Туризмде акциздер



1. Жалпы ережелер
2. Акциз ставкалары
3. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу
4. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
Акциздердi қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi осы Кодекстiң 257-бабында анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.

Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.

Акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi
1. Мыналар:
1) спирттің барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) құрамында темекi бар басқа бұйымдар;
5) бекiре және қызыл балық уылдырығы;
6) алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
7) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
8) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
9) атыс және газ қарулары (мемлекеттiк билiк органдарының қажеттiлiктерi үшiн алынғандардан басқа);
10) газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнай акцизделетiн тауарлар болып табылады.
2. Қызметтің акцизделетiн түрлерi мыналар болып табылады:
1) ойын бизнесi;
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Туризмде Акциздер
 
1. Жалпы ережелер
2. Акциз ставкалары
3. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін
тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу
4. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

Жалпы ережелер
 
Акциздердi қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi осы
Кодекстiң 257-бабында анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.
 
Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына
импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиннiң (авиациялық бензиндi
қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан
Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе,
тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы
бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет
меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге
асыратын;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес
заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер
болып табылады.
 
Акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi
1. Мыналар:
1) спирттің барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) құрамында темекi бар басқа бұйымдар;
5) бекiре және қызыл балық уылдырығы;
6) алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
7) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
8) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен
басқарылатын автомобильдерден басқа);
9) атыс және газ қарулары (мемлекеттiк билiк органдарының
қажеттiлiктерi үшiн алынғандардан басқа);
10) газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнай акцизделетiн тауарлар
болып табылады.
2. Қызметтің акцизделетiн түрлерi мыналар болып табылады:
1) ойын бизнесi;
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу.
 
2. Акциз ставкалары
1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және
тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем
бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не
онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты
бекiтiледi.
3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi
пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы
алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке
белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
4. Ойын бизнесi объектілерiне акциздiң базалық ставкасының ең жоғары
және ең төмен шектерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр жылға есептеп
белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген
базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында
жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын
белгiлейдi.
 
3. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін
тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу
 
Салық салу объектiсi
1. Мыналар:
1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және
(немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай
операциялары:
акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату
өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және
(немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына
пайдалануы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме
саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек
саудада өткiзуi;
4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша
мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген
тауарларды өткiзуi;
5) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы;
6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткiзуi;
7) акцизделетiн тауарлардың, акциз алымы маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
акциз алынатын объект болып табылады.
2. Мыналарға:
1) егер осы Кодекстiң 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе,
акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi этил спиртi:
тауар өндiрушiде аталған өнiмдi өндiру құқығына Қазақстан
Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-
дәрмек әзiрлеу үшiн;
мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылса;
3) тұтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрiлiк құрал ретiнде тiркелген,
құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы (бальзамнан басқа) өнiмге акциз
салынбауға тиiс.
 
Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн
тауарларды сатып алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн
болып табылады.
2. Тауар өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң
құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда тауарларды құрылымдық
бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
3. Акцизделетiн алыс-берiс тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды
мердiгерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-берiс тауарларынан акцизделетiн тауарлар әзiрленген кезде
әзiрленген акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi
көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдаланған
кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған
күн болып табылады.
5. Лотерея ұйымдастырған және өткiзген жағдайда салық органында лотерея
билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген күн операция жасалған күн болып
табылады.
6. Акцизделетiн өнiм, акциз алымы маркалары бүлiнген жағдайда бүлiнген
акцизделетiн өнiмдi (акциз алымы маркаларын) есептен шығару туралы акт
жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм
қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда
акцизделетiн тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған
күн болып табылады.
 
Салық базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша
салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар
көлемi ретiнде белгiленедi.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар
бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын
енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген
акцизделетiн тауарлар құны ретiнде белгiленедi.
3. Лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
кезiндегi салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея
билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома
алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретiнде
анықталады және шығарылым тiркелгеннен кейiн ол өзгертiлмеуге тиiс.
 
Түрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттiң барлық түрiне салық салу
ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстiң 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттiң барлық түрiне
әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр
ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып
алған спирттi алкоголь өнiмiн өндiруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде
осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын
тұлғаларға сатылатын спирттiң барлық түрлерi үшiн белгiленген акциздiң
базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиiс. Қайта
есептеу мен салық төлеудi спирттi алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек
өндiру және медициналық қызмет көрсету үшiн алынған спирт мақсатқа сай
пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдiк және
фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiрушiлер мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк
медициналық мекемелер акциз төлеушiлер болып табылады.
 
Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда,
өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық
мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық
бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да
қолданылады.
2. Осы баптың мақсаты үшiн акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi, жоғалуы болып
осы Кодекстiң 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.
 
Акциз алымы маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
1. Осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз алымы маркалары
жоғалған, бүлiнген кезде акциз мәлiмделген ассортимент мөлшерiнде төленедi.
Осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн таңбалауға арналған
акциз алымының бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) маркалары
бойынша акциздi есептеу маркада көрсетiлген сауыттың (ыдыстың) көлемiне
қолданылатын белгiленген ставка негiзге алынып жүргiзiледi.
Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемi белгiленбеген жағдайда акциз алымының
бүлiнген немесе жоғалған маркалары бойынша акциздi есептеу акциз алымы
маркалары бүлiнген, жоғалған кезеңнiң алдындағы салық кезеңi iшiнде өнiм
құю (орау) жүргiзiлген сауыттың (ыдыстың) неғұрлым үлкен көлемi негiзге
алынып жүргiзiледi.
2. Акциз алымы маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз алымы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлiнсе, жоғалса;
2) акциз алымының бүлiнген маркаларын салық органдары жоюға жасалған
есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.
 
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин
(авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек
саудада өткiзуге жатқызу өлшемдерi
1. Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетiн
тауарларды қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға
мiндеттенсе, осы сатып алу-сату шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi
өткiзу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық
төлеушi өнiм берушiлер болып табылған жағдайда, бензиндi (авиациялық
бензиндi қоспағанда) және дизель отынын өткiзу көтерме саудада өткiзу
саласына жатқызылады.
Көтере өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге
бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де
жатқызылады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек
саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушiлер жүзеге
асыратын мынадай:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды
тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және жеке кәсiпкерлерге
олардың өндiрiстiк қажеттерi үшiн өткiзу;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке
тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин
(авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк
қажеттерiне пайдалану операциялары жатады.
 
Ойын бизнесi саласындағы қызметке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік кәсіпорындардағы шағындан есебі және туристік индустрия
Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында туризм индустриясын дамыту
Бірлескен кәсіпорындар халықаралық ынтымақтастықтың формасы ретінде
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Туризмнің экономика сферасына әсері
Туристік нарық түсінігі
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Қазақстанда қонақ үйлерді жарнамалау практикасы
Оқыту технологиясы нені қарастырады
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Пәндер