Нашақорлық ғасыр дерті. Нашақорлармен жұмыс істеу


Мазмұны
Кіріспе
- Нашақорлық ғасыр дерті
- Нашақорлармен жұмыс істеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» - болғанын білеміз.
Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық.
Тақырыптың мақсаты: Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.
Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың - орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.
Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей.
Нашақорлық ғасыр дерті
Нашақорлық - бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған, осынау аждаһамен күрес күн санап күшейтiлсе де дес бермей отыр. Ең бiр сорақысы есiрткiге елiтiп, есiнен айырылғандардың көбiсi жастар мен жасөспiрiмдер.
Кеңес Одағы кезiнде есiрткiге қарсы күрес жасырын түрде жүргзiлiп келсе, оның күшейгенi сонша бара-бара бетпердесi ашылып қалды. 1990 жылдардан кейiн нашақорлықтың алдын алу шаралары ашық түрде барынша пәрмендi жүрiлуде. Ақпарат көздерiнiң мәлiметiне қарағанда, Қазақстанда 500 мыңға жуық нашақор бар көрiнедi.
Бұлардың тең жартысы 17 мен 29 арасындағы жастар. Бүгiнде Қазақстанда әр жыл сайын есiрткiге қатысты 20 мың қылмыс тiркеледi. Есiрткi бизнесi ерекше пайдалы, табысты болғандықтан онымен күресу қиынға соғып отыр. Бұл бизнестiң түрiне 1 доллар жұмсасаңыз ол бiр жылда 12400 долларға айналады. Мұндай iрi көлемдi табыс мұнай саласында да бола бермейдi.
Сондықтан бұл салада пайда табатындар қанша жасырын жүргiзсе де, тұтынушылар қатарын жыл санап молайтуда. Олардың ең әуелгi құрбандары жастар. Нашақорлардың 40 пайызға жуығы ауқатты отбасылардан шыққандар. Соған қарағанда бұл әлеуметтiк жағдайға да байланысты емес. Кейбiр деректерде әр жыл сайын әлемде 50 млн. адамның нашақорлық салдарынан жарық дүниемен қоштасатындығы айтылып жүр.
Қазақстанға есiрткi Ресейден, Ауғанстаннан сонымен қатар Батыс елдерiнен тасымалданады. Нашақорлық жаһанға жалпылай тарап кеткен аса қатерлi дерт. Бұған бай да, кедей де тәуелдi болып қалады. Қазақстанда есiрткiқұмарлардың көбiсi түнгi клубтарда көптеп ұшырасады. Сонымен қатар мейрамхана, кафе, жастардың ойын-сауық құратын думанханаларында «құдiреттi» ақ ұнтақтың құрбаны болып, басыбайлы күйге түседi. Есiрткiмен айналысатындардың көбiсi ВИЧ, СПИД тәрiздi аса жұқпалы терi ауруларымен ауыратындар. Бұл кеселдер бiр шприц арқылы есiрткiнi денеге құйғанда, бiрiнен-бiрiне жұқтырады.
Есiрткi бизнесмендерi мен әккi нашақорлар түрлi себептермен өздерiнiң әрiптестерiн таңдап, тауып, оны құрбандарына айналдыра алады. Не нәрсеге болса да, елiктегiш жасөспiрiмдердi алдымен торға түсiредi. Бiр-екi рет сынақ үшiн пайдаланып, уды байқамай денесiне жайып алған талай көкөрiм жас, нашақорлар қатарына қосылуда. Осы бiр улы заттың қуаттылығы сондай жасөспiрiм түгiлi, есi дұрыс денi сау ересек адамдарды да оп-оңай соңынан ертiп кете барады.
Қазiргi кезде есiрткiнiң жетпеген жерi қалмады. Сәндi ғимаратты әсем қалалардан тартып, аңғал ағайындар тұратын ауыл-аймақты түгел қамтуда. Қайда барса да, құрбандардың алдыңғы шебiнде жасөспiрiмдер тұрады. Ел ертеңi үшiн бұл кiм-кiмдi де ойландырары сөзсiз. Соңғы кезде жеңiл есiрткiлердi заңдастырайық деген пiкiрлер де айтылуда. Кiнәсiз елдi қынадай қырып бара жатқан осы бiр уды заңдастыруға құмарлар кiмдер деп ойлайсыз.
Оның бәрi құлқынның қамы. Пайдаға әбден құныққандар осылай өздерiнiң қитұрқы пиғылдарын көлденең тартады. Есiрткi бизнесмендерi алғашқы бiр «дәм татыруды» тегiн бередi. Бұл улы зат адамның ми қабатына әсер етiп, ақыл есiн алып, ынтықтыра түседi. Бiр дәмiн татқан пенде өмiр бойы iздеп тұратын болады.
Елiмiзде ең көп қолданылатын есiрткiнiң түрлерi - героин мен марихуана болса, ең құндысы - кокаин. Ал кокаин қолданатындарды iндетiнен емдеу тiптi мүмкiн емес. Осынау қатерлi дертке ұшыраушылар арасында мектеп жасындағы жеткiншектердiң де кездесуi өкiнiштi жайт. Есiрткiге қарсы күрес қанша пәрмендi түрде жүрiлсе де iндет жыл сайын жайылып барады.
Бұл жөнiнде дәрiгер-наркологтар: «Нашақорлық дәл осылайша жайыла берсе, жастардың болашағы жайлы әңгiме қозғаудың өзi артық» деп түңiледi. Ертеңiм жарқын болсын деген ел жастар мәселесiне селсоқ қарай алмасы белгiлi. Сондықтан да ата-ана, оқу орындары, заң органдары барлық қоғам болып iндетке қарсы күрестi барынша пәрмендендiруiмiз керек.
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz