Түркі тідерінің салыстырмалы грамматикасы


Жоспар
Кіріспе.
1. салыстырмалы -тарихи зертеулер.
2. Түркі тідерінің салыстырмалы грамматикасы.
Қорытынды.
Әдебиеттер
1. Қайдаров. Ә. Түріктануға кіріспе. -Алматы, 2001.
2. Қордабаев. Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. -
Алмата, 1999.
3. Исаев. С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы, 1996.
4. Қарабаев. Т. Түркология және қазақ тіл білімі. -Алматы, 1998.
5. Аханов. Қ. Тіл білімінің неғіздері. -Алмата, 2000.
6. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы., 1992 ж.
Кіріспе.
Грамматикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі жалпы салыстырмалы-тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық грамматикалық категорияның түп негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды. Алайда сөз түрлену үлгісі көбірек зерттелініп, көбірек сөз болып келеді. Сөз тудырушы жұрнақтардың зерттелу дәрежесіке келсек, бұларға қарағанда әлдеқайда күрделірек.
Түркі тілдерінің барлығында да септік жалғаулары бар, бірақ мағына және сан жағынан бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде жеті септік бар, басқа тілдерде (өзбек, қарақалпақ, ноғай, қүмық, татар, башқұрт, әзербайжан) алтау болса, тува тілінде жетеу; чуваш, якут және хакас тілдерінде сегіз. Неге олай? Қейбір түркі тілдерінде, септік формасы сан жағыңан сәйкес келге-німен іштей ерекшеленіп жатады. Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс септіктері барлық түркі тілдерінде кездеседі. Көмектес септігі қазақ тілінде ғана кездессе (-мен), құралдық септік (орудительный) хакас тілінде (-нақ), чуваш, татар тілінде (қосымшасы -была, -биле), шор тілінде (қосымшасы -ба) т. б. кездеседі. Көмектес, қүралдық септіктердің білдіретін мағыналарында кұ-ралдық, бірлестік мағына болғанымен олардың қалыптасу жолы бірдей емес. Э. Р. Тенишев сары ұйғыр тілінде салыстырмалы (сравнительный) септіктің бар екендігін көрсетеді: күндег (күндей), таудағ (таудай) т. б. Бірақ дәл осындай қосымшаны өзбек тілшілері септік жалғауы демей, сын есімнің сөз тудырушы жұрнағы деп қарайды.
Септік жалғаулары - ертеден-ақ келе жатқан категория. Академик А. Н. Кононов Орхон-Енисей жазуында он бір септіктің болғандығын көрсетеді: 1) Атау (основной), 2) табыс (винительный), 3) барыс (дательный, местный), 4) жатыс (местный-исходный), 5) шығыс (исходный), 6) құралдық (инструментальный), 7) ілік (родительный), 8) бағыттық (направительный), 9) орындық (местный-направительный), 10) барыстық-бағыттық (дательно-направительный), 11) шектік (дательный-предельный) .
В. Г. Кондратьевтің зерттеуі бойынша Орхон-Енисей ескерткішінде 9-ақ септік бар .
Орхон-Енисей жазуындағы септік жалғауларын (қазіргі) түркі тіліндегі септіктермен салыстырып қарасақ, араларында айырмашылық байқалады. -Ғару, // -геру, -ару// -еру қосымшасы қазір септік жалғауы ретінде қолданылмайды. Қазақ тілінде ішкері, тысқары, жоғары, ілгері сияқты сөздердің құрамында сақталып, жеке қосымша ретінде танылмайды. Хакас тіліндегі осы қосымшаның ықшамдалған түрі -ғар// -гер үстеулік мағына білдіреді .
Кене түркі тілінде құралдық септік те болған. Ол қазіргі түркі тілдерінен тек қарайым, шор тілдерінде ғана сақталынған, бірақ олардың қосымшалары Орхон-Енисей жазуындағы құралдық септікпен сәйкес келмейді. Көне түркі тілдерінде құралдық септік -ы// -ын// -ін қосымшасы арқылы жасалып, ол қазіргі қазақ тілін-дегі кемектес септігімен мағына жағынан сәйкес түсіп: 1) тұтастықты, 2) біргелікті, 3) қимылдың орындалған уақытын, 4) қимылдың орындалу аясын т. б. білдірген. Бұл қосымша қазақ тіліне қысын, жазын сияқты бір-екі сөздің құрамында ғана сақтаған.
Кейбір септік жалғаулары тарихи даму процесінд° әрі тұлға, әрі мағына жағынан сараланған. Мысалы, ілік септігі қазіргі түрхі тілдерінде -ның// -нің қосымшасымен қатар -ың// -ің [түрікмен, гагауыз, әзербайжан], -ны// -ні [құмық, қарашай-балқар] тұлғасында да қолданылады. Әрине, бұлардың бір негізге барып саяры анық. Сонда бұлардың қайсысы әуелгі? Ғалымдардың
кепшілігі ың формасы көне де -ның тілдің кейінгі даму сатысында септеудің тәуелді түрімен байланысты пайда болған құбылыс деп есептейді.
Көптік жалғауларының тарихы мен қазіргі қалпы да салыстырмалы-тарихи зерттеулерге арқау болып келеді. Қазіргі түркі тілдерінің бәрінде-ақ -лар// -лер қосымшасы қолданылады. Тек чуваш тілінде ғана көптік мағынаны -сэм морфемасы береді. Әрине, көптік мағына беретін одан басқа да морфемалар бар, бірақ олардьщ қолданылу жиілігі -лар мен -сэм морфемасындай емес. -Лар қосымшасының түркі тілдерінде бірнеше фонетикалық варианты кездеседі: -лар// -лер, -дар// -дер, -тар// -тер, -ла// -ле, -сар// -тар// -дар// -рар// -нар// -ар// -на т. б. Бірақ олардың саны үндестік заңына байланысты әр тілде әрбасқа.
Қөптік жалғауының тарихы мен этимологиясы тувалы салыстырмалы-тарихи зерттеулерде түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. -Лар// -лер қосымшасын Г. Рамстедт моңғол тіліндегі -нар қосымшасымен байланыс-тырса, А. Н. Кононов, Б. А. Серебренников, К. Менгестер -ла және -р элементтерінен құралған деп санайды. Үшінші бір топ ғалымдар -лар түркі тілдеріне басқа тілдерден енген деген жорамал айтады. -Лар қосымшасының этимологиясы әлі де зерттей түсуді талап етеді.
Барлық жазба ескерткіштер тілінде -лар қосымшасының негізгі қызметі көптік мағынаны білдіру болса да, кейде ол қосымша мағыналық реңкке де ие бола береді. Осындай мағыналық реңктің бірі - белгісіздік. Мәселен: Сендер адам боламын дегенше талай бастар ағарып, талай сулар ағар. Ол Алматыға барып қайтты. Адамдарға сөз айтпау керек екен. Нақ осындай белгі-сіздік мағына басқа түркі тілдерінде де кездеседі. Қөптік жалғауының тағы бір мағыналық ауытқуы - құрметтеу мағынасын білдіруі. Сенің бұл сөзіңе апамдар не дер екен? Кейде ол жалпылау мағынасында да қолданылады: жүре-жүре аяқтарым ауырды, т. б. Өзбек тілінің бір ерекшелігі - етістік көптік жалғауын қабылдап, құрметтеу мағынасын білдіреді: кумак бердилар, айтсынлар, барсалар т. б.
Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп мәселелер қарастырылады. Соның бірі - етістіктің түбір тұлғасы. Есімдер мен етістіктердің түбір тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер де бар. Бүл теорияны қолдаушылар-Ж. Дени, Қ. Гренбек, Қ. Броккельман, кеңес ғалымдарынан Э. В. Севортян, Н. А. Баскаков, А. М. Щербак, Б. М. Юнусалиев т. б. Тілдің ұзақ даму процесі көп сөздердіқ мағынасы мен тұлғасын өзгертіп, араларын алшақтата беретіні рас. Осы тұрғыдан алып қарағанда түркі тілдер қүрамында есім мен етістіктердін. омонимдес тұлғасының мол болғандығын көреміз. Кейде түркі тілінің біреуінде есім мағынасында Колданылып жүрген сөз екіншісінде етістік мағынасында қол-данылуы таңданарлық жағдай емес. Салыстырыңыз: казақша жүк, якутша сүк (повалить себе на спину) ; қазақша сасы~, түрікше зазі (вонь, гнилой) ; қазақша шат (бір нәрсені екінші нәрсемен шатыстыру), татарша чат (перекресток) . Бұл сияқты синкретті түбірлер бір тілдің өз ішінде де кездеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі кәш (көш жүре түзеледі дегендегі есім сөз), көш- (көшіп-қону) ; ой (шұңқырша), ой- (қазу мағынасында) ; ық (үйдің жел тимес жағы), ық- (желдің бағытымен кету) сияқты түбірлер.
Синкретизм мәселесі де салыстырмалы-тарихи тәсілді кенінен қолданып, біз үшін әлі де белгісіз құпия сырын аша түсуге болатын құбылыстар қатарына жатады.
Етістік категорияларының салыстырмалы-тарихи зерттеулерде ен көп сөз болатын мәселесі - шақ категориясы. Шақ категориясыз бір де бір тіл жоқ. Бірак олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей емес.
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шаққа [өт~ кен, осы, келер] ие болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жігі онша айқын болмаған. Сондықтан да Қ. Фой, В. Банг, А. П. Поцелуевский, М. Н. Хыдыров т. б. оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан XIII-XIV ғасырларда ғана ажыраған дейді. Көне түркі тілінде, мәселен, А. Н. Кононов осы шақтың бір ғана ауыспалы осы шақ (настоящее-будущее) түрін ғана атаса Ғ. Айдаров екі түрі (настоящее-конкретное, настоящее-переходное) бар деген пікір айтады (5, 219) . А. М. Щербак X-XII ға-сыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне сүйене отырып нақ өткен шақ [-ды// -ді, -дук// -дүк] келер шақ [-ғай// -гей; -ға// -ге\\ ауыспалы осы шақ [настоящее-будущее], белгісіз келер шақ [будущее неопределенное: -ар// -ар, ежелгі өткен шақ (давнопрошедшее неопределенное: -мыш// -міш, нәтижелі өткен шақ (прошедшее результативное] бар деп көрсеткен .
Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өрбігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық Қосымшалар түбір сездермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді-кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі -ады// -еді қосьшшасының -а турур//-е турур аналитикалық формасынан -ыпты// -іпті қо-сымшасының -ып турур// -іп турур аналитикалық формасынан; -атын -етін қосымшасының -а турған// -е тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығың ғылымда дәлелденген. Бірақ -ды// -ді (өткен шақ), -ар// -ер (келер шақ), -са// -се (шартты рай), -қыз// -кіз -тыр// -тір, -ық// -ің (етіс) қосымшалары жеке түбір сөздерден өрбіген деген пікір дәлелді деуге келмейді. Сондықтан да А. А. Кононов қосымшалардың пайда болуында екі түрлі жол бар дей келіп, оның бірінші жолы - фузия [кірігу], екіншісі - түбір сөздердің да-ми келе қосымшаға айналуын көрсетеді .
Түркі тілдерінде кемекші етістік деп аталынатын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына өткендігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың грамматикалану жолын, сөзден - қосымшаға айналу эволюциясын тіл фактілері негізінде түгел анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи-са-лыстырмалы әдіске тікелей байланысты.
Түркі тілдерінде синкретті қосымшалар да баршылық. Солардың бір тобы амалдың өту сипатын білдіре-тін қосымшалар: -мала// -меле, -ыңқыра/ -іңкіре, -қыла// -кіле, -ала// -еле, -ыла// ~іле, -ымыра// - іміре т. б. Бұл қосымшалардың мағынасында қимылдьщ бірнеше қайталанғандығын білдіретін мағыналық реңк бар. Бұларды тарихи-салыстырма материалдарға негіз деп, екі, не үш морфемадан тұратындығын дәлелдеуге болатын сияқты.
Етістіктің өлі қосьшшалары да салыстыра зерттеуді талап етеді. Олар, әдетте, күрделі қосымшалардың ықшамдалуы негізінде жасалған. Мысалы, өткен шақтың -ды// -ді қосымшасы көне есімшенің -дұк// -дүк формасынан, шартты райдың -са// ~се қосымшасы -сар// -сер қосымшасының ықшамдалуы негізінде қалыптасқан.
Етіс қосымшаларының салыстырмалы-тарихи зерт теулерге берері мол да, анықталуы қажет сырлары да көп. Ең алдымен, етіс қосымшаларының қазіргі түркі тілдеріндегі мағынасы мен қызметін анықтап алу қажет. «Етіс қосымшалары өздері қосылған түбірге қандай лексика-грамматикалық мағына жүктейді, сөз бен сездің синтаксистік байланысын қалай езгертеді?» деген мәселенің әзірге толық шешімі табыла қойған жоқ. Сондықтан да бір топ тілшілер оларға «сөз түрлендіруші», екінші тобы «сөз тудырушы» деп қарайды.
ТүркІ тілдерінін. синтаксисін салыстыра зерттеу соңғы жылдары ғана қолға алына бастады. Бұл салада да толып жатқан басы ашылмаған мәселелер бар. Тілдің дамуы сөйлем құрылысының жетіле түсуіне жағдай жасайтыны белгілі. Сөйлем құрылысының жетілуі оның құрамындағы сөздердің өзара байланысу тәсіліне, олардың мағына түрлеріне қатысты. Бірақ бұл категориялар тілде өте баяу дамиды. Қазіргі күнде кездесетін сез тіркестерінің барлығы да Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінде қолданылған, айырмашылығы тек олардың жиілігінде ғана. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде изафеттің үш түрі де [темір жол, алма ағашы, студенттің кітабы) қолданылады.
Қазіргі түркі тілдерінде меңгеріле байланысу тәсілі өте дамыған. Бұл тәсілдің қолданылу жиілігі де басқаларынан артық. Оның дәл осы ерекшелігі Орхон-Енисей дәуірлерінде де байқалады.
Қөне түркі тілі ескерткіштерінде жай сөйлемнің түрлері мол қолданылған да, құрмалас сөйлемнің түрлері сирек қолданылған. Бүған Орхон-Еиисей жазуларының стильдік ерекшеліктері де себеп болуы ықтимал. Түркітануда көне түркі тіліндегі сөйлемдерді баяндауыштарының қай сөз табынан жасалғандығына қарай есімді және етістікті сөйлемдер деп бөлу дәстүрі бар.
Көне жазу ескерткіштері тілінде сөйлемнің баяндауышы кейде құрама болып келеді де, олардың көмек ші сыңары бол, ар, турур сияқты сөздерден түрады. Қазіргі түркі тілдерінде де кұрама баяндауыштың осы үш түрдің үшеуі де кездеседі.
Құрмалас сөйлемнің бүгінгі түрлері де негізінен көне түркі жазескерткіштері тілінде де кездеседі. Егер ертеде қүрмаластың қүрамындағы жай сөйлемдер өза-ра дауыс ырғағы арқылы, шылаулар арқылы құрмалас-қан болса, қазіргі түркі тілдерінде де осы қасиет сақталған деуге болады.
Бұдан біз тілдің грамматикалық кұрылысының өте баяу өзгеретіндігін анық көремі сөйлемнің басқы шетіне шығарады; д) халық тілдерінде түсіндірмелі (относительное) есімдіктер жоқ, сондықтаі олар арқылы қалыптасатын сабақтас я саласас түсіндірмел сөйлемдер де жоқ. Әдеби тілде (жазба тілде) ондай сөйлемдердің орнына сөйлемге ұқсас конструкциялар - сөз тіркестері қолданылады. Түркі тілдерінің сөздеріне ғана тән оларды басқа тілдерден ерекшелейтін өзгешеліктер, түркологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда осылар
Салыстырмалы грамматика, оның бір саласы салыстырмалы фонетика салыстыру әдісін тілдердің арсалдық шектелісімен толықтыруды қажет етеді. Салыстыру әдісін қолдану зерттелетін тілдердің генетикалық туыстығығ мойындаудан келіп туады. Белгілі бір тілдер тобының бір ғана негізден немесе бір-біріне жақын негіздерден тарағандығын дайындау арқылы оларды өзара салыстыра зерттеудің объективтілігі келіп шығады. Бір-біріне жақын, туыс деп танылған тілдерді арелдық әдіспен зерттеу мұндай тілдердің қалыптасу, даму барысында өзара әсері болатындығын мойындаудан келіп шығады. Түркі тобына жататын тілдердің бір-бірімен жақындық дәрежесі әр түрлі: бір тіл мен екінші тілдің бір-біріне жақындығы, ұқсастығы үшінші бір түркі тілімен салыстырғанда айқындалады. Өйткені, алдыңғы екі тілдің бір-бірінен жіктелуі, үшінші тілмен салыстырғанда кейін болған құбылыс. Айталық, қазақ тілі мен қарақалпақ тілі өзбек тілімен салыстырғанда бір- бірімен ұқсас, жақын. Өйткені, олар қыпшақтық негізден тарағандар. Ареалдық әдіс жақын туыстықтың негізінде қальщтасқан ұқсастықтарды емес, көрші орналасу нәтижесінде пайда болған ұқсастықтарды зерттейді. Мысалы, Орта Азияда орналасқан түркі тілдерінің бір-біріне ықпалын зерттеу - ареалдық әдістің міндеті. Орналасу ретіне Қарай ареалдық лингвистикаға бір-біріне өте жақын тілдермен қатар, бір-бірінен біршама алыс тілдер де зерттеу объектісі болады. Орта Азиядағы түркі тілдерінің бір-біріне жақындық, ұқсастық дәрежесі әр түрлі: қазақ, қарақалпақ тілдері бір-біріне өте жақын болса, өзбек, түрік мен тілдері біршама алыс. Бірақ замандар бойы шектес территорияда өмір сүру жиі араласуды қажет етті. Сон-дықтан аталған тілдердің қазақ тіліне ықпалы, айталық, қыпшақ тобындағы башқұрт тіліне қарағанда көбірек болды. Соның салдарынан олардың құрамында ұқсас белгілердің қалыптасуына алып келді. Салыстырма зерттеуде ареалдық әдісті қолданудың қажеттігі осындай жайлармен айқындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz