Саяси сана жайлы



І Тарау. Саяси идеология
1.1 Саяси сана және саяси идеология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.2. Саяси психология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ІІ Тарау Қазіргі идеологияның негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1. Саяси сана және саяси мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Саяси мәдениеттің тәрбиелік манызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінін пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі.
Мұнда топтардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаты өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілерірі мыналар.
1. Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бинелеу:
2. Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады.
3. саяси психологияның әр-түрлі көріністері арқылы көңіл күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден тұған әдет ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардын жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сарамай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан, ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп мәдени өзгертіп отырады.
Теориялық саяси сана қарапйым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Саяси сана
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды
түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар
беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол
мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінін пайда болуымен бірге дүниеге келеді.
Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен
байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың
негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі.
Мұнда топтардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаты
өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы
әрекет, амал ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде
негізгілерірі мыналар.
1. Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас
бөліктері арқылы саяси шындықты бинелеу:
2. Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат мүдделерін білдіру
арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру.
Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады.
3. саяси психологияның әр-түрлі көріністері арқылы көңіл
күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс әрекетке
итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана саяси
психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге
түспеген, күнделікті саяси өмірден тұған әдет ғұрып, дағды, дәстүрлі
нанымдар, тағы сол сияқтылардын жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір
тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай,
себеп-салдарын сарамай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды
жасайды. Сондықтан, ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды
айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді.
Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады
және олар бір біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп мәдени
өзгертіп отырады.
Теориялық саяси сана қарапйым саяси сана сияқты стихиялық түрде
тумайды.
Қоғам өмірінде идеология маңызды ролді атқарады. Ол ен алдымен оның
төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1. Идеологиянын танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп,
түсіндіреді.
2. Бағдарламалық кызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс. тұлға және билік
және т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп. Адамның іс-
әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, кұнды идеяларын алға тартып
мақсат-мүдделерді айкындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей
түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға
жұмылдырады, рухтандырады шабыттандырады.
4. Амортизациялық кызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып.
идеология әлеуметтік шиелепістерді бәсендетеді. Ұсынылған мұраттар
сәтсізліктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
5. Бағалау кызметі. Идеология халық санасына қоғамнын казіргі және
болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды. үстемдік
етіп отырған қоғамлық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Саясаттын кандай субъектісіне болсын идеология кажет. Ол — адамдарды
рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтын құралы. Саяси қатынастар
саласында олардын іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси
кызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке
қатысушылардың іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін
танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар
жүйесін береді. Сол аркылы күрестін нақтылы мақсаттарын, оларлы жүзеге
асырудын құралдары мен жолданы белгілейді.
Көзкарастары бірынғай сезіну әрбір саяси қозғалыстың мүшесі болып
сезіну әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түіні. Сонымен
қатар идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен
топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы.
Оған үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан
егуге дейін барады.
Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында,
декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай ақ түрлі насихаттық
құжаттарда калыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық
еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.
Идсологияны, жоғарыда айтылғандай, сапалы түрде қоғамның білімді
өкілдері, идеологтар-саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар,
зангерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т. т. жасап шығарады. Ол ақпарат
құраллары арқылы таратылады, халықтын санасына сіңдіріледі.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдык,
революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық
және т. с. с. болып бөлінеді.

Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы
ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған
күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, "еркіндік". "тендік", "достық",
"егемендік", "демократия", "адам құқығы" "азаматтық қоғам", "құқықтық
мемлекет" сияқты категорияларды мінекей деп тан басып көрсетуге келмейді.
Дегенмен. идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге
болмайды. Сондықтан К. Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық
күшке айналады деп тегін антпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос патша болмайды.
Жаңа илеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінінің
алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана кояды. Себебі, міндеттін өзі осы
шешуге кажетті материалдык жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға
таянған кезде туады.
XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы
Д. Белл (1919) "Идеологияның акыры" деген еңбегінде идеологияның дәуірі
өтті деп жазды Ол ғылыми-техникалық прогресс заманында идеологияның ролі
бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған
студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен
Амернкандық атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (І9І6)
дүниеттаным, көзқарасты қоғамд ы дамытатын көзғаушы күш деп санады. Баска
сөзбен айтканда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондыктан
ескірген "идеологиясыздандыру" (деидеологизация) тұжырымдамасынын орнына
"қайтадан идеологиялану" (рейдеологизация) ой-тұжырымы алға тартылды. Оның
мағымасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе
жатқандығын білдіреді. Тіпті, "идеологиясыздандыру" теориясынын негізін
қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамлық өмірден
идеологиялық фактордың жойылмантындығын оның козғаушы күш екенін
мойындады. Ол ескі идеологиянын әлсіреуі жанасын кажет етеді деген
токтамға келлі.
Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын обьективті себептер жойылған
жоқ. Керісінше, казіргідей өтмепі заманда онын маңызы зор. Қоғамда саяси
сана, саяси идеологияның денгейі неғұрлым жоғары болса. солғұрлым саяси
кате шешімдер кабылдау ыктималдығы азаяды. Идеологияның әлеуметтік негізі
неғұрлым аукымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық
кұндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, солғүрлым өмір шындығын
толығырақ бейнелейді, тарихи процестің заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді,
ғылымға жақын келеді.
Саяси идеология бұкаралық акпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз
байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейне-жазу, дыбыс-жазу кіреді.
Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі
негізгі құрал болып отыр. Американын саясатшысы Г. Лассуэлл (1902—1978)
БАК-тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті:
1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату:
2) хабарларды "редакииялау", таңдау және түсінік беру;
3) қоғамдык пікір қалыптастыру;
4) малениетті тарату.
Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды
саясаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді.
БАК, азаматтар мен билік органларына ең мамызды окиғалар туралы
мағлұматтар жинайды. таратады, оларға баға береді. Солардын негізінде
тындаушыларды Үкіметтің, Парламенттің, партиялар мен козғалыстарлын іс-
әрекеттері, қоғамның зкономикалық, саяси. мәдени өмірі туралы пікірлері,
көзқарастары қалыптасалы.
Демократиялық қоғамда БЛК, қоғамдық пікірлермен қатар заңға
сүйенеді. Олар өздері журиалистік тергеу жүргізе алады. Тергеу
корытындылары жарык көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комиссиялар
құрылады, кылмыстық істер ашылады немесе маңызды саяси шешімдер
кабылданады.

Пайдаланылған әдебиет

1. kk.wikipedia.org

2. www.topreferat.com

3. http:www.kitaphana.kz

Қазіргі идеологияның негізгі түрлері

Саяси идиологияның тұңғыш түрлерінің біріне либериализм (латынның
либералис — еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк
(1632-1704), III. Л. Мәнтеекье (1689-1755), А.Смит (1723-1790), И.Кант
(1724-1804), Т.Джефферсон (1743-1826), А. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль
(1806-1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар
қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуа-зия ол кезде экономикалық
жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді.
Сондықтан өзінің сая-си билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси
доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі таңда либерализм — ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол
үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның
көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан
шыкты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазіргі саяси демократия
принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның
қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар
пайда болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі — адамның еркіндігі,
тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен
ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.
Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді:
адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің
еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған
сәйкес мемлекет бір ғана қызметті — меншікті қорғау, "түнгі сақшылық"
қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылықдеп біледі. Ол
тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан,
озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық
түсінігі — адамдардың тендігі, олардын өмір сүруге, еркіндікке, меншікке
құқықтарының тендігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемле-кет
қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдықсаяси
көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құкығы, парламентаризм, саяси алуан
түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б. идеялармен байытты.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929—1933) терең дағдарыс
либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз
екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы
үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондыктан либерализм әз
идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңа рганлиберализм
(неалиберализм)
Өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл аткарады. Сондықтан қоғамдық
дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар
ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси
идеологиясының өзекті мәселелері — күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу,
биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіңдікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке
бағынуы және оларға ададдығы деп түсінді.
"Саяси идеологиялар" деп аталатын немістердің оқу құралында
консервативтік көзкарасқа мынадай анықтама беріледі: "ол — дөстүр,
діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік, адамдардың табиғи
теңсіздігі, бір нәрсеге сенімсіз, шүбәлану-мен қарау принциптерінің
жиынтығы".
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консерватизм негізгі
қағидаларына әзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан
түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70
жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарган
консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ,
аристократиялық көзкарастар тұрғысынан қарауды бәсеңдетті. Мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетідді. Мемлекеттік
меншік жекешелеңдіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп
беріп, Батыс елдеріңде орта топтың идеологиясына айналдырды. Оның үстіне ол
XX ғасырдың 70 жыддарында экономикалық құлдырауды тоқтатудың жолын таба
білді. Бұл оның абыройын арттыра түсті. Технологиялық революцияның жаңа
дәуірдегі қажеттілігіне жауап беретін экономиканың
қурылымын қайта қарауға тура келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін
көтеруге бағытталған дәстүрдің орнына ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді.
Жұмысшылардың өмір сүру сапасына баса назар аударыдды. Жаңарған
консерватизм либералдық және социалистік сипаттағы бірқатар адамгершілік
түсініктерді біріктіріп қабыл алды. Жаңарған консерватизм өкілдеріне
Д. Белл, 3. Бжезинский, Н. Кристолл және т.б. жатады. Олардың қатарына
бұрын-ғы АКДІ президентгері Р. Рейган, Д. Буш, Англияның бұрынғы премьер-
министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г. Коль және т.б. кіреді.
Тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англияда пайда бодды. Ал XX
ғасырдың 80 жыддары консервативтік партия. Социал-демократия идеологиясы
"демократиялық социализм" идеясын алға тартты. Оның басты қүндылықтары —
еркіндік, тендік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды,
олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана
жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтікреттеу
рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам
құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену
бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен бірге мүнда халықтың өз
еркімен көніл білдіруі аркылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру
мүмкіңдігі де кіреді.
Казір социал-демократтар экологиялық кауіпсіздікке, адамды қоршаған
ортаны жанартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік
және экологиялық түлеген индустриалды өркениет тілік орнатпақ.
Социал-демократияның Социалистік интернационал деп аталатын
халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70-ке жуық партиялар
кіреді. "Социалистік интернационалдың принциптер Декларациясында" (1989)
әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым
бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен
нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған
ортаны сақтау және т.б.
"Демократиялық социализм" тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария,
Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социал-
демократиялық партиялар Латын Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс еддерінің
бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.
Фашизм (Италияның фашизмо — бірлестік деген сөзінен шыккан) 1919
жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше
(1844—1900), Дж. Джентилле (1875—1944), О. Шпенглер (1880—1936). Бұл кезде
капиталистік елдер терең дағдарыска ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық
либераддық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады
және қогамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа үшырауы,
кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан
айрылған, азғынданған қаңғыбастар таптарынын пайда болуы либералдық еркін
тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын
ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914—1918 жылдары
бірінші дүние-жүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет
еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты. Бұл идеологияның
басты ерекшеліктері — еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан
түрлерін қолдаду, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-
монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдык
және жеке өмірін толық бақылау, т.т. Соғыска дайындалу, көсемшілдік
идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі кағидалары А. Гитлердің
"Менің күресім" (1925) деген кітабында баяндалады. Онда соғыс тазартушылық
процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан
"артыкшылығы" дәріптеледі.
Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Дегенмен,
бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық
әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстарды
тудыруға ықпал етеді.
Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін карастырдық. Енді
олардың біздің елдегі жағдайға ыкпалына тоқталайық. Біздің республиканың
өміріне елеулі ықпал етуші —жаңарған либерализм. Оған айғақ—экономикада
жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық
пен бәсекені мойындау, әлеуметтік тендік принциптерін жоққа шығару,
дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін
абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздін өз дәстүріміз,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең
бастысы — казақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын
дарашылдык болмаған. Біздін халық ықылым заманнанбірлесіп, ұжымдасып
тіршілік еткен. Соны ескерген жөн сияқты.
Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформапың
бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп,
көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырауда. Сондыктан
халықтың жалпы алганда, либералдық қүндылықтарға ұмтылысы бәсендеп, жаңа
Жағданда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен ығыр болған
біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды, тенгермешілікті дұрыс көргендей.
Коммунистік, ұлтшылдык және т.с.с. идеологиялардың әсері өсінкіреуде.
Әрине, баяғы кеңестік жолға кайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі.
Ал нарықтык экономиканың біздің жағдайымызға лайықты, тиімді жолын
ғылыми тұрғыдан тесеріп, тауып, байсалды жүргізген абзал.
Кейбіреулер кеңес өкіметі күйрегеннен кейін коммунистік идеологияға
тойдық қой, енді идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыстыққа
жатпайды. Себебі, идеологиялық құңдылықтарды басшылыққа алмаған, оған
суйенбеген тарихта ешбір саяси жұйе болмаған. Сондықтан да болар, белгілі
Америка саясаттанушысы Д. Истон "идеологияның акыры" деген тезисті іс
жүзінде консервативтік-демократиялық идеологияның бүтіңдей билеуін
бүркемелейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселелер жөніндегі ірі
маманы К. Мангейм құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса,
ол жерде сөз жоқ утопия пайда болады деген.
Өтпелі қоғамды басынан кешіріп отырған біздің еліміз үшін саяси
процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс тұсініп, ұғынудың кажеттілігі зор. Біздің
мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғаларға шынайы баға беріп, қазіргі
тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан шығарудың неғұрлым ұтымды
жолдарын белгілеп, таяудағы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моральдік сана
Этностық өзіндік сананың дамуы
Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері
Сана және тілдің өзара байланысы
Саяси манипуляция
ХХ – ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси әлеуметтік жағдаяттардың психология ғылымының дамуына ықпалы
Қоғамдық сана деңгейлері
Адамның этномәдени даму мәселелері
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі
Пәндер