Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы
1 Сөз таптары
2 Сөз табының лексика.грамматикалық белгілері
3 Атаушы сөздер

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әртүрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншіcі бойынша, сөз таптары сөздердің формальды–грамматикалық категориялары, үшіншіcі бойынша – сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. Сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздерді өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді. Ғалымдардың пікірінше, сөз таптарын лексика-грамматикалық категориялар немесе сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп қарайтыны ғалымдардың байымдаулары ғылыми тұрғыдан дәлелді.
Әрбір сөзде грамматикалық мағына болады. Сөздердің белгілі бір сөз табы белгілі сөз табы ретінде қарастырылғанда, ең алдымен оның білдіретін мағынасы есепке алынады да, зат есімдер тобына тән мағына заттылық мағына, сын есімдер тобына тән мағына атрибутивтік мағына, етістіктер тобына тән мағына процессуальдық мағына ретінде қаралады.

ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ СӨЗ ТАПТАРЫНА ҚАТЫСЫ
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әртүрлі көзқарастар мен
байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-
грамматикалық категориялары болып саналса, екіншіcі бойынша, сөз таптары
сөздердің формальды–грамматикалық категориялары, үшіншіcі бойынша –
сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. Сөз таптары сөздердің
лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздерді өзіне тән
белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік
белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп
есептейді. Ғалымдардың пікірінше, сөз таптарын лексика-грамматикалық
категориялар немесе сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп қарайтыны
ғалымдардың байымдаулары ғылыми тұрғыдан дәлелді.
Әрбір сөзде грамматикалық мағына болады. Сөздердің белгілі бір сөз
табы белгілі сөз табы ретінде қарастырылғанда, ең алдымен оның білдіретін
мағынасы есепке алынады да, зат есімдер тобына тән мағына заттылық мағына,
сын есімдер тобына тән мағына атрибутивтік мағына, етістіктер тобына тән
мағына процессуальдық мағына ретінде қаралады. Лингвистердің кей тобы сөз
табының мағынасын грамматикалық мағына немесе жалпы грамматикалық мағына
деп есептейді. Әрине бұл мағына сөз табына тән грамматикалық
категориялардан дерексізденген мағына. Грамматикалық белгілер сөздерді
топтастыруда ескеріледі. Олар екі түрлі: оның бірі – морфологиялық белгі,
екіншісі – синтаксистік белгі.
Сонымен, аталған белгілердің әрқайсысына тән парадигмалық
ерекшеліктер бар және олар сөзжасамдық, сөзтүрленімдік, тұлғажасамдық,
байланыстырушы, семантикалық тағы басқа болып жіктеледі.
Қазақ тілі морфологиясының қарастыратын объектілері бірден-бір
нақты, зерттелген, әбден қалыптасқан актуалды мәселелер болып есептеледі.
Сондықтан қазақ тілі морфология материалдарын да зерттелмеген екіұшты ұғым
тудыратын категориялар ұшыраспайды. Морфология - сөз және оның
грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей
өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны
ескертіледі. Морфологияда қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетіні, ол
топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр – сипатының
барлығы және контексте қандай қызмет атқаратыны терең зерттеуді қажет
етеді. Қазақ тілі курсының әрбір бөлімінің қарастыратын мәселелері мен
объектілері басқа-басқа болғанымен, олар іштей өзара тығыз байланысты,
бірлікте.
Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің өзара топтасуы семантикалық –
лексикалық жақтарына қатысты болса, негізгі сөздер грамматикалық
сипаттарына байланысты есімдер тобы, етістіктер тобы болып топтасады.
Қазақ тілі лексикасындағы сөздерді өз ішінде топтастырып, белгілі бір сөз
табына бөлуде олардың ортақ принципі негізге алынады. Сөз табына бөліну,
негізінен алғанда, сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктерінен туған
заңдылықтар. Осындай заңдылықтар негізінде модаль сөздер де өз алдына сөз
табы ретінде бөлек қарастырыла бастады.
Сөз табының лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, тілдің
семантикалық, морфологиялық және синтаксистік үш белгісі бірдей
қарастырылады. Осы үш түрлі принципті бірдей қамтып, оларды түгелдей
ескеріп отырған жағдайда ғана әр сөз табындағы мағына мен форма нақты
ашылып, сөз табының бөліну принципі дұрыс сақталады. Осындай үш түрлі
принципті бірдей қамтып, оларды түгелдей ескеріп отырған жағдайда ғана әр
сөз табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сөз табының бөліну принципі
дұрыс аңғартылады. Осындай үш түрлі принципті басшылыққа алғанмен, бұлар
сөздердің бәрінен бірдей табыла бермейді. Сондықтан бұл үш принцип кейбір
сөз таптары үшін негізгі принцип болса, енді бір сөз таптарына жартылай
қатысты, үшінші бір сөз табында бұл үш принциптің тіпті қолданылмауы
мүмкін. Мысалы, есім сөздер және етістік тобына бұл үш принциптің бәрі
ортақ. Одағай сөздерді анықтауда морфологиялық, синтаксистік белгіні іздеп
жатудың қажеті жоқ, одағайдың өзіндік ерекшелігі бар [1].
Дамудың барысында сөздердің топтары сараланып, сөз таптары жасалады да,
олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категорияларды мағынаға ие болады,
морфологиялық жағынан тұлғаланады, сөзжасамдық және сөз түрлендіруші арнайы
формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруға
икемделеді. Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы
барысында біртіндеп жасалғандығы үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан
анық көрінеді.
Тілдің өзге де жақтары сияқты сөздері де грамматикалық жағынан жетіліп,
жеке-жеке таптары іштей сұрыпталып та, сараланып та отыратынын, сондай-ақ
сараланумен байланысты жеке сөздер әуелі өздерінің формасын, қызметі мен
мағынасын өзгертіп, бір лексика-грамматикалық топтан екіншісіне (я
үшіншісіне) ауысып, ектеліп отыратындығын көруге болады . Сөз таптарын бір-
бірімен ажыратуда парадигманың теориялық жақтан өзіндік ролі бар, сөз
таптарының қалыптасуында да парадигмалық қызметі болған.
Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық, морфологиялық, синтаксистік,
парадигмалық белгілеріне қарай, ең алдымен үш үлкен топқа бөлінеді. Олар
атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Бұл аталған үш топ сөздер
өзара бір-бірімен парадигмалық тұрғыдан өзгеріп түрленуі жағынан да
байланысты.
Мысалы, бәрекелді тәрізді одағайларды, сондай-ақ, дегенмен, өйткені,
ендеше, біресе, бірде, шейін, туралы, сияқты, қарай, гөрі, тәрізді көмекші
сөздерді алсақ, осылардың бәрінің де түпкі төркіндері - атаушы сөздер.
Сонымен қатар, өзді-өздеріне тән ерекше сыр-сипаттары бар бұл үш топтың
өзді-өзі де іштей топтарға бөлінеді.
Атаушы сөздер – осы үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі ең негізгі
ұйытқысы және тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайы да, негізі да
болып табылады. Атаушы сөздерді, ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне
жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға
бөлуге болады. Мысалы, оларды, ең алдымен, есімдер және етістіктер деген
екі салаға бөлуге әбден болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы,
зат есім, сан есім, есімдіктер ішінара ұқсас, үстеу сөздер мен іліктеу
сөздер өзара бір-біріне жақын. Осыған орай, шартты түрде, есімдердің
алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын үстеуші есім деген екі салаға
жіктеуге болады. Ал, етістіктер өз алдына бір топ. Атаушы сөздерді осылайша
үш топқа бөлу, әрине, белгілі бір принципке сүйенуден шыққан. Ол принцип
бойынша жіктегенде, бұл сөздердің материалдық (заттық) мағыналары таяныш
етілмейді, топ-тобына тән категориялық семантика сүйеніш етіледі. Ал, осы
принципке сүйене отырып, бағдарласақ, атаушы есімдер заттық ұғымдардың және
ойша зат ретінде тұспалданатын түсініктердің аттарын, сондай-ақ, заттарға
тән әр алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктердің аттарын білдіреді.
Үстеуші есімдер әр қилы іс-әрекеттің (амалдың) белгілерін білдіреді.
Етістіктер амал-қимыл (процесс) ретінде қабылданатын әр алуан іс-әрекеттің,
қилы-қилы көріністерінің аттарын білдіреді.
Сөйтіп, атаушы сөздердің аталған үш тобының бір-бірінен ажырайтындай
айқын-айқын шектері бар. Бірақ олардың шекаралары жабық емес, өйткені
тілдің даму процесінде (қолдану дағдысында) есімдерден етістіктерге,
керісінше, етістіктерден есімдерге сөздер ауысып отырады; есімдердің
өздері де іштей ауысып, мысалы, кейбір сөздер зат есімнен, сын есімге,
керісінше, сын есімнен зат есімге, өзге есімдерден (сын есімнен) есімдікке,
үстеуге, сондай-ақ, етістіктерден есімдерге көшіп отырады.
Көмекші сөздер де, ерекшеліктеріне қарай, іштей жалғаулықтар,
септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға бөлінеді. Сондай-ақ,
одағай сөздер өзінше іштей тиісті жіктерге бөлінеді. Бірақ одағайлардың
саны аз, семантикалық және морфолгиялық ерекшелігі біріңғай болып
келетіндіктен, іштей бөлу мәселесі соншалықты қиын.
Тілдегі барлық сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда, екі түрлі
нысана темір қазық (шамшырақ) болуға тиіс. Біріншіден, барлық сөздер
күллі сөз таптары тілдің сөз табына енсе де, сөздердің лексикалық жағы
ескерлуі тиіс. Ал, сөздердің лексикалық жағынан ескеру деген сөз – олардың
семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз
табына енетін сөздер лексикалық тұрғыдан қаралып талдануы қажет. Екіншіден,
барлық сөздерді белгілі – белгілі грамматикалық сөз таптары телу, олардың
өзді-өздеріне тән түрлену, өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу қабілетін
өзге сөздермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру
мәселелері – тікелей грамматикада қаралатын мәселелер. Ендеше қанша сөз
табы болып, оларға қанша сөз ерсе де, барлығының грамматикалық жақтары
ескерілуі қажет. Ал, сөздердің, сөз таптарының грамматикалық жақтарын
ескеру деген сөз – олардың грамматикалық сипаттарын анықтау дегенмен
бірдей. Солай болса, әрбір сөз табы және оларға енетін жеке сөздер
грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы қажет.
Сөйтіп, тілдегі сөздерді топтастырғанда олардың лексика-семантикалық
жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да
ескерілуі да керек. Тіл – тілдегі сөздердің семантикалық (лексикалық)
жақтарына жалпылық та, ұқсастық та, тіпті пара-парлық та бола береді,
өйткені сөздің семантикасы ойлау категориясы мен тікелей байланысты болады;
ойлау қабілеті арқылы ақиқат құбылыстардың бәрі де адамның ойлау елегінен
өтіп қабылданады. Ал, тілдің грамматикалық құрылысын алсақ, оның сипаты
бұлай емес. Жүйелері басқа-басқа тілдер былай тұрсын, шыққан төркіні
біртұтас сөздердің грамматикалық құрылыстарына өздеріне ғана тән, өзге де
жоқ ерекшеліктері бола береді.
Грамматикалық категория ретінде қаралатын немесе танылатын
грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы және ол
мағынаны білдіретін дербес парадигматикалық формасы, яғни
көрсеткіші болады. Мысалы, етістіктің өзіне тән категорияларының
әрқайсысы өзіне ғана қатысты формаларымен ерекшеленеді. Грамматикалық
категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән
жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Ал, сөйлемдегі,
сөз тіркестеріндегі сөздер парадигматикалық байланыстың, өзгеріп
түрленудің негізінде бір – бірімен қатынасқа түседі. Мағына
үйлесімділік бар жерде парадигмалық бір көрсеткіш оларды (сөздерді)
байланысқа түсіреді.
Морфологиялық категориялар жеке сөздердің түрленуі арқылы,
яғни парадигматикалық жақтан өзгеру арқылы туатын жалпы
грамматикалық мағыналарды қамтиды. Кез келген сөз морфологиялық
формалар арқылы бір – бірімен парадигмалық байланысқа түседі де,
тиісті грамматикалық мағыналарды білдіреді. Парадигмалық қатынысқа
түспей түрғанды сөз ешқандай да грамматикалық мағына бере
алмайды.
Сөйлемдегі сөздер өзара бір – бірімен парадигмалық қарым –
қатынасқа түсудің нәтижесінде, әр түрлі морфологиялық өзгерістерге
ұшырап та, оған ұшырамай – ақ әр түрлі синтаксистік тәсілдер
арқылы да өзара байланысады. Осындай грамматикалық құбылыстардың
арқасында сөз тұлғаларының түрленулеріне, тіркесу тәсілдерінің
құбылуларына қарай, ол сөздерге әр түрлі грамматикалық мағыналар
үстеліп, әр қилы грамматикалық қызмет атқару қабілеті пайда
болады. Демек, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы немесе
парадигмалық көрсеткіші бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық
категория деп аталады.
Тілде әр түрлі грамматикалық жұрнақтар мен жалғаулар
парадигмалық көрсеткіш ретінде әрқилы грамматикалық категорияларды
туғызады.
Тілдегі тыс ешқандай грамматикалық категория жоқ.Өйткені
сөз болмаған жағдайда,оның мағынасы да, өзгерісі туралы да сөз
болуы мүмкін емес. Атауыш және үстеу сөздердің белгілі бір
категорияға ие болуының негізі жалғаулар, грамматикалық, сөзжасамдық
жұрнақтар
көмекші
сөздер. Және де аталған сөздер тобы мен қосымшалар жалғанатын
сөз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz