Ұлы еңбек - ұлы дерттен


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұлы еңбек - ұлы дерттен

Философтардың тағдырын былай қойғанда, тыныс алу мүшесінің өзі ішкі қайшылықтардан құралады. Таңданатын түгі жоқ, ой текетіресімен таңды атырып, күнді батыру олар үшін хобби! Бұлақтың суындай бұрқылдап ми ғаламшарынан шығатын «күрделі сауалдардың» сылдыр суын қайда ағызып, қайда жөнелтерін білмей, санасын сансыратып, ойларын ойсыратары бар. Сүйтіп, сай-жылғалардан бөгетсіз, аман-есен «концепция» өзеніне жөнелтері бар. Олардың қай-қайсысын алмаңыз, негізінен әлем жаратылуының себебін білуге келгенде сұмдық! Төңкеріліп түсе қалатын «ашқарақ», ой-идеяға тойымсыз. Ми «асқазаны» тойдым, болдым дегенді тісінен шығармайды. Қайта керісінше, «Сократтық танымның құдіреті мен қуанышын бір рет сезінген адамға осы танымның түбіне жеткісі келетін құмарлықтан басқа өмірдің еш қызығы болмайды. » (Ницшенің сөзі) дегендей, мұның ақырына жетпей тынбайтын жанкешті мақсаттың басыбайлы тұтқынына айналады. Философия гректер айтатындай даналыққа құштарлық, таңдану ғана емес, танымқұмарлық, білімге қомағайлық. Идеялизм, эзотеризм, мистисизм т. с. с араласқан «наурыз көжені» тостағанымен қотарып, қылғыта салу олар түк емес. Зерденің «асханасы» бар, дарқан, бәрін сиғызады, бәріне орын береді. Тіпті парадоксы сол, бұл асты сыпырып соға бересің, жей бересің, еш тоймайсың, еш жалықпайсың. Аурудың бір түрі ме дерсің. Жақсы мағынада айтсақ, ой, зерде, таным, сезім ауруы. Олардың біразы негізінен азапты шығармашылықтан емес, жанкештіліктен көрді. Философияның иісі мұрнына бармайтын қара күштің «данышпандары» біразын оққа байлап, отқа айдап таным құштарлығын сөндірмекші болды. Бірақ жеңе алмады. Жеңу мүмкін емес еді. Себебі олар әлем алдында ақырғы демі таусылғанша алыса алатын мықтылығын дәлелдеді.

Кейбір ғалымдар бүй дейді: «Философтар негізінен романтикалық ақыл айтады. Адамның өмір сүруіне пайдасы жоқ абстракциялық нәрселерді көкиді. Ойымен иррационалды суреттер салады». Қалай десек те, кінәлау философиядан хабары жоқтардың мағынасыз дақпырты. Тарихта жанкешусіз жасалған философиялық ағым болған емес. Және олар идеяларды аспаннан алмайды. Олар да белгілі бір көзқарас иелері. Олар да өзіне дейінгі философияның «құрсағынан» жарып шыққан. Бірақ, «анасына» тартпай, жалпыадамзаттық мәселеге үн қосуда «ақсаңдап», шикі ой тастауы мүмкін, алайда, кең дүниетанымын, құнды еңбегін ешбір оқырман жоққа шығара алмақ емес. Себебі қай заманда да адамзат солардың көмегімен өмір туралы түсінігін кеңейтті. Әңгіме Батыс философтары төңірегінде болып отыр.

Белгілі орыс философы В. С. Соловьев философиямен қатты ауырғандардың бірі. Тіпті шаңырақ құру, үбірлі-шүбірлі бала-шаға өсіріп, ел қатарлы тату-тәтті өмір сүруді құрбандыққа шалған. Оның орнына А. Блоктың сөзімен айтсақ, «қайда жүрсе де қолынан үлкен қоңыр май шамын тастамай», адамзаттың тағдыры қайда болса, ол сол жақтан табылатын. Өзі отбасылық өмірдің дәмін татпай, жалғыздықтың мәңгілік азабын арқалай отырып, отбасы ғылымынан білетін бар құндылықтарды құлшына дәріптеп, семьялық өмірді жеріне жете насихаттады. Бердяев те «сау» емес. Философияның бірнеше ағымдарымен, бірде еркіндікпен, бірде экзистенциялизммен, тағы бірде басқа «измдермен» ауырып, ішкі ой қақтығыстары салдарынан тезистерін, пікірлерін көп өзгерткен. Дегенмен еңбектерін қызығып оқисыз. Жан сырын, сезім күйін ақтарып жазады. Романтикалық ыстық сезімге беріліп те кетесіз. Оның махаббаты - еркіндік. Өзін «еркіндіктің философымын» дейді. Адамды еркіндігінен айыратын құндылықтарды әшкерелеуді өзіне басты міндет етіп қойған болуы керек, «мен еркіндіктен бас тартуға ешқашан да келіскенім жоқ. Еркіндік азап тудыратынын мен білдім, еркіндіктен бас тарту азапты азайтады. Еркіндік оның жаулары ойлайтындай жеңіл емес, еркіндік күрделі. Ол ауыр жүк. Сондықтан ғой, адамдар өздерін жеңілдету үшін еркіндіктен бас тартады» - дейді. Бұл Бердяев философия тарихында өзіндік өшпес қолтаңбасымен қала алды.

Негізі экзистенциялизмнің өкілдері жекешіл ойшылдар. Олар әлем сыртына емес, адам ішіне көп үңілді де қоғам проблемаларын шешусіз қалдырып, шетке ысырды. Бірақ, адам болмысының қыр-сырын егжей-тегжейлі зерттеуде экзистенциялисттерден асып түскен ағымды көрген жоқпыз. Экзистенциялисттер өмірдің көпмәнге ие екенін, оның ауқымы кеңдігін, адам өмірінің мәні, оны танудың құралы ретінде жүздеп-мыңдап анықтама берді. Бірақ, кейбір өкілдері шалыс қимылға барғаны рас. Жан Пол Сартр сыртқы әлемнің ырду-дырдуына құлақ түрместен, тек сананың ішкі құрылымына көп көңіл бөлген. Эксперимент ретінде өз санасын алады әдеттегідей. Соның нәтижесінде, елестету дегенді «сана құрсағынан» суырып шығарып, философиялық маңызды мәселе етіп көтерді. Дертінің түсініксіздігі сол, елестетуді ол сананы тазартатын сиқырлы құрал дейді. Болса болар. Елестетіп көріңіздер!

Альбер Камюдің ауруы ешкімге ұқсамайды. Дерті асқынып, мағынасыз сырқатқа айналып кеткен деуге толық негіз бар. Оның философиясында танымға құштарлықтан гөрі жиіркеніш басымдау. Абстрактылы зерденің көмегіне сүйенеді көбіне. «Бүлікшіл адам» атты еңбегімен әлемді дүр сілкіндірді. «Бүлікшілдік» теориясын қару етіп пайдаланған ол, аспандағы «өмір» деген дөңгелек айды бір оқпен атып құлатады. Бүлік шығаруды мың жерден ақтағанымен, айналып келіп тірелер қазық - автордың философиялық күйзелісі мен жанын жегідей жеген ой дерті. Ақиқатты тапқан жоқ. «Бүлікшіл адамға даналықтың ешқайсысы жұбаныш бола алмайды» - деуі бекер емес. Билеушісінен айырылған ғалам (ол кезде ойшылдар осылай қайғырды) құнарсыз, мағынасыз, түкке тұрғысыз Сондықтан ғой дейміз, ішінде ұлыған күмәндары сыртқа бүлік болып шыққаны. «Бүлікшіл адам» туралы Камю былай дейді: «Бұл кітап көп шу көтерді. Және менің достарымнан гөрі жауларымды көбейтті. Дүниедегі барлық адамдар секілді, мен де жауларымның болғанын қаламаймын. Дегенмен де, егер маған кітапты қайта жазуға тура келсе, мен сол күйінде жазар едім. Барлық кітаптарымның арасында ол маған ерекше қымбат». («Өмір сүру философиясы», 11 том, ауд Қ. Әлжан) Солай-ақ болсын дерлік, автор неге бәрібір шығарманы осылай жазатынын қадап айтып отыр? Себебінің шет жағасын біз жоғарыда айтып өтті. Күйзеліс, дерт, жан ашуы . . . Камюдің тағы бір дерті бар - абсурд. Абсурд оның әрі дерті, әрі емі. Өз танымының шаршап-шалдыққан «жүзін» әртүрлі бетперделердің артында жасырғысы келгенімен, автор бұлқан-талқан ақыл-ойын тежеуге қауқары жетпей, тұтас ғаламды өшпенділікпен терістеуін жасыра алмайды. Өзі өмір сүрген дүниені келеке етіп, абсолютті қиратуды тілейтін пиғылы да жоқ емес. Егер осындай еңбек жазылмағанда оқырман «бүлік» туралы ештеңе біле алмас та еді. Демек, Камюдің де философияға қосар өзіндік үлесі бар.

Ницше философияға әдеби көркем стилімен өрнек тоқып берді. Еңбектері тартымды. Қысқасы ол да философияға ауырып келді. «Апполондық» және «дионисилік» бастамаларына тереңірек үңілсеңіз, тұлғаның екіге жарылуы проблемасы басын қылтитады. Яғни, ішкі екі түрдің бір-бірімен қақтығысуы автордың өз басында бар құбылыс. Ғылым мен білімге көзсіз берілу оның тұйық шеңберлі өмірін жақсарта алмаған болуы керек. Жанының терең қатпарында қызу іс-әрекетке, билікке ие болуға, әлсіздікті жеңіп, күш-қуатты арттыруға, барлық кедергілерді бұзып-жарып шығуға деген құмарға толы ұмтылыс мазасын алады ғой баяғы. Бірде Сократқа дейінгі философиямен ауырды, кейін олардікіндей шексіз оптимистік санадан жерінеді. Енді бірде мұның бәрін лақтырып тастап, өмірді эстетикалық сезімталдықпен өрнектеп, поэтикалық түрде жаңғыртуға жағдай жасағысы келеді. Абай айтады ғой, «үйрен де жирен» деп. Ницше солай істеді. Өз ұстазы Шопенгауерге бір кездері табынып келіп, кейін оны да терістеуге дейін барды. Негізі Ницшенің ирониялық данышпандығы басым. Қоғамдық кемшіліктерді мысқылмен әжуалауға келгенде алдына жан салмайды. Ақындық асаулығын көрсетіп, шымшыма теңеулерін бірінен соң бірін төгіп-төгіп кеп жібереді. Ол бірде түкке тұрмайтын құндылықсыз нәрселермен әуестеніп кетеді. Енді бірде интеллектуальдық, моральдық мәдениеттің маңызды құндылықтарын, мейлі ол жақсы болсын жаман болсын, басынан бақайшағына дейін терісін басына қаптата терістеп, жеке адам іс-әрекетінің шексіз-шетсіз дамуын табанды түрде талап етеді. Оның «Асқақ адамына» лайықты тұлға болу тек қана өзінің қолынан келетін іс деп топшылаймыз. Ал қарапайым, жеңіл ойлы адамдарға онда орын жоқ. Себебі қоятын талаптары өте қатал. Ницшенің бір ғажабы, мораль ақзамның принциптерін жақтайды дейін десек, онымен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысады. Сүйтіп, жалпыға ортақ мораль қағидаларын жалмауыз етіп көрсетіп жібереді. Даттайды дейін десек, алдымызға моральдың келбетін әшекейлеп көрсетіп жібереді кейде. Қысқасы, көзқарастары құбылмалы. Ал, Шопенгауердің ауруы таза жанның «рак» ауруы. Үнді философиясын жанына дәру етпегенде «пессимист» деген атағы шықпас па еді, кім білсін!. Оның түсінігінде қайғы-қасірет жағымды сезім. Ол өмірдің бақытынан ләззат алуды көзсіз жоққа шығарудың таптырмас символы! Күнәсін кешуді сұрап бас ұрып Ганг жағалауында шарқ ұрған, алдаусырататын Майя жамылғысынан босанып, Нирванаға енетін азап арқалаған даналар ол үшін философиялық ғажап идеял! Шопенгауер өмірдің күнгейін, шуағын көрмеді, тек қара көлеңкені көрді, жырлады. Бәлкім күннің, айдың сәулесіндегі ғажап нұрды көрсе де көрмегенсіп өткен шығар. Қалай десек те, Шопенгауердің осы тезисі біздің ойымызды сан саққа жүгіртті. Дүниелік құрылысты ерінбей-жалықпай терістей беруіне не түрткі болды? Неге өмірді аямайды? Неге адам бақытын насихаттамайды? Пікір әрқилы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нанотехнологияға кіріспе
Өнеркәсіп улары және улану туралы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР ІЛІМІНІҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘЛІМДІК МӘНІ
Эвтаназия туралы жалпы түсінік
Жер саулығынан – адам саулығына
Бронхопневмания ауруы
ШОҚАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
М. Әуезовтың педагогикалық еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz