Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне үйрету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3.5

І Тарау. Мектепке дейінгі балалардың мүсіндеу өнері арқылы
көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды
Іріктеу және балалардың көлемдік қатынастарды қабылдау ерекшеліктері ... ... ... ...6.8
1.2. Мүсіндеу түрлері және балаларда көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастырудың міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ...9.13

ІІ Тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының құрылымы және оған басшылық жасау
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға көлемдік қатынастарды игертудегі мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...14.16
2.2. Мүсіндеу өнері арқылы балалардың көлемдік қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру, әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.24
Сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... 25.27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 29
Шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін еңбек-сүйгіштік қажет. Мұнсыз ең тамаша ойдың өзі жүзеге аспай қалуы мүмкін. Адамның барлық күш-жігері алға қойған мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылып, бағытталуға тиіс.
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде — ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаган дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімеи нақты пішінін көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін маңызды мәні бар.
1. «Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі»
Авторы: В.Б.Косминская. «Мектеп» баспасы, 1993 ж.
2. «Балабақшадағы бейнелеу өнерінің мақсаты мен міндеттері» Авторлары: В.Б.Косминская, Н.Б.Халезова. «Мектеп» баспасы, 1991 ж.
3. «Балабақшадағы бейнелеу өнерінің түрлері»
Авторы: З.В.Лиштван. Баспа 1993 ж.
4. «Бейнелеу өнерінің негіздері»
Авторлары: М.Жаметов, С.Жұмабеков. Алматы, 2000 ж.
5. «Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету әдісі»
Авторы: Сакулина Н.П. 1985 ж.
6. «Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру»
Авторы: Ветлугина Н.А. 1992 ж.
7. «Балбөбек» балалар бақшасының бағдарламасы. Астана 2001 ж.
8. «Қарлығаш» балалар бақшасының бағдарламасы. Алматы 2003 ж.
9. «Балалар бақшасында сурет,мүсіндеу және жапсыру сабақтарының әдістері» Авторы: Қарабалина Т.У. Алматы 1984ж
10. Қ.Қ.Меңдіқұлова «Мүсіндеу өнері арқылы балалардың көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастыру»// Отбасы және балабақша. №2, 2004жыл.
11. Ж.Кемелова «Мүсіндеу сабағы»// Бала мен балабақша. № 2,2009 жыл.
12. Ш.Химодуллина «Бейнелеу өнерінің түрлері»// Бастауыш мектеп. №5,2005жыл.
13. З.Кенешбаева «Мүсіндеу өнері арқылы балалардың түсініктерін қалыптастыру»// Отбасы және балабақша. №4,2009жыл.
14. Г.Т. Джанашева «Ертегілер еліне саяхат»// Мектепалды даярлық. №6,2008жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Сабақ жоспары.
Сабақ: Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Кірпіге арналған алмалар.
Сабақтың мақсаты: Әдіс-тісілдерді қолдана отырып, балаларды түрлі-
түсті қағаздарды жапсыруға, кірпінің және алманың бейнесін бейнелеуге
үйрету. Суреттер арқылы қиялы мен қабілетін жетілдіру. Тақпақ, ойындар
арқылы сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Жұмысын
толық және ұқыпты аяқтауға, эстетикалық әсемдікке тәрбиелеу. Балалардың
білімділігін дамыту, тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, жапсыру, түсіндіру, ойын әдісі.
Көрнекі-құралдар:Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, жемістердің
суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады.
Сәлемдесу.
Алтын күн, алтын күн,
Алтын шуақ таратшы.
Туған өлке – даламды,
Күн шуағына бөлеші.
Күлімде күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын,
Қолдарына ту алсын.
Негізгі бөлім.
Тәрбиеші балаларға көрнекіліктер арқылы алманың бөлшектерін қиып,
кірпінің үстіне орналастырып жапсыруға үйрету. Көрнекілік бойынша алманы
және кірпіні көрсетіп, жапсыру технологиясын әңгімелеп беру. Алманың суреті
бар көрнекіліктерді тақтаға іліп оның түсін, түрін, пішіні, көлемін,
ерекшеліктерін баяндай отырып, сабақтың негізгі мақсатына назар аудару.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Жел бетіме еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Жұмбақтар.
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күз жеткенде (Алма)

Үсті-басы түрпі,
Тышқан аулар...(Кірпі)
1. Балаларға жеке дайындалған конверт таратып, мақсатты түсіндіру.
2. Конверттің ішінде алманың және кірпінің қырқылған бөлшектері бар
екенін түсіндіру.
3. Желіммен жұмыс жасауды үйрету, мақсатқа жету үшін, жеке дара әдіс
принципін қолдана отырып, әр балаға тәрбиеші тарапынан көмек беру.
4. Қырқылған бөлшектерді қағаз бетіне дұрыс орналастырып, оларды
атымен айтқызу.
Сергіту сәті.
Көбелекке ұқсап ақ,
Ұшайықшы бәріміз.
Оңға қарай бір ұшып,
Айналайық жер шарын.
1-2-3 көбелекше ұш.
Тәрбиеші: - Балалар, жаз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?
Балалар: Алма, алмұрт, шие, өрік.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар, балалар бүгінгі сабағымыз алма туралы
болғандықтан, алмаға байланысты тақпақты еске түсірейік.
1-бала.
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
2-бала.
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
3-бала.
Алма, алма, көп алма,
Қызыл, сары, көк алма,
Теріп алып келейік,
Атамызға берейік.
Дидактикалық ойын. Заттың атын тап
Шарты: қоржынға салған көкөністер мен жеміс-жидектерді қолдарына алып,
қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау. Пішіндерін айту.

Мысалы; алма – тәтті, домалақ; сәбіз – қатты, сопақша; бұршақ – ащы,
сопақша.
- Енді екі топқа бөлінейік. Бірінші топ көкөністер, ал екінші топ
жеміс-жидектер. Түстеріне, пішіндеріне қарап, бір-бірінен
айырмашылықтарын салыстырыңдар.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, бір ауық,
Дұрыс, бұрысты ұғалық.
Дұрыс болса, отырып,
Бұрыс болса, тұралық.
Суды жейміз.
Суды ішеміз.
Сумен жуынамыз.
Су қатпайды.
Су – сұйық.
Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында әр баланың жасаған
еңбегін тақтаға іліп, барлық балаларға көрсету. Оларды жақсы сөздермен
мадақтап, еңбегінің жоғары екенін сездіру. Баланың кірпі және алма жайлы
қандай мағлұмат алғанын, не қызықты болғанын сұрап қорытынды жасау.
Балаларға мадақтау жұлдызшасын тарқатып беріп, ризашылығын білдіру.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3- 5

І Тарау. Мектепке дейінгі балалардың мүсіндеу өнері арқылы
көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды
Іріктеу және балалардың көлемдік қатынастарды қабылдау ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8
1.2. Мүсіндеу түрлері және балаларда көлемдік қатынастар туралы
түсініктерін қалыптастырудың міндеттері мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-13

ІІ Тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының құрылымы және
оған басшылық жасау
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға көлемдік қатынастарды
игертудегі мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-16
2.2. Мүсіндеу өнері арқылы балалардың көлемдік қатынастары туралы
түсініктерін қалыптастыру, әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7-24
Сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25-27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 8

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін
еңбек-сүйгіштік қажет. Мұнсыз ең тамаша ойдың өзі жүзеге аспай қалуы
мүмкін. Адамның барлық күш-жігері алға қойған мақсатты жүзеге асыруға
жұмылдырылып, бағытталуға тиіс.
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде —
ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде қайталауға
тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі
бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты
бар. Бұл арада бала қоршаган дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға,
қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімеи
нақты пішінін көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық-
синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін
маңызды мәні бар.
Іс-әрекетте қиялдау барған сайын үлкен роль атқара бастайды. Бірақ
мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда қиял образдары әлі де болса
тұрақсыз, үзінді түрінде болып келеді, бұл баланың суретіне де әсерін
тигізеді. Жасы өскен сайын қиял байи түседі, балалар өз жұмысының мазмұнын
өз бетімен ойлап тауып, жаңа образдарды кіргізе алады.
Балалар шығармашылығының мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерде
баланың іс-әрекетінде шығармашылық бастаманың бар екенін сипаттайтын
бірқатар белгілер атап көрсетіледі. Бұл — жұмыстың бұрын игерілген
тәсілдерін жаңа мазмұнға қолдануда, алға қойылған міндеттерді шешудің жаңа
әдістерін табуда, түрлі бейнелеу құралдарының көмегімен өз сезімдерін
әсерлі білдіруде белсенділік, дербестік және белсенділік көрсету.
Мұнан әрі бейнелеу іс-әрекеті мен шығармашылық бастаманы дамыту үшін
бұл кезең маңызды роль атқарады, өйткені бала өз ойын образдар арқылы
көрсетіп бере алатын материалмен танысады.
Балалар шығармашылығының анықтамасын алғашқылардың бірі болып Е. А.
Флерина берді: Балалардың бейнелеу шығармашылығын біз баланың қоршаған
болмысты сурет, мүсін, құрастыру арқылы саналы түрде бейнелеуі, қиялдау
жұмысына, өз бақылауларын елестетуге құрылған бейнелеу, сондай-ақ олардың
сөз, картина және басқа өнер түрлері арқылы алған әсерлері деп білеміз.
Бала айналадағыны енжар көшіре салмай, оны жинақталған тәжірибесі мен
бейнеленіп отырған затқа қатынасына байланысты қайта жасайды.
Бейнелеу өнеріне балаларды үйрету олардың бойына бейнелеу шеберлігі
мен дағдыларын қалыптастырумен қатар шығармашылық белсенділікті дамытуды
көздейді. Бұл жүйе мектеп жасына дейінгілердің бейнелеу дағдыларына және
олардың бойында байқампаздықтың, қоршаған өмірдегі бояулардың, пішіндердің,
қимылдардың алуан түрлілігін көре білуді тәрбиелеуге негізделген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне
үйрету, мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарын іріктеуге үйретудің
жолдары, балалардың мүсіндеу өнері арқылы қол-аяқ моторикасын дамыта
отырып, оның шығармашылық қабілеттері мен ақыл-ойын дамыту. Ересек топ
балаларының мүсіндеу сабақтарында көлемдік қатынастар туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды іріктеу және
балалардың көлемдік қатынастарды қабылдау ерекшеліктерін қарастыру.
- Мүсіндеу түрлері және баларды көлемдік қатынастар туралы
түсініктерін қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнының тәрбиелік мәнін ашу.

- Мүсіндеу өнері арқылы балалардың көлемдік қатынастары туралы
түсініктерін қалыптастырудың әдіст-тәсілдерін үйрету ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерінің көмегімен шығармашылық бастаманы
дамыту.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау,
бақылау, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. Мектепке дейінгі балалардың мүсіндеу өнері арқылы көлемдік
қатынастар туралы түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды іріктеу және
балалардың көлемдік қатынастарды қабылдау ерекшеліктері
Мүсіндеудің бейнелеу жене техникалық құралдарын меңгеру сәбилер үшін
өте күрделі соғады, мұның өзі тәрбиешілердің мүсіндеуге арналған
материалдарды мұқият іріктеуіне үйретудің мазмұны мен тәсілдеріне ұқыпты
қарауына мәжбүр етеді.
Балабақшада мүсіндеуге әдетте саз балшық пен ермек саз пайдаланылады.
Саз балшық — бейтарап және қолайлы түсі бар жұмыс істеуге бағалы материал.
Саз балшық қара қоңыр, ақ немесе жасыл, не көкшіл реңкі бар күлгін бола
береді. Мүсіндеуге муфельді пеште күйдіруге болатын, арнайы дайындалған
түрлі түсті керамикалық балшықты да пайдалануға болады. Жалпы саз балшықпен
жұмыс істеу өте ыңғайлы. Оның үлкен бір бөлегі неше түрлі мүсіндер жасауға
негіз болады. Саз балшықты пластмассадан жасалған ыдыста сақтаған жақсы, ал
металдан жасалған ыдыста сақтайтын болса, ол тоттанып кетеді. Саз балшықтың
жұмыс іетеуге үнемі дайын тұруы үшін оны сызы мол, салқын жерде, ылғал
шүберектің астында ұстаған дұрыс.
Әлі кептірілмеген немесе жартылай кептірілген бұйымдарды ересектер
немесе мектепке даярлық тобындағы балалар сұйық балшықпен үстемелеп сылай
алады, ал сонан соң жақсылап кептіріп муфель пешінде күйдіре алады. Саз
балшықты сумен араластыра отырып қаймақтың сұйықтығындай болуын ангоб
(керамикалық) бояуы дейміз. Адамдар сонау ежелгі замандардан бері
керамикалық бұйымдарды ангоб бояуымен әшекейлеп келеді. Ангоб қазіргі кезде
де керамикалық бояу ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Ермек саз мүсіндеудің алдында ерекше дайындықты талап ететін
серпімді материал. Ол бір түсті немесе түрлі түсті болуы мүмкін. Мұның
алғашқысы заттың құрылысын және пішінінің тұтастығын жақсы түсінуге
мүмкіндік береді. Ал, түрлі түсті ермек саз жұмысқа әр береді,
мәнерлеудің қосымша құралдары болып табылады.[1. 27б]
Мүсіндеудің көмекші материалдарына каркастар (қаңқалар) жатады.
Балаларды мүсіндеуге үйреткенде қаңқа ретінде жуандығы мен ұзындығы әр
түрлі кәдімгі таяқшаларды пайдалануға болады. Қаңқаның көмегімен фигуралар
мықты және серпімді болып келеді.
Қаңқаның тірегіне орындалған саз балшықтан жасалған бұйымдарға сызат
түскіш болады, сондықтан олар болар-болмас кебе бастағанда, қаңқаны жайлап
алып тастау керек. Ендігі кептірілу қаңқасыз жүзеге асуы керек.
Мүсіндеу процесінде өздері оп-оңай істеп алатын ағаштан немесе
темірден, стеканы пайдалана білу қажет. Стекалардың ең қарапайым формасы —
таяқшалар, бір жағынан өткірленген үшкір болып келсе, екінші жағы
дөңгеленген, сондай-ақ ол ілмек түрінде де, сымнан ілмегі бар таяқшаларда
болуы мүмкін.
Мұндай стекалар мүсіндеу барысында қолмен өңдеуге қиындық туатын сәтте
ғана пайдаланылады, онымен формадағы артық балшықты қырнауға әр түрлі
сызықтар түсіруге көп жәрдемін тигізеді. Балаларды мүсіндеуге табысты
үйрету үшін стол үстіне қоюға жарайтын, көлемі шағындау тақтайдың болғаны
өте жақсы. Оның көлемі мүсіндеудің көлемімен айқындалады. Егер фигураның
мөлшері 15X10 см болса, онда тақтайдың мөлшері 35x22 см болып келуі тиіс.
Фигура үлкейтілген сайын, тақтайдың да көлемі үлкен болуы керек. Асылы,
тақтайдың ең қолайлы формасы—дөңгелек келген түрі, кейде тақтайлар квадрат
болып та келуі мүмкін.
Ересек және мектепке даярлық тобындағылар тақтайдың орнына стол үстіне
қойылатын жылжымалы станоктарды да пайдалануына болады, себебі мүсіндеу
барысында балалар өз жұмысын ретіне қарай айналдырып алуына мүмкіндік
туады. Ересек және мектепке даярлық тобындағы балаларға модельді көрсету
үшін айналмалы дискісі бар биік қондырғыны пайдаланған жөн. Бұл тәсіл
арқылы затты қолмен көлегейлемей, барлық жағынан анық көрсетуге
болады.[5.12б]

1.2. Мүсіндеу түрлері және балаларды көлемдік қатынастар туралы
түсініктерін қалыптастырудың міндеттері мен мазмұны
Заттың мүсінін жасау бала үшін сол заттың суретін салудан жеңілірек.
Ол бұл жерде бейнелеудің шартты құралдарынан гөрі нақты көлемді бейнелеуге
мүмкіндік алып отыр. Балаларға конструкциясы жеңіл және өсімдік формасы
тәрізді заттарды мүсіндеу оңайлау да, ал адамдар мен жануарларды мүсіндеу
аса қиын тиеді. Бұл, әрине, соңғылардың дене құрылысының күрделілігіне,
пішіндерының пластикалылығына байланысты өйткені балаларға жануарлардың
анатомиялық күрделі құрылысын түсіну әлдеқайда қиын.
Зерттеулермен балалар арасында жүргізілген жұмыс тәжірибелері
дәлелдегендей, мектеп жасына дейінгі балаларды адам мен жануарлардың болмыс-
бітімін белгілі бір дәрежеде дұрыс мүсіндей алуға үйретуге болады.
Жанды нәрселерді мүсіндеу үстінде балалар неғұрлым айқын сипаттық
белгілерін бейнелей алады, ал негізгі бөліктерінің формасын жалпылама
күйінде қалдырады.
Сондықтан да тәрбиешінің балаларды заттың негізгі формасын соларға тән
өзгеше сипаттарымен бейнелей білуге үйреткені маңызды. Мектеп жасына
дейінгі балалар сабақ үстінде заттардың пропорциясын бере білуге, белгілі
бір техникалық дағдыларды меңгеруге тиіс. Осындай жалпы ортақ міндеттер
балабақшадағы топтардың жас мөлшеріне қарай нақтылана түседі. Мысалы,
бірінші кішкентай топтағы балаларды ең қарапайым пішіндерды (цилиндр,
дискі, шар) мүсіндеуге үйрету. Естиярлар тобындағы заттардың формасы мен
құрылысы жөніндегі ұғымдарды пысықтай түсу. Ересектер тобындағыларды
заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын, олардың кеңістіктегі
орналасуын, сипаттық белгілерін тани білуге үйреткен дұрыс.[2.34б]
Тәжірибенің көрсеткеніндей балаларды екі жасынан бастап мүсіндеуге
үйретуге болады. Осы жастағы балаларда өздерін айнала қоршаған
заттарды саз балшықтан мүсіндеуге деген құштарлық пайда болады. Алайда,
бейнеленген заттың болар-болмас нобайы ғана ұқсайды. Екі-үш жастағы сәбилер
үшін мүсіндеуде заттардың формасы мен құрылысынан гөрі сол материалдың
жабысқақтығы, созылмалығы, көлемі, салмағы тәрізді белгілері анағұрлым
маңызды болмақ. Бұл кезең сурет салудағыдай бейнелеуге дейінгі шақ деп
аталады да, бірақ сурет салу барысына қарағанда мүсіндеу сабақтарында тез
өтеді.
Мүсіндеуге үйрету балалардың даму ерекшелігіне сай туындап жатады және
негізінен жалпы оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттерімен саяды:
- балалардың мүсіндеуге деген ықыласын қалыптастыру;
- оларды материалдардың өзіндік қасиеттерімен таныстыру;
- саз балшықты дұрыс пайдалануға үйрету;
- техникалық амал-дағдыларды меңгеруге жәрдемдесу: мәселен жалпы
жұмбаз саз балшықтан керегінше мөлшерде ала білуге, жапсыра білуге, илеуге;
- қарапайым пішіндер жасай білуге үйрету керек (цилиндрлер, таяқшалар,
дискілер, шарлар). Балалар осылардың негізінде кейіннен мұнан гөрі күрделі
заттарды (самолеттер, рульдер, пирамидалар) жасай алатын болады.[3.64б]
Тәрбиеші сабақты заттардың мүсінін бейнелеуден емес, керісінше ең
алдымен саз балшықтың шағын бөлігін қалай тиімді үзіп алудан бастауы керек.
Мұнан соң ол сәбилерге сол үзіп алған бөліктерді қайтадан біріктіруді, оны
алақанында илеуді, бұдан пайда болған пішіндерды тақтайшаның үстіне
орналастыруды үйретеді. Бұл сабақта балалар саз балшықтың қасиетімен
танысады, саз балшықтың бір үзігін сол қолына ұстап, оң қолымен одан жұлып-
үзіп алуды, алақандарының арасында түзу және айналдыра қозғалта алуды
үйренеді.
Балаларды саз балшықтың бөлшектері бірінің формасын бірі бұзбайтындай
қосуға үйрету керек. Мүсіндеу процесіне біртіндеп саусақтың да әрекеттерін
үстемелеу керек. Бұл өте маңызды кезең. Өйткені, өзге топтағы мүсіндеу
жұмыстары алақанның әрекетінен гөрі, саусақтардың қимылдарын көп талап
ететін болады. Міне, осыған байланысты сәбилерді форманың шетін саусақтың
ұшымен шымшып тұйықтауға үйрету керек. Балалар шымшу арқылы пряник,
пирожное немесе торт сияқты заттарды мүсіндей алатын болады.
4 — жастағы балалар дене және ақыл-ой дамуы жөнінен кішкентай топтағы
балалардан ерекшеленіп тұрады. Олардың кішкентай топтағыларға қарағанда
сөздік қоры да мол, әрі тілдің құдірет-күшін еркін сезінеді. Естиярлар
тобындағы балалар әлдеқайда ұқыпты, ол тәрбиешінің түсіндіргенін тыңғылықты
тыңдай алады, солай бола тұра, олар әлі ұзақ түсіндіру процесін тұтас
қабылдай алмайды.
Естиярлар тобынан бастап балаларды мүсіндеудің көптеген жұмыстарын
саусақпен істеуге үйрету керек. Өйткені алақанның әрекетінен өзінен-өзі
сәнді пішіндер үнемі шыға бермейді.[6.12-14б ]
Балалар шар немесе цилиндр пішіндерінен сопақша нәрселер жасауға
үйренеді. Сөйтіп, олар алма, жаңғақ, сәбіз, қозықұйрық, қияр, лимон тәрізді
заттардың пішіндеріне тән бөлшектерін мүсіндей алатын болады. Оларды
бейнелеу үстінде, бала сол заттардың пегізін саз балшықтың жентегін
алақанға салып илеп дөңгелету арқылы жасаса, ал кейбір бөлшектерін
саусақтарымен ғана жасайды.
Бес жастағы балалар заттардың құрылымы мен формасын барынша дәл беруге
үйрене бастайды. Олар мұнан басқа адамдар мен жануарларды да бейнелеумен
танысатын болады. Тәрбиеші ақшақарды, аққаланы, тон киген қызды, құсты,
қоянды, кірпіні, балықты, торайды мүсіндеуіне болады.
Бағдарламада саусақ қимылдарын дамыту үшін қайталау жаттығуларына көп
көңіл бөлінді.
Тәрбиеші балаларды пішіндердің шетін шымшып бағананың жиегін
дөңгелектеу, үшкірлеу үшін саусақтың ұшын пайдалануға үйретуі тиіс. Бұған
жаттығу үшін балалар сәбізді, қуыршақтар үшін пирожки, печенье, ватрушки
тәрізді тағамдарды мүсіндейді.
Естиярлар тобында балалар жаңа бейнелеу және техннкалық іскерліктермен
танысады. Мысалы, шөже мен құстарды мүсіндеу кезінде негізгі формадан созып
тұмсық, құйрық, аяқ шығаруды, дөңгелек нәрсені сығып жалпайтуды немесе
жалпақ нәрсенің жиегін байланыстыруды үйренеді. Бағдарламаның қамтыған
тақырыптары осындай үйренген дағдыларды бекіте түседі.[8. 5б]
5-6 жастағы балаларда мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасау
қабілеті айқын аңғарылады. Мұның өзі олардың өздеріне лайық ой-өрісінің
кеңеюіне байланысты. Олардың шығармашылық қиялы бұрынғыдан да артып, дами
түседі. Қолдарының бұлшық еттері толысып, сонымен бірге саусақтарының
әрекеттері де қабат дамиды. Заттардың сапасын эстетикалық тұрғыдан
бағалауы, сондай-ақ айнала қоршаған заттар мен оқиғалар туралы өзінше
түсінік жасауы арта береді. Бала заттың формасын, құрылымдық жағын ғана
түсініп қоймай, сонымен қатар заттың күйін де ұға бастайды.
5-6 жастағы балалардың мүсіндеу әрекеттері мектеп жасына дейінгі
кішкентай сәбилердікінен мүлдем өзгеше болып келеді. Оларда заттың пішінін
барынша дәл бейнелеуге, образды қосымша детальдармен байытуға, оның
қозғалысын көрсетуге құштарлығы мол болады. Олар өздерінің жұмысында
мүсіндеудің көптеген тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдалана
біледі. Бірақ, мектеп жасына дейінгі ересек балалар тірі организмдерді
мүсіндеген кезде солардың ерекше белгісін көрсетеді де, ал негізгі
бөліктерінің пішіндерінің барлығы әлі сол жалпылама күйінде қалып қояды.
Мектепке даярлық тобындағы тәрбиешінің алдында мүсіндеуге үйретудің
мынадай міндеттері тұрады: заттың формасын көзбен және бұлшық етпен
қабылдауын дамыту; мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасауға, әр алуан
құралдарды пайдалана алуға үйрету және творчестволық инициативаны дамытатын
әр түрлі бейнелеу және техникалық тәсілдерді меңгеруді қалыптастыру.
Мектепке даярлық тобында сюжетті мүсіндеуге көп көңіл бөлінеді.
Форманы бейнелеу заттардың пропорциясын жетілдіре түсу жолындағы жұмыс жыл
бойына жүргізіледі. Балалар жұмбаз саз балшықтан мүсін жасаудағы үйренген
тәсілдерін бекіте түседі, фигураларды балшық тұғырға және тұғырсыз қоюға
машықтанады және заттарды мәнерлеуде қосымша заттар мен детальдардың
қозғалысын беретін амал-дағдыларды пайдалану тұсындағы ұмтылыстарын
жалғастыра түседі. Тәрбиешінің балаларға өздері мүсіндеген заттарын ангоб
(керамикалық бояумен) немесе гуашьпен бояуды ұсынуына болады.
Мектепке даярлық тобындағы балалар қажетті заттарды бейнелеу барысында
мүсіндеудің тәсілдерін талғап, таңдап қолдануға қабілетті келеді. [7. 25-
27б]

ІІ Тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының құрылымы және
оған басшылық жасау
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға көлемдік қатынастарды
игертудегі мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері
Мүсіндеу— бейнелеу өнерінің бір түрі. Өнердің өзге салалаларын-дағы
тәрізді суреткер мұнда да өзінің дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын,
өзгеше пішіндегі образдар жасау арқылы білдіреді. Мүсін туындылары үнемі
көлемді кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын
саз балшық, ермек саз тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас тәрізді
қатты материалдар бойыңша да көрсете алады. Мүсіндеудің жұмсақ
материалдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал қатты
материалдардан жасалуын қашау деп атайды.
Мүсіндеудің өзіндік ерекшелігі оның мазмұнынан және айтар ойын жеткізу
құралдарынан айқын көрінеді.
Оның негізгі мазмұны ең алдымен адамды бейнелеу болып табылады.
Жануарлар әлемі де мүсінның объектісі болуы мүмкін. Мысалы, мүсінші-
анималист В. А. Ватагин өз творчествосын жануарлар дүниесін бейнелеуге
арнады.
Мүсіндеудің мазмұнының ерекшелігі неліктен бұлай болған? Осынау тірі
организмдер формасы көлемімен, мәнерімен, үйлесімділігімен, сондай-ақ сан
алуан түрлі қозғалыс-қимылымен сипатталады. Сондықтан мүсіндеудің
өзгешелігі сол форманың барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері және балалардың ұжымдық шығармашылығының мазмұнын қарастыру
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің дидактикалық принципі
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Қағаз және картонмен істелетін жұмыстар
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Естиярлар тобында сурет салу
Пәндер