Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Сот және сот сарапшылары
  2. Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізуі
  3. Сараптама жүргізу мерзімі
  4. Сарапшы қорытындысының түсінігі мен маңызы

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Біздің қоғамымыздың бастан кешіп жатқан қиын кезеңде қылмыспен күресу - мемлекетіміздің алғашқы міндеттерінің бірі. Осы күресте маңызды қарудың бірі сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды тергеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Алайда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл бойы сот сараптамасының процессуалдық және дәлелдемелік проблемалары осы саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл олардың шешілуі мен жойылуының баяу жүруіне байланысты болып табылады.

Ата заңымызға сәйкес елімізде адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Осы кепілдіктің бірі болып, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде қылмыстық істер бойынша іске қатысушы және мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саналады. Ал оның жүзеге асырылуына қазіргі кезеңде қылмыстық істерді тергеудің және сотта қараудың сапасыздығы мен жеделдігінің баяу болуымен байланысты процессуалдық кедергілер мүмкіндік туғызбайды. Сонымен қатар қазіргі кезде әрекет ететін ҚР-ның Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің кейбір нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық мәселелері өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді қылмыстық істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда қылмыстық істі жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау ерекше маңызға ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс аталған кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.

Сот және сот сарапшылары

Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады және құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғады.

Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін білуге болады.

Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.

Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.

Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.

- Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың әрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дәлелдеуге және негіздеуге міндетті.

- Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т. б. ) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.

- Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куәгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.

Сарапшы - Арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік сот және т. б. органдарда сараптама өткізу үшін тартылған[1], істің ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға

- Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында мынадай істерді қарау және шешу ауызша нысанда жүзеге асырылады:

  • төрағалық етуші процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
  • іске қатысушы адамдардың өтініштері айтылады;
  • іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктемелері айтылады;
  • куәгерлер өз айғақтарын береді;
  • сарапшы жазбаша нысанда жасалған қорытындысын мазмұндайды (сарапшы жоқ болған жағдайда қорытындыны сот жариялайды) ;
  • маман кеңес береді;
  • сот отырысында жазбаша дәлелдемелер, хаттамалар және өзге де құжаттар жарияланады;
  • мемлекеттік органның жазбаша жасалған қорытындысы мазмұндалады;
  • сот жарыссөзі жүргізіледі;
  • прокурор іс бойынша тұтастай қорытынды жасайды;
  • істі қарау нәтижесінде сот шығарған шешім жария етіледі

Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша түрде жүзеге асырылады не жазбаша рәсімдеуді талап етеді. Мысалы, талап-арыз (өтініш), апелляциялық немесе кассациялық шағым (наразылық), қадағалау шағымы не қадағалау тәртібіндегі наразылық тек жазбаша түрде ғана беріледі, сот актілері жазбаша нысанда шығарылады.

Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады. [1]

Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізуі

Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс жүргізудегі сот сараптамасы мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға болады. Сонымен қатар көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты дәлелдемелік маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен байланысты қызметтің төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз қайтарылып жатқан іс материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.

Дегенмен сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп бейімделу науқанында деп айтуға болады.

Сараптама жүргізу мерзімі

Сараптама жүргізу мерзімі олардың түрімен, объектілерімен және сараптық зерттеулердің сипатымен айқындалады. Түрлі зертханалық зерттеулерді жүргізумен негізделген айғақтық заттарды сараптау мен мәйіттерді сараптау мерзімі бойынша ең ұзақ сараптау болып табылады.

Алайда осы сараптамалар анықтау, тергеуші, прокурор немесе сот органдарынан барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап бір ай мерзім шегінде жүргізілуге тиіс.

Сараптау жүргізудің орташа алғандағы мерзімі мынадай:

  • қайталап, комиссиялық, кешенді сараптау жүргізген кезде 30 тәулікке дейін;
  • мәйіттерді сараптау кезінде - 30 тәулікке дейін;
  • қосымша зерттеулерді және медициналық құжаттарды талап етпейтін тірі тұлғаларды сараптау кезінде - 5 тәулікке дейін.

Белгіленген мерзімде сараптау жүргізуді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, оның мерзімі аяқталғанға дейін сот-медициналық сарапшы сараптау мекемесінің басшысы арқылы сараптауды тағайындаған тұлғаға (органға) жазбаша түрде дәлелді себептерін және оны аяқтауды бағдарлы мерзімін көрсете отырып бір айдан кеш емес уақытта хабарлайды.

Сарапшы қорытындысының түсінігі мен маңызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттардың сот сараптамасы
Сот сараптамасының түсінігі, негіздері мен тағайындау тәртібі
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану
Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу
Сараптама өндірісі ұғымы мен жалпы шарттары
Сот сараптамасының принциптері
Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот сараптамасы туралы
Сот сараптамасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz