Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдалану


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

АНДАТПА

Дипломдық жоба 4 бөлімнен тұрады:

- Техника - технологиялық бөлімінде жалпы кен орнының геологиялық және экономикалық жағдайлар, сондай-ақ ауданның геологиялық зерттеу жұмыстары және игеру тарихы, мұнайгаздылығы қарастырылған. Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісіне талдау жасалған, ұңғыма қорларының өзгеру динамикасы көрсетілген. Сондай-ақ кен орнында қолданылатын су айдау әдістері және пайдалынылатын су көздері кеңінен ашылып, аймақтап су айдағанда шығымды анқталды.

- Экономикалық бөлімінде қарастырып отырған кен орнының МГӨБ - ұйымдастырудың сипаттамасы, кен орнының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізіліп, су айдауды енгізуден түсетін экономикалық тиімділік есептеген.

- Еңбек қорғау бөлімінде кен орны бойынша қауіпті және зиянды факторларға талдау жасалып, өндірістік санитария толығымен есептелген.

- Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде атмосфераны, гидросфераны ластайтын көздер ретінде технологиялық үрдістерге талдау жасалған. Сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау жөнінде шаралар қарастырылған.

Мазмұны

андатпа . . . 4

Кіріспе3

1. 1. Геологиялық және экономикалық жағдайлар. 5

1. 2 Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы. 6

1. 3. Стратиграфия7

1. 4 Тектоника10

1. 5 Мұнайгаздылық12

1. 6 Жер асты сулары

2 Технологиялық-техникалық

2. 1 Құмкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөнінде

қысқаша мәлімет.

2. 2 Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау

2. 3 Ұңғыма қорларының өзгеру динамикасы

2. 4 Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі25

2. 5 Кен орнындағы қолданылған су айдау әдістері

2. 6 Қабатқа су айдау үшін пайдаланатын су көздері30

2. 7. Суды дайындаудың техника және технологиясы33

2. 8. Аймақтап су айдағанда шығымды анықтаудың есебі38

3 Экономикалық бөлім

3. 1 “Құмкөл мұнай” МГӨБ-ң ұйымдастырудың сипаттамасы46

3. 2 Техникалық басшылық органдары48

3. 3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді талдау49

3. 4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау50

3. 5 Суық су айдауды енгізуден түсетін экономикалық есебі51

4 Еңбекті қорғау

4. 1 Өндірісте қауіпті және зиянды факторларды талдау. 56

4. 2 Қорғану шаралары. 57

4. 2. 1 Өндірістік санитария. 60

4. 2. 2 Өрт - жарылыс қауіпсіздігі64

5 Қоршаған ортаны қорғау65

5. 1 Қоршаған ортаға тасымалдау және газ мұнай өңдеу66

технологиясы әсерінің негізгі факторлары. 66

5. 1. 1 Атмосфераның ластаушы көздері ретінде технологиялық үрдістердің анализі. 72

5. 1. 2 Топыраққа және жер қойнауына әсер етуі. 74

5. 2 Ұйымдастыру шаралары75

5. 3 Атмосфераны қорғауды қамтамасыз ету76

5. 3. 1 Гидросфералы және литосфераны қорғау77

5. 3. 2 Өндірісте газбен жұмыс жасайтын двигательдердің зияндығы79

Қорытынды81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі83

Кіріспе

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.

Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсібтердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.

Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарында өте бай мемлекеттердің бірі.

Осы «дипломдық жобадаң негізі болып отырған Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің "Южқазгеология" ГӨО-дегі Оңтүстік- Қазақстан экспедициясы мен ашылады.

Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатындағы өнеркәсіптік мұнай газдылығын растады.

1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланстық 153208 мың. тонна алынатын 89442 мың. тонна болып мұнай қоры бекітілді.

Соңғы мәліметтерді қолдана отырып, су айдауды енгізуден түсетін экономикалық тиімділігін есептедім.

Ұсынылып отырған диплом жобасы Құмкөл кен орнын игеру талабына сәйкес «Құмкөл мұнай кен орны І-кешенінің нұсқаның ішінен су айдау әдісімен игеруге» арналған.

1. ТЕХНИКА-ТЕХНАЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Кен орын туралы жалпы мағлұмат

Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған обылысы Жезді ауданында орналасқан Жақын елді-мекен теміржол шоғыры жосалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық обылыстары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда- Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді. Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғары бор су қабатынан алып пайдаланылады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су ұңғымасынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнынан тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде бұл жолменен барлық көліктер түрі емін-еркін жүре алады. Ал, қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналасқан, негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр.

Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +30 0 , +35 0 с ыстық, қыста -38 0 , 40 0 аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.

Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғымасы бұрғыланған.

Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.

1. 2 Кен орынның геологиялық құрлымы.

Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы Палеозой шөгінділерімен байланысқан. Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтермен негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы: 1:5 және 1:2 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу- Сарысу депрессиясымен аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінінің жұмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геологиялық зерттеулер жұмыстар нәтижесінде Юра-триас грабень синклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдіге жатады.

Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-к құрылымдық ұңғымасында, сонымен қатар 2-к Арысқұм көрсеткіш ұңғымасында, ал неоком шөгінділеріндегі 15-қ құрылымдық ұңғымасында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Турландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі аудан аймағындағы осы ұңғымадан 1983 жылы адымымен 4 километр сейсмопрофильді іздестіру жұмысы атқарылып Құмкөл ойпаты болады.

Осы жылы қосылған ІІІ шығыстырылған горизонт ойпатында І- іздеу ұңғымасында бұрғылау жұмысы басталып осы процесстерінде кейін 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы неоком шөгінділерінен алғашқы мұнайдың атқылау ағысын алды, ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде Юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды.

Іздеу барлама жұмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылы Құмкөл кен орнын төменгі неоком, жоғарғы және ортаңғы Юра шөгінділерінде мұнай бар екені анықталды. Турандық геология- геофизикалық экспедициясы тексергенде Құмкөлдің өз ойпанынан ойпан пайда болып, оны Солтүстік Құмкөл деп атаған. Келешекті бұрғылау жұмыстары анықталады, ол жалғасып жатқан Солтүстік переклиналы болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдық қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелерінің Құмкөл кен орнымен қиылысатын жері өнімді қабат болып табылады. Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстарын бастап, қосымша оның өңдеу жұмыстарын бірге атқарды.

Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қантар айының бірінші жұлдызынан бастап Құмкөл мұнай бірлестігіне МГӨБ қарамағына беріліп өздігінен жекеше болып саналады.

1. 2. 1 Стратиграфия

Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайнозой шөгінділерімен көрсетілген.

Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой, кайнозой екі құрылымдық қабаттарға бөліктелінеді. Бөліктелінгендер аймақтық стратиграфияға келіспейді. Жоғарғы юралық және бор.

Юра жүйесі-J

Ортаңғы бөлік-J 2

Ортаңғы Юра шөгіндісі дощан ұңғымасына (J 2 d) бөлінген, олар қабаттасқан түрде, сұр аргелиттен құралған. Свитаның ермегіндегі бөлігінде жиі кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргелит қалыңдығы 12-ден және 56 метрге дейін, ал заты мұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 метр аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю- ІV горизонты тыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады.

Оңтүстік-батыс бөлігіндегі шөгінділеріне дощан свитасына толық қосылады. Ол оның қабатының қалыңдығы 219 метрге жетеді.

Арысқұм ойпатының грабень синклиналды свита құрылысы сазды болып, оның қалыңдығы 502 метрге дейін жетеді.

Бор жүйесі-К

Құрылымдық бұрғылау кескінінің мәліметтері бойынща бор шөгіндісі кен орнында және ауданда бөлінеді, даул және Қарашатау свитасының төменгі бөлігі, балапанның жоғарғы бөлігі және турансенон болып бөлінеді.

Төменгі бөлік-К 1

Неоком ярус үсті (К. Н. С) неоком ярусшасы даул свитасына бөлінген.

Аумақтық жылжуымен жатады және Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуына келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөліктенеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқұм горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей құммен және қоңыр сазды қабатта карбонатты алевролит және саздан құралған.

Өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналатын төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалыңдығы 113-163 метр. Бұл өнімді арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы қимасында біркелкі құм, қызыл түсті саз жынысты болып, ал жоғарысында сазды болып құралған.

Апт-альб ярусы (К -аlч)

Апт-альб шөгіндісі жуылып даул свитасында жатыр және қарашатау свитасына біріккен. Свита әлсіз цементтелген, сұр және әртүрлі түсті құмтастан тұрады. Свита қалыңдығы 250-350 метр.

Төменгі жоғарғы бөлік К 1-2

Альб-сеноман ярусы (К а l 3 -6) . Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау свитасында жатыр және қызылқия свиталарына бөлінген, бұлар әртүрлі түсті саз алевролитінен құм, құмтас қабатшасынан және саздан құралған свита қалыңдығы 87-168 метр.

Туран ярусы (К 2 t) . Туран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Ол қызылқия свитасына трансгресситі жатыр және сұр құмтаспен, жұқа көлденең қабаттардан жинақталған.

Свита қалыңдығы 82-ден 150 метр шегінде ауытқуынан тұрады. Мұнда көмір қалыңдығы және гладконт дәні бар. Жоғарғы туран-төменгі сенон (К 2 t 2 -S n2 ) . Бұл шөгіндінің қалыңдығы жуылып балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша әртүрлі түсті ала құмнан және 123-236 метр саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.

Жоғарғы сенон (К 2 - S n2 )

Жоғарғы сенон құрылымы шөгіндісінің шегі палеоген алдындағы туылу себебінен көптеген ұңғымаларда жинақталған қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр сазбен құралған

Палеоген төменгі эоцен (Р 1 2 ) палеоген төменгі эоцен шөгіндісі жуылып жоғарғы бордан әртүрлі горизонттарда жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты қаныққан көмір өсімдік детритімен және кварцглауконитті құмнан жинақталып сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.

Палеоген төрттік шөгіндісі (N-Q)

Палеоген төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның бетін жауып тұратын құм, супейс енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 метрге жетпейді.

1. 2. 2 Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты туран плитасының солтүстік щығысында орналасқан. Ойпат бар полеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналының арасына тіркелген және оның Оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде қостанай седловинасымен қамтылған. Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді.

Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклиналды құрылымы Арысқұм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор полеоген кешенінің қалыңдығы 1500-1700 метрге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың тартылуы және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабень синклиналы гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды грабень синклинал бағытында тартылған анықталды, бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын, тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып және солтүстік шығыс-шығысында созылып жоғалады.

Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі 2, 5-3, 5 километр және ұзындығы 24 километр болғанда амплитудасы 320 метрге дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метр құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпат ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі құмтас шөгіндісі ернегінің ойпатын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернегіне байланысты, осы индексте горизонтының шағылысуы бар. Екінші беткі жағына ІV шағылысу горизонтына байланысты келесі ретпен өнімді ІV горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін брахиантиклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 метр құрайды, ең үлкен амплитуда кезінде 160 метр.

Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1 0 30' құрайды, шығысында 2 0 30' қыртыс тектоникалық (F 1 , F 2 , F 3 ) бұзылуларымен қиындатылған. Көпке созылған F 2 амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метр құрап қыртысты қамтиды.

Солтүстік жағында бұл бұзылып F 3 бұзылысымен түйістіріліп әрі қарай сөнеді. Оңтүстік батыс бөлігі құрылымдағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан аймақтарындағы ұңғымалардан өзгешілігі орта юра шөгінділерінің жоқтығы және жоғарғы юра жыныстарымен фундамент жабылған. Уақытша қиындатылған өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгінді қалыңдығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебіне анық көрінеді. Бұны ұңғыма қимасындағы корреляция куәландырады. Аудандығы ұңғымаларды аз ғана изометриялық 1х1, 5 километр амплитудасы 25 метр өлшемі болып тұр. Батыстан, шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта юраның шөгіндісі алаңының шегіне қарап 0-ден 200 метрге өзгереді.

Құмкөл свитасының қалыңдығы алаң бойынша тербелісі 55-75 метр шамасында, ал учаскесінде фундаментті көтеріңкі ойпан учаскесінде 34-48 метрге азаяды.

құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклинал қыртыста көрсетіп, Оңтүстікке қарай ығысқан. Опан өлшемі 17х4 километр құрайды, 57 метр амплитуда кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 метр. Жоспардағы тәжірибе дәл келетіндей шығыс құрылымы қанаты флексурамен қиындатылып, F 1 тектоникалық бұзылуы Юра шөгіндісін кеседі. Әртүрлі ойпан беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қоссақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді және орталық шығыс Ю-І горизонт ойпан бөлігіне қарай ығысқан.

1. 3 Мұнайгаздылық

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғымасынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алдық, бұл 13541 сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Неоком және Юра шөгінділерінен алынған керндерден күшті жанармай иісімен мұнай белгілері жақсы байқалды және керндердің алынған беттерінде ала дақтар болды.

Арысқұм ойпатында жүргізген геология барлама жұмыстары нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы Юра, жоғарғы Юра және төменгі Неоком шөгінділерінің мұнайлылығына көз жеткізіп отыр. Бұдан басқа триас, төменгі триас кешені бөлініп J к -Арысқұм көрсеткіш ұңғымасын бұрғылау нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалады. Осы Құмкөл кен орнындағы өндірістік қабат кешенінен тұратын алаң, дощан алаңындағы 4- ұңғымадан айырмасы бар.

Жоғарғы Юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде жетілген шөгінділердің өндірістік өнімді қабат қоры құмкөл, Арысқұм және Қызылқия кен орнындарында орналасқан. Караваншы алаңынан мұнай ағысын жоғарғы Юра шөгінділерінің сынау кезінде, қабат сынағышпен алды. Ақшабұлақ F к -параметрлік ұңғымасының және 2-к Арысқұм ұңғымаларын құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғыма қатарларынан алынған керндер мұнайдың бар екені жағыл түрде және майдың иісі шығып байқалды. қазіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен Ақшабұлақ иіліміндегі құрылымда бірнеше тиімді мұнайлылығы бар Ақшабұлақ және Ақсай үлкен деген алаңдарын ерекше атап өтуге болады. Одан басқа Майбұлақ седловинасын өлшегенде жыланшық иілімінде тиімді ойпан шықты. Құмкөл кен орнында өндірістік мұнайлылығының қоры төменгі неоком мен және юра шөгінділерінде орналасқан төменгі неокомнан екі өнімді (М-І, М-ІІ) горизонты байқалды, жоғарғы Юрадан үшеу Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ және ортаңғы Юрадан біреу (Ю-ІV) .

Бор қабатында өнім 1065-1120 метр аралығында орналасқан, ал Юрада 1190-1370 метр тереңдікте сонымен қатар кен орнында екі қабатты өнімді қабат бар. Төменгі Бор және Юра өнімді қабаттары көп ұңғымалардан ерекше байқалып кен орнында жақсы таралған. Қалыңдығы 8-ден 20-метрге дейін сазды бөлік М-Ш және М-ІІ Бор қабатын ажыратып тұр, ал саз қалыңдау бөлімшелері қабат арасындағы Ю-І, Ю-ІІ және Ю-ІІІ горизонттары h=18?6 метр деңгейінде болады. Біркелкі 12-34 метр Ю-ІІІ горизонтының саз қалыңдығы биіктігі жағынан жақсы игерілген Ю-ІV горизонтын бөліп тұр. Алаңның мұнайлылығы және бор деңгейіндегі биіктік қоры және юраның өнімді кешенінің жоғарыдан төмен азаяды, сонымен басқа осындай кен орнының түрі осы сияқты сипатталады. Бор өнімді қабатына сипаттама М-Ш жазықты үш қабатты коллектор түрінде көрсетілген, олар саздармен бөлінген жоғарғы екі қабатының қалыңдығы бірдей тұрақты барлық құрылымымен жүріп, алаңның оңтүстік бөлігіне келіп құлайды. Төменге қабат қалыңдығы ұстамсыз және 20, 18, 3, 17, 10 ұңғымаларында өткізбейтін жыныстармен қосылған. Төменгі және ортаңғы қабаттары алаңдағы 9-шы ұңғымаға құяды. Өнімді қабаттар №№ (37, 9, 23, 24, 32, 40) ұңғымаларда анықталып дәлелденген. Орталық және оңтүстік қорының бөлігі геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 ұңғымалар бойынша су мұнай 7-ші ұңғымадан 981, 7 метр аралығында алынды. Ең үлкен мұнай қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 ұңғыма аудандарына жалғасқан. Алаңның мұнайлылығы 5109, 7 Па құрайды. Сонымен қабат биіктігі 43, 2 метр мұнай қабат қоры екі бөлімге алаңдағы 27, 32, 40 ұңғымалар жүзделі қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс мұнайының биіктігі 8, 5 метр, ал Оңтүстік жағы 17 метр . Жалпы алаңның мұнайлылығы 1622 Па, таза мұнай көлемі 800 Па (33%) М-ІІ жазықты М-І жазықтығынан біркелкі саздар қалыңдығы 8-ден 20 метрге дейінгі аралықта ажыратылған және екі құмтас қабат түрінде көрсетілген. Өнімді қабаттан сынама алу жұмыстары нәтижесінде өнімділігі төрт ұңғымада көрсетілген мұнайдың өнімділігі 14 м 3 /тәулікке тең, 180м 3 /тәулікке дейін алады. Зерттеулер нәтижесінде 3 және 23 ұңғымасынан су алынған. Геологиялық зерттеулердің біреуі бойынша 6, 8, 24 ұңғымалардың су, мұнай қосылысы қабылданған 999 белгісінде болады. Мұнайды сынаушы ұңғымасынан сынама алу кезінде 994, 9-996, 4 метр аралықта геологиялық зерттеу экспедициясы қабылданған 2 биіктікке орналасқан. Мұнай қорының биіктігі 17, 4 метр, ал мұнай алаңының көлемі 1084, 4 метр. Юра өнімді қабатынан сипаттама Ю-І горизонтының мұнайлылығы алаңның біршама көлемін алып жатыр және төмендегі Бор қабат қорынан 80-148 метр төмен аралықта жатыр. Горизонтты жауып жатқан Қоскөл свитасының біркелкі саз қалыңдығы 16-дан 106 метрге дейін болады. Геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-І горизонты үш құмтас күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады. Құм қабатшалары 5 метрге жеткенде 2, 5, 11 аймағында ұңғымалар горизонтта көбінесе бөлшектеліп сипатталады.

Газ, мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты горизонтты зерттеу нәтижесінде 1 ұңғымасынан өндірілген мұнай қорының есебінен шығарылып тасталған жалпы тиімді қалыңдық 0, 8 метрден 12, 4 метр аралығында өзгереді. Сонымен қатар газдылықтың қалыңдығы әр ұңғыма сайын 6, 6 метрден 8, 8 метрге дейін өзгереді, ал мұнайлылығының тиімді қалыңдығы толық контур шегінде 0, 4 метр деңгейінде өзгеріп тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру
Арысқұм кен орнының мұнай тасымалдау құбырларын корозиядан қорғау
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы
Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz