Тәрбие процесі түсінігі мен мазмұны
КІРІСПЕ
І тарау. Тәрбие процесі түсінігі мен мазмұны.
1. «Тәрбие процесі» ұғымының анақтамасы.
1.2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
1.3. Тәрбие процесінің диалектикасы.
1.4. Тәрбиеші тұлғасы.
1.5. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы.
ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
2.1. Отбасы тәрбиесі.
2. 2. Отбасылық тәрбие ережелері.
2.3. Тәрбие формалары.
Қорытынды.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қарапайым қағидасында терең сыр жатыр. Тәрбие дәл бүгінгі күні білім беру үрдісінің басты көрінісі жаңа бағдарламалармен,оқулықтармен, оқыту технологияларымен шектелген мектеп реформасының маңызды бөлігі болуы тиіс. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесі қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыруы тиіс. Қазіргі қоғам жан жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Тәлім-тәрбиенің мақсаты – баланың жасы мен жеке басының ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып салауатты ұрпақты тәрбиелеу. Қоғамдық тәрбие халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйенсе, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, игілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.
Жасөспірімдерге берілетін осы үш тәрбиенің қазіргі жағдайы қандай?
1. Рухани тәрбие. Кеңес дәуіріндегі коммунистік рухани тәрбие қазір жоқ. Оның орнына қазір халықтық педагогика негіздерін пайдалану қолға алынып жатыр.
2. Ата-ана тәрбиесі. Сабақтан тыс уақыттарында ата-ананың бақылауынсыз қалған балалар компьютер клубында немесе саябақтарда уақытын өткізуде. Бұл жастарға кері әсерін тигізеді.
3. Стихиялы тәрбие. Компьютерлік ойындар мен теледидардан, бейне касеталар мен интернеттен қатігездік пен эротикалық фильмдер көріп, батыстан келіп жатқан сорақы тәрбиенің ықпалынан кері әсер алуда. Шекара асып келіп жатқан есірткілердің де әсері аз болып жатқан жоқ. Нарық экономикасы деп жүріп жасөспірм тәрбиесіне айтарлықтай коңіл бөлінбеді. Нарық экономикасы бір қалыпқа түсті.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында «Балаларына қамқор жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, Қазақстан 2030 бағдарламасында «Ата-аналар өз балалары алдында жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы тиіс...» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған.
Баланың өсу процесінде ата-анаға деген көзқарасы үш кезеңнен тұрады:
Сәбилік кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасын сөзсіз жақсы көріп, айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады.
Бозбалалық кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан, айытқан сөздерінен кемшілік тауып, қарсы шығып, айтқанын істемеуге тырысады.
Үлкейіп ақыл тоқтатқан кезең. Бұл кезеңде баласы ата-анасын мойындап сйылап, құрметтей бастайды.
Атақты педагог А.С.Макаренко «бес жасқа дейін дұрыс тәрбие көрмеген баланы кейін қайта тәрбиелеуге тура келеді, бірақ қиын болады» деп айтқандай бала ең алдымен өз ошақ басына қарап өседі. Баланың бас ұзтазы ата-ана болып саналады. Отбасы мүшелерінің барлық қылықтары, іс-әрекеті балаға бұлжымас заң тәрізді әсер етеді.
Оқушыларды дұрыс тәрбиелеу үшін оларды жақсы білу керек. К.Д.Ушинский «Адам – тәрбие нысаны» деген өзінің күрделі еңбегінің кіріспесінде: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек», - деп жазды.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби Адамға ең алдымен
білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы деген қарапайым қағидасында терең сыр жатыр. Тәрбие дәл бүгінгі күні
білім беру үрдісінің басты көрінісі жаңа бағдарламалармен,оқулықтармен,
оқыту технологияларымен шектелген мектеп реформасының маңызды бөлігі болуы
тиіс. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесі қазіргі заман талабына сай өмірде
болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыруы тиіс. Қазіргі қоғам жан
жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Тәлім-тәрбиенің мақсаты – баланың жасы мен жеке басының ерекшелігін,
психикалық процестерін ескере отырып салауатты ұрпақты тәрбиелеу. Қоғамдық
тәрбие халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге
сүйенсе, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, игілікті
тәрбиенің негізі қаланбақ.

1. Рухани тәрбие. Кеңес дәуіріндегі коммунистік рухани тәрбие қазір
жоқ. Оның орнына қазір халықтық педагогика негіздерін пайдалану қолға
алынып жатыр.
2. Ата-ана тәрбиесі. Сабақтан тыс уақыттарында ата-ананың бақылауынсыз
қалған балалар компьютер клубында немесе саябақтарда уақытын өткізуде. Бұл
жастарға кері әсерін тигізеді.
3. Стихиялы тәрбие. Компьютерлік ойындар мен теледидардан, бейне
касеталар мен интернеттен қатігездік пен эротикалық фильмдер көріп,
батыстан келіп жатқан сорақы тәрбиенің ықпалынан кері әсер алуда. Шекара
асып келіп жатқан есірткілердің де әсері аз болып жатқан жоқ. Нарық
экономикасы деп жүріп жасөспірм тәрбиесіне айтарлықтай коңіл бөлінбеді.
Нарық экономикасы бір қалыпқа түсті.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында Балаларына
қамқор жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы
делінсе, Қазақстан 2030 бағдарламасында Ата-аналар өз балалары алдында
жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы тиіс... делініп, ұрпақ тағдыры мен
мемлекет тағдыры қатар қойылған.

Сәбилік кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасын сөзсіз жақсы көріп,
айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады.
Бозбалалық кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан, айытқан
сөздерінен кемшілік тауып, қарсы шығып, айтқанын істемеуге тырысады.
Үлкейіп ақыл тоқтатқан кезең. Бұл кезеңде баласы ата-анасын мойындап
сйылап, құрметтей бастайды.
Атақты педагог А.С.Макаренко бес жасқа дейін дұрыс тәрбие көрмеген
баланы кейін қайта тәрбиелеуге тура келеді, бірақ қиын болады деп
айтқандай бала ең алдымен өз ошақ басына қарап өседі. Баланың бас ұзтазы
ата-ана болып саналады. Отбасы мүшелерінің барлық қылықтары, іс-әрекеті
балаға бұлжымас заң тәрізді әсер етеді.
Оқушыларды дұрыс тәрбиелеу үшін оларды жақсы білу керек. К.Д.Ушинский
Адам – тәрбие нысаны деген өзінің күрделі еңбегінің кіріспесінде: Егер
педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең
алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек, - деп жазды.
Тәрбие қызметінің табысты болуы баланың ішкі дүниесіне терең еніп,
реніші мен мінез құлқын түсіне білуге байланысты болады. Баланың тыныс-
тіршілігі мен ерік-жігерін үнемі біліп отыру қажет.Н.К.Крупская Тәрбие
жұмысы туралы деген мақаласында ...педагогтар педагогиканың негізгі
ережесін ұмытпауы керек. Баланы тәрбиелеу үшін балаларды өте жақсы білу
керек... Балаларды білместен тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу
бағдарламаларын да ұйымдастыруға болмайды, - деп жазды. Жеке адамды
тәрбиелеу туралы А.С.Макаренко жеке ерекшеліктерін ескеру керек екендігін
айтты. Ол Тәрбие мақсаты деген мақаласында Жалпы алғанда, адам тұтас
тұлға деп қарасақ та, тәрбие үшін адамдар өте-мөте әралуан материал болып
табылады деп жазды. Тәрбие процесінде мектеп оқушыларының нерв жүйесінің
түрін, оның темпераментін ескеру қажет. Қызба күйгелек баланы тоқтатуға, ал
жайбасарды жасқаншақты белсенділікке ұмтылуға үйретуге тура келеді. Жекелеп
тәрбиелеу әдісі - әр оқушының ерекшеліктеріне қарай психикалық даму
дәрежесіне жақсы ықпал етеді. Әрбір оқушыны саналы тәртіпке, өзін-өзі ұстай
білуге, отаншылдыққа, ұлттық тәрбиеге тәрбиелемейінше егеменді еліміздің
саналы азаматын өсіру мүмкін емес.
І тарау. Тәрбие процесі түсінігі мен мазмұны.
1. Тәрбие процесі ұғымының анақтамасы.
1.1. Тәрбие процесі – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту
процесі.
Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу
жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдынғы нәтижелер есебінен
құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде
қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында (тәрбие
ісі) есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның
тәрбиеленушілермен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе
қалыптастыратын бүртұтас объектіні дамытады.
Тәрбие процесі көпқырлылық, иеархиалық, статистикалық өзін-өзі басқару
сияқты қасиеттермен сипатталады.
Тәрбие процесінде мазмұндық және прцесуалдық жақтары анықталады.
Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға
мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні
мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі
тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін
педагогикалық абстакциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрижесі –
тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен
дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары
болса шындықтан алшақтау қаупі туады.
1.2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.
Бұл процестің орны мен ролі тұлға қалыптастыру процесі құрылымында
тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған
тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын ала белгіленген жоспар мен
міндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие іске кіріседі. Тәрбие
– бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесі. Бұл сонымен қоса,
қоғамға қажетті әрі пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен
тәрбиеленушілердің ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бірлескен өзара
әрекеті. Тәрбие процесі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті.
Тәрбие процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен бұл процесс
мақсат-бағдарлы болып табылады. Оны ұйымдастыруда мейлінше пәрменділікке
жеткізетіні – тәрбие мақсатының тәрбиелеушіге жақын әрі түсінікті мақсатқа
айналуы. Нақты осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс
арқылы қазіргі тәрбиелеу процесі сипатталады.
Тәрбие процесі – көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген
обьективті,
субьективті факторлардың әрекеттері бұл процестің өте күрделі екенін
байқатады. Субьективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп,
тұлға қалыптастырып, өмір сүратін обьективті жағдайларды білдіре отырып,
тәрбие міндеттерін табысты шешуіне көмектеседі.
Ұйымдастырылған тәрбие іс-әрекетімен обьективті жағдайлардың мазмұны
мен бағыты қаншалықты сәйкес келе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты
табысты болады. Бұл процесті басқарушы тәрбиеші қызметі обьективті
заңдылықтармен шектелмейді. Бұл өз мәнінде, тәрбиеші тұлғаның өзіндік
бейнесін, даралық қасиеттерін, мінез-құлқын, тәрбиеленушілерге қатынасын
білдіретін өнер деп танылады.
Тұлға әртүрлі әсерлердің ықпалына түседі, жағымды тәрбие ғана емес,
түзету қажет ететін жағымсыз тәжірибені де қамтиды. Тәрбие процесінің
қиындығы, оның өзгерістері, динамикалық, қозғалмалы болуымен байланысты.
Тәрбие процесінің өзінің ұзақтығымен ерекшелінеді. Негізінен ол өмір
бойына созылады. К.Гельвеций былай деп жазған: Мен оқуды әлі
жалғастырудамын, менің тәрбием әлі біткен жоқ. Ол қашан бітеді? Менің оған
тек өлген соң мүмкіндігім болмайды. Менің бар ғұмырым ұзақ тәрбиеден
тұрады. Тәрбие процесі үшін тәрбиелік ықпал ету басталғаннан бастап, соңғы
нәтижелер арасының алыстын, ұзақтығын айқындайды.
Тәрбие процесінің тағы бір ерекшелігі – оның үзіліссіз болуы.
Мектептік тәрбие процесі – бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара
жүйелі, үздіксіз әрекеттесу процесі. Жеке бір ғана іс-шара оқушының мінез-
құлқын ерекше өзгертеді деуші тәрбиешілер қателеседі. Жұмыстың бірлігі мен
мақсаты белгіленген жүйесі қажет. Егер тәрбие процесі үзіліп қалса, онда
тәрбиеші оқушының есіне жаңадан із салуы керек және оны тұрақты әдетке
айналдыруы шарт.
Тәрбие процесі – комплексті процесс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты,
мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы
қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болғандықтан педагогикалық
ықпал ету комплексті сипатта болады. Қалыптастыру кезеңде бір қасиеттер
екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады.
Тәрбие процесінің комплекстік сипаты бірқатар маңызды педагогикалық
талаптардың ұстанымын, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара
әрекетті мұқият түрде ұйымдастырылуын талап етеді.
Тәрбие процесіне нәтижелердің бірмәнді және анық болмауы да құбылыс.
Жағдайлар бірдей болғанда да нәтижелер бөлектеніп тұрады. Мұның өзі мындай
субьективті факторларға байланысты болады: тәрбиеленушілердің жеке
өзгешеліктерінің көптігі, олардың әлеуметтік нәтижелері, тәрбиеге деген
қатынастары. Сонымен бірге, тәрбиешілер дайындығының кәсіптік деңгейі,
олардың процесті жүргізу шеберлігі де осы процестің іске асып, жақсы
нәтижелер беруіне үлкен ықпал жасайды.
Тәрбие процесі екі жақты сипаты мен ерекшелінеді. Олар тәрбиешіден
тәрбиеленушіге (тікелей байланысты) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай
(кері байланыс). Процесті басқару негізінен кері байланыс арқылы құралады,
яғни тәрбиеленушілерден түсетін ақпараттар арқылы ерекшелінеді. Осы кері
байланысты тәрбиеші неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тәрбиелік әсері де
жоғары болады.
1.3. Тәрбие процесінің диалектикасы.
Тәрбие процесі диалектикалық сипатта болып келеді. Бұл оның үздіксіз
дамуынан, динамикалық болуынан, қозғалмалы әрі өзгермелі болуынан
байқалады. Тәрбие процесі болып жатқан себептерге сәйкес дамиды. Мысалы,
оқушылардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады, сонымен
бірге әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы
мүмкін. Кейде бірдей тәрбие құралы бірдей жағдайда тәрбиеленушілерге күшті
әсер етуі де, төмен әсер етуіде кездеседі.
Тәрбие процесінің диалектикасы оның қарама-қарсылығымен, демек, ішкі
және сыртқы қарсылықтармен бейнеленеді. Нақты, осы қарама-қарсылықтар
процестің үздіксіз жүруіне күш береді. Ішкі қарама-қарсылықтар тұлғаның
барлық кезеңдерде, оның жаңа қажеттілігі мен қанағаттану мүмкіндіктерінде
көрінеді. Осы жағдайдан туындайтын қарсылық адамның тәжірибесін белсенді
толтырып, кеңейтуіне, жаңа білімдер мен құлық формаларын алуына, нормалар
мен ережелерді игеруіне итермелейді. Бұл жаңа сапалардың қай бағытқа
құтылатындығы тұлғаның іс-әрекетіне, белсенділігіне, өмірлік позицияларына
байланысты болады. Тәрбиенің бағыты – тұлға қалыптастыруды дұрыс бағдарлау,
ал мұның өзі тәрбиеленушілердің қозғаушы күштерін, мотивтерін,
қажеттіліктерін, өмірлік жоспарларын терең білу негізінде ғана жүзеге
асырылады.
Сыртқы қарама-қарсылық та тәрбие поцесінің бағыттылығы мен
нәтижесінде байқалады. Мысалы кейбір жағдайда мектеп пен жанұя арасындағы
қарама-қарсылықтар, педагогтардың кейбір талаптарына ата-ананың қарсы
әрекеті жайсыз әсер қалдырады. Сөз бен іс арасындағы қарама-қайшылықтар да
тәрбиедегі көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктерге есепші болады.
Педагогтар әсіресе, тәрбиеленушілердің ішкі талпыныстары мен сыртқы әсер
арасындағы қарама-қарсылығына көп мән берулері керек. Л.С.Рубенштейн
баланың ішкі әрекет мазмұнына қырағылық танытылмаса, педагогтың іс-әрекеті
үмітсіз формализмге ұшырайтынын баса айтқан. Соңғы кездерде тәрбиешілер
жұмыстарында тәрбиеленуші дайындығында педагогикалық талаптардың сай
болмауы көп қиыншылықтар туғызып жүр. Егер тәрбиеленушінің дайындық деңгейі
қойылған талаптардан көп төмен болса, онда талаптар қойылмайды, өзгеріске
келтіріледі.
1.4. Тәрбиеші тұлғасы.
Тәрбиенің ең маңызды субьективті факторы – бұл тәрбиеші тұлғасы.
Адам жанының кейбір нәзік тұстарын, тәрбие процесімен ілесе жүретін
мыңдаған үлкенді-кішілі өзара ықпал-әрекеттерді қамтудың мүмкіншілігі аз.
Мұндайда пәрменді тәрбиенің аса маңызды шарты – тәрбиеші тұлғасы.
Қазіргі тәрбиелеу процесіндегі тәрбиешінің рөлі тәрбиелік әсердің
бәрін өзіне бұрып, процеске жетекшілікті өз қолына алу емес, керісінше,
оның ұйымдастырушылық және бағыттаушылық күшінің мәнділігі мен ондағы
демократизмнің, шығармашылық еркіндіктің көптігімен байланысты. Тәрбиеші
маңызды табыстарға нақты жүргізіліп отырған тәрбие процесінің жағдайын
ескере отырып, өзінің тәрбие жұмыстарына дұрыс талдау жасап, олардан дұрыс
шешім шығарғанда ғана қол жеткізеді.
Авториталды педагогиканы туындатқан төмен кәсіптік деңгей
тәрбиеленушілердің тәрбиешіден бөлініп қалуына басты себеп болды.
Педагогикалық жаңаша қатынас жасау мектепті демократизациялау және
гуманизациялау идеяларын негізінде іске асады., сонымен қоса балаға
қамқорлық, сүйіспеншілік және рақымшылдық сияқты қарапайым адамдық
сезімдерді түзету негізінде мүмкінщік туады. Сондықтан қазіргі тәрбиешінің
негізгі міндеті де тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалға дайындап,
ыңғайластыруға байланысты. Педагогикалық позицияның өзі де тәрбиеленушіге
білінбейтін, жасырын, әдепті болуы қажет. Педагог бала жанының төбеден
бақылаушысы болмай, оны достық пиғылмен тәрбиелеп өсіруі қажет.
1.5. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы.
Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті
өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы
анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады.
Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие процесі талаптарымен құрылған мынадай
жүйелері белгілі: тәрбие процесі мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту
жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-
әрекетінің қолданылатынәдістері мен формалары, процестің даму кезкңдері
және т.б. солардың кейбіреулерін қарастырайық:
Мақсаттық талап тәрбие процесінің құрылымын шешуге бағытталған
міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие
процесінің бағыттары мынадай:
- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны
біртұтас қалыптастыру;
- азаматтыз құндылықтар, әлеуметтік бағдарлы мотивация, ақыл-ой,
эмоционалдық және еріктік үйлесімді ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік
сапаларын қалыптастыру;
- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер т.б. қоғамдық құндылыққа
қатыстыру;
- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен
міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік
талптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қазағушылығын
дамыту;
- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-
әрекет ұйымдастыру;
- тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты
іс-әрекет ұйымдастыру;
- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік
іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.
Келесі құрылым тәрбие процесінің негізгі сатыларын тәрбиелеуге
негізделеді. Бұл сатылар – қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне
бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі. Құрылым ТП
бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:
- қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі;
- білімнің сенімділігі;
- сезім қалыптастыру;
- іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.
Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін анықтауға негізделеді,
бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процестің жүруінің пәрменділігін
қамтамасыз ететін бірліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге
негізделеді: а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсаттарын қамтитын
процесті жоспарлау; б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық
(ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтік); рухани
(эмоционалды-сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-
әрекеттерді ұйымдастыру; в) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекетінде
тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу; г) жоспарланған
және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар
шығару, жіберілген қателер мен қол жеткізетін жетістіктерге талдау
жасау.
Тәрбие процесі кезеңдерінің өлшем шектері ретінде педагогикалық
әрекеттің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда
мынадай бірліктер пайда болады:
1) жалпы нормалар мен талаптармен танысу;
2) қарым-қатынас қалыптастыру;
3) көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;
4) тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.
Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесі – нормалдық қалыптағы тұрақты
мінез-құлық әдеттерін баулу. Әрекеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез
бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.
2. Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән мағынасы. 30 бет
Тәрбие мәнін дәлірек топшалау мақсатымен американ психологы және
педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі
мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді
өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз. Ал енді осы
өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере,
К.Маркс Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық
болмысты игеру жолдарымен іске асады- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені
өсіп келе жатқан әулеттің адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-
жабдығы деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық
болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық
ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі
құрылым бірліктерін қамтиды: 1) адамдардың табиғат және қоғам жөнінде
жасаған білімдерінің жиынтығы; 2) еңбектің әрқилы саласында қажет
ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері; 3)
әлеуметтік, рухани қатынастар.
Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен
жалғасатындықтан білімдер де, тұрмыстық епіліктеп мен дағдылар да, сондай-
ақ ғылыми жэне көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да
адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани
қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз игілігіне
айналдырып, меншіктеп алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл затты ақыл-
саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға
бағышталған іс-әрекетті (еңбекті, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-
эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып,
бұрыңғыдан да дамынқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жертізуге боршты.
Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық
тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осындай
тәрбиенің негізгі қызметі – жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын
заттықтан саналыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі
қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттерді
өзі баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу. Бұдан
тәрбиенің терең астарлы күші үгіт насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды іске
бағдарлауға емес, ал оның өзін жеке адамдық қасиеттерін қалыптастыратын
қоғандық тәжірибенің әр түрлі талаптарын игеруге, пайдалы қызметке қосуда.
Педагогика үшін және бір маңыздысы – жеке адамдық даму тұлғаны
тәжірибе игнеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол
сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген
қатынасына байланысты.
Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттігі
белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие.. мысалы сынып
пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан
көмек болуы мүмкін.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың
белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және
шынайы адамгершілік қатынас қажет.
Келтірілген пікірлер, біздіңше, тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі
түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін. Сонымен,
тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен
дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани
қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы
әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық
процесс.
Тәрбие заңдылықтары туралы түсінік.
К.Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану
өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін
жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерді туындататын ғылыми негіздерді
зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған
психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс-әрекетіңді сол заңдарға және
оларды қолданатын жағдайларға орайластырған жөн. Тәрбиенің астарлы терең
заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Өмір
шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі
қайшылықтарды тану ғана белгілі бір дәуір тәрбиесіндегі күнделікті
шараларды іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғыдан басқарудың
теориялық-әдіснамалық негізін бере алады.
Сонымен, тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мәні: орындалуы
жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік
процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай
заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға және ол
іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады.
ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
1. Барша тарих кезеңдерінде тәрбие обьективті-қоғамдық қажеттіліктен
туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.
2. Тәрбиенің мақсаты мазмұны және тәсілдері біртұтас байланыста, бір-
бірінсіз нәтиже бермейді.
3. Біртұтас педогогикалық процестегі оқу мен тәрбие (тар мағынадағы)
өзара кіріге ұштасқан.
Келтірілген заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін
құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске
асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына
кіретіндер:
1.Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс-әрекетке қосу
барысында орындалады.
2. Тәрбие – ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін
арттыруға ықпал етуші фактор.
3. Тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-
құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті.
4. Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс
қуанышына ере білуге көмектесу.
5. Тәрбие барасында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды
орынды пайдалану қажет.
6. Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру
орынды.
7. Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.
8. Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық
мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.
Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды
тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Отбасы тәрбиесі.
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшлік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса,
екінші тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде юолатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да дос-жарандары да,
отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлғанын қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен
отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы
ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің
өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоктық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі
келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да
сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасығаүлкен
назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халқтық және ұлттық
үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерін тайқу, шектен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,
ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бәрі де
отбасындағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесік. Осында, Азамат қалыптастырамын
десең, бесігіңді түзе - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күшті. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа
қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік,
моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше
шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасында бастау алады,
қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлуметтік қызметтері – азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет
заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін
жетілдіру;
- отбасының кәсіп таңдауға тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға
болады:
1. Көптеген еңбеккор отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әцел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында,
жанұяда ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан
болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің
белең алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру
бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес:
тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
тәуелділігі обьективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз.
Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның
жанпидалылығын күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы
ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер
едік:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру, әміршіл-
әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың
заманы өтті – алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл
мұғалім жан дүниесімен сәулелегеннен қайырымдылық, мейір, нақты көмек,
ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу
беріп, өз перзентінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат
етер кәміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп
пен мұсылмандық тәрбие ошағы – мешіттің ықпалдарын біріктіру әрі осы
ықпалдарды жалпыланған қызмет түріне шашыратпай, нақты отбасының
проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде-ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар
жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырылымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен
мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы
болған жөн.
Атам қазақ басынан талай ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның
кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілердің, ғұлама
ұстаздардың болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы
ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса, дамып бару.
Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ олардың
нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс.Ал ондай
шешімдерді ата-аналар есіне отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұл
тартыстарын тереңнен түсінетін педпгогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.
Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектеп мен балалар
арасында кезігетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz