Пиелонефрит ауруы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Пиелонефрит ауруы

Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирекірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызды. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық диатезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер жәрдемші болады. Пиелонефритке тән синдромдар - лейкоцитурия, бактериурия және бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашарлауы. Бірініші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді.

Бірінші пиелонефрит - жалпылама ұғым. Бүйректің зақымдану себебі беймәлім.

Екінші обструкциялық пиелонефритке және туа бітетін тубулопатия (бүйрек өзекшелерінң тұқым қуалайтын зақымдануы) себепші болатын пиелонефритке бөлінеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді латентті пиелонефрит болып бөлінеді.

Жедел пиелонефрит кенеттен басталуымен, қысылуымен, несеп шығуының бұзылуымен және несептің өзгерімен сипатталады. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, белок саны норма шеңберінде немесе аздап көбірек, несеп тұнбасында лейкоцидтер, бактериялар көп болады, бірлі-жарым эритроцидтер кездеседі. Несептің тәуліктік мөлшерін зерттеу неғұрлым көз жеткізеді. Қаннан лейкоцитоз анықталады, СОЭ көп болады. Толқын тәрізді, қайталанбалы ауру кезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы қанағаттандырарлық болып қалуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Несеп тұнбасынан лейкоцидтер едәуір көбірек мөлшерде табылады. Қабыну процесінің үдей түсуі нефрондар функциясының бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады. Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің симптомы азырақ болып өтеді, көбінесе бірқатар жылдар бойы анықталмай қалады. Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады.

Анамнезінде әдетте шаршағандықты, тәбет болмауын, ара-кідік іштің ауруын, кейде субфебрилдік дене қызуын көрсететін белгілер болады. Несепті зерттегенде көмескі, тұрақсыз лейкоцитурия анықталады. Несебінің анализі өзгерген және ішінің ауруы этиоилгиясы беймәлім себеппен қайталана беретін балаларлдың бәрі стационар жағдайында рентгеноурологиялық және функционалдық-диагностикалық тексеруден өткізілуге тиіс. Несепті Каковский-Аддис (Ненстің тәуліктік мөлшеріндегі тұнбаны зерттеу) бойынша, сондай-ақ Нечипоренко (1мл3 несептегі тұнбаны зерттеу) бойынша зерттеу диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі; лейкоцитурия мен бактериурия табылуының диагнозды растау үшін зор маңызы бар. Лейкоцитурияның қалай шыққанын анықтау қажет; оның көбінесе қыздардан байқалатын вульвовагинтке байланысты болуы мүмкін.

Пиелонефриттің диагнозын қою үшін несеп лейкоцидтерінің морфологиялық құрамын анықтаудың маңызы бар. Пиелонефритке нейтрофилдік гранулоциттердің басым болуы тән. Лейкоцитурияның мұндай типінің қандағы сілті фосфатазасының жоғары белсенділігімен ұштасуы пиелонефриттің диагнозын ерте анықтайтын белгі болуы мүмкін. Бүйректің рентгенограммасында ұршық-түбекше жүйесінің асимметриялық өзгерістері анықталады. Көпшілік жағдайда уродинамиканың бұзылу белгілері аңғарылады. Жедел пиелонефриттің диагнозын ертерек қоюдың зор маңызы бар, өйткені 90% жағдайда аурудан емдеп шығарудың және оның созылмалы формаға көшуінен сақтаудың сәті түседі. Емдеу.

Пиелонефриттің жедел кезеңінде аурудың негізгі белгілері (дене қызуы жоғары, құсу, іштің ауруы) жойылғанға дейін төсектен мүлде тұрғызбау керек. Науқас баланы тамақтандырудың зор маңызы бар. Токсикоз бен лейкоцитуря айқын болған жағдайда жеңілдетілген қант- жеміс күнін өткізіп, суды көп ішкізеді, ал содан соң сүт-өсімдік диетасын көшіреді. Ремиссия болғаннан кейін ащы тағам қоспай, жас шамасына сәйкес толымды тамақ беріледі. Несептің тұрақты шығарылып тұруымен ішек қызметін қадағалап отыру керек. Аурудың жұқпалы табиғатына, пиелонефриттің ұзаққа созылатынына және қайталануға бейім болатынына байланысты баланың стационарда болған алғашқы күндерінен бастап-ақ анти-бактериялық және қабынуға қарсы терапия жүргізу қажет.

Антибиотиктер мен химиялық препараттар оларды қалай көтеретіндігін, микрофлораның сипаты мен процестің белсенділігін ескере отырып, тағайындалады. Пенициллин қатарынның препараттары, ең жақсысы - жартылай синтетикалық препараттар (окцациллин, ампициллин, эритромицин), тетрациклин қатарының препараттары қолданылады. Аралас инфекция жағдайында екі антибиотик немесе оларды басқа да антимикробтық дәрі-дәрмектермен араластырып қолданады. Антибиотиктер алғашқы 10-14 ткүде енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады.

Сульфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-10 күн циклымен пайдаланылады. Олардың ішінде нефротоксині ең азы - уросульфан, этазол, сульфадиметоксин, 10-14 кү циклымен антибиотиктерге қосып немесе қоспай-ақ нитрофуран өнімдері - фурагин, фурадонин, фурозолин тағайындалады, оладың бактериостатикалық әсері айқын болады. Нафтиридиннің өнімдері налидикс қышқылы (неграм, нефиграмон, налидиксин) пайдалы, олар 20-3 апта бойы қолданылады. Арасына 10 күн салып, екі апта циклымен нитроксолин (5 - НОК, оксихинолиннің өнімі) ойдағыдай пайдаланылып жүр. 1 - 1 1\2 ай бойы үздіксіз антибактериялық терапия жүргізеді. міндетті түрде витаминдер: ретинол, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, пангам қышқылы (В15 витамині) тағайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПИЕЛОНЕФРИТ ПРИСТУП КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӘНЕ ПРАФИЛАКТИКАСЫ
Жедел бүйрек қабынуы
ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Бүйрек аурулары туралы
Бүйрек тас аурулары
Қуық жүйесі
Бүйрек аурулары
Созылмалы бүйрек ауруы
Бүйректің патологиялық аурулары
Жіті нефрит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz