Қазақстан территориясындағы хандықтар



Кіріспе
1. Қазақстан территориясындағы хандықтар
2. Қазақ сұлтандарының әлеуметтік құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды.
Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері "қазақ" халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті.
Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы халықтар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.
Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықтарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781) ж.ж. біртұтасқа қайта қол жетті.
1. Сұлтанов Т. И. « Қазақ хандығының тарихы » Алматы. 2003 ж
2. С. Өзбекұлы « Арыстары Алаштың » Алматы. 1998 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Қазақстан территориясындағы хандықтар
2. Қазақ сұлтандарының әлеуметтік құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи
оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және
осы  мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде
қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған
жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін,
қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі
мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы
өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп
аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды.
Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері "қазақ" халқы мен оның атымен
аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты. Қазақ
хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы
Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін
бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті.
Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы
болмады. 1468 жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық
үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы
халықтар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан
ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына
қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.
Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының
және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде
дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның
түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері,
ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы
өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Екінші кезеңде біртұтас қазақ
хандығы этникалық территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші
жүз деп аталатын формальды хандықтарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде
(1771-1781) ж.ж. біртұтасқа қайта қол жетті.

1. Қазақстан территориясындағы хандықтар
Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып ресей
империясының отарына айналды.
Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және
азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.
Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында
болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан
сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға
берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар
көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік
билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де
тізгінін ұстады.
Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та маңызы болды.
Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді. Ақсүйектерге Шыңғыс
ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден сұлтандар мен хандар
шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін мәңгілендіру және олардың
артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды. Ақсүйектердің екінші тобын
қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-ислам дінін алғашқы
таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін насихаттаумен, молдалықпен,
діни оқу-ағарту ісімен айналысты.
Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы
аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының
өзгерген түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған.
Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі.
Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші
адам. Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім,
шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың
әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер
соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды.
Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.
Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі
де жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда
сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан
қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.
Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды.
Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен
жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.
Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке
басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне
қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты.
Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері
аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.
Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би,
сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей
шаруалар тобы болды.
Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да
жоқ тобы байғұстар деп атады.
Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік
жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері
ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық
жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.
Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды.
Құлдың ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға
тартса да, сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа
теңеліп те кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң
деп атады. Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың
саны көп болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес
қоспаған.
Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен.
Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар.
Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы немесе
дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы  жібек жолы тарихи
сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста
феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік
қатынастар етек келе ала бастады. Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат
ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды.
Мұндай жағдайда тұрақты аппарат ұстау қиын еді. Сондай-ақ көшпелі мір
тұрақты армия мен түрме, полиция, тұрақты сот-прокуратура сияқты
мемлекеттік билік органдарын да ұстауға мүмкіндік бермеді. Әрине бұл
органдарға қатысты мәселелер қазақ қоғамында билер соты және халық жиындары
арқылы өз шешімін тауып жатты.
Ру мүшелері туыс адамдар болғандықтан өз ішінде қыз алысуға жол бермеді.
Қыз лыспайтын жақын рулар да көп болды. Ру туыстық ұйым және қоғамның
ерекше бөлігі ретінде өз мүшелерін қорғауға міндетті болды. Тіпті өз
мүшелерінің айып қарыздарын да бірігіп өтеді. Барымта мен қаза жағдайында
да бірігіп әрекет етті. Жеке мүшелердің жөнсіз қылығы үшін де ұятты болды.
Тіпті әр рудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілхайыр хандығы
Қазақстанның территориясында құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму кезеңдері
Синьхай революциясы
Көшпелі өзбектер мемлекетінің күшеюі
Узбекистон
Өзбекстан Республикасы
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары
Моңғолия мемлекеті
Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны
Қытайда ұлтаралық қатынастарды басқару мәселелері
Пәндер