Терроризм - XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ғаламдық процесстің бірі


ТЕРРОРИЗМ - XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ҒАЛАМДЫҚ ПРОЦЕССТІҢ БІРІ

КІРІСПЕ

БІРІНШІ ТАРАУ. ТЕРРОРИЗМ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАСТЫ ПРОБЛЕМА

  1. Терроризм: туындауы, түрлері
  2. Ресей және ТМД елдеріндегі терроризм

ЕКІНІПІ ТАРАУ. АҚШ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ КӨРІНІСТЕРІ

  1. АҚШ және терроризм
  2. Мұсылман дүниесі және Ауғаныстан

ҮШІНІПІ ТАРАУ. ӘЛЕМ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ

  1. Дүниежүзі терроризмді айыптайды
  2. Терроризмге қарсы дүниежүзілік күрес тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Терроризм деген сөз естіпсе, бұл сөздің Европадан шыққаны, ата тегі латын тілі екені, латын тілі десең Оңтүстік Американың Колумб келгенге дейін ықылым заманнан сол жерде өмір сүрген халқының аты бұйырмай, неліктен Латын Америкасы атанып кеткені, тұтас Америка құрылығында европалықтар бала-шаға демей қынадай қырған үнді тайпалары, ағылшындар, испандар, португалдар Африкадан қойша көгедеп, кемеге тиеп әкеліп, мал орнына сатқан, азапты шыбындай қырылған негрлер көзге елестейді. Одан кейін өткен талай ғасырлық тайталас, теке тіресті есептемегенде осыдан бес-алты жыл қол бұлғап, қоштасып кеткен XX ғасыр түгел дерлік капитализм мен коммунизм идеялары туғызған халықаралык терроризм жалынына шарпылумен өтті.

АҚШ-тағы әртүрлі гангестрлік ұйымдарды айтпағанда, "Ку - клукс-клан" деп аталатын ұйым осы елдегі үндіс, негр сияқты түсі басқа халықтарға ашық та, жасырын да террордың неше атасын жасады. Обалы қане, басқаның бәрін орыстандырудың жымысқы саясатын жүргізгенімен, Кеңестер Одағында дәл мүндай жабайылыққа жол беріле қойған жоқ. Рас, Мексикаға қоныс аударып, үстелінде қағаз жазып отырған Троцкийді (Лев Давыдович) Меркадер деген біреудің балтамен ұрып өлтіруінде Сталиннің, Мысырдағы парад кезінде Анвар Садаттың тал түсте оққа ұшуында КСРО МХК-нің, ішкі және сыртқы елдердегі осындай бірнеші тұлғалардың ажалына арнауды қызметтердің қатысы бар, яғни, террор жасалды деген әңгімелерде шындықтың бір ұшы жатқан шығар.

Қазіргі кезде ақпарат құралдары да, көптеген саясаткерлер терроризмді XXI ғасырдың апаты деп бағалауда. Бірақ оның белең алуына байланысты туындаған ой шығар. Ал шын мәнінде оның түпкі тамыры жоғары да көрсеткеніміздей тереңде жатыр. Қазақстан президенті Н. Назарбаев "Терроризмнің айдаһары қашан да болған және өз қарсыластарына ұдайы арамзалықпен соққы беріп отырған. Алайда дәл қазіргідей ашық та ауқымды болып көрген емес. Халықаралық терроризм осы уақытқа дейін болған және қазіргі бар аламдық өңірлік қауіпсіздіктің бәрін торпедалап бітті. "-дейді. (1)

Капиталистік және социалистік лагерь кезінде, біз өмір сүрген КСРО-да терроризм көбіне АҚШ пен Израильға байланысты айтылатын еді. Терроризм сионизм деген атаумен қатар аталатын. Израиль мемлектінің кешелі-бүгінгі басшыларының ішінде сионистік ұйымдарда болмағаны кемде кем. Қазіргі премьер-министр, кезінде МАПЛИ деп аталатын псевдосоциалистік сионистік партияны басқарған А. Шарон бір кезде: "Егер менің қолымда өзім ойлағандай билігім болса, ақылды, біздің идеяларымызға берілген еврейлерді құтқаруға (кімнен екені белгісіз) шын жан-тәнімен құштар бар топ мықты жастарды іріктеп алып, еврейлер мәз-майрам болып күнәһарлық батпағына батып жүрген елдерге жіберер едім. Ол жастардың міндеті еврей емес, басқаның кейпіне келіп, сосын "Иіс-қоңыс Еврейлер!", "Еврейлер, Палестинаға тайып тұрыңдар -деген антисемиттік ұрандармен сондағы еврейлерді қудалау болар еді" деген. (2) Қазіргі кезде ел тізгінін қолына ұстаған Шаронның бұл пікірін өркениетті елдердің даму бағытына қарай өзгертері даусыз.

Тақырыптың өзектілігі. Терроризмнің тамыры тереңде жатыр. Бірақ оның "гүлдену" дәуірі өткен XX ғасырдың басталған еді. Оның дәлелдері 1972 жылы 5-маусымда АҚШ-тың Лос-Анджелес театрында Украинаның би ансамблінің гастролі кезінде театрға жарылғыш зат қойылған. Ал 1975 жылы БҰҰ жанындағы КСРО-ның тұрақты өкілдігі атқыланды. Тек 1981 жылдың үш айының ішінде Нью-Йоркте, Вашингтонда бес рет террористік әрекет жасалды. Бірақ мұның бәрі "кеңестік антисемитизмге қарсы күрес", "еврейлердің құқын қорғау" деп аталды. (З) Осылайша қоғамның дамуында ұлтаралык қатынастардың дұрыс шешілмеуінен, халықтың әлеуметтік проблемаларының заңды түрде толық шешімін таппағандығынан күштеу, зорлау, үрейлендіру әрекеттері әлі бәсеңдемей жалғаса беруде.

Ал қазіргі кездегі терроризм кешегі терроризм емес. Оның көптеген анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері басқа пікір айтады. Ал бүгінгі терроризм белгілі мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол кара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.

Терроризмнің таралуына дүмпу қарымы сақталынып отырған нәсілшілдік пен ұлтшылдық идеялары нәр беруде. Ұлтшылдықтың кез келген түрі терроризмнің таралуына қолайлы негіз болатынына ешқандай күмән жоқ. Бір ұлтқа екінші ұлттың үстемдігін орнату үшін ұлтшылдар терроризмді қолжаулық етуі әбден мүмкін.

Бүгінгі өмірде терроризмнің таралуының себепшісі ретінде діни фундаментализм жиі-жиі ауызға алынады. Фундаментализм өзінің нақты мәнінде белгілі бір ілімнің түпкі принципін сақтауға ұмтыла отырып, даму барысындағы ауыткқушылықгарды жеңуді білдіреді.

Қазіргі кезде ислам экстремизмі мен терроризмі деген ұғымдардың кеңінен тарап отырғанын атамай өтуге болмайды. Дей тұрғанмен, Исламның өз болмысында ешқандай да агрессияшылдык жоқ. Әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуы да мүмкін. Қоғамдық көңіл күйдің радикалдануының кез келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістері мен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді. Бұл ретте, терроризм туралы "оң" және "сол" радикализмнің көрініс табуының салдары ретінде сөз қозғауға болады.

Терроризм дегеніміз- деструктивті әрекет пен саяси радикализмнің ширыққан шындығы болатын болса, оның салдары белгілі бір партиялық топтардың қандай саяси реңктегі шептен табылуымен теңдесіп жатпақ. Әрі-беріден соң, саяси радикализм сынаса, терроризм өлтіреді деп айтуға да болады. (4)

Бүгінгі өмірде дүние жүзі аймақтарының дамуында сәйкессіздік бел алып бара жатыр. Осы ахуал әлсіз дамыған мемлекеттерде әлеуметтік қозғалыстардың етек алуына көп ретте қолайлы жағдай туындатып отыр. Әлуметтік қорғансыздық терроризмнің пайда болуы мен таралуына дем беретін фактор болып табылады. Атап айтсак оның нақты көріністері: жұмыссыздықтың биік деңгейі, табыстың төмендігі, болашақтың бұлыңғырлығы, әлеуметтік шиеленістің ширыға түсуі және т. б. с. с.

Оның үстіне қазіргі кезде терроризмнің таралуына террористік топтар ұйымдарының молығуы, насхаттауы әсер етеді. Терроризмді қаржыландырушылар да, демеушілері де баршылық. Осылайша, терроризм әлемге тарады. Террористік қызметтің жаһандануының салдары онымен тұрақты айналысатын адамдардың айрықша топтарының қалыптасуына алып келіп отыр. Сондай-ақ терроризмнің пайда болуы мен таралуында мемлекеттік-саяси және геосаяси факторлардың да өз орны бар.

Сонымен терроризм өткен ғасырдың ойлап тапқаны емес. Оның демі адамзат тарихын қашанда улаумен келеді, ол алғаш рет екі мыңжылдықгың тоғысында қаһарлы да ауқымды кейіпке енді. Ең бастысы-терроризмнің түркі себебі дамудың теңсіздігінде жатыр. Осыған қарсы террористер агрессивті жауап беруде. Оның салдары жазықсыз адамдардың қүрбан болуы, материалдық байлықтардың бұзылуы, психологияның бүлінуі, ой-өрістің күрделенуі, үрейдің, қорқыныштың, шарасыздықтың басым бола түсуі т. б. с. с. Осылардың барлығы таңдалған терроризм тақырыбының қазіргі кездегі тарих ғылымының көкейтесті, өзекті мәселелерінің бірі екендігін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін аландатып, үрей туғызып отырған терроризм проблемасының туындауы, оның не себептен болатындығы жайында және адамзат баласының тарихында болған террорлық актілердің бұрын да болғандығы, бірақ оны бүгінгі көріністерімен салыстыруға болмайтындығын ашып көрсету мен дүние жүзінде әлеуметтік теңсіздік, кедейшілік сақталып тұрған жағдайда және ұлтаралык қатынастардағы күрделі мәселелер толық шешілмей жатқан түста ғаламдық проблемаға айналған терроризммен бірлесіп. ұжымдасып, дүниежүзілік қауымдастық болып күресу туралы ой қозғап, оны жүзеге асырудың жолдарына көз жүгірту болып табылады.

Тарихнамасы. Терроризм күтпеген жерден дүние жүзінің алып мемлекеті АҚШ-та жүзеге асқан соң әлемнің оған үн қатпаған мемлекет басшылары, қайраткерлері, саясаткерлері болмай қалған жоқ. Дәл сол оқиға туралы АҚШ президенті Джордж Буш бұл атака өркениетті елдерге жасалған деп бағалай келе былай дейді: "Месяц назад ни в чем не повинные граждане 80 стран были подвержены нападению и убиты без всякого предупреждения или провокации с их стороны в террористическом акте, который ужаснул не только американцев, но и каждого человека любой веры и национальности, ценящего человеческую жизнь

Нападение произошло на американской земле, но это был удар в самое сердце и душу цивилизованного мира. Война против тех, кто экспортирует террор, войны тех правительств, которые поддерживают террористов или даютим приют. "(5) Терактіден кейін Құрама Штаттар террористердің ғаламдық таралу жолдарын табумен құртуға ұмтылып, халықаралық қауымдастыққа қосылды.

Демократиялық мемлекет деп саналатын құдіретті Америкаға тиген соққыға ешкім де енжар қала алмады. Америкаға жасалған терактіден кейін АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфрелд терроризмді жандандыруға ықпал етіп отырған Ауғанстанға жасалатын соғысты былай деп анықтады: "Нынешная война не будет войной грандиозного альянса, созданного с единой целью: разгромить группу враждебных держав. В ходе этой войны будет создаваться временные коалиции стран, которые могут изменяться и эволюционировать. В нынешней войне миссия будет определять коалицию, а не наоборот. "(6)

Дүниежүзінде бейбітшілікті ұстап тұру мақсатында кұрылған БҰҰ-ын да террроризмнің етек алып бара жатуы қобалжытуда. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан 1 қазан 2001 жылы терроризм туралы әлемнің толқынысына былай деп өз ойын білдірді: "Реакция на нападения во всем мире должна вселить в нас отвагу и надежду на победу в этой борьбе. Когда видишь, как во всех частях света люди разных верований собираются в городах, чтобы выразить свою скорбь и солидарность с народом Соединенных Штатов -это лучше любых слов говорит о том, которая не разделяет человечество, а обьединяет его. "(7)

Осы оқиғадан кейін әлемнің көптеген саясаткерлері, шолушылары бірден ислам дүниесін кінәлап шыға келді. Бірак мұның дүрыс еместігін бұдан кейін өріс алған оқиғалар дәлелдеді. Шын мәнісінде ислам ешуақытта күштеуді, зорлауды, жазықсыздан біреуді кінәламайды. Оған айғақ Индонезиялық дін басшысы Юсуф Мухаммедтің сөзі: "Подобные нападения такого колоссального масштаба -это совершенно возмутительно, эта заслуживает всяческого осуждения. Тот кто совершил это нападение, не имел права делать это во имя религии, и конкретно ислама. Убивать невинных людей для достижения цели никогда не было сутью религии. "(8)

Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтің "Сындарлы он жыл" деген еңбегі жарық көрді. Онда қазіргі кезде белең алып бара жатқан терроризмнің пайда болуына, таралуына, ғаламдық сипатына жан-жақты талдау жасайды. Сонымен бірге еңбекте Орта Азия аймағында терроризммен бірлесіп күрес жүргізу мен қауіпсіздікті сақтау жолдарын нақтылап айқындайды. "Тероризммен күресті үйлестіру жұмыстары халықаралық деңгейде көптен бері жүргізіліп келеді және бұл ретте, дүние жүзінде бүгінгі таңда терроризмге қарсы әрекет ететін айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Осынау бай да, сонымен бірге пайдалы да тәжірибеден, Террористік Интернационалмен дүниежүзілік қауымдастықгың антитеррористік күресімен бірнеше өзекті -өзекті стратегияларды саралап шығаруға болады.

Бұл- терроризммен оның таралуының ең бір ықтимал ошақтарында ұзақ мерзімді, күш көрсете күрес жүргізу.

Бұл- терең әлеуметтік-экономикалық, саяси интеграция жолдарымен қауіпсіздіктің арнаулы континентаралық нституттарын құру арқылы қол жеткізуге болатын терроризмге және басқа да жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға қарсы әрекет ету.

Бұл - қауіпсіздіктің қат-қабат жүйесін құру, яғни құрылымдардың шындалған комбинациясы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйенің болуы, бұл жүйелердің арасында өзара байланыс пен өзара тәуелділіктің болуы деген сөз.

Бұл - террористік белсенділік айрықша төбе көрсететін жерлерде халықаралық тұрақты сұхбат түрлерін қалыптастыру. Оның үлгісі ретінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨІСШК) атаған жөн.

Менің пайымдауымда, бүгінгі таңда ғаламдық ауқымда терроризмнің қауіп-қатеріне қарсы әрекет ететін институттың ең бір тиімдісі Антитеррористік коалиция болып отыр. "(9)

2001 жылдың қарашасында "Ана тілі" газетінде терроризмнің басты мақсатын көрсеткен, Москвада болған террорлық актілер туралы толық мәлімет берген мақала жарияланды. Онда Москвада болған актінің АҚШ-та болған актіден де асып түскендігін сипаттайды. "Әлем жұртшылғының үш күн бойы тұла бойын түршіктірген оқиға Москвада 2002 жылдың қазан айында болған еді. 25 ер адамнан, 25 бойжеткеннен тұратын қарулы топ Мәдениет сарайында спектакльге жиналған 700-ден астам адамды кепілдікке алады. Террористер деп хабарланғандардың бәрі -шешендер. Талаптары: Ресей Шешенстандағы соғысты тоқтатуы, бұл елден әскерлерін әкетуі. Бұл әлсіздердің, өз мүдесіне жетуде таңдаған жолы. "(10) Сонда терроризм өрті мақсаттарына жетпеген әлсіздердің өз мүддесіне жету үшін ешнәрседен де тайынбайтынын көрсетеді.

Халықаралық терроризм мәселерін зертеуге көптеген тарихшылар өз үлестерін қосуда. Швейцариялық Т. Денкердің "Стратегия антитеррора", француздық Робера Саленің "Террористический вызов", батысгермандық И. Беккердің "Дети Гитлера", поляк А. Бернградтың "Стратегия терроризма", венгерлік Е. Ангелдің "Мифы потрясенного создания" деген зертеулерді атап кетуге болады. Зерттеулерде жүзеге асырылған терактілердің болу себептерін, мотивтерін, механизмін, психологиясын ашып көрсетуге ұмтылыс жасалады.

Терроризм мәселесі Ресейлік тарихшылады, шолушыларды, зерттеушілерді де толғандырмай қойған жоқ. Сондай зерттеулердің қатарында Ю. М. Антонянның "Терроризм", З. Замкованың "Терроризм глобальная проблема современности", Е. Г. Ляховтың "Терроризм и международные отношения", "Политика терроризма" сияқты еңбектерді айтуға болады. Бұл еңбектерде терроризмнің халықаралық сиаптқа ие болуының себептері, оның ұйымдастырылуының жоғарғы деңгейін, оны қаржыландыратын, дем берушілердің болуы және терроризмнің қарудың соңғы жетістіктерімен қаруланатындығынын, терроршылардың мемлекетті басқару ісіне дейін араласатыны- жөнінде баяндалады.

2001 жылы АҚШ-та террорлық акті жасалғаннан кейін Қазақстандық саясаткерлер, шолушылар, тарихшылар, экономистер де өз пікірлерін білдірді. Ол "Саясат" журналының бетінде жарык көрді. Қазақстаның Египет, Алжир, Иордания, Ливия, Марокко, Сирия, Тунистегі елшісі Б. Құлжанүлы мұсылман елдеріндегі терроризм негізі діни болып табылмайды дей келе, өзінің ойын былай білдіреді: "Америка мен Европа мемлекеттерінің басшылары, халықаралық мамандар исламмен терроризмді араластыруы болмайтындығын ашық көрсетеді. Терроризмді әлеуметтік-экономикалық, саяси наразылықгар, демократияны басып отырған әділетсіздік туғызады. Израилдің БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына қарсы Иерусалимді астана етіп, басқа территорияны окупациялауына тежеу қойылмағандығы арабтардың ғана емес, бүкіл мұсылмандардың да наразылығын күшейтуде"(11) .

К. Садиевтің "Борьба с терроризмом и консолидация усилий способны оказать позитивные воздействия на динамику мировой экономики" деген ғылыми мақаласында АҚШ-та болған терактінің АҚШ-тың экономикасына тигізген әсерін жан-жақты түсіндіріп береді: "Терактіден кейін бірден дүниежүзілік қор рыногында индекс төмендеді. АҚШ доллары дүниежүзілік басқа валюталарға қарағанда құны төмендеді. АҚШ доллар курысын бір қалыпты ұстау үшін біршама шаралар жүргізуде. Сондықтан дүниежүзілік қаржы орындары қобалжуда. Қазақстанда қор рыногы дамымаған. Сондықган бізде инвестициянын өзгеруі онша білінбейді"(12) .

Сонымен қатар терроризм саяси мақсатқа жетудің тәсіліне айналғандығы туралы, Қазақстанда террор жайламаса да, онымен күресудің қажеттігі туралы, діни экстремизм проблемалары, Орталык Азия аймағында діни терроризмімен күрес саясаты туралы көптеген ғылыми мақалалар жарияланды: "Орталық Азия республикаларында мыңдаған діни құрылымдар қайтадан өмірге келді, теологиялық оқу орындары ашылды. Қазіргі қоғамда діннің дамуы көптеген қайшылықтарға кездесуде. Орталық Азиядағы дін, дінге табынушыларды өз қатарына тарту үшін күресуде. Дүниежүзілік саясатта ислам мемлекеттерінің ықпалы күшеюде"(13) .

Ислам адамзат баласына қарсы Америкада да, басқа елдерде де қылмыс жасаған жоқ. Ислам-дүниежүзілік дін. Сондықтанда мұсылман халқының жан-жақты дамуына ықпал етіп отырған дін ешуақытада терроризм тудырмайды. Дегенмен адамзат баласына үрей, қауіп төндіретін террористік, экстремистік актілермен дүниежүзінің бүкіл мемлекеттері болып күресу қажет.

Диплом жұмысының күрылымы: Кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

БІРІНШІ ТАРАУ

ТЕРРОРИЗМ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАСТЫ ПРОБЛЕМА

1. 1 Терроризм: туындауы, түрлері және оған қарсы күрес

Адамзат баласының тарихында теракті туралы мәлімет Фессалонияның автономиясы үшін римляндармен күрескен еврей саяси топтарының методтарынан көрінген еді. Онан кейін зұлымдықтың, озбырлықтың символы ретінде ортағасырлык инквизиция, Варфоломеев түні, Француз буржуазиялык революциясы, Париж коммунасы, Октябрь революциясы, Ресейдегі "қызыл-ақ" террор және тағы басқалар тарихында көрініс тапты.

Көптеген тарихшылардың пікірі бойынша террор - латын тілінде-ужас, страх - яғни үрку, қорқыныш деген түсінікті білдіреді де, француз революциясы кезінде пайда болды дейді. Қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген жерінде террорлық ұйымдар белең алып тұр. Көпшілігінде радикальды-террорлық ұйымдар тәуелсіздік, бостандық, саяси құқық үшін күресуші саяси бірлестіктер ретінде қалыптасты. Алайда бірқатар елдерде оппозицияның жеңісі және топтарға бостандық режимі мен көмектің берілуі олардың террорлық әрекетін мемлекетке қарсылық деңгейіне жеткізді. Сондықтанда бірқатар мемлекеттердің қызметтерінің негізгі бағытының бірі террорлык әрекеттерге қарсы күресу болып табылады.

Терроризм адамзат баласының тұрақты сыңары болып табылады. Біздің дәуірдің І-ғасырында-ақ Иудада сикарилер (сика-кинжал немесе қысқа семсер) сектасы әрекет етті. Оның мүшелері римляндармен ынтымақтасқан еврейлердің атақтыларын жойып жіберіп отырды. Фома Аквинский және христиан шіркеуінің басшылары, олардың пікірінше халыққа қарсы болған, басшыны өлтіріп жіберіп отырған. Орта ғасырларда мұсылмандық ассошафиндер сектасының өкілдері префектілер мен халифтерді өлтіретін болған. Үндістан мен Қытайда кейбір жасырын қоғамдар саяси террорды жүзеге асырып отырған. Қазіргі Иран мен Ауғаныстан территорияларында өз қарсыластарынан қорғану үшін исмаилиттер сектасын өте құпия қолданған. Өздеріне жақпаған адамдарды әртүрлі тәсілдермен, айуандықпен жойып жіберіп отырған.

1848 жылы радикалдық көзқарастағы неміс ойшылы Карл Гейнцген саяси күресте өлтіруге тыйым салуға болмайды, өйткені жүздеген мыңдаған адамдарды өлтіру "Адамзаттың жоғарғы мүддесімен ақталады" деген пікір айтады. К. Гейнцген қазіргі терроризм теориясының негізін салушы болып есептелінеді. Ол реакциялық әскердің мінез-құлқы мен күшіне азғана топтың бей-берекетсіз хаос тудыратын қарулы әрекетін қарсы қоюға болады. К. Гейнцген уландыратын газ, ракеталарға арқа сүйеді, құртатын жаңа құралдарды іздестіруді талап етті. Бұл ХІХ-ғасырда пайда болып дамыған "бомба философиясы" деп аталды. Оның түп тамыры грек тарихындағы тирандық өлтіруге әкеп соғады.

"Бомба философия" концепциясы Бакуниннің "қирату теориясында" одан әрі дамытылды, тереңдетілді. Бакунин өзінің еңбектерінде бір әрекетті - қиратуды ғана мойындауды дәлелдеуге тырысты. Күрес құралы ретінде ол уды, пышақты, арқанды ұсынды. Бакунин революционерлер өлімге кесілгендердің жан қиналысын естімеуі қажет, ешқандай компрамиске бармауы керек. Орыстың түп тамыры қанжар мен отпен тазартылуы қажет деп дәлелдеді (1) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризмнің дінмен арақатынасы
Франция мемлекеті жайлы
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі
Халықаралық терроризмге қарсы күрес
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Терроризмнің психологиясы
Үндістанның сыртқы және ішкі саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz