Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың формасын қабылдау ерекшеліктері



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
I .тарау
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың формасын қабылдау
ерекшеліктері.
1.2 Балалардың форма жөніндегі түсініктерін дамытудағы жұмыс әдістемесі.
II.тарау
2.1 Баланың зат және оның формасы туралы түсініктерін қалыптастырудың әдіс .тәсілдері .
2.2 Заттың формасы жөнінде түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын көмекші құралдар мен көрнекіліктер.

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын арртыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Қоғамыздағы өзгерістер де қарапайым математикалық ұғымдарды ұғымдарды қалыптастыру әдітемесін мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді
Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы қарапайым математикалық ұғымдарға баулу сабақ барысында жүзеге асырылады.Нақты бағдарлама мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер туралы мағлұмататрды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бала бойын сіңдіруге болады.,балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру және алған дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйретуге мәселелері оқу мен тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып ,үнемі оны жетілдіру жолдарын іздестіру қажет. Балалар элементар математикалық білім саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге,жинақтаған білімдерін жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламаларына сәйкес жұмыстар атқарылып және ол жұмыстар негізінен ең бірінші кезекте тәрбие , еңбек , оқу жоспарларына негізделсе ,олардың жүзеге асырылуы тікелей ойын әрекетіне баайланысты және де балаларда олардың қарапайым математикалық түсініктерін жетілдіру осы әдіспен әрине сөзсіз осы әдіс арқылы жүзеге асырылады.
1. А. М. Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математиклық түсініктерді қалыптастыру». Алматы «Мектеп» 1982жыл
2. В. М. Изгаршева «Балабақшаға арналған ойыншықтар мен құралдар». Алматы «мектеп» 1988жыл
3. А. С. Балабаева «Қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыру мазмұнын жетілдіру» // Бастауыш мектеп №2-2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке
дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және
тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде
шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын
арртыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып
табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы
шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Қоғамыздағы өзгерістер
де қарапайым математикалық ұғымдарды ұғымдарды қалыптастыру әдітемесін
мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді
Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы қарапайым математикалық
ұғымдарға баулу сабақ барысында жүзеге асырылады.Нақты бағдарлама
мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер туралы
мағлұмататрды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бала бойын
сіңдіруге болады.,балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру және алған
дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйретуге мәселелері оқу мен
тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып ,үнемі оны жетілдіру
жолдарын іздестіру қажет. Балалар элементар математикалық білім саласында
мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге,жинақтаған білімдерін жалпылай
және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне
пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламаларына
сәйкес жұмыстар атқарылып және ол жұмыстар негізінен ең бірінші кезекте
тәрбие , еңбек , оқу жоспарларына негізделсе ,олардың жүзеге асырылуы
тікелей ойын әрекетіне баайланысты және де балаларда олардың қарапайым
математикалық түсініктерін жетілдіру осы әдіспен әрине сөзсіз осы әдіс
арқылы жүзеге асырылады.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың формасын қабылдау
ерекшеліктері.
Заттардың формасы -әр алуан кескіндердің жалпылама атауы. Оны заттардың
қасиеттерін анықтауда кеңінен пайдаланады. Зат формасы гоеметриялық
кескіндемелерде жалпыланған бейнеге ие болады.Мектеп жасына дейінгі
балаларда заттың формасы жайлы нәрселер мен айнала кеңістіктің арасын
бөлетін шекара ретіндегі ұғым балаларда өте ертеде білінеді. Тәжірбиеге
қарағанда ,өзі сүт ішетін бөтелкені,өзінің ойыншықтарының,олардың
кеңістікте қалай тұрғанына қарамастан тани біледі. Алайда мектеп жасына
дейінгі бала көз алдында әдеткі қалыптан өзгеше ,мысалы ,45 ºбұрышқа
бұрылып жатқан квадратты тани алмайды. Ондай жағдайда форманың тікелей
ұқсастығы білінбей қалады. Квадратты тани білу үшін, оны ойша бұру
керекболатын сияқты,ал олардың мұндай нәрселермен іс-әрекеті аса шектеулі
ғана. Бұдан шығатын қорытынды: бал сирек кездесетін әр-түрлі нәрселер
формаларының тепе-теңдігін әлі көре білмейді, сондықтан оларды форма
белгісіне қарап қорытындылай алмайды.
Нәрселердің формасын тани білуде геометриялық фигураның атқарар рөлі
едәуір,ол фигуралармен өмірде кездесіп жүрген заттармен салыстырылады.
Сондықтан балаларды негізгі геометриялық фигуралармен таныстыру ,оларды
айыра білуді үйрету, өлшемдердің шамасына байланыссыз атай білуді үйрету
аса маңызды.Зерттеулерге қарағанда, бастапқы кезде үш-төрт жасар балалар
геометриялық фигураны кәдуілгі ойыншық деп және жақсы таныс тұрмыстық
нәрселерге ұқсатып қабылдайды әрі бұл нәрселерді солардың атымен атайды:
циліндрді- стакан, үш жақты призманы –шатыр, конусты –мұнара,қатар жатқан
екі дөңгеекті –қөзілдірік , тік төртбұрышты –терезе ,овальды –жұмытқа дейді
–деп ұлы неміс ғалымы Шабалин атап кетті .
Үйретіп жүрген тәрбиеші немесе, ересек адамның ықпалымен балалардың
геометриялық фигураны қабылдауы біртіндеп өзгеше қалыптасады.Балалар
оларды нәрселермен теңестірмейді, тек салыстырады,
бұны олардың айтқан сөздерінен байқаймыз: цилиндр –стакан сияқты,ұшбұрыш үй
сияқты. Геометриялық түсініктер үлгі рөлін атқарады.,онымен сәйкестендіріп
нәрселер сұрыптап алынады. Үлгіге қарап балалар сәйкес геометриялық
фигураларды да сұрыптай алады.Алайда сұрыптау үшін қойылған екі фигура
формасы жағынан кереағар болуы керек. Тік төртбұрыш пен квадратты немесе
ұшбұрышты айырып бөлу сәбилер тобындағы балалар үшін аса қиын болып
келеді,өйткені форманың аса нәзік ерекшеліктерін бөліп қөрсету талап
етіледі. Сондықтан да геометриялық фигураларға қатысты тапсырмалар бергенде
олардың жас ерекшеліктерін ескерілуі шарт.Сұрыптау кезінде біріншіден бала
үлгімен танысады,яғни оның құрлысына мұқият анализ жасайды,екіншіден бір-
бірімен салыстыру арқылы жоғары нәтижеге жетеді,яғни таңдауға түскен
обьектілерден сол ееулі белгілерінің барлығын таба біледі. Алайда
геометриялық фигураны тани білу әлі де ол жөніндегі ұғым болып табылмайды.
Геометриялық түсініктер жайындағы жеңіл-желпі ұғым алты-жеті жасар
балалар үшін ғана әбден түсінікті бола алады. Ұғымы анықтау дегеніміз –
сәйкес обьектілер классын дәл бөліп көрсете білу және олардың елеулі
белгілерін атау болмақ. Аталмыш обьект жатқызылатын текті көрсете
отырып,ұғымды анықтауды және сырт көрінісін айыруды ересек топтың балалары
оқыту барысында біртіндеп меңгереді. Сонымен бірге алты-жеті жасар балалар
геометриялық фигуралардың қарапайым қасиеттерін,сондай-ақ геометриялық
фигуралардың кейбір түрлерінің арасындағы қатынастарын да түсінетін алатын
болады .
Балаларды алуан түрлі зат формаларымен таныстыра отырып ,олардың
қарапайым қасиеттеріне біртіндеп назар аударту қажет: фигураның төбелерінің
бұрыштарының, қабырғаларының саны, қабырғаларының тереңдігі және
теңсіздігі, олардың өзара орналасуы тағы басқа,сонымен бірге геометриялық
фигураларды белгілеріне қарай топтастыра білуге үйрету. Осы қарапайым
қағидаларды ұстана отырып мектеп жасына дейінгі балаларды геометриялық
түсініктердің алғашқы формаларымен тез және жеңіл қаруландырға болады..
1.2 Балалардың форма жөніндегі түсініктерін дамытудағы жұмыс әдістемесі.
Геометриялық фигуралардың атауларымен балаларды ойындар кезінде , сабақта
және күнделікті өмірде бірте –бірте таныстырып отыру керек. Тәрбиешінің өзі
бұл фигураларды қалай айтатынын балалардың естігені жөн. Айталық балалар
бір нәрсе құрастырмақшы болсын., сонда тәрбиеші оларға цилиндрлерді немесе
кубтарды пайдалануды ұсынады. Мұны кішкентайлардың екінші тобының өзінде
–ақ жасау керек, сонда балалар өздеріне таныс емес ойыншықтардың ,құрылыс
материалдары бөлшектерінің т.с.с. атауларын естуге бірте –бірте үйренеді.
Ойындар процесінде шар мен цилиндрдің оңай домалайтынына ,ал кубиктердің
домаламайтынына балалардың назарын аударуға болады. Неліктен ? сұрақ
балаларды ойландырады, олар бірден жауап та бермеуі мүмкін. Шар мен
цилиндр неге домалайды,ал куб домаламайды? -деп тәрбиеші өз сұрағын тағы
да қайталайды. Ол осы фигураларды сипалап олардың формасын саусағымен
айналдыра көрсетіп шығуды балаларға ұсынады : Куб қырлы, ал шарик теп
–тегіс ,-дейді балалар. Неге куб қырлы? - Оның бұрыштары мынадай. –ал
цилиндр мен шардың бұрыштары бар ма? . Балалар кубтың бұрыштары көп , ал
шар мен цилиндрдің бұрыштары жоқ екенін аңғарады.
Бұдан кейін тәрбиеші шар мен цилиндрді салыстырып, бұл
фигуралардың қайсысы орнықты , ал қайсысы орнықсыз екенін айтқызады.
Балалар шар мен цилиндрді түрліше қойып көреді де цилиндрді тұрғызып қоюға
, домалатуға болатынын ал шар домалай беретінін байқайды. неге цилиндр
орнығып тұра алады ? Балалар затты қарап шығып ,цилиндрдің едені мен
төбесі бар, ал бүйірлері дөңгеленіп келген, -дейді. өздерінің
ойыншықтарының ішінде геометриялық денелердің өзіндік қасиеттерін балалар
осылайша байқайды.
Математика сабақтарында геометриялық фигуралар суреттері бірінде
көп ,басқаларында аз салынған түрлі карточкаларды пайдаланып , балалар
олардың атауларымен танысады. Бұл фигуралар (дөңгелекшелер, ұшбұрыштар ,
квадраттар, тік төртбұрыштар ),сондай-ақ санау үшін қажетті материалдары да
геометриялық мозайкада берілген, төрт жастағы балалар әдетте фигураларды
ажыратады да , атай да алады.
Бес жасқа қараған балалар тобында негізгі міндет балаларды осы
фигуралардың негізгі қасиеттерімен сабақта таныстыру болады.
Сондай сабақтарға мысал келтірейік .
Сабақтың мақсаты : балаларды берілген геометриялық фигураның шамасы
түрліше болуы мүмкін екендігімен таныстыру. Тәрбиеші әр түрлі фигураларды
көрсетіп, төртбұрыштар, квадраттар, ұшбұрыштар, дөңгелектер үлкен де кіші
бола алатынына балалардың зейінін аударады. Ол ірі және ұсақ фигураларды
беттестіру әдәсін қолданып салыстыруды ұсынады. Балалар фигуралардың
формасы бірдей ,ал үлкендігі мен түсі жөнінен әр түрлі екендігін анықтайды.
Бұдан кейін өлшемдері әр түрлі үш фигура беріледі, оларды үлкендігіне
немесе кішілігіне қарай орналастыру керек.сонан соң балаларға өздерінің
жеке конверттерінде жатқан фигураларды қарастырып , формалары бірдей
фигураларды қатарластырып тізгізеді де кімде қандай фигура, қанша екенін
айтқызады.
Фигураларды жайып қойып, олардың формасын ,санын ,
үлкендіктерін және түрін дауыстап атай отырып, балалар алған білімдерін
бекітеді. Осы материалды әр бөліктен құралған жиын ретінде қарастыруға да
болады. : Сендердің конверттерінде әр түрлі фигуралар көп –ақ. Ал осы жиын
қандай бөліктерден тұрады ? Ойлаңдар және фигураларды олардың формалары
бойынша қатарластырып жайып қойыңдар, -дейді тәрбиеші. Балалар жиындағы әр
түрлі фигуралар : квадраттар, дөңгелектер , тік төртбұрыштар және
үшбұрыштар төрт бөлікті құрайтынын айтады. Тәрбиеші осы бөліктердің
элементтерін , бөліктердің ең көбі қайсысы және ең азы қайсысы екенін
бірден көрінетіндей етіп , жайп қоюды тапсырады. Балалар дөңгелектерді,
квадраттарды , тік төртбұрыштарды және ұшбұрыштарды бірінің астына бірін
қатарластырып қояды. Балалардың өз конверттерінде геометриялық фигуралардың
қалай комплектенгеніне байланысты бұл бөліктердің саны жөнінен тең немесе
тең болмауы мүмкін. Барлық балаларда не бір балада бүкіл жиынның ең көп
бөлігі ұшбұрыштар, ал ең аз бөлігі дөңгелектер болады т.с.с.
Осы бүтіннен басқа белгілері бойынша да ,мысалы, түсі немесе
үлкендігі бойынша , бөліктерді табуға болатынын көрсеткен жөн. Фигуралардың
түсі бойынша бөліп ажырата отырып, бүтіннің бөліктерінің түс іжөнінен
алғанда ең көбі қайсысы , ең азы қайсысы екенін жоғарыда айтылған тәсілмен
анықтап балалар бүттіннің құрамын анықтап айқындай алады.
Мұндай жаттығулар жиын мен әр түрлі белгілері бойынша айыпылған
оның ішкі жиындарын көре білуге балаларды үйретеді, яғни жиынды ұғынуға
және қатынастарға математикалық тұрғыдан анализ жасауға келтіреді.
Үлкендігі әр түрлі геометриялық денелермен (шар ,куб ,цилиндр) сондай
сабақтар өткізуге болады. Жазық геометриялық фигуралармен өткізілетін
сабақтардың варианттары алуан түрлі. Мәселен, геометриялық мозайканы
пайдаланып , екі ұшбұрыштан квадрат , ал басқа екеуінен тік төртбүрыш
құрастыруға болатынына балалардың назарын аудару керек. Сонан соң
балалардың өздеріне де әр түсті 2-3 квадрат беріледі, тең ұшбұрыштар
шығатандай етіп ,оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауды дамытуға арналған психологиялық әдістеме қолдану мүмкіндіктері»
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру
Балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктерін анықтау
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды нәрсенің өлшемі формасы мен массасы туралы түсініктерін дамыту ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне үйрету
Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі
Пәндер