Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері


Мазмұны
Кіріспе 3
І - тарау. Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері.
- Аймақтық жоcпарлау мен басқарудың ұйымдастырушылық негіздері. ……… . . . 6
- Аймақтық жоспарлаудың пропорциясының негізігі көрсеткіштері мен әдістері. . . . . ……. . 13
- Тұрақты әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясының концепциясы. . . ……. …. . 26
ІІ - тарау. Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтардың қазіргі таңдағы әлеуметтік - экономикалық жағдайына талдау жасау.
2. 1 . Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі тенденциялары. . . . . 37
2. 2. ОҚО-дағы өндіріс пен ауыл шаруашылығының дамуы және олардың аймақтардағы әлеуметтік - экономикалық деңгейге әсері. …. 47
2. 3 . ОҚО-дағы әлеуметтік сфераларының қазіргі таңдағы даму
жағдайы . . …. . 55
ІІІ - тарау. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының даму перспективасы.
3. 1 . Қазақстандағы аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі басымдылығы . . . . 62
3. 2. ОҚО-дағы аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының келешектегі бағдарламалары . . . . . 68
3. 3. Аумақтық даму және инфрақұрылым, демография және халықты ұтымды орналастыру. . . . …. . 89
Қорытынды . . 98
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . 99
Қосымша
Кіріспе.
Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы экономикалық одан әрі интеграциалануы, экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланысуының күшеюмен, елдің экономикалық біртұтас әлеуметтік -экономикалық комплекске айналуымен сипатталады. Сондықтан да, оның дамуын стратегиялық жоспарлау біртұтас экономикалық қана емес, сонымен бірге республиканың әлеуметтік аспектілерінің дамуын да қамтуы тиіс. Осыған байланысты аудан мен облыстың экономикасының дамуының жинақталған жоспарын құру әдістемесімен методологиясын жетілдіру мәселесі елдің экономикасын стратегиялық жоспарлау жүйесімен өзара байланысты, жоспарды экономикалық дайындау жүйесін құру қажетті өзекті мәселесі болып табылады.
“Қазақстан - 2030” Президенттің стратегиясының шараларын жүзеге асыру жағдайында стратегиялық жоспарларның ролі ерекше көрінеді. Аймақтық және салалық аспектісінде стратегиялық жоспарларды іске асырудың объективті қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан анық көруімізге болады. Осының негізінде министрліктер, ведомствалар мен облыс басшыларына жаңа 1998 жылға дейін агенттік пен құрастырылған “әдістемелік ұсыныстарды” ескере отырып, ағымдағы және орта мерзімдік стратегиялық жоспарларды әзірлеуге бұйрық берілді.
Әлеуметтік - экономикалық дамуының аймақтық стратегиялық жоспарларын басқаруды жетілдіру басты бағыттарының бірі, эконмикалық жоспарлау жүйесіндегі аймақтық комплексті жоспарлаудың ролін арттыру жатады. Өйткені, мемлекеттің экономикалық саясатының жалпы міндеттері облыстар, аудандар мен қалалардың денгейінде нақтыланады.
Аймақтық жоспарлаудың өзара байланысты төрт кезеңін бөліп алып қарауға болады. Олардың әрқайсысында өзіндік міндеттерін шешу үшін методикалық ғылыми жобалау және жоспарлау дайындықты талап етіледі. Бұл кезеңдерге мына төмендегілерді жатқызуға болады :
- Түрлі аймақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикасының даму перспективасының жоспарлау алдындағы ғылыми техникалық - экономикалық негізделуі.
- Мемлекеттік ұлттық бағдарламалардың негізінде маңызды экономикалық мәселелер бойынша әлеуметтік - экономиканы ұзақ мерзімді аймақтық жоспарлау.
- Түрлі аймақтық құрылымдардың перспективалық жинақты жоспарлауы.
- Облыстар, қалалар, аудандар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы жалпы жоспарлауы.
5. Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлау кезінде облыстар, қалалар мен аудандардың комплексті дамуының түйінді мәселелерін жүйелі шешуге баса назар аудару керек.
Аймақтың комплексті жоспарлар Қазақстан Республикасының экономикасының даму жоспарының базисі болып табылатын, республиканың облыстары мен қалалары, аудандарымен ауылдарының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының критериі жоспарлардың өзара байланысты жүйесін құрайды .
Қазақстан Республикасының аймақтарынының әлеуметтік - экономикалық даму процесінің қазіргі кездегі дәрежесі, ОҚО әлеуметтік сфераларының жағдайы және негізгі салаларының дамуына талдау жасалып, аймақтардың дамуына кедергі болатын мәселелері мен олардың пайда болу көздері анықталған. ОҚО-дағы аймақтық бағдарламалары мен жоспарларының роліне баға берілген және олардың әлеуметтік жағдайға әсері мен аймақтың әоеуметтік - экономикалық дамуына кедергі болатын проблемаларды шешу жолдары және зерттеулердің ғылыми маңыздылығы көрсетілген.
ОҚО-ның әлеуметтік - экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында, ҚР Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасында, ОҚО-ның даму бағдарламаларында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу және басымдықтарды іске асыру үшін экономика салаларын дамыту жолдарын айқындайды .
Аймақтардағы күрделі әлеуметтік - экономикалық проблемаларды және аймақтық мақсатты бағдарламалары мен ведомстволардың арасындағы процестерді шешуге, қоршаған ортаны қорғау мен өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын есепке ала отырып, жергілікті ресурстарды комплексті пайдалану мен әлеуметтік даму мәселелерін шешуге бағытталады.
Аймақтық бағдарламалардың негізгі көрсеткіштері түгелдей кешенді стратегиялық жоспарға еңгізіледі.
І - тарау. Әлеуметтік - экономикалық дамудың аймақтық жоспарлаудың теориялық - әдістемелік негіздері.
1. 1. Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н. Н. Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады. [дәйексөз1]
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. [2]
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н. Н. Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н. Барановский, Н. Комосовский және тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақық мәселелері республикадағы
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе - тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады. [3]
Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік - экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік - экономикалық, құрылыс - инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру. [4]
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк - экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік -экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет. [3]
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі - үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан, экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе - теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми - техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы - несие жүйесі және жергілікті бюджет.
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. [5] Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорын - аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік - экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады. Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықтауы қажет. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму перспективасын негіздеуге:
- аймақтың дамуының мүмкін болатын қарқыны, деңгейі мен құрлымдық алға жылжуының мақсатты бағытын анықтау қажет;
- аймақтың ресурсты патенциалын және әлеуметтік -экономикалық дамуын ұзақ мерзімді мақсатына қол жеткізідегі ролін бағалау;
- арнайы бағдарламаларды дайындауды қажет ететін ғылыми -техникалық, әлеуметтік - экономикалық басқа да әлеуметтік мәселерді анықтау қажет ;
- табиғи ресурстарды пайдалану бағыттары мен жағымсыз құбылыстардың алдын алу тәсілдерін дайындау жатады.
Аймақтық деңгейіндегі жоспар алдындағы зерттеулер жүйесінің маңызды элементіне демографиялық жағдайды болжау. Ресурстық потенциалдың өзгеруі, шаруашылықты территориялдық ұйымдастыру, көлік коммуникациялық қызмет көрсету, энергетикалық шаруашылықтар жатады. Комплексті жоспар алдындағы дайындықтың маңызы ерекше, олар жеке болжауларды пайдалануға негізделеді.
Аймақтың әлеуметтік- экономикалық жоспарын жүзеге асыру барысында мына төмендегі міндеттерді орындау қажеттілігін қарастырылады :
- өндіріс пен көмекші салалардың, қызмет көрсету, маманданған салалардың өзара байланысты дамуы негізінде жалпы мемлекеттік деңгейден міндеттерді шешуге аймақтың қатысуын қамтамассыз ету;
- өндірістік қорлар, еңбек, су, жер және басқа да жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану;
- барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың және фирмалардың тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік қатынастар негізінде жағдай жасау;
- аймақтық халқының өмір сүру жағдайын тұрақты түрде жақсарту, олардың әлеуметтік - мәдени, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету түрлерімен қамтамассыз ету;
- меншік формасына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау мен сыртқы экономикалық қызметтің жоспарларын байыту.
Аймақтық комплексті жоспарының негізгі міндеттеріне сәйкес, аймақты жоспарлы басқару ядросына өзара байланысты әлеуметтік экономикалық блоктар жүйесі жатады. Ол блоктар:
- аймақтық өндіргіштік процессінің дамуын білдіретін, өндіргіштік
блок ;
- шешуші аймақтық және аймақ аралық мәселелер блогы;
- аймақтық әлеуметтік - экономикалық патенциалының даму бағытын сипаттайтын блок;
- халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын, әлеуметтік даму деңгейін сипаттайтын блок;
- сыртқы экономикалық қызмет, материалды өндіріс саласы тарапынан әлеуметтік, экономикалық, инвестициялық, инфрақұрылымдық қызмет блогы. [6]
1. 2. Аймақтық жоспарлаудың пропорциясының негізгі көрсеткіштері мен әдістері.
Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларында кеңейтілген өндірістің бүкіл процессі көрінуі қажет. Территорияның экономикасының дамуындағы құбылыстар мен процесстердің көп жақты және қиын жиынтығын анықтау үшін экономикалық көрсеткіштер қажет.
Аймақтың экономикасының жоспарына қажетті көрсеткіштер жүйесі әдістемелік және тәжірибелік сипатта болады. Және де бұл жүйе облыстық қаланың және аймақтың экономикасының жоспарлы объектілерін және шекараларын анықтайды.
Ағымдығы аймақтық жоспардың көрсеткіштер жүйесі келесі талаптарға сай келуі керек:
- біріңғай ағымды экономикалық жоспарды салалық тапсырмаларды біріктіруге мүмкіндік беретін бүкіл экономикалық масштабындағы көрсеткіштердің бірлігін қамтамассыз ету;
- республика жоспарының бір бүтін болуы мен бірге әр аймақтың ерекшеліктерін есепке алу, бұл көрсеткіштер жүйесіне нақты адрестік сипаттама береді, және де территориялық және салалық шаруашылық тапсырмаларды шешуде дифференциалды қарауға мүмкіндік береді.
- салалық тапсырмаларды біріктіруде қажетті координацияны қамтамассыз ету;
- сала аралық және экономикалық байланыстар мен пропорцияларды жасау;
- статистикалық көрсеткіштер жүйесімен сәйкес келетін, және бірігетіндей болуы керек.
Табиғат ресурстары, әдетте, натуралды бірліктермен есептеледі;
Бұл жоспарлау органдарына жердің минералдық және биологиялық шикізаттардың тепе-теңдігін жасауға мүмкіндік береді. Табиғи ресурстардың тиімді және кешенді қолдануды қамтамассыз ететін экономикалық механизмді қалыптастыру мақсатында аймақтық ресурстардың сапасы мен орналасқан жерін есепке ала отырып, оның бағасы жайлы мәселені шешу қажет. [7]
Аймақтың маңызды экономикалық ресурсы негізгі қорлар болып табылады. (өндірістік және өндірістік емес) негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеру аймақтағы өнім өндіруді қосымша капитал салмастан-ақ жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қолданысқа өндірістік емес негізгі қорларды енгізу халықтың тұрмыс деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларды сипаттайтын көрсеткіштер капиталдық салымдардың салалық жоспарының бағалануына мүмкіндік береді. Бұл үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
- негізгі қорлардың құрылымының көрсеткіштері, негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипатына байланысты болады. Сондықтан да спецификаның салалық факторлардың есепке ала отырып, әр салаға жекелеп бағыттылуы тиіс.
- Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері, яғни негізгі қорлардың жалпы және жекеше түрлерінің абсолютті өсімінің көрсеткіші;
- қор, энерго- механикалық қаруланудың көрсеткіші.
Аймақтық өндіріс процестің көрсеткіштері өздерінің экономикалық табиғаты бойынша экономикалық жүйесінің бірлігі ретінде экономика дамуының бағыттарымен жалпы құбылыстардың синтетикалық өлшеуіші болып табылады. Олар көптеген тапсырмалардың шешілуіне еркін территориялық жоспарлауды қолданылады. Бірінші кезекте аймақтық материалдық өндіріс салаларында өндірілген материалдық қызметтер мен өнімдердің жиынтық көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырманы аймақтық экономикалық өсуін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер көмегімен шешуге болады. Атап айтсақ:
ЖҰӨ-нің адам басына шаққандағы өсімі және шынайы ЖҰӨ-нің атаулы уақыттағы өсуі. Осыған байланысты экономикалық өсудің көрсететін статистикалық көрсеткіш ЖҰӨ өсімінің жылдық пайыз түріндегі өлшемі болып табылады. [8]
Экономикалық теорияда қоғамдық өндірістің сипаттамасына теоритикалық қараудың ерекшеліктеріне негізделген әртүрлі өлшеуіштерді қолданылады.
Қоғамның жағдайының экономикалық негізгі көрсеткіші ЖҰӨ болып табылады, яғни жыл бойына аймақтың экономикасында өндірілген соңғы өнімдер мен қызметтердің нарықтық бағасы. Сонымен қатар, азаматтардың аймақтағы және шет елдерде жасаған соңғы тауарлық қызметтердің жылдық көлемі есепке алынады. Жалпы ұлттық өнім ұйымдардың және халықтық материалдық және материалдық емес өндірістегі кірістердінің суммасы .
ЖІӨ резидент деп аталатын барлық тауар және қызмет өндірушілердің қосымша бағалардың суммасын білдіреді. Резиденттер - белгілі бір аймақта тұратын азаматтар, бұларға аймақта бір жылдан аз уақыт тұратын шет ел азаматтары жатпайды.
Егер де ЖІӨ-ге шет елден келген өндіріс факторлары және берілген аймақта шет ел инвесторларынан алынған факторлық кірістердің айырмасын қоссақ, ЖӨҰ көлемін анықтауға болады.
ЖІӨ + (ФК І- ФК ІІ) = ЖҰӨ
ЖҰӨ мен ЖІӨ (арасындағы) өзара айырмасы ЖІӨ-нің жалпы сомасынан Ғ 1% ды құрайды ЖҰӨ өзінің номиналды сипатта болатын ағымдағы нақты көлемін табу үшін инфляцияның әсерінің болған бағаларды тазалау, ЖҰӨ-нің нақты көлемін беретін бағалар индексін қолдануы тиіс . Номиналды ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ - нің ар қатынасы бағалар деңгейінің есебінен ЖҰӨ-нің жоғарылаумен сипатталады және ол ЖҰӨ-нің дефляторы деп аталады. ЖҰӨ-ді көлемін анықтауда екі әдіс қолданылады:
- Шығыстар бойынша ЖҰӨ белгілі бір уақыт аралығындағы қолданысындағы құзырымындағы қызметтердің жиынтығы ретінде сипатталады.
- Кірістер бойынша ЖҰӨ жеке тұлғалар мен көпшілік органдардың кірістерінің суммасын білдіреді (еңбек ақы, пайыз, пайда және рента) . ЖҰӨ-нің құрамына сонымен қатар көпшілік органдағы жанама салықтар, амартизация, жеке меншіктен пайда (кірістер) кіреді, яғни кірістері бойынша жалпы ұлттық өнім жалдамалы жұмысшыларды еңбек ақысынан, ренталық төлемдерден, пайыздардан, дивиденттерден, жекеменшік иелерінің кірістернің корпарациялық пайдасына салынатын салықтардан кәсіпкерлікке салынатын жанама салықтар, амортизациялық төлемдер.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің қатарына ЖҰӨ мен ЖІӨ-нен
басқа да ТҰК (Таза ұлттық кіріс ) кіреді. Ол ЖҰӨ- мен амартизация
айырмасымен сипатталады.
ТҰК =ЖҰӨ- амартизация;
ҰТ (Ұлттық табыс) -ТҰК пен жанама салық арасындағы айырма ;
ҰТ= ТҰК- кәсіпкерлікке салынатын салық .
ЖТ (Жеке табыс ) = ҰТ-(табыс салынатын табыстар + әлеуметтік
қамсыздандыру +корпарацияларды бөлінбеген ) + трансферттік төлемдер.
ТҰК- ЖҰӨ-ге қарағанда нақтырақ көрсеткіш, өйткені ол
амартизацияны есепке алады. ТҰК көмегімен экономика болашақтағы
өндіріс мүмкіндіктерін қысқартпай отырып, қолдана алатын өндіріс
көлемін анықтауға болады.
ҰТ- еңбек ақының жалпы көлемін, пайыздарды, пайда мен рентаның
көрсеткіштерін анықтау үшін қажет, бұл үшін ТҰК- тен кәсіпкерлікке салынатын жанама салықтарды алып тастау қажет. Мұндай есептеуді мәні мынада : Мемлекет көптеген органдардан мұндай жанама салықтарды ала отырып өндіріске ештеңе салмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz