Жер салықтары туралы


Жоспар
- Кіріспе
Жер салығы
- Негізгі бөлім:
- Жер салығы төлеушілер және салық салу
- Меншікке салынатын
- Қорытынды:
IV. Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидасы қалыптасқан: Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып келеді. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
-Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек. Бұл анықтылық қағидасы .
-әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алуы тиіс. Бұл да қолайлылық қағидасын білдіреді.
-Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл үнемділік қағидасы.
Бұл қағидаларды пайдалану салық салуда зорлық зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А Смитке «салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Салық салудың қазіргі қағидасы мынадай:
- Салық салудағы әділдік қағидасы
- Қарапайым қағидасы
- Салықтардың анықтығы
- Жеңілдіктердің ең аз саны
- Салық салудың экономикалық бейтараптығы
- Салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы
Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып келеді. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлуші болып үшке бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функциясы - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін талыстыра отырып, экномиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Реттеуші функциясы -мемлекеттік экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.
Қайта бөлу функциясы - бұл арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттік қармағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардан алынатын үлесі арқылы анықталады.
Мемлекет салық саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру.
Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып келеді. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлуші болып үшке бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызмет органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесі деп айтады. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» заңға негізделді, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат болатын. Қазақстанда 1992 жылғы қантардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептеуір күрделі үлгілер болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидалар бойынша жікеледі.
--объектінің экономикалық белгісі бойынша
Салықтардың салу объектісі бойынша тура және жанама болып бөлінеді.
Тура салықтар-салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Ал жанама салықтар- бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланыс емес салықтар. Жанама салықтар қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де жатады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті болып бөлінеді.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттеріне шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар дегеніміз- төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар дегеніміз- кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Мағлұмдамада деген салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктері, шегерімдері көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен мынадай салықтарды кейінгі жылдың 31- наурызына дейін кешіктірмеу керек: корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын төлеушілер.
Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленетіндігін растайтын құжат.
Салықтық есептің әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдістері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz