Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Тіл- қарым-қатынас құралы.

Тіл дамыту - балалардың сөздік қорын байланыстыра білуге, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білу үйрету.

Тіл ширату - балалардың пассив сөздерін активтендіру

Тіл жетілдіру - балалардың тілін түзету

Әдіс - білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін

Тәсіл - негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуі

Грамматикалық мағыналар- бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары.

Диалог -екі не одан да көп адамның әңгімесі.

Монолог -бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.

1-тақырып. Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы.

Дәріс мақсаты: Тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы туралы түсінік беру.

Тіл дамыту тарихы

Тіл дамыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі

Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ. Бұл мәселелерге байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің еңбектерін арнаған. Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:

Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті - Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғалым - Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып, білім алу үшін, “Жарғақ құлағы жастыққа тимей” еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.

Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады.

Ахмет Байтұрсынов өзінің «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?» атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген “Оқу құралы” әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылуда.

Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К. Б. Баркин, Н. М. Соколов, М. А. Рыбникова, Е. И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.

Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар: орыс ғалымдары: П. П. Блонский, С. А. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, Н. И. Жинкин; Қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев;

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М. Жұбанова, С. Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімовлардың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ. Жұбанов, Г. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу обьектілері ретінде таңдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.

Тіл дамыту - сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған әдістемелік еңбектерден бастап ене бастаған. Ертеректе шыққан оқулықтар мен әдістемелік құралдарда «тіл ширату. . », «сөз байлығын арттыру» деп әркім өзінше пайдаланып жүрген.

1930 жылы Мұхтар Әуезов жасаған қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасында:

  • “Оқу ға жаттығу”
  • “Жазу тілінде жаттығу”
  • “Сөйлеу тілінде жаттығу”

деген арнайы түсініктер бере келе, тіл дамыту жұмысының жүйелілігі мен сабақтастығына баса назар аударылды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1 Тіл дамыту дегеніміз не ?

2. Тіл дамыту тарихын зерттеуші ғалымдар?

3 Тіл ширату, тіл дамыту, тіл жетілдіру дегеніміз не?

Силлабуста берілген № 1, 2, 3, 4 әдебиеттерді қолдану

2-тақырып Балабақшадағы балалар тілін дамытудағы әдіс-тәсілдері

Дәріс мақсаты : Балабақшада қолданылатын әдіс тәсілдер туралы түсінік беру

Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін айтады.

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайда да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады) . Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.

Бұл әдісті қолдану сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмістіқ іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.

оқытудың бір әдіспен - еліктеу әдісімен келтірілді. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.

Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:

  1. айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне елітейді;
  2. ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды («электр монтері», қонаққа бару» ойынында балалар зат есімді меңгереді, «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйренеді) ;
  3. сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету) : тәрбиеші айтқан сөзді балалар кайталайды («Су, су, менің бетімді жу!») .

Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сейлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер, келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбнеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді (жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларіды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.

Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі - сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.

Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен балаіның өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньщ мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетшше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгіміелеп беруін, Қылған көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді - заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді - суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:.

  1. Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі дегеніміз не? Оның еліктеу әдісінен айырмашылығы неде?
  2. Сөйлесу әдісі қандай тәсілдермен жүзеге асырылады?
  3. Балалар ойынының барлық түрін атаңыздар және сипаттап беріңіздер?
  4. Қайталап айту әдісі дегеніміз не?
  5. Әңгімелеп беру әдісі дегеніміз не?
  6. Еліктеу, сөйлеу, қайталап айтып беру, әңгімелеп беру әдістерін неліктен практикалық әдістер деп атайды, олардың ортақ касиеттері қандай?

Силлабуста берілген № 1, 2, 3, 4 әдебиеттерді қолдану

3-тақырып- Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі және оны жүзеге асыру жолдары.

  1. Лексика тіл құрылымының компонеттері ретінде
  2. Еркін сөйлеу қатысында балардың сөздік қорын байыту әдіс-тәсілдері
  3. Арнаулы сабақтарда балардың сөздік қорын байыту әдіс тәсілдері

Сөз- тілдің негізгі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық компоненттерінің - фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан) , лексиканың (болмыстың белгілі бір құбылыстарын білдіріп, сөздің қандай мағыналық роль атқаратындықтан), грамматикалық ( бұл жағдайда белгілі бір грамматикалық формада қолданыларлықтан), «өкілі » болып тбылады. Тілде сөз белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады., сөздерді «жай», фонетикалық құрылыссыз және грамматикалық формасыз, үйрену мүмкін емес. Сөздердің тілден тысқары шындығы:заттар мен құбылыстарды ( үй, күн, адам, күннің батуы), дерексіз ұғымдарды ( ой, шындық ), іс-әрекеттерді ( құрылыс салу, жарық жағу, сүю, ойлау ), заттардың сынын ( ақ, мәңгі, жылы шыраайлы, әділ) іс-әрекеттің белгілерін ( жоғары қарай, ашық, шың, адал), санды ( бір, он екі жүз ), заттарды сынды, санды көрсетуін ( кім, мен, қандай, қанша) білдіру қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп те атайды.

Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәрежесі ажыратылады.

Жалпылаудың нольдік дәрежесі - жалқы есім, жеке заттың аты (Әсел, Марат, әже, табақ, стол ) .

Жаңадан сөйлей бастаған балалар ( бір жастың соңы -екі жастың басына қарай) сөздерді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып (қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама. Орындық, доп, ваза сөздері Әсел, Марат секілді жалқы есімдер

М. М. Кольцова 1 жастан 1 жас 3 айға дейінгі балалрдың екі тобының сөздің жалпылауышы мағынасын түсінуі қалай өтетіндігін былайша сипаттайды: «Бір топта кітап» сөзіне 20 шартты қозғалыс рефлекстері (кітапты ал, кітапты қой және т. б), ал екінші топта 20 көру шартты рефлекстері қалыптастырылады; «Міне, кітап» сөйлемін қайталай отырып, балаға кезекпе -кезек форматы мен түсі әр түрлі 20 кітапты көрсетеді. Сөйтіп, бірінші топта көру тітіркенулері бекіледі, екінші топта, керісінше көру әсерлері әркелкі, ал істеген іс-әрекеттері бірыңғай болады.

Бақылау мақсатында сынау жүргізгенде «кітап» сөзі бірінші топтың балалары үшін жалпылауыш сигналы болса, екінші топтың балалары үшін олай болмай шықты.

Мектеп жасына дейінгі барлық топ балалары тәрбиешілерінің қамқорлығы әр баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес, сондай-ақ әр баланың қабылдаған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренуіне бағытталуы тиіс. Өйтпейінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағынасын толық түсінуді талап ететін ана тілін үйрету заңдылығы бұзылады.

Біздің айтып өткеніміздей, әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру ( сөздік қорын байыту) баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады: сөз баланың сол сөздің өзі білдіретін зат немесе іс-әрекет жөніндегі түсінікпен бірге өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі түсінікпен бірге енеді.

Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жүреді. : бала затты қарап, қандай дыбыс шығаратынын тыңдап, ұстап, сипап, дәмі мен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат оның зат санасына барлық бес сезім органдары - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу органдары - арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша » - «жексұрын» сияқты тіптен қарама-қарсы сезімдерді ғана емес, сондай -ақ бүкіл сезімдерінің гаммасын сезінуге қабілетті. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орналасқан соң, оны айтатын сөз баланың жадында ең алдымен, ол затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдерінің бірін қоздырады.

Фонетикалық жаттығулар сияқты лексиалық жаттығулар да тұтасымен осы тақырыпқа арналған арнаулы сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттығулар байланыстыра сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі.

Мысалы, байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір сабағы 20 минутқа есептелген болса, оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін арнайы лексикалық жаттығуларға пайдалануға болады; жазушының лексикасын түсіндіру керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі.

Лексика бойынша арнайы жаттығулардың нақты лингивистикалық міндеттері болады; 1) сөздің жалпылау мағнасын түсінуді дамыту, 2) «тұтас және оның бөліктері» қатынасын түсіндіруді дамыту; 3) сөздің дерексіз мағнасын түсінуді дамыту; 4) морфология саласынан (морфемалардың абстрактлық мағнасын меңгеруде) тіл құбылыстарын айыра білу қабілетін дамыту; 5) антонимдерді сөздердің мағнасын ұғыну құралы ретінде түсіне білу; 6) стилистикалық сезім қабілетін дамыту; 7) сөздердің тасмал мағнасы мен этикалық, ұғымдарды түсіне білу.

Арнайы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері-практикалық әдістер (2 тарауды қараңыз) .

Лексикалық жаттығуларды жүргізуде дидактикалық ойын тәсілі, атап айтқанда, «дидактикалық» (яғни арнайы жабдықталған) қуыршақтармен ойын жиі пайдаланылады. Сондай-ақ «Ғажайып дорба» деген атпен белгілі дидактикалық ойын (балалар ішіне ұсақ заттар толтырылған дорбаға қолдарын салады да, оларды сипап біледі және атын атайды) да пайдаланылады. Бірақ, әрине, қуыршақтар мен басқа да ойыншықтардың ғана жәрдемімен балалар ана тілінің поэтикалық мағнасын бойына сіңіре алмайды. Балаларды қоршаған орта заттарымен таныстыру керек және нақты затты, іс-әрекет пен белгіні көрсету арқылы сөздің лексикалық мағнасын түсіндірген жөн.

Төменде түрлі жастағы балалардың тілін байытуға жәрдемдесетін жаттығулардың кейбір түрлеріне сипаттама берілген. Мұнда балалардың осы жұмыс тәсіліне шамасы келетін жасы көрсетілген; ал егер қажет болса, бұл жұмыс келесі жаста да (мысалы, баланың сөйлеу қабілеті тежелген жағдайда) міндетті түрде жалғастырылуы тиіс (енді жаттығуды баланың жеке өзі атқаруы тиіс) .

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:.

  1. Баланың сөздік қорын дамыту жолдары қандай?
  2. Балалар сөздердің қандай тақырыптық топтарын үйренеді?
  3. Баланың белгілі бір сөздерді үйренуі үшін осы сөзбен аталатын затты түйсіну соншама маңызды болатыны неліктен?
  4. Сөздің жалпылауыш мағынасы қалай үйренеді?

Силлабуста берілген № 1, 2, 3, 4 әдебиеттерді қолдану

4-тақырып. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі

Дәріс мақсаты: балабақшада балаға сөздің грамматикалық құрылысын қалыптасыру әдістемесін түсіндіру.

  1. Тілдегі грамматикалық мағыналар
  2. Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

Грамматикалық мағыналар - бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемсаларға және синтаксике грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни алма ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда алма ағашы отырғызылды немесе Алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістің немесе толықтауыштық, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының келер шақ формаларының мағынасы түсінбейді) . Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.

Ана тілінің грамматикалық мағыналарынан үйретудің қиындығы мынада: бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.

Мұнда оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады. Ана тілдің грамматикалық мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру және оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда, егер бұл процесс нашар оқытылу бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді.

Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар қалыптасады.

  1. Сөздің граматикалық мағынасы деп нені айтамыз?
  2. Тәрбиеші үшін балаларға грамматиканы оқытудың қиындығы неде?
  3. Балалардың ақыл-ойының дамуы үшін оларға тілдің граматикалық жүйсін үйренудің маңыздысы неде?

Силлабуста берілген № 1, 2, 3, 4 әдебиеттерді қолдану

5 тақырып Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі

Дәріс мақсаты: Сөздің дыбыстық жағымен таныстыру.

  1. Тілдің белгілі единицалары үшін «құрылыс материалы» ретіндегі сөз дыбыстары мен интонация элементтері
  2. Сөйлеу аппараты дамуының бала тілін дамытудағы ролі
  3. Сөз дыбыстарын айту дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдері

Сөз дыбыстары, интонацияның жекелеген элементтері (просодемалары) -дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрі-тілден бөлек өздігінен еш нәрсені көрсетпейді, болмысты кодаламайды, бірақ оларсыз сөйлеу деген болмайды: сөз дыбыстарынан морфемалар құралады, сөз дыбыстары мен просодемалардан сөздер құралады, просодемалар сөздердің бірігуіне мағынасын береді. Демек, сөз дыбыстары мен просодемалары- ауызекі сөздің «құрылыс материалы» Балаларға ана тілін үйрету тәжірибесінен белгілі болғанындай, балаға ең қиыны жекелеген дыбыстардың артикуляциясын үйрену болып табылады. Егер баланың сөйлеуіндегі кемшілік дыбыс жағында болса, онда логопедтер кемшіліктің себебі ең алдымен баланьщ тілмен, аса маңызды артикуляциялық органмен, дұрыс «жұмыс істеуді» үйрене алмауынан деп санайды. Балаларға көбірек қиын болатыны - таңдай ортасы дыбыстарды [р], [л], [ш], [ж] ; кейде таңдай арты дыбыстарды [г], [к], [х] артикуляциялау.

Фонетикада (мысал ретінде орыс тілінің фонетикасын алайық) барлық фонемаларды құраған кездегі барлық артикуляциялық мүшелердің (тілдің, еріннің, тістің, дауыс шымылдығының және т. б. ) жұмысы егжей-тегжейлі жазылған.

Мысалы, [ш] -тілдің ұшымен айтылатын альвеолярлы дыбыс (тілдің үшы тістін етіне тиеді), ұяң дыбыс (тіл тістің етіне толық тимейді, аздаған саңлау қалады), жуан ды-быс (тіл. дің орта тұсы таңдайға қарай көтерілмейді), қатаң дыбыс (көмей жұмыс істемейді) болып келетіндігі мәлім. Осылайша барлық 42 әріп жіктелген.

Тек логопедтер ғана емес, әрбір мәдениетті тәрбиеші фонетикаға жүгінеді: сөз дыбыстарының «анатомиясын» білу балалардын оларды үйрену процесін тездетуіне көмектеседі. Дегенмен, дыбыстың артикуляциясын меңгеру қиын әрі үзаққа созылады; ол бес, кейде жеті жылға созылады: тез дегеннің өзінде балалар бестен алтыға аяқ болғанда ғана таза сәйлейді. «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» баланы оқуға және жазуға үйрету басталған кезде-жеті жасқа қарай барлық дыбыстардың артикуляциясын толық үйрену міндетін қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану пәні
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Мәнерлеп оқудағы тіл заңдылықтары
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқу дағдысын үйрету технологиясы
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
«Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтіндік қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар мен мәселелер»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz