Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 6 бет
1 тарау. Туған жерінің алып тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 . 7 бет
§ 1. Махамбет . көтеріліс ұраншысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 . 9 бет
2 тарау. Махамбет жырларының көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... 9 . 11 бет
§ 1. Албырт кезіндегі балғын жырлары ... ... ... ... ... ... ..11 . 12 бет
§ 2. Көтеріліс алдындағы насихат жырлары ... ... ... ... .12 . 16 бет
§ 3. Исатай деген ағам бар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16 . 19 бет
§ 4. Ақын жырларындағы бейнелі сөздер ... ... ... ... ... ...19 . 21 бет
§ 5. Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік маңызы ... ... ... ...21 . 22 бет
Қорытынды. Дабылды жырдың дауылпазы ... ... ... ... ... ... ... ... ...23 . 27 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28 бет
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29 . 43 бет

Отан отбасынан басталады. Анашым болып аймалап, мәңгілік мені тербетіп тұрар отан атты киелі бесігім туралы ойлағанда жұдырықтай жүрегім бір тебіренбей тұра алмас. Шалғай кетсем киелі туған жерімнің топырағы есіме түскенде өне бойымды әлдебір ерекше сезім билеп кетеді. Құлағыма ұлы Қорқыт бабамның қобызынан төгілген киелі күйлер Сырдарияның бетінен самал боп өрбіп, бабалар үнімен тілдесіп, жыр өлкесімен сырласқандай. Қазағымның өр намыстан жаралған ұлы мен қызы, әнші - күйші бәрі де Қорқыт күйіне шомылып, Сырдың кәусар суынан шалқар шабыт алғандай.
Киелі кербез қазақ даласы ақын - жазушыларға толы. Ол ақындардың әрқайсысы да туған жер тақырыбын жырлайды, жырламауы мүмкін емес, себебі әрбір адамның туған жері, өз топырағынан жаралған перзенттеріне рухани күш-қуат береді. Ол рухани күш үнемі адамның өн бойында сақталады. Туған жердің әсем күні мен түні, естен кетпес табиғат көріністері, бетке соққан самал желі әр пендеге туған жерін жыр етуге себеп болады.
Әрине, әр ақынның өз түсінігі, өз нұсқасы, өз ойы, өз қалауы бар. Ақын-жазушылар көп болғандықтан, олардың туған жер туралы жырлары да өте көп және алуан түрлі. Олардың тек бір ғана ұқсастығы бар. Ол ұқсастық - олардың баршасының туған жер туралы жырлауында деп ойлаймын. Әркім өз туған жерін, өлкесін елестете отырып жыр туғызады. Қарап тұрсаң әр ақын әр түрлі елді - мекенді жырлайды, бірақ бізге ол бір ғана түрде көрінеді.Өйткені олардың жалпы атауы – туған жер.
Жалықтырса алыс сапар, жат мекен,
Туған жердің түтіні де тәтті екен, -
демекші, арғы - бергі заманда өмір сүрген күллі ақын - жазушылар осы бір қасиетті ұғымға тоқталмай кетпейді. Ол заңды да. Себебі туған жер ұғымы - барлық адамның жүрек түбіріндегі сағыныш, тәтті мұңға толы сағыныш сезімі. Және бір қызығы бұл сезім адамзат баласынан бөлек барша тіршілік иесіне тән қасиет. Аспанда ұшқан құс та, жерде жүрген аң да, құрт - құмырсқа да өзі өмірге келген мекеннен басқа жерді жерсінбейді. Зообаққа апарылған аң - құстардың көпшілігі құсалықтан өліп кеткенін естіп жүрмін. Қалғандарының өзі көндігіп кете алмай көп қиналады. Хайуанаттар бағын аралап көрсеңіздер торда тұрған арыстан, жолбарыстардың көзінен ауыр мұңды байқау қиын емес. Аң екеш аңның өзі туып өскен өлкесін жанындай жақсы көріп жатқанда, адам баласының туған жер тақырыбына жүректегі ең бір асыл сөздерді арнауы заңды құбылыс. Мынадай бір әнсана еске түседі. Ертеде өзге жұртқа жастай кетіп, сол жақта ер жетіп, кейін ел басқарған азаматты туған жерге қайтара алмай - ақ қояды. Сол кезде бір ақылман қарияның үйретуімен туған жердің бір уыс топырағы мен бір бума жусанын алып барады. Осы заттарды патшаның алдына қойған ауыл адамдары ләм - лим деместен қолға қобыз алып, дала сарынын аңырата жөнеледі. Мізбақпай отырған патша бір кезде көзінен жасы парлай ағып, тізерлей отыра қалып жусан мен топырақты құшырлана иіскепті деседі. Немесе, әйгілі Мөде ханды еске түсірейік. Жау жағы сәйгүлік атын сұратқанда қарсыласпайды. Әдемі келіншегін сұратқанда үндемей келіседі. Ал, ұлтарақтай жер сұратқанда бар қаһарын төгіп, жауымен айқасқан екен. Солардың ішінде:
Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 – 6 бет
1 тарау. Туған жерінің алып
тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 – 7 бет
§ 1. Махамбет - көтеріліс
ұраншысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8 – 9 бет
2 тарау. Махамбет жырларының көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... 9 – 11
бет
§ 1. Албырт кезіндегі балғын
жырлары ... ... ... ... ... ... ..11 – 12 бет
§ 2. Көтеріліс алдындағы насихат
жырлары ... ... ... ... .12 – 16 бет
§ 3. Исатай деген ағам
бар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16 – 19 бет
§ 4. Ақын жырларындағы бейнелі
сөздер ... ... ... ... ... ...19 – 21 бет
§ 5. Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік
маңызы ... ... ... ...21 – 22 бет
Қорытынды. Дабылды жырдың
дауылпазы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .23 - 27 бет
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
бет
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 29 – 43 бет
Ғылыми зерттеудің тақырыбы:
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Көкейтесті түйінді мәселе :
- Бүгінгі біздің қоғамымызда жас оқырман қауымның қазақ әдебиетіне
көңілін аударту мақсатында бірнеше ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр,
әрине, әркімнің ой зердесі, талғам - түсінігі, талдау - тұжырымы,
саралауы әрқалай. Махамбет Өтемісұлының өмірін, жырлары мен
толғауларын зерттеу барысында менде бірнеше сұрақтар туындады:
1. Ізденіс кезінде Махамбеттің балалық шағы туралы мәліметтің мүлдем
жоқтың қасы.
2. Туған жерге арнап жазған ақын - жазушылардың ғылыми - негізгі
еңбектері тыс қалдырылған.
Мәселені шешу барысында ұсынатын түйінім:
1. Қостанай өңіріндегі жергілікті ақын - жазушылардың туған жер туралы
өлең - жырларының жинағын шығарса.
2. Махамбеттің балалық шағынан бастап өмірден кеткенше көрген жарығы
туралы жазушылар кітап шығарып, фильмдер шығарылса.
3. Орыс мектептеріндегі өзге тілді оқушыларға Махамбеттің ерлігін,
батырлығын, патриоттық сезімін кеңінен таратса.
Мақсаты:
- Тарихи негіздерге сүйене отырып, Махамбеттің ерліктерін үлгі ете
отырып, болашақ жастарды туған жерді сүюге, оны жан – тәнімен қорғауға,
ұлттық намысымызды қалыптастыруға шақыру.
Міндеттері:
1. Туған жерді сақтау, оны аянбай қорғау сезіміне баулу.
2. Жастардың бойындағы Отансүйгіштік, патриоттық сезімді, туған жерге
деген махаббатын ояту.
3. Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін таныту.
4. Махамбеттің өлеңдері және оның мәні туралы дерек көздері.
Ғылыми болжам:
- Ел ертеңі - жастардың қолында. Жастар - өміріміздің жалғасы. Қазақ
халқының атақты ұлдарын, елін емірене сүйген ақындарын, елі үшін туып, елі
үшін өлген батырларын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының жеке тұлғасымен,
оның шығармашылығымен , Отанына сіңірген ерен еңбегімен таныспаған және
білмеген жастарды Отанына деген шын сезімге тәрбиелеу, Отансүйгіштікке
баулу мүмкін бе?
Зерттеу әдісі:
- Ақпаратты іздеп оны бір жүйеге келтіріп талдау.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 6 параграфтан, қорытындыдан және
қосымшалардан тұрады.
Кіріспе.
Туған жердің қасиетін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін
?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл
өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шат жайлап, кітап қарап сарылып,
көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе,
кім білсін ?
Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай
жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз бір - бір ұшып көзінен,
Есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін ?
Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жетілген, қағаз
кемірген, күйіп - пісіп, көбелек боп, еңбегінің жемісін көрсем - ау деп
телмірген, тар көше мен тар үйде бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім
білсін ?
Ыстық қой, шіркін, туған жер ! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің
шыдайды ?
Ж.Аймауытов
Отан отбасынан басталады. Анашым болып аймалап, мәңгілік мені
тербетіп тұрар отан атты киелі бесігім туралы ойлағанда жұдырықтай жүрегім
бір тебіренбей тұра алмас. Шалғай кетсем киелі туған жерімнің топырағы
есіме түскенде өне бойымды әлдебір ерекше сезім билеп кетеді. Құлағыма ұлы
Қорқыт бабамның қобызынан төгілген киелі күйлер Сырдарияның бетінен самал
боп өрбіп, бабалар үнімен тілдесіп, жыр өлкесімен сырласқандай. Қазағымның
өр намыстан жаралған ұлы мен қызы, әнші - күйші бәрі де Қорқыт күйіне
шомылып, Сырдың кәусар суынан шалқар шабыт алғандай.
Киелі кербез қазақ даласы ақын - жазушыларға толы. Ол ақындардың
әрқайсысы да туған жер тақырыбын жырлайды, жырламауы мүмкін емес, себебі
әрбір адамның туған жері, өз топырағынан жаралған перзенттеріне рухани күш-
қуат береді. Ол рухани күш үнемі адамның өн бойында сақталады. Туған
жердің әсем күні мен түні, естен кетпес табиғат көріністері, бетке соққан
самал желі әр пендеге туған жерін жыр етуге себеп болады.
Әрине, әр ақынның өз түсінігі, өз нұсқасы, өз ойы, өз қалауы бар.
Ақын-жазушылар көп болғандықтан, олардың туған жер туралы жырлары да өте
көп және алуан түрлі. Олардың тек бір ғана ұқсастығы бар. Ол ұқсастық -
олардың баршасының туған жер туралы жырлауында деп ойлаймын. Әркім өз туған
жерін, өлкесін елестете отырып жыр туғызады. Қарап тұрсаң әр ақын әр түрлі
елді - мекенді жырлайды, бірақ бізге ол бір ғана түрде көрінеді.Өйткені
олардың жалпы атауы – туған жер.
Жалықтырса алыс сапар, жат мекен,
Туған жердің түтіні де тәтті екен, -
демекші, арғы - бергі заманда өмір сүрген күллі ақын - жазушылар осы бір
қасиетті ұғымға тоқталмай кетпейді. Ол заңды да. Себебі туған жер ұғымы -
барлық адамның жүрек түбіріндегі сағыныш, тәтті мұңға толы сағыныш сезімі.
Және бір қызығы бұл сезім адамзат баласынан бөлек барша тіршілік иесіне тән
қасиет. Аспанда ұшқан құс та, жерде жүрген аң да, құрт - құмырсқа да өзі
өмірге келген мекеннен басқа жерді жерсінбейді. Зообаққа апарылған аң -
құстардың көпшілігі құсалықтан өліп кеткенін естіп жүрмін. Қалғандарының
өзі көндігіп кете алмай көп қиналады. Хайуанаттар бағын аралап көрсеңіздер
торда тұрған арыстан, жолбарыстардың көзінен ауыр мұңды байқау қиын емес.
Аң екеш аңның өзі туып өскен өлкесін жанындай жақсы көріп жатқанда, адам
баласының туған жер тақырыбына жүректегі ең бір асыл сөздерді арнауы заңды
құбылыс. Мынадай бір әнсана еске түседі. Ертеде өзге жұртқа жастай кетіп,
сол жақта ер жетіп, кейін ел басқарған азаматты туған жерге қайтара алмай -
ақ қояды. Сол кезде бір ақылман қарияның үйретуімен туған жердің бір уыс
топырағы мен бір бума жусанын алып барады. Осы заттарды патшаның алдына
қойған ауыл адамдары ләм - лим деместен қолға қобыз алып, дала сарынын
аңырата жөнеледі. Мізбақпай отырған патша бір кезде көзінен жасы парлай
ағып, тізерлей отыра қалып жусан мен топырақты құшырлана иіскепті деседі.
Немесе, әйгілі Мөде ханды еске түсірейік. Жау жағы сәйгүлік атын сұратқанда
қарсыласпайды. Әдемі келіншегін сұратқанда үндемей келіседі. Ал, ұлтарақтай
жер сұратқанда бар қаһарын төгіп, жауымен айқасқан екен. Солардың ішінде:
Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп -
намысты жауға бермеген, туған жерін жырлаумен келген батыр ақынымыз
Махамбеттің көркем жырларымен сөз қозғағым келеді.
1 тарау. Туған жерінің алып тұлғасы.
Ресей отаршылдарына қарсы Егеулі найзасын қолына алып, азаттық,
теңдік үшін атқа қонған ерлеріміздің бірі - Махамбет Өтемісұлы болды.
Исатай бастаған ішкі Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі көш
басшыларының бірі айтулы батыр, әрі адуынды ақын ретінде Махамбет көзі
тірісінде - ақ аты аңызға, өмірі өнегеге айналған жан. Қайсарлық пен
ерлік, алдаспандай қиып түсер өткірлік оның адамдық өз тұлға - болмысына
да, өлеңдеріне де тән қасиет. Ерліктің, батырлықтың, ел үшін туған ердің
символына айналған Махамбет ел, халық жүрегінен мәңгілікке орын тапты. Оның
жырлары елдің рухына көтеретін, елдікке, ерлікке бастайтын ұран іспетті.
Сондықтан да болар халқымыз Махамбеттің есімін де отты жырларын да қатты
қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа рухани қазына ретінде аманаттап жеткізіп
отырды. Махамбет бейнесі ел есінде ғана емес, талай ақынның жырларына да
арқау болды – ардақталды. Бүгін де ол талай ақынның жырларының өзегі болып
отыр.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай
құмында туған. Арабша, орысша хат таныған. Әкесі Өтеміс Құрманиязов -
дәулетті адам болған. Махамбет - Өтемістің екінші әйелінен, онымен бірге
бір анадан Бекмағамбет, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен туады. Шежіре
дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген
кісіден Құрманияз туады. Құрманияздың қазақ әйелінен - Өтеміс пен Шыбынтай,
қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен – он ұл, Шыбынтайдан – төрт ұл,
Қобылайдан – үш ұл туып, Құрманияз ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам.
Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі әулеттердің бірі.
Ел аңыздарында Махамбеттің жастайынан палуан, мергендігімен, аузын
ашса тақпақтата жөнелетін төкпе ақындығымен аты шыққаны айтылады. Жасында
Жәңгір ханның Ордасында жүрген. Ақын жас кезінен - ақ хан сарайындағы
әділетсіздікке қарсы болып, халықтың ауыр мұңы, тұрмысын жан жүрегімен
түсіне білген. Болашақ ақынның әкесі Ішкі Ордадағы ауқатты, ханға жақын,
ықпалды адамдардың бірі болған. Махамбеттің қайда тәрбие алып, қайда
оқығаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Алайда, архив деректері оның
мұсылманша ғұлама, ал орысша тілге де, хатқа да жетік адам болғанын
көрсетеді. 1824 жылы Ішкі Орданың ханы Жәңгір Махамбетті өзінің баласы
Зұлқарнайынмен бірге Орынборға жібереді. Ақын хан мұрагеріне аталық болып,
мұнда төрт - бес жылдай тұрады. Алайда Жәңгір ханның Махамбетті өз жағына
тарту саясаты тиімді нәтиже берген жоқ. Махамбет Өтемісұлы хан Жәңгірдің
төңірегіндегілер ортасынан шыққанымен, қыр өмірінің салт - санасы, әдет -
ғұрпы күрескер ақынды қанағаттандырмады. Хан оны өз сарайынан аластап, 1830
жылы Калмыков бекінісіндегі түрмеге қамап, тергеуге алғызды.
Кеше бір зынданда жатып құбылдық,
Қамалаған көп дұшпанға қор болдық.
Терезеден телміріп,
Ағайын мен туғанды
Бір көруге зар болдық -
деген өлеңі осы түрмеде жатқанда дүниеге келді. 1831 жылы тырысқақ індетіне
байланысты ақын абақтыдан қашып шығып, хан өктемдігіне қарсы Исатай
Тайманұлы бастаған көтерілістің ен ортасынан бір - ақ шықты. Махамбеттің
көтеріліске дейін Манан ауылы деген бай жерден ерегеспен қыз алады. Ақынның
бұл әйелінің аты - Ұлтуған, одан Махмұд деген баласы болған (Махмұдтың
Нұрике деген қызынан туған, ақын жиеншарлары қазір тірі, Ақтауда тұрады).
§ 1. Махамбет - көтеріліс ұраншысы
1836 - 1838 жылдары Батыс Қазақстанда екі жақты езгіге қарсы
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі шыққан кезде Махамбет
көтеріліс көсемдерінің бірі ғана емес, оның бас ұраншысы, осы көтерілістің
жалынды жаршысы болады. Махамбеттің жауынгерлік қабілеті де, ақындық
таланты да көтеріліс қызметіне жұмсалады. Исатай – Махамбет бастаған
көтеріліс бір күнде бұрқ ете түскен жай ашу – ыза емес. Қазақ халқы –
шыдамды халық. Бұл - ұзақ жылдар бойы тепкін, теңсіздік, әділетсіздік
көрген елдің бойындағы жиналған кек, бодандық бұғауынан шығуға деген
ұмтылыс, қажеттілік еді. Мұны Махамбет Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде:
Хан баласы ақсүйек
Ежелден табан аңдысқан,
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім, -
деп өзі де айшық айтқан.Көтерілістің мақсатын да:
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім..., -
деп Махамбет шынайы көрсеткен. Көтеріліс басып - жаншылып, оның көсемі
Исатай мерт болғаннан кейін күресті Махамбет жалғастырады. Көтеріліс
кезінде Махамбет Қиялымоладағы, Теректіқұмдағы, Тастөбедегі айқастарда
қолдың алдында болып, өз жеке басы орасан ерлік көрсетті. Алайда, оның елді
хандар мен сұлтандарға қарсы көтеру талабы сәтсіз аяқталады. Қыр елін
басқарған патша ұлықтары, олардың қазақ байлары арасынан шыққан
құйыршықтары бүлікшіл ақынды астыртын өлтіруге сөз байласады. Көтерілісті
басып - жаныштаулардың бірі - жендет Баймағанбет сұлтан Махамбеттің
жасырынып жатқан жеріне өз адамдары Ықылас Төлеев пен Жүсіп Өтеулиевті
жіберіп, олар 1846 жылғы 20 қазанда ақынды опасыздықпен шауып өлтіреді.
Ақынның үй - жайы тоналып, дүние - мүлкі таланып, басы хан ставкасына
жеткізіледі. Ақынның зираты қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданында,
Қараой деген жерде. Махамбеттің ел ісіне ерте араласқан, керекті кезінде ел
басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше күшті, жалынды ақын,
жарқ еткен талант екендігі туралы әскери экспедицияда жүрген
Е.П.Ковалевский былай деп жазды:
Бір ауылда жүргенде өз халқының арасында даңқты бір қырғызға
(қазаққа) кездестік. Мұндайда дағды бойынша сөйленетін сөздердің бетін
басқа жаққа өте шебер түрде бұрып жіберді және аз уақыттың ішінде - ақ
өзінің ақылдылығын да, шешендігін де танытты. Ол сөйлеген сөздерінде
кейбіреуі үкіметтің ел басқару тәртібінде қандай өзгерістер бар екендігін
сұрады және асқан ептілікпен қызықтырып, біздің абайымызды өзіне аударып
алды... - дейді.[ 10-24 ]
1 тарауға талдау:
- Махамбет жорық жыршысы ғана емес, адами қасиетті сезімдер - намыс
пен жігердің, достық пен махаббаттың, азаттық пен теңдіктің, достық пен
махаббаттың, азаттық пен теңдіктің, ерлік пен берекенің де жыршысы.
2 тарау. Махамбет жырларының көркемдік ерекшелігі
Махамбет жырлары - ереуіл толғаулары. Басты ерекшілігі - жалындап
тұрған отты қызуында, асқақ арман аялаған рухында, болашаққа, келер күнге
деген берік сенімінде. Ол оптимист ақын болды. Қай өлеңін оқысаң да бойыңа
жігер, жаныңа қайрат, жүрегіңе елің - жерің туралы сәулелі махаббат жылуы
құйылады. Биік арман, биік мақсат үшін өмір сүруді, халық ұлы болуды
үйретеді. Оның шығармашылық мұрасы жүзге жуық өлеңнен тұрады.
Өлеңдерінің ұйқасы, шумағы, тармағы, бунақ, буыны еркін қозғалыс
береді. Ақын өлеңдерінің қайсысын оқысаң да, жаттап айтсаң да жорық
үстінде, жол үстінде, сапарда, қолма - қол шығарылғаны көрініп, әр сөзінен
көтеріліс сарыны, ерлік рухы, патриоттық, сенімділік үміті естіп тұрады.
Махамбет дыбыстық қайталауды өлең саздылығын күшейту, ойды үстеу
мақсатында орынды пайдаланады.
Толғай, толғай оқ атқан,
Он екі тұтан жай тартқан,
Қабырғасын қақыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан, -
деген жолдар өзінің саздылығымен көркем көрініс береді. Ақын ой тереңдігін
оқырман қауымға түсінікті жеткізу үшін көркем сөз бедерін тауып, зергерлік
танытқан.
Өлеңдерін көбі серіппелі, жеделдете оқуды сүйеді. Әрине байыпты,
салиқалы оқуды сүйетін өлеңдері де баршылық. Өлең тармақтарының түрлілігі
мен ырғағының сан қырлы болуын қажет етеді. Өлең асығыс оқуды
жақтырмағанмен Махамбеттің кей өлеңдері шымыр шабытты, асқақ үнді, кербез
де биік патетикамен оқуды қалайды.
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма ? !,
Қаптай соққан боранда,
Қаптама киген тоңар ма ? ! –
деген жолдардан қыстың дүлей күші мен адамдардың оған қарсы төзімділік
жағдайларын сипаттайды.
Махамбет толғаулары философияға, ұлттық мінезге, нақышқа, салт -
дәстүрге, даналыққа толы. Махамбет - философ, дана ақын, жаңашыл ақын. Оның
жаңашылдығы өлеңдерінің сыртқы пішінінде ғана емес, негізінен ішкі
мазмұнында, мән - мағынасында. Ол ежелден келе жатқан ақындық дәстүрлердің
бірі - термелеп айтуды да жақсы меңгерген. Термелерінде жанрға қойылатын
басты талаптар - ақыл, нақыл, дамыту, түйдектету, шешендік, тапқырлық
басым.
Махамбет ажарлау тәсілдері - аллитерация, айқындауды жиі қолданады.
Ажарлау өлең көркін арттыра түссе, айқындау (эпитет) айтар ойын нақтылап,
ақынды діттеген мақсатына жеткізіп отырған.
Ақын адамның ішкі жан сарайын ашып, бет – бейнесін суреттеп,
толыққанды образын жасауға да шебер. Оның кейіпкерлері - өмірде болған, бұл
күнде тарихқа айналған белгілі адамдар. Ол толғауларында ажырамас серігі –
Исатайдың да, өзінің де бейнесін өшпестей етіп жасап кетті.
Махамбет өлең ұйқастарына да жаңалық енгізген ақын. Махамбет өзіне
дейінгі ақын - жыраулар поэзиясынан сусындап, оны дамытып, жаңалыққа бет
бұрса, кейінгі толқын Махамбет шығармаларын жаттап өсті. Махамбетше толғап,
отты да рухты жырлар тудырды.
§ 1. Албырт кезіндегі балғын жырлары
Ақынның алғашқы туындылары - табиғат суреттері, жастық, албырттық,
айнымас достық, адалдық, әділдік, антқа беріктік жайында болған. Ақынның
алғашқы өлеңдерінен бізге жеткені - Еңіреу ұлы емшек боз, Жалған дүние
. Олай дейтініміз бұл өлеңдерде жастық шаққа тән албырт сезім басым:
Дұшпаны қарсы келгенде,
Ері дініне берік болсын!
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік-
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған ?! -
деген өлеңде жауығушылық та, налу да, өкініш те байқалмайды. Жігерлі
болғанымен ерлікке шақырғанымен, балаңдық, жастық желік аңғарылады.
Жалған дүние алғашқы туындылардың бірі болғанымен, Махамбет
өлеңдерінің ішіндегі өте көркем жазылған жауһарларының қатарына жатады. Бұл
да өзінен бұрынғы жыраулар дәстүрімен айтылған дидактикалық -философиялық
толғау.
Ақын алғаш халықты бірлікке, татулыққа, достыққа шақырса, келе –
келе өмір толқынында шыңдалып, жақсы, жаманды айырып, күрессіз бақыт
өздігінен келмесін сезінген шағында шамырқанып, халықты бітіспес күреске
үндейді. Оның қайрағы - өмір, күрес, жан жарасы, көңіл наласы, дұшпан
табасы болды. Ел аңсаған теңдік, әке аңсаған арман, өзі көрген қорлық,
зорлық, абақты оны шарболаттай шыңдап, жігеріне жігер, қайратына қайрат
қосты. Оқуы, көңілге тоқуы, орыстармен арласып, тіл білуі, дінге, тілге
беріктігі оның өзгелерден озық болуына үлкен септігін тигізді.
§ 2. Көтеріліс алдындағы насихат жырлары
1829 - 1835 жылдар аралығында халықты күреске шақырып, қол жинау
кезінде шығарылған Арғымақ, сені сақтадым деген өлеңін білеміз. Оны
өлеңнің өзі дәлелдеп тұр:
Арғымақ , сені сақтадым,
Құлағың сенің сирек деп, -
дейді. Олай дейтіні, жаугершілік заманда, дәлірек айтқанда Исатай -
Махамбет көтерілісі кезінде бастарына қауіп - қатер төнген шақта құтылып
кету қамымен батырлар ешкімге көрсетпей сезімтал да жүйрік, ұшқыр ат
ұстаған. Оны ереуіл кезінде мінетін болғандықтан ереуіл ат деп атапты.
Исатай бастаған көтерілісті насихаттауға, жасақ жинауға кіріскенде:
Ат - жігіттің майданы,
Қылыш - жанның дәрмені,
Өлім - хақтың пәрмені.
Атақты ермен бірге өлсе,
Жігіттің болмас арманы.
Өте шыққан қызыл гүл -
Бұл дүниенің жалғаны, -
деп өзекті жанға бір өлім дегенді мегзеп, қолдарына қылыш алды. Соғыста
жүрген адам Ат - жігіттің майданы, қылыш - жанның дәрмені, өлім - хақтың
пәрмені екенін жақсы білсе керек. Бұл ойымызды Атақты ермен бірге өлсе,
жігіттің болмас арманы деген келесі жолдар дәлелдей түседі. Ақын
жігіттерді Исатай батырмен бірге болуға, керек болса, бірге өлуге шақырады.
Өлеңнің халықты көтеріліске үндеп тұрғаны айдан анық:
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран болар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?!
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Махамбет бұл өлеңін көтеріліске рух беру үшін жырлайды. Орай да борай қар
жауса, қалыңға боран борар ма дейді. Қалың қолға қарсы тұру оңай емес,
оның ішіне, айқасу үшін жүректілік, батырлық керек! Қаптама кигеннің
тонбайтыны сияқты сауыт кигендерге оқ өте қоймайтыны да белгілі.
Көтерілісшілер ту байлайтын туырлығы жоқ жандар емес, нәмәрт емес, мәрт
жігіттер, тұлпары ту түбінде жығылса, қарап отыра алмайды, жауына шапқан
қабыландай отырып, қарсы ұмтылады.
Келесі толғаудың өн бойында үгіт - насихат атойлап тұр. Ақын айтқан
сайын ширығып, өлеңінде ширықтырып, қынулы да қызығу жолдарды нөсерше
төгілтеді:
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге оқ салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға боялмай,
Қисарысқан қарындасқа
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атақ болар ма?-
деп жігіттерді ерлікке шақырып ұрандайды. Үйде жатқан жігітке төбеден
тегін атақ келмейтінін айтып, намыстарын жанып, қамшылайды. Махамбеттің
мінезін де, ақындығын да, батырлығын да, ереуілшілердің үгітшісі,
насихатшысы, ұраншысы екендігін де осы толғаудан айқын аңғаруға болады.
Толғауда тентек деген сөз кездеседі. Хан маңайындағылар
көтерілісшілерді төмендету үшін тентек деп атаған екен. Алайда, Махамбет
осы сөздің өзін ойнатып, аса мән беріп халыққа тентек атанбай деп,
тентектіктің өзін батыр деген сөздің баламасындай етіп жіберген.
Махамбет туындылары оның өзегін жарып шыққан өшпес, өмірлі, өжет
жырлар. Олардың бір жолы - қылыш, бір жолы - найза, бір жолы - мылтық,
бір жолы - шоқпар, бір жолы - жай оғындай, бір жолы - Махамбеттің Ұл туса
деген тоғауындағы:
Күнқақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар, -
деп өзі жырлаған көбе бұзар көн садақтың жебесіндей. Осы Ұл туса былайша
жалғасады:
Қарайғанның, жігіттер,
Бәрін кісі демеңіз,
Көпе – күндіз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас.
Ордалыға көз салма,
Оғы қалса, жоғалмас.
Топтан озған тарлан боз,
Турасынан айрылса ,
Тасты басып тұра алмас.
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер.
Жауырынынан өтіп алса да,
Жамандарға жалынбас ! -
деп алғашқы жолдарда мал - мүлкіне байланып үйлерінен шыға алмай, әліптің
артын бағып ереуілшілерге қосылмай отырған үйкүшіктерді түйреп намысын
жаныса, одан кейінгі жолдарда күреске үндейді: Ордалыға көз салсаң, оғы
қалса, жоғалмас дегенде ақын көпшілік жерде ештеңе жоғалмайды, қалың қол
керек, қалың қолды жау ала алмайды дегенді мегзейді .Ұл туса деген
аты айтып тұрғандай, асылдан ел қамын, жер ұл туды ма деп жігіттерге
жігер беріп, кеуделеріне намыс отын жағады, көтеріліске шақырады.
Туған ұлдан не пайда? толғауы да осы кезеңде шыққан. Туған ұлдан
не пайда, қолына найза алмаса, Алаштың байлығынан не пайда, тарығып
келген ерлерге қайыры оның болмаса?!, Алтын тақты хандардың хандығынан не
пайда, қаріп пен қасірге тұрарлық ісі болмаса?! Махамбет не пайда?
деген риторикалық тіркесті қайталау арқылы өзінің өмірден түйген
дидактикалық - философиялық пайымдауларын жеткізеді. Бұл риторикалық
сұраумен келетін эпифоралық қайталаулар патриоттық толғауға әсер, күш
беріп, ойын жаңартуға да, дамытуға да септігін тигізіп тұр. Ақын ер намыс -
жігерін жанып, майданға, көтеріліске, ерлікке шақырады.
§ 3. Исатай деген ағам бар
Сол сияқты Махамбет өз өлеңдерінде көтеріліс басшысы - Исатайды
жырлайды. Ақынның көп өлеңдерінің қаһарманы - Исатай, көп өлеңдеріне желі
болған да оның ерлік істері. Исатайға тікелей арнап шығарылған Тарланым,
Мінкен ер, Тайманның ұлы - Исатай, Исатай сөзі, Исатай деген ағам
бар, Ей, Махамбет жолдасым т.б. өлеңдері бар.
Тарланым өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау
сарыны айқын көрінеді:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды – ау
Саған да менің арманым ! -
деген жоқтаудың өзіндік ерекшелігін М.Әуезов өте жақсы көрсетеді:
Жоқтаудың образдық - поэтикалық желісінде салыстырыла алынған бейнелер мен
теңдеулер көп ұшырасады, өлген адамды мадақтағанда бояуы қалың эпитеттер
мен метафоралар қолданылғаны шарт .
1834 жылғы би, старшын сайлауында Махамбет Жәңгір ханның 9 маусым,
№572 жарлығына сәйкес старшын болып бекітілді. Хан Исатайды кемсіту үшін
ордадағы он екі бидің біреуі қылып Беріш деген рудан халық қалаған
Исатайдың орнына Балқы деген кісіні би қылады. Балқы қайтадан старшын
сайланып, Исатайдың халық алдында Жәңгірмен сілкілесіп қалуы Махамбетке
қатты әсер етеді. Махамбеттің:
Атасы Беріш болса да,
Артық пайда көрмедім,
Егіз бенен Балқыдан, -
деуінің бір себебі осында жатыр.
Хан Орданың қам - қарекетінен хабардар, әділетсіздік пен
жалдаптықты, өтірік пен өсекті көріп - біліп ішқұса болып жүрген Махамбет
шыдай алмайды. Халық қамын жеген арыстандай айбатты Исатай ағасына қайткен
күнде де ара түсуді көздейді. Қипақтау, сипақтауды білмейтін әрі Хан
Ордасында Исатайға құрылып жатқан тордан хабардар Махамбет те Жәңгір ханға
тіке қарап Есіл ер деген толғауын айтады.
Тастай қатты тағдырың,
Исатаймен шешілер,-
деп оған үлкен баға береді.
Исатайға көмектесе алмай, хан, сұлтандардың өтірік көпірсуі мен
арам пиғылдарын, дүниеқоңыздықтары мен шен - шекпенге таласын, еңбекші
елдің хал - ахуалын күнде естіп, көріп, іштей шерменде болып жүрген
Махамбеттің ішіндегі ашу - ызасы әйтеуір бір бұрқ етіп шығары анық еді. Ол
осылайша от - жалынға оранып, ханға, хан айналасындағыларға заһар шашып,
толғау болып құйылды. Кейін сол бір ыза - кек:
Хан емессің - қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Достарың сені табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің - ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің - аянсың,
Айыр құйрық шаянсың, -
деген уытты, өткір өлеңге ұласты. Ханның еліне жасап отырған ылаңы мен
аярлығын бетіне басты. Сөйтіп, Хан Ордасымен қош айтысып, Жәңгір ханнан
біржола кетті:
Кетіп едім елімнен,
Атаңа нәлет Жәңгірдің
Бір ауыз айтқан сөзі үшін, -
деп Махамбеттің өзі жыр еткендей, ашуға мінген ол мақсаттас ағасы Исатайдың
ауылынан бір - ақ шығады (Махамбет сол тұста Исатайдың қол жиып жатқанынан
жақсы хабардар еді).
Бұл - намыс туын биік көтеретін шынайы ақындығы, қайтпас
қайсарлығы, батырлығы еді. Оның өлеңдері халық арасына тарап, Махамбет аты
мен батырлығы аңызға, Жәңгір мазаққа айнала бастады. Махамбеттің хан
сарайында қалып, үлде мен бүлдеге бөленіп отыруына әбден болатын еді.
Көкірегі ояу, көзі ашық ақын бірақ олай жасамады. Оған жастық шағы өткен
Еділ - Жайық арасындағы Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет,
Доспанбет жыраулардың, олардан кейінгі патшаның отаршылдық саясатына қарсы
тұрып, ұлт - азаттық көтерілістің басшысы болған Сырым Датовтың іс -
қимылдары, айтқан ақыл, нақыл сөздері әсер еткені сөзсіз. Еділ, Жайық
бойында Қырымның қырық батыры , Ер Тарғын, Қамбар батыр жырлары
дүниеге келген мекен. Сондықтан да Махамбет жасынан ерлік пен елдік рухын
бойына сіңіріп өскен. Еркіндікті, елдікті сүйген ақынның бодандық бұғауына,
әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы шығып, Исатаймен қосылмауы, оның
көтерген туын биіктетіп, ұраншысына айналмауы тіпті мүмкін емес еді.
Қазақта жер дауы, жесір дауы дегеннің үлкен әлеуметтік мәселе екені
белгілі.Малдың өрісі тарылып, шұрайлы жерлердің Жәңгір ханның жақын-
жуықтары мен жаңа қоныстанушыларға – орыс - казактарға берілуі бүкіл саяси-
әлеуметтік мәселелердің өзекті буынына айналды. Онсыз да ашу - ызаға
булығып, кектеніп жүрген бұқара халықтың ханға қарсы тұрып, қолдарына қару
ұстауына осы жер мәселесі үлкен әсер еткені анық.
Өйткені:
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да, көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Талауға түскен жері бар.
Махамбет бұл әділетсіздікке қылыш, найзамен бірге өткір де уытты
өлеңдерін де қару етіп қарсы тұрды.
А.Ф.Рязанов Исатай ерлікпен қаза тапты, онымен бірге ұлт - азаттық
күресі де қоса кетті, - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz