Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі



Мазмұны

Кіріспе

Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.

Тарау ІІ. Коммерциялық банктердегі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау

Тарау ІІІ. Несиелік бюро . қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан да банк қарыз алушыларға несиені бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:1
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың актуальдылығы болып банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілетінің әдістемелерін жаңарту қажет.
Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезеңдермен шешу қажет:
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды сұрақтарды қарастыру;
2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
3. Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістерін қарастыру;
4. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
5. Шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.
Қарыз алушының несие қабілетін талдау бойынша зертеу объектісі болып «ЦентрКредит» Банк АҚ қызметі болып табылады.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі болып – Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің нормативтік нұсқаулары, «ЦентрКредит» Банк АҚ несиелік саясаты мен ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттіктің мәліметтері болып табылады.
Теориялық негіз болып – несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының заңдық нормативтік- құқықтық актілері:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім).
2. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы № 281 – 1 10.06.98 ж.
3. «Банкроттық туралы» ҚР Заңы № 67-1 21.01.97 ж.
4. «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444.
5. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» Ұлттық банк басқармасының № 213 қаулысы 03.06.02 ж.
6. «Жауапкершілігі қосымша және шектеулі серіктестіктер туралы» ҚР Заңы № 220-1 22.04.98 ж.
7. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы № 135-1 19.06.97 ж.
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы « ҚР Президентінің Жарлығы № 2198 17.04.95 ж.
9. «Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы №131-1 19.06.97ж.
10. «қозғалатын мүлікті кепілдікке тіркеу туралы» ҚР Заңы №254 300.06.98
11. «Қозғалмайтын мүлік келісім шартының мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Призентінің Жарлығы №2727 25.12.97 ж.
12. «Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Призентінің Жарлығы№ 2723 23.12.95 ж.
13. «Салықтар және басқа да бюжетке төленетін міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңы №2223 24.04.95 ж. (өзгертілген және толықтырылған ).
14. «Ұлттық банкі туралы» ҚР Презинтінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155.
15. «Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы №15 шілде 2004 ж.

Арнайы әдебиеттер:
16.Банковское дело / Под ред. Белоглазовой Г.Н., Кроливецкой Л.Н. – СПб.:Питер, 2002.
17. Банковское дело / Под ред.Колесникова В.И. - М.:Финансы и статистика, 2000.
18. Банковское дело / Под ред. Коробовой Г.Г. – М.:Финансы и статистика, 2000.
19. Банковское дело / Под ред.Лаврушина О.И. – М.:Финансы и статистика, 2000.
20. Банковское дело / Под ред.Сейтқасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.
21. Банки и банковские опарции / под ред. Жукова Е.Ф. – М., 1997.
22.Банковское днло: страгетические руководство / Под ред. Платонова В., Хиггниса М.- М.: Консалтбанкир, 1998.
23. «Бизнес- план» / Под. Ред.маниловского Р.Г. – М.: Финансы и статистика, 1996.
24. Давлетов М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане». А.: Экономика, 2001.
25. Дүйсенбаев К.Ш., Төрегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». А.: Экономика, 2001 ж.
26. Калиева Г.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане» А.: Каржы-Каражат, 2000.
27. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары. – А.: Экономика, 2000.
28. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – А.: ИздатМаркет, 2004.
29. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. – М.: ИКЦ ДИС, 1997.
30. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент / Перевод с английского со 2- го изд. – М.: Дело, 1997.
31. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша- қазақша сөздік. – А.: Сөздік- Словарь, 1999.
32. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции. – М.: Антидор, 1998.

Журналдардан, газеттерден және интернет сайттарынан алынған әдебиеттер:
33. Афанасьева О.Н. Краткосрочное кредитование предпрятий: проблемы и возможные пути рещения. // Банковское дело, № 4.
34. Воронин Д.В. Устойчивость банковской системы, роль кредитных бюро. // Банковское дело, № 10, 2003 г.
35. Даулетбеков Б. Экономико- математические модели оценки кредитоспособности предприятий АПК. // Банки Казахстана, № 9, 2003 г.
36. Задорожная Н.П. Актуальные вопросы кредитования предприятий банками. // Деньги и кредит, № 8, 2001г.
37. Зиябеков Б. Кредитное бюро- инструмент выявления рисков. // Банки Казахстана, № 3, 2002 г.
38. Калакабаева Г.М. Методы обоснования графиков погашения банковских ссуд. // Банки Казахстана, № 11, 2001 г.
39. Карпов М.В. Правовые вопросы определения кредитоспособности заемщика. // Деньги и кредит, № 11, 2000 г.
40. Куштуев А.А. Использование показателей финансовой устойчивости при анализе кредитоспособности клиентов банка. // Деньги и кредит, № 1, 2002 г.
41. Напольских М.А. Скоринговый метод оценки кредитоспасобности частных лиц. // Банки Казахстана, № 4, 2003 г.
42. Павлова И.В. Процесс офрормления ипотечных жилищных кредитов в банке. // Банковское дело, № 4, 2004 г.
43. Рамазанов С. Скоринговое кредитование в Казахстане. // Банки Казахстана, № 5 , 2005г.
44. Система кредитного бюро в Казахстане. Расширение доступа в кредитным ресурсам – успех сбалансированного подхода. // Банки Казахстана, № 9, 2003 г.
45. АО «Банк ЦентрКредит» финансирует производство. // Exlusive, 2002 г.
46. Жизнь кредитом не испортишь. // Новое поколение, 11 апреля 2006 г., с.7
47. Кредитная политика АО «Банк ЦентрКредит».
48. www.centercredit.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі.
Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.

Тарау ІІ. Коммерциялық банктердегі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
тәжірибесі (ЦентрКредитБанкі АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау

Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың
мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық
қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге,
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын
нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция
процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге
міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-
техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға
ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін
және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай
қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие
міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң
сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі
жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің
қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның
қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы
банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді
басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына
байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан да банк қарыз
алушыларға несиені бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет.
Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік
саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:1
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын
Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың актуальдылығы болып
банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып
табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты
өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету
мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілетінің әдістемелерін
жаңарту қажет.
Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие
қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып
табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезеңдермен шешу
қажет:
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды
сұрақтарды қарастыру;
2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
3. Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз
алушының несие қабілетін бағалау әдістерін қарастыру;
4. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
5. Шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның
Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.
Қарыз алушының несие қабілетін талдау бойынша зертеу объектісі болып
ЦентрКредит Банк АҚ қызметі болып табылады.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі болып – Қазақстан
Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің
нормативтік нұсқаулары, ЦентрКредит Банк АҚ несиелік саясаты мен
ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттіктің
мәліметтері болып табылады.
Теориялық негіз болып – несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша
шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.

1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі.
Клиент туралы ақпарат көздерін алу
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген факторлардың іс әрекетімен байланысты болып
келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйренуге жағдай жасайды.
Қалыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемесі бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандайда бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, ал жықын перспективадағы қарызды өтеу
қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының
мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың
мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет
кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз
болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға,
бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын көрсетеді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты несиесімен байланысты (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін
көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынандай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының
мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі),
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылыу (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт
қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің
(жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдалығына
(білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және
отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-
қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқығының
болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір
өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауды мынадай екі шарттың маңызы зор:2
1. Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктік тарапынан жарғылық қордың
(акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және
қаржы левередж коэффициенті негізінде талданады;
2. Несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол
банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады.
Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, сол ғұрлым қарыз
алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап
отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының ақтивтерінің құны және
несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің
(кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы
қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында,
олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді.
Кетілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты
болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса
маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар
жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қазмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы:
салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банкттік
несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктік стандартына, сол
сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау
ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
• Іскерлік тәуекелді бағалау;
• Менеджментті бағалау;
• Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
• Ақша ағынын талдау;
• Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
• Орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
Солардың ішіндегі ең негізгілеріне тоқталып өтейік:
Іскерлік тәуекел – бұл қарыз алушының ауыспалы айналым қорларын өз
уақытында және шамаланған нәтижемен емес аяқталуына байланысты туындалатын
тәуекел. Іскерлік тәуекелдің факторлары көптеген себептерге, яғни жекелеген
сатыларда ауыспалы айналым қорларының кідіруіне немесе тоқтатылуына
әкеледі. Іскерлік тәуекелдің факторларын ауыспалы айналым сатылары
негізінде топтауға болады.
І сатысы – босалқы қорларды құру:
• Жеткізушілердің саны және олардың сенімділігі;
• Қойма жайларының сапасы және қуаттылығы;
• Тасымалдау тәсілдерінің жүктің сипатымен сай келуі;
• Қарыз алушының шикізат бағасына және оны тасымалдауға қол жетуі;
• Сатып алушылар мен шикізатты және басқа материалдық құндылықтарды
өндірушілер арасындағы делдалдардың саны;
• Жеткізушілердің алшақтығы;
• Экономикалық факторлар;
• Шикізатты және басқа да құндылықтарды сатып алу модасы;
• Валюталық тәуекелдің факторлары;
• Импорттық шикізаттарды шетке шығару және әкелу шектеулерін іске
қосудың қауіптілігі.
ІІ сатысы – өндіріс сатысы:
• Жұмыс күшінің болуы және классификациясы;
• Құрал-жабдықтардың жасы және қуаты;
• Құрал-жабдықтардың жұмысбастылығы;
• Өндіріс үй жайларының жағдайы.
ІІІ сатысы – өткізу сатысы:
• Сатып алушылардың саны және олардың төлем қабілеттілігі;
• Дебиторлардың әртараптандырылуы;
• Сатып алушылар төлемсіздігінен қорғау деңгейі;
• Қарыз алушының негізгі дайын өнім салаларын несиелендіру сипатының
керектілігі;
• Саладағы бәсекенің деңгейі;
• Қоғамдық дәстүрлеріндегі дайын өнімді несиелеу бағасы мен
артықшылығына және саяси жағдайларға ықпалы;
• Берілген өнім нарығында артық мәселелерінің болуы;
• Демографиялық факторлар валюталық тәуекел факторы;
• Елімізден өнімдерді шығару және басқа елге әкелу шектеулерін енгізу
мүмкіндіктері.
Сонымен қатар, өткізу сатысындағы факторлық тәуеклдер бірінше және
екінші сатысындағы факторлармен де құрамдастырылуы мүмкін. Сондықтан да
іскерлік тәуекел босалқы қорды құру және өндіріс сатыларына қарағанда
өткізу сатысында өте жоғары болады.
Экономиканың тұрақсыз жағдайында несие беру кезінде іскерлік
тәуекелінің талдауын жүргізу, бұл клиенттің несие қабілетін бағалауын
қаржылық коэффициенттер арқылы, яғни өткен есепті кезең ішіндегі нақты
орташа мәліметтер негізінде одан әрі толықтырады.
Коммерциялық банктің іскерлік тәуекелді скоринг жүйесі бойынша
нысандандырылуы және жүргізілуі мүмкін, бұл арқылы әрбір іскерлік
тәуекелінің факторы балдық негізінде бағаланады. Бұны келесі кестеден
көруге болады:3
Іскерлік тәуекелдің балдық негіздегі көрсеткіші 1-
кесте
№ Іскерлік тәуекелінің критерийлері Балдар
1 Жеткізушілердің саны
- үштен көп 10
- екеу 5
- біреу 1
2 Жеткізушілердің беріктілігі
- барлық жеткізушілердің репутациялары жақсы 5
- жеткізушілердің басым бөлігі іскерлі серіктес ретінде 3
берікті 0
- жеткізушілержің негізгі бөлігі берік емес
3 Жүкті тасымалдау
- қаладан тыс, сақтандыру полисі бар, тасымалдау түрі тауарға10
сәйкес болып келеді
- жеткізуші сатып алушыдан алыс орналасқан, сақтандыру полисі8
бар, тасымалдау тауарға сай болып келеді
- жеткізуші сатып алушыдан алыс орналасқан, тасымалдау 6
тауардың бір бөлігінің жоғалуына және оның сапасының
төмендеуіне алып келеді, сақтандыру полисі бар
- жеткізуші қаладан тыс орналасқан, тасымалдау жүкке сай 4
келмейді, сақтандыру полисі жоқ және т.б.
4 Тауарды қоймалау
- қарыз алушы өзінің жеке қоймасы бар сапаның 5
қанағаттандырарлығын немесе қоймалық үй жайы қажет емес
- қоймалық үй жайлар жалға беріледі 3
- қоймалық үй жайы қажет етіледі, бірақ нақты уақытта 0
іскерлік тәуекелді бағалау кезінде жоқ болуы және т.б.

Ақша қаражаттарының клиент шотына келіп түсетін ақшалар мен клиент
шотынан аударылатын ақшалар арасындағы айырмашылығын ақша ағынының жалпы
мөлшерін анықтайды. Міне, көріп отырғанымыздай келтірілген тізіміндегі ақша
қаражаттарының клиент шотына келіп түсуі мен клиент шотынан аударылуы,
босалқы қор мөлшерінің өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың,
басқа да активтер мен пассивтердің, негізгі қорлардың жалпы ақша ағынына
әртүрлі ықпал етеді. Бұл ықпалды анықтау үшін кезеңнің басына және аяғына
босалқы қорлар баптары бойынша дебиторлардың және кредиторлардың қалдықтары
салыстырылады. Босалқы қор қалдықтарының өсімі, дебиторлық және басқа да
активтердің кезең аралығында қаражаттардың клиент шотынан аударылуын
білдіріп және есеп айырысу кезінде - таңбасын көрсетеді, ал төмендеуі
қаражаттардың клиент шотына келіп түсуін, яғни + таңбасымен тіркеледі.
Кредиторлардың және басқа да пассивтердің өсімі қаражаттардың келіп түсуі
кезінде (+), ал төмендеуі аудырылуы негізінді (-) қарастырады.
Қаражаттардың клиент шотына келіп түсуін және клиент шотынан
аударылуын негізгі қорлардың өзгеруіне байланысты анықтау үшін өзіндік
ерекшелектері бар. Кезең ішіндегі олардың қалдық құнының төмендеуі немесе
өсуі ғана есептелмей, сонымен қатар кезең ішіндегі негізгі қорлардың бір
бөлігін өткізу нәтижелері де көрсетіледі. Өткізу бағасы баланстық
бағалаудан жоғары болған жағдайда қаражаттардың клиент шотына келіп түсуін,
ал кері жағдайда қаражаттардың жылыстауын көрсетеді. Қаражаттардың клиент
шотына келіп түсуі (клиент шотынан аударылуы) негізгі қорлар бағасының
өзгеруіне байланысты = кезең соңындағы негізгі қорлардың бағасы – кезең
басындағы негізгі қорлардың бағасы + кезең аралығындағы негізгі қорларды
өткізу нәтижелері.
Ақша ағынын талдау моделі кәсіпорынның басқару салаларына байланысты
ақша қаражаттарының клиент шотына келіп түсуі және клиент шотынан аударылуы
элементтерінің топтары негізінде құрылған. Ақша ағынын талдау (ААТ)
моделіндегі бұл салаларға келесі блоктар сәйкес болуы мүмкін:
• Кәсіпорынның пайдасын басқару;
• Босалқы қорлар мен есептемелерді басқару;
• Қаржылық міндеттемелерді басқару;
• Салықтар мен инвестицияларды басқару;
• Меншікті капиталмен несие арасындағы қатынасты басқару.
Ақша ағынын талдау үшін кемінде өткен үш жылдың мәліметтері алынады.
Егер клиент қаражаттарының шотқа келіп түсуінің көбеюі клиент шотынан
аударылуынан орнықты болса, онда бұл оның қаржылық орнықтылығын, яғни несие
қабілеттілігін куәландырады. Ақша ағынының жалпы мөлшерінің ауытқуы,
сонымен бірге қысқа мерзімдегі қаражаттардың клиент шотынан аударылуы
клиент шотына келіп түсуінен асуы, бұл клиенттің несие қабілетінің деңгейі
бойынша рейтингтің өте төмендігін көрсетеді. Ақырында, қаражаттардың клиент
шотынан аударылуы клиент шотына келіп түсуінен жүйелі түрде артық болса,
онда бұл клиенттің несиеге қабілетсіз екендігін сипаттайды. Жалпы ақша
ағынының орташа оң мөлшерінің құралуы (қаражаттардың келуі кетуінен
артылса) жаңа несиелерді беру шегі ретінде пайдалану қажет. Берілген
арттыру клиенттің кезең ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелерін қандай
мөлшерде өтей алатының көрсетеді. Жалпы ақша ағыны мен ұзақ мерзімді
міндеттемелердің ара қатынасы негізінде клиенттің несие қабілетінің класы
анықталады: бұл арақатынастың нормативтік деңгейі: І класс – 0,75; ІІ
класс – 0,30; ІІІ класс –0,25; ІV класс-0,2; V класс – 0,2; VІ класс –
0,15.
Ақша ағынының талдауы кәсіпорын басқарудың әлсіз жақтарын шығару
туралы мүмкіндік береді. Мысалы, қаражаттардың кетуі босалық қорды
басқарумен, есеп айырысумен (дебиторлар мен кредиторлар), қаржылық
төлемдермен (салықтар, проценттер, дивидендтер) байланысты болады.
Менеджменттің әлсіз жақтарын табу несиелендіру шарттарын өңдеу үшін, яғни
несиелік шартта бейнеленуі арқылы пайдаланылады. Мысалы, егер қаражаттар
клиент шотынан аударылуының негізгі факторы ретінде есеп айырысудағы
ақшалардың оқшалануының артық болуы, ал клиентті несиелендірудің “оң” шарты
болып несиені пайдаланудың барлық мерзімі аралығында және берілген деңгейде
дебиторлық қарыздардың айналымын ұстау. Қаражаттардың клиент шотынан
аударылуының мұндай факторы акционерлік капитал мөлшерінің жеткіліксіздігі,
несиелендіру шарттары негізінде қаржылық левераж коэффициенттінің берілген
нормативтік деңгейінің сақталуы арқылы пайдалануға болады.

1.2 Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай- ақ
пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық
жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің
қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем
қабілетіне байланысты:4
1) шарушылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық қызметін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады.
ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап,
ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж.мәжілісінде №26 қаулы
бойынша бекітілген “Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты
банктердің әдістемелік нұсқауы”, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде
пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді: “Кәсіпорын балансы” (№1 форма); “Қаржы нәтижелері
және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма); Кәсіпорын балансын қосымша
бет (№ 3 форма); сондай –ақ ҚР статистикалық есеп формасы “Кәсіпорынның
(ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№ 1 – Ф
– мерзімді – тоқсандық формалары) және “Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің)
өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№ 5-з -
мерзімді – тоқсандық – жылдық формалары).
Халықаралық және Қазақстандық банктік тәжірибеде клиенттің несие
қабілетін бағалау үшін әр түрлі қаржылық коэффициенттер қолданылады. Оларды
таңдау үшін біріншіден, банк клиентурасының ерекшелігін, екіншіден,
қаржылық қиындықтар себептерінің мүмкіндігін, үшіншіден, банктің несиелік
саясатын анықтаумен байланысты болып келеді. барлық пайдаланылатын
коэффициенттерді бес топқа бөлуге болады:
І - өтімділік коэффициенті;
ІІ – тиімділік немесе айналымдылық коэффициенті;
ІІІ – қаржы левередж коэффициенті;
IV – пайдалылық коэффициенті;
V- борышты өтеу қызмет көрсету коэффициенті. Әрбір топқа кіретін несие
қабілеттілігінің көрсеткіштері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мысал
ретінде келесі жүйені келтіруге болады.
2- кесте
Несие қабілеттілігінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер Нормативтік
деңгейлері*
1.Өтімділік коэффициенті:
ағымдағы өтімділік коэффициенті
шапшаң өтімділік коэффициенті 2,0 – 1,25
2. Тиімділік коэффициенті (айналымдылық);
босалқы қорлардың айналымдылығы
дебиторлық қарыздардың айналымдылығы
активтердің айналымдылығы
3. Қаржы левередж коэффициенті:
барлық борышқорлық міндеттемелер мен (қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді) активтердің ара қатынасы.
барлық борышқорлық міндеттемелер мен меншікті капиталдың 0,26- 0,6
ара қатынасы 0,66- 2,0
барлық борышқорлық міндеттемелер мен акционерлік капиталдың
ара қатынасы
барлық борышқорлық міндеттемелер мен материалды акционерлік
капиталдың ара қатынасы (акционерлік капитал – материалдық 0,5- 1,5
емес активтер)
ұзақ мерзімді қарыздар мен нақты (негізгі) активтердің ара
қатынасы
меншікті капитал мен активтердің ара қатынасы
айналым меншікті капитал мен ағымдық активтердің ара
қатынасы
4. Пайдалылық коэффициенті: 7,0 –2,0
пайда нормасының коэффициенті
рентабельдік коэффициенті
акцияға пайда нормасының коэффициенті
5. борышты өтеуге қызмет көрсету коэффициенті
процентті жабу коэффициенті
нақты төлемдерді жабу коэффициенті

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Ка.ө.) ағымдағы активтердің (баланс
активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып
тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы
өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және
ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы
қамтамасыз етілуін сипаттайды.
Ағымдық активтердің қанша есе ағымдық міндеттемелерді өтейтіндігін
анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның тек дебиторларымен уақытылы
есеп айырысу мен дайын өнімді өткізуде ғана емес, сонымен қатар, қажет
болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарын сату жағдайындағы төлем
мүмкіндігін көрсетеді. Ол өнімді қаражаттардың ағымдық міндеттемелерді
жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы баланс құрылымының
тұрақты деңгейін ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның ағымдық
міндеттемелері бойынша тез есеп айрысу қабілетін көрсетеді.
Ағымдық активтер


Ка.ғ. =
Ағымдық міндеттемелер

Шапшаң (оперативті) өнімділік коэффициенті (Кш.ө.) - өтімділік
активтер ағымдық міндеттемелердің тек қана сол бөлігін, қайсысы қарызды
өтеу үшін дайын қолма қол ақшаға тез арада айналатын бөлігін көрсетеді.
Өтімділік активтерге әлемдік банктік тәжірибеде ақшалай қаражаттар мен
дебиторлық бөлшектерді жатқызуға болады, ал Қазақстанда да жылдам
өткізілетін босалқы қор бөлігін жатқызуға болады.
Өтімділік активтер


Кш.ө. =
Ағымдық міндеттемелер

Шапшаң өтімділік коэффициентін тағайындау – бұл несие алушы қабілетін
болжауға және оның айналымдағы қаражаттарынан банк қарызын өз уақытында
өтеу үшін ақшаларды жылдам шығаруды білдіреді.
Тиімділік (айналымдылық) коэффициенті – бұл бірінші коэффициенттер
тобын,яғни өтімділік көрсеткіштерді толықтырады және неғұрлым дәлелді
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер өтімділік көрсеткіштерінің
өсуі дебиторлық қарыздың көбеюінің арқасында болса және босалқы қордың құны
бір уақытта баяуласа, онда қарыз алушының несие қабілетінің класын
жоғарлатуға болмайды. Тиімділік коэффициенттер тобына жататындар:5
• босалқы қордың айналымы:
а) Кезең ішіндегі босалқы қордың орташа қалдықтары Бір күндік
өткізуден түскен түсім = Айналым күнінің ұзақтығы;
б) Кезең ішіндегі өткізуден түскен түсім кезең ішіндегі босалқы
қордың орташа қалдықтары = Кезең ішідегі айналымның саны;
• Күндік дебиторлық қарыздың айналымдылығы:
Кезең ішіндегі қарыздың орташа қалдықтары Бір күндік өткізуден түскен
түсім;
• Негізгі капиталдың айналымдылығы (нақты активтер):
Өткізуден түскен түсім Кезең ішіндегі қорлардың орташа қалдық құны;
• Активтердің айналымдылығы:
Өткізуден түскен түсім Кезең ішіндегі активтердің орташа мөлшері;
Тиімділік коэффициенті динамика негізінде талданып, сонымен қатар
бәсекелесуші фирмалардың коэффициенттері және орташа салалық
көрсеткіштерімен салыстырылады.
Қаржы левередж көрсеткіштері қарыз алушының меншікті капиталымен
қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды.
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, коэффициенттердің есеп
айырысуы үлгілерінің әр түрлі болуы мүмкін, бірақ экономикалық мағынасы
бір: ол меншікті капитал мөлшерін және клиенттің тартылған ресурстарға
бағыныштылық деңгейін бағалау. Өтімділік коэффициенттеріне қарағанда қаржы
левередж коэффициентімен есеп айырысудың айырмашылығы банк клиентінің
мерзіміне байланыссыз барлық ұзақ мерзімді міндеттемелері ескеріледі.
Неғұрлым тартылған ақшалай қаражаттардың үлесі жоғары және меншікті
капиталдың үлесі аз болса, онда клиенттің несие қабілетінің класы төмен
болады. Дегенмен, қорытынды нәтижені пайдалық коэффициентінің динамикасын
талдаған кезде жасалынады.
Пайдалылық коэффициенті; барлық капиталды, сонымен қатар оның
тартылған бөлігін қоса пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Бұл
коэффициенттердің мынадай түрлері бар:
• пайдалық нормасының коэффициенті:
а) Пайызбен салықты төлеуге дейінгі жалпы пайда Өткізуден түскен
түсім;
б) Таза операциялық пайда (пайызды төлегеннен кейін, бірақ салыққа
дейінгі пайда) Өткізуден түскен түсім;
в) Пайызбен салықты төлегеннен кейінгі таза пайда Өткізуден түскен
түсім;
• рентабельділік коэффициенті:
а) Пайызбен салықты төлегенге дейінгі пайда Активтер немесе
меншікті капитал;
б) Пайызды төлегеннен кейінгі, бірақ салыққа дейінгі пайда
Активтер немесе меншікті капитал;
в) Таза пайда (пайызбен салықты төлегеннен кейінгі пайда) Активтер
немесе меншікті капитал;
Үш түрлі рентабельдік коэффициенттерді салыстыру арқылы, салық пен
пайыздың фирманың рентабельділігінің деңгейіне әсерін көрсетеді.
• Акция пайдасының нормалық коэффициенті:
а) Акция табысы = Жай акциялар бойынша дивидендтер Жай акциялардың
орташа мөлшері;
б) Дивиденттік табыс (%) = Бір акцияның жылдық дивиденті * 100 Бір
акцияның орташа нарықтық құны;
Борышты өтеуге қызмет көрсету коэффициенті (нарықтық коэффициенттер)
пайданың қай бөлігі пайыздық және нақты төлемдерге жұтылатындығын
көрсетеді. Олардың есеп айырысудың жалпы сомасы келесіде көрінеді:
Пайызды өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда Кезең аралық
пайыздық төлемдер;
Пайыздық төлемдерді өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда Пайыз +
Лизингтік төлемдер + Артықшылығы бар акция бойынша дивидендтер + Басқа да
нақты төлемдер.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі
көрсеткіштер пайдаланылады:
3-кесте
Көрсеткіштер атаулары Есептеу алгоритмі
1 2
1 Ағымдағы өтімділік коэффициенті Ағымдағы активтер ағымдағы
міндеттеме
2 Мерзімді өтімділік коэффициенті Ағымдағы активтер – запастар
ағымдағы міндеттеме
3 Активтер рентабельдігі Пайда кәсіпорын активтері
4 Рентабельдік сауда Өтімді сатудан түскен пайда-
өтімді сатудан түскен түсім
5 Негізгі құралдар мен басқа Пайда негізгі құралдар +
айналымнан тыс активтер айналымнан тыс активтер
рентабельдігі
6 Меншікті капитал рентабельділігі Пайда меншікті капитал
7 Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайда ұзақ мерзімді несие және
рентабельдігі займдар
8 Қаржы левередж коэффициенті Заемдық қаражаттар меншікті
қаражаттар
9 Тіркемелі активтерді өтеу Тіркемелі активтер (ғимараттар
коэффициенті; және құрылғылар – амортизация)
қамтамасыз етілген несиелер
10 Қарызға қызмет ету коэффициенті Пайда қарыз бойынша шығындар
11 Қор қайтарымы Жалпы пайда – түсім активтер

Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс
өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.6
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз
міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және
өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне
байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай
қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды,
пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен
салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа
бөлінеді:
1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі
басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да
ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі
қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);
2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген,
жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен
есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға
қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп
айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан
берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және
қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар
қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен
тапсырылған жұмыстар жатпайды.

Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке
алынбайды. Мұнда “өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек
ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу” бабында жақын арадағы үш
ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.

3) жеңіл іске асырылатын тауарлы- материалдық құндылықтар (арзан бағалы
тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған
өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым
қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды.
Көрсеткіштің мәнінің 1- ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті
қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай
қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні
жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы
жұмсалымдарды кеңейтпей- ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын
объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.
Коммерциялық банк клиентінің несиелік қабілетінің класы негізгі
және көмекші көрсеткіштер арқылы анықталады. Негізгі көрсеткіштер банктің
таңдауымен ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалуы қажет. Банктің несие саясатын
немесе басқа да құжаттар негізінде, бұл көрсеткіштерді және олардың
нормативтік деңгейін тіркеу жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғысы, халықаралық
стандартқа сүйенуі керек, бірақ берілген банк және берілген кезең үшін жеке
болуды қажет етеді. Бұған мысал ретінде 90 жылдары Нью-Йорк қаласында бір
коммерциялық банктің көрсеткіштер жүйесін келтіруге болады:7
4-кесте

Несие қабілетінің көрсеткіштері Мөлшерлік деңгейі
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2:1
Шапшаң өтімділік коэффициенті 1:1
Қаржылық левередж коэффициенті
(Ұзақ мерзімді міндеттеме Меншікті капитал + 1:1
Бағынышты борыш)
Қаржылық маржа коэффициенті
(Несиелер Активтер – Ұзақ мерзімді міндеттеме) 1 көп емес

Несие қабілетінің класы негізгі көрсеткіштер деңгейінің балдық шкаласы
бойынша анықталады. Мысалы, І класс – 100-150 балл, ІІ класс – 151- 250
балл, ал ІІІ класс – 251 –300 балды құрайды. Балдарды есептеу үшін класс
көрсеткіштерінің нақты маңызын нормативпен салыстыру жолымен анықтау,
сонымен бірге маңыздылық (рейтинг) көрсеткіштерін пайдалану.
Рейтинг немесе маңыздылық көрсеткіші - әрбір қарыз алушы табысын берілген
коммерциялық банктің саясатына тәуелді етіп, клиенттің ерекшелігіне,
балансының өтімділігіне, нарықтық жағдайына байланысты жеке анықтайды.
Мысалы, қысқа мерзімді ресурстар үлесінің көптігі, жабдықтаушылар алдында
несие және төлем бойынша өткен мерзімдегі қарыздарды шапшаң өтімділік
коэффициентінің рөлін күшейтіп, ол өз алдына кәсіпорынның ақша қаражатынан
тез арада босату қабілетін бағалайды. Тұрақты запастарды несие арқылы банк
ресурстарынан тарту және меншікті капитал көлемінің төмендігі – қаржы
левередж көрсеткіштерінің рейтингісін өсіреді. Экономикалық несие
шекараларының бұзылуы, клиенттердің несие алу барысындағы несие қабілетін
бағалаудың ағымдық өтімділік коэффициентінің деңгейін бірінші орынға
көтереді.

Клиенттің несие қабілетін жалпы бағалау балл арқылы беріледі. Балдар
несие қабілетінің класының әрбір көрсеткіштер рейтингісі сомасымен
ұсынылады. І класқа 100-150 балл, ІІ класқа 151-250 балл және ІІІ класқа
251-300 балдар қосылады.
Несие қабілетінің кластарын түзеу маңызының бірі нашар қосымша
көрсеткіштер класс деңгейін төмендетеді немесе көбейтеді. Мысал ретінде
келесі кестеден көруге болады:8
5-кесте

Қосымша көрсеткіштер
Клиент Балдық Менеджментті бағалау Өкізуден түскен таза Несиелеу
рейтинг (балдың максималдық қолма қол ақшалар класы
саны 30) сальдосы, %
№1 100 (1) 26 2 І
№2 120 (1) 28 1 ІІ
№3 130 (1) 15 - ІІІ

Көрсеткіштердің және рейтингтердің балл бойынша бірдей деңгейін әртүрлі
факторлар ықпалымен қамтамасыз етуі мүмкін, олардың біреуі позитивтік, ал
қалғандары негативтік болады. Сондақтан да, класты анықтау қабілетінің
коэффициенттерінің факторлық талдауы, баланстық талдауы, аймақтық және
салалық істерді зерттеу жағдайларымен байланысты болады.

1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістері
Несиелік тәуекелді бағалаудың статистикалық әдістері. Соңғы он
жылдықтарда батыстың ірі банктерінде әртүрлі статистикалық модельдер
көмегімен қарыз алушының сапасының потенциалын бағалау әдістері әзірленді.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі
американ экономисі Э.Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып
табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э.Альтманның пікірі
бойынша банкроттықтың ықтималдылығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті
(Кж.ж.) немесе ағымдағы өтімділік (Ка.ө.), яғни тұлғалардың активтерінің
өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуекелділік коэффициентіне байланысты
болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер
коэффициенттердің салмақты мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір
өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер
нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң
болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Америка тәжірибесінде (4) мынандай коэффициенттердің салмақтық мәндері
қолданылады.
• жабу немесеағымдағы өтімділік көрсеткіші үшін: ;
• баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші
үшін ;
• тұрақты шама -.
Мұнда:
Ка.ө. – ағымдағы өтімділік коэффициенті = ағымдағы ақтивтер ағымдағы
міндеттемелер;
К3 – қаржылық тәуелділік коэффициенті = заемдық қаражаттар
(міндеттемелер) көздердің жалпы көлемі (баланс валютасы);
Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50%-дан кем
болады және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z0 болса,
онда банкроттық ықтималдылығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның жеке тұлға
жайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып
табылады.
Э.Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол
болжаудың бесфакторлы моделін ұсынған. Осы модельдерді жасаған кезде
өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап тексерген. Оның жартысы банкроттыққа
ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау
үшін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған
америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан
кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық
ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентін анықтап,
бес негізгі көрсеткішті шығарған Э.Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие
қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетіледі: .
Мұндағы: К1 – К5 келесі түрде есптелінеді:
К1 = Меншікті айналым қаражаттары Барлық активтер;
К2 = Бөлінбеген табыс Барлық активтер;
К3 = Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс Барлық активтер;
К4 = меншікті (акционерлік) капиталдың нарықтық бағасы (жай және
айрықша акциялар) Қатыстырылған капитал (баланс бойынша заем
қаражаттарының сомасы);
К5 = Өткізуден түскен табыс Барлық активтер.
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтерібойынша
Э.Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін
есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Американ экономисі Чессердің коммерциялық несиелерді бағалау моделінің
6 өзгермелілерін ұсынған:9
Х1 – кассадағы қолма қол ақшалардың және нарықтық бағалы қағаздардың
актив сомасының қатынасына;
Х2 – таза сату сомасының кассадағы қолма қол ақшаларға және нарықтық
бағалы қағаздардың ара қатынасына;
Х3 – табыстың салықты және пайызды төлегенге дейінгіні активтер
сомасына қатынасы;
Х4 – жалпы қарыздардың активтер сомасына қатынасы;
Х5 – негізгі капиталдың акционерлік капиталға қатынасы;
Х6 – айналым капиталының таза сату сомасының қатынасына.
Чессер қатар банктердің мәліметтерін, яғни 37 “қанағаттандырылған”
және 37 “қанағаттандырылмаған” несиелер бойынша мәліметтерін пайдаланып,
әрі есеп жүргізу үшін қарыз алушы фирмалардан 1 жылдық баланс көрсеткіштері
алынған. Есеп көрсеткіштерінің моделін “келісім шарт бұзылуының
ықтималдығы” формуласына қойып, Чессер зерттеліп жатқан 4 жағдайдың ішінен
3 дұрыс екенін анықтап білген.
Батыстың банктерінде ең көп пайдаланатын әдістерінің бірі- несиелік
скоринг (credit scoring). Скоринг әдісінің басты ерекшелігі негізінен жеке
тұлғаларды несиелеумен, яғни тұтыну несиесімен қамтамасыз етілмеген
несиелерді және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау үшін қолданылады.
Біріншісі (логикалық), яғни қарыз алушының өзіндік қасиеттері мен қаржылық
жағдайы туралы талдауды таразылауды шамалауға және сараптық бағалауын
болжауға сүйеніп отырады. Сараптық бағалау бір көрсеткіштерді басқалардан
артықшылық деңгейін сипаттайды. Бар ақпараттарды пайдалану арқылы банк
маманы несиеге өтініш берушінің жалпы бейнесін құруға және оны әр түрлі
несиелік тәуекел деңгейімен ассоциацияланған стандартты қарыз алушылармен
салыстыруды жүргізеді. Төлем қабілетін анықтаудың логикалық әдісі әдетте
мониторинг желісінің дамуымен байланысты тіркелініп,қарыз алушының несиелік
тарихын ашып көрсетеді. Бұл мақсатпен көптеген экономикасы дамыған елдердің
банктері несиелік бюролардың ақпараттық қызметтерін пайдаланып, сол арқылы
үнемі потенциалды қарыз алушылардың мүліктік және қаржылық жағдайлары
туралы ақпараттарын шоғырландырып, қорытынды жасайды. Сөйтіп, АҚШ-тың 2000
астам жеке ұйымдары көптеген мәліметтермен, яғни, бір кездері қарыз алушы
несиені алғаны туралы, несиені өтеу тарихы туралы және несиелік рейтингісі
туралы жеке тұлғалардың ақпараттарымен қамтамасыз етілген. Несиелік бюро
келесі мәліметтер түрлерімен қамтылған:
• әлеуметтік-демографиялық мінездемелер;
• соттық шешімдер (соттың талап етуімен байланысты несие бойынша қарыздық
жұмыстарын өткізеді);
• банкроттық туралы ақпарат;
• жеке қарыз алушылар туралы мәліметтерін несиелік ұйымдардан “сен –
маған, мен – саған” принципімен, яғни, бір банк басқа банкке қарыз
алушы туралы ақпараттарды беріп, орнына басқа ақпараттарды алып отырса
деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі таңда Қазақстанда несиелік бюроны құру қолға алынып жатыр. Ол
екінші деңгейлі банктерге қарыз алушылар туралы ақпараттармен қамтамасыз
ету арқылы олардың қызметін жеңілдетуіне әкеледі. Әрине, банктер үшін тегін
дүние емес, бұл үшін олар комиссиондық ақыны қарыз алушының қаражаттары
есебінен бюродан ақпараттарды сатып алу арқылы құжаттамаларын толтырады (1
қарыз алушыға келетін ақпарат көзінің бағасы 1 доллар шамасында).сонымен
бірге клиентке несиелік бюродағы өзінің қаржылық жағдайын тексеруге және
мәліметтің қате болғанда оны айтып түзетуі тиіс. Егер несиелік бюро қарыз
алушының жалған ақпараттарды бергені тураы құжаттарды тексеру арқылы білсе,
онда дереу жағдайда бұл клиентке қызмет көрсетіп жатқанбанкке хабарлап,
оған несие берін тоқтатады. Бюродағы сақталып жатқан барлық ақпараттардың
көлемі мен сипаты әр елдің заң актілерімен реттелініп отырады.
Екінші бір қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтаудың кең тараған
әдістерінің бірі несиелік өтініштерді таңдап алудың скорингтік жүйесі.
Алғаш рет бұл әдісті 1941 жылы американ экономисі Дэвид Дюрон бұл жүйедегі
жинақталған мәліметтер базасын қадағалау кезінде “жақсы” және “нашар”
несиелер топтары бойынша пайдалануды ұсынған. Бұл несиелерді қайтару
кезінде қаржылық, экономикалық мотивациялық факторлардың әсер ету көлемін
тауып және бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір шешуші фактор (көрсеткіш)
балдық негізде тәуекелділік деңгейіне сәйкес сандық мөлшерді алып отырады.
Мұндай саралаудың нәтижесінде факторлар бойынша топтастырылған үлкен балдық
шкала түріндегі кесте құрастырылады. Олардың мәліметтерін көрсеткіштермен
салыстыру жолымен несие бойынша өтініш берушіні сипаттап, оның несие
қабілеттілігін бағалайды. Дағдарыс деңгейінен жоғары балл жинаған үміткерге
және атына кір келтіруші ақпараттар болмаған жағдайда еш кедергісіз несие
беріледі. Егер жиынтық балдары берілген шектен аспаған жағдайда, онда несие
алу бойынша өтініші қабылданбайды. Бұл скоринг әдісінің кемсітушілік
сипатын көрсетіп, яғни егер де қарыз алушы нашар несие тарихымен байланысты
топқа жақын болатын болса, онда оған несие берілмейді. Сондықтан да,
скоринг жүйесінің ең жоғары автоматизацияланған деңгейі пайдаланылса да,
субъективті араласу жағдайынан, яғни несие инспекторларының қосымша ақпарат
көздері арқылы қарыз алушының сенімсіз, күмәнді екенін, ал шын жағдайда
жақсы немесе керісінше болатындығын дәлелдейді. Сөйтіп, скоринг келесі
сипаттамаларды, қарыз алушының сенімді немесе сенімсіз жағдайлармен
байланысын көрсетеді.
Сонымен қатар, скоринг әдісінің тағы да бір құрылуының ерекшелігі, ол
негізгі үлгіде қолданылмауы тиіс, тек жеке әр банктің өзіндік
ерекшеліктерімен, яғни өзіне тән клиентурасына, мемлекеттің дәстүрлерін
есепке алумен, әлеуметтік-экономикалық шарттарының өзгеруінен адамдардың
мінез-құлқына әсер етуін әзірлеу керек. Алдымен скорингті енгізбес бұрын әр
банк қолданып жатқан модельдің тиімділігін талдауы және несие алушылар
мінездемелерінің және олар шкалалық сандық бағаларын түрлендіру қажеттілігі
негізінде жүруі қажет. Скоринг бойынша жеке қарыз алушының несие қабілетін
анықтаудың принципін мысал ретінде неміс банкінің моделі ретінде келтіруге
болады, соның ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Қарыз алушының несиелік қабілеті
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Пәндер