Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құқықтық мәртебесін реттеудің кейбір мәселелері



Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Осылайша мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі де жаңаша сипатқа ие болды.
Қ.Р. Президенті «Қазақстан – 2030» республика халқына жолдауында «Біздің міндет -Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау», деп мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруді мемлекетіміздің басым бағыттарының қатарына қосады.(1)
М.М. Ахметов және А.Л. Жатқанбаева Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының дамуын 3 сатыға бөліп қарастырады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 1995 жылғы “Мемлекеттік қызмет туралы” заң күші бар жарлығының қабылдануы;
2) Президент жарлығымен Қазақстанның бүкіл аумағына таралатын кадр саясатын жасайтын және мемлекеттік қызметшілерді дайындауға, таңдауға және мемлекеттік органдарға орналастыруға жауапты бірден- бір мемлекеттік органның құрылуы;
3) “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның 27 шілде 1999 жылы қабылданып, 1 қаңтар 2000 жылы заңды күшіне енуі. Осы заң актісі мемлекеттік қызмет институтын «Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасымен сәйкестендіреді. (2)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан –2030” Республика халқына жолдауы. А. Білім. 1998. 75 бет.
2. М.М.Ахметов. А.Л.Жатканбаева. Отчет о научно-исследовательской работе “Правовые проблемы положения гос служащих (должностных лиц) в Р.К.Алматы 2000г. Стр 3
Алайда бұл салада кейбір мәселелер әлі де нақтылай түсуді талап етеді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси – айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттармен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
1 ҚР Президентінің “Қазақстан –2030” Республика халқына жолдауы. -Алматы. Білім. 1998ж.
2 А. Байменов “ Государстенная служба” –Астана, Фолиант. 2000г.
3 Советское административное право. Учебник под. Ред. П.Т. Василенкова, М., Юр. Лит.1990г.
4 Советское административное право. Учебник под. Ред. Ю.М. Козлова, М., Юр.лит. 1985г.
5 В.Н. Уваров. Государственная служба. Алматы: Каз. Гос. Юрид.институт,1996г.
6 Бахрах Д.Н. Административное право. Москва. “Бек”,1993.
7 Таранов А.А. Административное право РК. Алматы: “Жеті жарғы”, 1996г.
8 Туманов В.А. Государственная служба основных капиталистических стран. М., “Наука”, 1987г.
9 М.М.Ахметов, А.Л.Жатқанбаева. Отчет о научно-исследовательской работе “Правовые проблемы положения государственных служащих(должностных лиц) Р.К.” 2000г
10 В.Н Уваров. Стратегия 2030: Подготовка государственных служащих новой генерации. Правовая инициатива. №1-1998.
11 Тура би. №6 1999ж ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә. Байменовпен сұхбат.
12 Тура би. №2 2000г Е.Т.Жумагулов. О правовом статусе политических государственных служащих.
13 Егемен Қазақстан. 30 сәуір 2002 жыл. Қ.Р. Президентінің “Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы” Қазақстан халқына жолдауы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құқықтық мәртебесін реттеудің кейбір
мәселелері.

Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет
саласы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Осылайша мемлекеттік қызметшінің
құқықтық мәртебесі де жаңаша сипатқа ие болды.
Қ.Р. Президенті Қазақстан – 2030 республика халқына жолдауында
Біздің міндет -Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын
мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін
жасау, деп мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруді мемлекетіміздің басым
бағыттарының қатарына қосады.(1)
М.М. Ахметов және А.Л. Жатқанбаева Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының дамуын 3 сатыға бөліп қарастырады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 1995 жылғы
“Мемлекеттік қызмет туралы” заң күші бар жарлығының қабылдануы;
2) Президент жарлығымен Қазақстанның бүкіл аумағына таралатын кадр
саясатын жасайтын және мемлекеттік қызметшілерді дайындауға, таңдауға және
мемлекеттік органдарға орналастыруға жауапты бірден- бір мемлекеттік
органның құрылуы;
3) “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның 27 шілде 1999 жылы қабылданып,
1 қаңтар 2000 жылы заңды күшіне енуі. Осы заң актісі мемлекеттік қызмет
институтын Қазақстан – 2030 мемлекеттік бағдарламасымен сәйкестендіреді.
(2)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан –2030” Республика
халқына жолдауы. А. Білім. 1998. 75 бет.
2. М.М.Ахметов. А.Л.Жатканбаева. Отчет о научно-исследовательской работе
“Правовые проблемы положения гос служащих (должностных лиц) в Р.К.Алматы
2000г. Стр 3
Алайда бұл салада кейбір мәселелер әлі де нақтылай түсуді талап
етеді. Мемлекеттік қызмет туралы заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес,
мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің
саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметші –
тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси – айқындаушы сипатта
болатын және саяси мақсаттармен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін
мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси
қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби
негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Заң бойынша мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке
кіруі тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ заңдарда белгіленген
басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады. Ал мемлекеттік
әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы және жоғары
тұрған санаттағы лауазымды атқару жолымен қызметі бойынша жоғарылауы
конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің төрағасының 24 қараша 1999 жылғы № А-202 бұйрығымен
бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу
қағидасымен реттеледі. Осы қағидаға сәйкес, әкімшілік мемлекеттік лауазымға
орналасуға конкурс Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлекеттік
қызметке бірдей кіру мүмкіндігінің конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.

Конкурсты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымы бар мемлекеттік орган
немесе Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі өкілетті орган (агенттік) лауазымдардың сәйкесті
санаттарына резервшілер тізімі қаралғаннан кейін өткізеді. Конкурс ашық
және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының
барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар. Жабық конкурсқа тек әкімшілік
мемлекеттік қызметшілердің ғана қатысуға құқығы бар. Сонымен қатар,
қағидада жабық конкурс қандай мемлекеттік органдардағы лауазымдарға
өткізілетіндігі нақтыланған. Олар: Қазақстан Республиткасы Президентінің
әкімшілігіндегі, Парламент палаталарының аппараттарындағы, Премьер-
министрінің кеңсесіндегі, жоғарғы сот аппаратындағы, Қазақстан Республикасы
Конституциялық кеңесінің аппаратындағы, Қазақстан Республикасы
Президентінің іс басқармасындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.
Алайда осылайша арнаулы лауазымдарға жабық конкурс тағайындау
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының 4 тармағына қайшы
келеді. Өйткені онда: “Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге
тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын
талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және
заңмен белгіленеді,”- деп атап көрсетілген.
Біздің ойымызша жоғарыда аталған лауазымдарға арналған конкурсқа тек
әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ғана қатысуға құқығының болуы
мемлекеттік қызметтен басқа салада қызмет істейтін, бірақ осы лауазымдардың
бірі бойынша мемлекеттік қызметте қызмет жасағысы келетін тұлғалардың
конституциялық құқықтарын шектейді. Ал аталған әкімшілік мемлекеттік
лауазымдар санаттарына типтік біліктілік талаптары бекітілген, сондықтан
осы лауазымдарға өзін ылайықпын деп санайтын Қазақстан Республикасының
азаматтарының конкурсқа тең дәрежеде қатысып өз мүмкіндігін байқап көруіне
мемлекет тарапынан жағдай жасалуы тиіс.
Қағидаға сәйкес конкурс жариялаған мемлекеттік орган әкімшілік
мемлекеттік қызметтің бос лауазымына орналасуға үміткерлерді іріктеуді
жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады. Осы конкурс
комиссиясының шешімі әкімшілік мемлекеттік қызметтің бос лауазымына
орналасуға немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негіздеме
болады. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, оларды
тестілеудің нәтижелерін қарайтын, үміткерлермен әңгімелесу өткізетін және
бос әкімшілік мемлекеттік қызметтің лауазымдарына орналасуға үміткерлерді
түпкілікті іріктеуді жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады. Конкурс
мына сатылардан тұрады:
1) мемлекеттік орган өткізетін конкурс туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурс комиссиясын құру;
3) конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкімшілік мемлекеттік лауазымға
белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала қарау;
5) үміткерлерді өкілетті орган белгілеген тәртіпте тестілеу;
6) үміткерлермен конкурс комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
7) конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі.
Конкурсты орталық мемлекеттік органдармен олардың аумақтық
бөлімшелері және ведомостволар өткізген кезде хабарландырулар ресми
басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс
өткізу туралы хабарландырулар облыстарда (Астана, Республикалық маңызы
бар қала) маслихаттарымен әкімдері ресми жарияланымдар үшін белгіленген
газеттер мен өзге де мерзімді басылымдарда жарияланады.

Конкурс комиссиясын осы қағидамен анықталған тәртіппен тиісті
лауазымға тағайындауға құқығы бар тиісті мемлекеттік органның басшысы
құрады. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі)
және комиссия мүшелерінен тұрады.Конкурс комиссиясының құрамын тиісті
мемлекеттік органның басшысы бекітеді. Мемлекеттік орган құрған және
орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің басшыларына конкурстық
іріктеуді жүзеге асыратын конкурстық комиссияның құрамына орталық
мемлекеттік органның өкілдері және тиісті әкімшілік аумақтық бірлік
әкімшілігінің әкімінің өкілі кіреді.

Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негізінде олардың
тиісті әкімшілік мемлекеттік лауазымға қойылған біліктілік талаптарына
сәйкестігі мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешім
қабылдайды, ол хаттама түрінде рәсімделіп және комиссияның төрағасы,
мүшелері мен хатшысы қол қояды.

Тестілеуге жіберу туралы шешім әр өткізілген конкурс
бойынша конкурс комиссиясы бекіткен үміткерлердің тізімі түрінде
рәсімделеді және өкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне
беріледі. Тестілеуге жіберілмеген конкурсқа қатысушыны шешім
қабылданғаннан кейін конкурс комиссиясы хабарландырады.
Тестілеу тәртібін өкілетті орган белгілейді. Әкімшілік
мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты өкілетті орган
тестілеудің әртүрлі бағдарламаларын белгілеуі мүмкін. Құжаттарын
әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың әртүрлі санаттарына жататын екі
немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестілеуге
жіберілген үміткерлер тиісті бағдарламалар бойынша тестіленеді.
Үміткерлер лауазымдардың белгілі бір санаты үшін белгіленген тестілеу
бойынша тестілеу нәтежиесі, егер тестілеу бағдарламасы өзгертілмеген
жағдайда, тестілеуден өткен сәтінен бастап бір жыл күшінде болады.
Үміткерлердің алдыңғы тестілеуден соң үш айдан кем емес мерзімнен кейін
бір бағдарлама бойынша қайтадан тестілеуден өтуге құқығы болады.
Республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік
мемлекеттік лауазыдарға кандидаттарды тестілеудің бағдарламасын мыналар
құрайды:
1. Қазақстан Республикасының заңдарын білетіндігіне тест:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін (жалпы бөлімін);
- Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы”
заңын;
- Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” заңын.
2. Логикалық аналитикалық ойлауды талап ететін бағыт үшін қолданылатын,
абстрактілік ойлау қабілетін бағалайтын арнайы (невербальный) логикалық
тест.
Облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарға кандидаттарды тестілеудің бағдарламасына Қазақстан
Республикасының заңдарын білетіндігіне тест кіреді:
-Қазақстан Республикасының Конституциясын;
-Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін (жалпы бөлімін);
-Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” заңын;
-Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” заңын.
Аудандық (қалалық) және селолық деңгейдегі мемлекеттік
органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға кандидаттарды
тестілеудің бағдарламасына Қазақстан Республикасының заңдарын білетіндігіне
тест кіреді:
-Қазақстан Республикасының Конституциясын;
-Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” заңын;
-Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” заңын.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тесті бойынша қажетті
шек әрбір нормативтік акт бойынша 50% дұрыс жауап беру болып табылады.
Әңгімелесуге тестілеуден өткенде берілген лауазым санатына бекітілген
қажетті шектен төмен емес баға алған кандидаттар жіберіледі. Тестілеу
нәтежиесі қажетті шектен төмен кандидаттар конкурстың келесі сатысына
әңгімелесуге жіберілмейді. Өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері
тестілеу нәтежиелерін тиісті мемлекеттік органның конкурс комиссиясына
береді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы өткізетін
әңгімелесуден өту үшін шақырылады. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің
кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады. Әңгімелесуден өткен
үміткерлердің құжаттарын конкурс комиссиясы қорытынды мәжілісінде қарайды.
Конкурс комиссиясының шешімі үміткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен
қабылданады. Комиссия құрамындағы қатысушылардың көпшілігі дауыс берген
жағдайда үміткер дұрыс баға алады. Дауыстар бірдей болған жағдайда конкурс
комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Көріп отырғанымыздай
мемлекеттік әкімшілік лауазымға кадрларды орналастыруда конкурстық
комиссияның маңызы өте зор. Дегенмен, осы комиссияның құрылу жағдайын
зерделесек, ондағы кейбір талдауды қажет ететін мәселелерді кездестіруге
болады. Мұнда негізінен көңіл аударатын жағдай конкурс комиссиясының
төрағасын тиісті мемлекеттік орган басшысының тағайындауы және осы басшының
өз ұйғарымы бойынша комиссия құрамын бекітуі. Мұнан біз мемлекеттік
әкімшілік қызметшіні қызметке алуға мүдделі мемлекеттік орган басшысының
комиссия жұмысына ықпалының зор екендігін көре аламыз. Өйткені мемлекеттік
орган басшысы комиссия төрағасы ретінде өз қарамағында жұмыс істейтін және
өзіне тікелей бағынышты тұлғаны тағайындайды және комиссия құрамына да
осындай тұлғалар кіргізіледі. Мұндай жағдай комиссия жұмысының дербес, әділ
түрде атқарылуына кедергі болуы мүмкін. Сәйкесінше мемлекеттік әкімшілік
қызметке лайықсыз тұлғалардың келу қаупі туады. Біздің пікірімізше, осы
конкурс комиссиясын құру мәселесі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттіктің қарамағына берілуі қажет.
Қағида бойынша конкурсқа:
1) жасы 18-ден төмен емес;
2) тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі бар және белгіленген біліктілік
талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі төрағасының 30 желтоқсан 1999 жылғы № А –242 бұйрығымен
бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына типтік біліктілік
талаптары мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың әрбір санатына кандидаттарға
жеке-жеке біліктілік талаптарын қамтыған. Осы ережеге сәйкес қай санаттағы
лауазымға қандай дәрежедегі кандидат сай келетіні анықталған. Алайда, мұнда
тағы бір көңіл бөлетін жағдай конкурсқа бұрын қызметтік тәжірбиесі бар
мамандармен қатар жаңадан жоғары оқу орнын бітіруші тұлғалардың қатар
қатысуы. Атап айтқанда, осы ереже бойынша А-6-7, В-6-7, С-8-9-10-11-12-13,
Д-4-5-6-7-8, Е-5-6-7-8-9 санаттарына кандидаттыққа тәжірбиесі жоқ жоғары
білімді тұлғалардың мүмкіндігі бар, бірақ олармен қатар тәжірбиесі бар
кәсіби орта білімді мамандар да осы сыныптарға кандидаттыққа
сәйкестендірілген. Әрине, бұл сыныптағы лауазымдарға басқа жоғары білімі
бар және тәжірибелі мамандар да қатыса алады. Мұндай жағдайда тәжірибесі
жоқ жас маманның мемлекеттік қызметке кіруге мүмкіндігі азая түседі.
Сондықтан біздің конкурсты жоғарғы оқу орнын бітіруші жас мамандарға арнайы
тәжірибесі бар мамандардан бөліп өткізудің қажет екендігін атап өткіміз
келеді. Осындай конкурсты бөліп өткізу нәтижесі жоғары оқу орнын бітіруші
мамандардың мемлекеттік қызметке кедергісіз келу мүмкіндігіне жол ашатыны
сөзсіз.
“Мемлекеттік қызмет туралы” заңға сүйене отырып, мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің құқықтық қорғалуын былайша бөліп көрсетуге болады:
- мемлекеттік саяси қызметшілердің орнының ауысуы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілердің қызметін тоқтатуының негізі
болмайды;
- мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру белгісіз мерзімде
болады;
- мемлекеттік орган қайта құрылғанда әкімшілік мемлекеттік
қызметшілерді еңбекпен қамтуға кепілдік беріледі;
- тәртіптік шаралар қолданудың, сондай-ақ жұмыстан шығарудың
нақты негіздері мен процедурасы бар.
Жоғарыда аталған негіздемелердің кейбірінің тиісті деңгейде тәжірибеде
қолданылуына күмән келтіруге болады. Оған мысал ретінде, облыс әкімінің
орнынан ауысуын алуға болады. Қазақстан Республикасының “Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 23 қаңтар 2001
жылғы заңының 29 бабының 4 тармағына сәйкес облыс әкімі мына лауазымды
тұлғаларды:
1) жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім
бойынша, шекті санын Қазқстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін облыс (Республикалық маңызы бар қала, Астана)
әкімінің орынбасарларын;
2) облыс (Республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімі
аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің
басшыларын;
3) заңдарда белгіленген тәртіпте нысанды киім құқығы және әскери
немесе өзге де арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда,
облыстық (Республикалық маңызы бар қалалық, Астаналық)
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын
қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 29 желтоқсан 1999 жылғы №317
жарлығымен бекітілген мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізіміне
облыстардың республикалық маңызы бар қала мен Астананың әкімдері және
олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары енгізілген, яғни жоғарыда
аталған облыс әкімі тағайындайтын 3 санаттың тек біріншісі ғана аталған
жарлыққа сәйкес қызметке келеді. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 29
желтоқсан 1999 жылғы №318 жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік
лауазым санаттарының тізімі бойынша облыс(Республикалық маңызы бар қала,
Астана) әкімі аппаратының басшысы және оның құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары әкімшілік лауазымдардың Д-1, Д-3 санатарына жатқызылған.
Ал “Мемлекеттік қызмет туралы заңның” 12 бабының 2 тармағы мына
мәтінде беріледі: “мемлекеттік қызметшілердің сол мемлекеттік органда ауысу
тәртібімен бір қызмет санатының ішіндегі мемлекттік әкімшілік лауазымға
орналасуы осы лауазымды атқаруға үміткер мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі жағдайында
конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылуы мүмкін”. Дегенмен бұл норма тек бір
мемлекеттік орган ішіндегі бос лауазымға сол органда жұмыс істейтін және
сол мемлекеттік әкімшілік лауазым санатына сай келетін мемлекеттік
әкімшілік қызметкердің конкурссыз келуін заңдастырады. Осылайша облыс
әкімінің “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы” заңының 29 бабының 4 тармағының 2,3 тармақшаларымен көзделген
лауазымдарды тағайындауы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік
қызметке конкурс арқылы келу қағидасына қайшы келеді. Сондықтан біз осы
заң нормасына өзгеріс енгізуді ұсынамыз.
Дүние жүзі мемлекеттерінде мемлекеттік қызметтің 2 жүйесі қалыптасқан:
мансаптық және позициялық. Мансаптық жүйе негізінен ондағы мемлекеттік
қызметке кірудің басқару жүйесіндегі тек ең кіші лауазымдарына ұзақ
мерзімді сынақ мерзімінен соң және арнайы оқу орнын бітірген соң орналасу
мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мемлекеттік қызметші қызметке кіргенде нақты
мамандық бойынша мансабын бастайды және оның мансабы сәйкесінше жалақысының
өсуімен жоғарылай береді. Бұл үрдіс заң актілерін қатаң түрде сақтай отырып
жүзеге асырылады. Заңды түрде мемлекеттік қызметке кіруге қажетті ең
төменгі білім дәрежесі анықталған. Мемлекеттік қызметте болу өмірлік болып
табылады: мемлекетпен бір рет шарт жасасу арқылы азамат зейнеткерлік жасқа
жеткенге дейін мемлекеттік қызметте болады және тек қана ауыр тәртіптік
құқық бұзушылық жасаған жағдайда ғана жұмысынан босатылуы мүмкін. Сонымен
қатар қызмет ету жағдайы, жалақы және зейнетақы заңмен белгіленген және
сәйкес нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Бұл жүйе қатаң түрде
иерархиялы.
Позициялық жүйенің сипаттамасы болып мемлекеттік қызметшінің
мемлекеттік қызметке арнайы мамандық бойынша емес нақты лауазымға
мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті
органның белгілеген талаптарына сәйкес келуіне байланысты қабылдануы
табылады. Бұл жүйеде лауазымда тұрақты болуға жағдай жасалмайды, сондай-ақ
мемлекеттік қызметші мансаптық жүйедегідей қызметте өсе алмайды. Қызмет ету
жағдайы, жалақы, зейнетақы негізінен ұжымдық келісімге байланысты болады.
Еңбек шартының талаптары қатаң емес және қызметкердің жеке мүддесімен
санаса отырып жасалады, сондай-ақ жалдаушы мемлекеттік органның және
қызметкерлердің қажеттіліктері ұжымдық келісім шегінде шешімін табады.
Мемлекеттік қызметте болудың құқықтық режимін жеке сектордағы құқықтық
режиммен салыстыруға болады.(1)
Көріп отырғанымыздай екі жүйеде де мемлекеттік қызметшілер анықталған
мерзімге келеді, яғни мансаптық жүйеде зейнетақы жасына жеткенге дейін, ал
позициялық жүйеде еңбек шартында көзделген мерзімге дейін. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік қызметке
белгісіз мерзімге келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 10 наурыз
2000 жылғы №357 жарлығымен бекітілген “Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі
туралы” ережеге сәйкес, мерзімді еңбек шарты сәйкесінше уақытша орнында
болмайтын мемлекеттік қызметшілердің орнын ауыстыру үшін жасалады. Сондай-
ақ уақытылы еңбек шарты негізінде қызмет етуші мемлекеттік қызметшілердің
саны мемлекеттік органның штаттық санының 20%-нен аспауы тиіс. Біздің
ойымызша мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді белгісіз мерзімге мемлекеттік
қызметке алып, оларға мемлекет тарапынан қызметте болу мерзімі туралы
ешқандай кепілдік берілмеуі олардың болашаққа сенімсіздігін туындатуы
мүмкін. Сонымен қатар бүгінгі күні саяси мемлекеттік қызметшінің жаңа
лауазымға келуінің сол орган құрамының толығымен өзгеріске ұшырауына әкеліп
соғатыны үйреншікті жайтқа айналған. Әсіресе әкімдердің орнының ауысуы
салдарынан сол

1. А. Байменов. Государственая служба. Астана. Фолиант. 2000г. 36-37 стр.
жергілікті әкімшіліктің аппаратының толығымен өзгертілуі тәжірибеде көптеп
орын алуда. Қазақстан республикасының Конституциясының 87 бабының 3
тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органды басқаратын тиісті әкімшілік
аумақтық бөліністің әкімі Республика Президенті мен Үкіметінің өкілі болып
табылады. Яғни олардың қызмет ету мерзімі Қазақстан Республикасы
Президентінің қызмет ету мерзімімен сәйкес келеді деп санауға болады. Ал
облыстық әкімшілік аппараттың қызметкерлері әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің Д санатына жатқызылған. Осылайша әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің қызмет ету мерзімінің айқындалмауы мемлекеттік саяси
мемлекеттік қызметшілердің оларды қызметінен негізсіз кетіруіне жағдай
туғызуда. Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттік қызметте болу мерзімін заң жүзінде айқындау
қажет. Біздің ойымызша мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың әр санатының
белгілі қызметте болу мерзімін айқындау олардың тұрақты негізде қызмет
жасауына жағдай туғызып, олардың кәсіби деңгейінің артуына әсер етер еді,
сонымен қатар мемлекеттік саяси қызметшілер тарапынан оларға қатысты қысым
жасалмауының кепілі болар еді.
Заң актілерінде мемлекеттік қызметшілердің тек құқықтық мәртебесіне
ғана көңіл бөлініп қоймай, олардың адамгешілік қасиеттеріне, мемлекеттік
қызметті адал атқаруына, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынаста олардың
құқықтары мен бостандықтарын шектемеуіне үлкен мән беріледі. Қазақстан
Республикасы Президентінің 21 қаңтар 2000 жылғы №328 жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының
ережелері осының мысалы бола алады. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен
мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік
қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары
талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне
өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ
әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
1) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік принциптерін
ұстауға;
2) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің 29 желтоқсан 1999 жылғы №319
жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің анты мына мәтінде беріледі: “Мен, Қазақстан
Республикасының азаматы ( Т. А. Ә.), мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен
мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы
алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, өзімнің
барлық іс-әрекетімде заңдылық, әділеттілік, әділдік пен адалдық, азаматтық
және ұлтаралық татулық принциптерін басшылыққа алуға;
-Қазақстан халқына адал және біліктілікпен қызмет етуге, мемлекет
мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын
жүргізуге;
-Республика азаматтарының конституциялық құқықтары мен
бостандықтарының шектелуіне жол бермеуге салтанатты түрде ант етемін.
Менің осы антымды бұзудың мемлекеттік қызметші абыройлы атағымен
сыйыспайтындығын ұғынамын”.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік
қызметке тұңғыш рет кірісе отырып ант береді. Мемлекеттік қызметті
тоқтатқан адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіре отырып
антты қайтадан қабылдайды. Ант мемлекеттік қызметшілерден лауазымға
тағайындалған немесе сынау мерзімін табысты өткен күнінен бастап бір ай
ішінде қабылданады. Ант салтанатты жағдайда мемлекеттік орган басшысының
немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлғаның, сондай-ақ тиісті
мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) қызметкерлерінің қатысуымен
қабылданады..
Ант беру салтанаты мемлекеттік орган басшысының немесе оның
тапсыруымен өзге лауазымды тұлғаның кіріспе сөзімен басталады. Кадр
қызметінің өкілі қызметшілерді шақырады, оларға ант мәтіні бар бланкілерді
тапсырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Сыбайлас жемқорлық туралы
Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік қызметтің құрылуын талдау
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары
Құқықтық қатынастың қалыптасу
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Пәндер