Мінез және портрет


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мінез және портрет

Қазақтың эпостық жырларында, әдеби шығармаларында берілген кейіпкерлердің, батырлардың сұлулығы, көркемділігі ерекше суреттеледі. Сондықтан халық өзі ұнатқан кейіпкер батырлар мен қыз-келіншектерге не бір әдемі теңеу, әсірелеулерді аямаған. Портрет белгілі бір адамға байланысты беріледі. Ұнамды кейіпкерінің ішкі дүниесін әрлеумен ғана шектелмей, сырт тұрпатын да келісті етіп тұлғалап отырған. Аш бел, қыпша бел, құмырсқа бел, қолаң шаш, алма мойын, сүмбіл шаш, тана көз деген тәрізді сөз тіркестері соның куәсі.

Ертегілерде кездесетін ай десе аузы бар, күн десе көзі бар деген сөз тіркесі жырда ұшырыспайды. Себебі бұл тіркестер жыр өлшемімен сәйкес келмейді. Бертін келе ай ұғымы нақтыланып, ай қабақ, алтын кірпік, деген секілді жаңаша тіркеске ауысты.

Портрет дегенде біздің көз алдымызға кескін өнеріндегі портрет елестейді. Бұл портреттің ерекшелігі-өзгермейтіні, қозғалмайтыны, қашан көрсек те тек осы қалыпта ғана тұратыны.

Ал сөз өнеріндегі портрет- бір қалыпты қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Мынаған қарасаңыз: “Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. ”Орта бойлы, дөңгелек сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде не түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлестейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады. [М. Әуезов «Қорғансыздың күні»]

Көрдіңіз бе, мұнда кескін, келбет әр күйге бір түсіп, біздің көз алдымызға құбылып тұр. Бұл адамның сырт пішінінің өзінен ішкі мінезін аңғарамыз, күлгеніне қарап бозбалалық құмарлыққа көп салынған ”жігіт” екенін байқап қаламыз .

Бұған да айрықша суреткерлік, шеберлік керек. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беруі шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық суреттегені жөн. Портрет сонда ұтымды шықпақ. . Мұндай ұтымдылықтың айта қалғандай үлгісі Чеховта бар. Мына бір әйелдің кескінін қараңызшы:”Оның беті теріге тапшы болатын, сондықтан көзін ашу үшін аузын жабуы, аузын ашу үшін көзін жұмуы керек еді”. Қып-қысқа айтылған бірнеше сөз, ал оқи қалсақ суреттелген адамның ең айрықша белгісі көзге елестейді және жай елестемейді, көз алдымыз қимылға талып кетеді. Лермонтовтың Печорины біздің жадымызда мәңгі бақи өзі күлгенмен көзі күлмейтін, өзі жүргенмен қолы қозғалмайтын қалпында.

Ал қазіргі қазақ әдебиетіндегі адам портреттерінің авторлық баяндаумен астасқан әрі де әсерлі үлгісін “Абай жолынан “ табуға болады Мысалы, мына бір ұзағырақ үзіндіні арнайы келтіріп, әрқайсымыз үнсіз ойлана оқып байқасақ, айтылмыш тәсілдің небір тамаша сыры мен сипатын айтпай аңғарып, тамсана тұшынуымыз мүмкін :

Тегінде, ертекші, өлеңші не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, Салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не көде-көкпек пе? Кейде шал мен ай бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсімдері болады.

Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жай тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, соқшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші.

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша . Тесіле, сыздана қарайды . Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысында отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді.

Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап, қойғаны болмаса, Құнанбайға тесіле қарамайды. Көзін төмендете береді. Абайға оның пішіні көп кездесетін, әңгімесі аз пішін сияқты. Бөжей де оншалық өзгеше емес. Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей- осы отырғандардың бірінен де сұлу. Бетінде әжімі де аз. Бірақ Абайдың көзін оған көп тартатын бір нәрсе-мұның бітікшелеу, кішкене келген көздері.

Құнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде Бөжей қыбыр етіп қозғалған жоқ. . Көзін де төмен салған қалпынан бір көтермеді. Сондықтан оның ұйықтап отырғаны я ойланып отырғаны мәлім емес. Қалың ет, салбыраңқы қабағы кішкене көзін көрсетпей, тасалап алған сияқты.

Құнанбайға бұлардың ішінде көз алмай, қырыңдай қарап отырған-дәл төрдегі Байсал. Қызыл жүзді, жирен сақалды. Байсалдың денесі ірі, қапсағай. Көкшіл түсті үлкен көздері әрі салқын, әрі сыр берместей сабырлы.

Әңгіменің негізгі кейіпкерлерінің портретін жазушы былай суреттейді :

“Хамит- ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қырлы мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзі, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында. Сол сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырланған күшті көк ет еді. Бар денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет-ауызы бүркіттің бетіндей. Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай, күшті темірдей жұдырықтарын түйіп, кәрін тігіп, кіжініп :

- А-а ! Қандай қылайын!-деп төніп келсе, жөпшенді кісінің аруағы ұшып кететіндей азамат. Хамит салт атты . Үстінде мұздай қазақша киім. Басында қоңыр елтірі тымақ . . .

Автор Хамиттің батыр тұлғалы портретін толықтыра түсу үшін астындағы сәйгүлік Құбақан атты да қысқаша суреттеп өтеді.

Әңгімеде жазушы Хамиттің осы түр-сипатын суреттеумен ғана тынбайды. Оның қайда істейтіндігіне, айналаға көзқарасына, нені машық ететіндігіне, ерлігіне, ақылдығына, бір сөзбен айтқанда, мінез-құлқын да әңгімелей өтеді: Хамиттің Құдре сияқты айбарлы қанішер бандыны ұстауға жіберілуінен-ақ оның ер жүректілігі айқын көрінеді. Оның сөзі мен ісінен бір беткей, алған бетінен таймайтын кісі екендігі байқалады.

Ол сонымен бірге адамгершілігі мол, рухани бай ер азамат ретінде суреттеледі. Бұл оның басқалармен қарым- қатынасынан, сөйлеген сөздерінен айқын сезіліп тұрады.

Адам образын жасау үшін кейіпкерге мінездеме беріледі. Бұл тіл арқылы іске асады. Кейіпкердің ішкі дүниесін ашуға фразеологиялық сөз тіркестері көп көмек көрсетеді. Әр кейіпкердің қандай мінез-құлықтың адамы екенін жайға таңба басқандай дәл беретін фразеологизмдер тілімізде жеткілікті. Кейбір фразеологизмдер адам мінезіндегі ұнамсыздықты, келеңсіздікті сынайды, мысқылмен түйрейді. Мысалы, жербақан асыра сілтегішті, шаш ал десең, бас алады деп ұрда жақтарды, өр-көкірек, өзімшіл адамды деміне нан піскен деп, болып, толған, өзіне жан біткенді теңгермейтін адамды үй жыққандай екпіні деп келемеждеді. Әсіресе батырлар жырында батырлардың портретін сомдағанда фразеологизмдердің орны ерекше . Мәселен, қабағы қарс жабылған, түсі суық темірдей, тері тамып иектен түгі шығып білектен, жан қаратпас бетіне, қабағы тастай түйіліп, жан көрінбес көзіне деген сөз тіркестері тек қана күш иесін сомдау үшін қолданылады.

Күйемін деп Назымға

Шынтақтап сен мамықты,

Айылыңды жимайсың,

Аяғыңды көсіліп .

(“Қамбар”)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және олардың зерттелу жайы
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Қазақ әдебиетіндегі әдеби портрет: ерекшелігі, маңызы, сипаттамасы
Көркем шығарма және кейіпкер тілі
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Композиция
К. КАРИМОВТЫҢ АҒАБИЙ РОМАНЫНДА ПОРТРЕТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Көркем туындыдағы адам тұлғасы
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
Абай жолы эпопеясындағы монологтың көркемдік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz