Тәрбие процесі туралы жалпы ұғым жайлы


Тәрбие процесі туралы жалпы ұғым.
Тәрбие - жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді.
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің бағыттарын анықтаймыз.
Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.
Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл процесс еріктік күш-жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне қозғау салады. Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады. Ол адамдардың обьективті жағдайларымен негізделген. Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес. Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті шарты.
Тәрбие процесінде жеке адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы үлкен орын алады. Жеке адамға сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен үйлестірудің маңызы үлкен. Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау шағылыстыратын айна ретінде қарастыруға болмайды. Адамның айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеттесетіні және дербестік көрсететіні белгілі, ол едәуір дәрежеде өзін-өзі қалыптастырады. Психологтар мен педагогтардың зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы факторлардың ықпалы (жағымды және жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес, адамның жеке позициясы, оның осы факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері мен қылықтарында практикалық іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді. Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы - тәрбие процесі заңдылықтарының бірі. Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушірердің жалпы дамуы деңгейіне тәуелді. Ал олардың дамуы - ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды (С. Л. Рубинштейн) .
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп саймайды. Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс береді. Бұл процесс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп жатпайды. Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді. Бұл әсерлер үнемі үйлесіп тұрмайды. Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес. Бұдан тәрбие беру процесінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды. Тәрбие жұмысы практикасында кейде мектеп пен семья тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт талаптары мен ішкі ұмтылыстары арасында, мақсатты бағыттағы идеологиялық ықпал мен қоршаған ортадан шығатын стихиялық әсерлер арасында қарама-қайшылықтар пайда болып отырады. Осы қарама-қайшылықтарды жеңу жеке адамды қалыптастырудың күрделі процесінде көп орын алады және балалар коллективінің пісіп-жетілуіне, тәрбиешінің педагогтық шеберлігіне көп байланысты болады.
Тәрбие процесінің күрделілігі тәрбие қызметінің тек ғылым ісі ғана емес, өнердің де, творчествоның да ісі екендігінде. Оның табысты болуы көбіне-көп тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты. Демек, тәрбие процесі- жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға, жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен, өзара байланысты қыцзметі.
Тәрбие процесі адамға саналы, мақсатты түрде ықпал жасап, оның іс-әрекетін мақсаткерлікпен ұйымдастыруды көздейді. Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік қажетті талаптары мінез-құлықтың ішкі стимулына айналады.
Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшеліктері.
Мектепте жүзеге асырылатын тәрбие процесі- құрамына педагогтар мен оқушылардың оқу және тәрбие қызметі енетін педагогикалық процестің аса маңызды құрамды бөлігі. Дегенмен, оқыту мен тәрбие беруді тең қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының ерекшеліктері бар, белгілі бір өзіндік қасиеттерге ие. Тәрбие қызметінің өзіндік ерекше міндеттері, мазмұны, принциптері мен әдістері бар.
Тәрбие, ең алдымен, тәрбиеленушілердің өзара араласуы мен алуан түрлі іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие олардың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне ендіруді, оқыту, еңбек, қоғамға пайдалы іс-әрекет процесіндеолардың мінез-құлық тәжірибесін жинақтауы мен санасына сіңіруін қрастырады. Ал оқыту табиғат пен қоғам туралы білімдерді, материалдық және рухани мәдениеттің әр түрлі салаларында икемділік пен дағдыларды игеруді қамтиды. Ол түсіндіру, көрсету және жаттықтыру жолымен танымдық және басқа қажеттіліктер мен қабілеттерді дамытуды қарастырады.
Тәрбие беру процесі көп факторлы. Ол тек мектептер емес, семьяда да, мектептен тыс мекемелерде де жүзеге асырылады. Педагогтардың тәрбиелік ықпал жасауы алуан түрлі тәрбиелік қызметтерімен толықтырылады. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына сезімдерінің дамуына әдебиет пен өнер, радио мен телевизия, кино мен театр айтарлықтай әсер етеді. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаутасқыны едәуір кеңейіп келеді. Тәрбие процесі барған сайын көп қырлы, көп фактарлы бола түсуде. Оны сабақтар шеңберінде, мектеп шеңберінде ғана шектеуге болмайды.
Тәрбие процесінің көп факторлылығы, тәрбиелік ықпал өрісін кеңейту жеке адамды қалыптьастыру үшін әр түрлі резервтер мен мүмкіндіктерді пайдалануға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл тәрбие беру процесін біршама қиындатады. Сонымен бірге мұның өзі тәрбие процесін едәуір қиындатады.
Тәрбие процесінің екіншіерекшелігі -- оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке түсерден көп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады. Адам есейген жылдарында да тәрбиеленеді немесе қайта тәрбиеленеді. Ол өзінің еңбек және моральдық тәжірибесін молайтуды және жетілдіруді одан әрі жалғастырады, өзінің білімін кеңейтеді және тереңдетеді, эстетикалық байлықтарды меңгереді. Әрине, мектептегі жылдар- адамның неғұрлым қарқынды дамитын, мінезі мен тәртібінің қалыптасатын жылдары. Мектеп оқушысының орталық нерв жүйесінің жоғары икемділік пен қабылдағыштықпен ерекшелетіні белгілі. Соның арқасында жеке адамның ойдағыдай қалыптасуына және дамуына жағдай жасалады. Сондықтан осы жастық шақта арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік процесс жүзеге асырылады.
Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі- оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шартты түрде бірқатар кезеңге бөлуге болады. Бірінші сатысында балалар семьядағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді.
Тәрбие процесінің төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. Бұл тәрбие процесінде жеке адамның бір қасиетіеің өзіне бірнеше оралып соғуға тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен-тек қайталау емес, ал жас шамалық ерекшеліктерге және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі кеңейту және тереңдету бағытындағы қайталау.
Тәрбие беру процесінің бесінші ерекшелігінің мәні-оның екі жақты және белсенді процесс екендігі. Оны тәрбиелеушілерге педагогикалық ықпал жасаумен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен қатар жүруі, өзін-өзі тәрбиелеумен толықтырылуы тиіс. Оқушылардың ынта-жігерін жұмылдырудың, олардың ішкібелсенділігін оятудың, олардың дербестігін дамытудың маңызы үлкен.
Тәрбие процесінің алтыншы ерекшелігі- онда балалар ұжымы мен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізудің үлкен орын алатындығын А. С. Макаренко бекер айтпаған. Тәрбие процеснің ұйымдастырушылары ролін мектеп басшылары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар, класс жетекшілері, мұғалімдер атқарады.
Тәрбие процесінің жетінші ерекшелігі- оның нәтижелерінің сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай өзіен көзге тез түсірмейді. Сондықтан тәрбие нәтижелерін тексеру мен бағалау оқудағыдан көп күрделірек. Оқу жұмысында сұрауға, диктант, шығарма жаздыруға, бақылау тапсырмаларын ұсынуға болады. Мұның бәрі оқушылардың оқу материалын қалай игергенін, оқу процесінде қандай дағдылар мен икемділіктерді меңгергендіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
3. Тәрбие үрдісінің мәні және заңдылықтары
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ыққыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушыының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру.
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтимжесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Оқушылар тәрбиелілігнің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т. б. қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау.
Тәрбие-бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелеріе қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар:қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, және өзін -өзі тәрбиелеу белсенділігі.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар:ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінеде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дам иды.
Қарым-қатынас - таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.
5. Педагогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады.
ТӘРБИЕ ДЕГЕН ТӘҢІР БАР
Бала - ата-анасының, отбасының айнасы. "Ұяда не көрсең - ұшқанда соны ілесің" дегенді жиі айтамыз. Десекте, қазір сол айнаға қараған сайын жан ауыртар жағдайлар көп болып барады. Мұндайда "Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме" деген сөз еске түседі тағы. Қоғамның, қоршаған ортаның бет-бейнесін жасайтын адам. Заманның да, уақыттың да иесі сол. Онда неге біз, адамдар бойынан өзіміз күткен кісілікті көре алмаған кезде "заманына қарай" деп заманды кінәлаймыз.
Ата-аналарымыз қай заманда болсын тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Және ұл мен қыздың тәрбиесіне бөлекше қараған. "Қызың өссе ұлы жақсымен, ұлың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деген де біздің бабаларымыз. Осы сөздердің тамырына үңілсек, тәрбиенің ананың құрсағы, отбасының бесігінен басталатынын аңғару қиын емес. Ал қазір осы тәрбие деген қасиеттің қадірі неге кетіп барады? Неге жастардың, әрине, барлығының емес, әйтседе, көпшілігінің бойынан кемшіліктерді көбірек көріп жүрміз.
Бірде қоғамдық көлікте үлкен кісі мен он төрт-он бес жасар ұл бала сөзге келісіп қалды . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz