2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері туралы



І. Математика пәні мазмұны

1.1. Жалпы сипаттама
1.2. Математика мазмұнының сыныпаралық бөлінуі

ІІ. 2.сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтау

2.1. Математика пәні мазмұнындағы жалпы тапсырмалардың берілуі
2.2. 2.сыныптың соңына қарай оқушының бiлiм, бiлiк және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
«Математика» оқу пәнінің нысаны. «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұнына енеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Кіші мектеп жасындағы оқушының математикалық сауаттылығы математикалық тілді, математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін меңгеру, алынған білім мен амал тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі жағдайларында қолдануда көрінеді.
Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
«Математика» пәні. Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия, комбинаторика, ықтималдықтар және математикалық статистика элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
2 – СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мазмұны:

І. Математика пәні мазмұны

1.1. Жалпы сипаттама
1.2. Математика мазмұнының сыныпаралық бөлінуі

ІІ. 2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтау

2.1. Математика пәні мазмұнындағы жалпы тапсырмалардың берілуі
2.2. 2-сыныптың соңына қарай оқушының бiлiм, бiлiк және дағдыларына
қойылатын негізгі талаптар
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І. Математика пәні мазмұны
1.1. Жалпы сипаттама

Математика оқу пәнінің нысаны. Математика оқу пәні өзінің
дербестігін сақтай отырып, Математика және информатика білім беру
саласының мазмұнына енеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталған. Кіші мектеп жасындағы оқушының математикалық
сауаттылығы математикалық тілді, математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін
меңгеру, алынған білім мен амал тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі
жағдайларында қолдануда көрінеді.
Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті
орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді
қалыптастыратын білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Математика пәні. Математика – мазмұнына сандар мен оларға
қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия,
комбинаторика, ықтималдықтар және математикалық статистика элементтерін
біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын
кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір
жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.)
оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді
оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы
болып табылады.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бір
бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың
төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз
етеді.
Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:
- Жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны
сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы
түсінік қалыптастыру;
- Оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық
білім, білік, іс-әрекет тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде
игеруді қамтамасыз ету;
- Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру, қоршаған
ортаны танып-білуге арналған нысандарды бақылай, өлшей және
модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім берудің мазмұнын
іріктеудің негізіне оқытуға құзіреттілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін ұстанымдар алынған. Курстың практикалық бағыты мен
өмірмен байланысы күшейтілген, меңгеру деңгейінің төмендеуіне байланысты
алгебралық және геометриялық материал жеңілдетілген, математикалық дамытуға
қажет болатын баланың ойлау стилін қалыптастыру арқылы игеруді жеңілдетуге
мүмкіндік беретін материал ендірілген.
Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын
іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім
берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция,
қолжетерлік, оөушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.
Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу
барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу
үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.
Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі
мектеп (Математика 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-
әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың
әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық
сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.
Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы
әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді
оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді ашуға, өзін-өзі
бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәнаралық интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын
құрайтын жиындар теориясының элементтері мен сандар, теріс емес бүтін
сандар арифметикасы, алгебра, геометрия, комбинаторика мен шамалардың
элементтері арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық
интеграция балаларда әлемнің біртұтастығы көрінісін қалыптастыруға
мүмкіндік береді, әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын сезінуге
көмектеседі. Аталмыш принциптің маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың
ерекше құралы ретіндегі математикалық тілді меңгеру болып табылады.
Қолжетерлік ұстанымы бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында
психологиялық жағдай туғызуға мүмкіндік береді. 6-10 жастағы балалардың жас
ерекшелігін ескеру жетістікке жетуге, тілектес болуға көмектеседі, оқушының
жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек
береді.
Оқушының дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі
тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды
қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Мұғалімнің тиімді оқыту технологияларын, оқу
материалдарын іріктеуге және жоспарланған нәтижеге жету үшін оқу үдерісінде
оларды бейімдеу деңгейін анықтауға, сондай-ақ әр түрлі іс-әрекетті (жасау,
түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
Оқу материалдары оқушылардың әр түрлі деңгейлеріне лайықталуы тиіс.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес,
шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға,
жаңа амал-тәсілдерін ашуға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік
жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

1.2. Математика мазмұнының сыныпаралық бөлінуі

Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған базалық масзмұнының
тарауларына сипаттама
Оқытудың бірінші циклы бойынша (2 - сыныптар) Математика оқу пәнінің
базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
Сандар және өрнектер. Екінші сыныпта жүздіктермен, ондықтармен
және бірліктермен санау оқытылады. Балалар екі таңбалы, үш таңбалы сандарды
шығарып алумен, олардың атауымен, ретімен, оқылуымен, жазылуымен және
салыстырумен танысады. Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық
қосылғыштарға жіктеуге үйренеді. Бірліктер класының жүздіктер, ондықтар
және бірліктер разрядтарымен танысу жүзеге асырылады. Жүз және мың сандарын
шығарып алу қарастырылады. Разряд және класс терминдері оқытудың
бірінші циклында негізілмейді.
Оқытудың аталмыш сатысында сандарды қосу және азайту амалдары
қарастырылады.
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті бірінші сыныпта, терімділік – екінші
сыныпта оқытылып–үйретіледі. Екінші сыныпта ондықтан аттайтын жағдайлардағы
бір таңбалы сандарды қосудың кестелік жағдайлары және азайтудың сәйкес
жағдайлары, 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрамы оқытылады. Толық
жүздіктерді қосу және азайту.
Екінші сыныпта екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың
разрядтан аттамайтын және разрядтан аттайтын ауызша жағдайлары енгізіледі.
Екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың алгоритмі (жазбаша
тәсілдері) оқытылады. Балалар тиімді есептеу тәсілдерімен (қосудың
ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері негізінде) танысады. 100
көлеміндегі амалдарға және кестелік жағдайларға келтірілген үш таңбалы
сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері қарастырылады. Қосу мен
азайтудың әлдеқайда қиын ауызша және жазбаша тәсілдері келесі сыныпта
оқытылады. Алайда есептеу тәсілдері жөніндегі білімді 1000-ға дейінгі
сандар аймағында балалар өз бетімен қолданулары мүмкін.
Екінші сыныпта санды өрнектермен қатар әріпті өрнектер де оқытылады.
Санды және әріпті (әріптің берілген мәніне сәйкес) өрнектердің мәнін табу
қарастырылған. Балалар амалдардың орындалу ретін белгілеу үшін жақшаларды
қолданумен танысады, жақшалы және жақшасыз екі немесе одан да артық амалмен
берілген өрнектердегі амалдардың орындалу рет тәртібін оқып-үйренеді.
Екінші сыныпта қосу мен азайту амалдарының және тура және жанама түрде
тұжырымдалған артық, кем қатынастарының мән-мағынасын ашуға, айырмалық
салыстыруға, амалдардың белгісіз компоненттерін (белгісіз қосылғыштар,
азайғыш, азайтқыш) табуға арналған бір амалмен шығарылатын есептерді
шығарумен байланысты жұмыстар жалғастырылады. Екінші сыныпта балалар
берілгенге кері есептер ұғымымен танысады. Өзара кері есептерді шығарады
және құрастырады. Екі амалмен шығарылатын есептер және есепті әр түрлі
арифметикалық тәсілмен шығару енгізіледі.
Оқытудың бірінші сатысында ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық сиқты
шамалар, ұзындықтың (сантиметр, дециметр, метр), массаның (килограмм),
сыйымдылықтың (литр), уақыттың (сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай,
жыл, ғасыр, мүшел) өлшем бірліктері оқытылады. Оқушылар шамаларды өлшеуге
үйренеді, ұзындықтың, массаның, уақыттың өлшем бірліктері арақатынасын
меңгереді. Есептерді шығару мен тапсырмаларды орындау барысында шаманың
мәнін салыстыру және қосу мен азайту жүзеге асырылады.
Шамалар және оларға арифметикалық амалдар қолдану сандар және оларға
амалдар қолданумен қатар оқытылып-үйретіледі. Бұл ондық санау жүйесін
игеруге және шамалардың өлшем бірліктері арасындағы қатынасты игеруге негіз
болады.

Теңдеулер және теңсіздіктер.
Екінші сыныпта алғаш рет теңдеу ұғымы енгізіледі және теңдеуді
шешудің әр түрлі: сынап көру, қосу мен азайту амалдарының өзара кері
екендігіне және тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешу тәсілдері
қарастырылады.

Геометриялық фигуралар. Геометриялық шамаларды өлшеу.
Екінші сыныпта тік төртбұрыш (шаршы) және оның қасиеттері оқытылып-
үйретіледі. Тор көзі бар қағазда тік төртбұрышты (шаршыны) салу орындалады.
Оқушылар сынық сызықтың ұзындығын және көпбұрыштың периметрін табады.
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері.
Екінші сыныптың соңына қарай ақпаратты кестелерде көрсету тәсілдері
туралы түсінік кеңейтіледі. Кестеде берілген ақпаратты оқу мен жазуға,
түрлі схемаларды (есептер, өрнектер, артық, кем қатынастарының графтары
және т.б.) оқуға жаттықтыру қажет. Практикалық тәсілмен (ретсіз және
жүйелі іріктеу) шығаруға болатын комбинаторикалық есептердің қарапайым
түрлері ұсынылады. Балалар заттармен, олардың модельдерімен әрекеттер
жасауы және нұсқаларды бояулары мүмкін.
Сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі
2-сыныптың базалық мазмұны.
(аптасына 4 сағат, барлығы – 136

Тірек білімді белсендіру (4сағ.)
0-ден 10-ға дейінгі сандар, толық ондықтар. 10 көлеміндегі сандардың
құрамы. 10 көлеміндегі сандарды, толық ондықтарды қосу және азайту.
Геометриялық фигурлар. Есеп. Теңдіктер мен теңсіздіктер

Сандар және өрнектер (90 сағ.)
1-ден 1000-ға дейінгі сандар (22 сағ.)
Ондықтармен және бірліктермен санау. Жүздіктер, ондықтар және
бірліктермен санау. Екі, үш таңбалы сандарды шығарып алу, атау, реті, оқу,
жазу және салыстыру. Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктеу. Жүздіктер, ондықтар мен бірліктер разряды, олардың
сандардың жазылуындағы орны. Жүз және мың саны.

Сандарды қосу және азайту (66 сағ.)
Қосу. Қосуды тексеру. Азайту – қосуға кері амал. Азайтуды тексеру.
Қосудың терімділік қасиеті.
Бір таңбалы сандардың разрядтан аттайтын кестелік жағдайлары және
азайтудың сәйкес жағдайлары. 11-20 сандарының құрамы.
Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді құру, оқу және жазу. Санды және
әріпті өрнектердің мәні.
Разрядтан аттайтын және аттамайтын жағдайлардағы екі таңбалы сандарды
қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері. Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың
ауызша тәсілдері.
Екі, үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың алгоритмдері (жазбаша
тәсілдері). Қосу мен азайтудың әлдеқайда қиын жағдайлары. Есептеудің
тиімділігі.
Амалдардың ретін белгілеуде жақшаларды қолдану. Екі және одан да артық
амалдардан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың
рет тәртібі.
Қосу мен азайту амалдарының және тура және жанама түрде тұжырымдалған
артық, кем қатынастарының мән-мағынасын ашуға арналған, айырмалық
салыстыруға берілген, амалдардың белгісіз компоненттерін (белгісіз
қосылғыштарды, азайғыш, азайтқыш) табуға арналған бір амалмен шығарылатын
есептер. Берiлгенге керi есептер. өзара кері есептер. Екі амалмен
шығарылатын есептер. Есепті әр түрлі арифметикалық тәсілдермен шығару.
Шамалар және оларды өлшеу (10сағ.)
Ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық. Ұзындықтың өлшем бірліктері
(сантиметр, дециметр, метр), массаның өлшем бірлігі (килограмм),
сыйымдылықтың өлшем бірлігі (литр), уақыттың өлшем бірліктері (сағат,
минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, мүшел).
Ұзындықтың, уақыттың өлшем бірліктерінің арақатынасы.
Шамалардың мәнін салыу және азайту.

Теңдеулер мен теңсіздіктер (6 сағ.)
Теңдеу және оның шешудің тәсілдері: сынап көру, амалдардың кері
екендігі туралы білімге және тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешу.

Геометриялық фигуралар. Геометриялық шамаларды өлшеу (12 сағ.)
Тік, сүйір және доғал бұрыштар, көпбұрыштар және олардың түрлері;
көпбұрыштың төбелері, қабырғалары және бұрыштары. Тік төртбұрыш (шаршы).
Тік төртбұрыштың (шаршының) қасиеттері. Жазықтықта көпбұрышты бейнелеу.
Тор көзі бар қағазда тік төртбұрышты (шаршыны) салу. Сынық сызықтың
ұзындығы. Көпбұрыштың периметрі. Ұзындықтың өлшем бірліктері (сантиметр,
дециметр, метр)
Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу.

Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері (8 сағ.)
Комбинация және оқиғалармен байланысты стандартты емес, қызықты
тапсырмалар. Нұсқаларды жүйелі іріктеу. Кестелерде ақпаратты көрсету
тәсілдері.

Қорытынды қайталау (10 сағ.)
Бір, екі, үш таңбалы сандар. Сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық. Сандар және біртекті шамалардың мәнін
қосу мен азайту. Есептер және оны шешу тәсілдері. Теңдеулер, теңсіздіктер.
Геометриялық фигуралар.

ІІ. 2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтау

Республикамыздың қазақ тіліндегі мектептердің 2-сыныбы 1993-94 оқу
жылынан, ал орыс және ұйғыр тіліндегі мектептерінің 2-сыныбы 1994-95 оқу
жылынан бастап математика пәнін, негізінен, төл бағдарлама және соның
негізінде дайындалған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен арқылы оқытып
келеді. Содан бері, 2-сынып математика пәнінің бағдарламасы да, 1-сынып
математикасының бағдарламасындай бір мәрте қандай да деңгейде алғашқы 4-5
жылдық тәжірибе негізінде жетілдіріліп 1998-99 оқу жылынан бастап тұрақты
пайдаланылып келеді. Сол сияқты, бұл бағдарламаға биылғы оқу жылынан бастап
(2000-2001 оқу жылы) өзбек тіліндегі мектептер де көжпек. Сондықтан, біз
бұл еңбегімізде бүкіл КСРО мектептерінде 1970 жылдардан бері пайдаланылып
келген 2-сынып математика пәнінің бағдарламасын (авторлары М.И.Моро және
т.б.) төл бағдарлама авторлары (авторлары Баймұханов Б., Оспанов Т., Өтеева
Қ., Қайыңбаев Ж. және т.б.) қандай бағытта жетілдірді жіне соның негізінде
аталған сыныптағы математиканың мазмұны қалай өзгерді, неге өзгерді? –
деген мәселелерге жауап бермекшіміз.
Алдымен, аударма және төл бағдарлама бойынша 2-сынып математикасында
қарастырылатын тақырыптарды салыстырайық.

Аударма бағдарлама бойынша Төл бағдарлама бойынша
Апт. 5 сағ., барлығы 170 сағ. Апт. 4 сағ., барлығы 136 сағ.
1. 11-20-ға дейінгі сандар 1. Жүз көлеміндегі сандар -104 сағ.
а) Сандарды оқу, жазу,
Қосу және азайту – 45 сағ. салыстыру, қосу және азайту – 24
сағ.
2. Жүздік -115 сағ. ә) Ондықтан аттамайтын ауызша
а) 1-ден 100-ге дейінгі сандар қосу және азайту – 24 сағ.
– 17 сағ. б) Кестелік қосу және азайту –
ә) Қосу және азайту – 68 сағ. 28 сағ.
б) Көбейту және бөлу -30 сағ. в) Ондықтан аттайтын ауызша қосу
және азайту – 20 сағ.
Өткен материалдардың негізгі г) Ондықтан аттайтын жазбаса
сұрақтары – 10 сағ. қосу және азайту – 20 сағ.
1000 көлеміндегі сандар – 24
сағ.
а) сандарды оқу, жазу және
салыстыру – 12 сағ.
ә) Қосу және азайту – 12 сағ.
Біз нені үйрендік? – 8 сағ.

Кестеден байқалып тұрғандай, төл бағдарламаның аударма бағдарламадан
айырмашылықтары мынандай мәселелерге келіп саяды:
1. 2-сыныпта математиканы оқытуға бөлінген уақыт 34 сағатқа қысқарады.
2. Көбейту және бөлу мәселесі 2-сыныптың мазмұнынан алынып тасталды.
3. 2-сынып мазмұнына 1000 көлеміндегі сандар, оларды қосу және азайту
мәселесі енгізілді.
4. Есептеу тәсілдерін оқытып үйретудің реті елеулі түрде өзгертілді.
Тек қана 2-сынып математикасы ғана емес, жалпы бастауыш мектепте
математиканы оқытуға бөлінген уақыттың қысқару себебінің бұған дейін-ақ
негізделгенін (40) ескеріп, бірден екінші айырмашылықты талдайық.
Аударма бағдарлама бойынша көбейту және бөлу мәселесіне 2-сыныпта
математиканы оқытуға бөлінген уақыт шамамен 18% (30 сағат) арналғанымен,
бұл материалдар 2-сынып негізгі тақырыптарының қатарына жатқызылған жоқ.
Сондықтар бұл мәселелер бағдарламаның талабы бойынша 2-сынып соңында
оқушылар меңгеріп шығуға міндетті білім, білік және дағдылардың құрамына
енбеді.
Сол себепті, көбейту және бөлу жайлы меңгеріп шығуға міндетті деген
нақты, қатал тұжырыммен емес, көбейту және бөлу тақырыбын оқып-үйренудің
соңында оқушылар мынандай білім, білік және дағдыға ие болуға міндетті...
деген жалпылама тұжырыммен өрнектелді. Және де оқушылар ие болуға
міндетті жағдайларға тақырып бойынша мына мәселелер жатқызылады:
а) Көбейту амалдың аты, көбейтудің таңбасы, көбейтудің компоненттері мен
нәтижелерінің және өрнектің (көбейтінді) аты, бөлу амалының аты мен амал
таңбасын, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін білу және бұларды есептеулерде
қолдана алу;
ә) Көбейтудің қосындысымен (3*5=3+3+3+3+3), көбейткіштерді ауыстыру
(2*9=9*2) және қосылғыштарды топтауға (2*6=2*5+2) негізделген тәсілдермен
пайдаланып, бір таңбалы сандарды көбейту;
б) Бөлудің нәтижесін алдымен көрнекіліктің, одан соң бқлу мен көбейту
амалдарының тәуелділігі (2А6=12 яғни 12:2=6 және 12:6=2) негізінде таба
білу;
г) Көбейту және бөлу амалдарының мән-мағынысын ашатын жай есептерді
алдымен көрнекіліктің, одан соң түсініктің көмегімен шығара білу;
д) 2 және 3 сандарына байланысты көбейту кестесін еске сақтау;
Демек, бұл тұжырымдарға қарағанда 2-сынпта бөлуге қарағанда көбейту
мәселесіне ерекше ден қойылғаны байқалады.
Атап айтқанда:
а) Көбейтуді оқытуға 20 сағат, ал бөлуді оқытуға 9 сағат (1- сағат
тақырып бойынша бақылау жұмысы) уақыт бөлінген;
ә) көрсетілген 1-пунктке қарасақ, оқушылардан көбейту жайлы, бөлуге
қарағанда әлдеқайда көп талап етіледі.
б) алдымен көбейту жайында білім қалыптасады, содан соң ғана осы
білімнің негізінде бөлу талданады.
Мұндай жағдайдың қорытындысында тақырыптық оқытудың негізгі негізгі 2
және 3 сандарына байланысты көбейту (бөлу жөнінде әңгіме жоқ) кестесін еске
сақтау қажет деп айқындалумен ған шектелінген.
Демек, аударма бағдарлама талабы бойынша, біріншіден, көбейту мен бөлу 2-
сыныптың негізгі тақырыптарының қатарына, екінші 2- сынып соңында оқушылар
меңгеріп шығуға міндетті білім, білік және дағдылардың жиынтығына
жатқызылған жоқ. Яғни, басқа сөзбен айтқанда, мәселе қандай да деңгейде
оқытылады, бірақ нәтиже талап етілмеді.
Біздің ойымызша, оның бірнеше себебі бар: біріншіден, математиканың
мазмұнындағы 100 көлеміндегі сандарды қосу және азайту мәселесінен кейін
не Көбейту мен бөлу, не Мың көлеміндегі сандар мәселелерінің бірі
қарастырылуы керек екендігінде дау жоқ. Сондықтан аударма бағдарлама
авторлары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша білім мазмұнының орналасу
ретін сақтаған. Екіншіден, 1-сыныпта 10 және 20 көлеміндегі, 2-сыныпта 100
көлеміндегі, 3-сыныпта 1000 көлеміндегі, 4- сыныпта 1000000 көлеміндегі
сандарды қарастыру дәстүрін авторлар бұзғысы келмеген. Үшіншіден, авторлар
Мың көлеміндегі сандар және оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2 – сынып математика пәні мазмұн ерекшеліктері
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту ерекшелігі
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
Пәндер