Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) «Егеменді елдің тірегі . оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді.»
2) «Математика сабақтарында жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау»

ІІІ. Қорытынды
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемелкеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауындағы «Оқыту үрдісінде –ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданысаясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;
Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;
Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны оқушыға беру процесі.
1 Использование персональных компьютеров при обучении учащихся 5-6 классов решению математических задач //Сборник научных статей ІҮ Международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». – РЦИО, Алматы, 2006.–С.281-283. (Б.Баймуханов)
2 5-6 сынып оқушыларын математикалық есептерді шешуге үйрету //«Ұлт тағлымы» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2007.– №6. – Б.97-100. (І.Ж.Есенғабылов)
3 Оқушыларда математикалық есептерді шығара білу біліктіліктерінің қалыптасуының психологиялық негіздері // «Қазақстан жоғары мектебі» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2007.– №1. –Б.23-26.
4 Ақпараттық-компьютерлік технологияларды алгебра сабағында оқыту құралы ретінде қолдану // Кредиттік жүйе аясында білім беруді басқару» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.–Талдықорған, 2009.–Б.109-114. (Б.Баймұханов)
5 Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін пайдаланып электрондық оқулық жасаудың әдістемелік негізі // «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы.– 2009.–№2. –Б.12-14.
6 Білім берудегі компьютерлік-ақпараттық технологиялар // Білім берудегі қашықтан оқыту технологиялары-2009» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Қарағанды, 2009. –Б.222-224.
7 Компьютерлік технологияларды негізгі мектепте оқу процесінде қолданудың қазіргі жағдайы мен бағыттары // «Ұлт тағлымы» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2009.– №3(1). – Б.84-89.
8 Оқытуда қолданылатын компьютерлік жүйелер және олардың негізгі компоненттері // «Ізденіс» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2009. – №3(2). – Б.242-247.
9 Компьютерлік технологияларды негізгі мектепте алгебраны оқытуда қолданудың дидактикалық негіздері //«Білім-образование» ғылыми педагогикалық журналы.– 2009.– №4. –Б.8-11.
10 Организация процесса обучения алгебре с использованием компьютерных технологий // «Использование технологий дистанционного обучения в высшей школе» Международная научно-практическая конференция. – Караганда, 2009. –С.123-126.
11 Возможности использования компьютера при изучении основных содержательно-методических линий курса алгебры основной школы // Международная научно-практическая конференция. – Семей, 2009. –С.174-178.

1. Кручинин В.В. Разработка компьютерных учебных программ. – Томск: Изд-во Том.гос.университета, 1998. – 211 с
11. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы» - Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16
12. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Егемен Қазақстан газеті 3/ІІІ-2005. №13
13. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004 .№5
14. «Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/ Алматы .2007ж
15. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.Назарбаевтың 20/ІІ-2007ж Қазақстан халқына жолдауынан.
16. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4
17. Интернет материалдары: «Gooqle» және «Mail.ru» сайттары. 2008, 2009 ж.
Қосымша материалдар.
МАБ-ға арналған тест жұмыстары
Ұстаздарға көмек болсын деп біраз ойын топтамасын жіберіп отырмын.
№1. Кубик жасау үшін неше шаршы керек?
№2 . Тіктөртбұрыштан қалай шаршы жасаймыз?
№3. Қағазды 4-ке бүктеп, ортасынан кессе неше бөлік болады?
№4. Ат сиырдан қарарақ, сиыр иттен қара Ең қарасы қайсысы?
№5. 2 таяқшаның неше ұшы бар? 2,5 таяқшада ше?
№6. Қыздың 4 лентасы болды. 1-уін теңдей 2-ге бөлді. Қызда қанша лента болды?
№7. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?
№8. Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр. ?
№9. 2 бала 3 сағат шахмат ойнадлы. Әр бала неше сағат ойнады?
№10. 2 қатар полкада 3-тен кітап болды. Тағы кітап сатып алдынды да, әр полкаға бұрынғыдай кітап қойылды. 2 қатар полкіде неше кітап болды?
№11. Бауырсақ қонақ үйге келеді. 1 күнге 1 теңгеден төлеу керек. Бауырсақта 1 теңгелік және 3 теңгелік бар еді. 3 күн тұрса қалай есеп айырысыр еді?
№12. Әкесі мен баласына 40 жас. 3 жылдан соң оларддың жасы қанша болады?
№13. Дана 13 пен 18 жұлдыз аралығында туды. Туған күнін табу үшін неше сұрақ бересіз. «Ия», «Жоқ» деген жауап қана қабылданады. 1 ші сұрақ қандай болады?
№14. 1 ден 1000 –ға дейінгі сандар жазу үшін қанша цифр керек?

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   
Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып
оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау

2011 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Егеменді елдің тірегі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді.
2) Математика сабақтарында жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға
дайындау

ІІІ. Қорытынды

Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдін қатарына енуі үшін:
білімді де зерделі, жан-жақты дамыған
дарынды, қабілетті ұрпақ керек .
Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
халыққа жолдауынан.

Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып,
оқушыларды
МАБ-ға дайындау

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер
енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті
ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік
стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан
Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының
мемелкеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015
жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
атты халыққа жолдауындағы Оқыту үрдісінде –ақпараттық технологияларды
білім беру сапасын жақсартуда қолданысаясын кеңейту керек деген сөзін
басшылыққа ала отырып, математика сабақтарында жаңа ақпараттық
технологияларды пайдаланудамын.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта
мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып
табылады.
Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа
ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы
артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге
болады.
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл
ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды
көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;
Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі
арттырады;
Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың
білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды
даярлап,оны оқушыға беру процесі.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан
Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану,Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті
әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру; Ақпараттық технологиялардың
негізгі міндеттері:
Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
Практикалық шараларды анықтап,жүзеге асыру;
Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

Жаңа ақпараттық технология құралдары:

Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын
негізгі буын.Ол оқушылардың интеллектін,логикалық ойлауын және шығармашылық
қабілеттерін дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал
жасайды.
Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда
оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай,оқушының ойын
дамытып,эмоциясына,сезіміне қозғау салады.Өзіне қажетті мазмұын мен
мәліметті ақпарат көзінен таңдап,өз бетінше ойланып,шешім қабылдауға
дағдыланады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры деп
аталды.Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып,оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:
1.Білім,білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4.Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Ақпараттық инфрақұрылымның дамуы ақпараттық технологиялардың барлық
салаларға енуі оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды.
Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін
арттырады.Әртүрлі сызбаларды көрсетуде мысалы- тақырыбында жылдамдық
түрлі-түрлі сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар,сызғыш,транспортир,қажетті
кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады. Компьютердегі интернет
жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін
таңдап тікелей қолдануға болады.
Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан тереңдетіп
оқыту сабақтарында қосымша бай-материал көздерін ізденіп қолданамын.Сонымен
қатар оқушы да интернеттен материал іздеп қана қоймайды,әлемдік байланыс
торабына кіруді де үйренеді.
Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім
сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып,
оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып,
түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық
ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді
өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта
алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.
Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі

Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін,сырын меңгерген,құпиясын
аша алатындар ғана бойлай алмақ,мұндай адамдарды мұғалімдер ғана
тәрбиелеп,дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы
жеткізеді,ал сабақ сапасын арттыру-барлық мұғалімдерді толғандыратын
маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі
сабақтар оқушыларды жалықтырып,білімге ынтасын төмендетері сөзсіз.Сондықтан
өз жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге,бұған
оқушыларды тартып,олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды
міндет етіп қойдым.
Білім туралы заңның 41 бабында мұғалімнің міндеттерін көрсететін норма
анықталған. Заңның осы бабына сәйкес мұғалім оқыту нәтижесінде оқушының
алатын білімі мемлекеттің білім стандарты талаптарын төмен болмауына қол
жеткізуге міндетті.Ал, тәжірбие көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай
нәтижеген қол жеткізуге кепілдік бермейді.Сол себепті қазіргі білім
жүйелерін технологиялау педагогикалық практиканың жаңа,болашағы мол бағыты
деп есептеліп отыр.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа
Енді, осы тақырып негізінде және өзімнің негізгі проблемалық тақырыбым
негізінде, осы бағытта жасаған жұмыстарымның үлгісі ретінде жыл бойы
мектебімізде өткізілген сабақ жоспарларын ұсынып отырмын.
ІІ. Негізгі бөлім
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сандардың нумерациясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Сандардың нумерациясы жайында түсінік беру. Мың көлеміндегі сандарды оқу,
жазу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірлеуін, бірліктер класын
қайталау.
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар, кірпінің
суреті, жемістер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,
Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық
айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.
Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.
І. Жаңа сабақ.
Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.
Ендеше хатты оқиық.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен
өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек
Күз келді, бірақ жемістерді жинап үлгермей жатырмын.
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, Жемістер жиналады.
Көмектесіңдерші, балалар!!!
Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер
жинайтын боламыз.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тақырыбымыз Сандар нумерациясы.
Тақтаға назар аударамыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Балалар, біз үшінші сыныпта мың көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды, үш
таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу мен көбейтуді өткенбіз. Мысалы:
562+56
687-57
682:2
154*4 (мұғалім тақтаға шығарып, оқушылардың естеріне түсіреді)
1-слайд. Контейнер ойыны. Натурал сандарды контейнерге жинастыру.
Оқушыларды кезекпен шығару.
Сандар: 5, 200, 254, 100, 1000, 589, 5
2
2) Математикалық диктант:
А) ең кіші екі таңбалы сандыжаз: 10
ә) ең үлкен үш таңбалы санды жаз: 999
Б) ең үлкен екі таңбалы санды жаз: 99
Жұппен жұмыс істеу: Жазғаннан кейін оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-
бірін тақтаға қарап тексереді.
2-слайд. Жауабы: 10, 999, 99
3. Кім тез? ойынын ұйымдастыру.
Салыстыр:
І-қатар ІІ-қатар
ІІІ-қатар
384 * 385 749 * 649
865 * 845
600 * 598 758 * 738
400 * 398
2м 3дм 5см * 235 см 3 м 2 дм 4 см *324 см 4 м 3
дм 2 см * 432 см
(Оқушылармен жарыс ұйымдастыру. Қай қатар тез шығарады. Бір-бірден тақтаға
шығып орындайды)
4. Ауызша талдап, содан кейін дәптерге сандарды кему ретімен өз беттерімен
жаздырту.
3-слайд.
А) Кестедегі сандарды қалдырылып кеткен цифрларын ата. Осы сандарды кему
ретімен жаз.
жүздіктер ондықтар бірліктерСанның оқылуы
5 3 8 Бес жүз отыз сегіз
5 3 Бес жүз отыз
5 8 Бес жүз сегіз

ә) Кестедегі сандарды оқы және осы сандарды өсу ретімен жаз. Олардың
әрқайсысында әрбір разрядтың неше бірлігі бар екенін айтып бер.
жүздіктер ондықтар бірліктер Санның оқылуы
3-разряд 2-разряд 1-разряд
бірліктері бірліктері бірліктері
3 4 7
3 0 0
4 0 7

4-слайд. Есте сақтау! Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты
құрайды. Оны бірліктер класы дейді.
5. Сұрақтарға жауап беру:
а) 999 неше таңбалы сан? Осы санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?Оңнан
солға санағанда бірінші орында 9 саны нені білдіреді? Екінші орындағы 9
саны ше? Үшіншідегі ше?
ә) 999 кім разряттық қосылғыштарға жіктеп жазып береді?
Б) 999+1 тең неше болады?
5-слайд.
Мың –екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.
V. Сергіту сәті
6. Оқулықпен жұмыс. 5-бет, 8-тапсырма.
Есеп шығару.
Жетісуда - 300 оқушы
Сарыарқада - одан 100 оқушы артық
Сарыарқада -?
Шешуі: 300+100 =400
Жауабы: Сарыарқада 400 оқушы демалды.
7. Шығармашылық тапсырма:
6-слайд. Сандарды жалғастырып айт:
890, 895, 900 ... .
8. Топпен жұмыс № 9 5-бет.
7-слайд. 1-бағанды І-топ орындайды

7 м = ... .см
7 жүзд. = ... бірл.
7 дм = ...см
7 онд. = ... бірл.
2 -бағанды ІІ-топ орындайды
600 бірл. = ... жүзд
600 см = ... м
600 см = ... дм
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.
Слайд жемістер
Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.
Күз келіп жемістерді жинасын.
VІІ. 8-слайд.
Үйге тапсырма: 5 бет № 10
2-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Шамалар және оны өлшеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Сандардың ондық жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесінің арасындағы
байланысты және өлшем бірліктерін түрлендіруді пысықтау
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді
деп ойлаймын.
Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік
тілеу
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 10-тапсырма.
І. Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен саяхатқа барамыз. Астана
қаласы ұнайды ма? Ендеше Астана қаласына қонаққа барамыз. Ол үшін
тапсырмалар орындаймыз.
2-слайд
ІV. Жаңа тақырып
3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Шамалар және оны өлшеу
Мұғалім айтып тұрады, ал оқушылар кезекпен тақтаға шығып, жазады.
647, 640, 607, 600
4-слайд 2. Математикалық диктант.
А) 895, ә) 777, б) 805, в) 770, г) 700 Әр санда барлығы неше жүздік, неше
ондық және бірлік бар екенін айтқызу. (Оқушылар бір-бірін тексереді)
3. Кім тез? ойынын ұйымдастыру. Бір ғана цифрді пайдаланып, үш таңбалы
неше сан жазуға болады? Сол санды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз.
(Мысалы: 222=200+20+2 деп жазулары мүмкін)
5-слайд 4. Интерактивтік тақтадағы суреттерді қарап сұрақтарға жауап беру:
Мыналарды өлшегенде қандай өлшем бірліктерін пайдаланған қолайлы?
А) қарындаш, ә) үстел, б) қаладан ауылға дейінгі қашықтық,
В) спорт алаңы, г) қапқа салынған қант, ғ) дәрі, д) машинадағы жүк
6-слайд 5. Ойын Не артық?
Грамм, сантиметр, килограмм, тонна, центнер
Тапсырма: 1-қатар: ұзындықты өлшеу бірліктерін жазыңдар, ал 2-қатар: масса
бірліктерін жазады.
6. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.
7-слайд Әр қатардағы келесі санды алдыңғы саннан қалай шығарып алуға
болады?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
100 200 300  400 500  600 700  800  900 1000
8-слайд V. Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау
7. Есеп шығару. Жұппен жұмыс істеу.
Пияз-100 кг
Картоп-3 есе артық
Картоп-?
Шешуі: 100*3=300 кг
Жауабы: Асханаға 300 кг картоп әкелінді.
(Есепті шығарып болған соң, бір-бірін тексеріп, қатесін түзейді)
9-слайд 8. Шығармашылық жұмыс:
Х
--------------
- 21
: 8
* 5
+ 7
----------
10 –слайд 9. Тез есептеп үйрен ойынын ұйымдастыру.
42---:6--- -2----●2--- -1---●5---:45---?
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма? Астана қаласы ұнады ма?
VІІ. Бағалау
11 слайд. Үйге тапсырма: 6 бет № 5

5-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен
ажырата білу, олардың қасиеттері, периметрін және ауданын есепте, оларды
салу, әріппен белгілеу)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата
білуге үйрету, периметрін және ауданын есептеуді пысықтау)
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді
деп ойлаймын.
Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік
тілеу
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 6-тапсырма.
І. Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен 2-слайд
ІV. Жаңа тақырып
3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Геометрияның элементтері
Мұғалімнің басшылығымен 2-тапсырма орындалады.
1. кесінділер: ЕД
2. түзулер: АВ,СА
3. сәулелер: СЕ,МС
4. үшбұрыштар: СКЕ,КМВ
5. төртбұрыштар: СДАО, МДЕК
4-слайд өз беттерімен жұмыс
№3 А, В, С, Е ,Д, К нүктелерін белгіле. Оларды кесінділермен тізбектей
қос. Шыққан көпбұрыштың атауын жаз.
5-слайд №4 Ауызша түсіндіріп, тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын
табу.
6-слайд 5. Ойын Кім тез?
ені ұзындығы ауданы
2 см 3 см ?см
2 см 6 см ?см
2 см 12 см ?см
2 см Х см ?см

6. 7-слайд Дәптермен жұмыс Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы сыз. Әріптермен
белгіле. Ауданың және периметрін тап.
8-слайд V. Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау
9-слайд Есепте, тексер
401 ● 2 – (543+177)
796+203-330 ● 3
3●240-910 :5
916:4+(176+245)
10 –слайд Тез есептеп үйрен ойынын ұйымдастыру.
(400●2+200-1000)+(50●2:2:20:5)-(900 :9:100-300●2:600)
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
VІІ. Бағалау
11 слайд. Үйге тапсырма: 12бет, №7
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру
Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік,
дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі
етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын
ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
І топ – Талғат Бигелдинов
ІІ топ – Сағадат Нұрмағамбетов
ІІІ топ – Рақымжан Қошқарбаев
ІІ. Балалар, бізге сабаққа көгершін қонаққа келді. Оның жақсы хабары бар
екен. Қане жақсы хабарға не бересіздер?
Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексеру. Оқушылардың дұрыс жауабы,
жақсы хабар байғазысы болып есептеледі.
Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ ұраны етіп
алу: Желбіресін бейбітшілік жалауы,
Бұл бүгінгі жас ұрпақтың қалауы - ендеше біздің
бүгінгі сабағымыз Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналады.
ІІІ. Мұғалім: - Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) ел басына төнген
қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске
жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн – адамдар, өндiрiстiк
қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды.

І тапсырма: Көп таңбалы сандарды оқы, жаз, разрядтық қосылғыштарға жікте.
Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты қоспағанда,
соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына 1 196 164 қазақстандық шақырылды.
Еңбек армиясы мен құрылыс бөлiмдерiне 700 000 адам шақырылды.
І топ: 178 000 = 100000+70000+8000
ІІ топ: 1 196 164 = 1 000 000+100 000+90 000+6 000+100+60+4
ІІІ топ: 700 000 = 700 000
ІI тапсырма: Есепте. Кім жылдам?
А) Асқан ерлiгi және соғыс өнерiндегi ғаламат жанқиярлығы үшiн Отанның ең
жоғары мәртебесi – Кеңестер Одағының Батыры атағына 11 649 жауынгер,
офицерлер мен генералдар ие болды. Олардың 11 149-ы – Қазақстандықтар емес.
Мұның 402-сі Қазақстандық басқа ұлт өкілдері болса, неше қазақ Кеңестер
Одағының Батыры атағына ие болды?
Шешуі: 11 649 – 11 149 – 402 = 98
Жауабы: 98 қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды
ә) 1941-1945 жылдардың аралығында колхозшылар мен совхоздардағы машина-
трактор станциялары еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiнiң нәтижесiнде майданға
бiздiң елiмiзден 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет жiберiлдi. Барлығы
неше центнер азық жіберілді?
Шешуі: 5 829 000 + 734 000 = 6 563 000 * 10 = 65 630 000 ц
Жауабы: 65 630 000 ц
Б) Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы 27 миллион адамынан айрылды, оның 26
937 000-ы басқа елдерден болса қанша Қазақстандық майдан даласынан
оралмады?
Шешуі: 27 000 000 – 26 937 000= 63 000
Жауабы: 63 000 Қазақстандық майдан даласынан оралмады
ІІI тапсырма: Оқулықпен жұмыс 3 топ 2 баладан шығарып, көп таңбалы сандарды
салыстыруды орындайды.
515318976 * 100131859
629815417 * 599931859
718419630 * 709987487
715318480 * 715418486
217648504 * 217648503
750000 * 749999
ІV тапсырма: Логикалық тапсырма. Дұрыс жауап табылса, топ атына сәйкес
батырлардың ерлігі туралы мәліметпен танысады.

І топ: Наубайханада калашты минут сайын пісіріп, бір бет қағазға орайды.
Тәулігіне қанша қағаз пайдаланылады?
А. 1440 В.1220 С.1460 Д. 1444
ІІ топ: Асан екі жүз жүздіктермен бірді қосады. Дұрыс жауабын көрсет ?
А. 201 В. 2001 С. 2001 Д. 1201
ІІІ топ: 3- таңбалы сандардың ең үлкені мен ең кішісінің қосындысы
қаншаға тең?
А. 899 В. 1100 С. 1099 Д. 1110
V тапсырма: Проблемалық сұрақтар беріледі
1. Бейбітшілік болу үшін адамдар не істеу керек?
2. Соғыс бізге керек пе?
3. Сабағымыздың ұранының мағынасын түсіндір.
Сабақты қорытындылау: Күндей жарқын, ақ көгершіндей ақ пейілді болашақ
тілеп, сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға бес жұлдыз, төрттік алған
балаға күн суретін cыйлау
Үйге тапсырма: №2, 5
Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов 1922
жылы Ақмола облысының Ақмола ауданындағы Майбалық ауылында шаруа
отбасында дүниеге келді. 1943 жылдың қаңтарында майданға аттанып, 144-
гвардия шабуылшы авиация полкінің құрамында Калинин, Воронеж, Далалық
және 1-2 Украин майдандарында шайқасты. Кеңес Одағының Батыры атағы
1944 жылдың 26 қаңтарында және екінші рет 1945 жылдың 27 маусымында
берілді
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Ақмола облысындағы Алексеевка ауданында
дүниеге келген. 1942 жылы тамызда Қызыл Армия қата-рына шақырылып,
Кубаньды, Донбасты, Украинаны азат етуге қатысады. Қаһармандық ерлігі үшін
1945 жылы 27 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тәуелсіз
Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі болды. Халық қаһарманы атағымен
марапатталды.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданында дүниеге
келді. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1-Беларус майданында 150-
Идрицк атқыштар дивизиясының құрамында взвод командирі болды. Польшаны азат
етуге, фашистік Германия әскерлерін өз жерінде талқандау ұрыстарына
қатысты. 1945 жылы 30 сәуірде ол жауынгер Г.Булатовпен бірге Рейхстаг
қабырғасына Жеңіс жалауын қадады. Халық Қаһарманы атағы берілді.
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: Қозғалысқа байланысты берілген есептерді пысықтау.
Қозғалысқа байланысты берілген есептерге қысқаша
шарт
Құруға, шешуін таба білуге ,йрету.
Өз беттерінше жұмыс жасап, шешім қабылдай білуге
баулу.
Логикалық ойлауын, ой-өрісін дамыту.
Типі: Қайталау және қорыту.
Әдісі: Эврестикалық.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекілігі: Жылдамдық, қашықтық, уақыт формулалары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу, кезекші міндетіне тоқталу.
Үйтапсырмасы
Шешуі: S=60км\сағ *4сағ =240км
S=276км -240км =36км
V=36км : 4сағ =9кмсағ
Жауабы: V=9кмсағ
Актуалдау
Балалар, бүгін біздер сабақта саяхатқа шығамыз.
Енді қайда саяхатқа шығатынымызды мына математикалық тапсырманы орындау
арқылы таба аласыздар.
(Кеспе қағаздардың артында өрнектер берілген )
Сіздер дүниетану сабағында әлемнің кереметтерімен таныс болдыңыздар.
Әлемде неше керемет бар?
Жаңа сабақ
Хеопс перамидасы туралы айту.
№1
t1=96км : 24ммин
t2=48м : xммин
t3=a : 6ммин
Александрия манар
№2
t=96м : 24ммин = 4мин
t=48м : 12ммин = 4мин
t=24м : 6ммин = 4мин
s,v өзгерді. t тұрақты
v кемісе, s кемиді, t тұрақты.
v кемісе, s кемиді.
V артса, s артады.
Семирамиданың аспалы бағ
№3
t=180км : 90кмсағ
t=150км : xкмсағ
v=90кмсағ + xкмсағ
s=180км + 150км
Родос алыбы
№4
Шешуі: t=48км : 16кмсағ = 3сағ
s=8кмсағ * 3сағ = 24км
Жауабы: 48км ді 3 сағатта, 8кмсағ жылдамдықпен 24км жүрген.

Шешуі:S=16кмсағ*3сағ=48км
V=24км:3сағ=8кмсағ
Жауабы: S=48км, V=8кмсағ
Шешуі: S=16кмсағ*3сағ=48км
S=8кмсағ*3сағ=34км
48км+24км=72км
Жауабы: Барлығы 72км жол жүрген.
Дамытушылығы
Логикалық тапсырма орында
№5
9100 : 26=350
1680 : 28=50
1740 : 29=60
1620 : 27=60
Зевс мүсіні
(Сынап көру арқылы теңдеуді шешу)
№6
X=25494
X=608
X=1486
X=52200
X=1203
X=54090
Геометриялық фигураларды топтау.
Кесінді
Түзу
Сәуле
Бұрыш
Бекіту
Тест тапсырмалары:
( 4-сыныпқа арналған электронды оқулықтан тест тапсырмасын орындау)
Үйге тапсырма №9
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырыптардан алған
білімдерін тиянақтау,екі таңбалы сандарды қосуға, теңдеуді шешуге,
есептерді шығаруға қатысты білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, банк қызметі туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер, қима кеспелер т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру;
Балалар банк деген не?
Қандай банктерді білесіңдер?
Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады:
І қатар – Альянс банкі
ІІ қатар – Халық банкі
ІІІ қатар – Нұрбанк банкі
Бүгін осы 3 банктің қайсысы жақсы жұмыс істейтін тұрақты банк екенін
тексеруді тапсырды. Сондықтан бүгін сабақты дұрыс ұғуымыз керек, тез
есептеп, ойлап жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек.
ІІІ. Ой қозғау. Қайталау. Оқулықпен жұмыс
Ойын Сынап көр. Теңдеуді шешу.
Әр қатар әр бағанаға шығарады:
12000●х=24000
80000:х =4000-2000
х–200=63:7
IV. Ауызша жұмыс
Ойын Тез ойлан.
Сандарды кері және тура санау:
54378 32 364736
88347 28 873647
Бәйге ойыны
Әр қатар әр бағанаға шығарады:
І қатар 2 қатар 3 қатар
25000 : 5 65534:7= 34872:8=
2758●3= 25050:5 25055 : 5
V. Жеке жұмыс
Банк бастықтары тақтада парақшамен жұмыс орындайды. Банк бастықтары
тапсырманы дұрыс орындаса, сол дұрыс орындаған банк иесіне жаңа сейфтің
кілті тапсырылады.
VІ. Дәптермен жұмыс
(10 987+2 987)∙2
(10 987-2 987)∙2
10 987-2 987∙2
(10 987-2 987):2

VІІ. Сергіту сәті
VІІІ. Ой толғаныс
І қатар Тік төртбұрыштың ауданы
35 см 2 ені -5см Ұзындығы қандай?
2 қатар Ауданы 81 см 2 шаршының қабырғасын тап.
3 қатар төртбұрыштың ауданы 24 см2 бір қабырғасының ұзындығы 4 см.
Екінші қабырғасының ұзындығын тап.
ІХ. Қорытынды
Шығармашылық тапсырма: Ойлан тап ойыны
Х. Бағалау.
Тақырыбы: 176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің
жағдайларын меңгерту. Көбейту мен бөлудің өз ара кері амалдар екенін
тиянақтау, өзара кері есептерді шығаруды жалғастыру, математикалық
өрнектерді оқи білуді үйрету.
Б) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту үшін ауызша жазба
есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
В) Тәрбиелілігі: Оқушылардың білім деңгейі мен ой-өрісінің жан-жақтылы-
ғына, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, қиялын дамытуға әсер ету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте, үлестірмелі материалдар, үнтаспа.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. Ойын: Жылдамдылығыңды көрсет, Рейтинг әдісі арқылы соңғы
жауабын тексеру.
124х3=372 461х5=2305
635х2=1270
372:124=3 2305:461=5
1270:635=2

Үнтаспадан Бозжорға әні орындалады.
Жарыс.
1-кезең. Математикалық диктант.
1. Қандай санды 7-ге көбейткенде 63 шығады?
2. 8 шығу үшін 72-ні нешеге бөлеміз?
3. Ойлаған санды 8-есе арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап.
4. Ойлаған санды 8-ге арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап.
5. Мына сандардың арасынан 4-ке бөлінетін сандарды теріп жаз және теңдіктер
құрастыр.
20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 30, 32.
2-кезең. Кім көп біледі?
Көбейту мен бөлу амалдарына байланысты қандай ережелер білеміз?
3-кезең. Ойлан тап?
1-топ. Ұзындығы 4 см, ені 2см тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.
2-топ. Ұзындығы 7 см, ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.
3-топ. Ұзындығы 6см, ені 4 см тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.
Тез ойла!!!
а) 24 теңгенің 4-тен бір бөлігі.
36 теңгенің 6-дан бір бөлігі.
ә) 10 см-дің 2-ден бір бөлігі.
20 см-дің 4-тен бір бөілігі.
б) 28 сағаттың 7-ден бір бөлігі.
49 минуттың 7-ден бір бөілігі.
56 см-дің 7-ден бір бөлігі.
в) Кесіндінің 4-тен бір бөлігі 5см, кесіндінің ұзындығы қандай?
Есепте.
3квад.=3х3 5 квад.=5х5 8 квад.=8х8
10 квад.=10х10 4 квад=4х4 6 квад.=6х6
Жаңа материалды меңгеру.
Оқулықпен жұмыс. 190-бет.

1-мысал.
Өрнекті оқу: 176х4; 704:4
176 қысқаша: 176 704 4
қысқаша:704 4
4 4 4 176
30 176
24 704 30
24
280 28
400 24
704 24
0
Амалдарды орында және тексер
134 402 3 804 6 134
3 3 134 6 134 6
402 10 20 804
9 18
12 24
0 0

2-есеп.
А) 1-ж.-3 сағ. -15бұйым.-1сағ.- ? }
2-ж.-4 сағ. -16 бұйым. 1 – сағ. - ? } - ?
Екі ж. 5 сағ. - ? Бұйым
Жауабы: 15:3=5 16:4=4
5+4=9 9х5=45.
Б)
Бір сағ. жасалған бұйым Жұмыс уақыты. Барлық бұйым саны
саны.
? 5 сағ. 25
? 6 сағ. 36

3-мысал.
(239-119)х3=120х3=360
(239-119):3=120:3=40
(101+111)х4=212х4=848

(101+111):4=212:4=53
5-мысал.
764 4 500 5
(299+465) : (903-899) + (365+135) : (202-197) = 291
Өзіндік жұмыс.
72х4= 43х5= 64х6=
4х72= 5х43= 6х64=
6-мысал.
Жүздіктерді және ондықтарды 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз:
664; 646; 466; 464; 446; 667;
Жаңа сабақты қорыту.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің қысқаша ыңғайлы
тәсілді қолдануды меңгерді. Сабаққа жақсы, белсенді қатынасқан оқушыларды
бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма. 7-мысал.
Тақырыбы: Есептер шығару.
Мақсаты: 1.Есептерді шығаруды пысықтау, екі және бір амалмен шығарылатын
есептерді салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуды меңгерту,
теңдеуді шешуге, амалдарды орындауға машықтандыру.
2. Оқушыларды өздеріне жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып,
өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Тәуелсіз ел ұландарын Отансүйгіштікке, жігерлілікке баулу, шапшаңдыққа,
тиянақтылыққа баулу.
Көрнектілігі: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ ұраны. Карточкалар,
оқулық.
Сабақ әдісі: Математикадан білім байқауы.
Сабақ түрі: Өткен сабақты қорыту сабағы.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Өлең шумағын айтқызу.
Кел, балалар, келіңдер,
Математиканы көріңдер.
Кәне, қарап шығыңдар,
Білім барда оқу бар.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Оқу секторы жауабы.
Мұғалімнің қорытындысы.
ІІІ Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Сұрақ – жауап.
Қандай мейрам жақындап келеді?
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991
жылы 16 желтоқсан)
Олай болса, бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
ұранымен жүргізіледі. Әркім білімділігін көрсете білу қажет екен.
Оқулықпен жұмыс.
а) №1 Есеп.
Арыс – түркістан каналы – 200 км
Ертіс – Қарағанды каналы - ? 3 есе ұзын
Шешуі: 200*3=600
Жауабы: 600 км.
Батыс Қазақстан – 420 км
Маңғыстау - ? 217 км ұзын
Шешуі: 420+217=637
Жауабы: 637 км.
Есептерді салыстыру. Ұқсастығын, айырмашылығын ажырату.

ә) Ауызша. Өрнектің мәнін табу. 5*в, в:4
4. Карточкамен жұмыс.
а) №3 Теңдеулерді шешу.
ә) №5 Амалдарды орындау.
5.Сергіту сәті.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Жастар бұрын көрмеген,
Салт-дәстүрі өлмеген.
Үйренеміз жақсыны,
Заманымда өрлеген.
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030-шы жылдары,
Біз де азамат боламыз.
6. Өздік жұмыс.
№6. Белгісіз санды теңдеу құру арқылы тап:
ІV Логикалық есеп.
1.Үйдің 6-қабатына дейінгі баспалдақ 2-қабатқа дейінгі баспалдақтан неше
есе ұзын? (3 есе)
2. Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады.
Үстел үстінденеше май шам қалды? (5)
3. Теңдік тура болатындай етіп, таңбаларды қой:
4 4 4 4 = 1
(4 4 4) 4 = 3
4*4 : 4 : 4 = 1
(4+4+4) : 4 = 3
V. Қорытындылау.

- Балалар, біз бүгін өткен сабақты пысықтадық. Тағы да білімді болу үшін
мынадай тапсырмаларды орындайық:
1. Тақтамен жұмыс. 2-оқушы.
І оқушы.
ІІ оқушы
Бөлінгіштері әр түрлі, бөлгіштері Санның үлесін
тап:
Бірдей төрт бөлінді жаз: Ұзындығы
20 см

Жартысы - ?

Ширегі - ?

Бестен бірі - ?

Оннан бері - ?
2. Көбейту кестесін қайталау.
3. Математикалық өлең, жұмбақтар айтқызу.

Математика – толған тәртіп, мағына мен мән,
Математика – толған тамаша заңдылық сән.
Математика – толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бар.
1.Жоқ сөзінде бас та, 2. Айқасқан екі
таяқ,
Қас та, мойын да. Тұрады жоқты
сұрап. (х)
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында. (сызғыш)
Яғни, балалар Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ ұранын басшылыққа ала
отырып, өздеріңнің математика пәнінен жүйрік, алғыр екендіктеріңді
көрсеттіңдер. Келешекте білімді ғалым, үлкен азамат болыңдар!
VI Үйге тапсырма №4, №5 (3 - бағаны) 75 бет
VII Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: 247 : 2 жайындағы бөлу және көбейту.
Мақсаты: 247: 2 жайындағы бөлу және көбейту тәсілі жайында білім
қалыптастыру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту. Көбейту
жәнебөлу тарауынан алған білімін, икемділігін іске асыра білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ –жауап, баяндау, талдау.
Көрнекілігі: мысал есептер, сандар, геометриялық фигуралар, логикалық
тапсырмалар.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, сабаққа назарларын аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
170 беттен № 6,7 есепті тексеру, оқыту.
ІІІ.Сабақты пысықтау.
Көркем жазу. (талдау).
293
393
ІV. Тақырыпты пысықтау.
247: 2 = 123 ( қалдық 1).
Өрнекті оқы. Жүздіктерін, оңдықтарын, бірліктерін ата. Неше толымсыз
бөлінгіш шығарып алуға болады?
–247 2 Тексеру.
2 123 1 2
– 4 * 123
4 2
– 7 + 246
6 1
1 қалдық. 247
Тақтамен жұмыс.
Бөлуді орында және тексер:
а) Сүлгі -24
Тең бөлінді – 8 (пакет)
Осындай 9 пакет -? (сүлгі)
24:8*9 = 27 сүлгі.
Жауабы 9 пакеттен 27 сүлгі.

ә) 18: 9*2 өрнегі арқылы шығарылатын есептер құрастыру және оны шығару.
Сүлгі – 18
Тең бөлінді - 9 (пакет)
Осындай 2 пакет -? Сүлгі.
Логикалық тапсырма

Мына үш алманы 4 балаға қалай теңдей бөліп беруге болады?
4. Өрнек түрінде жазу және оның мәнің табу.
а) 8 жүздік 8 ондық 8 бірлікте 2 есе кеміт; 888:2
ә) 1 жүздік 3 ондық 2 бірлікті 3 есе арттыр; 132:3
б) 20 ондық 2 бірлік 3-ке көбейт; 202*3
в) 54 ондықты 3 –ке бөл; 540: 3
Сергіту сәті:
Ұсақ геометриялық фигуралардан әр түрлі заттар жасату. (2 минутта тапсыру
керек).
Машина
Үй
Бала
Күн
Тау
Шырша т.б.
5. а = 12см 12 : 4= 3 Р=
12см+3см+12см+3см= 30см.
b= ¼ b = 3 Р=
12см*2+3см*2=30 см
Р=?
S= ? Р= 12см+3см*2= 30см
S = 12*3=36 (см2)
6. Ауызша; жүздіктері, ондықтары, бірліктері

3-ке бөлінеді. 3-ке бөлгенде қалдық қалады.
630 578
603 587
306 875
Сабақты қорыту Сұрақ- жауап.

Математика өмірде бізбен бірге жүреді. Және ақыл ойды дамытады.
Үйге тапсырма.
171 беттен № 3,4
Бағалау.
Сабаққа қатысқан балаларға нақты бағасын қою
І. Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту
және бөлу (242х2 және968:4)
ІІ. Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
және бөлу. 242х4 және 968:4 туралы білім қалыптастыру, оқушыларды есеп
шығара білуге машықтандыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
ІІІ. Сабақтың дамытушылығы: Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
IV. Тәрбиелік мәні: Алғырлыққа тәрбиелеу, Отанды сүюге, табиғат байлық-
тарын қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
V. Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Ғарышқа ұшамыз.
VI. Сабақтың көрнекілігі: таблица, сурет, ребус, сандар, карточкалар,
геометриялық фигуралар.
VII. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Балалар, Қазақстан жер көлемінен дүние жүзінде нешінші орын алады?
Тоғызыншы орын.
Біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады?
Байқоңырдан.
Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа?
Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін.
Тұңғыш ғарышкер кім?
Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім?
Неше планета бар?
Осы сұрақтарға жауап ала отырып, олай болса, біздер сол ғарышкерлер
ағаларымыз сияқты аспан әлемін өз білімдерімізбен зерттеуге ұшамыз.
Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы Ғарышқа ұшамыз.
Оқушыларды 3-экипажға бөліп олардың ұшудағы мақсаттарын айтқызу.
І-экипаж ІІ-экипаж
ІІІ-экипаж
Мақсаты: мақсаты: Біріміз
мақсаты: Білікті
Болашаққа жол бәріміз үшін, бәріміз бірді жығар,
білімді
бастау біріміз үшін
мыңды жығар

Командир: Экипаж ұшуға дайындал
Алыс айға Марсқа
Біз ұшамыз ғарышқа
а) Өткен сабақты қайталау есебінде
1) 1- сек- 2 қадам. 2) Екі қолда қанша бармақ?
5сек - ? -
10 сек - ? 5 қолда қанша бармақ?
20 сек - ? 3) 2 мүйіз тұмсықта 2
мүйіз
1 мин - ? 100 мүйіз тұмсықта
қанша мүйіз? –

Ал енді мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер, сонда ғана біз
Жаңалық планетасына қонамыз.

267 345
642

VIIІ. Жаңа сабақ: (түсіндіру)
242х4=968 242 968:4=242 968 4
4
8 242
968
16

16

08

8

0
Ойын: Кім жылдам

173х5=865 167х4=668 945:5=189
173 167
945 5
5 4
5 189
865 668
44

40

45

45

0
Тез шығарсақ, келесі планетаға ұшамыз.
а) Ал, балалар алдымызда аспан әлемінде тек планеталардан басқа неше түрлі
жұлдыздар бар. Біз өте үлкен, әрі қатерлі құйрықты жұлдыздан өтуіміз
керек. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек (1 оқушы оқиды есептің
шартын).
Есептің шартына байланысты оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын.
Жануарлар неше топқа бөлінеді?
9 топқа (ататып жіберу)
Жер бетінде құстардың неше түрі бар?
8600-ге жуық.
Ал Қазақстанда соның ішінде неше түрі бар?
474 түрі.
Есептің шартын құрып шығару.
Сүт қоректілер – 172

Құстар - ? 3 есе артық

бауырменжорғалаушылар - ? 4 есе кем
Шешуі: (172х3):4=516:4=129
Жауабы: бауырыменжорғалаушылар – 129
ә) Ойын: Ойлау операциясы

15 9 89 (15:3)+87=92
3
(18:3)+86=92
12 88 (9:3)+89=92

18 86
(логика)
Жарайды, балалар қауіпті жұлдыздан өттік.
б) Шолпан планетасына ұшып, соны зерттейміз.

Х · 6=912 848+х=908
273:х=7
Х=912:6 х=908-848
х=273:7
Х=152 х=60
х=39

152·6=912 848+60=908
273:39=7
гео. тіктөртбұрыш шаршы
үшбұрыш
Венн диаграммасын құру. (ауызша)
Қазақ тілімен байланыстырамын. (түрі, түсі, пішіні, көлемі).
в) Шолпан жұлдызын зерттеу.
- Балалар Шолпан жұлдызы қай кезде туады?
- Таң алдында.
Кімнің әңгімесі еді?
Шолпан жұлдызын зерттеу үшін мына ребусты шешуіміз керек.
, , , , , ,
, , ,
ай ту балық алма
Қандай сөз шықты?
Ауыл
Мынадай сұрақтар қоямын
Ауыл несімен көрікті?
Ел басымыз кім?
Қандай бағдарлама қабылдады?
Биыл қандай жыл деп аталды?
2003-2005жыл ауыл жылы.
Мақал-мәтелдер сұрадым (суреттер көрсетем).
г) Балалар, аман-есен елімізге оралдық. Енді мынандай тапсырмаларды
орындаймыз.
Математикалық диктант.
в мен 208 сандарының көбейтіндісінен 208-ді азайтуды өрнек түрінде жаз.
в=1,2,3,4. в*2058-208, в=1,2,3,4.
(1·208)-208=0 (3·208)-208=416-208=208
(2·208)-208=208 (4·208)-208=832-208=624.
д) Тест аламын.
1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3см, ені 2 см ауданын тап.
а) 3+2=5 см2
ә) (3+2) =14 см2
б) (3*2) =6 см2
2. Ең үлкен үш таңбалы санды тап.
а) 333
ә) 999
б) 100
3. Теңдеу құр және оны шеш.
а) а:4=5
ә) а-4=5
б) а*4=5
4. 602 өрнегіндегі бөліндінің мәні неге тең?
а) 602:2=302
ә) 602:2=203
б) 602:2=301
е) (ауызша) жүздіктерін 3-ке бөлгенде қалдық шығатын 724, 726, 712, 543,
542, 534, 535 ондықтары 3-ке бөлінетін сандар. 534, 535.
ж) Логикалық есеп. Үш таңбалы бір сан ойла. Сол санның бірінші цифрын 2 есе
арттыр, шыққан көбейтіндіге 3-ті қос. Қосындының мәнін 5-ке көбейт және
оған ойланған санның екінші цифрын тіркеп жаз. Қандай сан шықты? Шыққан
санды ата. Одан 150-ді шегер, сонда ойлаған сан шығады.
262 1) 2·2=4 2) 4+3=7 3) 7·5=35 4) 35+6=41
5) 412 6) 412
150
262
ІХ. Сабақты бекіту.
Біз не үйрендік?
Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуді және бөлуді үйрендік.
Х. Бағалау.
І-экипаж ІІ-экипаж
ІІІ-экипаж
жақсы орта
өте жақсы
бәрекелді
жарайсыңдар
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды жеке-жеке бағаладым.
ХІ. Үйге тапсырма №5 Ойлан тап
Сабақтың тақырыбы: Центнер Тонна .
Сабақтың мақсаты мен міндеттері : Массаның жаңа өлшем бірліктері
тоннамен таныстыру.Есептеу дағдыларын жетілдіру.Өтілген материалды
қайталау арқылы оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Амалдарды
орындап, есептер шығарып,ойлау қабілеттерін дамыту.Пәнге деген
қызығушылықтарын артыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі : Суреттер, суретті парақшалар, топшамалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушы назарын сабаққа аудару,снып оқушыларын түгелдей сабаққа
енгізу
II. Үй жұмысын бекіту
А Т Е С Т
1. 1 – сағ неше мин бар?
а 70 – мин ә60 – мин 80 – мин
2.Қосындының мәнін тап. 48 + 12
а 60 ә 70 б 58
3. Шешесі 27 – жаста , қызы одан 20 – жас кіші. Қызы неше жаста?
а 47 – жаста ә70 – жаста 7 –жаста
4.Сағатпен өрнекте. 1 – тәулік 3 – сағат
а 23 – сағ ә 27 – сағат б 30 –сағат
5. Бір аптада неше күн бар ?
а 6 – күн ә 7 – күн б 8 – күн
6.Дециметрмен өрнекте 80 – см
а 80 – дм ә 8 – дм б 10 – дм
7. Қабырғалары 10 – см ,және 5 – см болатын тік төрбұрыштың периметірін
тап.
а 25 – см ә 20 – см б 30- см
8. Ұзындықтың бірліктерін көрсет.
а кг, ц, т
әмм,см, дм, м, км
бл
9.Тиынмен өрнете 6 –теңге 9 тиын
а 69 –теңге ә 609 теңге б 699 теңге
10.Раздяд дегеніміз не?
аЦифрлардың жэазылуы.
әсандарды жазудағы цифрлардың орны.
әТоптастыру Логикалық тапсырма беріледі.
III . Жаңа сабақ
Үлкен ,ауыр заттың массасын центермен өлшейді .Мақта
бидай тыңайтқыштарды ,жүк машиналарына тиелген заттарды тонна,
центнермен өлшейді.Оларды килограммен өлшеген тиімсіз
1 ц =100 кг 1 т = 1000 кг 1 т= 10 ц
1 = мысал
Өрнек құрастырып жаз
700+32 = 732 700+ 37 = 737
200+ 65 =265 200 + 37 = 237
600+ 37 = 637 700 +37 = 737
3 – мысал
6 ц = 600 кг 1 т = 1000 кг
2 ц40 кг = 240 кг
200 кг =2 ц 1000 кг = 10 ц
2 ц 5 кг = 205 кг
2 ц = 200 кг 270 кг = 3 ц 5кг
2ц 9 кг = 209 кг
5- мысал
676 ,345, 247 ,289 ,248,369 ,147, 681 ,349, 246, 479, 235 ,687, 497,
619.
Сергіту сәті САНАМАҚ
Мынауда бір санамақ,
Өздерің көр саралап.
Төбеден төрт бөктері.
Аңдыпты қос кептерді,
Шаңқылдаса көп торғай
Үн қосыпты көп қарға,
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан,
Алты белден асыпты
Тым- тырақай қашыпты.ъ
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті,
Жарда жеті жапалақ.
Отырғанда қаталап,
Топ- топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен қаталап,
Бүйтіп қызық іс болды
Бәрі қанша құс болды? ( 31 )
Есеп - 6
Қоймада 50 тонна көкөніс болды.Оның 21 – тоннасы – сәбіз,10- тоннасы –
орамжапырақ, қалғагндары – картоп.Қоймада неше тонна картоп бар -?
Сәбіз – 21 т Шеш уі : (50 –
21 ) – 10 =19

Орамжапырақ – 10 т Жауабы: Қоймада - 19
тонна картоп .
Картоп - ? т

Есеп – 7
Ақ аю – 1 т Шешуі : 1000+
3000 =4000
Африка пілі - ? т 3 т артық 1т + 3т
= 4 т
Бағалау
Психологиялық бағалау.
Сабақ барысында жақсы жауап берген қыздарды гүлдермен, жақсы жауап
берген ұлдарды Сәттілікдеп жазылған дөңгелек шеңберлерді тақтаға
іліп отырып бағалаймын.Ортаға үлкен Күн ілінеді жан- жағына сабаққа
нашар жауап берген балаларға арнап күннің шашақтарын ілемін

OOOOOOOO
IV. Бекіту: 4 – мысал және 8 – мысал
-Сабақ аяқталды
-Назарларыңызға рахмет.
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар
Сабақтың мақсаты: 1)Оқу материялын қайталау,негізгі тақырыптар
бойынша алған білімдерін терендете түсу.
2) Оқушылардың жұмыс істеулерін,
логикалық
Ойлау қабілеттерін
дамыту.
Оқушыларды алғырлыққа тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезені
2 Қазір бізде математика сабағы
Сабағымыздың ұраны: Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика сондықтанда
оны оқу керек.
Бүгін сабақта біз 1) Ауызша есеп шығарамыз
2) Кім жылдам ойын ойнаймыз
3) Кім тапқыр фигуралар сайысы
4) тест сұрақтары
Менің көніл күйім
Балалар мен сендердің көніл күйлерінді білгім келеді. Мына сүретке қарандар
. Мұнда балалардың көніл күйлері белгіленген. Енді өздерін қандай көніл
күйдемін деп ойлайсындар, алдырындағы парақтарға соңы саласындар (өте жақсы
, жақсы , орташа).

2) Енді балалар қазір ауызша мен сендерден көбейту кестесін сұраймын:
Кім жылдам ойын ойнаймыз
3) Казір дәптерлерімізді ашамыз,
Тапсырма: тақтада геометриялық фигуралар бұл қандай фигуралар. (төртбұрыш
және ұшбұрыш). Оның периметрін ауданың табу.
Өнім бе әлде түсім бе?
Енді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Пәндер