САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

Лекция жинағы Заң факультетінің Ғылыми Кеңесінде

қаралып, бекітілді.

Хаттама “2 ” _10__ 2010ж

А. Ж. Малдыбек

(қолы)

САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ

пәнінің

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

ТҮРКІСТАН 2010

Лекция жинағын аға оқытушы Г. Н. Көшербаева дайындады.

Лекция жинағын кафедраның «01» 09 2010 ж. № 1 мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі, доцент Г. Ә. Баймұратова.

Силлабус Факультет Әдістемелік Кеңесінің «__2_ » __09__ 2010 жылғы мәжілісінде № _1_ хаттамамен мақұлданды.

1-Лекция. Тақырыбы: Сақтандыру құқығының түсінігі.

Жоспары:

1. Сақтандыру құқығының ұғымы.

2. Сақтандыру құқығының пәні.

3. Сақтандыру құқығының жүйесі.

4. Сақтандыру құқығының бастаулары.

Лекция мәтіні: 1. Әр ғылымның не оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Онда ғылымның не оқу пәнінің өзегі -ол зерттейтін мәселелердің ашықтығы болып табылады.

ҚР сақтандыру құқығының пәні дегеніміз қоғамдағы іс-әрекеттердің сақтандыру кажеттіліктері барысында құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, қағидалары сонымен қатар қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және оған жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді.

Жалпы мемлекеттік тілдегі оқулықтардың аз екендігі баршаға мәлім жағдай. ҚР-дағы жаңа экономикалық саясат жағдайында кәсіптік білім беру мазмұны санасының өзгеруі, жалпы білімнің міндетті мемлекеттік стандартының енгізілуі сақтандыру құқығына да қатысты құқықтық қажеттілікті тудырып отыр.

Бұл пән барысынды сақтандыру қызмет заңдарының басты ережелері нарықтық қатынастардың дамуынан туындаған жаңа нормативтік құқықтық актілерге негізделіп жүргізіледі. өйткені курсты зерттеп оқудың маңызды мақсаттарының бірі болып сақтандыруға қатысты құқықтық нормаларды, кейін тәжірибеде заңға дәлме-дәл сәйкес дұрыс қолдануды үйрету болып табылады.

Әрбір құқық саласына қатысты қарастырсақ та алдымен пәні мен қайнар көздеріне және объектілеріне тоқталуымыз қажет. Қандай да бір құқық саласы белгілі іс-әрекетке бағытталуына байланысты пәнін анықтауымызға болады. Ал қайнар көздеріне тоқталар болсақ екіге бөлеміз. Тікелей және жанама. Мысалы, сақтандыруға қатысты тікелей реттейтін нормативтік актілерді тікелей қайнар көзіне жатқызамыз. Сақтандыру объектісі заңды тұлғаның не жеке азаматтардың кез келген жеке не мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі бола алады.

Біз белгілі тақырыпқа көшпес бұрын сақтандыру қызметі туралы 2000 жылдың 18 желтоқсандағы ҚР-ң қабылдаған заңы қандай қатынастарды реттейді соны анықтап алайық. Қабылдаған заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру не қайта сақтандыру ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметтің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету қағидаларын белгілейді.

Сақтандыру қызметін реттеу барысында заңда мынадай термин сөздерінің негізгі пайдаланылуы ұғымдарына тоқталуымыз қажет.

1. Актуарий - бұл сақтандыру ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық қажеттілік есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға.

2. Цедент - қайта сақтандырушы яғни өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын ұйым.

3. Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларын өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, яғни сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор.

4. Ортақ сақтандыру - бірнеше сақтандыру ұйымдарымен бір мезгілде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шатына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және қатынастар.

5. Сақтандыру агенті - сақтандыру ұйымының атынан берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдаодық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.

6. Сақтандыру брокері - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультацялық қызметті өз атынан және сақтаушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

7. Уәкілетті аудитор - мемлекеттік лицензиясы бар сақтандыру ұйымының аудиті жөнінде қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым.

2. Сақтандыру - жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік қорғауы бойынша белгілі бір сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру жағдайы немесе басқа да жағдайлардың туындауы негізінде сақтандыру төлемі арқылы өз активтері есебінен сақтандыру ұйымдарының жүзеге асыратын қатынастар кешенін білдіреді.

Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының жасалуы және орындалуымен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құзырлы мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі.

Сақтандырудың көпғасырлық тәжірибесі мен драмаға толы тарихы оның экономикаға оңды әсер етуінің күшті факторы болып табылатындығын дәлелдеді.

Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді. Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатысушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған елдердің заңдарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:

-сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;

-сақтандыру қоры; - сақтандыру агенті;

- сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;

- уәкілетті аудиторлық ұйым;

- сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге aсырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу секілді бағыттарда көрінуі тиіс.
3. Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбеккежарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынанжиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен
Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары - сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары.
Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық - уақытша ераін ақща қаражаттарын мемлекеттік қарыздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебіне сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу-сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандаруға сәйкес оның құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестіктер, бәсекелес, сақтандыру делдалдары, сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар, кеңес берушілер енеді.

Сақтандыру - бұл экономиканың стратегиялық секторы. Әсіресе, рыноктық қатынастардың даму кезеңінде кәсіпкер өндіріс құралдары мен еңбек құралдарының кез келген кездейсоқтықтардан материалды қорғалғанына сенімді бола отырып, өзінің бар назарын рынок пен бәсеке мәселелеріне ғана аударуына мүмкіндік береді.

Қазақстандағы сақтандырудың даму жолындағы түрлі мәселелер экономикалық ой-пікірдің қалыптасуының тиісті деңгейімен, жоғары білікті мамандардың (кадрлардың) болуымен сәтті шешімін табуы әбден мүмкін.

Рыноктық типтегі экономикада сақтандыру, бір жағынан, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау құралы, екінші жағынан, табыс әкелетін коммерциялық қызмет ретінде байқалады.

Сақтандырушының табыс көзі - өзінің жеке сақтандыру қызметі (негізінен, сақтандыру төлемдері есебінен), сондай-ақ материалдық өндірістің перспективті объектілері мен кәсіпорынның акциясы, банктік депозиттер және т. б. осы сияқты өндірістік емес салаларға уақытша бос ақшаларды инвестициялық салымдарға жұмсау.

Осылайша, сақтандыру рыноктық қатынастың қатысушыларының мүліктік мүдделерін қорғап қана қоймайды, сонымен қоса, экономикалық қызметке күшті психологиялық мотивация, табыс алу құлшынысын, тәуекел етуге түрткі болады, сондай-ақ рыноктық экономика шарттарында шаруашылық активтерді жігерлендіретін маңызды фактордың қызметін атқарады.

Сақтандыруға кірістерді қайта бөлу, материалдық заладардың орнын толтыру үшін жинақтау және сақтанушылардың мүліктік мүдделерін қорғаумен байланысты экономикалық қатынастар тән.

Солайша, сақтандыру қаржы категорияларының құрамдық бөлігі болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттайтын белгілерді былайша бөліп көрсетуге болады:

- Сақтанушылардың төлем есебінен және сақтандыру жағдайларының орын алуы жағдайында сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жасаумен мақсатты сақтандыру қорының қалыптасуын іске асыратын сақтандырушы мен сақтанушылардың арасындағы қайта бөлінетін ақша қатынастарының болуы;

- Сақтандырудың қатысушыларының арасындағы жинақталған залал сомасымен

байланысты жабық түрде қайта бөлу қатынастары. Залалдың жабық жинақтылығы сақтандырудың тиісті нысаны бойынша қатысушылардың санынан жағдайлардың көпшілігінде зардап шегушілер санының азырақ болуының статистикалық мүмкінділігіне негізделген;

- Сақтандыру қорының құралдары оның қалыптастырушы қатысушыларының арасында ғана пайдаланылатындықтан, сақтанушылардың сақтандыру салымының көлемі тек жиналып қалған залал көлемінде олардың әрқайсысының үлесін білдіреді. Сондықтан, қатысушылар санының нақты сақтандыру нысаны бойынша көп болуы олардың әрқайсысына сақтандыру салымының көлемінің аз болуы мен сақтандыру процедурасының әсерлірек, тиімдірек болуын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде сақтандырудың спецификасы:

  1. белгілі бір жағдайдың (сақтандыру жағдайының) кездейсоқ болу сипаты мен осы жағдайдың әкелген зардап көлемімен;
  2. сақтандыру қорларының қалыптасуына көмектесетін болуы мүмкін залалдың бағалануы мен сақтандыру тарифтерінің мүмкінділігімен;
  3. мүдделі тұлғалар арасындағы сақтандыру салымдарының (төлемдер, сыйақылар) жоғарылығының әртүрлі жинақталуымен;
  4. сақтандырушының сақтанушыға қорға түскен салымдарының (сақтандырудың тәуекелге сүйенбеген түрлері) бөлік-бөлік қайтарылуымен байқалады.

Сақтандырушының сақтанушыға ақшасын жекелеп қайтару белгісі қаржылық ғана емес, сонымен қоса ішінара несие категориясы бола отырып сақтандыруды несиелеу категориясына жақындата түседі.

4. Сақтандыру мәселесін реттейтін заңдар. Сақтандыру мәселесін реттейтін заңдар осы уақытқа дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан «Сақтандыру туралы» заң күші бар Жарлығы саналды. Ал 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Осы нормативтік құқықтық актіде сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар көбіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 803-845 баптарын қамтитын 40-шы «Сақтандыру» деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің де бірқатар саны бар, олардың арасында 1996 жылдың 31 қазанында № 1319 ҚР Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 460 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер ҚР 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңында мазмұндалған. Сонымен қатар сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңында да бекітілген.

Бақылау сұрақтары:

1. Сақтандыру құқығының ұғымы.

2. Сақтандыру құқығының пәні.

3. Сақтандыру құқығының жүйесі.

4. Сақтандыру құқығының бастаулары.

2-Лекция. Тақырыбы: Сақтандыру құқықтық қатынастары.

Жоспары:

1. Сақтандыру құқықтық қатынастарының түсінігі.

2. Сақтандыру құқық қатынастарының объектілері.

3. Сақтандыру құқық қатынастарының субъектілері.

4. Сақтандыру құқық қатынастарының пайда болу негіздері.

Лекция мәтіні: 1. Сақтандырушы болып сақтанушылармен сақтандыру шартын жасасқан немесе заң негізінде сақтандырушы болып табылатын заңды немесе әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлғалар табылады. Сақтандырушылар соңғысының пайдасына үшінші жақтың (сақтандырылған тұлғалардың) сақтандырылуы туралы сақтанушымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

Сақтандырушылар сақтандыру шартын жасасу барысында жеке не заңды тұлғаларды (пайда алушыларды) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алу үшін тағайындауға, сондай-ақ сақтандыру жағдайының болуына дейін оларды өз қалауы бойынша ауыстыруға құқылы.

Егер сақтандырушы сақтандыру шартын өз пайдасына жасаған болса, онда ол бір мезгілде сақтанушы да болып табылады.

Сақтанушы болып кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда сақтандыру қызметін (сақтандыру ұйымдары және өзара сақтандыру қоғамдары) жүзеге асыру үшін құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға заңды тәртіппен лицензиясы бар заңды тұлға табылады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер сақтандырудың объектісі бола алады:

- сақтандырушының немесе сақтандырылған тұлғаның (жеке

сақтандыру) өмірімен, денсаулығымен, еңбекке қабілеттілігімен және зейнеткерлік қамтамасыздығымен байланысты;

- мүлікті иеленумен, пайдаланумен, оған билік етумен (мүліктік

сақтандыру) байланысты;

- тұлғаның өзіне немесе жеке тұлғаның мүлкіне, сондай-ақ

заңды тұлғаға келтірілген залалдың орнын толтырумен (жауапкершілікті сақтандыру) байланысты.

Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады :

  1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
  2. әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру;
  3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамлдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тән болып табылады:

- қатынастардың ықтималдық сипаты;

- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда- мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша- ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша- жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша- жинақтаушы және

жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру- заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырулдың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - талаптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасау мен орындауға байланысты Қазақстан республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.

Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру.

Аннуитет сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын көрсетеді.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру (қауіп-қатерлер) азаматтық - құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақьық төлемді жұзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

3. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.

Кәсіпкердік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісім шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелердің бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінене болған залалдар тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтануның кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болып табылады.

Өмірді сақтандыру - азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады.

Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай -ақ шартта аталған басқа (сақтандырылмаған) адам (тұлға) сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты және мүліктік, жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделелетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т. с. с.

Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудың басқа ерікті нысанда жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Жалға алу шарты
Сыртқы экономикалық келісімдер
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz