Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі.

Жоспары:

  1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні.
  2. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының әдісі.

Лекция мақсаты : Студенттерге саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісін, бұл пәннiң зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат және заң шығару туралы iлiмнiң пайда болуы мен дамуын оқыту.

Лекция мәтіні:

Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы пәнi заң ғылымы жүйесiнде жеке пән болып есептелiнедi. Бұл пәннiң зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат және заң шығару туралы iлiмнiң пайда болуы мен дамуы. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы пәнi заң, тарих, философия, саясаттану ғылымдарын да қамтиды. Құқықтық ғылым ретiнде бұл пән сонымен бiрге мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, конституциялық құқық, халықаралық құқық, жалпы құқық және т. б. салалық заң ғылымдарымен де тығыз байланысты.

Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы таза түрiндегi заң пәнi ғана болып табылмайды. Мемлекет және құқық тарихын оқытатын заң пәнiнен бұл пәннiң негiзгi айырмашылығы саяси-құқықтық институттар мен мекемелердiң пайда болуы, қалыптасуы және даму тарихының тақырыбы емес, осылардың теориялық тану формалары мен iлiмi оқытылады. Сонымен бiрге саяси-құқықтық идеялар мен iлiмдердiң және мемлекеттiк-құқықтық нысандар мен мекемелердiң өзара байланысы мен өзара ықпалы ескерiледi. Өйткенi, мемлекет және құқық тарихының бiлiмiнсiз соған сәйкес саяси-құқықтық теорияның нақты мазмұнын анықтау мүмкiн емес. Немесе, бұған керiсiнше саяси-құқықтық теориялар мен концепцияларсыз сол кезеңдегi мемлекет және құқық тарихының нақты шындығын бағалау қиынға соғады.

Саяси және құқықтық iлiмдер тарихына заңгерлермен қатар гуманитарлық пәндер өкiлдерi, ең алдымен философтар едәуiр үлес қосты. Философиялық ойдың бүкiләлемдiк ойшылдары Пифагор, Гераклит, Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, Фома Аквинский, Падуанский, Спиноза, Гобсс, Локк, Кант, Фихте, Гегель, Бердияев, Н. Макиавелли, жаңа дәуiрдiң ойшылдары Ж. Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Пейн, Бентам, Штейн және т. б. ойшылдар саяси-құқықтық iлiмге зор мұра қалдырды.

Басқа да пәндер сияқты, саяси және құқықтық iлiмдер тарихының өзiндiк ерекшелiгi бар. Танымның ғылыми әдiсi саяси және құқықтық iлiмдер тарихының бай қазынасын зерттеуге және танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстемесi әртүрлi ойларды, көзқарастарды және идеяларды нақтылы тарихи тұрғыдан дұрыс түсiнуге көмектеседi.

Нақтылы бiр тарихи дәуiрдегi қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсiну үшiн сол қоғамның, сол дәуiрдiң белгiлi бiр әлеуметтiк топтары мен таптары үшiн, олардың қандай мүдделерiн қорғағандығын, бұл iлiмнiң авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын бiлу шарт. Сонда ғана саяси және құқықтық iлiмдер мен ойларға, идеяларға сол кезеңнiң және сол мемлекеттiң ерекшелiгiне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси және құқықтық iлiмдер тарихының негiзгi кезеңдерi мен оның ерекшелiктерiн және саяси тарихын терең бiлу шарт.

Саяси және құқықтық iлiмдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртiппен iрi төрт кезеңге бөлуге болады.

1. Ежелгi замандағы саяси және құқықтық iлiмдер тарихы (алғашқы мифтiк көзқарастардың пайда болуынан, б. з. д. 3 мың жылдықтан - б. з. V ғасырына дейiн) .

2. Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуiрiндегi саяси және құқықтық iлiмдер тарихы (V-XVII ғ. ғ. ) .

3. Буржуазиялық революциялар кезеңiндегi саяси және құқықтық iлiмдер тарихы (XVIII-XIX ғасырдың бiрiншi жартысы) .

4. XIX ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдағы саяси және құқықтық iлiмдер тарихы.

Саяси және құқықтық iлiм тарихының ежелгi заманнан қазiргi күнге дейiнгi хронологиялық тәртiппен баяндалуы ұлы ойшылдардың сол заманға лайық бейнесiн (мысалы, Сократ, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Пейн және т. б. ) беруге, олардың мемлекет және құқық туралы жаңа концепцияларын және саяси-құқықтық ойдың кең тараған бағыттары мен ағымдарына, мектептерiне (мысалы, брахманизм, буддизм, даосизм, ежелгi қытай легистерi, софистер, рим заңгерлерi, құқықтың тарихи мектебi, заңдық позитивизм және т. б. ) оң баға беруге көмектеседi.

Бақылау сұрақтары:

  1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні.
  2. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының әдісі.
  3. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы пәнi салалық заң ғылымдарымен байланысы.

2. Лекция. Тақырыбы: Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар.

Жоспары:

  1. Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары.
  2. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар.
  3. Ежелгi Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшелiктерi.

Лекция мақсаты : Студенттерге саяси және құқықтық iлiмдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздерi неде? Қайдан шықты? Олардың алғашқы авторлары кiмдер? Олардың көзқарастары мен ойлары ненi бiлдiредi? Және кiмнiң мүддесiн қорғайды? Осы тәрiздi сұрақтарға Ежелгi Шығыс елдерiндегi саяси және құқықтық iлiм тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетiнiн байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегi таптық мемлекеттердiң пайда болуы мен өмiр сүрген кезеңiне сәйкес келетiндігін оқыту.

Лекция мәтіні:

1. Саяси-құқықтық iлiмдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтiк көзқарастары негiзiнде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгi Шығыс және Батыс халықтарында, египеттiктерде, үндiстерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдiктерде және т. б. халықтардың мифтiк аңыздарында көрiнiс табады.

Мифология - ежелгi адамдардың өзiн қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегi өндiрiс қатынастары мен өндiргiш күштердiң жетiлмегендiгiнен, бүкiл әлемдi, оның заңдылықтарын түсiну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгi дүние адамдары әлемдi екiге бөлiп қарады. Оның бiрi - өздерi өмiр сүрiп, тiршiлiк етiп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екiншiсi - олардан тыс жатқан, сыры белгiсiз, өздерi көрiп тани алмайтын басқа дүние едi.

Мифтiк көзқарастардың сипаты, негiзiнен, болған оқиғалардың қарапайым хабарламалары және бұл оқиғаларға адамдардың бағыныштылығы туралы болып келедi. Яғни, табиғаттан тыс, адамдардың еркi мен әрекетiнен жоғары тұратын күш туралы айтылады. Жердегi өмiр мен адамдардың iс-әрекетi - құдай iсi деп көрсетiледi. Қоғамдық және мемлекеттiк құрылыс, ел билеу мәселесi, адамдардың, адамдар мен құдайлардың өзара қарым-қатынастары, олардың мiндеттерi мен құқықтары құдай бұйырған әрекеттер ретiнде айтылады. Не iстеу керек немесе не iстеуге болмайтындығы алдын-ала шешiлген. Оған қарсы тұруға болмайды, ол адамның тағдыры ретiнде адамдарды патшалар мен құдайларға бағынышты ретiнде көрсетедi.

Мифтiк көзқарастарда сонымен бiрге болашақ iлiмдердiң элементтерi де кездесетiнiн, оларды алғашқы адамдар өздерiнiң тiршiлiгi мен қызметiне қажеттi түрде пайдалана бiлгенiн де айта кеткен жөн. Мифтiк аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендiгi, кейiннен құдайлар адамдарды ел билеу әдiстерiне үйретiп, ел билеудi олардың өз қолдарына бергендiгi туралы айтылады. Мысалы, Герадот өзiнiң шығармасында алғашқы Египет патшасынан б. з. д. V ғасырға дейiн Египетте 341 патша мен абыздар ұрпағының өткендiгiн және оның 11340 жылға созылғандығын жазады. Египет абыздарының айтуынша, елдi құдайлар билеген, олар адамдармен бiрге өмiр сүрген.

Ежелгi еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендiгi, ежелгi Қытайда Аспан астындағы билеушiнiң болғандығы туралы айтылады. Ежелгi Египеттiң дiни және мифтiк аңыздарында әдiлдiк пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жiберiп отыратындығы баяндалады. Египеттiктердегi « ма-ат» ұғымы сияқты ежелгi үндiстерде « рта» , ежелгi Қытайда « дао», ежелгi гректерде « дике» ұғымдары бар және бұлардың барлығында олар шындық пен әдiлдiктiң елшiсi ретiнде көрсетiледi.

Ежелгi Египетте « Птахотеп өсиетi» (б. з. д. XXVIII ғ. ), « Өлiлер кiтабы» (б. з. д. XXV-XXIV ғғ. ) және т. б. жердегi әлеуметтiк-саяси тәртiптер мен заңдар, адамдардың iс-әрекеттерi мен өзара қарым-қатынастары құдайдың әдiл iстерi ретiнде мақталады.

«Птахотеп өсиетi» кiтабында барлық адамдардың табиғи еркiндiгi, туа бiткен данышпандар мен оқымыстылардың болмағандығы туралы көзқарастар кездеседi. Бұнда адамдардың мiнез-құлқы « ка» принципiне - iзгiлiктi де қайырымды және әдiлеттi мiнез-құлық өлшемiне сәйкес келу қажеттiлiгi негiзге алынады. « Гераклеопольдық патшаның өзiнiң ұлына айтқан өсиетiнде» ( б. з. д. XXII ғ. ) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билiгi туралы сөздермен қатар, заң мен әдiлдiкке қарсы ешқандай iс-әрекет жасамау керектiгi, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмiр кешетiндiгi туралы үндеулер кездеседi. Бұл өсиет кiтапта патша сонымен бiрге « әдiлдiктi жасаушы және қорғаушы» ретiнде дәрiптеледi. Өсиет кiтаптың авторы патша Ахтой өзiнiң ұлына, яғни мұрагерiне « Өзiңнiң билiгiңдi жоғары ұста және оны одан әрi көтере түс, ол сенiң заңдарыңды күштi етедi және мемлекетiңдi қорғайды» деп, өсиет айтады.

«Өлiлер кiтабында» адамдардың өлгеннен кейiнгi тiршiлiгi өлiлер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажеттi нәрсенiң бәрi бар. Бұл патшалыққа келгендердi Осирис құдайдың әдiл соты олардың жер үстiндегi өмiрiнде әдiл де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы - Ма-ат мүсiнi жанында Осиристiң әдiл соты олардың барлық iс-әрекетiн сұрайды. Сот алдына келгендер « Мен ешкiмге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкiмдi алдаған жоқпын, мен ешкiмдi жылатқан жоқпын, мен ешкiмге қарыздар емеспiн, мен құдайларды сөккен жоқпын» - деп, ант-су iшедi.

Египеттiктердiң түсiнiгiнше, адамдар жер бетiндегi сот жазасынан құтылғанымен, өлiлер патшалығындағы Осирис құдайдың әдiл сотынан құтыла алмайды. Жер бетiндегi өмiрде әдiлдiк пен шындық бола бермейдi, бiрақ түбiнде оған жауап беруге тура келедi. Жер бетiндегi патшалықтағы теңсiздiк пен заңсыздыққа адамдардың өзi жол берген. Мемлекет билеушiсi - перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағайындалған. Ол жер бетiндегi барлық әрекеттi, жамандық пен жақсылықты, қатыгездiк пен әдiлдiктi бүтiндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келiспеушiлiктердiң орын алуы да осыдан пайда болады.

Билiк пен заңның белгiлi бiр топтың ғана мүддесiн қорғағандығы және оған мүдделi топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшiн пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы әдiлдiк пен билiк туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрiнедi. Мақтанышпен айтылған әдiл билiк пен әдiлеттi заңға халық бұқарасының наразылық бiлдiргендiгi, қарулы күреске шыққандығы туралы мәлiметтер де кездеседi. Осындай халық қозғалыстарының бiрi туралы (б. з. д. 1750 жылдар шамасы) « Ипусердiң сөздерiнде» айтылады. Ол бұл қозғалысты « заң мен билiкке қарсы әрекет етушiлер» ретiнде көрсетедi, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерiстердiң болғандығын, билiк органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын, билеушi сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғандығын және жойылғандығын баяндайды.

Ежелгi Вавилон билеушiлерi өздерiнiң билiгi мен заңдарының құдайлық сипатта екендiгiн дәлелдеуге тырысты. Б. з. д. XVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кiрiспесiнде « Аннуактардың мәртебелi патшасы Анум мен ел тағдырын шешушi көк пен жердiң әмiршiсi!… бүкiл адамзатты билеудi маған берiп, елге әдiлеттiлiктi орнату үшiн, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлдi әлсiзге қысым жасамау үшiн және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игiлiгiне халық менi шақырды, жерде әдiлдiк пен тәртiп орнату үшiн менi Шаман құдай жiбердi, менiң бұйрықтарым мен заңдарымды ешкiмнiң де өзгертуге құқы жоқ» деп айтылады.

Хаммурапи бiрiншi Вавилон әулетiнiң алтыншы патшасы (б. з. д. 1792-1750 жж. ) Бұл уақыт Вавилонның бүкiл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуiрлеу кезеңi. Вавилонның саяси және әлеуметтiк құрылымы туралы бағалы және жан-жақты мәлiметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биiк базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезiнде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңiрiсi Шаман құдай және оның алдында iлтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөлiктерiнде заңдар сыналап ойып жазылған.

Әдiлдiктiң қорғаушысы ретiнде баяндалған бұл заң еркiн адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзiнде бекiтедi. Олардың әлеуметтiк жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретiнде бағалайды, билеушi топтың мүддесiн және жеке меншiктi қызғыштай қорғайды.

Ежелгi парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрiнiс тапты және дамытылды. Дiни-этникалық бұл ағымның негiзiн қалаушы б. з. д. VIII ғасырда өмiр сүрген Заратустра болып саналады. Кейбiр тарихшылар оның туып өскен жерi Сыр бойы деп те есептейдi. Қалай болғанда да бұл ағым дiни сипатта дамып, кейiннен едәуiр территорияға ықпалын тигiздi. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Греция, Орта Азия елдерiне кең тарады. Зороастризмнiң негiзгi қағидасы бiр-бiрiне қарама-қарсы екi күш -жақсылық пен жамандықтың өзара күресi мазмұнында өрбидi. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдiретi деп көрсетiледi.

Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресiне көмектеседi. Адамдардың өмiрi мен тұрмысы да күрес нәтижесiнде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билiгiнен кейiн әрдайым жақсылық жеңiске жетiп отырады.

Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегi билiгi болып саналады. Мемлекет билеушiсi - монарх - жердегi Ормузданың әмiрiн орындаушы қызметкерi, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауiп төндiретiн әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрiн себуге мiндеттi.

Қоғамның әлеуметтiк құрылымы, зороастризм бойынша, әркiмнiң қандай кәсiппен шұғылдануы еркiн таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтiк топтың әрқайсысының басында жетекшiлiк ролдi атқаратын неғұрлым белсендi және беделдi адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшiлерiн өзара сүйiспеншiлiк пен сыйластыққа, бiр-бiрiн кешiре бiлуге және бiтiмге шақырады.

Саяси-құқықтық ойлардың ежелгi шығыс халқында батысқа қарағанда неғұрлым ертерек пайда болуы да Ежелгi шығыс мәдениетiнiң ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады. Қазiргi заманда да бұл ерекшелiк өзiнiң көкейтестiлiк бағытымен елеулi күшке ие болып отыр. Бұған Иран, Ауғанстан елдерiндегi дiни бағыттағы әр түрлi “ағымдар” күштерi мысал бола алады.

Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негiзделе қоймаған кезiнде сана бүкiл әлемге мифтiк тұрғыда қалыптасты. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгiлi бiр күшке, құдайға келiп тiрелдi және олар мiндеттi құқықтық нормалар ретiнде қабылданды. Сонымен бiрге Ежелгi Шығыстың саяси-қоғамдық және әлуметтiк-экономикалық даму өзгешелiктерiне қарай құқық саласында да олардың өзiндiк ерекшелiктерi болды. Олардың қатарына жеке меншiк құқығының әлсiз дамуы, патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкiл ұжым болып жауап беруi, жазалаудың талион принципi және т. б. жатады.

Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш рет Ежелгi Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсiнiктер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгi Шығыста дiни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүдденi қорғайтын белгiлер де басым болды, бұл ойлар белгiлi бiр топтың мүддесiн бiлдiрдi, солардың билiгiн қолдады және Ежелгi Шығыс заңдары қаталдығымен әйгiлендi.

Жердегi тәртiп туралы мифтiк көзқарастар мен адамдардың қоғамдық өмiрдi мифтiк тұрғыдан ұйымдастыру тәжiрибесi саяси-құқықтық ойдың дамуына зор ықпал еттi, саясат, мемлекет және құқық туралы алғашқы ғылыми концепциялардың пайда болуының алғы шарттарын дайындады және саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi кезеңдердегi дамуына серпiн бердi.

2. Ежелгi Үндiстандағы саяси және құқықтық iлiм мифтiк және дiни көзқарастар түрiнде қалыптасты. Бұның өзi ежелгi үндiс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтiк-саяси өмiрiнде үстем болған брахмандарға тiкелей байланысты болып келедi.

Брахманизм идеяларының алғашқы көрiнiстерi б. з. д. екi мыңыншы жылдықтағы « Beдa» ескерткiштерiнде кездеседi. « Beдa» - “бiлiм, кiрiспе” (Санскрит тiлiнде) деген ұғымды бiлдiредi Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлiнетiндiгi және олардың брахмандар - Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер - құдайдың қолынан, вайшийлер - құдайдың санынан, шудралар - құдайдың табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96- бабында « Тiрi нәрселердiң iшiндегi ең қасиеттiсi - жандылар, ал жандылардың iшiнде адам, ал адамдардың iшiнде брахмандар» деп айтылады.

Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелерi құдай көрсетiп берген « дхармаға» - заңдарға, мiндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиiс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдiк жағдайда көрсетiледi. Оқу, бiлiм, дiн iлiмiн, құрбандық шалу, өзiне және өзгеге арнап садақа үлестiру, садақа алу iсiн құдай брахманға мiндеттеген.

Брахманизм идеялары брахман мектебiнiң әртүрлi өкiлдерi жасаған « дхармасутра» және « дхармашастра» сияқты әртүрлi құқықтық жинақтарда кездеседi. Брахманизм ежелгi үндi ойының ескерткiшi « Упанишадта» (б. э. д. IX-VI ғ. ғ. ) одан әрi дамытылады және нақтылана түседi.

«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлiнуi және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтiк теңсiздiгi қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегi жағдайы мен үстемдiгi, артықшылығы туралы айтылады. Тiптi патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестерi мен талаптарын орындауға, олардан « Beдa» iлiмiн оқып үйренуге тиiстi. Бұл заң бойынша патшаның басты мiндетi варна жүйесiн қорғау және оған қарсы келгендердi жазалау болып табылады.

«Ману заңдары» бойынша патшаның өкiлдiгi шектеулi, ол брахмандардың ақыл-кеңестерiн тыңдаумен қатар кейбiр талаптарға да сәйкес болуы керек. « Ману заңдарының» 3-бабында « ақылсыздықпен өз елiн азапқа салған патша уақыт күттiрместен өзiнiң ағайын-туыстарымен бiрге елден кетуi тиiс және ол өмiрден айрылады» деп айтылады. « Ману заңдарында» жазаға көп көңiл бөлiнген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелiгiнiң ұлы ретiнде жаза (данда) оның жердегi бейнесi « таяқ» деген ұғымды бiлдiредi. Яғни, жаза өзiнiң бұл ұғымында « басқару өнерi» (данданиттер) деген мағына бередi.

«Ману заңдарының» 7-тарауы бүтiндей жазаға арналған. Онда жазаның қуаттылығы мен күштiлiгi және қоғамға пайдасы туралы көп айтылады. “Жаза бүкiл адамды билейдi. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектiк танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы” деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздiксiз жүзеге асырып отырмаса, онда күштiлер әлсiздердi қармақтағы балықтай қуырған болар едi. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкiл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкiл халық наразы болар едi» делiнедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процесс
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Мемлекет және құқық пәні мен әдісі
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Дәрістер - Тарих
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz