Соғыс жылдарындағы ақын жазушылардың шығармалары


Жоспар:
Соғыс жылдарындағы ақын жазушылардың шығармалары
- Ілияс есенберлин романдары және тарихи сана
- Горбачев Николай Андреевич
- Аманжолов Қасым Рақымжанұлы
- Ақсұңқарұлы Серік
Пайдаланған әдебиеттер
Ілияс есенберлин романдары және тарихи сана
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған "Айқас", "Ғашықтар", "Қатерлі өткел", "Алтын құс", "Маңғыстау майданы", "Алтын аттар оянады", "Көлеңкеңмен қорғай жүр", "Алыстағы арпалыс", "Аққу құстар қуанышы", "Махаббат мейрамы", т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді.
Ол - қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.
Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл казақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.
Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі.
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді.
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.
«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.
Әдебиетіміздің арғы-бергі тарихында ұлы сахараның бірде құландай тулап, бірде ұлардай шулап қалған алмағайып тағдырын Ілияс Есенберлиндей азаматтық қажырмен, суреткерлік қуатпен толғаған жазушы болған жоқ. Егер шындыққа жүгінсек жазушы ерлігіне берілген бағадан гөрі берілмек баға әлдеқайда салмақтырақ болуға тиісті. Халық тарихындағы хронологиялық заңдылық дегеніміз жыл санауға ғана тәуелді емес, ол - Сананың ел рухымен үн қатысы, адами армандармен матасуына, сөйтіп кешеден келген бүгіннің «генетикалық» арқауына шындық пен әділдіктің, ерлік пен батырлықтың, ар мен ұяттың, бірлік пен бірегейліктің нұрлы шуағын себер сәттеріне байланысты.
Ендеше І. Есенберлиннің тарихи романдарындағы халық тарихы - болмысын болжай алған арлы жылдардың, арқалы ғасырлардың ары мен Санасына ауған Азаматтық зерденің жүйелі жүлделерінен туған тарих. Тарихи тақырыпқа барудың өткел бермес өрлерінің бірі - тұстас дәуірдің ары мен ұжданына, азаматтық позициясы мен рухани өресіне тікелей тәуелді. Кешегі мен Бүгінгінің ара қатынасы. Яғни, Тарих пен Дәуір ұғымдарының шындықпен үндесуінің ара салмағына байланысты.
Ұлттық тарихтың дәстүрлік сипаттарына ортақ үлесі бар түйткілдердің ара-жігін ажыратып айтудың алмағайып арпалысын бастан кешірген жазушы қиялы тарихи романдарға тән фантасмагориялық шым-шытырықтардан гөрі асқынудың шым-шымдап басылар жолын іздеуге, тарихи тағлымдар қалған дәстүрлердің озығы мен тозығын саралап айтуға ден қояды.
Яғни, «Көшпенділер» ұлттық психологияның сөз өнері арқылы көркемдік әлеміне көшірілген толассыз айқастарындағы мәмілелерге әділ шешім, әділ үкім айтар сананы іздеудің қазақ әдебиетіндегі озық үлгілерінің бірі. Осы ретте, бүгінгі күннің айтқыштары жерден шығып, көктен түскендей аяқ астынан жамырап, жар салып жүрген жалаулы ұранды қатерлі өткел, қауіпті сапар үстінде жүріп-ақ жеріне жеткізіп айта алған жазушы ерлігіне риза боласыз. Көркем шығармаға қойылар канонды талаптарды «таба алмай» сабылған тұстарымызға кез келген шығармаға арқау боларлық тарихи жағдайға жүгінуді де мұрат ете алмағанымыз қалай дейтін ойға қаламыз.
Ұлттық сананы ояту мен ұлттық зердені жаңғыртудың әлемдік сана-сезім үндесуінің алапат ағымына тап болған дәл қазіргі жағадайдағы орны да, қажеттілігі де орасан зор. Әлемдік даму деп аталатын сөз тіркесіне сыйып тұрған аса қомақты ұғымның барлық үндестігі де, қайшылығы да, табиғат тылсымдарын тарамдап айтпағанның өзінде, барлық адамзат атаулының мінез-құлқына, наным-сеніміне, ой-өрісі мен парасат өресіне, салт-санасы мен әдет-ғұрпына тәуелді екенін ескерсек, ұлы көшке ерудің ұлы мұраты - сана мен зердені саралау, тарихқа тәуелділіктен арылу - ұмтылыс, рухани бұлқыныс, өткен өмір, кешкен ғұмырға сын көзбен қарай білу екені даусыз.
Жәнібек пен Керей сұлтанның қазақ мемлекеттігін құрған алыс жылдардың ара қашықтығын алып жатқан аласапыран ғасырлардың аяғынан шалып, тобығынан қағып келген тосын жаудан да жаман болғанын білмейтін қазақ баласы жоқ десек, сол қазақ топырағында туған ұлы кітаптың санатындағы «Көшпенділердің» тереңнен тартқан тарихи болжамдарында да, келер ұрпаққа ескертер дара дабылдарында да бірлік ұраны алтын арқау болып тұрғанын байқау онша қиын емес.
Бірақ, тәлімдік сипаттардың ақ-қарасын ажырату үшін, оны сана сүзгісінен өткізіп, уақыт мінезімен елеп-екшеп, «заманына адамы сай» мүдделіктер арылып, тіршілік заңдылықтарының пенделік пиғылға қосқанын бағамдап, қосарын болжап отырар орта керек кез келген халыққа. Қарапайым пенденің табиғи парызынан оқ бойы алда жүрер асыл қасиеттерді көлденең көк аттының бәрінің бойынан іздеу әумесерліктің ар жақ, бер жағы болар еді.
Ілияс Есенберлин туындысындағы басты желілердің бірі де, бірегейі де, міне, дәл осы мақсат аясында көрінеді. Ел басқарған билікті төрелердің ақыл-айласы, таным-түйсігі, биліктегі парыз мүдделері, елдің ертеңін ойлауы, өткен тарихын бағамдап, болашақ ізгі мақсаттарға көз тігуі - түптеп келгенде халық тағдыры, халық тарихы дейтін ұғымдардың түп қазықтарының бірі екендігі шындық.
Автор хандық дәуірге лайық тақ таластарын әр қырынан ала отырып, шығармасын жалаң, жасанды тап тартысына құрудан бой тартады. Керісінше қазақ халқы өміріне тән рулық тартыстың астарларын ашуға тырысады. Есенберлин трилогиясында Асан қайғы, Бұқар, Нысанбай сияқты атақты жыраулардың, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды тарихи тұлғалар, аттары бүкіл қазаққа мәлім билердің, ондаған өнер адамдарының жарқын бейнелері қатар түзейді.
Әлемді тітіреткен Дешті Қыпшақтың Әбілқайыр ханның(ХVғ) кезінде ішкі - сыртқы күштердің әсерінен әлсіреп, ыдырай бастаған кезі, оның іштей ыдырап жеке хандықтарға бөліне бастаған алмағайып шағы «Алмас қылышта» қым-қуыт оқиғалар тізбегі арқылы суреттелген. Алғаш Керей, Жәнібек хандары бас болып шаңырақ көтерген қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ.
Өздеріне ерген елдің іргесі бекіп, өрісі кеңеюі үшін Керей мен Жәнібек сұлтандарға талай азулы ел билеушілермен ырғасып, жаға жыртысуға тура келді. Орта Азияның ұланғайыр жерін тоқымдай тілгілеп жеке-жеке иемденген шағын хандықтармен алысу, көшпелі алтындай біресе ол жағына, біресе бұл жағына ауысқан көне қалалар мен шұрайлы жерлер елді талай сынға салып, тезден өткізді.
Сондықтан да «Алмас қылыштағы» оқиғалар желісі тым қою, сюжеттік желісі шытырманды, бұралаңы көп. Алма-кезек ауысқан хан-сұлтандар, олардың арасындағы қым-қуыт соғыстар қаншама. Тарихи зерттеу, архивтік мәлімет, жазба құжат шежірелік деректермен салыстыра қарағанда, автордың көптеген оқиғаларды іріктеп, Әбілқайыр, Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым сұлтандар айналасына топтастыра жинақтауға тырысқанын байқаймыз.
Алайда, автордың деректік мағлұматтарды тым кірістіру мақсатынан туындаған оқылықтарды жоққа шығаруға болмайды. Халықтың жеке ел болуындағы ең үлкен және соңғы қуатты тегеуріні қазақ халқының жоңғардың жойқын шабуылына төтеп беріп, елдігі мен жерін сақтап қалу болды. Бұл нағыз Ұлы Отан соғысы, сол Отан үшін шайқастағы тұтас халықтың ерлігі еді. Бұл сипат, Отан іргесін сақтап қалу үшін болған шайқас романда бар болмысымен жан-жақты көрінеді. Тарих оқулықтарында «өз еркімен қосылды» деп түсіндіріліп келген Россия империясының қазақ даласының бағындырылу процесінің қиын да күрделі сипаты «Жанталас» романында Әбілқайыр, Барақ, Абылай сияқты әртүрлі көзқарастағы ел билеушілердің іс-әрекет, айла-шарғылары арқылы көрініс табады.
Қай заманда болсын қатыгез жүйе, қате саясаттан зардап шегетін - халық. Қандай тығырықтан да халық өзін-өзі ғана шығарады. Трилогияның алтын желісі, негізгі өзегі - қазақ халқын саясат бұғауы, шовинизм құрсауымен беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту. «Адамзаттың нағыз шын тарихын тарихшы емес, суреткер жазады» - дейді М. Горький. І. Есенберлин осы принципті ту етіп ұстап, ғылымда да сол уақытқа дейін терең сараланып бітпеген тарихтың қос қыртыс қатпарларына қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет қаламгер көзімен саяхат жасап, оқырман назарын көне тарихтың әлі ашыла қоймаған тың беттеріне аударады.
Горбачев Николай Андреевич
Жерлес жазушымыз Горбачев Николай Андреевич 1923 жылдың қыркүйек айының 13-ші жұлдызында Үлкен Нарын ауданында дүниеге келген. Қонысын жиі ауыстырған Горбачевтар отбасы Кавказдың Дербент қаласына барып тұрақтайды. Николай осында 7 кластық білім алып шығады.
Николай Андреевич өзінің алғашқы - өлең, әңгімелерін Махачкала жол - құрылыс техникумында оқып жүргенде және Ұлы Отан соғысы жылдарында жазды. Алайда, ол әдеби творчествосымен соғыстан кейін, Харьков радиотехника академиясында оқып жүргенде айналысқан.
Оның "Барлаушы", "Кездесу" сияқты алғашқы әңгімелері Украинаның облыстық республикалық газеттерінде жарық көрді.
1948 жылы Л. А. Говоров атындағы радиотехникалық академияға түсіп, 1953 жылы ойдағыдай бітірген инженер - майор Горбачев Н. А. ракета әскери бөлімінде қызмет етіп қаһарлы қаруларды сынауға қатысады. Сол жылдары Николайды "Красная звезда" газеті жұмысқа шақырады. Содан кейін осы газет бетінде Николайдың әскери әуе күштері жауынгерлерінің өміріне арналған очерк, мақалалары жарық көреді.
1960 жылдары жазушы "Москва", "Октябрь" журналдарының редакцияларында жұмыс істейді. Н. Горбачевтің 1961-1963 жылдары жарық көрген "Оралу", "Ракеталар мен қызғалдақтар", "Жұлдыздың тарту күші" сияқты кітаптары сол кезде совет әдебиетіне соны тақырыптар әкелген ерекшелігі бар шығармалар еді.
Николай Андреевич 1970-1976 жылдардағы "Тіреу нүктесін берсең", "Екпінді күш", "Ұрыс" атты шығармалары арқылы шетелге де кең танылды. Бұл романдардың әрқайсысы өзіндік бір сезімнің, үлкен ойдың әлемі, термоядролық соғыс қаупін болдырмау, әлемде бейбітшілікті сақтау проблемалары кеңінен әңгімеленеді.
1981 жылы "Ұрыс" романы М. Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығына и болды.
1975 жылы жазушы өзінің туған өлкесі Кенді Алтайға келді. Міне осы сапарда туған өлке еңбеккерлерінің Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге қосқан үлестері туралы шығарма жазу ойына келеді. Осы мақсатпен құжаттар жинау үшін одан кейін де Кенді Алтайға бірнеше соғып, жерлестерімен кездесіп, мұрағаттарда болып, өлкенің металлургия саласы жайлы мағлұматтар алуға тырысады.
Осындай көпжылдық (10 жыл) еңбегінің нәтижесінде, "Ақсу" (1985) романы дүниеге келді. Бұл романда жазушы басқа шығармаларындай адам тағдырын терең ашып, оқиғаларды философиялық тұрғыдан көрсете білді. "Ақсуды" оқыған оқырман шығармадағы ең негізгі оқиғалар өтетін Кенді Алтайдағы "Свинцовогорскінің" соғыс жылдарындағы "Лениногорск" екенін бірден түсінеді. Жазушы Свинцовогорскінің бойына гитлер басқыншыларын жеңіп шығуға зор үлес қосқан еліміздің тылындағы өндірістік қаланың бүкіл қасиетін, ерік еңбегін жинақтаған. Романның басты кейіпкерлері- соғыс басталған шақта тылдағы шешуші күшке айналған тәжірибелі жұмысшы кадрлары. Олардың өмірі "Ақсу" романында өте шеберлікпен бейнеленген.
Ақсұңқарұлы Серік
Ақсұңқарұлы Серік 1950 жылы наурыздың 29-ында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында дүниеге келген. Орта мектептi тәмамдағаннан кейiн Қарағанды педагогикалық институтында, С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттiк университетiнде оқыған. Өлеңдi 13 жасынан бастап жазған. 1986 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz