Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы,тілдесу кезеңдері


Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы, тілдесу кезеңдері
Жоспар:
Кіріспе
- Педагогикалық тілдесу - коммуникация немесе қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
- Стилистиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Кіріспе
Қазіргі таңда тіл тек жүйе ретінде емес, сондай-ақ қарым-қатынас құралы ретінде де зерттеліп келеді. Коммуникативтік қызмет процесіндегі тілдің функционалдылығы, яғни тілдің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылуы кеңінен лингвистердің назарына ілініп келеді. Тілдік қарым-қатынас ғылыми зерттеу нысаны ретінде пәнаралық сипатқа ие және философия, этика, логика, психология, әлеуметтану, лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, прагматика, сөз мәдениеті т. б. ғылымдар тарапынан зерттеліп келеді. Қазіргі таңда ғылымардың зерттеу бағдары антропоцентристік бағытта болғандықтан, қазіргі тіл білімінде тілдік қарым-қатынасқа түсуші адамдардың психологиялық жай-күйі, мінез-құлқы, әлеуметтік мәртебесі, кеңістік пен уақытты сезіну секілді құбылстардың тілмен байланысы және керісінше, тілдің бұларға әсері секілді мәселелер қарастырылады. Ұстаз бен оқушыларының арасындағы қарым-қатынас ең жылы, ең ыстық, мәдениетті болып келеді. Соған қатысты ұстаз бен шәкірт тілдесімі мәдениетті, үлкен әдеп қағидалары сақталған, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілікті танытатын үлгі болып табылады. Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы - ерекше құбылыс. Ұстаз шәкіртінің бойына білім, көкейіне түйсік енгізіп, бұларды өмірде дұрыс және орынды қолдана білуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады, яғни ұстаз шәкіртке қарағанда білімі, тәжірибесі мол, салауатты, маман кісі. Сондықтан да ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында мұғалімнің басымдық ролін атап кеткен жөн. Мұғалім мен оқушылар білімдеріндегі, тәжірибелеріндегі т. б. айырмашылықтар, ерекшеліктер ұстаз - шәкірт тілдесімінде де өз көрінісін табады. Мұғалім мен оқушыларының арасындағы жас ерекшеліктерінің, әлеуметтік жағдайларының айырмашылығы зор болғанымен, осы ерекшеліктер мұғалім тарапынан ескеріліп отырады. Сондықтан ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасындағы тілдік қолданыстар, оған әлеуметтік т. б. факторлардың, мектеп атмосферасының әсерін, басқа әлеуметтік топтардың тілдік коммуникациясынан ерекшелігін анықтау анықтау - қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Педагогикалық тілдесу - коммуникация немесе қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
Қарым-қатынас немесе коммуникация - өте кең және көлемді ұғым. Бұл ұғынылған және ұғынылмаған вербальды байланыс, кез-келген жерде орын алатын ақпарат алмасу. Қарым-қатынастың көптеген түрелері мен формалары бар. Педагогикалық қарым-қатынас, адамдар қарым-қатынасының жеке түрі. Ол өзара әрекеттестіктің барлық түрлеріне тән белгілермен қоса, тек оқыту процесіне ғана тән ерекшеліктерді иеленеді.
Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, жалпы қарым-қатынас феноменіне тоқтала кетейік. Адам қарым-қатынаста іс-әрекеттің нақты мақсаттарын жүзеге асырып және бұл кезде ол дұрыс тыңдалған, түсінікті болуды қалайды. Ақпаратпен алмаса отырып, олардың қатынасына қоғамның жалпы мәдениет ізін қалдырғанын сезбейді де. Бұл факторды дұрыс қабылдау, қарым-қатынасқа негативті әсер етеді. Егер, адам екіншісіне бір нәрсені дәлелдей алмаса, онда ол қызықпаушылығын, түсіне алмаушылығын айтып, өзіне емес құрбысын кінәлауға бейім болады.
Қарым-қатынастың тәсілдері мен формаларына мән беріп, оның нақты стратегиясы мен тактикасын өңдеу керек. Айқайлау, әдепсіздік уақытша жетістікке жете алады және демократиялық өзара қарым-қатынасты құрудың тәсілдік қызметін атқара алмайды. Тәрбиелік кешеннің бір бағыты және қызықты қатынасы (жанұя-мектеп-тұрғылықты микроаудан-өндіріс-бұқаралық ақпарат құралдары-мектептен тыс мекемелер) оқушының тұлғасына әсер етеді де, практикалық педагогикалық, тәрбиелік іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетініңжалпы сұрақтарын қоюды және шешуді негіздейді.
Қарым-қатынас мәселесінің тарихы
Сөз, сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушығы әсері, шешендік өнері мәселелерінің жиырма ғасыр созылған ұзақ тарихы бар. Бұның көптеген сұрақтарын Цецерон көтерген. Сөйлеушінің коммуникациялық міндеттері: «не айту керек, қайда айту керек, қалай айту керек» екенін де Цецерон анықтаған болатын. Осы үш міндетті жеке-жеке қарай отырып, ол сөйлеудің «орындылығы» сияқты сапасын ерекше бөледі. Қазіргі уақытта, бұл - қарым-қатынастың негізгі ережесі - сөйлеу формасы мазмұнының нақты аудитория ерекшеліктеріне тәуелділігі ережесі болып табылады.
Қарым-қатынас сонымен қатар қазіргі уақыт мәселесі. Егер көне Рим мен Грецияда ораторлық өнер риторика, эфристика және диалектикатүрінде қарастырылса, бүгінігі күні сөздік қарым-қатынас философия, социология, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика психология сияқты бірқатар ғылымдардың зерттеу пәні болып отыр, олардың әрқайсысы осы кешенді мәселенің өздеріне қажетті жақтарын қарастырады.
Қарым-қатынас бүкіл әлемде зерттеліп отыр, оны зерттейтін арнайы орындар құрылған. Осыған қарамастан, «қарым-қатынас» ұғымын оның механизмдерін талдауда ортақ келісім әлі қалыптастырылмаған. Зерттеушілер осы құбылысқа әртүрлі тұрғыдан келіп, әр-түрлі моделдер қарастырып, оны зерттеудің әр түрлі бағыттарын ұсынуда-коммуникативтік-ақпараттық, интерактивті, іс-әрекеттік және т. б.
Қарым-қатынас мәселесіне деген бағыттар
Іс-әрекет бағыты тұрғысынан қарым-қатынас - бұл, бірігіп іс-әрекет жасау қажеттілігінен туындайтын және басқа адамммен ақпарат алмасу, өзара әрекеттестіктің ортақ жоспарын құрау, сол адамды қабылдау мен түсінуден, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі және көп деңгейлі процесі. Бұл анықтама мынадай методологиялық негіздерге сүйенеді. Біріншіден, қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың үздіксіздігі, мұнда өзара әрекеттестік құралы «тіл мен ақша». Бұл, қарым-қатынас өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне араласатынын және осы жүйелер қатынасының сипатымен мазмұны қарым-қатынаста көрініс табатынын білдіреді. Екіншіден, бұл негізде қарым-қатынас пен іс-әрекет пен принципі жатыр. Ол бойынша «қарым-қатынастыңкез-келген формасы адамдардың біріккен әрекетінің ерекше түрі». Бұл тұжырымдама педагогикалық процестегі қарым-қатынасты оның субьектілерінің біріккен оқу іс-әрекеті формасы ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Екінші тұжырымдама шеңберінде осы екі құбылыс байланысы бір мәнді талқыланбауы мүмкін. Кей авторлар қарым-қатынасты іс-әрекет түрі деп қарастырады. (Г. П. Щедровицкий, А. А. Леонтьев, Г. В. Гусев, т. б. ) . Бірақ, қарым-қатынас іс-әрекет емес, ол - қоғамдық-еңбектік қатынаста әртүрлі іс-әрекетпен айналысушы адамдардың өзара әректтестігінің формасы. Бұл Б. Ф. Ломов анықтамасымен сәйкес келеді. Ол бойынша қарым-қатынас - бұл, «іс-әрекетке партнер ретінде түсуші субьектілердің өзара әрекеті». Ал, осы екі ұжырымдаманың айырмашылығы мынада. Б. Ф. Ломов қарым-қатынасты өзара әрекеттестіктің өзі деп қарайды, ал екіншісінде қарым-қатынас - оның формасы болады.
Адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен өзара әрекеттестігінің үш өрісі бар. Соған сәйкес іс-әрекеттің де үш сферасын бөлуге болады: қоғамдық-өндірістік (еңбек) ; танымдық (таным) және қоғамдық-коммуникативті (қарым-қатынас) . Осыған сәйкес іс-әрекет формалары Б. Г. Ананьевте бар. Ол бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субьектілері қасиеттерінің бірігуі оның іс-әрекет және тұлға субьектісі ретінде қалыптасуын анықтайды.
Іс-әрекет бағыты мен қатар басқа да бағыттар бар. Олардың біреуі байланыс теориясы мен ақпарат теориясына сәйкес келеді, ол Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д. Бродбент және т. б. еңбектерінде көрінеді. Осы бағыт өкілі Г. Лассвелл қарым-қатынасты «кім, не айтты, қандай канал бойынша, кімге және қандай эффект алды» формуласы бойынша зерттеледі. Коммуникация моделінде оның компонеттерін (комминикатор-хабар, канал-қабылдаушы) және оларды зерттеу облыстары (коммуникатор және аудитория ерекшеліктері, коммуникация шарттары, жағдайы, амалдары және т. б. тілдік құрылым, хабардың ұйымдастырылуы, стилі және оның мағаналық, семантикалық мазмұны және т. б. ) Қарастырылады. Бұл бағыттағы негізгі ұғымдар «ақпарат», «жүйе», «кері байланыс».
Сонымен қатар, сөздік коммуникацияны интеракционизм тұрғысынан талқылайтын әлеуметтік-психологиялық бағыты бар. Бұл бағыт шеңберінде қарым-қатынасты өзара әрекеттестің басқа да кең салаларымен үздіксіз байланысы ескеріледі.
Қарым-қатынас функциялары
Қарым-қатынас мәнін анықтаудан оның функционалды және деңгейлік ұйымдасуы туралы тұжырымдамалар маңызды болды (Б. Д. Парыгин, Г. М. Андреева, А. А. Бодалев және т. б. ) В. Н. Панферов қарым-қатынаста төрт міндеті болды: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеудің төрт бағыттарын белгіледі: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеуші. Б. Ф. Ломов қарым-қатынастың үш функциясын сипаттады: ақпараттық-коммуникативті, реттеуші-коммуникативті және аффективті-коммуникативті, оларда міндетті түрде коммуникативтік компонент, мінез-құлықты реттеу және эффективті компонент болады. Қазіргі уақытта қарым-қатынасты коммуникативті, интерактивті және перцептивті жақтардан тұрады деп қарастырушы бағыт кең тараған. Оның үш жағы бірдей көрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда жүзеге асады, интерактивті - серіктестердің өзара әрекетін реттеуде, ал перцептивті - әңгімелесіп салыстыру, идентификация, апперцепция, рефлекция сияқты психологиялық механизмдер көмегімен «тану» арқылы жүзеге асады.
Қарым-қатынас субьектілерінің өзіндік функционалды жүктемелері бар. Мысалы, А. А. Брудный бойынша қарым-қатынаста үш бастапқы функциялар бар: белсендіруші-әрекетке итермелеуші; интердиктивті - тиым салушы, тежеуші; дестабилизациялаушы - қорқыту, намысқа тиер сөздер және т. б. және қарым-қатынастың төрт негізгі функциялары: инструменталды - іс-әрекетті қарым-қатынас арқылы координациялау; синдикативті - қауым, топ қалыптастыру; өзін көрсету; тасымалдаушы функциялары көрсетіледі. Соңғы функция педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, өйткені «бұл функция оқыту негізінде жатыр: тұлғаны оқыту қарым-қатынас арқылы жүзеге асады . . . »
Сонымен қатар сөздік қарым-қатынасты таладай отырып, Р. Якобсон 6 функциясын көрсетті:
- Эмотивті «экспрессивті, аффективті) - сөйлеушінің өз айтып тұрған хабарына қатынасы («өкінішті, қандай жағымсыз жағдай!», «тағы жаңбыр жауды ғой»)
- Конативті - адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.
- Референционалдық (когнитивті, денотативті) -ойды білдіру.
- Поэзиялық - реалды және қиялды нәрсені деморкациялау
- Фатикалық - байланысты сақтау (мысалы, «алло», «сәлем», «жағдайыңыз қалай») .
- Метатілдік - өзінің сөзін нақтылау, реттеу.
М. Холлидей сөздік функцияларды басқаша анықтаған. Өзінің ұлының сөздік дамуын бақылай отырып, оның 8 функциясын көрсетті: инструменталдық (материалдық қажеттілігін қанағаттандыру) ; реттеуші (қоршағандардың мінез-құлқын қадағалау) ; өзара әрекет (байланысты ұстап тұру) ; тұлғалық; эфристикалық ізденушілік (неге) ; қиялданған (ішкі әлем) ; ақпараттық (жаңа ақпаратты хабарлау) . Осылайша сөздік қарым-қатынас функциялары жан-жақты болып шықты.
Қарым-қатынастың сипаттамалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz