туысқандық" - бұл орыс, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының рөлін атқаратын ерекше бірлестіктер. Ресейдің Батыс жөне Оңтүстік - Батыс жерлері ол кезде Полыда - Литва мемлекетінің құрамында болатын-ды. "Туысқандық" бірлестігі поляк пандары мен католиктік діниелеріне, олардың поляктаңдыру жөне католик дінін енгізу мақсатындағы ұмтылыстарына қарсы бағытталған әртүрлі шараларды іске асырды. Солардың ең негізгілерінің бірі - православие діні және туысқандықтың ұлттық төуелсіздігі үшін католиктік шіркеуге қарсы күресте өз мектептерін ашып, оны кеңінен пайдаланды. Жарғысы бойынша, туысқандық мектептерге барлық сословиенің балалары қабылданды.
Мектеіггің жарғысы мұғалімдерден балаға ерекше мән беру жөне ізгілікпен қарау, олардың арасында ата-аналарының жағдайьша қарай айырмашылық болмау керектігш талап етті. Қатаң, "тирандық" жазалауға тыйым салынды.
Туысқандық мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі қалыптасты, мектепте ойластырылған өдістемелік жұмыстар іске асырылды. Мектептерде жеке оқыту емес, оқушылардың топтық оқытуы ұйымдастырылды. Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептерінде сынып-сабақ жүйесі қалыптасты.
1586 жылы бірінші украин туысқандық мектебі Львов қаласында пайда болды. Одан кейін Виленск, Брест, Могилев, Луцк, Киев және басқа да Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептер ашылды. Туысқандық мектептердің ректоры және мұғалшдері туысқандықтың жалпы жиналысында сайланыдды.
Туысқандық мектептерде бірінші орынға славян тіліне оқыту қойылады. Сонымен қатар грек және латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика оқытылды. Осы пәңдердің толық курсы ірі қалалардағы (Львов, Луцк, Могилев, Киев) туысқавдық мектептерде оқытылды.
Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептері тәжірибесінде тәрбиенің негізгі құралы ретінде халық ауыз әдебиеті пайдаланылады. Мектеп өмірін дұрыс ұйымдастыру, сьшьш-сабақ жүйесінің элементтерін пайдалану, балалардың қатысы мен үлгерімін ескеру дұрыс жолға қойылды. Бүгінге дейін өз мөнін жойған жоқ.
Туысқандық мектептердің демократиялық белгілері өз кезінде алдыңғы қатарлы мектептер ретінде Коменскийдің " Ұлы дидактикасының прогрессивті қағидаларымен үндесіп жатыр.
§3. XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы
XVII ғасырдың екінші жартысында, әсіресе, Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, оңда сауат ашу, ескі славян және грек грамматикасы, риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.
1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары, академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар XVIII ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсеңді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында XVIII ғ. бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов, белгілі жазушы А. Д. Кантемир, архитектор Баженов және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды. 1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретівде академия өз мөнін жойды және діни академияға айналды.
Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбейе түсті. Көп тиражбен әліппелер және т. б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.
Бірнеше рет қайта бастырылып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды. XVII ғ. екінші жартысывда Епифаний Славинецкий "Балалар тәртібінің ережелері" атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.
Епифаний Славинецкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологаялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатыңдығын атап көрсетті.
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙДЕП МЕКТЕП ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ШКІР
§1. XVIII ғ. бірінші жартысывдағы Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой-пікір.
§2. М. В. Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы рөлі.
§3. Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы.
§4. А. Н. Радищевтің педагогикалық көзқарастары.
§1. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой-пікір
XVIII ғ. басывда Ресейдің экономикалық және мөдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы моңғол-татарлар езгісінің салдарына байланысты түсіндіруге болады.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында XVIII ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басывда көрнекті мемлекет қайраткері Петр I тұрды. Өндіріс мекемелерінің құрылысы кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы жөне ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің практикалық механика жөне корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырапия, минералогия, геодезия жөне математика сияқты салалары дамьщы.
Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва обсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуға жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді басьш шығару, бірінші орыс газетін "Әскери және басқа істер туралы хабаршы" шығаруға шешім алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамына жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: навигация - теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғьшым, астрономия, жағырапия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол математикадан алғашқы оқу құралын құрастырған, өз кезінің мөдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды - математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтарды жасаушыларды даярлады.
1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы - теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды.
Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда - навигациялық және грамматикалық мектептер, хирургиялық мектептер де ашылды.
XVIII ғ. басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В. Н. Татищевтің ұйымдастыруымен тау-кен ісі мамаңдарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрылды. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың орыңды ұштасып келуі, болып табылады.
Орыс дворявдары өздерінің құқықтары мен жеңілдікгерін әртүрлі тәсілдермен бекіту жөне кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр I өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінен жабық оқу орындарын ашуға ұрықсат алуға қол жеткізді.
Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік әскери мекеме - кадет корпусы ашыдды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлауға тиіс болды.
§2. М. В. Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы ролі (1711 - 1765)
Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мөні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магаицкийдің арифметикасы болды.
Ол 19 жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбексүйгіштігі және тез қальпггасқан жетістікгері Академия басшыларьшың оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жолдама алады, содан кейін білімін жалғастыру үшін шет елге жіберіледі.
1741 жылдан М. В. Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры больш тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А. С. Пушкин өте орынды бағалады: "Ғажайып күш-жігерді ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының дәмін татты. Ғылымға деген шөлдеу жандүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минеролог, суретші жөне ақын - ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді".
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстану негізін садды. Ол бірінші рет әлемдік ғьшым тарихында табиғаттың негізгі заңы - материя мен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дөл анықтамасын берді.
М. В. Ломоносовтың ғьшымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының - замандастарының мойындауының объективтік делелі болып табылатын оның швеция академиясының құрметті мүшесі (17б0ж. ) жөне Балон академиясының құрметті мүшесі болып (1763ж. ) сайлануы, ал француз ғалымы Н. Леклерктің мойындауынша, М. В. Ломоносовтың есімі "адамзат ақыл-ойының жылнамасында бір дәуірді құрайды" деп жоғары баға берген болатын. Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің "Регламенті" (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.
М. В. Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басьщдағылар университетгі чиновниктер даярлайтын және тек дворяңдарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны реіінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасьш өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан-теңіз.
"Экспериментадцік физика" (латын тілінен аударылған), «Риторикаң, "Ресей грамматикасы" - орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. "Ресей грамматикасымен" орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыды.
§3. Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы
XVIII ғасырдың II жартысыңца көптеген орыс зиялылары арасында М. В. Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде "табиғи ресейліктерден" ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойыдды.
Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастырылуы қажеттігін дөлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени жөне қоғамдық орталығы болып жалғаса берді.
1755 жылы сөуірде М. В. Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия жөне дәрігерлік.
Батысеуропалық университетгерден айырмашьшығы овда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанынан әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр жене т. б. ) құруды қарастырды.
Университет жанынан екі гимназия ашылды. Ол гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі шенді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетге шаруа балаларына білім алу туралы ұрықсат беру қиялы іске аспады. Гимназияда орыс тілі, латын тілі және шет тілдердің бірі, өдебиет, математика жөне тарих жүрді.
М. В. Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму тарихында терең із қалдырған Москва университетін жөне университет гимназиясын құруда еңбегі ерекше.
Москва университетінің жанынан белгілі орыс архитекторы Казаковтың мектебі жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты - "табиғи ресейлікгерден" мамавдар мен құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі орыс архитекторы Баженов, өзі Москва университетін бітірген, ол да мектеп ашып, онда талантты жастарды оқытты.
XVIII ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуға Москва университеті мен гимназияның профессорлары мен оқытушылары елеулі үлес қосты. Университет профессорлары мен оқытушылары, Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты. Өздерінің университетте студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар негізгі педагогикалық мөселелерді ашып көрсетті. Олар оқытудың өдістемелерін талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын жасады.
1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Қазан гимназиялары, сонымен қатар пансиондар үшін мұғалімдер даярлады.
Университетте XVIII ғасырдың екінші жартысында көптеген әртүрлі өдеби және ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Мектептегі білім беруді дамытуда "Типографиялық қоғам" ерекше рөл атқарды, оған жетекшілік еткен белгілі жазушы-сықақшы жене ағартушы-педагог Н. И. Новиков бодцы. Оны ұйымдастыруда ол біршама еңбек сіңірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz