Тұрар Рысқұлов жайында



1 Тұрар Рысқұлов
ҚОРЫТЫНДЫ
Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысының Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында өмірі теңдік пен бостандық жолында тайсалмай күреспен өткен көшпелі қазақ шаруасының шаңырағында дүниеге келді. Онын әкесі Рысқұл Жылкыайдарұлы өткен ғасырдың сексенінші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түлкібас ауданынан) осында қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан жергілікті болысты атып өлтіріп, Сібірге айдалады. Қорғансыз қалған Тұрар туыстарының көмегімен 1907 жылы Меркедегі орыс-түздік бастауыш мектепке түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болган кезінде түрме бастығы Приходько бала Тұрарды шоқындыруға әрекеттенсе, Меркедегі шәкірт кезінде де осындай әрекет онын алдынан тағы да шығады.
1910 жылы Тұрар Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Мектепті бітіріп шыққандығы туралы куәлігінде барлық пәндер бойынша жоғары баға қойылған. Қаршадай жасынан әділетсіздіктің, озбырлыктың, теңсіздік пен үлттық кемсітушіліктің ащы дәмін татып өскен Тұрар тез есейді. Мектепті бітіруге жақын қалғанда Тұрардың орыс тілінде мектеп директорына жазған өтінішін оқи отырып, шәкірт баланың табиғи қабілеті мен зейінділігіне еріксіз қызығасың. ,,Мен өте үздік оқи алар едім,— деп жазады ол,— өйткені өзімде табиғи ақыл-ой мен дарын барын сеземін, әйтсе де адам ғүмырында сәтті шақтар мен кесе-көлденең кесепаттар бақталас болғандай ғой, сол бір кесепаттың салдарынан оқуым тығырыққа тіреліп, заңды өсіп-жетілуім күйрен жаздады. Бірақ өзімнің табандылығымның арқасында төбеме төнген бұлтты серліп тастап, III кластан бастап іске шындап кірістім‘‘. Одан әрі Тұрар өзінің әкеден панасыз қалған қара шаруа қазақтың баласы екенін, арпалыспен білім алғанын, ауыртпалықтан езіліп кетпей бой түзерліктей тіректі білімнен тапқанын, сондықтан да білім алуды одан әрі жалғастыруға көмектесуін өтінеді. Осы өтінішпен қатар архив құжаттарынын арасында Тұрардың математика пәнінен жазған бақылау жұмыстары мен орыс әдебиетінен жазған шығармалары да сақталып тұр.
Тұрардың өтініші қанағаттаңдырылып, оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училишесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірак училище директоры: ,,қазақ — номад, оған жер өңдеуді оқудын кажеті жоқ‘‘,— деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Тұрар 1915 жылы Ташкентте жаңадан ашылған мұғалімдер институтына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да ,,бұратана‘‘ деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді.

Тұрар Рысқұлов

Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысының Верный
уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында өмірі теңдік пен бостандық жолында
тайсалмай күреспен өткен көшпелі қазақ шаруасының шаңырағында дүниеге
келді. Онын әкесі Рысқұл Жылкыайдарұлы өткен ғасырдың сексенінші жылдары
патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен
(қазіргі Түлкібас ауданынан) осында қоныс аударып келген болатын. Жаңа
қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа
тізесі батқан жергілікті болысты атып өлтіріп, Сібірге айдалады. Қорғансыз
қалған Тұрар туыстарының көмегімен 1907 жылы Меркедегі орыс-түздік бастауыш
мектепке түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Мұндай аралас мектептер белсенді
миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының
түрмесінде болган кезінде түрме бастығы Приходько бала Тұрарды шоқындыруға
әрекеттенсе, Меркедегі шәкірт кезінде де осындай әрекет онын алдынан тағы
да шығады.
1910 жылы Тұрар Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне
қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша
бітіріп шығады. Мектепті бітіріп шыққандығы туралы куәлігінде барлық пәндер
бойынша жоғары баға қойылған. Қаршадай жасынан әділетсіздіктің,
озбырлыктың, теңсіздік пен үлттық кемсітушіліктің ащы дәмін татып өскен
Тұрар тез есейді. Мектепті бітіруге жақын қалғанда Тұрардың орыс тілінде
мектеп директорына жазған өтінішін оқи отырып, шәкірт баланың табиғи
қабілеті мен зейінділігіне еріксіз қызығасың. ,,Мен өте үздік оқи алар
едім,— деп жазады ол,— өйткені өзімде табиғи ақыл-ой мен дарын барын
сеземін, әйтсе де адам ғүмырында сәтті шақтар мен кесе-көлденең кесепаттар
бақталас болғандай ғой, сол бір кесепаттың салдарынан оқуым тығырыққа
тіреліп, заңды өсіп-жетілуім күйрен жаздады. Бірақ өзімнің табандылығымның
арқасында төбеме төнген бұлтты серліп тастап, III кластан бастап іске
шындап кірістім‘‘. Одан әрі Тұрар өзінің әкеден панасыз қалған қара шаруа
қазақтың баласы екенін, арпалыспен білім алғанын, ауыртпалықтан езіліп
кетпей бой түзерліктей тіректі білімнен тапқанын, сондықтан да білім алуды
одан әрі жалғастыруға көмектесуін өтінеді. Осы өтінішпен қатар архив
құжаттарынын арасында Тұрардың математика пәнінен жазған бақылау
жұмыстары мен орыс әдебиетінен жазған шығармалары да сақталып тұр.
Тұрардың өтініші қанағаттаңдырылып, оған Самара қаласындағы орта
дәрежелі ауыл шаруашылығы училишесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі,
бірак училище директоры: ,,қазақ — номад, оған жер өңдеуді оқудын кажеті
жоқ‘‘,— деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Тұрар 1915 жылы Ташкентте
жаңадан ашылған мұғалімдер институтына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да
,,бұратана‘‘ деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана
жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру
үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе
алаңында бағбан болып істеді.
Студент кезінен бастап-ақ ол ұлт-азаттық, революциялық қозгалыстарға
қатысып, жасырын саяси үйірмелердің жұмысына араласа бастады. Саяси
әдебиеттерге барынша зейін қойып, зерттейді. Табиғатынан зерек жас
теңдіктің күрессіз келмейтінін, азаттыққа апарар жол жеңіл болмайтынын
терең ұғына білді.
1916 жылы жазда қазақ даласында патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық
көтеріліс бұрқ ете түсті. Көтеріліс патша өкіметінің отарлау саясатының
табиғи нәтижесі болатын. 25 маусымдағы майданның қара жұмысына жұмысшы алу
туралы патша жарлығы көтеріліс отының тұтануына сылтау ғана болды. Жарлық
өлкеде 8 шілде күні жарияланды. Алынатындар тізіміне іліну каупі төнген,
әрі Ташкент қаласында басталған толқуларды көрген Т. Рысқұлов институттағы
оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке селосына аттанады .
Патша өкіметі орыс жұмысшыларына қарағаңда түздіктерді еркін
пайдалануға болатын көнбіс, ,,тегін‘‘ күш деп санады. ,,Орыс қаруының
алдында түздіктерді қауқарсыздығына сенімді болған патша әкімшілігі
жұмысшыларды жинауға шұғыл түрде кірісіп кетті‘‘,— деп еске алады
Т. Рысқұлов көтеріліс тарихы туралы енбегінде. Бірақ жер-жерде патша
жарлығына наразылық басталады.
Түркістан өлкесінен қара жұмысқа алынуы тиісті 220. 000 адамды
генерал-губернатор Н. А. Куропаткин өз әмірімен облыстар бойынша былайша
бөлді: Сырдария облысынан – 60. 000, Самарқант – 32. 407, Фергана – 51.
233, Жетісу – 43. 000 және Закаспий – 13. 830. ,, Мақта өсіретін
аудандардың мүддесін қорғау‘‘ мақсатында артынан Самарқант пен Сырдария
облыстарынан алынатын адам санын 40.000-ға қысқартып, бұл адамдар мақта
өсірумен шұғылданбайтын көшпелі халық мекендейтін жерлерден қосымша алынуы
тиіс деп белгіленді. Міне сондықтан да көтеріліс негізінен көшпелі
аудандарды қамтып, мұнда кескілескен сипат алды.
Әулиеата уезінен 22. 675 жұмысшы алынуы тиіс болатын. Нұсқау
бойынша тыл жұмысынан: болыстық, селолық және ауылдық басқармалардың
қызметкерлері, түздіктерден шыққан төменгі полиция шенеуніктері, имамдар,
молдалар мен медресе шәкірттері, орта қызметтегі түздіктер, дворян құқын
пайдаланушы түздіктер және ауқатты тұқымның құрметті азаматтары, сондай-ақ
өзі құрметті азамат лауазымын пайдаланушылар босатылды. Әулиеата уезінің
уезд бастығы полковник Суплатовтың басшылығымен уезде жұмысшы жинастырыла
бастады. Патша өкіметінің қара халықты зорлықпен майдандағы қара жұмысқа
жинау әрекетіне қатты ашынған халық арасында толқулар басталып, ел қарулана
бастады. Өлкеде Түркістан генерал-губернатрының бұйрығымен әскери жағдай
енгізілді. Халық толқуы қаруланған көтеріліске ұласты. Қазақ жасақтары
Мерке селосы мен болыстағы басқа да орыс елді мекендеріне шабуыл жасап,
қарулы кақтығыстар өрши түсті. Шошынған уезд бастығының нұсқауымен
поселкелердің орыс шаруаларына қару үлестіріліп берілді.
Т. Рысқұлов Меркеге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып,
жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Көтеріліске шыққан
халықтың нашар қаруланып, жүйелі түрде ұйымдасқан іс-кимыл көрсете алмауы
олардың қарсыласу мүмкіндігін шектеп, ұрыс даласында орасан зор
құрбандықтарға ұшырауына алып келді. ұйымдастырушылық қабілеті зор, саяси
сауатты Т. Рысқұлов көтерілісшілер арасында тез бедел мен сенімге ие бола
бастады да көп үзамай ол көтерілісшілердің саяси басшысына айналады.
Көтерілістілердің патша үкіметінің жазалаушы бөлімдерімен болмай қоймас
қақтығыстарын сезе білген Т. Рысқұлов оларды ұйымдасқан іс-қимыл жасауға,
ұсақ топтармен әрекет істемеуге уағыздайды, негізінен патша әкімшілігіне
қарсылык көрсетіп, орыс шаруаларына тиіспеуге кеңес береді. Менің қатты
қауіптенген нәрсем, деп жазады кейін өз естелігінде Т. Рысқұлов, патша
әкімшілігінің орыс шаруаларын қазақ жасақтарына қарсы айдап салар
арандатушылығы болды, ал мұндай жағдайда көтерілісшілердың жағдайы тіпті
шиеленісіп кетер еді". Ол көтерілісшілер көп шоғырланған жерлерде жиын
өткізіп, империалистік елдер арасында жүріп жатқан соғыстың әділетсіздігін
айыптайды, патша өкіметінің, жергілікті әкімдердің саясатын әшкерелеп,
халықты түрліше арандатушы тыңшылардан сақтандырады. Т. Рысқұлов осы
ауданда әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған
көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт-бағдар
сілтеді.
Меркедегі көтерілістің өршіген кеэінде Т.Рысқұловты патша әкімшілігі
тұткындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге
мәжбүр болады. Саяси қызметпен айналысуға қатаң тыйым салады. Түрмеден
босаған Тұрар бір айдай қатты науқастанып, көтерілісшілерге қол ұшын бере
алмай қалады. Бұл кезде патша әскері көтерілісшілерді талқандап, жер-жерде
жазалаушы отрядтар халықты қуғын-сүргінге түсіріп, қатты жазалауға кіріскеи
болатын. Т. Рысқұловтың саяси күреске қайта кіріскенін сезген полиция оны
тұткындау мақсатымен тінту жүргізе бастаған кезде, ол жасырын түрде
Ташкентке кетуге мәжбүр болады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Т. Рысқұловқа ащы болмыстың бар қыр-
сырын ашып берді, оны туған халқының тағдыры налытты, азаттық жолындағы
күреске белді бекем байлап кірісу қажеттігін ой-санасына ұялат-ты. Ол үшін
зор даярлық, ұйымдасқан күш қажет еді. Енді Тұрар бар күш-жігерімен отарлық
бұғаудағы туған халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын, мәдени
өмірін зерттеп білуге, патшаның отарлау саясатының қыр-сырын тереңірек
тануға құлшына кіріседі.
Россияда патша өкіметін жойған 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық
революциясынан кейін құрылған Уақытша үкімет Түркістан өлкесін уақытша
басқару ісін сол жылы 6 сәуірде ұйымдастырылған Түркістан Комитетіне
тапсырды. КомитеттІң алғашқы құрамына: Н. Н. Шепкин (төрағасы),
Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, С. Мақсұтов, В. С. Елпатьевский,
А. Л. Липовский, П. И. Преображенский, О. А. Шкапский және
Ә. Дәулетшин кірді. Комитет құрамы артынан біршама толықтырылды.
Уақытша үкімет патша үкіметінің қолынан отарлау мен езудің, саяси
көлгірсу мен жалған ұрандардың туын қабылдап алған саяси мұрагер болып
шықты. Түркістан Комитеті өлкені басқару жүйесінде айтарлықтай өзгеріс
жасай алмай, тек мардымсыз шаралармен ғана шектелді. Мысалы, Сырдария
облысының әскери губернаторының орнына жаңадан облыстық комиссар болып
бұрынғы уезд бастығы подполковник Тризнаны тағайындады. Уезд комиссарлары
болып негізінен ескі патша шенеуніктері мен бұрынғы приставтар бекітілді.
Қышлақтар мен аудандарда билік бұрынғы болыстық басқармалар мен
ақсақалдардың қолында қалды. Алайда Түркістан Ко-митетінің кейбір мүшелері,
атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев және О. Шкапский 1916 жылы
қырғынға ұшыраған халықтың жағдайларын жеңілдету үшін айтарлықтай енбек
етті.
Т. Рысқұлов пен Түркістан Комитетінің ара қатынасы ерекше зер қоя
қарастыратын мәселе. Сақталынып калған архив материалдарының арасынан
Тұрардың Түркістан Комитетімен қарым-қатынасын көрсететін құжаттар табыла
қоймады, ал жанама құжат деректері нақты пікір айтуға негіз бола алмайды.
Солай болса да саяси оқиғалар барысынан оның шет қала ал-мағаны айқын. Бұл
мәселе бойынша мынадай тұжырым жасауға болады: 1917 жылы жазда Т. Рысқұлов
Түркістан Комитетінің құрамындағы жергілікті ұлт өкілдерімен байланыс
жасап, оған сенім білдіріліп, Т. Рыс-құловты Сырдария облысына жетекші өкіл
етіп тағайындау туралы сөз болады. Артынан Т. Рысқұлов бұл Комитеттен
мүлдем қол үзіп, большевиктерге қосылады, оған түрткі болған көптеген
обьективті себептің бірі — Түркістан Комитетінің өлкеде орын алып отырған
саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарысты, шиеленіскен ұлт мәселесін шешуге
кабілетсіздігі болса керек. Т. Рысқүлов Уақытша үкіметтің табиғатын тез
түсінді, бұл үкіметтің езгідегі туған халқына теңдік те, бостандық та алып
келмесіне көзі жетті
Қазақ халқының бостандығы үшін күрес жолына түскен Т. Рысқұлов 1917
жылы көктемде Меркеге оралып, онда ,,Қазақ жастарының революциялық одағын‘
құрады. ,,1916 жылғы көтерілістен күйзелген қазақ халқының ішінде кулак
террорының, байлардың сатқындығы тоқталмай тұрған уақытта қазақ бұқарасын
дұрыс революциялық жолмен алып жүру үшін біз ,,Қазақ жастарының
революциялық одағын‘ құрдық‘‘,— деп жазды Т. Рысқұлов. Одаққа 1916 жылғы
ұлт–азаттық қозғалыстың от-жалынынан өткен, саяси сауатты, революциялық
ниеттегі 30-ға тарта қазақ, қырғыз және орыс жастары бірікті. Одақтың саяси
басшысы Т. Рысқұлов болды. Олар көп ұзамай Әулиеата гарнизоны мен Мерке
әскери бөлімшесінің революциялық пиғылдағы солдаттарымен байланыс жасады.
Бұл гарнизондарда большевиктердің ықпалы күшті болатын. ,,Сол уақытта,—
дейді Т. Рысқұлов,— Меркеге Ташкент кеңесінің өкілі (большевик) келді және
бізге большевиктердің бағдарламасының мәнін түсіндіріп берді. Сөйтіп, біз
1917 жылдың ортасынада большевиктердің идеясына жақын болдық‘‘. Т.
Рысқүлов Әулиеата уезіңдегі белгілі большевиктер — Н. И. Чернышев, С.
К. Хмелевский, С. А. Федоров — Завадскийлермен тығыз байланыс жасап,
олардың көмегімен уездегі қазақ еңбекшілерінің арасында революциялық үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізеді.
,,Қазақ жастарының революциялық одағы‘‘ Түркістан мен Қазақстан
аймағында құрылған осындай одақтардан елеулі айырмашылығымен ерекшеленеді.
Бұл одақ — бағдарламасы мен жарғысы бар, күрес жолы анық саяси ұйым ретінде
құрылған болатын. ,,Сол уақытта, жергілікті жерлерде әлі де болса белгілі
революциялық партиялар пайда бола қоймаған кезде... қазақ жастарының нақты
бағдарламаның негізінде ұйымдасуға тырысуы үлкен революциялық ілгерілеу
болды‘‘,— деп атап көрсетті Т. Рысқұлов. Бағдарлама мен жарғыдан одақ
мүшелерінің Ақпан революциясының сипаты мен мән-мағынасын, әлеуметтік
қайшылығын айқын түсіне білгендігі көрінеді. Орыс отаршылары мен жергілікті
үстем тап екілдерінің халыққа қарсы іс-әрекеттерін сынай келе және
қарапайым еңбекші бұқараның мұң-мұқтажын, талап-тілегін қорғайтынын білдіре
отырып, ,,Одақ‘‘ мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінің басты мақсаты ретінде:
,,...Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері мен орыс кулактарының
озбырлығына қарсы күресу‘‘ жолын талдап алғандарың ашық мәлімдейді.
,,Одақ‘‘ бағдарламасында Ақпан революциясының әлеуметтік теңсіздікті,
ұлттық езгіні жоюға қабілетсіз екеңдігі, керісінше бұл күндері орыс
отаршыларымен ауыз жаласқан жергілікті үстем тап өкілдерінің өз халқын
,,...бұрынғыдан да бетер езе түскені‘‘ ашына айыпталған ,,Қазақ
жастарының революциялық одағы‘‘ – Т. Рысқұлов үшін саяси шыңдалу мектебі
болды.
1917 жылы жазда Ташкент қаласында қазақ депуттарының Түркістан
өлкелік кеңесі құрылды. Ол кеңестің жетекшілерінің бірі Т. Рысқұлов болды.
Сол жылы 30 тамызда шаруа депуттары кеңестері мен қазақ депуттары
кеңестері бірігіп ортақ атқару комитетіне 6 адам орыс 6 адам қазақ мүше
болып сайланды. Бұл комитеттің құрамында Т. Рысқұлов та болды.
1917 жылы Түркістан өлкесінде 7668 мың адам тұрған болса, оның 2 155
мыңы – Сырдария облысында, 2 433 мыңы – Ферғана, 975 мыңы Самарқант, 605
мыңы — Закаспий, 1.500 мыңы — Жетісу облысында мекендеді. Өлке халқының
44,36 процентін — қазақтар мен қырғыздар, 35,77 процентін — өзбектер, б, 73
процентін — тәжіктер, 4,98 процентін — түрікмендер, 3,75 процентін —
европалықтар (негізінен: орыстар, украиндар, белорустар), 2,26 процентін —
қарақалпақтар және 2,15 процентін басқа да халықтардың өкілдері құрады.
Осылайша, Түркістан өлкесін мекендеген халықтардың дені осы аймақтың
байырғы тұрғындары болатын. Жергілікті халықтардың бірде-бір өкілі
кірмеген, ,,...халықтың сан жағынан елеусіз ғана тобын біріктірген
кеңестерге өкімет билігінің өтуі — Түркістан өлкесінің жағдайында жол
беруге болмайтын жағдай; шаруа, жұмысшы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы
Тұрар Рысқұловтың саяси қызметі
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Басмашылар қозғалысы
Қазақтың ұлы жазушылары
Түркістан үкіметінің мүшелері
Рысқұлов Тұрар
Тұрар Рысқұлов өмірі
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Пәндер