Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік



Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта үйрету технологиясы
Дамыта оқытудың тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалануДамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек , дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды , сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қоÿнбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориÿсы. Алматы, 1990.
2. Қазақстан Республикасы бастауыш білім стандарты. Алматы, 1997.
3. Көнекбаев Н. Оқыту теориясы: Мектеп мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Алматы, Мектеп, 1976.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалануДамыта оқыту жүйесіндегі
қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп
беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге
дағдыланады.

Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек , дәстүрлі
сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды ,
сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған
кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім –
ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі,
Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың
жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша
оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын
проблеманы шешуге кіріседі.

Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың
шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ
сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта
оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға
болады.

Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар
деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат
тұтатын принциптерге негізделген .

Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс
істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дамыта үйрету технологиясы

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған
академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан
төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.

- Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;

- Масаттағы айырмашылықтар

- Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

- Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;

- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

- Мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

- Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас.

Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы
оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және
практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-
жігері, сезімдерінің дамуы алынады.

Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін
ашайық.

Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған
тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.

Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы
клеткалардың бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау
әрекеті болған жерде ғана молайып, жиелей түсетіндігін, сондықтан өте жас
кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар
аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай
алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп бара-бара
жойылатындығына көзімізді жеткізеді. Ғылымда белгілі себептермен аңдар
арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауына басты
себеп осы болар.

Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға
қайта жетелейді. Мысалы: А әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не
екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не
білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор
екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың
тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен
нәтиже береді.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық
білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым
бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу,
қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы
қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың
танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз
өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз
түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты
екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін
жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз.

Дамыта оқытудың тиімділігі

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір
өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі.
(11.141)

Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс
деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
(13.56.)

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды
іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мәселелік оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясының түрлері
Пәндер