Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 2-бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5-бет
1-тарау . Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі. . … . . . … 5-бет
1. 1. Мемлекеттік мүліктердің ұғымы, оның түрлері . . ……. 6-бет
1. 2. Мемлекеттік мүліктердің жекешелендірудің субъектілері мен объектілері… . . . . . . …… . . . …. . 12-бет
2-тарау . Мемлекеттік мүліктердің жекешелендірудің азаматтық-құқықтық нысанадары . . . ………19-бет
2. 2 Мемлекеттік мүліктердің жекешелендірудің тәртібі мен шарттары. 26-бет
2. 3. Аукцион өткізу. . 30-бет
2. 4. Тендер өткізу. . . . …. 35-бет
3-тарау . Мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруді жүргізудің негізгі принциптері……… . . . 41-бет
3. 1. Мемлекеттік мүліктердің жекешелендіру объектілерін сату ережесінің мазмұны және оны жүзеге асыру негізі45-бет
3. 2. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілері . . . …53-бет
ҚОРЫТЫНДЫ . ………. 58-бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . 60-бет
КІРІСПЕ
Экономикалық дамыған өркениетті елдердің барлығында да рыноктық қатынастарды құқықтық реттеуді механизмінің негізгі элементтерінің бірі - мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру болып табылады. Осы дипломның көкейтестілігі мен іс жүзіндегі маңыздылығы мынадай бірқатар себептермен негізделіп, біріншіден, қазіргі уақытта экономикада мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл дипломдық жұмыста қолданыстағы нормативтік құқықтарды негізге ала отырып жекешелендірудегі мақсат - мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалануы жүзеге асырылған. Диплом жұмысының мақсаты - мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің принцитеріне талдау жасалынған. Қазіргі таңда біздің рыноктық экономика жағдайында соңғы үш жыл ішінде заңдардың түбегейлі өзгеріске ұщырауы, атап айтқанда мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, коммерциялық емес ұйымдар туралы, несие серіктестіктері туралы, мемлекетгік сатьш алулар туралы, сақтандыру туралы, инвестициялар туралы жаңа заңдар, жаңа көлік зандары, жаңа Жер, Су жөне Орман кодекстері қабылданды, бағалы қағаздар туралы, мемлекетгік мүлік туралы зандарға, банк және валюта зандарына және т. с. с. көптеген өзгерістер енгізілді.
Қоғамдық қатынастардың азаматтық заңдар реттеп отыратын ауқымының табандылықпен және ұдайы ұлғайып келе жатқаньш атап көрсету керек. Қазіргі уақытта азаматтық құқықтың шекарасы ұлғаюымен қатар, тиісінше, осылардан туындаған немесе бұрынғы басқару жүйесі жағдайында ғана өрістеген құқықтың кейбір басқа салаларының шекарасы тарылып келеді (мысалы, кеңшар, жер, тау-кен және отбасы құқығы) . 1
Жекешелендіру мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жөне шетелдік занды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату. Жекешелендірудегі мақсат - мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өңдірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталаңдырады деген топшылама бар.
Жекешелеңдіру сонау КСРО кезіңде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы" Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алу жөне жекешелендіру туралы" Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік көсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген көсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы жөне мемлекеттік мүлікті азаматтардың жөне олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікгі еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекетгік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен "Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы" (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркәсіп кешенінде жекешелендіру. Президенттің "Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық2 жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс пайдалы қазбаларға меншік құқығы барланған (өндірілген) пайдалы қазбалар минералдық шикізатқа немесе техногендік минералдық түзілімдерге айналған кезден бастап туындайды (Жер қойнауы туралы Жарлықтың 5-бабының 2- жене 3-тармақтары) . Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен "Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы" (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-тарау. Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі
Жекешелендіру-мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар. Жекешелендіру саудаластықта (аукцион, теңдер) сату немесе тікелей атаулы сату жолымен жүзеге асырылады. Саудаластық немесе атаулы сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым бөлінуі мүмкін, т. б. Кәсіпорын акциялануы немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте сатылуын көздейтін әрекеттер (мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының кейін сатып алуға құқы-ғымен мемлекеттік мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік басқаруға беру) жекешелендірудің бір түрі емес, оньң алғашқы сатысы деп қарастырылады (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 12-бабы) . Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдар жүзеге асырады. Әдетте бұл Қаржы министрлігі департаменттерінің бірі (бүл органның аты мен құрылымы ауық-ауық өзгеріп тұрады, кейде оның функциясын бірнеше орган атқарады) .
Егер мемлекеттік мүлікті сатқанда қандай да бір шарт қойылса, жекешелендіруден кейінгі кезең деген болады, ол кезде уәкілетті мемлекеттік орган сатып алушының өзіне жекешелендіру шарты бойынша алған міндеттемелерін орындауын бақылайды. Әрине, шарттағы келісімдер сақталмаса оны орындауға сатьш алушыны мәжбүр етеді немесе одан келген шығынды мемлекетке төлетіп жекешелендіру шартын бұзады.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысымен Жекешелендірудің және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді (4-кезең), онда мыналар көзделді: жекешелендіру туралы заңнаманы Жетілдіру, мемлекеттік мүліктің есебін жақсарту жөне РК активтерінің Жиынтық тізілімін жасау, "ұлттық компаниялардың" рөлін күшейту, бәсекелестік және транспаренттік жекешелендіруді қамтамасыз ету, "көгілдір фишкалардың", жекешелендірудің ірі объектілерінің акция-лырын және акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату, жекешелендіруден кейінгі бақылауды және инвестициялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекетгік меншікгі жекешелендіру процесі қазіргі кезде, негізінен, аяқталды деп санауға болады.
1. 1. Мемлекеттік мүліктердің ұғымы, оның түрлері
Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасыңда танылған меншіктің екі формасының біреуі болып табылады. Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сөйкес "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады". Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекетгік меншік мемлекетгің өз функцияларын орындауына арналған, сондай-ақ, ол, экономиканың жеке секторы рынокты қандай да бір тауарлармен (қызмет көрсетумен) толтыра алмаса қосымша пайдаланылады. Мемлекеттің функциялары - оның таптық, әлеуметтік мәнімен жөне әлеуметтік арналымымен де айқындалған белгілі бір мақсатқа жету үшін өз алдында тұрған міндеттерді іске асыру жөніңдегі қызметінің негізгі (басты) бағыты (жақтары, түрлері) . Оларға құқықтық тәртіпті орнатуды жөне қорғауды; азаматтардың меншік құқығын, өзге құқықтары мен бостандығын қорғауды; экономикалық; мәдени; әлеуметтік; экологиялық функцияларды жүзеге асыруды; бейбітшілікті және бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етуді; іскерлік серіктестік пен ынтымақтастықты қолдауды; мемлекеттік егемендікті сыртқы озбырлықтан қорғауды жатқызуға болады.
Дамыған елдер экономикасындағы мемлекеттік сектордың өзіңдік салмағы әрқашан қомақты болған, өсіресе ол энергетика, көлік, космонавтика, әлеуметгік сала жөне инфрақұрылым, жазалау аппаратын ұстау жене с. с. қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез келген мемлекеттің қалыпты өмір сүруі үшін қандай да бір төтенше жағдайларға (әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға, техногендік сипаттағы апаттарға, эпидемияға, т. б. ) арналған материалдық резерв (азық-түлік, отын, т. б. ) болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардыц мемлекеттің қолына шоғырлануы және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік - қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай атқаратыңцығында, ол қоғамның экономикалық дамуының әмбебап реттегіші болып табылатын рынокқа қатты теріс әсер етпеуі тиіс. Меншіктің мемлекеттік секторының үлесінің ауытқу шегін әр мемлекетке оның заңмен белгіленген функциялары анықтайды.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын функциялары заңмен бекімін тапқан.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 2-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндеті қоғам мен мемлекеттің мұқтаждығынан туындайтьш әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу:
- мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін материалдық жағынам қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
- қоғамдық өндірістің экономиканың жеке секторымен қамтылмаған немесе нашар қамтылған өрістері мен салаларында күнделікті қажет тауарлар 3(жұмыс, қызмет көрсету) өндіру;
- мемлекетгік монополияға жатқызылған немесе мемлекет функциясы болып табылатын өрістерде қызметті жүзеге асыру.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар мен қазыналық кәсіпорындар үшін қызмет аясын толықтай белгілеп берді. Шаруашылық жүргзіу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің мына өрістерінде құрылуы мүмкін:
- қару-жарақтар және оларға оқ-дәрілер, қорғану құралдармн, әскери техника, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы элементтер мен олардың аспаптарын жасау, өндіру, жөндеу және сату; босап қалған әскери-техникалық құралдардан арылу (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта ұқсату;
-уранды және басқа бөлінетін материалдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды алу, өндіру, тасымалдау, қайта ұқсату, көму жөне сату; құрамындағы радиоактивтік элементтері арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатындай нормадан асатын өнімдер дайындау және сату;
-дәрі-дөрмектер, дәрілік заттар мен емдеу препараттарын, медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар даярлау және сату;
- энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, магистральдық көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық жөне тұрмыстық шаруашылық саласында, өзінің табиғи монополиялық жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы болғандықтан тікелей мемлекетгік басқаруды қажет ететін республикалық және жергілікті инфра-құрылымдардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
-банк, сақтандыру жөне басқа қаржы қызметі саласында;
- мемлекеттік автомобиль жолдары торабын жөне инфрақұрылымның басқа объектілерін ұстау және дамыту;
- бірқатар басқа салаларда (Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 18-бабы) . Қазыналық кәсіпорыңдар үшін қызметтің бұдан да тар өрісі көзделген. Қазыналық кәсіпорыңдар заңнамада белгіленген тәртіппен мына мақсатқа құрылады:
- төтенше жөне апаттық жағдайларда тауда құтқару және өзге арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, селден жөне басқа табиғи нәубеттен қорғау;
- қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметгі жүзеге асыру;
- топографиялық-геодезиялық жөне картографиялық жұмыстар жүргізу;
- денсаулық сақтау, табиғат қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
- қызметтік ғимараттардың пайдаланылуын жүзеге асыру жөне мемлекеттік органдардың қамтамасыз ету функцияларын орыңдау;
- бірқатар басқадай мақсаттарда (Мемлекеттік кесіпорын туралы Жарлықтың 32-бабы) . Жеке тұлғалардың (азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың) меншігі болып саналатын жеке меншікке қарағанда мемлекетгік меншік түгелдей барлық қоғамға тиесілі және оның мүддесіне қызмет етеді. Бірақ ол мемлекетгік мүліктің (мысалы, ақша қаражатының) килықтың белгілі бір топтары (зейнеткерлер, ардагерлер, т. б. ) үшін немесе, тіптен белгілі бір тұлғалар (нақты кәсіпорынға көмек, өнертапқышқа мемлекеттік сыйлық, т. б. ) үшін мақсатты жаратуды жоққа шығармайды. Меншік мемлекеттіліктің негізін құрайды. Мемлекеттің толыққанды өмір сүруі және оның азаматтарының құқықтарын қорғау меншіктің болуымен жөне функцияларын қалыпты атқарумен байланысты. Сондықтан да Конституцияның 26-бабының 2-тармағында "меншікке . . . заңмен кепілдік беріледі" делінген. Әртүрлі функциялардың болуы мемлекеттік меншік құрылымын тармақтайды. Бөлу, негізінен, аумақ бойынша және меншікті сату субъектілері бойынша жүргізіледі. АК-ның 192-бабының 1-тармағьша сәйкес "мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде болады". Мемлекеттік меншіктің жеке меншік алдында нормативтік басымдылығы жоқ (Конституцияның 6-бабының 1-тармағы) Қазақстан Республикасы азаматтық зандармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді (АК-иың 111-бабының 1-тармағы) . Әкімшілік-аумақтық бөліністер үшін дс осындай ереже белгіленген (АК-ның 112-бабының 1-тармағы) . Азаматтық құқық қатынастарының басқа субъектілерімен қатынастардағы теңдей бастауы, жалпы ереже бойынша, әртүрлі субъектілердің құқықтық мәртебесінде басымдылықтың жоқтығын және Қазақстан Республикасы (әкімшілік-аумақтық бөлініс) қатысқан дауларды шешкеңде соттар үшін ешқандай басымдықтың болмайтынын білдіреді Қазақстан Республикасы (әкімшілік-аумақтық бөлініс) азаматтык, құқық қатынастарда өзінің өктем өкілеттіктерін пайдаланбайды, оған азаматтық заңнама нормалары толықтай тарайды. Мемлекеттік меншік субъектісі қатысқан дауларды, жалпы ереже бойынша, мемлекеттік соттар қарайды. Бірақ, тараптардың қалауы бойынша дауды төрелік сот қарауы мүмкін, оның шешімі ақтық болып табылады, оны мемлекетгік соттар қамтамасыз етеді. Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады. "Меншік иелерінің ез құқықтарьш жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді" (Конституциясының 6-бабьшың 2-тармағы) . Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден-бір меншік иесі ретінде, азаматтық қүқықтарды, сондай-ақ міңцетгерді жүзеге асырудың шектері мен қорғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды4.
Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөлінісі, олар мемлекетгік меншікті іске асыра отырып, өз атқарынан ерекет етеді. Сондықтан субъектік құрамның күрделілігі меншік иесінің құқық өкілетпкгерш мемлекетгік меншікгің аталған субъекплершщ бірі больш табылатын мемлекет пен олардың мүддесін білдіруі мүмкін тұлға арасында болуда
Мемлекеттік меншікті иелену құкығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет материалданбаған ерекше субъект ретінде, барлық реттерде иемдену кұкығын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлікті іс жүзінде иемденуді, әдетте, мемлекеттік заңды тұлғалар немесе аткарушы билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттің иемдену кұкығы туралы мәселе заң әдебиеттерінде дау туғызады. Мысалы, А В Венедиктов иемдену дегенді затқа іс жүзінде (нақты немесе шаруашылық жүргізу арқылы) үстемдік жасау құқығы, "затты қолда үстау" кұқығы деп түсінеді. Сондықтан ол мемлекет ұлан-ғайыр өз мүлкін тікелей емес, тек өз органдары арқылы ғана иемденеді дейді. Мемлекетгік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз - мемлекеттік мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда алудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, түрінде және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекетгік мүлікті пайдалану әртүрлі формада жүзеге асырылады. Мысалы заңмен жол берілген салада кесіпкерлік қызметпен айналысақан мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер учаскелерін жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіру, ғимаратгар мен құрал-жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.
Мемлекеттік меншікке билік жасау құкығы дегеніміз мүліктің заңдық тағдырьн анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымдағы мемлекеттік мүліктің дені ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану жөне билік жасау құқық өкілеттікгері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік және атқарушы билік органдары тартылады. Алдымен Парламент пен мәслихатгар бюджетгі бекітеді, сонан соң Қазынашылық пен Әкіматтар ақша қаражатын мемлекеттік органдар бойынша бөледі, ал олар қаржыландыру субъектісіне жеткізеді.
1. 2. Мемлекеттік мүліктердің жекешелендірудің
субъектілері мен объектілері
Жекешелендіру субъектілері сатушы және сатып алушы болып
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz