Ортағасырлық схоластика


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Ортағасырлық схоластика

Алпауыттық (феодалдық) қоғамдық қатынастардың даму барысында ортағасырлық схоластика (латын сөзінен шыққан, «мектеп» деген мағына береді) қалыптаса бастады. Алпауыттық қоғам құлиеленушілік құрылыстың ыдырауынан кейін пайда болды. Бұл қоғам негізінен екі топтан тұратын еді. Үстем тап - алпауыттар мен қаналушы тап - басыбайлы шаруалар әрі бірлік, әрі күрес жағдайында болды. Олардан басқа қолөнершілер мен саудагерлер қосалқы таптарға жатады.

Алпауыттық қоғамда дінбасыларының билігі үстем болды. Тақұалық ғибадатханалардың (монастырь) иелігіндегі жерлер орасан көп болды, ал тақұалық ғибадатханалардың ғимараттары қамал түрінде салынды. Олар жер өңдеу, ағартушылық жұмыстар мен мәдени-дамудың орталықтарына айналды. Батыс Европадағы алпауыттық қоғамның тым бәсең дамуы ол туралы жаппай тоқырау, тіпті кері кету кезеңі сияқты тұрақты пікір қалыптастырғанды. Ал шынтуайтына келгенде, құлиеленушілік қоғамның философиядағы, нақтылы ғылымдардағы қол жеткен табыстары, негізінен ортағасырлық Шығыста сақталып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылықпен ілгері дамытылып отырды. Ал, Батыс Европаның Рим империясының күйреуінен кейін пайда болған жас мемлекеттерінде (Италия, Испания, Франция, Англия, Германия) сауаттылық құрт төмендеп кетті.

Бұл кезде христиан діні үстемдікке қол жеткізген соң, шіркеулер сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағы болды. Осыған орай дінбасыларының материалистік философияға жауыққандығына байланысты, антикалық рухани мұралардың тек қана идеалистік ілімдері ғана уағыздалуға құқықты болды. Сондықтан да ортағасырлық Шығыста және арабтар бағындырған Испанияның кейбір аймақтарында араб тілді философия мен ғылымның дамуы XVI ғасырға дейін Европаға қарағанда озық үлгіде болды. Бірақ та мәени даму дәрежелерінің алғышарттық айырмашылықтарына қарамастан Европада да, Шығыста да алпауыттық қоғамдық құрылыс қалыптасты, екі жақта да діни идеология үстем болды. Адамдар санасында таптар арасындағы күрес діни-идеологиялық сипат алды, философия Европада шіркеудің, дінбасыларының құлақ кесті күңіне айналды. Ал христиан дініне келсек, ол үстемдікке бірден жете алған жоқ. Ол өз үстемдігі үшін политеизм мен неоплатонизмге қарсы ұзақ уақыт жанкешті күрес жүргізді.

Неоплотанизм философиясы мен оның мектебі император Юстинианның үкімімен 529 жылы ресми түрде жабылды. Осының салдарынан философиялық салада схоластика үстемдігі басталды. Алғашқыда бұл философия мектептерде, кейіннен университеттерде ресми пән ретінде оқытылды. Әу баста «схоластика» деген сөз «мектеп» деген сөздің мағынасын білдірген болса, кейіннен бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден тым алшақ, керенаулық сарыны басым, мүлде нәтижесіз тіл безеуге, кекемілжыңдыққа бой ұрған ғылымсымақтың атауы ретінде қалыптасты. Өзінің даму барысында схоластика негізінен үш кезеңнен өтеді:

  1. Балауса кезеңі (IXXII ғасырлар аралығы) .
  2. Бәлиғат кезеңі (XIII ғасыр) .
  3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV ғасырлар аралығы) .

Схоластардың шұғыдданған негізгі мәселесі -білімнің діни сенімге деген қатынасы туралы мәселе. Олардың негізгі қағидасы, мақсаты ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізу және сол үстемдіктің «заңдылығын» дәлелдеу болды. Алайда, осы мәселе жөніндегі пікірталастың даму барысында көптеген философиялық проблемалар күн тәртібіне қойылды. Олардын ішіндегі ең маңыздысы жалпының жалқыға қатынасы турлы мәселе еді.

Номинализм және реализм

Философия тарихында жалпы ұғымның жалқы заттарға қатынасын ашып көрсетуге бағытталған пікірталас «универсалиялар» (жалпы ұғымдар) туралы ілім ретінде белгілі болды. Бұл мәселені шешу жолында схоластар көптеген шешімдер ұсынады. Олардың ішіндегі негізгілері бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарастар -номинализм және реализм еді. Реализм жалпы ұғымдар адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді. Ал номинализм, керісінше, жалпы ұғымдар («универсалиялар») адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Мысалы «жалпы адам» өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. «Адам» деген әрбір ет пен сүйектен жаралған жалқы адамның жалқы аты. Демек, жалқысыз жалпы ұғым өз алдына дербес, санадан тәуелсіз өмір суре алмайды.

Италияда 1033-1109 жылдар аралығында өмір сүрген реализмнін көрнекті өкілдерінің бірі Ансельм Кентерберрийский өмірінің соңғы 16 жылында архиепископ болған. Ол шіркеу үстемдігі үшін саяси билікке қарсы күрескен адам. Өзінің осы мақсатты күресін саяси салада ғана емес, сонымен қатар философияда да негіздеуге тырысады. Ансельм үшін жақсылық, әдеттілік, ақиқат ұғымдары адамдардың іс-әрекеттерінен тыс шынайы өмір сүреді. Демек ол реалистік бағыттың ең табанды жақтаушыларының бірі болған деген сөз. Ансельм бұдан басқа, құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым пайда болмас еді.

Ал құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны, - дейді Ансельм. Бұның атын «құдай болмысын онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атады. Ансельм өмір бойы дінбасылардың мақсат-мүдделерін қорғағаны үшін өлгеннен соң әулиелер санатына енгізілген.

1079-1142 жылдары өмір сүрген атақты схоласт «универсалия» туралы пікірталаста сыңаржақты реализмге де, сыңаржақты номинализмге де бірдей қарсы шыққан Пьер Абеляр салиқалы реализмді уағыздады. Оның ойынша шынайы өмір сүретіндер тек жалқылықтардың өзара ортақ қасиеттері болуы мүмкін. Осы ортақ қасиеттердің негізінен «универсалиялар», жалпы ұғымдар қалыптасады. Біз көп жалқылар туралы айтатын болсақ, біздің пікіріміз олардын атаулары - сөзге бағытталмақ.

Міне, номинализмнің түпкі мәні осында. Сонымен қатар жалпы ұғымдардың да шынайылығын, ақиқаттылығын мойындау керек, себебі олар Құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, әрі құдай жарататын заттардың көзқарақты үлгілері болып табылады, - дейді Абеляр.

Абелярдың ілімі сыңаржақты схоластар тарапынан күшті қарсылыққа ұшырады. Алайда, он үшінші ғасырларда схоластика өзінің даму барысындағы биік белесіне көтеріледі. Бұл кезеңде қолөнершілер мен саудагерлердің еңбегі жана бастады. Осыған орай «ересь» (ресми дінге қарсылық), тіпті қарулы қақтығыстар орын ала бастады.

Бұл дәуір крест жорықтарының дәуірі еді. Олардың арқасында Европалықтар Шығыстың озық үлгілі мәдениетімен және антикалық заманның сақталып келген мұраларымен таныс болды. Философиялық және ғылыми әдебиет қорының көбеюі, схоластиканын да көкжиегін кенейтіп, белсенді ой түрткі болды. Әсіресе Аристотель еңбектеріне берілген түсініктемелер мен жол-жөнекей Шығыс философтарының ашқан соны жаңалықтары схоластикаға зор әсерін тигізді. Атап айтқанда, Ибн Синаның (Авиценна) . Ибн Рушдтың (Аверроэс) игі ықпалы күшті болды.

Осындай игі құбылыстар рухани өмірді байыта түсуге себенкер болғанымен шіркеу тарапынан құрылған діни одақтар мен инквизиция (жазалау мекемесі) озық ой атаулыны тұншықтыруға бағытталды. Діни одақтар ішінде доминиканшылар («құдайдың төбеттері» деген мағынаны білдіреді) айырықша белсенділік роль атқарды. Осы одақтың белсенді мүшесі, итальяндық графтар тұқымы Ф. Аквинский (1225-1274) болды. Париж университетінен білім алып, кейін сонда профессорлық қызмет атқарған Ф. Аквинский аверроизмге қарсы белсене күресті. Аверроизмнің екі ұдай ақиқат туралы іліміне қарадай шүйілген Ф. Аквинский ақыл-ой мен дінии сенімнің өзара айырмашылығын емес, егіздей бірлігін, біртұтастығын дәлелдемекке бар күшін салган еді.

Ақиқат жолында ақыл-ой, діни сенімге әредік қайшы келуі де мүмкін. Ондай жағдайда екі тұжырымның бірі жалған болады. Ал құдай сөзінде жалғандықтың болуы еш мүмкін емес. Демек, бұл орайда ақыл-ой шатасқан болып шығады, немесе діни сенім емес философия жаңылысқан болып шығады.

Ф. Аквинский өз уағыздарын негіздеу ісінде Аристотель философиясына сүйенеді. Оның негізгі категориялары шындық пен мүмкіндік. Әр зат «материя» мен «форманың» бірлігінен туады. «Материя» белгілі бір форманың қабылдау мүмкіндігі, ал «форма» -сол форманы иеленген «материяның» шындығы. Ф. Аквинский Аристотельдің тарихи дәйексіздігін ұтымды пайдаланып, өзінің түгел дерлік дінге бағынған материя және форма туралы идеалист ілімін қалыптастырған еді. Оның пікірінше материя формадан тәуелсіз, дербес өмір сүре алмайды, демек қай зат болмасын ең жоғарғы формадан (құдайдан) тәуелсіз өмір сүре алмак емес.

Негізінен алғанда, Дуне Скотт философиясы идеалистік сипатта болды. Кейбір номиналистермен салыстырғанда, Дуне Скотт жалпы ұғымдарды акыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі ретінде қарастырады. Олар әр уақытта болған, әлі де бола береді, демек мәңгі өмір сүреді. Барлық жалпы ұғымдар құдайдың ойында тұрады.

Жалпы - жалқылардың негізі. Оларды адамның ақыл-ойы заттардан бөліп алып, соның нәтижесінде ұғымдар қалыптасады. Сонымен, сайып келгенде, жалпы алдымен құдайдың ойында болады, одан кейін заттардың мәніне, сапасына айналады, ал одан кейін адамдар санасындағы жалпы ұғымдарға айналады.

Мән және тіршілік категорияларының арақатынасы туралы мәселеде Д. Скотт Ф. Аквинскийдің пікірін қайталайды. Сонымен қатар қосымша соны пікір де білдірген. Мысалы, Аквинский заттар табиғатында мән және тіршілік бір-бірінен елеулі айырмашылықтары арқылы ажыратылады десе, Д. Скотт бұл тұжырымды қате деп есептейді, оның ойынша заттың мәні мен тіршілік тәсілінің арасында ешқандай да елеулі айырмашылық болмайды.

Рух дегеніміз Д. Скоттың айтуынша, адам денесінің рухани формасы. Форманы жасау - құдірет ісі, ол адам денесімен өле-өлгенше бірге жасайды. Рух мәңгі, ал адам денесі кеңістік пен уақыт аралығында шектеулі. Өзінің «Таным теориясында» Д. Скотт рухтың белсенділігін атап көрсетеді. Білім біз зерттейтін заттың табиғатынан әрі сезім мүшелерінің ерекшеліктерінен тәуелсіз бола алмайды. Ал адамның танымдық іс-әрекетіне келетін болсақ, онда маңызды рөл атқаратын нәрсе ақыл емес жігер, демек, жігер ақылдан жоғары тұрады. Ал құдайдың еркі мен жігері туралы айтпаса да болады. Сайып келгенде, Д. Скоттың философия мен ғылымнан гөрі діни уағыздардың мүддесін жақтағанын көреміз.

философияның әлсіздігін бетіне баса айыптады, себебі деп керсетті ол, философия жалпы ұғымдармен ғана істес болады да ет пен сүйекте жаралған нақты адамның мақсат-мүдделерінен мүлдем аулақ болады, демек, оның еш пайдасы жоқ. Ол егер құдай жігерінен, оның еркінен нәр алған болса, мұндай әлсіздікке жол бермес еді, - дейді Д. Скотт. Ал дүниенің жаратылысы, осыған орай, философия үшін жұмбақ нәрсе. Ал оны құдайдың жаратқанына күмән келтірмей, шексіз сену керек.

Қорыта айтқанда, Ф. Аквинский мен Д. Скоттың философиялық ілімдерінде елеулі айырмашылықтар мен қайшылықтар орын алды. Ф. Аквинский құдай болмысын ақыл-ой арқылы дәлелдеуге тырысты. Ол екеуі де реализмнің өкілдері болғандыктан, номинализмге қарсы болды, екеуі де дін жолына қызмет етті.

Схоластиканың көрнекті өкілі Роджер Бэкон (1214-1294) Оксфорд университетінде оқып, білім алған, Парижде оқытушылық қызмет атқарған. Кезінде алпауыттық қоғамның әлеуметтік негіздеріне қарсы шыққан адам. Өз дәуірінің құлықтық ерекшеліктерін сынаған кезде Р. Бэконге ештеңе де тосқауыл бола алмады, ол тіпті, Рим папасынан да қорықпады. Осынысы үшін ол қатаң жазаланды. Оның шығармаларына тиым салынды, өзін ұзақ жылдарға турмеге (14 жыл) жауын қойды. Оны өлерінен екі-ақ жыл бұрын денсаулығына байланысты бостандыққа шығарған еді.

Р. Бэконның ғылыми, философиялық ойларының тарихи маңызы әрқилы болды. Ғылымда, әсіресе, логикада ол шынайы жаңалықтар ашты, ал философияда кейін қалып қойды. Ол философияның мақсатын діни уағыздардың маңызын дәріптеу деп түсінеді. Р. Бэкон тәжірибенің таным мен ғылымдағы мазмұнын әрі маңызын алғаш рет негіздеген ғұлама. Білімнің көзі, оның пікірінше, тәжірибеде, пікірталаста және беделде. Ең дұрыс пікірлердің де ақиқаттылығы тәжірибе арқылы тексерілуі керек. Бұл орайда танымға философия және діни сенім жәрдемге келуі тиіс. «Білім - күш» деп ең алғаш жар салған да осы Р. Бэкон еді. Оның ілімі философия тарихынан өзіне лайықты орынын иемденген, әрі болашақ дәуірлер үшін, әсіресе ғылымда, логикада ашқан соны жаңалықтары игі әсерін тигізді.

XVI ғасырдың номиналистері католик дінбасыларының өкімет билігіне таласуына (клерикализм) қарсы шықты. Олардың ішіндегі ең көрнектісі В. Оккам (1300-1350) болды. Ол Англияда туып-өскен еді. Оксфорд университетінде оқыған. Өзінің клерикализмге қарсы күрескені үшін құғынға ұшыраған. Ол саяси шығармалардан басқа философия және діни уағыздар саласынан бірталай еңбектер жазды.

Философиядан жазған шығармалары Оккам негізінен Аристотельдің логикасы мен физикасына арналған еді. Ол құдай болмысын философиялық тұрғыдан дәлелдеудің барлық түрін өткір сынға алды. Құдай болмысын дәлелдеу философияның емес, діни сенімнің ісі, деді ол. Оккам үшін тек тылсым сезім (интуиция) мен көзқарақты білім растайтын фактілердің ғана ғылым үшін маңызы бар. Оның бұл қағидасы мынадай қорытындыға келіп тіреледі:

  1. Түсіндіруді қарапайымдылыққа негіздеу қағидасы.
  2. Тек жалқылар (заттар мен құбылыстар) шынайы өмір сүреді (номинализмнің негізгі қағидасы) .

Ғылымның мақсаты - жалқыларды, жеке заттар мен құбылыстарды зерттеу, танып-білу. Ал жалпылар тек адамның ақыл-ойында ғана болады. Ақыл-ойдан тыс және тәуелсіз өмір сүретін нәрселер тек жалқылар.

Жалпы ұғымдар заттардың өздеріне тән нәрсе емес, бірақ та оларда шынайы мазмұн болуы мүмкін. Жалпы ұғымдар белгілердің қызметін атқарғанымен, олар кез-келген заттардың белгілері емес, яғни белгілі бір жалпы ұғымдар, белгілі бір заттардың, құбылыстардың белгілері, таңбасы. Мысалы, жылқы ұғымы барлық тірі жылқылардың атауы, белгісі. Демек, белгілі бір жалпы ұғым біртектес заттардың белгісі болады екен.

Оккамның пікірінше таным шынайы өмір сүретін нақтылы заттар мен құбылыстарды (жалқыларды) түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Осыған орай ол білімнін екі түрін айқындайды:

  1. Білімнің алғашқы түрі - бұл көзқарақты немесе ішкі сезімге құрылған, жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде пайда болған білім;
  1. Дерексізденген (абстракция) білім - бұл жалпы ұғымдар туралы білім.

Алайда Оккамның номинализмі екіудай сипатта болды. Тәжірибелік сезімдік танымды дұрыс бағалай отырып, ол ғылымның, философияның бейзаттық түпнегіздері (субстанция) және құдайды танып білу жолындағы дәрменсіздігін мойындауға мәжбүр болды, өйткені олар сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейді ғой. Бұл жерде Оккам Д. Скоттың пікірін жақтаған.

Қорыта айтқанда, схоластика философияның ерекше бір түрі ретінде алпауыттар қоғамыпың рухани өміріне тән еді. Оның ерекшелігі - сергек ойды діни сенімге бағындыруға талпыну болды. Алпауыттар қоғамының мың жылға созылған даму нәтижесінде ой керенаулығы бел алып, ой белсенділігі тоқырауға ұшырады, себебі, ғылымдар ақиқатты іздеу жолына емес, құдай болмысын дәлелдеу жолына түсіп кеткендіктен небір данышпан ақыл-ой иелері, көрнекті ғұламалар өз дәрежесінен айтарлыктай көріне алмады. Оның есесіне философиялық, ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық Шығысқа ойысты да, ХIV ғасырға дейін мәдени өркендеудің ошағы сонда болды.

Ортағасырлық батысеуропалық философия

Ортағасырлық батысеуропалық философия дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теологиялық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Ортағасыр философиясы
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде)
Схоластика, догматизм, формализм терминдері
Ортағасырлық схоластика жайлы
Ортағасырлық Батыс Европалық филосоифясы
Орта ғасырдағы христиан философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz